Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі



Жоспар

КІРІСПЕ

І бөлім. БАНК ТӘУЕКЕЛІ. БАНК ТӘУЕКЕЛІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
1.1. Ел (мемлекеттік) тәуекелі
1.2. Валюталық тәуекел
1.3. Форс.мажорлы жағдайлардың тәуекелі
1.4. Кредиттік тәуекел
1.5. Пайыз тәуекелділігі
1.6. Банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігі
1.7. Өтімділік тәуекелі
1.8. Мамандар тәуекелділігі
1.9. Ағымдық тәуекелділік

ІІ бөлім . БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
2.1 Банктің барлық операциялары үшін
2.2 Несие тәуекелін басқару
2.3 Өтімділік тәуекелдерін басқару

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Банктердің нақты және дұрыс қызметіне экономика денсаулығының шешуші деңгейі байланысты болады. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін банктердің жүйесінсіз нарықтық механизмнің нақты және табысты (тиімді) құрылуы болмайды.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу-әдістемелік құрал коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқуға студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалық материал практикалық мәліметтермен бірге берілген.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Сейткасымов Г.С.''Банк ісі'', Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998
2. Сейткасымов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. ''Банктердегі бухгалтерлік есеп және есеп беру'', Алматы, Қаржы-Қаражат,2000
3. Новиков И.И., Шалгимбаева Г.Н. ''Банктік тәуекелдерді басқару стратегиясы'', Алматы, Қаржы-қаражат, 1998
4. Бор М.З., Петренко В.В. ''Банктік қызметті стратегиялық басқару'', М, 1995
5. Тимоти У.,Кох ''Банкті басқару'', Уфа, Спектр, 1992
6. Под. Ред. Красавиной. ''Халықаралық валюталық-несиелік қаржылық қатынастар''.М, Финансы и статистика, 1994
7. ''Банк ісі''. Под ред. Проф Лаврушина М.О. Москва, дело, 1992
8. Ұлттық банктің жылдық есептері (1999-2000)
9. Ақша, несие, банктер; Бағалы қағаздар. Москва, 2001. Жуков Е.Ф.
10. ''Коммерциялық банктің қызметін ұйымдастыру'', И.В. Пещанская, Москва, 2001
11. Коммерциялық банктегі қаржылық аналыз, Д.А. Шеремет, Г.Н. Щербакова, Москва, 2001
12. Алякринский А.Л. Ресейдегі сақтандыру қызметін құқықтық реттеу, Москва: Гуманитарное знание, 1994
13. Кочович Е. Қаржылық математика, Москва: Финансы и статистика, 1994
14. Страхование от А до Я/Л.И. Корчевская., К.Е. Турбина, Москва, Инфра-М,1996
15. Сақтандыру ісі/Л.И. Рейтман, Москва, 1992
16. Фалин Г.М., Сақтандырудағы тәуекелдердің математикалық анализі. Москва, Российский юридический издательский дом, 1994
17. Фалин Г.М., Фалин А.И. Математикаға кіріспе, М, 1994
18. ҚР ҰБ жаршылары (2000/2002 жыл)

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ

І бөлім. БАНК ТӘУЕКЕЛІ. БАНК ТӘУЕКЕЛІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
1. Ел (мемлекеттік) тәуекелі
2. Валюталық тәуекел
3. Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі
4. Кредиттік тәуекел
5. Пайыз тәуекелділігі
6. Банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігі
7. Өтімділік тәуекелі
8. Мамандар тәуекелділігі
9. Ағымдық тәуекелділік

ІІ бөлім . БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
2.1 Банктің барлық операциялары үшін

2.2 Несие тәуекелін басқару

2.3 Өтімділік тәуекелдерін басқару

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық
экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша
айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің
барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды
жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер іскерлік серіктестік басталатын және
аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Банктердің нақты және дұрыс қызметіне экономика денсаулығының шешуші
деңгейі байланысты болады. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін банктердің
жүйесінсіз нарықтық механизмнің нақты және табысты (тиімді) құрылуы
болмайды.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына
байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында
қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың
жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу
және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін
қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу-әдістемелік құрал коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқуға
студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына
көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалық материал практикалық
мәліметтермен бірге берілген.

І бөлім. БАНК ТӘУЕКЕЛІ. БАНК ТӘУЕКЕЛІНІҢ ЖІКТЕЛУІ

Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және
оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты
болды.
Тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет
түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи
және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және
адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның
даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің
қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның
нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже
мүмкіндігін көрсететін жағдайлы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай
орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту,
шығын); нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда).
Шығындардың пайда болуы мен пайда жоғалту сияқты қолайсыз нәтижелер
мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы, ресурстық базаның
қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы
мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банк операциясында бар, бірақ белгілі бір
тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес.
Сондықтан кез келген кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады
және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейі минималды
шешімді таңдайды, сондай-ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды
қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге
банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс
тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл аудару
керек.

Банк тәуекелін жіктеу

Банктегі және банк мекемелеріндегі
тәуекелдер

Банктік тәуекел дегеніміз не?
Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстарды толығымен алмауы
немесе банктің өз ақша-қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен
кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны,
экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен
байланысты “сыртқы”) және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате
қызметінен пайда болатын “ішкі”) бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық
тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты
тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Сонымен, банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарастырайық, ол
өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер астындағы және тәуекелдің әр
түрлілігін қамтиды.
Схема
Банктік тәуекелдің жоғарыда берілген жіктелуінде негізгі қағидаларды
көрсетуге болады.
Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
2. Банк клиенттерінің құрамы.
3. Банктік операциялар сипаттамасы.
4. Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және
ішкң деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе
берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте
анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді
алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы
тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық
және басқадай факторлардан пайда болады. Саяси факторларға соғыс, жаулап,
басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық
келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен
әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы,
ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация),
эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел
инвестициялар тәуекелі және т.б. жатқызылады. Экономикалық факторларға
мыналар жатады: ЖҰО-ның төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге
деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, импорттық
өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің
төмендеуі, іскерлік белсенділігінің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен
байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің
төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей бөлінбеуінен,
идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық қақтығыстар,
көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесідей: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы,
банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа
банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген
талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі,
банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты. Қаржылық
факторлар тәуекелдігі – жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты
қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ-ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы
қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді
түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген
коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап
айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін
ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясы мен
саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған
қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетигтік
стратегияны және тактиканы таңдау және т,б, факторлар. Ішкі тәуекелдер
банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген
контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының
іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай
факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік,
кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспондентік шот бойынша,
қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салыну және депозиттік бойынша, банкаралық
несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты
(пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал
құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық,
технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәукелдігі, стратегиялық,
бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен,
қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. кіші орта және ірі клиенттердің
талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ
қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ
жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе
бір-бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе
мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа
ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте
осындай серіктестерге қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейі бар және
өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық
деңгейінің жеткіліктілігі мен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар
кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік
жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен
кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер
өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Ал ол өз кезегінде
несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының
тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді
ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және
пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт,
баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан
тыс операцияларға таралады.
Банк баланстық тәуекелге келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау
тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау
тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің
банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес
ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған
резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі
капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете
алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім-шарт
бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік
операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде
пайда болуы мүмкін.
Лизинг – жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты
негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік
кезеңінде құрал-жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту
тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық
аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын
аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция
болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік
қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы қатынас
формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық
бола алады.
Жоғарыда көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл
және қайта қалпына келетін (револьверлік), таза және толық бола алады.
Клиринг – ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін
мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу.
Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клирингтік
келісім-шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе 1
жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда-саттықпен айналысатын елдердің
белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра
отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісін
алады. Банк өз жағынан банк-импортердің аударымын күтпейді, керісінше
клирингтік шотты дебеттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке
дебеттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға
тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып
түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы
келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен
үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен
еркін айырбасталатын валюта құны арасында айырма пайда болады. Сандық
сипатта бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды
85 еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15 %-ды құрайды.
Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда
“swіtch” – переключить). Бұл термин сауда мәмілелерінің субъектісін немесе
объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен бағалы
қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестерді ауыстырғанда
және т.б. жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер – тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу
формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық
бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс-беттермен, техникалық
несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір
уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім-шарт ұзақтылығы
нақты прайс-беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының
төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және
жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес
қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б. қорытындылау керек.
Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың
қола вексельді (яғни тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша
тәуекелдің пайда болуына соғады.
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны
былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық
қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола
тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің
мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің
әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр
түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік
мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік
операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелерді
қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын
мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді
несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай
банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету
тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер )яғни,
жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруде туындайтын
алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл жағдайда
ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмаішілік немесе
корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат
және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы).
Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай,
технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни жаңа
технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ
немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және
т.б. Биржалық банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл бөлу
керек. Мысалы, тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты
негізінде клирингтік есеп айырысуды қамтамасыз ететін банк үшін есеп
айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер
биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып,
трасталық, брокерлік қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен
байланысты тәуекелдер болады:
• капиталдық (бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
• селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
• уақтылы;
• нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
• іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу
тәуекелі);
• қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі).
Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк
келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:
• экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив
құнының өзгеру тәуекелі);
• аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде
айырмашылық тәуекелі);
• мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықиалмағандығының
тәуекелі;
• сақтандыру;
• саяси.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:
• ипотекалық және тұтыну ссудалары бойынша қаржылық және несиелік
тәуекелдер;
• кепіл бойынша тәуекел (гарантия);
• кепіл тәуекелі (залог).
Ипотекалық бантер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге
ұшырайды.
Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және
олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда
қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен,
динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей
түрлері бар:
• бета-тәуекел (бета-коэффициент);
• саланың өмірлік цикл тәуекелі;
• салаішілік бәсеке тәуекелі.
Бета-тәуекел – ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен салыстырғанда
сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын жүйелік
тәуекел. Егер бета-тәуекел 1-ге тең болса, онда ол мемлекет экономикасының
жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета-тәуекелдің
көрсеткіші қаншама жоғары болса, саланың басқа да бірдей жағдайларындағы
тәуекелі жоғары болады. Бета-тәуекел түсінігін жеке банктерге де
пайдалануға болады. Оны Глориябанк (Ресей) аналитикалық орталығы және ПАКК
кеңес беру формалар дифференциалды акция портфелі салыстырмалы орташа
бағалы қағаздармен байланысты операциялар бойынша жүйелік тәуекелді есептеу
үшін қолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі биржадан тыс рыноктарда
акциялары айналыста жүретін банктер қарастырылды. Нәтижесінде, акциялар
бойынша бета-тәуекелдің экспорттық бағалық көрсеткіштері анықталды. Оған
сәйкес банктерді келесідей 5 топқа бөліп қарастыруға болады:
1) орташа нарықтықтан көп көбірек көрсеткіші;
2) орташа нарықтықтан көбірек көрсеткіші;
3) орташа нарықтықтан сәл ғана көп көрсеткіші;
4) орташа нарықтықтан төмен көрсеткіші;
5) аз болжамданған тәуекел.
Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлінуі
керек:
1) бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір
қалыпты емес, акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда
бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты
анықталуы мүмкін емес;
2) алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары
табыстылығымен орнын басады.
Өмір цикл тәуекелі: әр түрлі салалардың тәуекел деңгейімен сипатталады
және әрбір сала өзінің даму кезінде алдын ала белгіленген кезеңдерден
өтеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің
төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.
Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру
қабілеттілігіне әсер етеді:
- бағалық емес бәсекенің қатаю деңгейі;
- салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;
- белгілі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы өнімдермен
баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ болуы;
- тауарлық белгі құқығының жоқ болуы;
- жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;
- кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси және әлеуметтік ортасы.
Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы
тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форс-мажорлық тәуекелдерге
ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары
банктер қатарына жатқызуға болады.
Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу
керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке
қабілеттерімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және
ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:
- аймақтық банктер – аймақтық сыртқы тәуекелдер;
- аймақаралық-аймақтық тәуекелдер жиынтығы;
- мемлекетаралық-елдік тәуекелдер;
- республикалық-республика тәуекелі.
Әр түрлі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады.
Мысалы, зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар
бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән.
Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына
салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық,
операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, жобалық тәуекелдер;
факторингтік компанияларға несиелік, клиент тәуекелі; есептік үйлерге есеп
айырысу, несиелік, кепілдік, нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.
Көрсетілген жіктеулер және қағидалар, банктік тәуекелдердің түрлерін
ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне
байланысты тәуекелдер болады.
Осыдан келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері бар және олар банктің
жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды. Бірақ біз ең маңызды
тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел деңгейін және оларды
басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін
халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік,
валюталық, форс-мажорлық міндеттемелер тәуекеліне кездесуі мүмкін.
Ал банктің ең маңызды ішкі тәуекелдеріне біздің ойымызша, несиелік,
пайыздық, банк операцияларының диверсификациялану тәуекелі, өтімділік,
кадрлық тәуекелдер жатады.

1. Ел (мемлекеттік) тәуекелі

Ел тәуекелдері банктің өз қызметін байланыстырып отырған мемлекеттің
өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.
Бұл тәуекелдің шығу көзі (туындысы) болып бір аймақтың елдерінің тәуекелі
табылады, яғни аймақтық тәуекел, мысалы: Европалық одақ елдері немесе
Латын Америка елдері, т.с.с. Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған
барлық банктер және ортақ лицензиясы бар банктер үшін маңызды.
Банктің басшылығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің
қаржылық тұрақтылығын дұрыс емес бағалаумен байланысты.
Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі
несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Европа және Жапон банктеріне
төлеу қабілеттілігі жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90-
жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд. $, Оңтүстік Американың
басқа елдері әлі 150 млрд. $ қарыз болды.
Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып
табылады, оның қарызы 20 млрд. $ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі
бар деп саналатын елдердің тізіміне иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан,
Сальвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.
Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз
алушылардың сыртқы ақрыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете
алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық
жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.
Ел тәуекелін анықтайтын себептер мен жағдайларға байланысты тәуекелдің
келесі категорияларын анықтау керек:
саяси – бұл мемлекет құрылысының ерекшелігімен байланысты, мемлекеттің
билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы,
басқару және саяси режимдердің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа
да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация, жекешелендіру, т.б.),
этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүдделерінің
поляризациясы т.б.;
құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті
шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері
қызметін лицензиялау, шеетл инвестицияларын лимиттеу);
экономикалық:
* жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық
саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың
экспорттан жоғары болуы, эспорттан түсетін табыстың азаюы;
* қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы
қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға
жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша
төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ
импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық
нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;
* техникалық – банк саласындағы істер техникалық стандарттармен
байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары,
қауіпсіздік, т.б.);
* басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындағы криминогендік жағдай,
бюрократиялық машинаның үлкендігі.
Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиынтық
тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық және басқа да тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені
барлық ұлттық факторлары өзара байланысты.
Сондай-ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық
тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді
басқару мүмкіндігіне.
Тәуекел деңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп ретте,
белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамандарды тартады; осы елдің
тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді қолданады,
елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын
қолданады.
Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі
герман фирмасы “Бум” шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті
бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау
жүргізеді.
Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары жан-жақты
талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап беретін анкетада
15 баға критерийлері бар. Олардың әрқайсысының үлес салмағы жалпы сомамен
100-ге тең (1-кесте).
Әр сұрақ балл бойынша бағаланады – процент шкаласы бойынша және
жауаптардың 0-ден (mіn) 4-ке (max) дейін бес варианттары бар.

1-кесте.
Саяси және экономикалық жағдайларды талдау

Бағалық критерий Үлес салмағы
Саяси тұрақтылық 12 %
Шетел инвестициясы мен пайда қатынасы 6 %
Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі 6 %
Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау
Төлем балансының жай-күйі, сондай-ақ ұлттық және шетел 6 %
салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері
Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі
Экономикалық өсу қарқыны 6 %
Жалпы өнім өсуінің қарқыны:
жылына 3 %-тен төмен 10 %
3 %-тен 6 % дейін 10 %
6 %-тен 10 % дейін
одан жоғары 10 % 2,5 %
Валюта айырбасталымдылығы 5 %
Келесі міндеттемелерін орындаудың талдауы 7,5 %
Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі 10 %
Білікті сарапшылармен қызметтерді пайдалану мүмкіншілігі 10 %
Көлік пен байланысты ұйымдастыру 6 %
Мемлекет органдару мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы8 %
Қысқа мерзімді несие алу шарттары
Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың 2 %
шарттары 4 %

4 %
8 %

8 %

Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл аударуда.
Іnternatіonal Reportsң жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша (...)
халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады,
тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси –13, қаржылық – 5, экономикалық – 6, ең
көп сома 100 балл.
Busіness Іnternatіonalң фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің
үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын
мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға
арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.
Natіonal Westmіnster Bankң мемлекеттік тәуекелді талдаудың (...)
әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 %-ті
қаржылық факторлармен анықталады. 20 %-ті құрылымдық экономикалық диспропор-
циялармен, 30 % ішкі және сыртқы саяси факторлармен анықталады деп
көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік тәуекелді
тудыратын (...) үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда (...) жобаланатын
кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы 25 %-ке, ал
саяси факторлар 50 % дейін өскен деген қорытындыға келген.
Гермесң герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін
талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:
1) аз ғана тәуекелді елдер, негізінен ОСЕД елдері;
2) салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олар мен жұмыс істеу
тәжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі
мардымсыз;
3) саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы
гермасң сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер.
4) жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы ақрызды өтеуді кейінге
қалдыруға рұқсат етілген елдер мен халықаралық несиелерді жоюда
проблемалары бар елдер;
5) жоғары тәуекелді елдер, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша.
Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық тұрақтылықты
төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез келген әдістемелерді
ескеруі қажет.
Айта кететін бір жайт, мемлекеттік тәуекелділіктің болуына кінәлі болған
мемлекет үшін банкрот түсінігі қолданылмайды, өйткені мемлекеттің өзі
ұлттық территориясында заңды іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде өзінің
тәуелсіз екендігін көрсетеді. Оған қоса халықаралық құқық нормаларында
халықаралық кредиттерді алудың негізгі принциптері болуы керек, өйткені
оларды қайтаруда кредитордың да және кредиттік процесті қаржыландыруды
қамтамасыз етушілердің де тағдыры шешілмек.
Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық кредиттердің борышкерлерге
әсер ету үшін шектелген шараларының нәтижесінде пайда болды. Алайда бұл осы
қорларды инвестициялап отырған банктердің еларалық тәуекелдерді алдын ала
болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді, яғни оны көрсетіп
отырған жоқ.

2. Валюталық тәуекел

Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға
ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян
шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстаржың толық
алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер
болатыны белгілі (ТЕҢГЕДОЛЛ., DMДОЛЛ., YENBGP және т.б.), ол банк
қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекелдер операциялық, контрактілік, трансляциялық және басқа
да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел проценттік ставка және өтімділік тәуекелімен
байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйкес келмегенде,
сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін.
Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі кредиттік немесе
басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр.
Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы
мүмкін (кредиттік, саудалық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік
контрагентіне банктік кредит бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға
берген құнының эквивалентін қайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал
қарызгер кредитті алған кездегі болған курс бойынша кредиттік келісім-
шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта
құнының көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.
Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір
валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда
алатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт
кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар
жүргізетін банктерде, яғни сондай қарыжылық-кредиттік институттарда өте
жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және кредиттік контракт
сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.
Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.
Ашық валюталық позиция дегеніміз – ол банктің шетел валютасындағы
активтері мен пассивтерінің сәйкес келемеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі.
Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позиция қандай екендігіне, яғни ұзақ
па немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған да байланысты болады.
Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді
және де +ң белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің
активтерден артып кетуін білдіреді және де -ң белгісімен белгіленеді.
Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға
қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп
мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық
жағдайының төмен екендігін білдіреді (яғни қысқа валюталық позицияң).
Доллартеңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция банк
үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай
орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай
жайт тиімді болады, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас
курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай
дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.
Кредит берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық
тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген
кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық
тәуекелдердің болуы қаржылық-кредиттік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі.
Сондықтан қаржылық-кредиттік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін
немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз
уақытында ойластырып жүргізу қажет.
Бүгінгі күнге валюталық тәуекел – бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға
тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын
негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.
Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер
етуінің екі жолын қолдануы мүмкін:
1) белгіленген валюталық курсты хабарлау – курсты қандай да бір
тұрақтың валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен
елдің экспорттық-импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл
көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы жолмен
көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүрген;
2) инфляция және басқа да факторларға байланысты курстың әрдайым өзгеріп
отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған
мысал бола алатын Ресей.
Мысалы: Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі – лит, ол
АҚШ долларына қатаң байланыстырыл-ған), ал ҚР-сы екінші жолмен кетті.
Бүгінде валюталық курс – бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы
баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты.
Елдердің алтын-валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге
міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде
қарастырылуы керек.
Қаржы рыноктарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескеру өте
маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне да білінбестен өзінің барлық қаржы
ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы
рыноктарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың
мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы рыноктарға қатысу
үшін (ҚР-сы шетелдік қаржы рыноктарында өзінің міндеттемелерін салады)
бірнеше жағдайларды ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде
айтарлықтай зиян келуі мүмкін.
Сондай-ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері
ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен
қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық
болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.
3. Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі

Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі дегеніміз – бұл белгілі бір
жағдайларда болатын аяқ асты және алдын алу мүмкін емес жайттардың болу
ықтималдылығы (тсихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілікінісі, қоғамдық
құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б.), олар өз
кезегінде кредиттік келісім-шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер
етеді. Форс-мажорлық міндеттемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы
келісім-шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуында.
Форс-мажорлы жағдайлар болған кезде келісім-шартты бекітуші жақтар
жауапкершіліктен босайды, ол жөнінде БҰҰ конвенциясының тауарларды сатып
алу-сатудың халықаралық келісім-шарты туралы 79-шы бабында, сондай-ақ әр
түрлі елдердің азаматтық кодекстерінде тікелей көрсетілген.
Әдетте форс-мажорлы міндеттемелердің тәуекелі банк мүліктерін
сақтандыру компанияларында сақтандыру әдістерімен шектеледі.

4. Кредиттік тәуекел

Банктер жүргізетін келісімдердің арасында кредиттік операциялардың
тәуекелдері өте үлкен болады, өйткені кредит беру табыс алудың ең маңызды
көзі болып табылады. Кредиттік тәуекелдерді минимизациялау кредиттік
мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет болып табылады.
Кредиттік тәуекел деген не?
Кредиттік тәуекел немесе қарызды өтемеу тәуекелі – бұл қарызгердің
кредиттік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің
міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы.
Кредиттік тәуекел бірқатар себептерге байланысты пайда болады:
* қарызгердің жауапкершіліксіздігі;
* қарызгердің өз кінасынан емес, адекватты болашақ ақша ағымдарын
жасауға қабілетсіздігі;
* банк басшылығындағы есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және
экономикалық ортадағы болжанбаған жағымсыз өзгерістер;
* саяси тұрақсыздық;
* қарызгердің іскерлік репутациясындағы олқылықтар;
* кредитке берілген кепілдеменің сапасына (өтімділігі мен рынокта сату
мүмкіндігі) және болашақ құнына сенімсіздігі.
Кредиттік тәуекел банктегі жағдайдың нашарлауы немесе оның басты
клиенттерінің банкротқа ұшырауы нәтижесінде де пайда болады.
Кредиттік тәуекелдің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
1) бұрмалау тәуекелі;
2) шетелдік кредиттер тәуекелі;
3) ішкі қарыздардың төленбеу тәуекелі;
Бұрмалау тәуекелі – бұл банкирлердің немесе клиенттердің заңды бұзу
ықтималдығы, ал ол өз кезегінде банкке айлакерлік шығын әкелу, ұрлау немесе
басқа да заңсыз іс-әрекеттер жасау салдарынан зиян келтіруі мүмкін.
Бұрмалау тәуекелі банкте кездесетін кредиттік тәуекелдің ең бір маңызды
түрі болып табылады. Банк басшысымен немесе қызметкерімен жасалынған айла
немесе шығын әкелу банк жағдайын қатты әлсіретуі мүмкін, ал кейде тіпті
банкротқа ұшырауға да алып келеді.
Бұрмалау – бұл біздің республикамызда 1991-1994 жж. банктердің үмітсіз
қарыздануының ең көп тараған себеп-салдары. Осы кезеңде экономикалық
дағдарыс гиперинфляция және немесе ұшқыр галоперлік инфляция жағдайында
әрекет еткен қаржы секторы ел экономикасының ең бір күшті криминалдық
саласына айналып кетті, оған кредиттік ресурстарды бөлу кезінде басқарудың
барлық деңгейіндегі мемлекеттік органдарда коррупция мен пара алушылықтың
кең етек жаюы, мемлекеттің ақша-кредиттік саясатының тұрақсыздығы
кезіндегі қаржы салаларындағы бақылаудың жоқтығы әсер етті. Бұл сфераның
бәрінің орталығы ҚР-ның Үкіметі мен Ұлттық банкінің өзі болды, ал олар
негізінен макроэкономикалық тұрақтылықты, ақша жүйесін нығайту және
экономиканы күрделі депрессивті жағдайдан шығаруды қамтуы қажет емес пе?!
Республиканың Ұлттық банкінің тегін немесе жеңілдік кредиті есебінен
айналыс сферасын кредиттеуге, теріс проценттік ставка кезінде де инфляция
дейгейінен табыстылығы жоғары болған. Ресей және Қазақстанның валюталық
рыноктарында спекулятивтік қаржылық операциялардың дамуына негізделген осы
кезеңдегі банктік жүйенің кредиттік саясатының стратегиясы оған тек құр
сөздегі пайда нормаларын қамтамасыз еткен.
Тексеру кезінде жеке қорларды толтыруға, егінді жинауға, маусымдық
егістік жұмыстарын жүргізуге бөлінген мақсатты кредиттердің мақсатты
пайдаланылғаны жөнінде көптеген фактілер анықталған. Бұл кредиттер басқа
банктердің кредиттік қарыздарын өтеуге, машиналар, әшекей, әсем заттарды
сатып алуға кеткен.
АҚШ-та бұрмалаушылық 1980 жж. басында банктік сферада тараған, оған
барлық банктік банкроттықтың жартысынан жоғары үлесі келген. Бұл жерде сөз
директорлардың және жоғары қызметкерлердің өздерінің туыстарына, достарына,
іскерлік серіктестеріне қарызгердің хал-жағдайын және қаржылық жайын толық
зерттемей, достықң кредиттерді беруде болып отыр.
Мұндай достықң кредиттер мерседестерң және вольволарң, көп қабатты
коттедждер, престижды аудандардан көп бөлмелі пәтерлер алу, демалу, қыдыру
үшін шетелдік жол сапарларға шығу түріндегі тұтынуға айналып кеткенң.
Мұның бәрі дағдарыстың шиеленісіп кетуінің, оның ұзаққа созылуының,
халық үшін реформалардың ауыр тиюінің басты себептерінің бірі болды, яғни
әкелер мен балаларң реформалық шығындарға деп қорды есептен шығарған және
де шығаруда да, халықты барлық елдерде сондай керемет жағдайлары бар,
мәртебеміз деп, яғни реформа жүргізіп жатқан елдерде және де реформа ТМД
елдерінде жақсы жүруде деп сендіреді.
Бірақ, алайда, бұл қорыта келгенде, бірінен соң бірінің жағдайлары
төмендеп және банкротқа ұшырап жатқан екінші деңгейдегі банктердің өзіне де
ауыр тиюде. Егер де 1995 жылдың басында елде 200 коммерциялық банктер
болса, бүгінде олардың саны – 75.
Шетелдік кредиттердің тәуекелі 70-ші жылдары дамуша елдердің жаппай
тоқырауымен байланысты келген. АҚШ-та ол бірқатар ірі банктердің банкротқа
ұшырауының себебі болды.
Ішкі қарыздардың төленбеуі қарызгердің төлем қабілеттілігіне әсер ететін
барлық факторларды есепке алудың қиындығымен байланысты.
Кредиторлар кредит берген кезде өздері берген кредиттің немесе қарыздың
барлық сомасы толық қайтарылатынына сенімді болады және де оған қоса көп
жағдайларда олар өздері келіскен процент сомасын уақытында, кредит толық
төленгенше алып отыруға сенімді болады. Олардың өздері тәуекелден қашады,
сондықтан да өздерінің тәуекелге баруын шектеуге тырысады немесе
анықталмаған дәрежесін минимумға жеткізуге тырысады. Шынында олар нақты
қарызгермен және кредит түрімен байланысты тәуекел дәрежесін олар сол
кредитті бергенге дейін және де кредит мерзімінің барлық бойында (тәуекел
дәрежесі көбінде уақытпен алмасуы) анықтағылары келеді.
Қазақстанның банктік жүйесіндегі кредиттік тәуекелдің жоғары дәрежесі
жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздік, дебиторлық және
кредиторлық қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық
жағдайымен сипатталады.
Мұндай жайттың орын алуы банктен кредиттік портфельдің сапасына өте
мұқият болуды талап етеді. Ішкі және әлемдік рыноктардың конъюнктурасына
байланысты болатын салаларға деген кредиттік салымдар концентрациясының
тәуекелін, банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғалар тобына немесе
өнімін өткізуде қиындық көріп жүрген қарызгерлерге және тағы басқа кредит
бергендегі тәуекелдерді ескеру керек.
Банкпен ерекше қатынастарда байланысты болатын тұлғалар деп
танылатындар:
* белгілі бір банктің кез келген қызметтегі тұлғасы немесе басшы
қызметтегі жұмыскер, сондай-ақ олардың жақын туыстары;
* осы банктің ірі акционері болып табылатын жеке немесе заңды тұлға,
болмаса банктің ірі мүшесінің қызметтегі тұлғасы, сондай-ақ олардың жақын
туыстары;
* жоғарыдағы пунктердің ішінде көрсетілген тұлғалар ірі мүшелер болатын
заңды тұлға;
* осы банк ірі мүшесі болып табылатын қатныстағы заңды тұлға, осы заңды
тұлғаның қызметтік тұлғалары олардың жақын туыстары.
Заңды тұлғаның ірі мүшесі болып осы заңды тұлғаның дауыс құқығы бар 10 %-
тен артық акцияға (қатысушының салымдары) тікелей немесе жанама түрдегі
иегерлер табылады. Өзара байланысты заңды тұлғалардың бір тобымен ерекше
қатынастарда байланысты болатын тұлға олардың әрбіреуімен ерекше қатынаста
байланысты болатын тұлға деп танылады. Егер де заңды тұлғаның кем дегенде
біреуі екіншісінің ірі мүшесі болып табылса, ол өзара байланысты заңды
тұлғалардың тобы болып табылады.
Заңдық күші бар ҚР Президентінің ҚР-ғы банктер және банктік қызмет
туралың жарлығының 40 бабына сай, банктерге ерекше қатынастағы банктермен
байланысы бар тұлғаларға жеңілдік жағдайлар жасауға тиым салынады. Жеңілдік
жағдайлар деген:
*** ерекше қатынастағы байланысы жоқ тұлғалар болып табылады.
Клиенттермен банк табиғатында өз мақсаттары, ерекшеліктері және тәуекелдері
бар келісімдер жасалмайды;
*** банктік операцияларды орындағаны үшін төлем және марапаттауды
(мүдделері) ұстау немесе басқа клиенттерден талап етілетіннен төмен қамтуды
алу.
23.05.1997 ж. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы бекітілген, 27.10.97
ж. толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, пруденциалдық нормативтер
туралы ережеге сай Ұлттық банк банк капиталының жалпы сомасының % түріндегі
бір қарызгерге деген тәуекелдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк тәуекелдері
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
Банктік тәуекелдер
Банк тәуекелдері туралы
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Пәндер