Экскурсия түсінігі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I. Экскурсия . . .

1. 1 Экскурсия түсінігі . . .

1. 2 Экскурсиялық іс . . .

1. 3 Экскурсия топтары . . .

II. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2. 1 ҚазҰУ тарихы

2. 2 ҚазҰУ қалашығына экскурсия барысы… . . .

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Шетел, қала қонақтарын, жоғарғы класс оқушыларының жоғарғы оқу орнының ерекшелігімен және дайындайтын мамандар жөнінде танысуға арналған Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары бойынша экскурсия. Мұндай экскурсия оқушыларға болашақ мамандығын және нақты ЖОО-н таңдап алуға көмектесуі мүмкін.
Экскурсия кезінде біз еліміздің ауыз толтырарлық, ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі ҚазҰУ-ға барып шолу экскурсиясын тамашалаймыз, ЖОО-ның деканаты оқушылармен әңгімелесіп, осы мекеменің ерекшеліктерімен таныстырып, сәйкес мамандыққа оқуға шақырады.
Экскурсияның қортындысы ретінде оқушылардың қандай да бір оқу орнына түсуге деген құштарлығынан мектептегі үлгерімі жоғарлауы мүмкін. Экскурсия жоғарғы класс, колледж және лицей оқушылары, қала және шетел қонақтарына арналған.
Экскурсиялар тақырыбы:
«Әль-Фараби атындағы КазҰУ қалашығына шолу экскурсиясы»
Экскурсияның бағасы - 70 теңге бір адамға, топ 30 адамнан кем болмау керек.
Экскурсия бағасына кіреді:
транспорт
мұғалімдермен кездесу, әнгімелесу, ЖОО танысу.

Кампусқа экскурсия.

Экскурсия түсінігі

Экскурсия (лат. excursіo - сапар) - ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени- ағарту, демалу, т. б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Э-ның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т. б. ) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т. б. Экскурсиялар болады. Э. оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Э. оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Э-лар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты аспектлерді қарастырады.

«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.

Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т. б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған. Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.

Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:

1. Мазмұны бойынша;

2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;

3. Өткізген орнына қарай;

4. Жылжу тәсіліне қарай;

5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;

6. Өткізу түріне қарай.

1) Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:

1. Шолу экскурсиялар . Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді - тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар мен құрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.

2. Тақырыптық экскурсия . Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:

1) Тарихи экскурсия - мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:

а) тарихи-өлкетану;

ә) археологиялық

б) этнографиялық

в) тарихи-өмірбаяндық;

г) тарихи мұражайларға бару;

ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.

2) Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:

а) тарихи өндірістік;

ә) экономикалық өндірістік;

б) техникалық кәсіптік.

3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:

а) тарихи-театралдық;

ә) тарихи-музыкалық;

б) халықтың қол өнері;

в) көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.

4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:

а) әдеби- өмірбаяндық

ә) тарихи-әдебиеттік;

б) көркем-әдебиеттік.

2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:

1. Жеке;

2. Жергілікті халық үшін;

3. Шетелдік туристер үшін;

4. Ересек адамдар үшін;

5. Мектеп оқушыларына.

Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі. 3) Өткізген орнына қарай экскурсиялар келесі түрлерге бөлінеді: 1. Қалалық;

2. Қала маңы;

3. Өндірістік;

4. Мұражайлық;

5. Комплексті.

4) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жаяу;

2. Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.

5) Экскурсияның ұзақтылығы на қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.

6) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Экскурсия-серуендеу;

2. Экскурсия-лекция;

3. Экскурсия-музыкалдық;

4. Жарнама экскурсиясы.

Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Университет жайлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ( ҚазҰУ ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 жәнеы Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынға төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жыллғы әлемдік үздік 390 шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг. kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 41, 7 пайыз жинап, 5-орында тұр.

Мазмұны

1 тарихы

1. 1 30-жылдар

1. 2 бүгінгі жағдайы

2 университет қалашығы

2. 1 студенттер сарайы

2. 2 жатақханалар

2. 3 жаңа ғимараттар

3 университет құрамы

3. 1 факультеттер

3. 2 жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру (колледж, бейіндік мектеп)

3. 3 әскери кафедра

4 ұстаздар

4. 1 м. о. әуезов

5 Университет басшылары

6 Атақты түлектер

7 Серіктес университеттер

Тарихы

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

1954 - 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы - профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т. б. ғылыми орталықтардан аса ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО ҒА академиктері И. Мещанинов, Н. Акулов, кореспондент-мүшелер В. Догель, А. Думанский, профессорлар А. Михлин, М. Розенберг, Н. Пакуль сияқты көптеген әйгілі ғалымдар еңбек ете бастады.

КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. Содан бергі заманда ол көптеген ғылыми бағыттар бойынша дамып, жетіліп, халықаралық деңгейге көтерілді.

30-жылдар

1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты отіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Сол жылдары «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақалада: «Қазақстанға еңбек етіп жүргендер . . . мемлекеттік университеттің ашылуы мемлекет тарихына қосар жаңа тарихи оқиғаның біріне айналды», - деп жазылған. Оқудан бос уақытта студенттер тұрғындардың арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды. Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады. 1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді. Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.

Бүгінгі жағдайы

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр - магистр - PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

Факультеттер

Биология және биотехнология факультеті (ҚазҰУ)

Журналистика факультеті (ҚазҰУ)

География және табиғатты пайдалану факультеті (ҚазҰУ)

Физика-техникалық факультеті (ҚазҰУ)

Механика-математика факультеті (ҚазҰУ)

Халықаралық қатынастар факультеті (ҚазҰУ)

Шығыстану факультеті (ҚазҰУ)

Заң факультеті (ҚазҰУ)

Философия және саясаттану факультеті (ҚазҰУ)

Химия және химиялық технология факультеті (ҚазҰУ)

Филология, әдебиеттану және әэтнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті (ҚазҰУ)

Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі (ҚазҰУ)

Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру (колледж, бейіндік мектеп)

Әскери кафедра

Ұстаздар

М. О. Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

М. Әуезов 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалады. Осы жылдары студенттерге арнап «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының суырыпсалма айтыс енері», «Туысқ ан халықтар әдебиеті», « Абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды, бұл курстардын оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бұл еңбегінің ҚазМУ-да бірнеше жыл бойы оқыған абайтану атты курстан құралып келген көлемді монография екендігін 1954 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей облыстық «Екпінді» газетінің редакциясы қойған сұраққа жауап ретінде арнайы айтты.

Әуезовтін « Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихында да оның университеттегі қызметінің алатын орны зор. Сөйтіп ол абайтану атты жаңа ғылымды ұлттық университетте осылайша қалыптастырды.

Қаламгер Қазақ университетінде қызмет ете жүріп, студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән берді. Әсіресе әдеби бірлестік жұмысын жандандыру, онда талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырды. Мұнын жарқын бір мысалы - Әуезовтің 1960 ж. 26 желтоқсанда ҚазМУ-да әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен жастар поэзиясының кешінде сөйлеген сөзі («Жыл келгендей жаңалык. сеземіз») . Кезінде жазушының өзі басшылық жасаған әдеби бірлестік 1961 жылдан бастап «Әуезов атындағы әдеби бірлестік» деп аталып, оның өмірін, шығармашылық қызметін, ұстаздық ұлағатын тану мен танытудың үлкен мектебіне айналды. Әр жылы желтоқсанның соңғы онкүндігі мен қыркүйектің соңғы он күндігі «Әуезов күндері» ретінде әдеби шығармашылық мейрамына айналған.

Филология факультетінде қызмет жасайтын «Әуезов аудиториясы» да ірі шығармашылық ұяға айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылыми-практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді.

Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Мұхтартану», «М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы» секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады.

Университет студенттері Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйреніп қана қоймай, оларды зерттеуге де белсене араласады. Жыл сайын қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде курс жұмыстары, диплом жұмыстары жазылады. Ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып, кандидаттық, докторлык диссертацияларын қорғайды. 3. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» , Р. Нұрғалиевтің «Әуезов және алаш» , Ж. Дәдебаевтың «Мұхтар Әуезов» , Ө. Күмісбаевтың «М. Әуезов және Шығыс» т. б. еңбектер 1997 жылдың жетістіктері. Бұған 1997 ж. 23-24 қыркүйекте өткен «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми симпозиумды және оның университет баспасынан жеке том болып шыққан материалдарын қосуға болады. Түркия, Өзбекстан, Кыргызстан, Қытай елдерінен келген баяндамашылар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ ғалымдарына бұған дейін белгісіз болып келген ірі мәселелерді көтеріп, симпозиумның ғылыми-теориялық деңгейін арттыра түсті.

ҚазМУ ғалымдарының Әуезовтің өмірі мен шығармашылық өнері туралы мақалалары «Қазақ университеті» газетінде, республикалық газеттер мен журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Солардың ішінде 3. Қабдолов пен Ж. Дәдебаевтың Анкарада түрік тілінде шыққан «Мұхтар Әуезов хақында мақалалар» атты кітапта жарияланған мақалалары Әуезовті түркі әлеміне жана қырынан танытуға жол ашты. Сонымен қатар Қазақ радиосы мен теледидарында бірнеше хабар ұйымдастырылды, университеттің телестудиясында «Мұхтар Әуезов және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті» атты 40 минуттық бейне фильм жасалып, орталық теледидардан көрсетілді.

Университет басшылары

  • 1934-1940 - Олихов Фёдор Трофимұлы
  • 1940-1947 - Лукьянец Иван Куприянұлы
  • 1948-1953 - Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
  • 1953-1955 - Асқар Закарұлы Закарин
  • 1955-1961 - Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
  • 1961-1970 - Асқар Закарұлы Закарин
  • 1970-1986 - Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
  • 1986-1988 - Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
  • 1988-1991 - Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
  • 1991-2001 - Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
  • 2001-2008 - Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
  • 2008-2010 - Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
  • 2010 жылдан бастап - Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов

Атақты түлектер

Қазақ ұлттық университетінің әйгілі түлектері

  • Зейнолла Қабдолов
  • Әбіш Кекілбаев
  • Мұхтар Мағауин
  • Дулат Исабеков
  • Қадыр Мырза Әлі
  • Тұманбай Молдағалиев
  • Тұрсын Жұртбай
  • Жүрсін Ерман
  • Нұрлан Оразалин
  • Олжас Сүлейменов
  • Әзілхан Нұршайықов
  • Рахман Алшанов
  • Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
  • Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
  • Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
  • Мырзатай Жолдасбеков
  • Игорь Иванович Рогов
  • Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
  • Қайрат Мәми

Серіктес университеттер

  • Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
  • Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
  • Soongsil University, Корея Республикасы
  • Ching Yun University, Тайуан

Университет қалашығына шолу экскурсиясын ұйымдастыру қауіпсіздік ережелерін айта кеткеннен, ЖОО-ның қысқаша тарихына тоқталып, кейін бар объектілерге жеке-жеке назар аударылады. Біріншіден, экскурсия қалашықтың оң қанатынан бастау алады, себебі, сол жақ қанатта университеттің жаңа құрылыс орындары салынған.

Университет құрылымы : Департаменттер, факультеттер, стратегиялық сраптама және болжау орталығы, ғылыми кітапхана, біліктілкті арттыру институты, баспа, мұражайлар; ҚазҰУ студенттер қалашығы: оқу ғимараттары, студенттер сарайы, оқу интернет орталығы, студенттер үйі, тамақтандыру комбинаты, пресс- служба, спорт комплекс, медициналық пункт.

Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы

Ел азаматына лайықты ескерткіш өмірден өзі өтсе де, атқарған бар тірлігі бұған дейін де, мұнан кейін де ел игілігіне айнала берер академиктің 80 жылдығына арналған ескерткіші өзі негізін қалаған Студенттер қалашығында орнатылғаны құптарлық іс болды. Бұл бір жағынан кейінгі ұрпақ пен академик шәкірттерінің оған деген құрметі десек те болады. Ескерткішті тұрғызу туралы шешім Мәдениет министрлігі жанындағы Ескерткіш және монумент орнату мемлекеттік комиссиясында қабылданған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музей түсінігі
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы
Бақылау түсінігі және оның түрлері
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Музейлердің қор жұмысы
Қазіргі таңдағы сабақты жүргізуде жаңа технологияларды қолдану
Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Түрлі топтарға экскурсия жүргізу ерекшеліктері
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz