Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру”, “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.
Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі- заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, университет пен мектеп арасында сабақтастықты орнату, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, А.В.Петровский, т.б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П.И.Пидкасистый, Т.И.Шамова, Т.Н.Щукина, т.б. болса, отандық ғалымдардан Ж.К. Намазбаева, Т.С.Сабыров, Н.Д.Хмель т.б. зерттеді.
Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н.А.Ахметова, А.Е.Әбілқасымова, Т.Әбілова, А.А.Бейсенбаева, М.Х.Балтабаев, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.К.Дүйсембінова, М.Ж.Жадрина, Қ. Қайым,
Қ.Қ. Қабдықайыров, И.Д.Синельникова, О.С.Салимбаев, А.Т.Томаев, Б.Т.Набиева, Н.А.Рыков, т.б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрибе жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.
Айталық, Б.Т.Набиева “Формирование у учащихся познавательного интереса к предмету посредством взаимосвязи учебных и внеурочных занятий” тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегінде мәселеге ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап,сабақ және сыныптан тыс оқу арасын теориялық негізде байланыстыруға әрекет жасалған. Ал, ғалымдар К.Қ.Құнантаева мен И.Р.Халитова “Абай мұрасы және мектептегі тәрибе жұмыстары” тақырыбындағы еңбекте Абай мұраларын тәрбие іс-шараларында пайдалану үлгілерін көрсеткен. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабақтағы және мектептен тыс тәрбие жұмыстарда танымдарының қалыптасу байланыстылығын анықтауды көздеп, өзіндік үлгісін жасаған. Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайындағы ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты университет пен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Біз, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты тәрбие жұмыстары арқылы іске асыруды мақсат еттік.

1. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.Л., ЛГУ,1968г.с 339
2. Т.Т. Тәжібаев. Абай жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы, 1964.
3. Алдамұратов Ә.А. Қызықты психология. Алматы, “Қазақ университеті”, 1991-112 б
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Педучилищелерге арналған. Алматы,”мектеп”, 1982

ӘОК 378.373. 5 Қолжазба құқығында
Төлешова Ұлмекен Болатқызы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН УНИВЕРСИТЕТ
АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Алматы 2004
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және этникалық
педагогика кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Баширова Ж.Р.
Ресми оппоненттері: Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының
академигі, педагогика ғылымдарының
докторы,профессор Құнантаева К.Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Тұрсынова А.Б.
Жетекші ұйым: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті
Қорғау “____” ____________ 2004 ж сағат____ Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институтында (480091, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй 2
қабат, мәжіліс залы) К 14.61.09 диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациямен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының
кітапханасында (480091, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,111-үй) танысуға
болады.
Автореферат “____” _______________2004 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Бупебаева
Р.Т.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Нарықтық қатынастар орныға бастаған
егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім
мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта
заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер
болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Қазақстан
Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру”,
“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын
гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени
құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау,
үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.
Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі- заман
сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, университет пен
мектеп арасында сабақтастықты орнату, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін
келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді
етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық
қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А.Н.Леонтьев,
А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, А.В.Петровский, т.б.
ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П.И.Пидкасистый, Т.И.Шамова,
Т.Н.Щукина, т.б. болса, отандық ғалымдардан Ж.К. Намазбаева, Т.С.Сабыров,
Н.Д.Хмель т.б. зерттеді.
Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н.А.Ахметова, А.Е.Әбілқасымова,
Т.Әбілова, А.А.Бейсенбаева, М.Х.Балтабаев, Ж.Т.Дәулетбекова,
Р.К.Дүйсембінова, М.Ж.Жадрина, Қ. Қайым,
Қ.Қ. Қабдықайыров, И.Д.Синельникова, О.С.Салимбаев, А.Т.Томаев,
Б.Т.Набиева, Н.А.Рыков, т.б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға
байланысты және сабақтан тыс тәрибе жұмыстарын ұйымдастырудың
ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.
Айталық, Б.Т.Набиева “Формирование у учащихся познавательного интереса
к предмету посредством взаимосвязи учебных и внеурочных занятий”
тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегінде мәселеге ғылыми талдау жасай келе,
оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің
мәнін айқындап,сабақ және сыныптан тыс оқу арасын теориялық негізде
байланыстыруға әрекет жасалған. Ал, ғалымдар К.Қ.Құнантаева мен
И.Р.Халитова “Абай мұрасы және мектептегі тәрибе жұмыстары” тақырыбындағы
еңбекте Абай мұраларын тәрбие іс-шараларында пайдалану үлгілерін көрсеткен.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабақтағы және мектептен тыс тәрбие
жұмыстарда танымдарының қалыптасу байланыстылығын анықтауды көздеп, өзіндік
үлгісін жасаған. Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайындағы
ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты
университет пен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық
қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Біз, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты тәрбие жұмыстары
арқылы іске асыруды мақсат еттік.
Сондықтан заман талабына сай маман дайындау жоғары сыныптарда
басталып, студенттік кезеңмен ұштасып отырады. Демек, жоғары оқу
орындарындағы оқытушыларға, студенттерге аса үлкен жауапкершілік жүктелуде.
Өйткені, болашақ ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу мұғалімдер мен
оқытушыларға байланысты. Білімді маман даярлау үшін толық қанды адам, жеке
тұлға қалыптастыру күрделі де келелі іс. Оқушылар бойына танымдық
қызығушылықты сіңіру көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу
орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі
қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі
жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары
арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.
Оқушылардың таным үрдісті тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін
арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде
қарастырылған. Соның ішінде А.Тамаевтың “Әдебиет сабақтарында жоғары класс
оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру” тақырыбындағы ғылыми
зерттеуінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығының психологиялық
негіздерін,оны тәрбиелей отырып әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген.
Әр-түрлі таным белсенділігі мен танымдық қызығушылықтары табиғи
құбылыстарға байланысты субъектінің қайта бейнелеу көрінісі (Л.П.Аристова),
тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р.А.Низамов), ал
оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г.И.Щукина), тұлғаның
оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-
әрекеті сапасын (Т.Н.Шамова) сараптаған болса, танымдық қызығушылық
мәселесі Т.А.Буянова, Э.К.Васильева, О.А.Золотарева және т.б., еңбектерінде
көрініс тапқан.
Қазіргі кезде, психолог-педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде кәсіби
қызығушылықтардың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және
әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік
тұрғыда қарастырылып отыр. Кәсіби қызығушылықтардың тәрбие процесінде
қалыптастыру жолдарын Л.А.Вайсбург, Ю.П.Вавилов, А.А.Газаев т.б. ғалымдар
талдаған.
Ал, бұл мәселелермен ғылыми-педагогикалық тұрғыда отандық ғалымдар
А.Е.Әбілқасымова, Г.К.Байдилдинова, А.П.Сейтешев, А.Тамаев, Т.С.Сабыров,
Н.И.Малыгина, Ж.И.Намазбаева, Б.Т.Набиева, Қ.Қайым, Н.Д.Хмель т.б.
айналысқан.
Педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі– сабақтастық мәселесін
А.Макаренко, В.Г.Ананьев, Ш.И.Ганелин, М.С.Керимбаева
Т.О.Оспанов,Г.В.Наумов, С.Смайлов, т.б ғалымдар өз еңбектерінде теориялық
тұрғыдан негіздеген.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің
зерттеу нысанымызға алып отырған оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп
пен университет сабақтастығы негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса
жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық.
Бұл мәселе, кеңінен талданып және педагогика ғылымынан заңды орын алуы тиіс
деп санаймыз. Өйткені, тәуелсіз елге білікті маман даярлау мәселесінің
алғашқы дайындығына икемдеу орта оқу орындарынан бастау алады. Әрі, ол
мәселені университет пен мектеп арасындағы сабақтастықтың мәні мен мазмұнын
айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы зор.
Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-
аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне, немесе талапкерлердің мамандықтарды
таңдаудағы білімсіздігі,сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандыққа
таңдауына байланысты оқуды тастап кетулері, болашақта мамандықтары бойынша
жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушыларды кәсіптік бағдарлау
жұмыстарының мектеп қабырғасында соңғы жылдары ғана қолға алынатынын
ескерсек, танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйелі түрде мектеп пен
жоғары оқу орындары арасында ұдайы іске асыруды талап етеді. Яғни,
университет пен мектеп арасындағы сабақтастық, олардың танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудың сенімді құралы болмақ. Зерттеу барысында
айқындағанымыздай өзекті, тың тақырып мәселе бүгінгі күнге дейін өз шешімін
таппаған,оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен
университет арасындағы сабақтастықтың өз дәрежесінде іске асырылмауы мен
аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық
туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу
жұмысының тақырыбын “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы
мектеп пен университет арасындағы сабақтастық” деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты. Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие
жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы
сабақтастықты теориялық тұрғыда негіздеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде
пайдаланудың әдістемелік кешенін жасау.
Зерттеу объектісі. Орта және жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні. Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие
жұмыстар арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы
сабақтастық үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, оқушылардың танымдық қызығушылығын
сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен
университет арасындағы сабақтастық ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп,
оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені (арнайы курс
бағдарламасы, әдістемелік ұсыныстар т.б.) жасалып педагогикалық үрдіске
енгізілген жағдайда, оқушылардың білім сапасын арттырып және тұлғалардың
жан-жақты қалыптасып, жоғары мәдениетті маман болып шығуының негізі
қаланады,өйткені, білім беру жүйесінің бір сатысынан келесі сатыға өту
барысында танымдық қызығушылықтың дамуы жеке тұлғаның қалыптасуының
алғышарттарының бірі болмақ.
Зерттеу міндеттері:
- танымдық қызығушылықты сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары
арқылы қалыптастыруды ғылыми-практикалық тұрғыдан қарастыру,алғышарттарын
анықтау;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен
университет арасындағы сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие іс-
шараларының сабақтастығының мәні мен педагогикалық мүмкіндіктерін
айқындау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың мектеп пен
университет арасындағы сабақтастық моделін құру, оның
өлшемдері,көрсеткіштері, деңгейлерін анықтау;
- мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың негізінде оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың ғылыми- әдістемелік кешенін
жасау, тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;

университет арасындағы сабақтастықтың негізінде ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар жасау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жалпы адамзаттық,
адамгершілік, философиялық қағидалар, таным теориясы, іс-әрекет теориясы,
дамыта оқыту теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы
айқындайды.
Зерттеудің жетекші идеясы. Танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдарын
мектеп пен университет арасындағы сабақтастық негізінде ғылыми-теориялық
тұрғыда талдау және оның бағыттарын айқындай келе оқу-тәрбие процесінде
пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, зерделі, кәсіптік бағдары айқын тұлға
қалыптастыру.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім саласына
қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың
ресми құжаттары (заңдар, қаулылар т.б.) еліміздің алыс-жақын шетелдік
философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеліп отырған мәселе
бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық еңбектері, мерзімді
басылым ақпараттары, білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары т.б.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу;
педагогикалық зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану; озық
тәжірибелерді меңгеру; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша
зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (1997-1998 ж.) зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып,
теориялық негіздері, зерттелу деңгейі қарастырылды, ғылыми аппараты
жасалды. Философиялық, педагогикалық, психологиялық, физиология
салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, материалдар жиналды.
Екінші кезеңде (1998-1999ж.) жиналған мағлұматтар, дерек көздері,
педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып
жүйеленді. Айқындаушы және қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.
Үшінші кезеңде (1999-2003ж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
қорытындыланды. Бірнеше ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференцияларға баяндама ұсынылды, тақырыпқа байланысты оқу-әдістемелік
құрал баспадан шықты. Эксперимент жұмысының нәтижелері жүйеге келтіріліп,
диссертация түрінде баяндалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- оқушылардың “танымдық қызығушылығы”,”сабақтастық” ұғымдарына анықтамалар
беріп, оларды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие

сабақтастықтың мәні алғышарттары сарапталып,тәрбиелік мүмкіндіктері
айқындалды;
- мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық
қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстар арқылы
қалыптастырудың моделі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектеп-университет жүйесіндегі оқушылардың танымдық қызығушылығының
қалыптасуын анықтайтын бағдарлама ұсынылды;
- “Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру” атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, мектеп пен
университеттің педагогикалық үрдісінде қолданылуға ұсынылды;
- жоғары оқу орындарына арналған “Оқушылардың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру” тақырыбындағы арнаулы курс бағдарламасы жасалынды;
- зерттеу нәтижелерін университеттер мен жалпы орта білім беретін
мектептерде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие үрдісінде пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- “танымдық қызығушылық”,”сабақтастық” ұғымдарының мәні мен мазмұны,
оқушыны қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері;
- мектеп пен университет арасындағы сабақтастық негізінде сабақтан және
аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыру моделі ;

қызығушылықтарын сабақ және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы
қалыптастырудың әдістемесі;
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және практикаға енгізілуі:
Диссертациялық жұмыстың негізгі тұжырымдары 5 халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияларда, 3 республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларда талқыланды. Зерттеу жұмысының нәтижесі ғылыми мақалалар,
тезистер, әдістемелік құралдарды баспадан шығару және студенттер мен
мектеп оқушыларымен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу, студенттердің
педагогикалық практикасын басқару арқылы мектеп пен университет іс-
тәжірибесіне енгізілді.
Зерттеу базасы. Алматы облысы, Есік қаласының Қ.Сәтбаев атындағы,
Р.Тоқатаев атындағы, Алматы қаласындағы № 62,136,81 қазақ орта
мектептерінде және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих
және филология факультеттері.
Эксперименттік зерттеу нәтижелері аталған мектептердің педагогикалық
кеңестері мен әдістемелік отырыстарында талқыланды. Зерттеу барысында
ұсынылған әдістемелік кешен 1998-2002жж педагогикалық практика кезінде
қолданылып, зерттеу нәтижесінің дұрыстығын нақтылай түсті.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
- педагогикалық қағидалардың әдіснамалық және теориялық айқындылығымен,
зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сәйкес келуімен, зерттеу
міндеттеріне сай келетін әдіс-тәсілдерді қолданумен, тәжірибелік-
педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің мақұлдануымен
қамтамасыз етілген.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі,ғылыми аппараты баяндалады.
“Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен
университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері” атты
бірінші бөлімде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың психология-
педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы, оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтастықты зерттеудің алғышарттары,
мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың зерттелу жайы
қарастырылып, моделі көрсетілді.
“Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі” атты
екінші бөлімде оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп пен университет
сабақтастығы негізінде қалыптастыру тәжірибелік-экспериментте тексеріліп,
қорытынды нәтижесі талданады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар берілді.
Қосымшада тәжірибелік-эксперименттен сабақтан және аудиториядан тыс
тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің
тереңдігімен бағаланады. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың
баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті
мәселелерінің бірі жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім
беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстар
істеуге қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай жоғары
мәдениетті азамат дайындау.
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның зерттеу
тарихы,болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Демек,
бұл еңбектер өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай
ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі,
қабілет, талғам, көзқарас т.б. жатады. Адам бойындағы танымдық қасиеттерін
талдаудан бұрын “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдарға тоқталуды жөн көрдік.
Белгілі психологтар Б.Г. Ананьев және К.К. Платонов жеке адамды зерттей
келе, оны өзіндік бөлшек[1,37] деп қарастырған. Ал, А.Н.Тугаринов өз
еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен
сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”,- деп көрсетеді.
Отандық ғалымдар жеке тұлға ұғымын “жеке адам”, “дара тұлға”,
“даралық”, “жеке тұлға”, “адам” т.б. тұрғыларда қарастырады. Мәселен,
Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-
әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата
білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі”[2,3] - деп
қарастырса, Ә.Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы
дамыған қоғамдық тұлға”,- деп анықтама берсе, [3,7]. Белгілі ғалымдардың
бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам.
Әр - адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан
түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады” [4,13] –деп
тұжырымдайды. Ендеше, “жеке тұлға”- саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір
жолын таңдай алатын, барлық күш жігерін игілігіне жұмсай білетін, өзі-өзін
дамытып,тұлғалық “мендік”танымын қалыптастырып отыратын, жан-жақты дамыған
қоғам мүшесі.
Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін,ол қоғамдық
сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек.
Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни т.б. тұрғыда көрініс
береді. Демек, дүниетаным – тұлғаның табиғат,қоғамдық өмір туралы
білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы,
дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туындайды.
Яғни, біздің ойымызша, дүниетаным жеке тұлғаның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Осы тұрғыда
дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып
өтейік:
- ағартушылық-ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін
анықтайды да, ағартушылық сананы қалыптастырады. Ол философиялық
ұстанымдар,әдіснамасы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады;
- тәрбиелілік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан
шындыққа негізделген адамгершілік-ерік бастамалары мен эстетикалық
қатынастарды талап етеді;
- дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани
қозғалыс, әсіресе ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми
дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа
ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің ұстанымдары жатады;
- ұйымдастырушылық-адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы
позиция болып табылады;
- болжамдық-ғылыми дүниетаным ғылыми теория мен тәжірибенің меңгеру
белгілерімен алға жылжытады;
Адамда сан алуан қызығушылықтардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде
ең негізгі қызығушылығы болады. Мұндай қызығушылықтар әсіресе оқу
әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды
болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білім алуына көп
жәрдем тигізеді. Қызығушылықтар оқушылардың оқу түрткілерінің дамуына
байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығушылықтың нақты
көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып,
зерігіп берекесі кетеді. Қызығушылықтың мазмұнды, әрі кең өрісті болуы,
оның басты ерекшеліктеріне байланысты және мұнсыз адамның өмірі дамымайды.
Қызығушылығы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже
шығара алады және ісі әр уақытта да берекелі, нәтижелі болады.
Адамның қызығушылығы әртүрлі істерді орындауға ұмтылудан туады. Ал,
түрткі сол істерге итермелейтін күш, яғни, адамның белгілі қажеттіліктерді
қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі.
Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге,
оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда
түрткілердің маңызы зор.
Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның
айқындалған белсенділігінің негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-
әрекеттің себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:
1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, ағзаның туа
біткен немесе қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді
білдіретін жүре біткен сипатта болуы мүмкін.
2. ыртқы негіздер. Олар адамның іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен
анықталады. Мұндай негіздерге талаптану, үміт күту сияқты мүмкіндіктері
жатады.
3. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделері, ұмтылыстары,
бағдарламалары, сенімімен, дүниеге, қоғамға көзқарастарымен, өзі туралы
түсінігімен анықталады.
Әсер ететін факторлар
макро Меза микро
-жеке дара -белсенділігі -ұнайтын мамандығы
қасиеттері -қоршаған орта -ата-анасының кәсібі
-ниет - білім
-тілік
-ынта
-ықылас
-себеп
Танымдық қызығушылықтың даму
кезеңдері
қажеттіліктен ұнайтын іс-әрекетке тұлғаның қалыптасуының
туындайтын қызығушылығын бағыт-бағдарына, өмірлік
қызығушылықтың тұрақтандыру мақсаттары мен жоспарына
алғашқы туындысы сәйкестендіру жүйесіне
қажеттіліктен туындайтын
қызығушылықтың сипаты
1сурет-Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Осы айтылған ойларды жүйелей келе, оқушылардың өзін қоршаған әлемге
деген танымдық қызығушылығының дамуы жалпы үш кезеңнен құралады, оны
жоғарыдағы (1-суреттен) көруге болады.
Танымдық қажеттілік пен қызығушылықтардың туындауының негізгі шарттары
субъект әрекетінде пайда болатын мәселелік жағдайларда көрініс береді.
Танымдық қызығушылық белсенділік туғызады. Белсенділік сабақтан және
аудиториядан тыс шығармашылық іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Г.И.Щукинаның зерделеуі бойынша оқушылардың танымдық қажеттіктерін
қалыптастыратын ықпалды жолдар, танымдық қажеттілік ынталандыруының негізгі
көзі, оқу материалдарының мазмұны, оқушыға әкелетін алдағы ақпараттардың
белгісіздігі, таңқаларлық сезімдерді оятатын, айқын құбылыстарға жаңаша
қарауға мүмкіндік беретін, білімді жаңа өлшемдерді ашатын материалдар;
ғылыми білімдердің пайда болуы мен даму тарихын айқындайтын, алған
білімдердің практикалық мәнін сипаттайтын мазмұны тұрғысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz