Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу этаптары мен заңдылықтары



I. Кіріспе

Нарық дегеніміз не?

II. Негізгі бөлім:

1. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы

2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай

3. Нарықтың мәні және атқаратын басты қызметтері

III. Қорытынды:

Нарықтық экономиканың қазіргі көріністері
Ең алдымен мынаны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдар нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы біріңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық- Бұл тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
1 Әубәкіров. Я “Экономикалық теория және нарықтық қатынастар”
/”Ақиқат” 1996ж-№1/

2 Уоттс. М “Нарық экономика әліппесі”
/”Ақиқат” 2001ж-№9/

3 Әміров.Т “Нарықтық қатынастардағы кикілжіңдер”
/”Ақиқат” 1995ж-№4/

4 Адасбаев. А “Нарықтық экономиканың маңызды буыны”
/”Егемен Қазақстан” 1997 –19 наурыз/

5 Жүнісов.Б, Мәмбетов.Ү, Байжомаров.Қ “Нарықтық экономика негіздері”
/Оқу-методикалық құралы 1-бөлім. Ақтөбе 1993ж/

6 Нұрғалиев. Қ “Қазақстан экономикасы”
/Оқу-құрлалы. Алматы 1994ж/

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу
этаптары мен заңдылықтары”

Жоспар

I. Кіріспе

Нарық дегеніміз не?

II. Негізгі бөлім:

1. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы

2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік
жағдай

3. Нарықтың мәні және атқаратын басты қызметтері

III. Қорытынды:

Нарықтық экономиканың қазіргі көріністері

Кіріспе

Ең алдымен мынаны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең
зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі
кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі
жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ
жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген
экономикалық ғылымдар нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас
басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан
ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы біріңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық- Бұл тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасатын
экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сату мен байланысты жұртқа
жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық
құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған
қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп,
келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы
жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс
жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы
жібере алады. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған
өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі
ретінде көрінеді.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе –
ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып
алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-
сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы
керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы

Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға
созылғанымен, бірақ ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы
қауымда материалдық негіз - қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім
болмағандықтан нарықтың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын
жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса
айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш
күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде
нарықтық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты нарықтық
ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда
орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті нарықтықтар
құрылды. Жергілікті нарықтар арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі
қалыптаса бастады.
Нарық - мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік
әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі нарық шаруашылық
байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде
орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді
ақпарат өңделеді, тауарлар мен қызмет көрсетулерді, капитал мен еңбекті
керекті жеріне, көрсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде
ағылшын экономисті А.Смит нарықтық күшті, “көрінбейтін қол” деп атаған
болатын. “Көрінбейтін қол” идеясының мәні мынада; адамдар өз мүддесіне
әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, тұтас болғанда
қоғам үшін тиімді игіліктер нарығының негізін қалайды. Шынында да, А.Смит
өмір сүрген заманда нарықтың “көрінбейтін қолы” тауар өндірісін, айырбасын,
бөлісін, халықтың күнделікті қажеттерінің өтелу процесін реттеп отырады.
А.Смит теориясы бойынша қала халқы таңертең нан, сүт, ет, көкөніс
тағамдарынсыз қаламын деп ойламайды, өйткені, жоғарыда аталған заттарды,
сол сияқты сұранысы бар тауарларды өндірушілер неғұрлым тиімді, мезгілінде
өткізуге тырысады. Демек, тауар өндіруді, оны тасымалдауды, тұтынушыға
өткізуді сатуды ешкімде бір орталықтан басқармайды. Осы істерді нарықтың
“көрінбейтін қолы” бақылайды.
Нарықты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да
нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп
түсіндіруге де болмайды. Нарық түсінігін тар және кең мағынада беруге
болады. Тар мағанада тауар айналыс саласы – сауда, кең мағынада нарық бұл
қоғамның өндірісті ұйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен
тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді шешеді:
1 Тауарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда
бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында
пайдалану керек.
2 Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтымын толығырақ
қамтамассыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
3 Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқарылуы
керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруды қандай
технологияны қолдануды анықтау.
4 Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген
өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
5 Өзгерістер бола қаласа қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол
жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез
соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалуы
керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен
күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы
арасындағы бітістік болып табылады.
Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып,
өндіріс технологиясы өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және
олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық
белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер
тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу
үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде
шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген сайын өндіруші шығынын жабу үшін
бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады.
Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік- экономикалық тиімділігіне де әсерін
тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми- техникалық прогресс пен
озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім
шығаруды азайтса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы
реттелінеды.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің
баға көтерушілік ниеттерін тежеу өнімді сатуға байланысты мәселелермен
маркетинг саласы айналысады.
Нарық дегеніміз- шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі
болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп
отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі
қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.
Нарықтық қатынас сұраныммен негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың
қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі
өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным төмендейді, баға арзандаса,
сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқандай, өнімге деген
сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа
өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты
сатып алушының қалауына байланысты болады.
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған тауарының санынан-ақ белгі бермек.
Тауар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, тауар өндіру
көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге
жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан
ұсынысқа әсер ететін себеп - пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беру
тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек,
өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе
өндіріс шығындарын азайтады.
Тұтынушының сатып алғысы келген тауарлардың саны өндірушінің сатамын
деген тауарының санына дәл келсе, сұраным мен ұсыныстың тең болғаны.
Нарық адамдар арасындағы сан-салалы экономикалық қарым-қатынас жүйесі
болғандықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда түрлі
қағидаларға тіреледі.
Нарық экономикасын қалыптастырудың негізгі бірнеше алғышарттары бар.
Олар бір орталықтан бүкіл ел экономикасын әкімшілік жолмен басқаруды
қабылдамайды. Демек, мемлекет органдарының шаруашылық жүргізу әдістеріне
тікелей, барлық ұсақ-түйегіне шейін араласуын қажет етпейді. Бірақ та бұл
қағидадан мемлекет қол қусырып, “түнгі күзетші ” ретінде қалуы керек деген
ұғым тумайды. Керісінше, мемлекет стратегиялық, жалпы қоғамдық маңызы бар
мәселелерді реттеуші, оған ықпал етуші күш. Мемлекет қолында экономикалық
және саяси билік бар, ол елдегі ғылыми-техникалық саясатты жүргізеді,
монополиялық үстемдікке қарсы реттеуші, банк, ақша-қаржы жүйесіне әсер
етеді. Сайып келгенде, сан- алуан экономикалық қызмет атқарады. Мемлекет
ортаны қорғау, елдің қауіпсіздігін сақтау, экологияны жақсарту, қоғамдық
транспорт, байланыс т.с. маңызды объектілерді басқаруға іргелі ғылымға, оқу
жүйесіне, зейнеткерлер мен мүгедектерге, кадр даярлауға көмектесетіні
белгілі.
Нарық қатынастарының қалыптасуы да мемлекеттік органдардың қатысуынсыз
жүрмейді. Бірақ мемлекет бұрынғы кеңес шаруашылығы жүйесіндегі барлық
мәселеге араласатын, тауар өндірушілердің шаруасына әкімшілік жүргізетін,
оларға кері ықпал ететін, жалақыны, бағаны тағайындайтын күш болмауы керек.

Нарықтық қатынастардың бір орталықтан әкімшілік әдіспен басқаратын
экономикалық жүйеден артықшылығын индустриясы дамыған елдердің тәжірибесі
дәлелдеді. Онымен бірге бұл қатынастарды сыңаржақты мадақтауға, оның
кемшіліктерін ескермеуге болмайды. Осыған орай стратегиялық маңызды мәселе
мемлекеттік реттеу мен нарық саясатының артықшылықтарын дұрыс ұшырастыру.

Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік
жағдай

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берейік. Бұл сұраққа жауап беру
оңай шаруа емес. Себебі, жеріміздің тарихын білеміз.
Нарықтық экономикаға өту белгілі бір тарихи дәуірді қамтиды. Бұл
процестің қысқа мерзімде аяқталмайтындығына бірнеше негізгі себептер бар.
Әңгіме - дамыған нарықтық қатынастардың қалыптасып, ел экономикасының жан-
жақты өркендеп, халықтың әл-ауқаты, мәдени-техникалық дәрежесі жоғары болуы
туралы боп отыр. Осыған орай дамыған нарықтық экономикаға өтудің бірнеше
негізгі ерекшеліктеріне тоқтауға болады: Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағының
басқа распубликаларындай 70 жылдан астам әкімшілік-әміршілік жүйе
қалыптасты да, нарық бет бұрған қатынастар қалыптасуда. Демек, шаруашылық
жүргізудің бір жүйесінен, оған қарама-қарсы екінші жүйеге ауысуы қысқа
мерзімде болуы мүмкін емес. Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру,
әкімшілдік- әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өтпелі
кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және
экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп
партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру
жасау бостандығымен басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық
өмірімізде орын алуда. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен
қатар, кооперативтік, жалгерлік, акцоинерлік қоғамдар мен серіктестіктер,
жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген
күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі
тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне,
ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық
салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір бүйірден қысса,
экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтіқ тұрмысын одан әрі
күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің әлеуметтік тұрмысын одан әрі күйзелте
түсті. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіріп жатқандығының
көрінісі. Сондықтан еліміздегі жағдайды қалпына келтіру мен реформаны одан
әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік шаралар кешенін барлық
салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған
қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде
республиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Салық құрылымының реформалануы
Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Пәндер