Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құл иелену және оның қайнар көздері



Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастарының объектілеріне: мал, мүлік, адам (құлдар), аң, жер, орман, тоғай, су, құдық, т.б. жатады. Біз осылардың ішінде құлдардың құқықтық жағдайына тоқталсақ. Құлдар – меншік құқығының объектісі. Бірақ қазақ қоғамында құлдық (құл иелену) басқа елдерге қарағанда өзгешелеу болды. Бұл жөнінде кейінірек, алдымен құлдықтың (құлиеленудің) генезисіне тоқталайық.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құлдық мәселесін зерттеудің өзінің біршама тарихы бар. Қазақ қоғамындағы құлдық мәселелері И. Крафттың, Ф. Зобниннің, Е. Бекмахановтың, Г. Семенюктің мақалаларында қарастырылған. Бұлар әрине өте құнды зерттеулер, бірақ мұнда тек XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс тіліндегі деректерге негізделген де, XV-XVІІІ ғғ. деректер қарастырылмаған және бізде құлдықтың даму тарихына арналған түбегейлі зерттеу жоқ. Қанша дегенмен де егер құлдық бір кездері қазақ қоғамында орын алса, оның пайда болып, даму тарихи бар ғой. Бұл жөнінде зерттеулер жоқ. Сондықтан біздің мақсатымыз сол олқылықтардың орнын толтыруға тырысу.
Құлдықтың ең бастапқы формаларына қазіргі күні: үй жұмыстарындағы құлдықты, қауымның жоғарғы тобындағылардың төменгі топтағыларға белгілі бір жұмыстарды жасатуын және алым-салық төлетуді жатқызады. Құлдық көшпелі қазақ қоғамында дамудың алғашқы сатыларында болғандығы мәлім. Зерттеушілер арасында бұлардың қайсысы бұрын болғандығы туралы талас көп. Ғалымдардың бір тобының пікірінше, құлдық бірінші болған. Екінші топтың пікірінше, жоғарғы топтар төменгі топтарды әртүрлі жұмыстарға салуы бірінші болған. Енді бір топ зерттеушілер – алым-салықтар төлетуді, тағы бір топ – бұл формалардың барлығы қатар дамыған және кейін белгілі бір себептерге байланысты біреуі басымырақ болған деген пікірде.
1 Крафт И. Уничтожение рабства в Киргизской степи // Из киргизской старины. – Оренбург, 1900.
2 Зобнин Ф. Рабство в Киргизской степи // Сибирский наблюдатель. – 1904. – № 5.
3 Зобнин Ф. К вопросу о невольниках, рабах и туленгутах в Киргизской степи // Памятная книжка Семипалатинской области на 1902 г. – Семипалатинск, 1902.
4 Бекмаханов Е.Б. О зависимых феодальных категориях – рабах и туленгутах // Вестник АН КазССР. –1947. – №6.
5 Семенюк Г.И. Рабство в Казахстане в XV-XІX веках // Труды Института историй, археологий и этнографий АН КазССР. – 1959. – Т. 6.
6 Дополнения к Актам историческим, собранным и изданным Археографическою комиссиею. – СПб., 1867. – Т. 10.
7 Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. – СПб., 1884. – Т. 1.
8 Дженкинсон Л. Путешествие в Среднюю Азию // Английские путешественники в Московском государстве в XVІ веке. – Л., 1937.
9 Материалы по историй Казахских ханств XV-XVІІІ вв. // Извлечения из персидских и тюркских сочинений. – Алматы, 1969.
10 Герберштейн С. Записки о Московских делах / Введение, пер. и прим. А.И. Малейна. – СПб., 1908.
11 Гродеков Н. Киргизы и каракиргизы Сыр Даринской области. – Ташкент, 1889. – Т. І.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құл иелену және оның қайнар көздері
 
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастарының объектілеріне:
мал, мүлік, адам (құлдар), аң, жер, орман, тоғай, су, құдық, т.б. жатады.
Біз осылардың ішінде құлдардың құқықтық жағдайына тоқталсақ. Құлдар –
меншік құқығының объектісі. Бірақ қазақ қоғамында құлдық (құл иелену) басқа
елдерге қарағанда өзгешелеу болды. Бұл жөнінде кейінірек, алдымен құлдықтың
(құлиеленудің) генезисіне тоқталайық.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құлдық мәселесін зерттеудің өзінің біршама
тарихы бар. Қазақ қоғамындағы құлдық мәселелері И. Крафттың, Ф. Зобниннің,
Е. Бекмахановтың, Г. Семенюктің мақалаларында қарастырылған. Бұлар әрине
өте құнды зерттеулер, бірақ мұнда тек XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс тіліндегі
деректерге негізделген де, XV-XVІІІ ғғ. деректер қарастырылмаған және бізде
құлдықтың даму тарихына арналған түбегейлі зерттеу жоқ. Қанша дегенмен де
егер құлдық бір кездері қазақ қоғамында орын алса, оның пайда болып, даму
тарихи бар ғой. Бұл жөнінде зерттеулер жоқ. Сондықтан біздің мақсатымыз сол
олқылықтардың орнын толтыруға тырысу.
Құлдықтың ең бастапқы формаларына қазіргі күні: үй жұмыстарындағы
құлдықты, қауымның жоғарғы тобындағылардың төменгі топтағыларға белгілі бір
жұмыстарды жасатуын және алым-салық төлетуді жатқызады. Құлдық көшпелі
қазақ қоғамында дамудың алғашқы сатыларында болғандығы мәлім. Зерттеушілер
арасында бұлардың қайсысы бұрын болғандығы туралы талас көп. Ғалымдардың
бір тобының пікірінше, құлдық бірінші болған. Екінші топтың пікірінше,
жоғарғы топтар төменгі топтарды әртүрлі жұмыстарға салуы бірінші болған.
Енді бір топ зерттеушілер – алым-салықтар төлетуді, тағы бір топ – бұл
формалардың барлығы қатар дамыған және кейін белгілі бір себептерге
байланысты біреуі басымырақ болған деген пікірде.
Пікірлердің мұндай әралуандығының өзінің объективті себептері бар.
Құлдықтың барлық формаларының дерлік генезисінің ортақ ерекшелігі – алғашқы
қауымдық құрылыс қоғамына тән әдет-ғұрыптар мен институттардан біртіндеп
дамитындығы. Және ең маңыздысы құлдықтың аталмыш түрлерінің біреулері
сыртқы формасы бойынша өзара өте ұқсас та, енді біреулері тығыз араласып,
дифференцияцияланбаған күйде болды. Осы себепті құлдықтың бастапқы
формаларын оған дейін болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден ажырату шегін
жасау, кейде осы формалардың өзін бір-бірінен бөлу қиын.
Негізі көшпелі түркілерде (сақтар болсын, ғұндар болсын, кейінгі
кезеңдердегі қазақтар болсын, кейде бәрін түркілер деп жаздық) құлдар
(құлдық) көне заманнан бері болған. Көшпелі халықтарда да, отырықшы
халықтарда да құлдықтың негізгі қайнар көзі – соғыста тұтқындалу болып
табылады. Әскери жорықтар барысында көшпелілер мал-мүлік, қолөнер
бұйымдарымен қатар адамдарды да тұтқындап алып кеткен және оларды құлға
айналдырған немесе шет елдерге сатқан.
Тұтқын ретінде құлға айналғандардың этникалық құрамы әртүрлі болды.
Мысалы, Ф. Скибин мен М. Трошиннің деректері бойынша атақты Тәуке хан
кезінде орыс, қалмақ тұтқындары болған. Тұтқындар саны әскери жеңістер мен
жеңілістерге қарай әр кезде әр түрлі болған, бірақ тым көп болуы өте сирек
еді.
Құлдарға ие болудың екінші негізгі қайнар көзі - айырбас нәтижесі. Бұл
негізде көбінесе балалар құл болатын. Өз балаларын құлдыққа сату туралы
көптеген деректерде айтылған. Мысалы, Дешті-Қыпшақтың тұрғындары туралы Әл-
Омари былай деп жазған еді: “По временам, когда в иные годы они находятся в
стесненных обстоятельствах, они продают детей своих, чтобы на выручку с них
прокормить себя, и говорят относительно тех из детей своих, которых они
продают: “Лучше остаться в живых нам и ему, чем умирать нам и ему”. XVІ ғ.
ағылшын жаһангері Л. Дженкинсонның айтуынша, ол Ноғай Ордасында болған
кезде халық аштық пен жоқшылықтан қиналған кезде, ол: “...мог бы купить много
красивых татарских детей, целую тысячу, если бы захотел, у их собственных
отцов и матерей, а именно мальчика или девочку за каравай хлеба...”, – деп
жазды.
Көшпелілердің әдет-ғұрып құқығы еркін адамды жасына қарамастан, сатуға
тыйым салады. Еркін адамдарды құлдыққа сатуға тыйым салу туралы көптеген
көне деректерден де кездестіруге болады. Мысалы, Макризи өзінің Едіге
туралы мағлұматын былай деп аяқтаған еді: “Он тот, который запретил татарам
продавать детей своих, вследствие чего уменьшился привоз их в Сирию и
Египет”. Дегенмен де Дешті-Қыпшақ көшпелілері өз балаларын ХІХ ғасырдың
ортасына дейін құлдыққа сатқан еді. Бірақ Л. Дженкинсон айтқан “бір жапырақ
нан” құлдыққа сатылатын балалардың әдеттегі бағасының көрсеткіші емес, ол
аштықтағы бағасы болып табылады. Сондықтан да саяхатшы оны ерекше атап
өткен еді.
Құлдарды айырбастау немесе сату-сатып алу өте қымбат болғандықтан
көшпелілердің бәрінің құлдары болған деп айта алмаймыз. Бірақ қазақ әдет-
ғұрып құқығы қай нәсілден болса да құл иеленуге тыйым салған жоқ және
құлдардың санын да шектеген жоқ.
Бірақ шын мәнінде құлдарды тек байлар ғана сатып алған. Сондықтан
негізінен қоғамда құлдар аз болды.
Құлдардың тағы бір тобын – қарызын өтей алмаған адамдар құрады. Бұл
амалсыздан болған құлдық еді. Егер алдыңғы екі топты әскери тұтқындар мен
басқа елдердің әртүрлі жастағы адамдары құраса, құлдардың бұл тобын өз
бостандығына өзі ие, бірақ белгілі бір өмір жағдайларына байланысты үстем
тап өкілдеріне тәуелді болып амалсыздан құлдыққа барған ерікті адамдар
құрады. Негізінен халықтын басым көпшілігі кедейленген және орташа топтағы
адамдар болғандықтан көшпелі тұрмыс жағдайында қоғамның ауқатты тобына
құлдық тәуелділікте болуы әбден мүмкін еді.
Қарызын өтей алмай, амалсыздан құл болған адам өз өмірі барысында
тиісті қарызын төлеп, еркіндікке шыға алды. Бірақ мұндай жағдай өте сирек
болды және мұндай тәуелді адамдар тобы қазақ даласында өте көп еді.
XVІ ғасырдағы Мас’уд бен Усман Кухистанидің “Тарихи Абулхайр-хани”
еңбегінде 1451 жылы Әбілхайыр хан Темір ұрпағы Абдаллахпен соғысқаннан
кейін Алла-тағалаға ризашылығын білдіріп, барлық тұтқындарды босатып, мал-
мүлікке тиіспеуге жарлық береді. Бірақ мұнда айтылып отырған тұтқындарды
жаппай босату сирек болған жағдайлардың бірі болса керек және үнемі осындай
болды деп айта алмаймыз.
Тарихи деректердің көпшілігі бойынша тұтқындарды (құлдарды) иемденудің
негізгі түрі оларды сату-сатып алу болды. Ф. Скибин мен М. Трошин берген
деректерге қарағанда Тәуке ханның ордасы орналасқан Түркістан қаласында да
құл сататын базар болған. Тұтқындардың бір бөлігі сату үшін басқа елдерге
шығарылатын еді. Құл сататын базарлар Орта Азияның көптеген қалаларында
болған. Құлдар мен тұтқындарды сату үшін Хиуаға, Жоңғарияға, кейде тіпті
Ресей мемлекеті мен “Қытай иеліктеріне” де жіберетін.
Орыс деректерінде құлдардың бағасы жергілікті ақша бірлігінде емес,
рубльмен берілген. Дегенмен де ол деректерден біз құлдың бағасы ақшалай
түрде емес, өзге тауармен көрсетілгенін байқаймыз. Мысалы, 1683 ж. 5
ноябрьдегі құжатқа сәйкес орыстың Васька Григорьев деген әскери адамын
қырым татарлары тұтқындап, кейін Хиуаға жіберіп 10 жылқы мен 3 бұхар
ақшасына айырбастағандығы туралы айтылған.
Г.И. Семенюктің зерттеуі бойынша XVІІІ-XІX ғасырларда Қазақстандағы
әскери тұтқындар саны шамамен 2,5 мың адам болған. Ал одан ертеректегі
құлдардың жалпы саны туралы деректер жоқ.
Көшпелі қазақ қоғамындағы өндіріс процесінде құлдардың ролі басқа
елдердегідей елеулі болған жоқ. Мысалы, XV-XVІІ ғғ. қазақтардың негізгі
кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал шаруашылық өмір қашанда әлеуметтік
қатынастар сипатына да әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Әдеттегі құқықтың көздері
Қазақ әдет құқығындағы хан институты
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастары
Құқықтық әдет, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі орны
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Үйсіндер шаруашылығы
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Пәндер