Қазақ хандығын зерттеудегі деректік негіздер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


1. Қазақ хандығының қалыптасуы.


1.1. Алғашқы Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары ... ... ... ...

1.2. Алғашқы қазақ тарихшысы М. Х. Дулатидің

«Тарих.и.Рашиди» еңбегіндегі Қазақ хандығы туралы мәліметтер...

1.3. Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..


2. Қазақ хандығының негізін қалаған билеушілер.


2.1. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы деректік мәліметтер ... ... ... ... ... ...

2.2. Қазақ хандығының негізін қалағандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3. Қазақ хандығының нығайуы кезіндегі билеушілер ... ... ... ... ... ... .


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқы тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырлармен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан халық. Осы тарихи жолда халқымыз небір қиын-қыстау кезеңде де ерлікті, бірлікті, азаттықты ту етті. Біздің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан соның айғағы.
Қазақстан тарихында қазақ мемлекеттігінің тарихы, соның ішінде Қазақ хандығы тарихының алатын орны ерекше. Қазақ атауымен қазақ мемлекеті болып қалыптасқан бұл түбірлі тарихи өзгерістің сипаты XV ғасырдан бастау алады. Тақырыптың негізгі өзекті мәселесіне байланысты тарихшылар тереңдете зерттей қоймаған. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен даму тарихын деректік негізге сүйеніп қайта қарастырып, тереңінен талдап жазу өте маңызды. Жұмысты жазу барысында әр түрлі дерек көздеріне сүйене отырып, ішкі саяси құрылысы әбден әлсіреген Әбілқайыр хандығының тұсынағы бірден-бір еркін ұлтқа айналған, саяси ірі тұлғалардың негізінде жеке ұлт болып бөлініп шыққан, Қазақ хандығының саяси тарихын теориялық-методологиялық тұрғыдан зерттеу үлкен маңызға ие болды.
Қазақ хандығының тарихына қатысты деректерді талдап, демократиялық сипатта қалыптасқан, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның теренде жатқан тарихын жазуда жұмыстың тақырыбына байланысты ойларымызды тұжырымдап берсек Қазақ хандығына бірнеше жағынан сипаттама беруге болады. Біріншіден, бұл мемлекет XV ғасыр ортасында жеке халық ретінде қалыптасып, тарих мінберіне шыққан, қазақ этносының төл мемлекеті. Сондықтан да бұл жерде Қазақ хандығының ұлттық, халықтық сипаты көрінеді. Екіншіден, қоғамдық қатынастар тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақ хандығын өзіне дейін Дешті Қыпшақта өмір сүрген Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекттерден, тіпті Ақ Ордадан да онша айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы тек оның ұлттық сипатында ғана.
Дерек көздерінің мағынасы мен мәніне, деректік құндылығы мен маңыздылығына негізделіп жазылған, Қазақ хандығының саяси және мәдени тарихын зерттеу кезінде өзекті мәселелердің бірі ретінде мынадай оқиғаларды, тарихи құбылыстар мен процесстерді және заңдылықтарды айтуымызға болады. Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшіп кетуі, сөз жоқ, қазақ халқының этногенезінде шешуші рол атқарды. Бірақ бұл халықтың өзінің қалыптасуындағы емес, оның қазіргі атының біржола бекіп қалуындағы ролін айтамыз. 1460-жылдардағы ауа көшуден қазақ халқы пайда болған жоқ, ол халықтың бұған дейін де жүріп жатқан қлыптасу үрдісін одан әрі жеделдетті. Ол көш қазақ халқының ұлт болып қалыптасуының бастауы да, жетер межесі де болған жоқ. Бірақ ол сол әр қилы аспектіден тұратын үрдістін ең басты қозғау күшінің бірі болды,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛТЕТІ

Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕР

Орындаған
4 курс студенті__________________А.А.Садва касова

Ғылыми жетекші
т. ғ. к., доцент___________________Ж.Б. Құндақбаева

Қорғауға жіберілді “____”__________2008ж
Кафедра
меңгерушісі,
т. ғ. д., профессор________________Т.О.Омарбе ков

(қолы,күні)

Алматы 2008

Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Қазақ хандығының қалыптасуы.

1.1. Алғашқы Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары ... ... ... ...

1.2. Алғашқы қазақ тарихшысы М. Х. Дулатидің

Тарих-и-Рашиди еңбегіндегі Қазақ хандығы туралы мәліметтер...

1.3. Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Қазақ хандығының негізін қалаған билеушілер.

2.1. Қазақ сөзінің шығуы туралы деректік
мәліметтер ... ... ... ... ... ...

2.2. Қазақ хандығының негізін
қалағандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3. Қазақ хандығының нығайуы кезіндегі
билеушілер ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқы тамырын жеті қабат жер астына
жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау
қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырлармен
қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан халық. Осы тарихи жолда халқымыз небір
қиын-қыстау кезеңде де ерлікті, бірлікті, азаттықты ту етті. Біздің бүгінгі
тәуелсіз Қазақстан соның айғағы.
Қазақстан тарихында қазақ мемлекеттігінің тарихы, соның ішінде Қазақ
хандығы тарихының алатын орны ерекше. Қазақ атауымен қазақ мемлекеті болып
қалыптасқан бұл түбірлі тарихи өзгерістің сипаты XV ғасырдан бастау алады.
Тақырыптың негізгі өзекті мәселесіне байланысты тарихшылар тереңдете
зерттей қоймаған. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен даму тарихын деректік
негізге сүйеніп қайта қарастырып, тереңінен талдап жазу өте маңызды.
Жұмысты жазу барысында әр түрлі дерек көздеріне сүйене отырып, ішкі саяси
құрылысы әбден әлсіреген Әбілқайыр хандығының тұсынағы бірден-бір еркін
ұлтқа айналған, саяси ірі тұлғалардың негізінде жеке ұлт болып бөлініп
шыққан, Қазақ хандығының саяси тарихын теориялық-методологиялық тұрғыдан
зерттеу үлкен маңызға ие болды.
Қазақ хандығының тарихына қатысты деректерді талдап, демократиялық
сипатта қалыптасқан, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның теренде жатқан тарихын
жазуда жұмыстың тақырыбына байланысты ойларымызды тұжырымдап берсек Қазақ
хандығына бірнеше жағынан сипаттама беруге болады. Біріншіден, бұл мемлекет
XV ғасыр ортасында жеке халық ретінде қалыптасып, тарих мінберіне шыққан,
қазақ этносының төл мемлекеті. Сондықтан да бұл жерде Қазақ хандығының
ұлттық, халықтық сипаты көрінеді. Екіншіден, қоғамдық қатынастар тұрғысынан
қарайтын болсақ, Қазақ хандығын өзіне дейін Дешті Қыпшақта өмір сүрген
Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекттерден, тіпті Ақ
Ордадан да онша айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы тек оның ұлттық сипатында
ғана.
Дерек көздерінің мағынасы мен мәніне, деректік құндылығы мен
маңыздылығына негізделіп жазылған, Қазақ хандығының саяси және мәдени
тарихын зерттеу кезінде өзекті мәселелердің бірі ретінде мынадай
оқиғаларды, тарихи құбылыстар мен процесстерді және заңдылықтарды
айтуымызға болады. Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшіп кетуі, сөз жоқ,
қазақ халқының этногенезінде шешуші рол атқарды. Бірақ бұл халықтың өзінің
қалыптасуындағы емес, оның қазіргі атының біржола бекіп қалуындағы ролін
айтамыз. 1460-жылдардағы ауа көшуден қазақ халқы пайда болған жоқ, ол
халықтың бұған дейін де жүріп жатқан қлыптасу үрдісін одан әрі жеделдетті.
Ол көш қазақ халқының ұлт болып қалыптасуының бастауы да, жетер межесі де
болған жоқ. Бірақ ол сол әр қилы аспектіден тұратын үрдістін ең басты
қозғау күшінің бірі болды,

қалыптасып жатқан халықтың өзінің болашақ есімімен тарихи тоғысуы
осылайша Жетісу даласында жүзеге асты. Осылайша Қазақ хандығының тағдырын
біржола шешіп берді.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қай кезеңде де қоғамдағы тарихи
оқиғалар мен тарихи тұлғалардың қоғамдық саяси қызметі өзі өмір сүріп
отырған ортадағы саяси әлеуметтік, экономикалық, мәдени тағы басқа
жағдайларға тікелей байланысты. Соңдықтан Қазақ хандығының тарихымен толық
танысу, оның жүріп өткен жолдарын анықтау үшін XIV-XV ғасырлардан бастап
бүгінге дейінгі тарихи зерттеулерге шолу жасалынады. Бұл арада Қазақ
хандығының тарихына байланысты сол кезеңге тән бізге келіп жеткен
деректердің авторлары мен XIX ғасыр мен бүгінгі зерттеушілердің
еңбектерінің маңыздылығын атап өтпекпіз.
Зерттелу жұмысының тарихнамасына қатысты XIX ғасырдың атақты
зерттеушісі В. В. Вельяминов-Зерновтың Исследование о Касимовских царях и
царевичах [1,398] атты еңбегі құнды болып табылады. Автор Мұхаммед Хайдар
Дулати Тарих-и-Рашиди[2,323-326] деген еңбегін пайдалана отырып Қазақ
хандығының құрылу тарихына өзіндік баға берді. Белгілі зерттеуші К. А.
Пищулина Қзақ хандығыныңелгілі зерттеуші К. А. Пищулина Қзақ хандығының
тарихына байланысты Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начало XVIвв
[3,246-264] еңбегің жазып шықты. Шетелдік автрдың көзқарасымен жазылған К.
А. Пищулинаның бұл еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керейдің
көшіп-қонуынан емес, орта ғасырлық қазақ халқының шаруашылығы әлеуметтік,
саяси дамуындағы өзгерістен деп түсіндірді. Орыс зерттеушісі А. П.
Чулошников Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими
историческими судьбами других тюркских народов[4,200-203] атты еңбегі
Қазақ хандығының құрылу барысындағы Жәнібек пен Керейдің өр тұлғаларын ашып
жазады. Бірақ автор таптық көзқарас тұрғысынан феодалдық қатынастар бұл
оқиғаның туындауына себепші болды деп жазады. Сонымен қатар зерттеушілер С.
Г. Кляшторный, Т. И. Султанов Казахстан: Летопись трех тысячелетий [5,238-
240] атты бірлесіп жазған зертеу жұмыстарында Қазақ хандығының құрылу
уақыты туралы пікірлерін айтты, жаңа хандықтың құрылуын Әбілқайыр хан өлген
соң, Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып келіп, мұнда жоғарғы
үкіметті басып алуымен байланыстырады. Бұл авторлардың ойынша XV ғасырдың
70-жылдарынан, нақтырақ айтқанда 1470 жылға келеді. А. А. Семенов Қазақ
хандығы құрылмай тұрып XV ғасырдың бірінші жартысында барлық Өзбек
тайпаларының одағы бола қоймағанына күдік білдіріп, яғни Өзбек тайпалары
деп аталғандардың барлығының бір мемлекетке Әбілқайыр хандығына
бірікпегенің жазса [6,36], С. К. Ибрагимов Әбілқайыр хандығынан бөлініп
шыққан Жәнібек пен Керейдің бөлініп шығу уақытын XV ғасырдың 50 жылдарының
аяғына балайды [7,178-180]. Орта Азия арихын зерттеушілер П.П. Ивановтың
Очерки по исстории Средней Азий [8,35] және Б. А. Ахметовтың Государство

Кочевых Узбеков [9,149] деп аталатын еңбектерінде Қазақ хандығының
тарихының дерек көздері болып табылатын шайбанидтік, тимуриттік,
аштарханидтік деректерін пайдаланып, толық зерттеп жазды.
Қазақ хандығының төл тарихын шынайы зерттеу обьективті және субьективті
заңдылықтарын ашып көрсету тек қазақ ұлтының ғалымдарының еңбектерінде
зерттеліп жазылатыны сөзсіз. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер ретінде
саналатын тәуелсіздігіміздің келуі қазақ халқының шынайы тарихын жазуға
мүмкіндік туғызды. Ең алғашқы рет Қазақ хандығының тарихын деректермен
толық талдап зерттеп шығу тарих ғылымдарының кандидаты Кәрібаев Берекеттің
жариялаған мақалалары мен кандидаттық диссертациясында баяндалады. Қазақ
хандығының құрылуы туралы Б.Б.Кәрібаевтің ҚазҰУ Хабаршысына шыққан Қазақ
хандығының құрылуының этникалық алғышарттары туралы[10,27-30] деген
мақаласында Қазақ хандығының құрылуына негіз болған объективті
алғышарттарды атап көрсетеді. Қазақ хандығы құрылуының тарихи
маңызы[11,47-51] атты мақаласында да этникалық процесті халықтық деңгейге
көтеру маңыздылығын түсіндіреді. Қазіргі таңдағы Қазақ хандығы тарихының
проблемаларына қатысты ғалымдар арасында Қазақ хандығы сипаты жағынан
қандай мемлекеттік түрге жатады деген кһкейкесті мәселелер туындап жүр.
Осыған байланысты Кәрібаев Берекеттің көзқарасы бойынша Қазақ хандығын
ғылыми тілде патриархалдық және феодалдық сипаттағы мемлекет түріне
жатқызатының айтады[12,7]. Бұл тақырыптың маңызды проюлемаларына арнайы
тоқталған профессор Оразгүл Мұхатова Қазақ хандығының мемлекеттік түрі
айқындалмас бұрын мәселенің методологиялық негіздерін ашу керектігін айта
келе Қазақ хандығының тарихына қатысты ғалымдардың үш бағыттағы
ұстанымдарын атап өтеді. Олардың алғашқы тобына көшпелілердің этно-саяси
ерекшеліктеріне сай мемлекеттің болғандығын мойындап, оны дәлелдейтін
ғалымдар құрайды десе, екінші топқа көшпелілерде мемлекеттік бірлестіктер
кейбір кезеңдерде ғана құрылған деген пайымдауды жақтайтындарды жатқызады,
ал үшінші ағымның зерттеушілері мемлекет болмаған және болуы мүмкін емес
деп тұжырымдайтының тарихнамалық тұрғыдан дәлелдейді[12,6]. Жоғарыда
аталған ғалымдардың пікіріне қосыла отырып академик Хайролла Ғабжалелов
былай дейді: Меніңше бұл сауалға ғылыми әрі нақты жауап беру қиын, өйткені
тарихшы зерттеушілердің өздері әлі де бір ортақ тұжырымға келе алмай
отыр... Қалай болғанда да мемлекеттіліктің нышандары қазақ даласында ерте
кезеңдерде-ақ орын алғаны сөзсіз деген тұжырымға келеді[12,6].
Тарихнамалық шолу рәсіміне сәйкес Қазақ хандығының сипатына баға беріп,
өз көзқарасын білдірген ғалым Талас Омарбеков Қазақ хандығы өзінің сипаты
жағынан авторитарлық және аристократиялық мемлекет болды деген көзқарасты
айтып қазақ қоғамындағы биліктің

ұйымдастырылу формасын тоқталады[12,7]. Екінші бір көкейкесті
мәселелердің бірі алғашқы Қазақ хандығы құрамындағы ру-тайпалар туралы
ойлар Зардыхан Қинаятұлының пікірінде көрінеді. Онда ол Қазақ мемлекеті
және Жошы хан - атты монографиялық еңбегінде бұл туралы мәселеге
концептуалды өзгеріс қажет екендігін айтады[12,15]. Аталған проблеманың
жалғасын Жұмахан Арынов төмендегі ойларымен дәлелдейді: Қазақ тарихы
ғылымында бұл мәселе әлі зерттеле қоймаған. Сондықтан да Қазақ хандығы
құрамындағы ру-тайпалар туралы ой қозғау үшін ең алдымен ортағасырлық түркі
және парсы деректеріне көз жүгіртсек Рашид-ад-Дин Жами-ат-Тауарих, Шараф-
ад-Дин Иездидің Зафар-наме, Ата Мәлік Джувайнидің Тарих-и-Джахангушай,
Шамидың Зафар-наме тәрізді және тағы басқа еңбектерді атауға
болады[12,15]. Концептуалды мәселенің өзекті маңыздылығына арнайы осы
тақырыпты зерттеуші Кәрібаев Берекет былай деп баға береді: Бұл мәселе
Отандық тарих ғыцлымындағы әлі көтеріле қоймаған тақырыптардың бірі.
Журналдың бұл мәселені көтеруін мен өзім, бұл салада алға басудың, ғылыми
тереңдеудің болып отырғаны деп санар едім. Бүгінге дейін бұл сұрақты
біреулер айтуға жазуға қорықса, ал біреулер ол жөнінде тіпті ойлауға
қорықады. Ал қазір ше? Қазір қорықатын ештене де жоқ, бұл ғылыми мәселе.
Сондықтан оны шешуіміз қажет[12,13]. Демек бұл сөзінде ғалым Әбілқайыр
хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібектің Шу бойына көшіп келген
халықтарын Орта жүздің ру-тайпалары деп атайды[12,13]. Жалпы Қазақ
хандығының тарихына аса үлкен көңіл бөліп иллюстративті шағын кітап жазып
шығарған Тұрсын Сұлтановты да ерекше айтуымызға болады. Онда тарихшы сонау
Алтын Орданың ыдырап, тамыры жалғасқан Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен
жағдайына қазақ терминінің қалыптасуына Қазақ хандығының нығайуы
кезіндегі билеушілердің саясатына және оқиғаның саяси тарихына
тоқталады[13,154].
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Біздің зерттеуіміздің басты
мақсаты бүгінге дейін көп қырлары әлі де ашыла қоймаған Қазақ хандығының
саяси және мәдени тарихын осы оқиғаға қатысты әртүрлі деректермен жүйелі
түрде талдау жасап, әсіресе, төл ауыз әдебиетіміздегі мәліметтерді енгізу
және оның деректік маңыздылығының жоғары екендігін баса атап көрсету
оңтайлы болды.
Ол үшін алдымызға мынандай міндеттерді қойдық:
- Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керейдің Өзбек
ұлысынан бөлініп шығуына қатысты оқиғаның дерек көздерін талдау;
-Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен құрылу кезеңіндегі
обьективті жағдайды төл деректеріміз бен кейінгі зерттеушілердің және қазақ
зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып, қайта қарастыру;
-Қазақ хандығына қатысты бүгінгі таңда туындап отырған қазақ
тарихшыларының жаңа концептуалды ой-пікірлері мен ұстанымдарын

жұмыстың негізгі бөлімінде талдап көрсету.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын орындау барысында,
алдымызға қойған мақсатымыз бен міндеттерімізге орай бүгінге дейін жарық
көрген, тақырыпқа тікелей қатысы бар көптеген деректер пайдаланылды. Қазақ
хандығының тарихына қатысты дерек көздерінің қоры өте мол.Атап айтсақ бұл
тақырыпқа байланысты деректерді сыныптауда олардың типтерін екі түрге
бөлеміз.Ауызша және жазбаша деректер. Жазбаша деректердің түрлеріне сәйкес
Қазақ хандығына қатысты деректерді төмендегідей топтарға бөлуімізге болады:
- Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарихи-и-Рашиди еңбегі;
- Темір әулеті тұсындағы деректер;
- Аштарханид әулетінің деректері;
- Бабырдың Бабырнамасы;
- Қадырғали Жалаиридің Жылнамалар жинағы;
- Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті
жарғысы.
Біздің жұмысымызда қаралатын деректеріміз Аштарханид әулетінің
деректеріне дейін ғана пайдаланылады. Құнды мәліметтердің жинағы саналатын
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашидиін[2,614] айтуымызға болады. Онда
Қазақ хандығының тарихына негізделген мынадай мәселелерді көруімізге
болады:
1. 1465-1466 жылдары Қазақ хандығының негізінің қалануы туралы
мәліметтер.
2. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын
құрудағыролі.
3. Өзбек ұлысынан ауа көшіп, бөлініп шыққан Жәнібек пен Керейдің
соңынан ерген қазақтардың саны екі жүз мың болғаны туралы
мәлімет.
4. Қазақ терминінің деректен табылуы және қолданылуы.
Екінші бір дерек көздеріне Темір әулеті тұсындағы деректерді екі топқа
бөлеміз: Бірінші топқа Темірдің өзінің бұйрығымен жазылған еңбектер. Екінші
топқа Темірдің қарсыластары жазған деректер. Бірінші топтағы Шараф-ад-Дин
Иезидің Зафар-намасы[14,145] мен Шамидің Зафар-намасы [15,216] парсы
тілінде жазылған деректер қоры болып табылады. Бұл деректе Хақназар хан мен
Бұрындық хан тұсындағы қазақ қоғамының жағдайы жазылады. Азақ хандығының
нығайуы кезіндегі билеушілердің қазақ жерлерін қайтару үшін Шайбан
әулетімен күресі сол кезеңнің тұсында жазылған шайбанидтік деректерімен
тұспа-тұс келеді. Шайбанидтік дерек болып табылатын Тауарих-и-гузидаи
Нусрат-наме [16,365]. Сонымен бірге Фатх-наме [17,145-147], Шайбани-
наме [18,263-265б] Ибн Рузбиханның Мехман-наме-и-Бухара [19,316], Хафизи
Таныштың Шараф-наме-и-шахи [20,174-175], Махмұд ибн Уәлидің Бахр-әл-
асрар [21,265], Мұхаммед Авазаның Зииа-әл-Кулуб [22,136-137]. Бұл
еңбектерде Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тахир

хандардың оңтүстік Қазақстан территориясы және Сыр бойындағы қалалар
үшін Шайбан әулетімен талас-тартыстары жазылады. Белгілі автор Камал-ад-
Диннің мын еңбектері Қазақ хандығының тарихына арналады. Шайбани-наме
[23,144], Футухат-и-Хани [24,216], Бадаии-әл-Вакаи [25,287]. Бұл
еңбектерде Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан
бөлініп шығу кезіндегі обьективті алғышарттары көрсетіледі.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Тарихи деректер мен
зерттеулерге сүйенсек зерттеу тақырыбына байланысты Қазақ хандығының тарихы
1465-1466 жылдары негізі қаланған Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы
кезеңіне сәйкес келетін 1500 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан( әр тарау
үш бөлімшеден), қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімінен тұрады.

1Қазақ хандығының қалыптасуы.
1.1Алғашқы қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
Қазақ хандығы XV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Дешті Қыпшақты
билеген Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған әулеттің бір тармағы Шибан
әулеті билігінің құлауы нәтижесінде пайда болды. Жоғарғы билік сол әулеттің
тағы бір тармағына жататын Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек
сұлтандардың қолына көшті. Қазақ хандығының құрылуы көшпенділердің жаңа
мемлекетінің пайда болуының бірегей мысалы бола алады. Бұл құбылыстың
табиғатын тереңірек түсіну үшін бірнеше ғасырға кейін шегініп, Шыңғыс хан
империясының және Шыңғыс ұрпақтары ұлыстарының құрылу кезеңіне қайта бір
оралып көрейік. Ең алдымен Дешті Қыпшақ термині жайлы бірер сөз айта
кеткен жөн.
Жаңа дәуірдің екінші мыңжылдығының басында Ертістен күнбатысқа қарай
созылып жатқан ұлан-асыр кең дала Шығыста қыпшақ атымен белгілі болған
түркі тілдес көшпенді тайпалардың қонысына айналды. Орыстар оларды
половецтер, Орталық Еуропа құмандар деп атады. Қыпшақ тайпаларының
ықпалды болғандығы сондай, шығыстағы Ертістен батыстағы Днестрге дейінгі
ұлы дала XI ғасырдан бастап Дешті Қыпшақ (парсы тілінде Қыпшақ даласы),
орыстарда Половецтер даласы, Еуропада Кумания аталды.
Дешті Қыпшақ Батыс Дешті Қыпшақ және Шығыс Дешті Қыпшақ болып екіге
бөлінді. Батыс Қыпшақ даласы шығыстан батысқа қарай Жайық өзенінен (XVIII
ғасырдан бастап Орал) Днестрге шейін, оңтүстіктен солтүстікке қарай Қара
және Каспий теңіздерінен Елек қаласына (оның қалдықтары қазіргі Саратов
қаласының маңында) шейін созылып жатты. Шығыс Дешті Қыпшақ шекарасы шығыста
Ертіс, батыста Жайық, солтүстікте Тобыл, оңтүстікте Балқаш көлі мен
Сырдарияның орта түсына тірелетін өңірлер болды.
В. В. Бартольдтың айтуы бойынша, Даланы хандар биледі, бірақ барлық
қыпшаққа ортақ хан болып көрген емес; Қыпшақ даласының әр аймағында —
батысында да, шығысында да, — билік бір мезгілде бірнеше ханның қолында
болды. XII ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақтың мұсылман емес өлкесінің астанасы
Сырдарияның орта тұсының оң жағалауына орналасқан Сығанақ қаласы болды.
XIII ғасырдың басында Шығыс Дешті Қыпшақ хандарының бірі Күнжек
болатын[27,145]. Рашид ад-Диннің Шежірелер жинағына жүгінсек, Шығыс Дешті
Қыпшақты монғолдар басып алған кезде, Күнжек өз ұлы, құралайды көзге атқан
мерген Құмырмыш-Күнжи екеуі қолға түсіп қалады да, Шыңғыста хан шатырын
ұстаушыларының басшысы қызметін атқарады. Бұл бір айрықша шатыр болушы еді,
ол билеушінің төбесіне ұсталып, Шығыс елдерінде монарх мәртебесінің сыртқы
рәмізі ретінде бағаланатын. Шығыс қыпшақтарының сол бір соңғы билеушісінің
одан арғы тағдыры беймәлім[28,86].

Шыңғыс хан 1227 жылы тамызда қайтыс болды, бірақ жаулап алу жорықтарын
оның ұрпақтары әрі қарай жалғастыра береді. 1235 жылы ханзадалар мен
ақсүйектер бас қосқан бүкілмонғолдық құрылтайда солтүстік-батыс елдерін
жаулап алып, оларды Шыңғыс ханның өзінен бұрын, 1227 жылдың басында өлген
үлкен ұлы Жошының ұлысына қосып беру жайында ұйғарым жасалады, әкесі тірі
кезінде табыстаған ұлыс әлі де Жошы ұлысы аталатын. Монғол әскерлерінің бас
қолбасшысы болып Жошының екінші ұлы Бату (Батый) тағайындалады.
Жеті жылға (1236 —1242) созылған Бату шапқыншылығы кезінде Еуразияның
бейнесі адам танымастай өзгерді. Еділ бойы болгарларының мемлекеті жойылды,
батыс қыпшақтарының әулеті құрып бітті, олардан басқа да бірқатар дербес
елдер мен билік басындағы әулеттердің аты біржола өшіп тынды. Тарихта
тұңғыш рет Ертістен басталатын Ұлы Дала, шын мәнінде тіпті шығыстағы
Енесайдан күнбатыстағы Дунайға дейінгі ұланғайыр қоныстың бәрі бір ғана
әулеттің — Жошының еркек кіндік ұрпақтарының — қолына көшіп, солардың
иелігіне айналды.
Жошы ұрпақтары иелігінің солтүстік шеті енді Болгар қаласы (қазіргі
Татарстан аумағы) мен Башқұрд облысы, оңтүстік шекарасы Кавказдағы Темір
Қақпа (Дағыстандағы Дербент қаласы) болды; Жошы ұлысының оңтүстік-шығыс
аумағы Жоғарғы Ертістен Алакөлге дейін, одан әрі Көкше теңіздің (XVIII
ғасырдан бастап — Балқаш) оңтүстігі арқылы Сырдарияға қарай ойысқан байтақ
өлкені құрады. Одан әрі шекара Сырдарияның орта түсы өңірі арқылы, Арал
теңізінің оңтүстігі, Солтүстік Хорезм мен Үргенішті қоса (Әмударияның
төменгі саласы) Үстірт жазығы мен Маңғыстауға қарай созылып кете береді.
Жошы ұлысының алғашқы билеушісі Бату, әкесінің інілері Үгедей мен
Шағатай өлген соң (1241 жылдың соңы, 1242 жылдың басы), XIII ғасырдағы
парсы жылнамашысы Жувейнидің айтуы бойынша, барлық ханзадалардың үлкені
(аға) болып есептеледі де, аса зор беделге ие болады, тіпті кей тұста
жоғарғы билеушінің дәрежесіне дейін көтеріледі. Сөйте тұра ол өмірінің
соңына дейін Монғол империясындағы екінші адам болып қала берді де, дербес
мемлекеттің басшысы бола алған жоқ. 1227—1255 жылдары билік жүргізген
Батудың тұсында да, одан кейінгі оның алғашқы мұрагерлері Сартақ, Ұлақшы,
Беркелер билеген кезде де, Жошы үлысы Монғолиядағы Қарақорым орталығына
қарайтын ұлан-байтақ Монғол империясының бір құрамы ғана болып қала берді.
Жошы ұрпағы саяси тәуелсіздікке тек Батудың немересі Мәңгі-Темір
(1267—1280) билеген жылдары ғана қол жеткізді. Жошы ұлысы билеушілерінің
ішінен сол ғана алғаш рет өз атынан ұлы хан дәргейіндегі атақпен теңге
шығарып, жарлық үлестіретін болды. Айталық, орыс дінбасыларына тапсырылған
жарлықта оның 1267 жылы тамыз айында берілгені көрсетілген.
Сөйтіп, XIII ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай Жошы ұлысы жалпы
империялық орталықтан бөлініп, өз алдына дербес мемлекет болып

шығады. Ұзақ жылдар бойына әр түрлі билеушілер басқарып келген монғолдың
осынау жаңа мемлекеті мұсылман авторларының жазбаларында да, орта
ғасырлардағы ресми құжаттар мәтіндерінде де әр түрлі, көбіне тіпті ел
билеушілердің атымен байланысты сөздермен аталып келген. Толық емес
тізімнің бір түрі мынадай: Жошы ұлысы,
Дешті Қыпшақ, Қыпшақ, Бату үйі, Берке елі, Ұлык, Ұлысы, Солтүстік
патшалык,, Тоқмақ, Тоқмақ, ұлысы, Өзбек мемлекеті, Өзбек ұлысы.
Жошы әулеті билеген мемлекет зерттеме әдебиетте Алтын Орда атымен
белгілі болып келді. Осы жерде айта кететін бір нәрсе, Алтын Орда атауы
ол кезде жоқ болатын. Бұл атау Алтын Орда мемлекеті әбден ыдырап біткеннен
кейін — XVI ғасырдың екінші жартысында, тек қана орыс әдебиетінде пайда
болды. Осының өзінде орыс нұсқаларындағы Алтын Орда атауы тек қана Жошы
хандығының орталық және батыс өңірін ғана білдіріп қоймай, хан ордасы деген
ұғымды қоса аткарған. Біртұтас Жошы ұлысының аты ретінде Алтын Орда ұғымы
тарихи еңбектер беттерінде тек XIX ғасырда ғана біржолата орнықты.
Жошы әулеті иелігінің құрамында әр түрлі тілде сөйлетін, мәдениеттің әрқилы
деңгейінде түрған, түрлі дін ұстанған көшпенділер де, отырықшы халықтар мен
тайпалар да болды. Мәдениетті елдермен араласу, Шыңғыс әулетіне қараған
әскери-көшпенді ақсүйектердің мұсылман дәстүріне бейімделуі Жошы ұлысының
алғашқы негізгі құрылымын өзгерткен жоқ. Экономикалық тұрғыдағы әр түрлілік
болмаса, Жошы ұрпақтарының мемлекеті саяси құрылымы жағынан шын мәніндегі
көшпелі мемлекет қалпында қала берді де, үш әскери-әкімшілік округке: оң
қанат, сол қанат және орталық болып бөлінді, өз кезегінде олар да ұлыстар
не ордалар деп аталған ұсақ үлес-иеліктерге бөлініп отырды.
Алтын Орданың алғашқы астанасы Бату ханзада XIII ғасырдың 50-
жылдарының басында Еділдің төменгі саласы Ақтұба өзенінің сол жағалауына
салдырған Сарай (парсы тілінен) қаласы болды. XIV ғасырдың 30-жылдарының
басында Сарай әл-Жадид (Жаңа Сарай) салынып, Алтын Орда мемлекетінің
астанасы сонда көшірілді (1395 жылы Әмір Темір әскері қиратқан бұл қаланың
қалдығын Ресейдің Волгоград облысына қарайтын Царев селосы маңынан табуға
болады). Әйтсе де Сарай да, Сарай әл-Жадид те Алтын Орда хандарының түрақты
ордасы бола алған жоқ. Алтын Орданын, түңғыш билеушілері Бату мен оның
інісі Беркеден бері қарай екі резиденциялы жүйе қалыптасқан болатын: Сарай
қаласы (кейіннен Сарай әл-Жадид) қала тірлігі мен сауда орталығы болып қала
берді де, елдің саяси өмірінің орталығы — ханның көшпелі резиденциясы,
елдің тіршілік-мүддесі, билік-жарлық, қысқасы мемлекет ісінің барша басқару
жүйесі орналасқан хан ордасы болып саналды.
Бұл жағдай XV ғасырда Алтын Орда түгел ыдырағанға дейін сақталып
келді. Алтын Орда жайында өзінің 1394 —1427 жылдар аралығындағы Еуропа,
Азия, Африкаға саяхатында Иоганн Шильт-бергер былай деп

жазады:
Мен сондай-ақ Ұлы Татар (Жошы ұлысын ол осылай атаған. ) жерінде де
болдым. Бұл елдің королі мен шонжарлары қысы-жазы қатын бала-шағасымен, мал-
мүлкімен көшіп жүреді, отарларын айдап, басқа да қазына-мүлкін артып алып,
осынау теп-тегіс жазық елде бір жайылымнан екінші жайылымға қарай жылжиды
да отырады.
Басқа кез келген мемлекеттің тарихындағы сияқты, Алтын Орданың
тарихында да әр түрлі аумалы-төкпелі бұлғақ кезеңдер, жұрт берекесі кеткен
дәуірлер болған. Жошы ұлысы монғолдарының өздерінің арасындағы ішкі талас-
тартыстар сонау XIII ғасырдың аяғында-ақ басталған болатын. XIV ғасыр
басында сәл-пәл толас алды да, 1312 жылы Тоқтай хан өлген соң ол талас-
тартыс қайта күшейе түсті. Өлген ханның өсиеті бойынша оның тағына өз ұлы
Елбасар отыруға тиісті еді. Бірақ билік басындағы би-сүлтандардың көпшілігі
бірауыздан Өзбек ханзаданы хан етпек болды да, ақыры Елбасардың жақтастарын
құрта отырып, соны таққа отырғызды.
Өзбек ханның замандастары мұсылман авторлары жазбаларында оның сырт
көркі келісті, мінезі жайсаң, жаужүрек қайсарлығымен көзге түскен, алысты
болжайтын көреген, Шыңғыс ханның заңдары мен жарғыларына (йаса ва йусун)
ізетпен қарайтын әмірші деп сипаттайды. Өзбек хан монғол және түркі
тілдерін білген.
Өзбек хан билеген (1313—1341) кезеңде Алтын Орда мемлекетінің өмірінде
елеулі өзгерістер болады. Бәрін тәптіштеп тізіп жатпай-ақ, бұл жерде оларға
себепші болған үш жағдайға ғана тоқтала кетпекпін.
1. 1321 жылы Өзбек хан ислам дінін қабылдап, мұсылманша
Мүхаммед деген ат алды да, Сұлтан Мүхаммед Өзбек хан атына ие
болып, ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етті.
2. Өзбек хан билік құрған кезеңдегі 1335 жылғы Алтын Орда
оқиғаларын суреттеген мұсылман авторларының жазбаларында өзбекий-ан
(өзбектік, өзбектіктер) сөзі мен мемлекети өзбек (езбектіктер мемлекеті)
сияқты сөз тіркесі алғаш рет қолданыла бастады. Бірте-бірте Алтын Орданың
мұсылман әміршісі Өзбек хан есімі Жошы ұлысының әр түрлі тайпалы
тұрғындарының жинақтама атына айнала бастады.
3. Өзбек хан билеген уақытта хандық билік күшейе түсті, саяси
орталықтану жолға қойылып, жаңа қалалар, оның ішінде Алтын Орда
мемлекетінің екінші астанасы болған Сарай әл-Жадид салынды. Мұсылман-сүннет
Өзбек ханның өзі де сол 1395 жылы Әмір Темір (Орта Азияны 1370 —1405
жылдары билеген) әскері тас-талқан етіп қиратқан Сарай әл-Жадид қаласында
жерленеді.
Алтын Ордадағы хан билігі Өзбек ханның ұлы Жәнібек хан билеген
(1342—1357) тұста да әжептәуір күшті болды. Жәнібектен кейін таққа оның ұлы
Бердібек отырып, 1357-1359 жылдары билік жүргізді. Ол барып тұрған қорқау,
билікқұмар болды. 1413 жылы жазылған Мунтахаб ат-тауарих-и Муини мен 1426
жылы жазылған .Муизз

ал-ансабавторларының айтуынша, өзі билік құрған кезде Бердібек таққа
таласар деген қауіппен өзінің ет жақын туыстары, Жошы ұлысының өзімен
кіндіктес ханзадаларының көпшілігінің көзін жояды. Бір әңгімеде Тайдула
ханша Бердібекпен емшектес сегіз айлық баласын көтеріп келіп, осы бір
кінәсіз сәбидің жанын қиюды жалына сұрағанда жауыз Бердібек баланы оның
қолынан жұлып алып, міз бақпастан жерге бір ұрып өлтіргендігі жайында
айтылады.
Сұлтандар (XIV ғасырдан бастап Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысында Шыңғыс
ханнан тараған әулеттің әрбір мүшесі сұлтан атала бастады) тұқымын тұздай
құрту саясатының ақырында 1359 жылы Жошының тікелей Бату ханнан тараған бір
бұтағы біржола құрып бітеді. Бұл 1255 жылы өлген Батудан соң жүз жыл ішінде
болған жағдай.
Алтын Орда ішінде бұлғақ пен сарай төңкерістері кезеңі басталады. XIV
ғасырдың 60—70-жылдарында Жошы ұрпағы билікті бірінің қолынан бірі тартып
алып, өзара қырқыс барысында біреуі жарты жыл, біреуі бір жыл, екі жыл, ең
ұзақ билегені үш жылға жетпей биліктен тайдырылып отырды.
Осынау саяси кикілжің мен қырқыстар барысында Жошы ұлысының аумағында
бірқатар иеліктер пайда болып, оларды Сарайдағы ханмен бір мезгілде билік
жүргізген жергілікті әміршілер биледі.
Бердібек өлгеннен кейін Жошы ұлысының оңтүстік-шығыс аймағына әмір-
билігі түгел тараған Алтын Орданың сол қанаттағы сұлтандары да бөлектене
бастады. Орданың батыс қанаты бірнеше дербес бөліктерге бөлініп кетті:
Төменгі Еділ бойы Сарай хандарының бақылауында қалса, Қара теңіз жағасы мен
Қырым — әмір Мамайға, ал Еділ Болгариясы Болат Темір, кейіннен Асан
ханзадалардың құзырына көшті.
70-жылдардың орта шенінде сол қанаттың (Шығыс ордасы) басшысы Орыс хан
бүкіл Жошы ұлысының басын қосуға әрекет жасап көрді. Сөйтіп ол Алтын Орда
байтағы Сарай қаласын басып алғанымен, жоғары билікті ұстап тұра алмай,
ақыры хижраның 777 жылы немесе 1375—1376 жылдары Сырдария жағалауындағы өз
астанасы Сығанақ қаласына қайтып оралды.
Жошынын, үлкен ұлы Орданың баласы Орыс ханның қолынан келмеген бұл
істі XIV ғасырдың 80-жылдарында Жошының он үшінші ұлы Тоқай Темірдің ұрпағы
Маңғыстау ханзадасы Тоқтамыс жүзеге асырды.
1376 жылы Тоқтамыс Орыс хан ордасынан қашып шығып, Әмір Темірдің қол
астына барып кірді, сөйтіп әлденеше рет оның қолдауымен өз жауларына қарсы
күресті жаңғыртып отырды. Жауының басы Орыс хан еді, 1377 жылы ол өлген соң
соның баласы әрі мұрагері Тоқтақия болды. Бірақ Тоқтақия небары үш ай билік
құрып, сол 1377 жылы дүние салды. Жошы ұлысының шығыс қанатының астанасы
Сығанақта (қала қалдығы Сырдарияның орта түсының оң жағасында) таққа Орыс
ханның тағы бір баласы Темір Мәлік отырды.
Темірлік автор Мойын ад-Дин Натанзи мінездемесіне (XV ғасырдың

басы) иланар болсақ, Темір Мәлік ойын-сауыққа құмар болып, арақ-шараптан
бас ала алмағаны сондай, уақытының көбін дерлік ес-түссіз мас болып
өткізеді. Соның салдарынан патшалықтағы жағдай мейлінше құлдырап, бағу-
қағусыз қалған[29,78].
Сығанақ тағына қайткенде де өз адамын отырғызу ойынан айнымаған Әмір
Темір Тоқтамысты тағы да қолдап, жас ханзаданы әскер беріп, қайтадан
Сырдария жағасына айдап салады. Бұл жолы Темір оған Хынк-оғлан деп аталатын
асыл түқымды арғымак, сыйлап, Жолың бола қалса осы атпен жауыңды қуып
жетерсің, ал қаша қалғандай болсаң
сені ешкім қуып жете алмайтын болады, — дейді.
Айтқандай-ак,, көп әскермен Тоқтамысқа қарсы келген Темір-Мәлік оны
ойсырата жеңеді. Маңғыстау ханзадасы алды-артына қарамай қашып, Темір
сыйлаған арғымақпен мәртебелі қамқоршысына бір өзі қайта оралады.
Сөйтіп, жылнамашылардың айтуы бойынша, сол Хынк-оғлан аталатын ат
Тоқтамыс сұлтанның аман қалуына себепші болады.
Темір бұл жолы да төзімділік танытып, осымен нешінші рет Тоқтамысқа
тағы әскер беріп, Сығанақ тағын тартып алуға жұмсайды.
Бұл жолы тағдыр ханзадаға оң қабақ танытты. Бұрынғысынша маскүнемдік
пен ойын-сауыққа салынып, түске дейін ұйықтап жататын Темір Мәлік
әскерінің қол астындағылардың көңілі оның қарсыласына ауа бастап, ұлыстың
үлкен бір бөлігі топ-тобымен Тоқтамыс жағына шығып кетеді. Хижраның 780
(1378—1379) жылының қысын Темір Мәлік Қараталда өткізуде еді. Осы кезде
Тоқтамыс оған шабуыл жасап, ұрыс Темір Мәлік әскерінің толық талқандалуымен
аяқталды. Шайқастың алғашқы сәтінде оның өзі тұтқынға алынып, өлтірілді. Ең
басты әмір, әмірлердің әмірі Балтышақты Тоқтамыстың алдына бұғаулап алып
келді. Балтышақтың ерлігі мен адалдығы жайында көп естіген Тоқтамыс оған:
Егер сен мені өз патшаң ретінде құп алар болсаң, мен сені құрметке
бөлеп, патшалық пен байлықты басқартқан болар едім — деп ұсыныс жасайды.
Ашудан қалшылдап кеткен Балтышақ:
Егер менің қолым байлаулы болмаса, саған келістіре жауап берер едім;
сені менің патшамның орнында көрген көз ағып неге кетпейді; егер билік
шынымен сенің қолыңда болса, онда мені де жазалауға әмір ет, патшамның
басын менің басымның үстіне, денесін денемнің үстіне қойсын, одан бұрын өлу
маған бұйырмаған екен, ендеше көрге одан бұрын кірейін — деп жауап береді.
Тоқтамыс Балтышақ әмірдің тілегін орындайды.
Сол жеңістен кейін Тоқтамыстың қасына ерген Темірдің әмірлері оны
Сығанақта хан тағына отырғызып, ескі дәстүр бойынша оның құрметіне нисар
(ақша және басқа асыл дүниелер шашу) ұйымдастырады.
Бірақ бойын даңққұмарлық кернеген Тоқтамыс бір ғана Сығанақ тағын

қанағат тұтып отыра алмады. Қара-құрым қол жинап алған ол көп үзамай тағы
да жаугершілік жолға түсіп, Темірдің қолдап-қуаттауымен Алтын Орда
астанасын жаулап алу мақсатымен Еділ бойына аттанады.
Тағдыр бүл жолы да Тоқтамысқа оң қабақпен қарады.
Ол кезде Алтын Орданың үлкен бір бөлігі әмір Мамайдың қолында еді,
сондықтан Жошы ұлысын түгел билемекке ниет еткен Тоқтамыстың ең басты
дұшпаны да сол болды. Дмитрий Донскойға қарсы Русь жорығына дайындалып
жатқан Мамай маңғыстау ханзадасы жақтан келетін қауіпті аңғармай қалып еді.
1380 жылы Мамай Руське қарсы жорыққа шықты, бірақ Куликов даласында
Дмитрий Донскойдан жеңіліп қалып, әскерінің қалған қалдығымен ұнжырғасы
түсе еліне оралады. Мамайдың дәл осы қиын-қыстау сәтінде Тоқтамыс оған
қарсы жорығын бастады. Алтын Ордалықтардың ез арасындағы қанды шайқас Қалқа
өзенінің бойында өтті де, Тоқтамыстың толық жеңісімен аяқталды. Жеңілген
Мамай осы шайқастан соң тарих аренасынан біржола кетті де, көп ұзамай
Тоқтамыс хан Жошы иеліктерінің Хорезмнен (төменгі Әмудария) басқа жерін
түгел өз қол астына біріктірді, Хорезмді 1379 жылы Темір жаулап алды.
Енді Жошы ұлысының өзінде Тоқтамысқа қарсы келер пәлендей қауіпті күш
жоқ еді. Алтын Орданың бар билігін өз қолына алған Тоқтамыс енді Руське
қарсы жорыққа дайындала бастады.
Көп әскер жиып алып, 1382 жылдың жазында Тоқтамыс Еділден өтіп,
Мәскеуге қарай беттеді. Бұл кезде орыс ішінде бірауыздылық жоқ еді. Мәскеу
князі Дмитрий Донской орыс княздерінің басын біріктіруге, жауынгерлік жаңа
ерлік — татардан қорғану жолына күш салып көрді, бірақ олардан қолдау
таба алмады.
1382 жылдың 23 тамызында Тоқтамыс Мәскеуге жетіп, оны қоршауға алды.
Қоршау ұзаққа созылды. Сондықтан Тоқтамыс қулыққа басты: ол Мәскеу
тұрғындарын алдап, егер олар қарсыласуды тоқтатса, бәріне де кешірім
жасалатынын, өмірлеріне де, мал-мүліктеріне де ешкімнің тимейтінін, тіпті
сый-сыяпат көрсетілетіндігін айтып, үгіттей бастады. Қала тұрғындары хан
сезіне сеніп, қақпаны ашқанда, Тоқтамыс хан әскерлері Мәскеуге лап қояды,
талан-таражға салып, жартылай өртеп жібереді. Көп адам қырғынға ұшырайды.
Мәскеуден мол олжаға батып, сол маңдағы тағы біраз қалалар мен мекендерді
тонап, Тоқтамыс ат басын оңтүстікке бұрып, Ордаға оралады.
Сол бір тонаушылық жорығы Тоқтамыстың кеудесіне нан пісіріп, өз күшіне
деген сенімін еселеп арттыра түседі. Ол Алтын Орданы және оның ұлы
державалық саясатын қалпына келтіруге көшеді. Бұл енді әмір Темірмен сөзсіз
қағысу деген сөз еді. Тоқтамыс сол қақтығысқа дайындалып, тіпті қарсыласын
соған ашық итермелей түсті.
Ең алдымен ол, бұрын айтқанымыздай, Темірдің қолына қараған Хорезмнің
ісіне араласа бастады. Бұл кезде Иран шаруасымен жүрген Темір өзі үнемі
қолдап келген адамының бұл жаулық ісіне кеңіл беле

қоймайды.
Хижраның 788 (1386—1387) жылының қысында, Темір Кавказдағы Қарабақта
жүргенде Тоқтамыс қалың әскерімен Дербент арқылы Дағыстандағы Самур өзеніне
келіп жетеді. Сол жерде Тоқтамыс пен Темірдің ұлы Мираншах әскерлерінің
арасында айқас басталады. Екі әскер бірін-бірі жеңе алмай, Тоқтамыс Ордаға
оралады.
Келесі, хижраның 789 (1387—1388) жылы Тоқтамыс қалың қолмен Сығанақтан
өтіп, Түркістандағы Темір иеліктерінің шекаралық қамалы — Сабран қаласына
таяп келеді. Тоқтамысқа қарсы Әндіжаннан Темірдің баласы — ханзада Омар
Шейх аттанады. Ұрыс Отырар маңында өтеді. Омар-Шейх жеңіледі де, Тоқтамыс
Бұхараға қарай тартады. Бірак, Бұхара түбінде қатты қарсылыққа душар болып,
қаланы тастайды да, Мәуереннахрдың (Сырдария мен Әмударияның аралығы) шеткі
аймақтарын тонауға кіріседі.
Бұл тонаушылық жорық жайындағы хабар сол кезде Батыс Иранда — Шираз
қаласында жүрген Темірдің құлағына жетеді. Темірдің
төзімі де таусылуға айналған еді, енді ол Тоқтамысты тәубесіне келтіретін
уақыт әбден жетті деп түйеді де, оған оңдырмай соққы беруді ойластырады.
Ең алдымен Темір хорезмдіктердің Тоқтамысты қолдаған опасыздықтарына
орай тиісті жазасын беру үшін Хорезмге аттанады. Хорезмнің астанасы
Үргенішті тез алған Темір, хорезмдіктерге деген ашу-ыза үстінде сол
хижраның 790 (1388) жылы тұрғындарды түгел Самарқанға көшіріп, Үргенішті
жермен-жексен етіп, орнына арпа-бидай егуге әмір береді.
Тоқтамысқа қарсы өз жорығын Темір 1390 жылдың 1391 жылға қараған
қысында Самарқаннан бастайды. Темір Дешті Қыпшақ жерінде Тоқтамыс әскерінің
соңында түсе отырып, ақыры Черемшан өзенінің бір тармағы Құндырша өзенінің
бойындағы алқапта сол аттас Құндырша елді мекенінде (Самара облысы)
жауласқан екі әскер бетпе-бет келеді. Бұл жойқын да қанды қырғын алма-кезек
жеңіске жете отырып, ақыры Тоқтамыстың біржола жеңілуімен тынады. Темір өз
жеңісіне қанағаттанып қана қоймай, олжаға да қарық болады.
1391 жылғы Тоқтамыстың жеңілісі қаншама жойқын бола тұрғанымен, оның
өз басының да, Алтын Орда мемлекетінің де тағдырын түпкілікті шешкен жоқ-
ты. Оның есесіне 1395 жылы Темір Тоқтамысты күйрете жеңіп Алтын Орда
ханының түбіне жетті. Бұдан кейін Тоқтамыс Жошы ұлысының тағына қайтып
орала алған жоқ, кейбір деректер бойынша 1404, басқа бірінде 1406 жылы
қазаға ұшырайды.
XV ғасырдың басында Жошы ұлысының басын біріктіремін деген тағы да
бірнеше талапкер болды. Бірақ Тоқтамыстан кейін Жошы ұлысының бәрін бойсүна
мойындатардай билікке ешкім жете алмады. Ол ол ма, XV ғасырдың 30—70-
жылдары орталығы төменгі Еділ бойында болған Алтын Орда мемлекеті біржола
ыдырап, оның

күйреген орнында бірнеше жаңа түркі мемлекеттер: Қырым хандығы Қазан
хандығы, Астрахань хандығы, Сібір хандығы, Қазақ хандығы, тағы басқа
бірқатар саяси бірліктер пайда болды.
Бірақ тарихына осы кітап бағышталып отырған Қазақ хандығы құрылмастан
бұрын-ақ Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында 1428—1468 жылдар аралығында Жошының
ұлы Шибан әулетінен шыққан Әбілхайыр хан билік құрып тұрған болатын. Орыс
хан ұрпақтары Керей мен Жәнібектің қол астындағы бірқатар тайпалар бұл
мемлекеттің негізгі халқынан бөлініп, Шығыс Дешті Қыпшақта үстем билік
орнату жолында ұзақ та ауыр күрес жүргізді. Бірақ бұл жайында кейінірек
арнайы тарауда әңгімелейтін боламыз.

1.2Қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарихи-и-
Рашиди еңбегіндегі қазақ хандығы туралы мәліметтер.
Әрбір тіршілік иесінің талқаны таусылар күн болады. Бірақ ажалмен
бірге бәрі құрып кетпейді. Ажал дегеніміздің өзі түрі өзгерген өмірдің тағы
бір болмысы: адам өзгелердің есінде өмір сүреді, өзінің ақыл-ойы, тілегі,
өз қолымен жасаған дүниенің бәрі ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, қызмет ете
береді. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Солардың ішінде
Қазақстанның, көршілес егемен Орталық Азия мемлекеттерінің, сондай-ақ Таяу
Шығыс елдерінің жұртшылығы болып бес жүз жылдық мерейтойын салтанатпен атап
өткен Мырза Хайдар Дулаттың өмірі, өлімі және мәңгілік тарихи мұралары да
бар. Ондай мерейтой өтуінің де заңдылықтары бар: Мырза Хайдар — айрықша
бөлек тұлға, ал оның әйгілі Тарихи Рашиди аталатын еңбегі — XVI ғасырда
парсы тілінде жазылған мұсылман елдері тарихи әдебиетінің ең бір құнды да
қызықты жәдігері.
Бұл еңбекті жазған адамның толық аты-жөні — Мұхаммед Хайдар ибн
Мұхаммед Хұсайын Гурган. Бірақ өзінің жазғанындай, ол достары арасында
Мырза Хайдар есімімен белгілі болды. Ортағасырлық мұсылман авторларының
көпшілігінің деректерінде де ол осы есімімен кездеседі, бұрынғы-соңғы
Еуропа ғалымдарының үлкен-кішісі де оны осы есімімен атайды.
Мырза Хайдардың туған мерзімі жайлы дерек жоқ. Өз шығармасында ол тек
қана хижраның 905 жылы (1499 жылдың 8 тамызы — 1500 жылдың 27 шілдесі)
туғанын бірнеше рет жазады. Өкінішке орай, не туған жері, не айы, не туған
күні аталмайды.
Мырза Хайдар белгілі де беделді дулат руынан шыққан, сондықтан ғылыми
әдебиетте ол көбіне-көп Мырза Хайдар Дулат аталып жүр. Оның ата-бабасы
кезінде ел билеген әулетті әмірлер болған, Шағатай ұлысының шығыс өңірінде
— қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шыңжаң аумағында патшалық
еткен әулеттердің ханзадаларын қаласа

таққа отырғызып, қаламаса тақтан түсіріп отырған да солар еді. Ортағасырлық
мұсылман деректерінде бұл өлке Моғолстан аталады.
Оның әкесі Мұхаммед Гурган (Хан тұқымының күйеуі) өзін 1495 жылы Ұра-
Төбеге басқарушы етіп тағайындаған моғолдың аға ханы (ұлы хан) Сұлтан
Махмұттың (Моғолстанды 1487—1508 жылдары билеген) жақын досы еді. Сондықтан
біз Мырза Хайдар сол кезде Шағатай ұрпағы Махмұт хан тұрған Ұра-Төбе мен
Ташкенттің бірінде туған деп шамалап айта аламыз. Нағашы жағынан Мырза
Хайдар Дулат Шағатай ұрпағы Махмұт ханның әкесі Жүніс ханның (Моғолстанды
1463—1487 жылдары билеген) немересі болып келеді. Яғни, Үнді жерінде Ұлы
Моғол империясын құрған атақты Темір ұрпағы Бабырдың (1483—1530) бөлесі.
Мырза Хайдардың өз айтуы бойынша, оның шешесі, Хуб Нигар-ханым, моғол
ханы Жүністің үшінші қызы мұның мүлдем сәби кезінде өз
өмірінің қазынасын о дүние сақтаушысының қолына табыстаған. 1508 жылы
әкесі Мұхаммед Хұсайын Гурган да Шайбан ханның бұйрығымен Гератта
өлтіріледі. Сөйтіп Мырза Хайдар сегіз жасында жетім қалады. Ол ол ма, өз
өмірін аман сақтау үшін әлдене себеппен бара калған Бұхарадан Бадахшан
арқылы Кабулға қашуға мәжбүр болады да, 1509 жылы сонда келіп жетеді. Кабул
мен сол маңды билеп тұрған Темір ұрпағы Бабыр оны өз ұлындай қарсы алып,
тәрбиешілер тағайындайды. 1512 жылы Мырза Хайдар Бабырдан кетіп, өзінің
тағы бір немерелес бауыры Шағатай ұрпағы Сұлтан Саидқа қосылады, сөйтіп
онымен бірге Қашқарға қоныс аударады. Сол жақта 1514 жылы Сұлтан Саид хан
орталығын Яркенд етіп Яркенд хандығы аталған Моғол мемлекетін құрады.
Ойға жүйрік, жан-жақты майталман шебер Мырза Хайдар өзінің
ержүректілігімен де, әскери талантымен де көзге түседі. Тарихи Рашидидің
болашақ авторы тағдырына Бабыр мен Сұлтан Саид ханның тигізген әсерінің
арқасында ол мұсылманша жан-жақты білім алады, ғылым мен өнер саласы
бойынша өз заманының әдеби һәм мәдени дәстүрін бойына сіңіріп өседі. Бұл
жайлы ол өз еңбегінің алғы сөзінде анық айтқан. Бұл туралы Бабыр да:
Өз әкесінің қазасы өзбектерден болғанын кейін, ол маған келіп үш-төрт
жыл қолымда болды. Содан кейін ол Қашқардағы ханға баруға рұқсат сұрады.
Алтын, күміс, қорғасын ба — бүгінде,
Өз негізін табады ақыр түбінде.
Қазір ол әбден ақыл тоқтатқан, бірқалыпты жақсы жолға түскен
көрінеді. Жазу-сызуға, сурет салуға, жебе, жебенің ұшын, садақ адырнасының
сақинасын жасауға қолы әуелден епті болатын. Өлеңге деген икемі де бар.
Оның маған жазған сәлем хатынан сөз мәнері дұрыс екеніне көз жеткіздім —
деп жазады.
Мырза Хайдар түрік, парсы тілдерінде еркін сөйлеген, жаза да білген,
Айаз аталатын поэтикалық лақап аты да бар-тын. Өзінің

1529—1530 жылдары Бадахшанда болуына орай түрік тілінде жазылған Жахан-
нама поэмасы да бар.
Текті атадан шығуы мен өз басының айрықша қабілеті Мырза Хайдардың
қызмет сатысымен жоғарылап отыруына да әсер етті: Саид хан құрған
мемлекетте ол мәртебелі орынға ие болды. Ол 1527—1528 жылдардың қысында
моғолдардың Кафиристанға жіберген әскери экспедициясын сәтті басқара білді,
ханның Бадахшан, Ладак, Кіші Тибетке жасаған жорықтарына (1529—1533)
белсене араласты.
1533 жылғы 9 шілдеде Сұлтан Саид хан өлген соң, оның орнына такқа
дулат руына ерекше жауыға қарап дағдыланған баласы Әбдірашит отырады. Мырза
Хайдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарих хамсада тарихи - этнографиялық деректердің орын алғанын, қазақ халқының күнтізбесіне байланысты мәліметтердің кездесетінін
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Қадырғали Жалайыри зираты
Абылай хан билігінің ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
Пәндер