Аристотельдің философиясы


... жалғасыАристотельдің философиясы
Аристотель (б. з. д. 384-322) Александр Македонскийдің ұстазы болған. 50 жасында ол Ликей деп аталатын жерде өзінің мектебін ашқан, содан барып «лицей» атауы шыққан№ Аристотельлдің философиясы объективті идеализм болып табылады. Бірақ ол таным теориясында материализмге жақын. Ол дүниені тануға болады және таным адамнан тыс, тәуелсіз өмір сүретін қоршаған дүниенің бейнесі болып табылады деп дәлелдеді.
Аристотель дүниедегі себепті бөліп көрсетеді: материя, форма, себеп және мақсат. Материя - ол тек дамудың мүмкіндігі, ол пассивті, баяу, өзін-өзі қозғауға қабілетті емес. Форма - актив, белсенді, әрбір зат дегеніміз бір түрге келген материя. Форма материяны шындыққа айналдырады. Себеп - не жасасаң, соны жасайтын. Мақсат - барлық нәрсе не үшін өмір сүрсе, сол. Мысалы, үй. Құрылыс материалы - бұл материя, ол салынған үй - мақсат. Жобасымен архитектурасы - бұл форма. Құрылысшылар мен архитекторлар - себеп.
Материя мен форма туралы ілім кейінгі философиялық ойдың дамуына үлкен әсерін тигізеді. Материя қозғалыссыз, пассивті, ал форма белсенді, актив. Мұндай материяның үнемі қозғаялыста болуын жоққа шығаратын ілім метафизикалық деп атала бастады. Себебі материя мен форма туралы ілімін көрсететін болады; бастысы форма, формалардың формасы - құдай.
Материяда зат мүмкіндікте өмір сүреді, форма затты шындық етеді. Мысалы, мыс шар - ол мыс (материя) мен шар тәрізділіктің (форма) бірлігі.
Аристотельдің қозғалыссыз материя, белсенді материяға даму жолымен қозғалысқа түседі деген ілімі алғашқы даму теориясы деп аталады. Гегельден бастап өздігінен қозғалуды негізгі ереже етіп танылмаған барлық ілімдер метафизикалық деп аталады.
Аристотель ұлы ойшыл болды. Ол философияның дамуына елеулі әсер етеді. Ол логика, этика, психология сияқты ғылымдардың негізін салды. Орта ғасырда (V-XVIғғ. ) Аристотель «бірінші ұстаз» атын алды. Бұл кезең Европада латын тілі кең таралған еді. XII-XIII ғасырларда Аристотельдің еңбектерін латын тіліне аударды. Көптеген философтар өздерін Аристотельдің мектебіміз деп жариялады. Осыдан барып, ортағасырлық философия схоластика, яғни «мектеп» деп атала бастады.
Батыс схоластикасы
Өлгеннен кейін қасиетті деп жарияланған Томас Аквинский (1225-1274) ұлы схоласт болды. Аквинский және барлық схоластар космостың кіндігі жер болып табылады деген. Грек геометригі Птоломейдің олар геоцентризм жүйесін мойындады. (Птоломейдің өмір сүрген жылдары (90-160) . Гея деген жер құдайы. Геолис грек мифтерінде күннің құдайы. Птоломейдің айтуынша, Жерді айналатын Күн, Ай және 5 планеталар. Бүкіл дүниені құдай адам үшін жаратты.
Аквинский өз кезіндегі діни және саяси тәріптедідұрыс және құдайға лайықты деп есептеген. Құдайға қарсы адамдарды өлтіру керек деген. Аквинский философияның пәні білімдердің жиынтығы деп есептеген. Философия адам ақыл-ойымен бір бөлшек болғандықтан, құдай уралы ілімнен (теологиядан) төмен тұрады. Теология - құдайдың өзінің ақыл-ойының сферасы. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Дүние - ол жоғарғы қарай салынған баспалдақ: адам - періште әулиелер-құдай. Материя қозғалыссыз, ол тек мүмкіндік. Форма белсенді. Ол материяны ақиқат етеді.
XV ғасырға қарай схоластика өлі теорияға айналды, ол бос сөздікпен уақыт өткізеді. Сол кезеңнен бастап, схоластиканың екі анықтамасы пайда болады: Аристотельдің мектебі есебінде және өмірден оқшауланған ілім ретінде. Схоластикаға тән белгілер: дінге бағыну, идеализм, формализм, жалған аскетизм. (Аскетизм деген - «өмірдің рахатынан бас тарту» деген сөз) .
Шығыс схоластикасы
Әл-Фараби (870-950) философ және энциклопедист, Аристотельді ірі талдаушы. Оны «екінші мұғалім» деп атаған, яғни Аристотельден кейінгі. Әл-Фараби Платонды да талдаған. Философияда ол идеалист болды, құдайылық, тәңірлік ақыл мен жанның мәңгілікті, өлмейтіндігі туралы үйретті. Біреуі - жалпыға бірдей, біреуі- нақты денемен байланысты, жеке екі жан бар деген. 6 негізгі ережесі бар, олар: құдайылық, аспан сфералары, белсенді интеллект, жан, форма, абстракт материя. Философиялық білімді басты деп есептеді. Дүниеде космостық ақыл бар, оны белсенді ақыл деп те атауға болады. Адамның ақылы соның жарығымен жарықтандырмайынша әлсіз, сол сияқты, біздің бір нәрселерді күннің жарығы түспей көре алмайтынымыз секілді, адам ақылы, санасы әлемдік актив сананың ұшқыннын аламйынша әлсіз. Адамның мақсаты- әрекетшіл санамен жалғасу, бірігу.
Әл-Фараби тек қана философиямен ғана емес, сонымен бірге жарытылыстану ғылымдарымен де айналысу қажет деп есептеді. Ол тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да философтарына үлкен әсер етті.
Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) (980-1037), Бұхарадан шыққан, тәжік отбасында дүниеге келген. Ибн Сина феодализм дәуіріндегі Иран мен Орта Азиядан шыққан ең көрнекті философ. 300 еңбегі бар. Орта Азия мен одан шет жерлерде кең танымал болған.
Материя - мүмкіндік, құдай - қажеттілік, ал дүние - шындық. Құдай дүниенің себебі сияқты мәңгілік, дүние нәтиже сияқты мәңгілік. Жан өлмейді және материалдық емес. Бірақ қайтыс болғаннан кейінгі дүние физикалық мағынада емес, рухани мағынада өмір сүреді.
Табиғатты оқып, үйренуге үлкен мән береді. Мамандығы бойынша, ол дәрігер. Орта Азия мен Иранның әр түрлі билеушілерінің тұсында ол дәрігер және уәзір қызметін
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz