Білім беру жүйесі



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанда білім беру жүйесінің мәні міндеттері және принциптері
2.2. Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі.
2.3. Білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы
2.4.Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны
2.5. Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары.
2.6. Білім беру саласы және Заң Білім беру жүйесін реформалау

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру міндеттерінің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің деңгейін және кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргішкүштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты.Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер етеді,әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады.Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына,мәдениетіне,экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай,Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн.Олар:
-жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
-азаматтықты,үйелменнің,халықтың,қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды,сондай-ақ Республиканың мәдени,қоғамдық,экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
-Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
-қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшінжағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн.Олардың бірі-қоғамдық өндірістің даму және оның ғылыми техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды,білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанда білім беру жүйесінің мәні міндеттері және принциптері
2.2. Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі.
2.3. Білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы
2.4.Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны
2.5. Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары.
2.6. Білім беру саласы және Заң Білім беру жүйесін реформалау

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанда Халыққа Білім Беру Жүйесі
1.Халыққа білім беру ісінің мәні,міндеттері және принциптері
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру
міндеттерінің бірі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің деңгейін және
кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың
үздіксіз процесі, деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргішкүштердің даму деңгейіне
өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты.Сонымен бірге білім беру
ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер
етеді,әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады.Білім беру ісінде осындай
түбегейлі мәселелер еске алынады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық
дәстүр-салтына,мәдениетіне,экономик асына және саяси өміріне негізделіп іске
асырылады.
Міне, осыған орай,Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі
міндеттерін еске түсірген жөн.Олар:
-жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,адамгершілік пен
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,әрбір адамды дамыту
үшін жағдайлар жасау;
-азаматтықты,үйелменнің,халықтың,қо ғамның және мемлекеттің алдындағы
жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды,сондай-ақ Республиканың
мәдени,қоғамдық,экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін
тәрбиелеу;
-Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер
жасау;
-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді
дамыту;
-қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшінжағдайлар
жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір
факторлардың ықпалын ескерген жөн.Олардың бірі-қоғамдық өндірістің даму
және оның ғылыми техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды,білім
беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай,егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие
беретін мекемелер желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық,арнайы орта
және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жоніндегі ролі одан
әрі арта беруі тиіс.
Халыққа беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері
бар.Мысалы,мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қоға
алып,оларға тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет.Ол үшін
балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты
педагогикалық басшылық жасап,оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру
тәрбиешілерден, ата-аналардан,мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен
үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің
мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.Қазақстан Республикасының Заңы
бойынша мына мемлекеттік принциптері басшылыққа алынады:
1.Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының
теңдігі.
Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік
және мүлік жағдайына,ұлтына,жынысына,тіліне,ұс тайтын дініне қарамастан
білім алуға құқы бар.
2.Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегіне білім беру
қызметтірінің теңдігі.
Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойлатын
талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды
республика үкіметі жасап бекітеді.
3.Меншік түрлері,қызмет ету бағыттары,тәрбие беру мен оқыту түрлері
бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік,жеке меншіктік
және аралас болуы мүмкін).
4.Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қа
матамасыз ететін үздіксіздігі.
Бұл барлық білім саласындағы мекемелерде,әсіресе бастаушы,орталау және
орта мектептерде білім берудің сабақтастығын,соған байланысты қисындылық
бірізділгі мен жүйелігімен қамтамасыз етеді.
5.Білім берудің ғылыми сипаты,құқылық және экологиялық бағыты.
Ғылымның,техниканың,мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беру
ғылыми бағытта үнемі жетілдіру.Білім беру мекемесі заңды ұйым,оның өзіндік
мүлік болады,өз атынан мүліктік және мүлікті емес құқыққа ие болды.Білім
беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды,оның үнемі жақсарып
отыруына белсенді көмектеседі.
6.Білім берудің озыңқы дамуы.
Халық шаруашылығын барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы
дамуына байланысты.Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді
ұйымдастырылса,өндіргіш күштердің,халықтық материалдық жағдайының дамылсыз
өсуіне игі әсер етеді.
7.Білім беру жүйесінің басқару демократизмі.
Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен
басқару.Демократияландыру – бұл білім беру мекемелерінің
ведомстволардан,жергілікті мұқтаждықтардан құтылып,қоғамның және жеке
адамның мүддесіне бет бұруы,қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға
қатысуы.Білім беру қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға
қатысуы.Білім беру мекемелері мемлекеттің,қоғамның және жеке адамның білім
алу жөніндегі тілектерін орындайды.
8.Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің
зиялылығын сипаттау,табиғат құбылыстарын,қоғамдық өмірді ғылыми-
материалистік көзқарас негізінде түсіндіру,халық мәдениетіне зиян
келтіретін ымырашылдықпен,жоққа нанушылықпен күресу.
9.Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан
білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады.Республика
Білім министірлігі.оның төменгі атқарушы органдары Қазқастан үкіметінің
білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Барлық білім
беру мекемелері ешқашандай партияның бірігушілер одағының саяси және
идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.
2.Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының заңында толық түсініктеме
берілген.Біріқ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және
мазмұнын қысқаша баяндау қажетсияқты.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие.Үйелмен жеке адамның жан-жақты және үйлесімді
дамуына жауапты.Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі
тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер,ғылыми-зерттеу
институттары,қоғамдық бірлестік,еңбек ұжымдары біріге отырып,оқыту мен
тәрбие жұмысын жақсатруда ата-аналарға,оларды алмастыратын адамдарға
үйелмен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді,жағдайлар жасайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие.Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар 3
жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиеленуге үкімет
көрсетеді.Ол үшін ата-аналарға өтем төлемдері беріледі.
Жалпы орта білім.Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты - әр жақты
дамыған,адамгершілігі мол,жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра
білетін,халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат
қазынасын тиімді пайдалана алатын,зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре
алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас
ерекшелігін үш кезеңіне (балалық шақ,жеткіншектік шақ,жас өспірім шақ)
сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
1 Бірінші саты – бастауыш мектеп (I-IV-сыныптар).
2 Екінші саты – негізгі мектеп (I-IX-сыныптар).
3 Үшнші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (I-IX-сыныптар).
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту.Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігі
дамыту,қоғамдық белсенділігін арттыру,еңбекке,кәсіби бағдар беруге,ғылым
мен техникаға,өнерге,әдебиетке,спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын
тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын,бос уақытын,дұрыс ұйымдастыру
мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру
мекемелері ұйымдастырады.Мұндай мекемелерге:балалар клубтары мен
парктер,балалар кітапханалары,балалар театрлары мен кино,жас техниктер,жас
натуралистер станциялары,балалар стадиондары,спорт,музыка мектептері және
мектептен тыс басқа да балалар мекемелері жатады.
Балалар мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері мектептерге
жан-жақты көмек көрсетеді,мектептермен бірге отырып,оқушыларды әржақты
жұмысқа тартады.Мектеп оқушылары ауыл шаруашылық тәжірибелік және табиғатты
зерттеу мен қорғау жұмыстарына, әр түрлі байқаулар мен сайыстарға, слеттер
мен көркемөнерге қатысады.Мысалы,жас натуралистер станциясы ауыл
шаруашылығына және табиғатқа бейімділігін,қызығушылығын көрсете білген
оқушылар үшін үйірмелер,жас натуралистер,жас
механизаторлар,жасметеорологтар,жас агрохимиктер қоғамдарын ұйымдастырады.
Жас натуралистер қозғалысын оқушылар арасында кеңінен дамыту үшін
станция мына мақсаттарды алдына қояды:
а) жергілікті жағдайды есепке алып,ғылыми-зерттеу мекемелерімен,ауыл
шаруашылық өндірістерінің мамандарымен бірігіп,тәжрибелік жұмыстың
тематикасын,жүргізудің әдістемесін жасау,оларды барлық мектептерге тарату;
ә) оқушылардың теориялық білімдеріне және ғылыми қызметкерлердің
көмектеріне сүйене отырып,ауыл шаруашылықдақылдарынан мол өнім
алу,өсімдіктердің жаңа сорттарынан зерттеу,мал продукталарының сапасын
арттыру;
б)натуралистік жұмыстарды жүргізудің озат тәжірибесін зерттеу,жинақтау
және тарату;
в)селолық мектептердің жанындағы оқу-тәжірибе учаскелерінің және
оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстарына нақты ғылыми-әдістемелік
көмек көрсетеу.
Жас техниктер станциясында оқушылар әр түрлі үйірмелерге
(автоматика,радиоэлектроника,трансп орттық техника,құрылыстық техника,кино
және фото-техника,химия т.б.) қатысып,өздерінің техникасын ойлау қабілетін
жетілдіреді.
Жас техниктер станциясының негізгі міндеттері:
а)жастарды техника саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке дайындауда
жалпы білім беретін мектептерге тұрақты көмек беру;
ә)оқушылардың мектепке математика,физика,география пәндерінен алған
теориялық білімдерін өндіріспен тығыз байланыстыруы.
Сонымен, барлық мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелерінің
жұмысы өздерінің ережелері мен бағдарламасына,оқушылардың өз іс-
әрекеттеріне негізделе жүзеге асырылады.Мектептен тыс мекемелер өздерінің
іс-әрекеттерін мектептермен тығыз байланыстыра ұйымдастырады. Тәрбие және
білім беру жұмыстарын осындай принциптерді негізге ала отырып жүргізудің
нәтижесінде,оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінде қызығушылығы мен бейімділігі
байқалады, таным қабілеті дамиды,саналы тәрбие,терең және тианақты білім
алу жолындағы күресте белсенділігі артады. Міне, осылардың нәтижесінде
олардың өмірге,дүниеге ғылыми көзқарастар кеңиді,қалыптасады.
Мектептен тыс халыққа білім және тәрбие беру жүйесіне саяси мәдени-
ағарту мекемелері де кіреді. Оларға кітапханалар, клубтар,әлеуметтік-саяси
орталық,кино,театрлар,түрлі көрмелер мен музейлер,спорт мекемелері
жатады.Бұл мекемелер халық арасында күнделікті өмір талаптарына жауап
беретін саяси және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп,уағыздайды.
Мәдени – ағарту мекемелерінің бастыміндеттері:
а) үкіметтің қаулы-қараларын қалың бұқара арасында түсіндіріп
насихаттау;
ә) халыққа эстетикалық және дене тәрбиесін беру жайлы тікелей
көмектесу.
Мәдени – ағарту мекемелерінің қызметкерлері осы міндеттерді жүзеге
асыру мақсатымен,ересек жастардың жалпы және кәсіби
сауаттылығын,эстетикалық талғамдары мен сезімдерін,қоғамдық және еңбек
белсенділігін арттыруды жан-жақты көмек беріп,игі әсерін тигізеді.
Кәсіптік-техникалық білім.Халық шаруашылығын барлық салалары үшін
қажетті маман жұмысшы кадрлары дайындау мәселсі кәсіптік-техникалық
училищелерде жүзеге асырылады.Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін
оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік-техникалық лицейлер мен
техникалық гимназияларда іске асырылады.Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын
шеберлікпен меңгере алатын,қазіргі заманғы өндірістің,ғылыми мен техникалық
талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
Орта арнаулы білім.Қазақстан Республикасының азаматтары орта арнаулы
оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады.Негізгі сатыны бітірген оқушылар
кәсіптік оқу мекемелеріне әр түрлі
техникумдар,педагогикалық,медицинал ық,әскери т.б. училищелер жатады.
Жоғарғы білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар
университтерде,институттарда,академ ияларда және соларға теңестірілген оқу
орындарында білім алады.
Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірінші түрлері бар.Жетім
балалар,ата-аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп-
интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Ақыл ойында кемістігі бар және ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалар
үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылды.
Қоғамға жат мінез-құлқымен байқалғаноқушылар үшін ерекше күн
ырғағындағы жалпы білім беру мектептері мен кәсіптік техникалық училищелер
құрылды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Республика азаматтарға
аспирантураларда,докторантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен
докторлары дәрежелерін,доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік
береді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
Жұмысшылар мен мамандардың. Басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және
қайта даярлау арнаулыбілім беру мекемелерінд, кәсіпорындарында, ғылым мен
оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру- сауықтыру, техникалық,
мәдениеттану,тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылды. Оларды
Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару орындары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру- бұл Республика азаматтарының құзыретін және
адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз
етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.
Үздіксіз білім беру жүйесін жақсартудың басты бағыттары: оны дамыту, нақты
білім беру саясаты және халықтың әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктері
білім беру ісін жетілдірудің арқауы болып табылады.

3. Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы

Дүние жүзілік білім кеңестігіне кіру және халықаралық байланыс елімізді
білім жүйесін жасауға мүмкіндік. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып,
Отандық білім жүйесін дүние жүзілік үлгіге салу деңгейіне жеткізу ең басты
мәселелердің бірі. Әсіресе ірі мамандары ең жақсы шетел орталықтарында
дайындау, оларға қажетті жағдайларды туғызуға көңіл бөлу. Осындай
мақсаттарды көздеп, өте тапшы мамандықтарды игеру үшін ҚР 1994 жылы 738
жастар шетелдерге жіберілді. Көптеген қазақ жастары шет мемлекеттердің
жоғарғы оқу орындарында оқиды. Олар әр түрлі ғылым саласында,мысалы,
экономика,халықаралық құқық, халықаралық қатынас, шығыстану, биология,
физика, шетел тілдері т.б. мамандықтарды игереді.
ҚР білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары шет мемлекеттердің оқу
мекемелердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Жыл сайын орта және жоғары оқу
орындарын бітірген және дарында жастарды шет мемлекеттеріндегі жоғарғы оқу
орындарына, асперантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.
ҚР тұратын шет мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
республикамыздың азаматтарымен тән дәрежелі білім алуға, қызмет істеулеріне
қақылы.
ҚР білім беру мекемелері шетелдік мекемелерден және ұйымдармен тікелей
байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілек білдіреді. Олардың өзара қарым-
қатынастары және ынтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.
Білім министрлігі және Республикадағы жоғары оқу орындары 1 қыркүйек 1995
жылы жарияланған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі
Ұлттық кеңестің білім жайлы тұжырымдамасы басшылыққа алынып, білім жүйесін
жаңарту бағытында нақты жұмыстар істелуде.
2.10 Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.
Мақсаты: білім беру мазмұнымен байланысты студенттерді теориялық білім
жүйесін тәжірибелік тұрғыда қалыптастыруға бейімдеу.
Міндеттері: а) Білім беру мазмұны ұғымның мәнін ашып көрсету.
б) Білім беру мазмұнының компонеттерін негіздеу.
в) Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалатынына сипаттама.
Жоспары:
1. Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3. Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.
4. қазіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын
нормативтік құжаттар.
Негізгі ұғымдар: білім беру мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс,
мемлекеттік білім беру стандартты, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.
Пәнаралық байланыс: философия, әлеуметтану, психология, физиология,
педагогика тарихы, этнопедагогика.
Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау. Педагогикада білім
негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым.
Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға,
мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процесі.
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды
түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын
жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана
оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап
ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай
білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістеу.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі ХҮІІІ ғ. соңы ХІХ – басында
қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.
Біріншіден дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп
атаған.
ХІХ ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда
материалдық теорияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Білім беру əлеуметтік институт ретінде жəне оның қазіргі қоғамдағы алғы шарттары
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
Білім беру құндылық ретінде
Білім беру әлеуметтануы
Сматр – теледидар және оқыту үрдісі
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар
Пәндер