Банктердің форфейтингтік операцияларының экономикалық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 БАНКТЕРДІҢ ФОРФЕЙТИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Банктердің форфейтингтік операциялары және олардың

экономикадағы ролі . . . 7

1. 2 Әлемдік тәжірибедегі форфейтингтік операциялардың

даму тарихы . . . 16

1. 3 Форфейтингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары . . . 20

1. 4 Форфейтинг шарты құқықтық реттеудің кейбір мәселелері және оларды шешу амалдары . . . 24

2 ФОРФЕЙТИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 39

2. 1 Форфейтингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау . . . 39

2. 2 Қазақстандық банктердің форфейтингтік операцияларын талдау

және бағалау . . . 43

2. 3 Форфейтингтік операциялардың құнын және табыстылығын

бағалау әдістемесі. . 51

3 ҚАЗАҚСТАНДА ФОРФЕЙТИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 57

3. 1 Қазақстанда форфейтингтік операциялардың артықшылықтары

мен кемшіліктері57

3. 2 Форфейтингтік операцияларды қаржыландыру құралы

ретінде жетілдіру жолдары . . . 61

3. 3 Форфейтингтік қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 62

3. 4 Форфейтинг, лизинг, факторинг, франчайзинг негiзiнде шарттарды

жасау және бұзу үлгiлерi . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Форфейтинг сөзі франсуз тілінде “ a forfаit ”, аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг - тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсеу барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердың төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны - импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенімен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны ( төлеуге кепіл беруші тұлғаны ) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтингтік операциялар еліміздің қаржы нарығында енді ғана қалыптасып келе жатқан, әлі өзінің қажетті деңгейдегі қоланысын таппаған қаржы құралы болып табылады. Осыған қарамастан, форфейтингтік операциялар кәсіпорынның ағымды активтерін ұзақ мерзімді қаржыландырудың тұрақты көзі бола алады. Бұған дәлел болар деректер туралы айтар болсақ, онда форфейтингтік операциялардың банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық (вексельдік) несиелермен салыстырғандағы біршама тәуекелсіз болып келетінін ескеруге болады. Бұл форфейтингтің қаржыландыру құралы ретіндегі ең басты артықшылығы және ерекшелігі.

Алайда, қазіргі таңда еліміздің несие нарығында әлі де болса банктік несиелердің үстемдік құрып тұрғанын, сәйкесінше коммерциялық және форфейтингтік несиелеудің маңызы төмен екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде форфейтинг туралы ғылыми мәліметтер жетіспейді, ал статистикалық-анықтамалық әдебиеттерде және есеп беру құралдарында форфейтингтік операциялар туралы ақпараттар тіпті жоқ.

Ақашалай талаптарды беру арқылы қаржыландыру өзінің негізінде несиелік сипатқа ие. Бұл мәмілелердің бұл түрін цессиядан немесе құқықты басқаға беру мәмілесінен бөліп көрсететін ең басты шарт. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес форфейтинг «ақша қаражаттарын талап ету құқығын беру арқылы қаржыландыру» деп анықталады. Алайда, форфейтингтік операциялардың түрлерін қамтитын банктік операциялар шеңберін анықтайтын заңнама біздің елімізде әлі де болса жоқтың қасы.

Осы аталған жағдайлар экономикадағы форфейтингтің ролінің қарастырудың өзекті бола тұра, әлі де болса толық, қажетті деңгейде зерттелмегенін көрсетсе керек.

Жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - коммерциялық банктерде және жалпы экономикалық деңгейде форфейтингтік кемшіліктері мен артықшылықтарының теориялық, әдістемелік және нормативтік негіздеріне сүйене отырып, форфейтингтің нарықтық экономикадағы ролін анықтау болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей міндеттер қойып отыр:

  • форфейтингтің экономикалық экономикалық негіздерін қарастыру;
  • форфейтингтік операцияларды ұйымдастыру және бағалау әдістемесімен таныс болу;
  • қазіргі таңдағы Қазақстанда форфейтингтік қатынастарды дамыту мәселелерін қарастыру.

Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың бір формасы - форфейтингтік операциялар болып табылады.

«Форфейтинг» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Форфейтинг - тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын форфейтингтік компанияға немесе банктің форфейтингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Форфейтингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, форфейтингтік компания өз қызметі үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді.

Форфейтингтік операциялардың қатысушыларының тәртібі келесідей:

  • коммерциялық банктің форфейтингтік бөлімшесі немесе арнайы форфейтингтік компания - өздерінің клиенттерінен дебиторлық қарызды сатып алушы арнайы қаржылық мекеме. Дәлірек айтқанда, дебиторлық қарыз сатып алынады да, клиент-кәсіпорынды қаржыландыру жүзеге асырылады;
  • клиент-кәсіпорын (тауарды сатушы, кредитор) - банкпен келісім жаусаушы тұлға;
  • қарызгер кәсіпорын - тауарды сатып алушы тұлға (дебитор) .

Форфейтингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Форфейтингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы.

Форфейтингтік операциялардың басты кемшіліктері:

  • форфейтингтік қызмет көрсету құнының жоғары болуы;
  • дебиторлық қарыздың иесі ауысқан жағдайда сатып алушы кәсіпорындарда (дебиторларда) кері әсерлер пайда болады.
  1. Коммерциялық банктердің форфейтингтік операцияларының қысқа ғана тарихы бар. Олар банктердің классикалық операцияларының қатарына жатпайды және банктер тарапынан клиенттерге қосымша қызмет көрсету болып табылады. Қазіргі формадағы форфейтинг қызметтерін тұңғыш рет америкалық «First National Bank of Boston» банкі 1947 жылы ұсынған болатын. Содан кейін форфейтингтік операцияларды 50-ші жылдары Bank of America, First National Bank of Boston, сондай-ақ Trust Company of Georgia секілді америкалық банктер қолдана бастады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары форфейтинг Еуропаға да белгілі бола бастады. Ұлыбританияда алғашқы форфейтингтік компания 1960 жылы ашылған болатын. Францияда форфейтинг процедурасы 1965 жылдан бастап енгізілген. Германияда 1963 жылы Жалпы несиелік сақтандыру Серіктестігі мен ДГ-банкі ДГ Дисконтбанкін құрып, ол форфейтингтік операциялардың үлкен тәжірибесін жинақтап, қазіргі кезде аталған қызмет түрін көрсету бойынша еуропалық нарықта жетекші орын алады.

ТМД елдерінде форфейтингтік операцияларды коммерциялық банктер жүзеге асыра бастады. Коммерциялық банктердің форфейтингтік бөлімшелерінің міндеті келісімдік және ақылы негізде экономикалық қатынастарға түсушы шаруашылық субъектілерінің арасындағы есеп айырысуды жылдамдатумен байланысты несиелік-төлемдік операциялардың бірқатар түрлерін жүзеге асыруға келіп тіреледі. Банктік операциялардың бұл жаңа, ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, енді ғана дамып келе жатқан түрі заңды түрде реттеуді қажет етеді.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Тараудың тақырыптары, мазмұны және теориялық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Бірінші тарауда форфейтинг ұғымының жалпы сипаттамасы мен оның нарықтық экономикадағы маңызы, әлемдік практикадағы оның даму тарихы туралы айтылады. Сонымен қатар, мұнда форфейтингтік операциялардың бірнеше белгілері бойынша жіктелуі мен форфейтингтік келісім-шартты жүргізу тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарауда форфейтингтік операцияларды ұйымдастыру барысы, банктер мен шаруашылық субъектілері арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалады. Сондай-ақ, бұл тарауда форфейтингтік операциялардың құнын бағалау және оны банктік несиеге альтернативті қаржы көзі салыстырмалы түрде бағалау әдістемесімен таныс боламық

Үшінші тарауда бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы форфейтингтік операцияларды реттеу және жетілдіру мәселелерін және оларды шешу жолдарын қарастырылады.

Зерттеудің пәні . Диплом жұмысындағы зерттеу пәні ретінде нарық жағдайларында банктер мен шаруашылық субъектілері арасындағы форфейтингтік қаржыландыру мәселесімен байланысты экономикалық қатынастар қарастырылады.

Зерттеу объектісі . Зерттеу объектісі ретінде жалпы халықаралық практикадағы және Қазақстан Республикасы жағдайындағы коммерциялық банктердің форфейтингтік несиелеу ерекшеліктері қарастырылады.

Диплом жұмысы барысындағы зерттеу жұмысының теориялық және әдіустемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде бірнеше отандық коммерциялық банктердің мәліметтері, Қазақстан Республикасының ресми нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары, және басқа да ақпараттар қолданылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы - мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары Қазақстандағы форфейтингтік қатынастарды дамыту үшін қолданыла алады.

1 БАНКТЕРДІҢ ФОРФЕЙТИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктердің форфейтингтік операциялары және олардың

экономикадағы ролі

Форфейтинг екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн пайда болды. Халықаралық сауданың қаржыландыруын бай тәжiрибе алған Цюрихтың бiрнеше банктерi АҚШта батыстық елдердi астықтың сатып алуларын қаржыландыру үшiн бұл тәсiлдi пайдалана бастады. Сол өнiмнiң жабдықтауын жылдарда және жеткiзушiлердiң арасындағы бәсекелестiк сатып алушы қарсы 180 күндерге дейiн берiлетiн несиенiң мерзiмдерiн көбею үйреншiктi 90 талап ететiнiн сонша өстi. Одан басқа, өндiрiстiң қатысты үлкен мерзiмiмен қымбат бағалы тауарларды пайдаға әлемдiк сауданың құрылымын өзгерiсте болды. Халықаралық экономикалық айырбасты дамуда несиенiң рөлiн жоғарылатылды, және болған iстiң жеткiзушiлерi өз мәмiлелердi қаржыландырудың жаңа әдiстерi iздеу мәжбүр.
Халықаралық саудада кедергi өлексе сайын және көп африкалық, азиялық, сонымен бiрге латын американдық елдер бәрi әлемдiк нарықтар, батыс еуропалық кәсiпкерлерiне қиындау белсендiрек болды
несие бер жеткiзушi есебiнен меншiктi көз, және болған iсМемлекеттің қаржы-несие жүйесінде коммерциялық банктердің ролі ерекше. Коммерциялық банктер экономикадағы бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды орналастыру қызметін атқара отырып, ақша айналымының үззіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етудің негізгі буыны болып табылады. Олар несие нарығының және жалпы экономиканың барлық салаларына қызмет көрсететін әмбебап, көпқызметті ұйымдар болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың басым бөлігін өз қолдарында шоғырландырып, өздерінің клиенттеріне алуан түрлі қызметтер ұсынады: несиелеу, депозиттер тарту, есеп айырысу бойынша қызметтер көрсету, құнды қағаздар мен валюталарды сатып алу және сату, оларды сақтау және тағы басқа операциялар. [1, 25]

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші,
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы,
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Біінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердың өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор - банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

1

2

3

5 6

4

7

Сурет 1 Форфейтинг мәмілесінің техникасы

Ескерпе: Кувшинова Ю. А., «Этапы развития форфейтинга: история и современность», Финансы и кредит, 2004, №30

  1. мәмілеге қатысушылар арасында келісім - шарт жасалады;
  2. тауарын несиеге береді;
  3. аудармалы вексельді 5-7 жылға жазып береді;
  4. аудармалы вексельді қайта сатады;
  5. аудармалы вексельді есепке алып, оның 70- пайыздай мөлшерінде банк ссуда береді;
  6. мерзімі жеткеде төлеуге ұсынылады;
  7. вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

  1. Қаржы мәмілесінде - орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
  2. Экспорттық мәміле бойынша - шетелдік сатып алушыға тауар бергені үшін экспортерға қолма - қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:

  • Векселін форфейтор - банк сатып алғаннан кейін, экспотер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді.
  • Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцианың қолма-қол акшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейінбірден банктен қаражат алады;
  • Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;
  • Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;
  • Форфейтор - банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдеріне алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы опрацияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т. с. с.

Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары ( аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:

  • еуровалюталар нарығындағы несиенің құны ( ЛИБОР - Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі) ;
  • мпортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0, 5 - тен 6% - ға дейін жылдық мөлшері ауытқиды;
  • несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары ( 0, 5 пайызға дейін жылдық ) ;
  • міндеттеме үшін алынатын комиссия ( 1- 1, 5 пайыз жылдық ) .

Форфейтингілеу - төлемеу кезінде экспортшыға (форфейтиске) регресс құқын есептемей форфейтермен (коммерциялық банк немесе қаржыландыру бойынша маманданған компания) экспорттық талаптарды сатып алуды сипаттайтын халықаралық сауданы қаржыландырудың балама жолдарының бірі.

Оның дамуының маңызды алғы шарттары халықаралық интеграцияны күшейту, банктердің бәсекелестік қабілетін өсіру, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулерді алып тастау, экспортшыға қатысты тәуекелдерді өсіру жатады.

Банк қызметінің ең ұтымды түрі болып - тәуекелді, бірақ көп пайдалы бизнес, қаржы маркетингтің құралы, банктік операцияларының көшу нысанының біреуі, қазіргі экономика даму процесіне ең қалыптасқан форфейтинг болып табылады.

«Форфейтинг» - ағылшын сөзі, оның түсінігі - делдал, қаржы агент комиссионер дегенді білдіреді. «Форфейтинг» және ақшалай талапты беріп қаржыландыру» түсініктерін тек мәнде қолданамыз. Бірақта Шмиттгофф К. көзқарасы бойынша, «ақшалай талапты беріп қаржыландыру» өзінің тамырымен, бір жағынан, жалпы азаматтық цессияға кетеді, ал екінші жағынан, нарықтық экономикасымен бүкіл мемлекеттерге мәлім. Форфейтингтің ерекше институты. Сонымен, форфейтинг - қарыздарды өндіріп алуға қүқығын алу, тауарды қайта сатуға және қызметтер бойынша болашақта төлемдер алу қүқығы, яғни бұл жерде қысқа мерзімді талаптар туралы айтылған. Басқа сөзбен айтқанда, форфейтинг бұл - делдал іс-әрекетінің бір түрі, онда делдал фирма (форфейтингтік компания) кәсіпорыннан белгілі бір төлемге сатып алушының ақшалай соммадан өндіріп алу және олардың шотына аудару құқығын алады (дебиторлық қарызды инкассациялау құқығы )

Форфейтингке басқа түсінік беруге болады, мысалы, Толстой Ю. К., А. П. Сергеев профессорлардың айтуы бойынша, құқық қабылдаушылық нысанында төлем талабында бір тұлғамен екінші тұлғаны несиелендіру әдісі (сатып алу немесе үшіпші тұлғаға талап құқықтарын беру) .

Қазіргі халықаралық тәжірибеде мүліктік құқықтарын талап беруге негізделген сауданың, өндірістің және кәсіпкерліктің басқа аумақтарын қаржыландырудың әртүрлі спецификалық нысандары бар. Оларға жалпыға тән болып, осындай қаржыландырумен айналысатын және де несиелік ақша аумағында әртүрлі іс-әрекет түрлерге банктердің және қаржы ұйымдардың мамандандырылуы, яғни қаржыландыруды тек қана банктер және қаржы ұйымдары жүзеге асырады.

Ақшалай талапты беріп, қаржыландырудың экономикалық мәні несиелік қатынастарда, нақты айтқанда, саудалық (коммерциялық) несиені банктік несиеге қайта қалыптастыруда. Арнайы банктік ұйымдар мен коммерциялық кәсіпорындарды саудалық несиеге негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру, сөзсіз, саудалықты банктік несиеге айналдырады. Құқықтық талапты беріп қаржыландыру (несиелік шарт, лизинг шарты немесе вексельдерді санау сияқты) бұл капитал салудың бір нысаны, банкілік несиелендірудің бір түрі.

Форфейтинг іс-әрекет сферасына дәстүрлі түрде мыналар жатпайды:

1) жеке тұлғалардың қарыздары;

2) несиелік операциялар кезінде пайда болатын қарыздар;

3) жеткізуші және сатып алушы тараптар жағынан болашақта контракты атқару негіздегі барлық қарыздар. Форфейтингтің Европада қалыптасу тарихы XX ғасырдың 50-60 жылдарына жатады. Осы кезеңде кәсіпорындар өзінің контрагенттеріне тауарды жеткізу кезінде белсенді түрде төлемнің рассрочкасын қолдана бастады. Бұндай тәжірибе 2 негізгі себептерге байланысты болды. Бір жағынан, тауарлық топтар бойынша сатып алушының нарығы (тұрақты нарық) қалыптасқан. Бұнда сатып алушылар саудалық мәмілелердің негізгі талаптарын белгілеген және төлемнің рассрочкасын пайдалануды бекіткен. Екінші жағынан, сол кезде көптеген сатып алушылар бос ақшалай қүралдардың жетіспеушілігін көрген және біріншідсн, тауарды соңғы түтынушыға сатып (немесе сатып алған өнімді соңғы өнімге айналдыру), ал одан кейін өзінің тауар жеткізушілермен есеп айырысқан. Осылайша, сатып алушылар коммерциялық несиені қолдана бастаған, себебі банктен несиені алу көптеген формальдіктерге негізделген және шекті сипатта болады, екінші рет алу мүмкіндігі артылады және бұл әрқашан мүмкін бола бермейді.

Қазіргі таңда да Ұлыбританияда форфейтингтік компанияларға қаржылық және әкімшілік жағынан қолдау көрсетілуде. Кейінгі 20 жылда көптеген форфейтингтік компаниялар пайда болуда. 1976 жылы ең алғаш форфейтингтік компаниялардың Ассоциациясы құрылған. Оның мақсаты -осы салада ең жоғары кәсіби шеберлікті шыңдау. 1990 ж. дерек бойынша, бұл бірлестікте екінші мүше болды. Оның ең алғашқы төрағасы Т. Дж. Хатсон (1887-1989) болған. Ол сонымен қатар Халықаралық факторлар бірлестігінің бастығы болған.

Ал форфейтинг Қазақстан Республикасы нарығында 1990ж. бастап жүзеге асырыла бастады. Оларды коммерциялық банктер қамтамасыз етті. Ол әміршіл-әкімшіл жүйеден экономикалық басқару әдістеріне көшкенде көрініс тапты. Сол сияқты, ақша-тауар қатынастарының қарқынды дамуы оған өз септігін тигізді.

Форфейтингтің мақсаты - кәсіпорындарға айналым мен пайданы көбейту және бухгалтерлік есеп айырысуларды жеңілдету болып табылады.

Форфейтингтік шарты немесе ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (кредит берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне, сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруі мүмкін.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты жалпы азаматтық цессияның бір түрі болып саналатыны сөзсіз. Алайда форфейтинг пен цессияның айырмашылықтары бар:

1) Форфейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін арнайы лицензия қажет

2) Цесссия туралы АК-тегі «міндеттемедегі тұлғаның ауысуы» тарауымен, ал форфейтинг АК-ң 729-738 баптарында реттеледі.

3) Форфейтингтің мақсаты - клиентті қаржы агентімен қаржыландыру және кәсіпкерлік әрекетті көздейді, ал цессия жалпы азаматтық сипатқа ие, күнделікті өмірде жиі кездеседі, кредитор толық жарна жауапты орындаушы емес.

4) Форфейтинг шартты міндеттеме, цессияда кредиторға құқық талап міндеттемеге сәйкес тиесілі немесе мәмілеге сәйкес басқа тұлғаға ауысуы мүмкін.

5) Цессияда алғашқы борышкердің құқықтары жаңа борышкерге құқық көшкендегідей көлемде және сол жағдайда көшеді, форфейтингта агентке берілетін талап құқығы әртүрлі болады және ол шартта нақты анықталу керек.

6) Цессияда тараптардың арасындағы есеп айырысулар қарыз алғанннан кейін ғана жүзеге асырылады, ал форфейтингта қарыз тұлғадан ақша алмай тұрып, есеп айырысады.

Сонымен факторинғ, дебиторлық қарызды беріп қаржыландыру және счет-фактуларды дисконтирациялау бұл бір сфераның инструменттері.

Қазіргі таңдағы коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерші қызметін атқара отырып, маңызды экономикалық қызмет атқарады, ақша капиталының салааралық және аймақаралық бөлінуін қамтамасыз етеді. Капиталды салалар және аймақтар бойынша бөлу және қайта бөлу механизмі өндірістің объективті қажеттіліктеріне сай дамуына және экономиканы құрылымдық өзгертуге септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР коммерциялық банктердің активтік операциялардың мәні және негіздері
Форфейтинг операциялары
Фирманың бәсекелестік қабілеттігін арттырудағы қаржылық менеджменттің рөлі
Факторинг - жаңа банктік қызмет ретінде
Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілі ретіндегі факторинг пен форфейтинг
Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын бағалау әдістері
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Банктiң инвестициялық қызметтерінiң жалпы сипаттамасы және ерекшелiктерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz