Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің жалпы сипаттамасы


Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің
жалпы сипаттамасы
Жоспар:
Кіріспе . . . 2
1. Қонақжайлылық индустриясы
1. 1. Қонақжайлылық индустриясына жалпы сипаттама . . . 3
1. 2. Қонақжайлылық индустриясының даму тарихы . . . 2-6
Негізгі бөлім
2. Қонақжайлылық индустриясының менеджменті
- 2. 1. Қонақ үй менеджменті . . . 7-102. 2. Қонақ үй менеджментінің функциялар . . . 11-122. 3. Қонақ үй түсінігі және оның сервисіне сипаттама . . . 13-152. 4. Қонақ үйлердегі орналастыру орындарын классификациялау . . . 16-202. 5. Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметінұйымдастыру . . . 212. 6. Қонақ үйдің тамақтану жүйелігін басқару . . . 222. 7. Мейрамхана туралы жалпы мәлімет . . . 232. 8. Қонақ үйдің мейрамханалары және барлары . . . 24-26
3. Қонақжайлылық индустриясының маңызы
3. 1. Дүниежүзіндегі қонақжайлылық индустриясының даму қарқыны. . 27-28
3. 2. Қазақстандағы қонақжайлылық бизнесі . . . 29
4. Қосымша
Алматы қаласындағы қонақ үйлер тізімі . . . 30-35
Қорытынды . . . 36
Қолданылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға "менеджер", "менеджмент", "маркетинг" ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда "басқа біреу арқылы өз мақсатына жету" болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
Қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасын қонақжайлылық немесе қонақ үй менеджменті деген ғылым қарастырады.
Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе - әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою ("алдына мақсат қойған менеджмент") . Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек.
Қонақжайлылық индустриясының менеджементі өзінің құрамына қонақ үй индустриясын, мейманхана индустриясын және басқа да қосымша қызметтерді біріктіреді. .
1. Қонақжайлылық индустриясы
1. 1. Қонақжайлылық индустриясына жалпы сипаттама
Қонақжайлылық - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдардың тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлылықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті мен дәстүрлі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас бөлігі болған.
1. 2. Қонақжайлылық индустриясының даму тарихы
- Ежелгі кезең (б. з. д. IIIғ - б. з. 476 ж. )
Алғашқы қонақжайлылық индустриясының дамуы және оның құрамына кіретін орналастыру, тамақтандыру сияқты қызметтері жайлы мағлұматтарды Рим мен Грецияның антикалық заманының әдебиеттерінде кездестіруге болады. Осындай әдебиеттер қатарына - Вавилон ханы Хаммурапи кодексін жатқызуға болады. Осы әдебиеттерге сүйене отырып, біздің білетініміз: сол жылдары таверналар негізгі қонақжайлылық белгісі болатын. Бірақ оның мәртебесі өте төмен болатын. Ежелгі Грецияда (б. з. д. I ғасыр) таверналар- әлеуметтік және дін жолының негізгі элементі болды. Олар, негізінен, тамақтандыру қызметін атқарды. Сауданың дамуы орналастыру орнын талап етті, сол себепті “постоялый двор” пайда болды. Олардың көпшілігі Рим территориясында орналасты. Кейіннен Маркр Полоның өзі бұл үйлердің қолайлығын атап өтті. Олар бір-бірінен 25 миля қашықтықта орналасқан. Бұл да саудагерлердің жағдайын ойлағаннан туындаған. Осы кезде “ланч делового человека” ойластырылған. Оны Секвия Локату (Рим трактирщигі) ұсынған. Себебі іскер адамның үйге барып тамақтануға уақыты тығыз болған.
Ал сол кездегі рим аспазшылары өздерін мәртебе тұтқан. Олар бір-бірін әр түрлі даңққа көтеріп, Адриан императорының кезінде Палатинский холмында Ас Өңерінің Академиясые ашылды. (б. з. д. 117-138ж. ж. ) Рим империясының құлауынан кейін қонақ үй индустриясының жаңа кезеңі басталды.
2. Орта ғасырлар (V-XVғ. ғ. )
Ерте Орта ғасырларда қонақжайлылық мәселесімен дін өкілдері айналыса бастады. Сол себепті түнге тоқтау орындары дін үйлерінің қасында салына бастады. Және оларды дін уағыздаушының қарамағындағы құлдар басқарды.
Ал Европада Ұлы Карл туристерге арнап, VIII ғасырда арнайы үйлер салды. Осындай үйлер қатарына Ронсевальский ущелиясындағы аббаттық үй болды. Оның қызметтерінің қатарына: орналастыру, күтіп алу, тегін тамақтандыру, етікші қызметтері, жеміс-жидектер, екі емделу орындары кірді.
Орта ғасырларда адамдардың орын ауыстыруы көбейе түсті, сол себепті жол бойындағы үйлер де көбейді. Бірақ олар өте ыңғайсыз еді. Адамдар жерде матрацтарда жатты және гигиена сақталмаған болатын.
Сондай-ақ сол кездегі алғашқы аспазшылық өнерінің дамуы итальяндықтармен тығыз байланысты еді. XIV ғасырдың 2 жартысында бұл өнер Италиядан Францияға ойысты, ал Франция королдері оның дамуына мемлекеттік ақшаны аяған жоқ. Осы өнердің дамуы соншалықты, 1375 жылы Франция королі V Карлдың Гий атты аспазшысы жалғыз нұсқада ас дайындау кітабын шығарды. Осындай кітаптар Италияда 1470 жылы “Добродетяльные удовольствия” атымен жарық көрді, ал англияда
1508 жылы шықты.
1571 жылы Францияда алғашқы “меню” шықты. Бірақ ол іс жүзінде XVII ғасырдыің 60 жылдарында XIV Людовик кезінде дамыды. Тамақтандыру дискриминация тәртібімен жүзеге асырылды.
XVI ғасырда Англияда халыққа арналған таверналар ашылды. Ауқатты адамдарға жақсы тамақ не орын берілсе, ал кедейлер таверна иелерімен бірге бір үстелде тамақтанып, бір жерде жатқан. Оны француздар “табль дот” деп атаған.
XII-XIII ғасырларда қонақ үй ретіндегі тоқтау үйлері Русьта пайда болды. Жол бойындағы тоқтау үйлер XIX ғасырға дейін жұмыс атқарды. Олардың қызметі теміржолдың пайда болуымен тоқталды. Ал автомобильдің дамуы қайтадан жол бойындағы үйлердің қызметтерінің жандануына әкелді, бірақ оларды “мотель” деп атады. XII ғасырда Русьта “қонақ үй аулалары” пайда болды. Ол алғаш Ұлы Новгорд қаласында салынды. XII-XVI ғасырларда Новгородта “готский”, “неміс”, “датский”, ал Москвада “грек”, “ағылшын”, “персидский” және т. б. қонақ үй аулалары болды. XIII ғасырда қонақ үй аулалары Витебск, Гродко, Бресте, Слоним және т. б. белорус қалаларында пайда болды.
3. XVIII ғасыр
Қонақ үй индустриясының дамуында АҚШ негізгі рөл атқарды. АҚШ-та алғашқы таверна 1607 жылы ашылды. 1642 жылы Нью-Йоркта Stadt Huys атты таверна ашылды. Осы кезден бастап таверналар қоғамдық өмір орталығы болды. Олар Европа стилінде жасалды, бірақ олардық өзгешелігі де болды. Оларда класс бойынша дискриминация болған жоқ және олар әлеуметтік емес, коммерциялық функция атқарды. Сонымен бірге ең әйгілі таверналардың бірі - Fraunces Tavern болды, кейіннен Дж. Вашингтонның штабы болды.
“Ресторан атасы” Буланже Франциядағы Баель көшесінде түнде де істейтін таверна ашты. Ол жерде негізгі берілетін тамақ “restorantes” атты сорпа болды. Кейінннен оның рестораны мыңдаған қонақтарды қабылдай бастады.
1794 жылы Францияда революция болды. Осы кезде Парижде 500 ресторан болды. Революциядан кейін барлық бас аспазшылар дүниені шарлап, әрқайсысы әр жерде ресторан ашты.
4. XIX ғасыр
XVIII-XIX ғасырларда Францияда ресторан бизнесі мен аспазшылық өнері жоғары қарқынмен дами бастады. Олардың қарқындауына байланысты жұмыстар жүргізіліп, әр түрлі ережелер, кодекстер шығарылды. Осы жұмыстарды істеп, көзге көрінген тұлғалар: А. Карэм, У. Дюбуа, Ж. Гур, Ж. Арон, Э. Бернар, Ж. А. Эскофье және т. б.
1830 жылы А. Карэм бес томдық “XIX ғасыр шегіндегі аспазшылық өнері” деген еңбегінде аспазшылық өнеріне толық сипаттама беріп, клиенттерді күту ережелерін қарастырған, буфеттерді құру жұмыстарын түсіндірген. Ал У. Дюбуа мен Э. Бернар өз жұмыстарын Россияда жүргізіп, сервировканың ерекше түрін енгізген болатын.
1898 жылы “Savoy” атты отель Лондонда ашылды. Оның басқарушысы - Цезарь Ритц (қазіргі Ritz Carlton отелдер жүйесі), ал бас аспазшысы - Огюст Эскофье. Ритц пен Эскофье ресторан бизнесін жаңа сатыға көтерді. Ритц өзінің бизнесі үшін көп қаржат бөлді, оның ресторанына адамдар тек қана әдемі көйлекте келетін болды, ал ресторанда оркестр ойнады. О. Эскофье “ас өнерінің императоры” атанды.
АҚШ-тың бірінші қатарлы рестораны - Дельмоника рестораны. Осы ресторанда алғаш рет менюдің екі тілде жазылуы өріс алды.
1852 жылы әрбір американдық ресторан мен отельдегі ресторандарда бас аспазшы француз болды.
1876 жылы Фред Харвей Топик қаласында (Канзас астанасы) алғашқы ресторан ашып, кейіннен алғашқы қонақ үйін салды.
Осылай XIX ғасырдың 2 жартысында қонақ үй және қонақжайлылық индустриясында көптеген жаңалықтар пайда болды. Олар: Батыс елдерінің ресторандарында ер адамдар ған емес, әйелдер де тамақтана бастады; “Savoy” рестораны ең үздік ресторан атанды; тамақты консервілеу арқылы сақтау; Ал Россияда әйгілі қонақ үй кәсіпорындары осы уақытта енді салына бастады. Олардың негізінде “чайная”, яғни шай ішу орындары ашылды. Петербург қаласында ең алғаш шай ішу үйі 1882 жылының тамыздың 28-де ашылды.
5. XX ғасыр
Бұл ғасырда қонақжайлылық индустриясы жоғары деңгейге жетті. Осы сферада АҚШ пен Европа көшбасшылар болды.
1921 жылы Уолтер Эндерсон мен Билли Энгри “White Castle” гамбургерлер тамақтану жүйесін ашады.
1934 жылы “The Rain Room” атты ресторан ашылады. 1959 жылы Америкада француздарға еліктемеген “Four Seasons” атты алғаш ресторан ашылады. Қазіргі кезде осы ресторанның иелігінде 41 отель бар.
1970 жылы қонақжайлылық индустриясында, оның ішінде ресторан бизнесінде - “Taco Bell”, “TGI Friday’s”, “Houston’s”, “Red Lobster”, ал қонақ үй бизнесінде - “Four Seasons”, “ Canadian Pacific”, “Marriot”, “Hyatt” және т. б. қонақ үйлео ашылды.
1911-1912 жылдары Россияда лидвал архитекторының үлгісімен “Астория” қонақ үйі салынды. XIX ғасыр аяғына қарай Мәскеуде “Дюссо”, “Славянский базар”, “Дрезден”, “Париж”, “Гранд Отель”, “Европа” және т. б. жұмыс атқарды. XX ғасырда әлемге әйгілі “Метрополь” қонақ үйі Мәскеуде салынды. Сондай-ақ “Боярский двор”, “Националь” қонақ үйлері қызмет көрсетті.
Ұлы Отан соғысынан кейін көптеген қонақ үйлер жойылып кетті. Бірақ 1950 жылдан бастап қазірге дейін үлкен масштабты қонақ үйлер салынып жатыр.
2. Қонақжайлылық индустриясының менеджменті
2. 1. Қонақ үй менеджменті
Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға "менеджер", "менеджмент", "маркетинг" ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда "басқа біреу арқылы өз мақсатына жету" болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
"Менеджмент" (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің "манус", яғни "қол, күш" деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
- Адамдармен қарым - қатынас жасау әдісі, үлгісі;
- Билік және басқару өнері;
- Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
- Басқару органы, әкімшілік бөлігі (І)
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз максатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процессі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымды мен өнері туралы азын - аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Қонақ үй менеджменті - қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент - нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе - әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою ("алдына мақсат қойған менеджмент") . Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Қонақ үй шаруашылығында - ең алдымен қызметшілер. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым. Менеджмент - бұл адамдарды басқару.
Менеджерлер деген кім? Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер - ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез - келген адам да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.
Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше - менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы адамдар.
"Менеджер - бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жанұясы - фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс". Жапониядағы менеджерлер мектебінің - негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Оның біріншісі - қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер - әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады.
"Өндірістік бірлікті" құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс - әрекеті менеджердің кэз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс - әрекетін қадағалай білуі тиіс.
Менеджердің екінші міндетіне - кез келген шешімді қабылдап, іс әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы, перспективасы туралы да ойланып - толғануы жатады. Әрбір менеджерге - деп атап көрсетеді. Дракер - өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т. б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті - сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс - әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі - келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Қонақ үй, мейрамхана т. б. менеджмент және маркетинг туристік бизнесте ерекше орын алуға тиісті.
Барлық елдерде қонақ үйлер басқару жүйесінде менеджмент жетістіктерін ұтымды жақтарын пайдалануға тырысады. Сондықтан да менеджерлер алдына қоятын талап тілектер қалыптасқан.
Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы және тікелей жұмыс атқаратын адамдар тобы қалыптасқан.
Менеджерлер үш топқа бөлінеді:
- жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджерлер қызметіне араласпайды;
- басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы менеджерлер, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады;
- қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер;
- қонақ үй кәсіпорынның даму стратегиясының қалыптасуына, ірі мәселелерді шешуші мамандар.
Қонақ үй бизнесіндегі менеджер төмендегі бес негізгі іс - әрекеттерді жүзеге асырады.
Біріншіден, ол - қарамағындағыларға бағдар бере алатын, мақсат қоя білетін оның орындалуын талап ететін тұлға.
Екіншіден, менеджер - мақсатты огрындау бағытында сараптама жүргізе отырып дұрыс шешім қабылдауы, проблема мәселесін топтамастырып, шешуде қызметкерлерді жұмылдыра білуі қажет.
Үшіншіден, қонақ үй ұжымымен тығыз қатынаста болып, жұмысты ұйымдастыра, жүргізе білу.
Төртіншіден, қонақ үй қызметкерлерінің әрқайсысының жұмысына баға беріп, бағалау, марапаттау менеджерлердің функциясына жатады.
Бесіншіден, адамдардың кәсіби шыңдалуына, өсіп жетілуіне назар аудара отырып, өзінің жетілуіне көңіл бөлу қажет.
2. 2. Қонақ үйді менеджментінің функциялары
1. Жоспарлау
2. Ұйымдастыру
3. Мотивациялау
4. Бақылау
Жоспарлау дегеніміз - кез-келген өндірісті, оның материалдық көздерін және рыноктың сұранысын ескере отырып, дамуының негізгі бағыттарын анықтау. Жоспарлау төмендегілерді қарастырады:
1. Маркетингтік талдау
2. Техникалы-экономикалық талдау
3. Қаржылық талдау
Жоспарлаудың сапалық деңгейі төмендегідей қажетті шарттармен анықталады:
1. Кәсіпорын басшылығының барлық басқару деңгейіндегі жете білушілігі
2. Функционалдық бөлімдегі қызметкерлердің мамандық біліктілігі
3. Ақпараттық базаның болуы және тиісінше оның техникалық жарақтануы
Жоспарлаудың маңыздылығы:
1. Мақсаттарды анықтау
2. Кәсіпорын саясатын анықтау
3. Іс-шаралар кешенін жасау
4. Мақсаттарға жету әдістерін анықтау
5. Кәсіпорын жұмысы барысындағы әрі қарайғы ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау үшін негіздемелер жасауды қамтамасыз ету.
Жоспарлаудың әдістері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz