Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері

1. 2. Банк қызметін рейтингтік бағалау

1. 3. Банк ісін талдаудың әдістемелері

1. 4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. 4. 1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар

1. 4. 2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

1. 4. 3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 8. Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар

1. 4. 9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы

2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ

2. 1. Есептің қойылымы

2. 2. Кіріс ақпараттары

2. 3. Шығыс ақпараттары

2. 4. Ақпараттық база . . . 43

3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ

3. 1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері

3. 2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)

3. 3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау

3. 4. Рейтингті есептеу

3. 5. Банктердің стратификациялау

3. 6. Рейтингті құрудың мысалы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

  1. ҚР дамуы жаңа шаруашылық принциптерге және сапалы жаңа деңгей қарым-қатынасқа өту, экономиканың барлық салаларының интенсивті түрде дамуына жұмыс істеткізеді сонымен бірге нарық экономикасының ең ңегізгі құрылымдарының бірі-банк жүйесін дамытуды қажет етеді.

Банк ісінің пайда болуы мен дамуы капиталмен байланысты. Жеке меншік пайда болуы, тауар-ақша қатынасының дамуымен қоғамдық мүлік теңсіздігі күшейді. Жағдайы жақсы топ өкілдері жағдайы нашарларға қарызға ақша беруге мүмкіндіктері туды. Капитал дамуы тығыз түрде банк дамуымен байланысты. Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.

Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге негізделген.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімінде банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың негіздері бөлімінде банктік қадағалаудың мәні мен әдістері, рейтингтік бағалау, талдаудың әдістемелері көрсетілген.

Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы көрсетілген.

Үшінші бөлімінде банктер жағдайының көрсеткіштері арқылы рейтингісін құрастыру көрсетілген.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар көрсетілген.

1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттердің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.

Бұл - қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.

Қашықтан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.

Қашықтан қадағалау әдісі механизмі 1-суреттегі тәртіппен жүзеге асырылады.

1-сурет. Қашықтан қадағалау механизмі

Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарда талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орныдалуын тексеру.
  2. Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы қызметі мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра оырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қардылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақьарды қамтиды:

  1. капитал;
  2. активтердің сапасы;
  3. пайдалылық пен рентабельдік;
  4. өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуынынң мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.

Капиталды талдау.

Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткішіболып табылады.

Капитал жеткілікті, оның табыстылығы сияқы қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіріреді.

Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастырып талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі қажет:

- Банк капиталды стандарттарға жауап бере ме?

- Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?

- Капитал деңгейінің банктің және алған тәуекелге қатынасы қандай?

- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?

- Банк капиталының сапасы қандай?

Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялырдың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарзы алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеліп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.

Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқару тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға және тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтердің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа несиелерге байланысты болады.

Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі мүмкін:

- Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?

- Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?

- Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?

- Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?

- Үмітсіз несиелерді баланстан шығару. Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?

- Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің жалпы резервтерінің сомасы. Банктің құрған резервтерінің (провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?

- Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?

Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қардылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. өз табыстарын қайтара алмаған акйионерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.

Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.

Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:

- Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?

- Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?

Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.

Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындару болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылығылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындару да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.

Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер:

  • шығындардың құрылымы;
  • пайыздық шығындардың көлемі;
  • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
  • әкімшілік шығындар.

Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштерін әсер етеді.

Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең турде талдау қарастырылады.

Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктің өтімділігі бойынша жағдайын бағалаған кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыруы қажет:

- Банктің өтімді активтерінің көбеюі немес азаюы? Банктің өз міндеттемелеріне қатысты өтімді активтердің көп немесе аз болуы?

- Банк ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген тәуелділігін азайтып жатыр ма немесе көбеюде ме? Және теәуеділік деңгейі қандай?

- Банктің активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз сомасы бар ма?

- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша талаптарды орныдай ма?

Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің электронды жүйесінің (BOSS) Ұлттық банк алдында мынадай міндеттері болады:

- банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;

- өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;

- банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын Ұлттық банктің басшылығына қарастыруға беру;

  • өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін күнделікті баланстарға талдау жүргізеді.

Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-позициясы орныдалуы туралы есептерін тексереді.

Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен міндеттемлердің салыстыру кестесін) тексереді.

Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарның бірі болып табылатын пруденциялық нормативтердің орындалуын тесеріп, олардың дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.

Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.

Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаментіне есеп берудің мынадай формаларын тапсырады:

  • 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;
  • Ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;
  • Ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі) .
  • Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
  • Активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелуінен;
  • Тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.

Қазақстан Республикасынның Ұлттық банкі пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, к3, 1, к3. 2, к4. 1, е4. 2 және к5 коэффициенттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретіні айдан кейінгі айдың сегізінші күні кешіктермей Қаржылық Қадағалау департаментіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін ақпаратты-статистикалық басқармасының есептелген мәліметтермен салыстырып отырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екнші деңгейдегі банктерҰлттық банк белгілеген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген резервтік мөлшерлеме 6 %-ға тең.

Банктердің ең төменгі резевтік талаптарды орындауының екі әдісі бар:

  1. Баламалы - ай сайын қаражаттарды резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Баламасыз - қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

Қазақстан Республикасынданың Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің Қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізлелген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.

Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтінгісін анықтауға болады.

Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.

Статус-Репорт - банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.

Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері “CAEL” (“CAEL”, яғни M-менеджментті қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойынша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.

Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.

Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.

Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:

  1. Банк туралы жалпы мәліметтер.
  2. Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
  3. Банктің активьері.
  4. Банктің міндеттемелері.
  5. Банктің табысы мен шығысы.
  6. Өтімділігі және шығысы.
  7. Қосымша ақпараттар.

Талдаушы барлық жоғарыда аталған факторларды ескеріп, қашықтан тексеруді банктің өтімділік позициясын жалпы бағалаумен аяқтауы керек. Егер банктің өтімді активтерінің сапасы төмен болған жағдайда, талдаушы бұл деңгейдің міндеттемелердінің құрамына қаншалықты сай келетінін анықтауы керек.

Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысындабанктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды.

Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.

Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:

  • банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;
  • банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;
  • банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссияснда қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;
  • банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эмиссияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен орналастыруын қарастырады;
  • банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ оған санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды және Банктік қадағалау департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәліметтерді керек еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы мен өтімділік деңгейі сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштер мен коэффиценттердің көмегімен талдау жасау арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтау үшін қолданылады.

Қашықтан қадағалаудың жетістіктері есеп және есеп берудің нақты нұсқаулары мен нормативтеріне сәйкес берілетін мәліметтердің дұрыстығына байланысты болады, сонымен қатар берілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек.

Тиімді қашықтан қадағалау үшін жоғарыда аталған негізгі көрсеткіштеріне қаржылық талдау жүргізудің жоғары деңгейіндегі кәсіптілігі қажет. Есеп беру мәліметтерін қаржылық талдау, топтар бойынша коэффицеенттердің деңгейін, тенденцияларын салыстыру талдау жасау үшін қолданылады.

Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселелерінің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін «алдын ала ескерту жүйесі» ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау банктің алдында тұрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының цифрлык банкинг жүйесі
Несиелік рейтингтің рейтингтік категориялары
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Банктің балансын талдау жəне оқудың əдістемесі
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІНІҢ АХУАЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Банктік қадағалау басқармасы
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz