Көптік қылмыстар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
- Қылмыстық құқықтағы көптік қылмыстар институты . . . 4-181. 1. Көптік қылмыстардың түсінігі және белгілері . . . 41. 2. Көптік қылмыстардың нысандарының сипаттамасы . . . 9
- Қылмыстардың жиынтығы - көптік қылмыстардың бір нысаны ретінде . . . 19-332. 1. Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және түрлері . . . 192. 2. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі . . . 24
- Көптік қылмыстар үшін жаза тағайындау . . . 34-523. 1. Жаза тағайындаудың жалпы ережелері . . . 343. 2. Қылмыстардың жиынтығы барысында жаза тағайындау . . . 44
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Кінәлінінің екі немесе одан да көп қылмыс істегенінің белгілері сот - тергеу орындарында жиі кездеседі. Қылмыстын ауыртпашылығына байланысты субъектінің қылмыстық - құқықтық бағалануы көп өзгереді. Кей кезде істелген қылмыстарды бірнеше қылмыстық құқықтық өлшеммен қарастырырылады (мысалы бірнеше қылмыс бірге істелгенде), ал басқа жағдайда бір өлшем мен қарастырылады (мысалы қылмыс қайталанғанда) . Кей жағдайларда жазаның ауырлығы, мөлшері, белгілеу түрі өзгереді. Барлық жағдайларда қылмыстың бәрі бір адаммен істелгеннен кейін, осыдан туындаған барлық сұрақтарды тұтас қарастыру керек. Сондықтан, қылмыстық - құқықтық ғылымда және сот - тергеу тәжірибесінде қылмыстың көптігін зерттеу ең маңызды мәселелердің бірі. Бір адаммен қайта - қайталанып істелген бірнеше қылмысты және оның қылмысты істеу себеп салдары мен, қайталануға жол бермеу үшін ішкі істер қызметкерлері үнемі күрес жүргізу керек. Қылмыс әр дайым ортаға белгілі бір зияндылық тигізеді және үкімет пен қоғаммен кері бағаланады. Қылмыскер мен бірнеше қылмыс жасалғанда теріс көзқарас пайда болады. Адам бірнеше қылмыс істеген кезде, әдетте моральдық, физикалық, материалды зияны қоғамға немесе жеке тұлғаға көп тиеді. Кінәлі адам қоғамның, үкіметтің жеке тұлғалардың өзіне деген теріс көзқарасын қаттырақ сезінеді. Бір адамның бірнеше рет қайталап жасаған қылмысы және сол қылмысқа жазаланбағандығы, жастар мен моральды адамдар арасында жазаланбай жүре берудің алданыш сезімін туғызады.
Бір адаммен бірнеше қылмыс жасау сот тәжірибесінде сирек емес. Бір адамның бірнеше қылмыс немесе бірінен кейін бірін жасауы сот - тергеу тәжірибесінде сұрақтар туғызады: қылмыстың көптігін дара қылмыстан ажырату, істелген қылмысты дұрыс саралау және жаза тағайындау, себеп - салдарын анықтау т. б. Көп қылмыс жасаған адамның мінез-құлқы бір ғана қылмыс жасаған субъектінің мінез-құлқынан ерекше болады. Сондықтан ондай субъектінің ортаға тигізер қатерін және өзіндік мінез - құлқын ерекше бағалау керек, сонымен қатар жазаның белгілеу (ауыртпалығы жә не оны өтеу жолдары т. б) түрлерін ескеру керек. Осы және басқа сұрақтар қылмыстық құқықта қылмыстың көптігі институтымен қамтылады.
Қылмыстың көптігі мәселесін шешу жолында қылмыстық - құқықтық ғылым 60 -шы жылдардан бері көп ілгеріге шықты. Осы жылдары атақты ғалымдар: Т. М. Кафаров, В. Н. Кудрявцев, В. П. Малков, А. М. Яковлев т. б еңбектері жарық көрді.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАР ИНСТИТУТЫ
1. 1. Көптік қылмыстардың түсінігі және белгілері
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қылмыстардың көптігі үш бапта: 11, 12, 13 баптарда көрсетілген. Бұл нормалар заңнамада сот тәжірибесінде кең таралған бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасау жағдайларын бейнелеуге оқталу болып табылады.
Алғаш рет қылмыстық заңнамада, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде, қылмыстардың көптігінің нысандары туралы айқындық байқалады, қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың жиынтығы және қайталануының мазмұны ашылған.
Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс - қимылдарды жасауы қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай - ақ жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен байланысты ерекше жағдайларды туындатады.
Осы сұрақтарды табысты шешу үшін «қылмыстардың көптігі» ұғымының мазмұнын анықтау қажет.
Қылмыстардың көптігінің ұғымы қылмыстық құқық теориясымен қарастырылған да, қылмыстық заңнамада берілмеген. Қылмыстардың көптігінің ұғымының анықтамасын беруге оқталу жасалған ғылыми еңбектерден, осы қылмыстық - құқықтық институтқа қатысты көзқарастардың әртүрлі екендігін байқауымызға болады.
А. М. Яковлевтің пікірі бойынша, «қылмыстық іс-қимылдардың көптігінің ұғымы қылмыстарды қайталау, қылмыстардың рецидиві және жиынтығы түсініктерінен нақты көрініс табады»1. Біздің көзқарасымыз бойынша, аталмыш пікірде, тек қылмыстардың көптігінің нысандары сипатталған да, нақты қылмыстардың көптігінің ұғымы, оның белгілері ашылмаған.
Г. Г. Криволапов қылмыстардың көптігінің ұғымын, оның белгілерін көрсету арқылы, яғни, «қылмыстардың көптігі әрқайсысы дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық жазаланатын іс-қимылдарды жасауы» деп берген2.
В. И. Ткаченко көптік қылмыстар ретінде, алдыңғы сотталғандығына қарамастан, адамның сот үкімі арқылы белгіленген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын түсінеді3. Берілген анықтамалар қарастырылатын ұғымға тән басты белгі - бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын ғана көрсетеді. Бұл белгі қылмыстардың көптігінің барлық жағдайларына ортақ болып табылады. Бірақ та, біздің ойымызша, тек бұл белгіні көрсету жеткіліксіз, себебі біріншіден, адамның бірнеше қылмыстарды жасауы барлық жағдайда бірдей қылмыстардың көптігін құра бермейді, екіншіден, бұл ұғымға бір емес, бірнеше белгілер тән.
Ю. А. Красиков көптік қылмыстарды «кінәлі адамның кезектілікпен орындаған бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы бірнеше қылмыс құрамдарын жасауы», - деп анықтаған4.
Е. А. Фролов және Р. Р. Галиакбаров бойынша, «қылмыстардың көптігі - қылмыстық заңмен қарастырылған бір адамның мінез - құлқындағы бірнеше құқық бұзушылықтардың үйлесуі»5. Жоғарыда көрсетілген анықтамалардың әрқайсысы қылмыстардың көптігінің ұғымын жалпы алғанда дұрыс ашады. Дегенмен де, қылмыстардың көптігі ұғымының анықтамасы бір адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылатын бірнеше қылмыстарды жасауын ғана емес, оның алдыңғы іс - қимылы үшін сотталғаннан кейін жаңа қылмыс жасауын да қамтуы қажет деп есептейміз.
Осыған байланысты, И. М. Гальпериннің берген анықтамасы назар аудартады. «Қылмыстардың көптігі - кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейінгі әртүрлі қылмыс құрамдарының белгілері бар, бірнеше қылмыстық іс - қимылдарды, немесе өзара ішкі байланыста емес, бір қылмыс құрамының белгілерін құрайтын бірнеше қылмыстық іс - қимылдарды, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін кез келген басқа қылмысты жасауы»6. Берілген анықтамада қылмыстардың көптігін әртүрлі және біртектес қылмыстардың құрайтындығы, сондай - ақ қылмыстардың қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін және алдыңғы іс - қимылы үшін сотталғаннан кейін де жасалатындығы айтылған. Біздің ойымыз бойынша, бұл анықтаманы қылмыстардың көптігін жоққа шығаратын белгілерді көрсету арқылы толықтыру қажет.
Қылмыстардың көптігін жоққа шығаратын кейбір белгілер Б. А. Куриновтың анықтамасында көрініс тапқан, яғни, қылмыстардың көптігі - адамның соттылық жойылмаған және қылмыстық қудалаудың мерзімдері өтпеген, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын қамтиды7.
В. П. Малков қылмыстардың көптігінің кең анықтамасын береді: «Қылмыстардың көптігіне - егер де жасалынған қылмыстардың кемінде екеуі үшін қылмыстық - құқықтық нәтижелер жойылмаған және қылмыстық істі қозғау үшін процессуалдық кедергілер жоқ жағдайларда адамның бір мезгілде немесе кезектілікпен қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін, немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғаннан кейін, қайта қылмыс жасауын жатқызамыз»8.
Жоғарыда берілген анықтамаларды зерттей келе, қылмыстардың көптігіне келесідей сипаттама беруімізге болады: «Қылмыстардың көптігі деп, бір уақытта немесе әруақытта бір адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін немесе алдыңғы қылмысы үшін сотталғандығы жойылмаған, қылмыстық заңмен қарастырылған дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы».
Берілген анықтамадан қылмыстардың көптігіне тән келесі белгілерді көруімізге болады.
- Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауы. Егер де, кінәлімен жасалынған екі іс - қимылдың біреуі қылмыстық іс - қимылдың белгілері жоқ құқықбұзушылық, яғни әкімшілік немесе тәртіптік қылық, маңызы шамалы іс - әрекет болса қылмыстардың көптігі болмайды.
- Қылмыстардың көптігі әрқайсысы, дербес қылмыс құрамдарының белгілерін құрайтын, қылмыстық іс - қимылдардан тұрады. Қылмыстық іс - қимылдың дербестігі оның объективтік және субъективтік белгілерінің бірлігімен анықталынады. Бұл дегеніміз - жеке алынған әрбір іс - қимылда белгілі бір қылмыс құрамының болуын бідіреді. Бұл қылмыстардың құрамдары өзінің юридикалық белгілері бойынша бір - біріне сәйкес келсе де, объективтік немесе субъективтік қасиеттеріне байланысты бір - бірінен ажыратылады.
Қылмыстардың көптігі аяқталған қылмыстар арқылы да, сондай - ақ қылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу арқылы да түзіледі. Бұл жерде қылмыстардың көптігі ретінде тану үшін бірінші аяқталған қылмыс, одан кейін қылмысқа дайындалу немесе оқталу жасалуының, яғни қылмыстық іс - қимылдарды жасау кезектілігінің маңызы жоқ.
Қылмыстардың көптігі ретінде тек орындаушының әрекетін ғана емес, ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің әрекеттерін де тани аламыз. Айталық, қылмыстардың көптігі, егер ұрлықтың бір эпизодында кінәлі тікелей орындаушы, ал келесісінде - көмектесуші болса да танылады.
- Қылмыстардың көптігіне енетін әрбір қылмыстардың қылмыстық - құқықтық нәтижелері болуы керек, яғни кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндіктерінің болуы немесе заңмен бекітілген тәртіпте соттылық алынбауы немесе жойылмауы қажет.
Қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстардың және қылмыскердің жоғары қоғамға қауіптілігінің, кінәлінің бойына сіңіп қалған қоғамға жат көзқарастардың, әдеттің, белгілі бір өмірлік ұстанымдардың юридикалық көрінісі болып табылғандықтан, аталынған белгілер болмаған жағдайда жағымсыз салдарларды туындататын ұғым ретінде қылмыстардың көптігінің де болмауын білдіреді. Сондықтан да, қылмыстардың көптігі жасалынған қылмыстық іс - қимылдардың біреуіне байланысты қылмыстық - құқықтық нәтижелерді жоятын мән - жайлар болған жағдайда болмайды.
Заңға сәйкес бұл мән - жайлардың қатарына келесілерді жатқызуымызға болады:
- Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Рақымшылық актісінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату;
- ҚР ҚК 77, 86 баптары негізінде соттылықтың жойылуы және алынып тасталуы;
- ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген мән - жайларға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 312, 326, 352, 363, 364, 372, 373, 375, 376, 378, 379, 381 бб. Ескертулері) .
Қылмыстардың көптігі бірқатар юридикалық салдарларды тудырады:
- Юридикалық біртектес және әртектес қылмыстарды жасау кейбір жағдайларда ауырлататын (ҚР ҚК 175, 176, 177 б. б. ) немесе аса ауырлататын (ҚР ҚК 175, 177, 179 баптарының 3 бөлімдері) қылмыс құрамдарының белгілері болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстрдың көптігіне қатысты қылмыс құрамының аса ауырлататын белгісі ретінде бұрынғы соттылық қана танылған. Бірақ та, соттылық өз бетінше қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін жоғарылатпайды, кінәлінің тұлғасын сипаттайды. Ал жаза болса, адамның қасиетіне байланысты емес, қылмыс үшін тағайындалады.
Қылмыстардың көптігі келесі модификациядағы қылмыс құрамдарының ауырлататын белгілері ретінде қарастырылады:
а) тек ұқсас қылмыстарды жасау барысында: ҚР ҚК 103 б. 3 б. «к» тармақшасы, 121 б. 2 б. «г» тармақшасы;
ә) юридикалық ұқсас, сондай - ақ бір объектілік және әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысынада - ҚК 175 б. 3 Ескертуі.
Кінәліні соттаумен байланысты қылмыстардың көптігі қылмыс құрамының ауырлататын белгісі ретінде көрінеді:
а) тек юридикалық ұқсас қылмыстарды жасау барысында - ҚР ҚК 117 б. екінші бөлімі;
ә) юридикалық әртүрлі объектілік қылмыстарды жасау барысында - ҚР ҚК 103 б. 2 б. «к» тармақшасы, 104 б. 2 б. «ж» тармақшасы;
- Қылмысты саралауды өзгертеді. Мысалы, қызғаныштан бір адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 1 б. сараланса, осы ниет арқылы екі адамды өлтіру ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармақшасымен сараланады.
- Жауаптылықты ауырлататын мән - жайлар ретінде келесі топтамадан көрінеді:
а) ҚР ҚК-нің 52, 54, 59 баптарының негізіндеқылмыстарды бірнеше рет жасау және қылмыстың қайталануы барысында, кінәліге қылмысты алғаш рет жасаған адамға қарағанда, қатаң немесе ұзақ мерзімдегі жаза тағайындалуы қажет;
ә) ҚР ҚК-нің 58 б. негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау барысында жазаны толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданыла алады;
б) ҚР ҚК-нің 60 б. сәйкес, жазаны өтеу барысында, сондай - ақ шартты түрде соттау кезіндегі сынақ мерзімі кезеңінде, жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаны орындауды кейінге қалдыру кезінде жасалынған қылмысы үшін жаза тағайындауда жазаның берілген түрінің шегінде толығымен немесе ішінара қосу қағидасы ғана қолданылады;
- Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау барысында түзеу мекемесінің түріне әсер етеді. Бұрын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдарға қатаң режимдегі, кейбір жағдайларда ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындалады (ҚР ҚК 48 б. ) ;
- Кейбір қылмыстар, бұрын қандай да болмасын қылмыстарды жасағаннан кейін ғана жасалына алады - ҚР ҚК 358 б.
Сонымен, бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі, оның қоғамға қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі құқықпен қорғалатын мүдделерге бір қылмысқа қарағанда аса мәнді залал келтіруден байқалады. Басқа жағдайларда қылмысты бірнеше рет жасау әлеуметтікке қарсы бағытталған әрекеттерден тұрады.
Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында берілмегенмен де, қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Қылмыстардың көптігінің белгілері:
- бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
- бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар;
- әр қылмыстан кейін қылмыстық құқықтың салдардың қалуы.
Бірінші белгі - қылмыстардың көптігінің ең негізгі сандық белгісі. Қылмыстардың көптігі болмайды, егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі оларды жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.
Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жекеі қылмыс болуы керек. Бірнеше қылмысты жасауды біз көптіік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің сипаты бойынша заңды түрде ұқсас немесе ұқсас емес болады.
Заңды түрде ұқсас деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бірдей қылмыстарды айтамыз.
Ал заңды түрде біртектес қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік) .
Заңды біртектес емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілген (бап, бөлік, пункт) .
Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мәнге ие болады.
Қылмыстардың көптілігінің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.
Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.
Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.
1. 2. Көптік қылмыстардың нысандарының сипаттамасы
Қылмыстық құқық әдебиеттерінде көптік қылмыстардың нысанына байланысты қылмыстың қайталануы (повторность) деген түсінік бар. Қылмыстың қайталануы деп - бұрын қылмыс жасаған адамның қайта қылмыс жасағанын айтамыз, егер оған дейін оның істеген қылмысы өшірілмесе. “Қайталанылу” -деген сөздің түбірі “қайта” сөзі, демек бір істің тағы да жасалынуы, қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда екінші, үшінші, бірнеше рет қайталануы. Сондықтан, қайталанудың ең басты мағынасы оның сапасы мен санына байланысты. Қайталану қылмыстың заңдылық және әлеуметтік жақтарын анықтайды (қылмыстың объективтік жағын, субъектінің жеке қасиеттерін, қылмыстың істелінуінің объективті себептері т. б), сонымен қатар оларды қылмыстық- құқықтық жағынан да анықтау керек, аталған және басқа да аспектілер бірдей болған жағдайда, оның саны жазаның ауырлығын анықтайтын маңызды белгі ретінде қарастырылады. Кез келген қылмыстың объективті себептері болады, ол сондықтан да қоғамға қатер туғызады, қылмыстың қайталануының саны да оның қоғаумға қаншалықты қауіпті екендігін анықтау үшін өте маңызды. Қайталанудың санынан қылмыскердің қаншалықты қоғамға зиянды екендігін байқауға болады. Осы ортақ көзқарастарға байлынысты сот қызметкері өз шешімін қабылдауы тиіс.
Қылмыскердің мінезіне байланысты қылмыстың қайталануы деген түсінік әр түрлі болып келеді. Егер сәйкестіктерге көңіл бөлмесек, қылмыстың қайталану себептері ұқсас. Осыған байланысты, қарастырылған жағдайларды біз қылмыстың қайталануы деп айта аламыз.
Қылмыстың қайталануы деп бір адаммен бірнеше қоғамға зиянды іс-әрекет істеуін айтамыз, демек ол істердің әр қайсысы жеке қылмыс болып саналады. Қылмыстың қайталануы деп- біз әр түрлі қылмыстың әр кезеңде жасалуын айтамыз. Қылмыстың әр уақытта жасалуы қылмыстың көптігі деген түсініктің басты айқындаушы белгісі болып табылады. Қылмыстың қайталануы деген түсінікке сәйкес келу үшін қылмыс тек бір адаммен жасалмай, тағы міндеттті түрде әр уақытта жасалуы керек.
Қайталанатын қылмыстардың біртектес, әртүрлі және ұқсастары болады. Ұқсас қылмыстар - ең манызды белгілерімен бір-біріне сәйкес келеді. Демек қылмыс бір затқа, бірдей нысанда, заң жүзінде істелу түрі және қылмыскердің кінәсі де бірдей. 9
Ұқсас қылмыс деп, мысалы үкіметтің меншігін сол субьектінің өзі техникалық құралдар қолдана отырып ұрлауы жатады. Біртектес қайталанатын қылмыстарға объектілерінің ұқсастығы жатады. Мысалы: пара беруші мен алушы, екеуі де қылмыскер.
Әр түрлі қылмысқа заң жүзінде бір-біріне сәйкес келмейтін қылмыстар жатқызылады. Демек, әр түрлі қайталанатын қылмыстарға жоғарыда аталғандарға жатпайтындарының бәрі қамтылады.
Әртүрлі, біртектес, ұқсас қылмыстар бірігіп қайталанатын қылмыстар тобын құрайды. Қылмыстық - құқық теориясында қылмыстың қайталануының түрлері әр-түрлі шешіледі. Жалпы және арнайы қылмыстың қайалануы кең тараған. Қайталанған қылмысқа алдында жасалған қылмысқа ұқсамайтын қылмыс жатады, кейде ол тек жазаны ауырлататын белгі ретінде қарастырылады. Алдында жасаған қылмысына жазаланған, жазаланбағанына байланысты қайталану қылмысы екі топқа бөлінеді:
1) Алдында істелген қылмысқа жазаланбаған қайталану;
2) Алдында істелген қылмысына жазаланған, қайталану (рецидив) .
Қылмыстың қайталануын осындай екі топқа бөлудің тәжірибелік маңызы көп.
Алдында істелген іс-әрекеті үшін жазаланбаған қайталанған қылмыстың екі түрі белгілі:
А) . Қылмысты пайда табу үшін бірнеше рет қайталап істеу;
Б) . Әр түрлі қылмыстың бірге қосылып істелуі;
Қылмыстың жүйелі түрде қайталануы.
Қылмысты істің жүйелі қайталануы қылмыстың қайталануының бір түрі болып есептеледі. Жүйелілік бірнеше рет болған қылмыстан санына байланысты ажыратылады. Бірнеше рет қайталанған қылмыс деп есептеу үшін оның екі рет істелгені жеткілікті, ал жүйелі болу үшін ол кем дегенде үш рет істеліуі тиіс.
Бірақ істелген істің үш немесе одан да болуы оны жүйелі деп санауға негіз бермейді. Мысалы: бір істің бір адаммен бірнеше рет әр уақытта, әр түрлі субьективті және обьективті жағдайларда істеуі. Жүйелілік қылмыскердің мінез құлқына байланысты әр түрлі уақыт аралығында істелуі мүмкін. Жүйелілік өзара ұқсас қылмыстардан тұрады. Егер қылмыскер әр уақытта және әр түрлі қылмыстар істесе ол біріккен қылмыстарға жатады. Жүйелілік түсінігіне қылмыскердің сотталуға дейін істеген қылмыстары жатады. Сондықтан жүйелілік деп - ұзақ уақыт ішінде бір-біріне ұқсас үш немесе одан көп қылмыс істелгенде, істелген істердің біреуіне де сотталмаса, ал кінәлінің бойында қоғамға кері әсер тигізетін өзгерістер пайда болғанда айтамыз.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көптік қылмыстардың нысаны ретінде:
- қылмыстың жиынтығы (ҚК-ң 12 б) ;
- қылмысты бірнеше рет жасау (11 б) ;
- қылмыстың рецидиві (13 б) көрсетілген.
Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz