Ер бағынан ат бағы артық



Түркі-монғол халықтарының эпостық жырлардағы батыр мен аттың образы соңғы кездері іргелі зерттеулерге арқау болды [1].
XVIII–XX ғасырлардағы әсіресе, жоңғар шапқыншылығына және орыс отаршылдарына қарсы азаттық соғысында қазақ қолбасылары мен батырлары сәйгүліктерінің «тұтас галереясын» көруге болады. Абылайдың Алшаңбозы мен Құлаша аты, Қабанбайдың Құбасы, Бөгенбайдың Нарқызылы, Әбілқайырдың Ақбозы, Кенесарының Кертайлағы мен Өтеуке-Шабдары, Наурызбайдың Ақауызы мен Қызылауызы, Исатайдың Ақтабаны, Махамбеттің Тарланы, т.б. иесіне берілгендігі мен ерлігі, тұлғалары мен сымбаты еліміздің тарихында мәңгілік алтын әріптермен жазылып қалды.
Соғыс тарихында мотор заманына дейін, XX ғасырдың басына дейінгі ірілі-уақты соғыстарда атты әскер өз маңызын сақтап қалды. Сондықтан эпостық жырлардағы батырлардың сенімді серігі – тұлпар-лар мен қатар, XVIII–XX ғасырлардың тарихи қайраткерлерінің атта-ры да зерттеуге тұрарлық елеулі мәселе.
Эпостық батырлардың өздеріне лайық ат іздеп тауып, баптап, жанжолдас етіп алғанындай, XVIII–XIX ғасырдың батырлары да ержете бастағанда өзінің талабынан шығатын ат тапқанша көңілдері көншімеген. Әлбетте, батырдың жас шағынан, құлын кезінен таңдап мінген жылқысына, жас балаға ат қойылғандай есім беріледі. Аттың есімі ең бірінші түсіне, одан соң мінезіне, жылдамдығына, жүйріктігіне қарап қойылады. Түркі халықтарындағы жылқы киесін зерттеген С.П.Несторов: «Аттың есімі оның өзіндік «паспорты» болып табылады, иесі мен атының арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Иесі үшін жылқы еңбек құралы емес, бүкіл көшпенділік өмірдің тауқыметін бірге көтеретін жан серігі, досы. Батыр мен жылқының арасындағы бауырластық, достық эпостарда айқын бейнеленген». [2.37-б.]. Батырдың өз атын жырға қосып, аттың образы арқылы халықты ерлікке, елдікке үндеуін Ақтанберді жырларынан анық көреміз. Ақтамберді жырау Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» жыры 1980 жылдардың ортасынан бастап Бекболат Тілеухановтың орындауында қазақтың ресми емес гимніне айналды деуге болады. Ал енді жырдың сарынына қарасаңыз басынан бастап аяғына дейін аттың дүбірі: аяңы, желісі шығарманың шырқау шегі шабытына ұласып тыңдаушыға ерекше шабыт, рух береді.
1. Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М., Наука. 1984.
2. Нестеров С.П. Конь в культах тюркоязычных племен Центральной Азии в эпоху средневековья. Новосибирск: «Наука» 1990.
2а Алдаспан. XV-XVIII ғасырлардағы ақын, жыраулардың шығармалар жинағы. А: әЖазушы» 1971
2б Әзімбай Ақтанберді Жаскілең.
3. Тарихи жырлар. А., «Білім». 1995.
4. Зейнолла Сәнік Хан батыр Қабанбай А. «Қазақпарат» 2005.
4а. Кузнецов Амурсана
5. Невольник. Предание о киргиз-кайсацком хане Абулхайре // Тургайская газета.
1900. № 1. с 5.
6. МИК СССР Т. 2. ч. 2. доклад № 68. с.183.
7. Jvid .. S 142.
8. Суан шежіре. А «Жалын» 1993.
9. Әнес Сартай екі Тарлан. А «Арыс» 2003.
10. Нұр-Мұхамед Есенәліұлы Ақтабанның бапкері // Атырау арғымақтары. А «Арыс» 2002.
11. А. Тоқтабай Махамбет өлеңдеріндегі жылқы образы //
12. Шортанбай А. «Айқап» 1993.
13. Қашқынов Ж. Ақжолтай Ағыбай батыр а. «Балауса» 1996.
14. Қосымбаев Ж. Последнй поход Кенесары и его гибель. А. «Ана тілі» 2002.
15. Солтанов Б. Кенесарының Қырғызбен соғысы жайында // Отан тарихы. 2002. №3.
16. Добромыслов А.И. Тургайская область. Историч. Очерк. Извест. Оренбург. Отделения ИРГО. Вып 17. ТВерь 6. 1902.
17. Молдахмет қаназ. Қарағайдың қарсы біткен бұтағы // Жалын. 2006. №1.
18. Мұқанов С. Балуан Шолақ //Балуан Шолақ. Құрастырған С.Оспанов. А., «Жалын», 1998.
19. Қазақтың рулары жайлы өлеңдер, мақалдар. Жинаған Ибарев А. // ОFR. инв №1611.
20. Бектұров Ж. Балуан Шолақ (дерек) // Балуан Шолақ. А., «Жалын», 1998.
21. Оспан батыр. Деректі зерттеу. А. «Арда» 2007.
22. Сумьягийн Амартайван Оспанның ақбозаты // Жаңа дәуір (газет) 2006 маусым-шілде.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЕР БАҒЫНАН АТ БАҒЫ АРТЫҚ

(XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи қайраткерлердің серігі – сәйгүлік
аттары туралы)

Ерге лайық ат бітеді

Қызға лайық сән бітеді
(Мақал)
Түркі-монғол халықтарының эпостық жырлардағы батыр мен аттың образы
соңғы кездері іргелі зерттеулерге арқау болды [1].
XVIII–XX ғасырлардағы әсіресе, жоңғар шапқыншылығына және орыс
отаршылдарына қарсы азаттық соғысында қазақ қолбасылары мен батырлары
сәйгүліктерінің тұтас галереясын көруге болады. Абылайдың Алшаңбозы
мен Құлаша аты, Қабанбайдың Құбасы, Бөгенбайдың Нарқызылы, Әбілқайырдың
Ақбозы, Кенесарының Кертайлағы мен Өтеуке-Шабдары, Наурызбайдың Ақауызы
мен Қызылауызы, Исатайдың Ақтабаны, Махамбеттің Тарланы, т.б. иесіне
берілгендігі мен ерлігі, тұлғалары мен сымбаты еліміздің тарихында
мәңгілік алтын әріптермен жазылып қалды.
Соғыс тарихында мотор заманына дейін, XX ғасырдың басына дейінгі
ірілі-уақты соғыстарда атты әскер өз маңызын сақтап қалды. Сондықтан
эпостық жырлардағы батырлардың сенімді серігі – тұлпар-лар мен қатар,
XVIII–XX ғасырлардың тарихи қайраткерлерінің атта-ры да зерттеуге
тұрарлық елеулі мәселе.
Эпостық батырлардың өздеріне лайық ат іздеп тауып, баптап,
жанжолдас етіп алғанындай, XVIII–XIX ғасырдың батырлары да ержете
бастағанда өзінің талабынан шығатын ат тапқанша көңілдері көншімеген.
Әлбетте, батырдың жас шағынан, құлын кезінен таңдап мінген жылқысына,
жас балаға ат қойылғандай есім беріледі. Аттың есімі ең бірінші түсіне,
одан соң мінезіне, жылдамдығына, жүйріктігіне қарап қойылады. Түркі
халықтарындағы жылқы киесін зерттеген С.П.Несторов: Аттың есімі оның
өзіндік паспорты болып табылады, иесі мен атының арасындағы қарым-
қатынасты көрсетеді. Иесі үшін жылқы еңбек құралы емес, бүкіл
көшпенділік өмірдің тауқыметін бірге көтеретін жан серігі, досы. Батыр
мен жылқының арасындағы бауырластық, достық эпостарда айқын
бейнеленген. [2.37-б.]. Батырдың өз атын жырға қосып, аттың образы
арқылы халықты ерлікке, елдікке үндеуін Ақтанберді жырларынан анық
көреміз. Ақтамберді жырау Сарыұлының Күлдір-күлдір кісінетіп жыры 1980
жылдардың ортасынан бастап Бекболат Тілеухановтың орындауында қазақтың
ресми емес гимніне айналды деуге болады. Ал енді жырдың сарынына
қарасаңыз басынан бастап аяғына дейін аттың дүбірі: аяңы, желісі
шығарманың шырқау шегі шабытына ұласып тыңдаушыға ерекше шабыт, рух
береді.
Жырда бірнеше аттың бейнесі арқылы халықтың асқақ арманы
бейнеленген.
От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,
Ор қояндай қабақты,
Қиғаш қамыс құлақты,
Сары мысықтай азулы,
Саптыаяқтай ерінді.
Қидасын кәрі жілікті,
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей,
Табаны жалпақ тарланды,
Таңбалап мінер ме екенбіз!?
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?
Күдеріден бау тағып,
Қамқапты киер ме екеміз?!
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз,
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз! [2а .111-б].
Батыр-жыраудың толғауында: табаны жалпақ тарлан, күрең, жолбарыстай
шұбар сияқты үш түрлі жорық аттарының образын көреміз. Демек, бұл аттар
Ақтамберді мінген, талай тар жол тайғақ кешулерде, жорықтарда серік
болған сәйгүліктер. Сондай-ақ, тарихи жырларда Ақтамбердінің қос күреңі,
кер тұлпары, керкиігі жайында да сөз болады.
Майданда тізе қосса бұза ойнаған,
Деуші еді, Ақтамберді қос күреңі [2-б.56-б.]
Тайынан үйге байлатып,
Тіл үйретіп, ойнатып,
Кер тұлпарды мініп ем [2-б. 61-б.]
Жас кілең Керкиікті сайлайтұғын,
Кермеге кешке, күндіз байлайтұғын.
...
Кежімдеп Керкиікті жетекке алды
Жер басқан одан жылқы озбайтұғын [2-б. 76-б.]
Әлі күнге дейін Аягөз-Шыңғыстау өңірінің халқы Ақтанбердіні
ұмытпаған. 1996 жылы Аягөз өңірінің қарт шежірешісі 90-нан асқан Қабылахмет
Шокеровпен әңгімелескенімізде (арғы атасы Кенесарының қожасы болған А.Т.)
Ақтанберді халық арасында Ақтанберді – Саппас аталғанын, Ақтанбердінің
қыстауы Ақшонтауда тоған қаздырғанын, Құндызды жақта Қыскүреңнің
кермесі (Ақтанбердінің Қыскүрең аты байланған керме) туралы айтып берді.
Қазақ рәсімінде атты нағашылары тауып береді, жиеннің назары қиын деп,
жиеннің сұрағанын, қалағанын береді, жиеннің ат таңдауын XVIII ғасыр
аяғында ғұмыр кешкен Ес батырдың өмірінен де көреміз.
Ес – елі Бөріші, Қорғалжың маңында туған. 13 жасында
Жиделі-байсындағы нағашыларына барады. Барса нағашысы өмірден өтіп, оның
баласы үш мың жылқыға ие болып қалған сол елдің ең ірі байы екен. Нағашы
туыстары Ес келген соң той жасап, мына 3 мың жылқыдан қалаған жылқыңды ал
дейді. Ес бір жыл нағашылап жатады. Ес кетуге ыңғай танытып жиналғанда,
нағашы жұрты қанша жылқы аласың деп сұрайды.
– Жоқ, жылқы алмаймын, мына кермедегі екі боз аттың үлкен бозын алам
дейді.
– Сен менің жауымсың ба? Ана үш мың жылқыдан жылқы алмай, менің астыма
мініп жүрген атымды сұрағаның не? – дейді нағашысының баласы ашуланып.
Бермесең ат өзіңдікі, – деп Ес еліне кетіп отырады. Елден түс ауа
аттанған, Ес кешке дейін бір жерге тығылып жатады. Түнде келіп кермедегі
үлкен бозтарланды шешіп алып, жетектеп нағашысының үйіне келіп сырттан
айғайлап:
– Нағашы, нағашы, жиен деген міне жау, атыңды шешіп алдым, батыр
болсаң мен 3 күн тосам, атыңды алып қал, ал қатын болсаң жата бер, – деп
тасырлатып шауып кете барады. – Ойбай-ай, мынаның істегені-ай, бәленді-
түгенді шақыр, аттан, – деп айғайлайды нағашысының баласы. Сонда айқай-шуды
естіп баланың шешесі шығып: –Не боп қалды? – дейді.
– Жиенің әне, бір жыл үйіңде жүріп, бағып-күткен атымды ұрлап әкетті,
деп баласы шешесін кінәлайды.
– Шешесі: Ол сенің атыңды алмайды, ол – жолбарыс, сен жай адамсың,
елді азан-қазан қылма, үш күн тос, үшінші күні атыңды өзі әкеліп байлайды.
Ол атты сені сынамаққа алды,– дейді. Екпіндетіп айтқан сөзін бір қайырған
шешесі: Мен келін болып түскенде жаздай жолбарыстың етіне жерік болдым,
содан әкең байғұс Шуға барып жолбарыс аулап, жолбарыстың етіп қақтап әкеліп
беріп, соны жеген соң бала бітті. Қыстыгүні бойыма біткен баламен жүріп,
түзге отырғанда, жерошақтай болып қалушы еді. Аман-есен қыз бала босандым.
Сол қыз мына Естің шешесі. Сол жолбарыс қыздан туған, Ес жолбарыс емей
немене? Ол сол жолбарыстығын істеп тұр.
Айтқанындай 3 күн өткен соң Ес таңертең әкеліп кермеге атты байлап,
нағашы әжесіне келіп ас-су ішіп қош айтысады. Қош айтысқанда нағашы әжесі:
Мына қос боз атты да ал, – дегеніне қарамастан, жылқы өзімде де бар, –
деп Арқаға тартып отырады. Сол Естен ағайынды Әлке, Базар туады. Әлке,
Базар Кенесарының соғысына бастан-аяқ қатысқан жаужүрек батырлары. Ес 37
жасында көз тиіп, о дүниелік болып кетеді. Ес екі баласы Базар мен Әлкені
батырлыққа былай баулиды екен. Пышақтарды жүзін жоғары қаратып шошайтып,
үстіне құм үйіп, еңістен балаларды жүгіртіп жіберіп, құмға жасырылған
пышақтардың жанына келгенде бала жығылып үстінен аунап түсу керек. Әрине,
өз балаларын пышаққа түсіре ме, байқатпай пышақтарды алып тастайтын. Базар
жүгіріп келіп жата қалып, пышақтардың үстінен басы мен аяғын тіреп денесін
тигізбей аунайды екен. ал, Әлке жүгіріп келіп аунағанда бүкіл денесімен
тұтас аунап, пышақтардщы іздеп аласұрады екен. Сонда Ес: Базарым айлалы
батыр болады да, Әлкем көзсіз батыр болады, – деп екі ұлына бағасын беріпті
[І].
Абылай туралы тарихи жырларда 15 жасар Абылайға Бөгенбайдың бата
беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлайтыны айтылады. Сондағы Бөгенбайдың
айтқан сөзі:
Жылқының тұлпары еді Нарқызылым,
Шырағым, ырым қылып сен мін деді.
Қарағым, уытты-отты бала екенсің,
Мінез-құлқың тұп-тура дана екенсің,
Жазғытұрым үш жүз боп жиналамыз,
Сол жиынға керекті жан екенсің.
Шырағым, таза сақта Нарқызылды,
Есіңе ал, кек алатын келер жылды [3. 135-б.].
Жоңғарға қарсы үш жүздің бірігіп Қарақұмда құрылтай (съезд) өткізіп
біріккен армия жасақтауын 1723 жыл десек, бұл оқиға бір жыл бұрын 1722
жылы өткенге ұқсайды. Бөгенбайдың Нарқызылды көзіңнің қарашығындай сақта
және екі рет тұлпар деуіне қарағанда Нарқызыл шынында да тұлпар болуы
керек. Нарқызылды астына мініп, өзінің бұрынғы өткен бабасы Абылайдың атын
атап әруақ шақыруы жырда былайша суреттеледі:

Сабалақ ақ Ту алып Абылайлап,
Барша қол Абылайлап айғай салды.
Көк те Абылай, жер де Абылай - бәрі Абылай,
Абылайлап айғай салды бір жан қалмай,
Нарқызылмен жөнелді қарсы алдына,
Ақ туды желбіретіп салып айғай [3. 140б]. Абылайлап ұран салған үш жүздің
әскері жауды жеңіп, Абылайдың қолбасшы атағы бүкіл қазаққа мәлім болады.
Тағы бір тарихи әңгімелерде әскердің алдына салтанатты түрде шыққанда
Абылайдың Алшаңбозы және ұрысқа мінетін Құлаша аты туралы сөз болады.
Демек, ханның бірнеше аты болғанға ұқсайды. Халық алдында сөз сөйлегенде,
әскер алдына шыққанда, Алшанбозды мінген қазіргі тілмен айтсақ смотр,
парад сияқты әр аттың өз орны болған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) Абылай атты еңбегінде XVIII ғасырда
өткен білікті билер мен батырларды атай келіп: Қазақта батырда Қаракерей
Қабанбайдан асқан батыр жоқ, үйсін Төле биден асқан би жоқ, –деп жазған
[4. 29 б]. Шынында Ханбатыр, Дарабоз, Абылай ханның бас батыры –
деген атақтар тек Қабанбайға ғана берілгені тарихи деректерден мәлім.
Барлығын былай қойғанда Қазақстанда, Қытайда, Ресейде, Қырғызстанда
Қабанбайға қатысты 20-дан астам жер-су атауларының кездесуі – батырдың
кезінде Орталық Азияда ірі-ірі әскери, саяси оқиғаларға қатысып, соның бел
ортасында жүргенінің айғағы. Қабанбай өмірін зерттеуші жазушы, тарихшы З.
Сәніктің көрсеткеніндей: Қабанбай өзінің ерлік өмірінде қалмақтың шонжар
батыры және алып күш иелерінен Олже жырғыл, Арсалаң, Доланқара, Домбауыл,
Хондыжап, Хан доржы және қырғыз батыры Жайыл мен Содыр – бәрін жекпе-жекте
жеңіп, өзінің жойқын күштің иесі екендігін, қажымас қайсарлығын танытады
[4. 69б]. Жәнібек батыр айтты дегендей: Жауға тиіскенде кірген жағы есік,
шыққан жағы жол болып қала беретін нағыз атойшыл, алапат батырдың өзі
болған адам. Қатерлі күндерде қаймықпаған, жаудан беті қайтпаған.
Белгілі қытай тарихының маманы Ресей ғалымы Кузнецов өзінің Амур-сана
кітабында: Қазақ қолының солтүстік-шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап,
оңтүстік-шығыс бөлігін Абылай хан бастап жоңғарларды қазақ жерінен
аластаған.
Қабанбайдың Қубас аты шынында да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар –
дегендей нағыз қасиетті тұлпар ат болғанға ұқсайды, себебі бірде-бір
батырдың, тарихи қайраткердің атының есіміне Қазақ жерінде мұншама жер аты
қойылмаған. Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат селосына бара жатқан жолдағы
қалың бүргенннің астынан шығып жатқан қайнарды – Қубастың тумасы, одан
әрірек үлкен қара жолды – Қубастың жолы, Қызылкесік селосына
жақындағандағы жалпақ жазықты Қубастың жазығы деп атайды. Жолаушы кетіп
бара жатқан ел қасиетті батырдың киелі тұлпарын еске алып, тумадан
сусындап, басына ақ байлайды [4. 11б].
Семей өңірінің Мақаншы ауданындағы Барлық тауының басында Қабанбайдың
Қубас тұлпарының басы бар деседі. Қубас ат өзінен үш жыл бұрын өлгенде
батыр атының басын кигізге орап тігіп, таудың басындағы биік шыңға қойған.
Атының Қубас аталауына қарағанда басы етсіз қу жақ арғымақ тұқымынан
болғанға ұқсайды, ол жаратып-тәрбиелеуіне қарағанда тұлпарға келеді.
Құлынында тайды еміп,
Құнанында арда еміп.
Құмай торы болып ең.
Дөненіңде тағы емдің,
Қауызсыз жарма дән жедің.
Дөңбектей торы болып ең
Бестіңде сені үйреттім,
Қырық кез арқан сүйреттің
Шаба алмай қалсаң Қубасым
Күнімді менің түн еттің...

Құлынында, құнанында емгенді қазақ тел құлын деп атайды. Арпа, сұлыны
түйіп, қауызынан арылтып жармалап, кейде суға бөктіріп беру жылқының
асқазанына жеңіл тез қорытылады. Бестісінде үйретіп, 6 жасында ақтатады
(пішеді). Әскери аттарды әр жасына сай осылай үйретіп-тәрбиелеу Қобыланды
батыр жырында Тайбурылды, Ер Тарғында Тарланды үйретуді еске түсіреді.
Әбілхайырдың (1697-1748) бас қолбасшылығымен қазақ әскері 1726 жылы
Қалмақ қырылған (Бұланты), 1729 жылы Аңырақай (Балқаш, Ит ішпес Алакөл)
шайқастарында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Тарихи әңгімелерде әйгілі хан
тұқымынан шыққан Әбілхайырдың жігіттік құрып, үйленер кезде қалыңмалға зәру
болып қиналғаны сөз болады. Бұл шындыққа саяды, себебі хан тұқымынан шыққан
толып жатқан әйелдерінен туған ханзадалар көшпенділер салтында ат жалын
тартып мінісімен өзін-өзі ел мен жұрт алдында батырлығымен, еңбегімен
көрінуі керек. Хан қанша бай болса да барлық ханзадаларға қалыңмал тауып
бере алмаған. Мыңдаған жылқысы бар Бопайдың әкесі Әбілхайырдан 90 алаяқ
торы құр ат, 60 қараяқ көк ат әкелсең қызымды беремін дейді. Қазақ
салтында құдалықта жылқының түсіне ерекше мән берілген. Әбілхайыр бір ай
мұрсат сұрап елін, хан тұқымдарын, сұлтандарды аралап, салы суға кетіп ескі
досы Жәнібекке бұйымтайын айта барады. Табын-табын жылқы айдаған Жәнібек
сөзге келместен 150 атты бөліп береді де, артынан Бопайдың ауылына өзі де
барады.
Құдалыққа Жәнібек батырдың өзі келген соң ақсақал Бопайды Әбілхайырға
қосады. Тойдың басқа да шығындарын Жәнібек өз мойнына алады [5].
Әбілхайыр ханның жорық жолдарына қарасаңыз шығыста Аягөз, батыста
Қазанға, оңтүстікте Хиуа, Бұқараға дейін ат үстінде айлап өткізген
жортуылдарын көреміз. Ауызекі әңгімелерде 1718 жылы Аягөз шайқасында
ұрыстың нағыз қызған шағында Әбілхайырдың Ақбоз атына оқ тиіп, атын
ауыстырғаны баяндалады. [I]. Ханның астында әрине, мықты жүрдек жорық
аттары болды, бірақ олардың есімдері тарихта қалмаған.
Орынбор генерал-губернаторы Әбілхайырдың ұшқыр жорықтарына таң қалып
ол ерекше шабандоз, знатный наездник Ресей шекарасынан өтіп
Черемшанкаға (Қазан қаласының маңы А.Т.) дейін жетті,- деп жазады [6.183б]
. 1736 жылы ханда қонақта болған ағылшын саяхатшысы Джон Кэстл Әбілхайыр
тұлпарының сағатына 50 шақырым алатынын, оның жүйріктігін тек тау ешкісімен
ғана салыстыруға болады деп жазды. Ағылшын саяхатшысының өзіне адалдығын
сезіп, үлкен өнерлі елдің өкілі деп бағалап бұл сәйгүлікті Кэстлге силайды.
Кэстлдің олжасына башқұрт батырларының қызыққаны сонша сәйгүлікті үш рет
ұрлайды. Үшеуінде де Жайықтың ар жағында линейлік қамалдан қашып шығып хан
ордасына оралып отырған [7]. Демек, Әбілхайырдың бұл аты иесіне барынша
адал, жорыққа үйретілген ханның қанатты пырағы десе де болғандай.
Райымбек Хангелдіұлы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы отан
соғысының қолбасшыларының бірі, аты аңызға айналған, елге ұран болған хас
батыр. Райымбектің әйгілі Көкойнақ атын қалай таңдағаны жөнінде ел
аузындағы аңызда жетіге толған жас бала атақты Қаракерей Қабанбай батырдың
еліне, нағашыларына барады. Бірнеше ай нағашылап жүрген Райымбек
нағашысының бес мың жылқысынан бір арық көк құлынды таңдапты. Сонда нағашы
жұрты: Апыр-ай бес мың жылқының ішінен таңдағаның осы ма? Бірнеше жүз
жылқы алып кетсең болмай ма, мына көкторының несіне қызықтың, – дейді.
Сонда Райымбек: Көкқұлын жатқан енесінің үстінен ерсілі-қарсылы қарғып
жүрді, желіде тұрғанда қандай шіліңгір ыстықта басқа құлындардай жерді
иеленіп жатқан жоқ, үнемі тікесінен тік тұрады, үйірде жүргенде бір жерде
тұрмайды, ойынпаз екен, атын көкойнақ десе де болғанда. Баланың зеректігіне
разы болған нағашысы көңілі тасып батасын беріпті (ІІ.ІІІ).
Райымбектің Көкойнақпен өткізген даңқты жорықтарының мән-жайы әрине,
бізге жеткен жоқ. Дегнмен 16 жасар Райымбектің ең алғаш жауға аттанғаны
тарихи жырларда кездеседі:
Астындағы Көкойнақ,
Бауырынан жарады.
Белес жерге шыққанда,
Тұра қалып қарады.
Жүрген сайын батырдың
Жүрегі оттай жанады.

Жүрген жолы алыс-ты,
Көкойнағы шығарды
Неше түрлі шабысты.
Тарта-тарта тізгінін
Екі қолы қарысты.
Еті қызып алған соң,
Ұшқан құспен жарысты [8. 24б].
Исатай-Махамбет көтерілісі қазақ халқының ұлт-азаттық соғысындағы жарау
ат пен жалаң қылыш жарқылдатып күрсілдегн зеңбірек пен қарша бораған
мылтыққа қарсы шыққан көзсіз батырлықтың шыңы. әрине, бұл соғысты Исатайдың
Ақтабанынсыз елестету мүмкін емес.
Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай.

Махамбеттің бұл өлеңі шайқастың алғашқы уақытында ерсары мен Қалдыбай
екі батыр тең өліп, кеудесін кек кернеген Исатайдың семсерін сермей,
астындағы Ақтабан атымен жүйіткітіп бара жатқан мезетін көрсетіді. Орыстар
көтерілісшілерді қолбасшысынан айыру үшін үш рет зеңбірекпен дәлдеп атып
тигізе алмаған. Осы сәтте Исатай соңына ерген жаужүрек сарбаздарымен жауды
оңды-солды шапқылап, зәресін алған. Исатайдың бұл шабуылы – ежелден
көшпенділердің жауды психологиялық жағынан шайқалту үшін жасайтын соғыс
тактикасы атты әскер нөпірі (конная лава) –деп аталады.
Қазақ рәсімінде салт атты адамдар қатар жүргенде ел басылары, билер,
батырлар оқ бойы болмаса, төбе көрсетіп топтың алдында келе жатады.
Жазатайым біреу алдына түсіп кетсе, көшпенділер этикетіне жатпайтын әбестәк
саналатын. Батырдың рулас ағайыны Ығылман Шөрекұлының суреттеуінде оның ер
тұлғасы –портреті анық көрінеді.
...Жиылған халық таңырқап
Ер кейпіне қарады.
Көмек үшін анықтап
Алды ен артын орады.
Керек десе батырға
Мал менен жанын бергендей.
Құмарын көздің тарқатты
Пайғамбарды көргендей.
Ортаға алып барады,
Естігенге муафих
Сипаты ердің жарады.
Ту сыртынан қараса,
Тұтас екен денесі.
Тоты құстай тұрпаты
Табылмаған кемісі.
Ат үстіне мінгенде
Аруағы көтеріп,
Көптен озған төбесі.
Орта бойлы ер екен,
Жауырыны жазық, мойны ұзын.
Сәукеле сақал, үлкен көз,
Жазық маңдай, кең бетті,
Қырмызы қызыл, келбетті,
Ойы мен ақыл, білікті,
Сыпайылық, көркемдік,
Салмақ пен сабыр қылықты
Бір денеге сыйғызып... [9].

Ақын: Ат үстіне мінгенде, аруағы көтеріліп... – деп батырды атсыз
елестету мүмкін еместігін, көшпенділерде жаяу батыр болмайтынын ашық айтып
өтеді.
Исатайдың Ақтабанынан басқа күрең қасқа (жалғыз жирен деген сол екен),
Торытөбел аттары болады. Таңбай атбегі Исатайға: Ақтабанды жауға мін,
күреңді серуенгемін, ал торы төбелді аңға мін – деп кеңес берген [IV].
Ақтабан өте сұлу ат болған. Оның төрт аяғы тобығынан төмен қарай тұяғы
мен табанына дейін ақ. Батыр мұны алаяқ деуге болмайды, ол жағымсыз сөз,
Ақтабан атаған. Оның негізгі тегі қалмақ жылқысы болса керек [10.37б].
Шотайдың өлімі – қазаққа нағыз трагедия болды, ХІХ ғасырда патша
отаршылдары ел бастаған серкелерді өстіп құрта отырып, халық қамын
ойлайтын, елді соңынан ертетін ерлерсіз қалдырды. Ерлерінен айырылған қара
халық, отаршылдардың табанына топтасып, бұғауға түсуден басқа амалы
қалмады. Исатайды жоқтаған көтерілістің сарбаздарының бірі шеркөкірек
Шернияз ақын батырдың тұлғасын былайша суреттейді:
Сағынам аузыма алсам Исатайды,
Ер тумас енді анадан мұндай жәйлі,
Қарадан халық сүйіп, ханым деген,
Жігіт еді төрт тұрманы түгел сайық [9].
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық жалын шарт түйген.
Мен кесекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Құйқылжыған құла жирен, құла ат – небір тар жол, тайғақ кешулерде, қым-
қуат сәттерде серік болған Махамбеттің өз аты құла аттың елтаңбасына орай
Кесікқұлақ деп те айтылады. Ол туралы ақын Ғафу Қайырбеков:

Шулап құстар, көл аңырап, қыр қалды
Ол жүйіткіген Кесікқұлақ тұл қалды [11].

Көтерілісті шыншылдықпен жырлаған Ығылман Шөрекұлы Махамбеттің тағы
бір сәйгүлігін бірнеше айтып өтеді:
Мінгені бәйге тарланды
Кейінде қалып арманды
Қашырмай жауды тұрғанға,
Қатты жаман арланды [11].

Кенесары хан орыс отаршыларына қарсы соғыста үнемі өзінің армиясын
жақсы, асыл тұқымды аттармен жабдықтап отыруды Шұбыртпалы Ағыбай батырға
тапсырған. Ағыбай әскерге ат іздеп Бұхарға, хиуа жаққа, Кіші жүзгк бірнеше
мәрте барған. Бұл жақтардан үнемі әскери жорық аттарын сатыпалып, болмаса
барымталап айдап әкетіп отырады.
Ағыбай аға батыр үлкен жасы,
Жөн айтар Кенекеңнің замандасы.
Қай жерде жақсы ат болса жи деп еді,
Барады бастан асып жау йласы.

Жігітін жаман атқа мінізбеген,
Кенекең алты алаштан ат іздеген.
Аттанып бір жорыққа Ағыбайы
Ат іздеп жасақ үшін күн-түн кезген [12].
Кенесарыға Сарырарқаның атақты байлары 10-20 мыңдап жылқы айдаған
Азнабай, Бапақ, Сапақ т.б. жылқы беріп тұрған. Бірақ бұл байларда негізінен
жылқының саны көп те, таза әскерге, жорыққа арналған ереуіл аттар көп
болмаған. І.Есенберлин: Батырдың денелілігі соншалық биіктігі кіші-гірім
түйедей, атақта Ақлағына мінгенде, есекке мінген өзбектей атының қолтық
тұсын соғын отыратын.
Екпіні тау селіндей сарқыраған,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары
Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Қызылорда ЖЭО-ң қоректік суын дайындау сұлбасы
Автомобилдің тұтандыру жүйесі
Хайуанаттарды азықтандыру нормативтері
Шымкент хайуанаттар бағы
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
Ыстық сумен жабдықтау жүйесінің ішкі жүйесін жылумен жабдықтау жүйесіне қосу әдістері
Пәндер