Президенттік билік


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. Көшпенді халықтардағы ел билеу жүйелерінің дамуы . . .

2. Ресей Федерациясында президенттік институттың қалыптасуы және

оның ерекшеліктері . . .

3. Қазақстандағы президенттік биліктің тарихи тамырлары және

президенттік инстититуттың қалыптасуы . . .

3. 1 Ресей және Қазақстандағы президенттік институттардың

айырмашылықтары мен ұқсастықтары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: бүгінгі күні біздің мемлекетіміз даму жолында. Осы даму барысында ең көп мән беретін жағдайлардың бірі болып, президенттік билік болып саналады деп ойлаймын. Себебі, мемлекет дамуының негізі - күшті басқару жүйенің болуы. Біздің елімізде қоғам өмірінің барлық салалары бір адам қолында шоғырланған және де ол біздің еліміздің ішкі және сыртқы дамуының бағыттарын анықтайды. Сондықтан еңбіріншіден президенттік институттың бастауларын таңып білу қажет. Қазіргі Президенттік биліктің тарихи тамырларын зерттеуге «халық руханиянатының бастауларын» есте ұстап, еліміздің тарихи дамуы барысында бабаларымыз сомдаған орталық биліктің қаcиетті алтын діңгегіне арқа тіреп, егемендікті күшейте түсуінің бірден-бір себебі де осы. Ал, жоғарғы билік күшті болған кезде, басқа да салаларды бірыңғай үрдіспен дамытуға болады. Осы арқылы біз демократиямен қатар бүкіл саяси жүйені қайта қарап, дамыта аламыз. Саяси жүйені толық жаңғыртып, дамыған кезде еліміз алдыңғы қатарлы елдерге қосылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: осы жұмысты жазу барысында: Л. Н. Гумилев, Дж. Неру, Ж. Х. Жунусова, Б. А. Майлыбаев, М. Б. Қасымбеков, М. С. Машан, Н. Ә. Назарбаев сияқты ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Бұл кітраптарды президенттік биліктің тариха тамырларын анықтау мен қатар бүгінгі күні президенттік институт жаңа пікірлер жиналған.

Жұмыстың негізгі мақсаты болып: бүгінгі күні Қазақстанның жоғарғы билігінің тарихи тамырларын анықтап, президенттік институттың жүйесін дамыту арқылы, басқа да саяси институттардың жұмысын зерттеуге жастардың бет бұруы. Қазақстанның жоғарғы билігін толық саралап зерттеу арқылы еліміздің Орта Азия және бүкіл әлем сахнасында өз орнынды иелену үшін керек даму тенденцияларын анықтау.

Зәрттеу мақсатынан тарайтын негізгі міндеттер:

  • Президент жанындағы комиссиялардың жұмысын жаңғырту.
  • Президенттік биліктің тарихи бастауларын әр бір адамға жеткізу үшін баспадан жаңа кітаптарды шығару
  • Басқару жүйесі мемлекет дамуында маңызды роль атқаратындығына байланысты болғандықтан оның мәнін толық ашу керек.
  • Мемлекетте дамыған, ашық көзқарастағы қоғамды қалыптастыру
  • Мемлекетте басқа да саяси институттарының жұмысына қызығушылықты таңыту
  • Қоғамда саяси плюрализмге жол ашу

Жұмыстың әдістемелік негізі: ретінде мен конституциялық заңдарды және деректік материалдарды қолдандым. Олар арқылы біздің елімізде президент билігі ата-бабаларымыздан өз бастауын алатынына көзім жетті және заң арқылы бүгінгі президент атқаратын қызметтерін қарастырдым. Осымен қатар жұмысты толық ашу үшін салыстырмалы анализге негіздеп жаздым.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: менің ойымша, бұл тақырыптың практикада қолдану барысында жаңа өзекті тұстарды ашуға болады. Себебі, біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі факторларының бірі - президенттік билік болып саналады. Ал, оның тиімді тұстарын іс жүзінде көруге ғана болады. Осы арқылы біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына және дүниежүзілік сауда ұйымына кіре алатындығының жағымды, жағымсыз жақтарын тек іс жүзінде ғана тексере аламыз.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: жалпы жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде бүгінгі ұсынып отырған тақырыбынын өзекті тұстары мен мақсаттары айқындалып жазылған. Жұмыстың 1-ші бөлімінде президенттік биліктің тарихи тамырлары анықталынады яғни, көшпенділердегі ел билеу жүйелерін қарастыру арқылы. 2-ші бөлімде жұмыс тақырыбын толық ашу үшін Ресейдегі президенттік институттың қалыптасуы қарастырылады. Ал, 3-ші бөлімінде Қазақстанның президенттік тарихи тамырларын анықтап, бүгінгі орын алып жатқан президенттік институттың қалыптасуы және оның Ресей елімен ұқсатықтары мен айырмашылықтары қарастырылады. Тақырыпты толық ашу үшін 28 әдебиет пайдаландым.

1. Көшпенділердегі ел билеу жүйелері

Көшпенділердің ел билеу жүйесінің тарихи тамырлары өте тереңде, өткен ғасырларда жатыр. Ол кезеңнің деректерін мұқият саралап, ел билеу және отан қорғау істеріне пайдаланудың маңызы зор. Әрине тарихи деректерді саралауда біз ғылыми көзқарас негізінде ел дамуына объективті баға беруге тырысамыз. Мәселен, отаршылдық рухта жазылған кітаптардың мазмұны халқымыздың ой-өрісі мен сана-сезіміне тигізген кері әсерінің әлі де болса жойылып кетпегенін бір сәтте естен шығаруға болмайды деп ойлаймыз. Совет дәуірі кезіндегі тұжырымдарды коммунистік шовинизм туындысы деп бағалауға болады. Біздің ата-бабаларымыздың артта қалғандығы, жабайылығы туралы өсектерді де осы тұрғыдан бағалауымыз дұрыс. «Тәуба, коммунистік программа жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті, тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық деп отырмыз. Бірақ еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келеді», - дейді Мұхтар Мағауин [1] . Шынында да, республикамыздың тәуелсіздігіне 15 жыл болғанымен, біздің мемлекет азаматтарының біразының саяси көзқарасы Совет Үкіметі кезіндегі берік орныққан саяси көзқарастан көп алыс кетпеген. Сол ескі пиғылдағы тарихымды білем дейтін, тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген пілдей жазушыларымыздың ерекше белсенділері - еуроценттристтер. Олардың ішінен «История Казахстана: народы и культуры» еңбегімен көзге түскен тарихшы - бүгінде марқұм - Н. Масанов. Қазақстан тарихы туралы автордың оқулығының алғашқы беттерінен-ақ, автордың «қазақстандық ұлт» деген ұғымды ойға да, бойға да сіңіргісі келмейтіні байқалады. Сондай-ақ, Масанов «Время» газетінің 2001 жылғы 19 шілдедегі жарық көрген «всеМИФная история» деген сұхбатында: « Тарих сахнасына алғаш шығуынан бастап түркітілдес халықтар ешқашанда өзінің біртұтастығын таңымады. Сонымен бірге біртекті тайпа ретінде саналмады», - деп, бабаларымыздың тұтастығын жоққа шығарғысы келді [2] . Ал, ақиқат басқаша еді… Бұл жөнінде Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» аталатын еңбегінде: «Менің пайымдауымда тарихқа деген бұл сияқты көзқарас европацентризм мен кеңесцентризмнің тұрақтанған дәстүрімен тікелей байланысты. Байырғы ұлы бабаларымыздың ұрпағы ретінде, біреудің шайнап бергенін малдану бізге жараспайды», - деп жазады [3] . Шынында да, еуроцентрист «тарихшылар» еліміздің тарихына байланысты жалған теорияларға халықты сендіргісі келеді.

Бірақ еуроцентристтер бекер арамтер болады. Өйткені өркениет тарихы басқаша. Мысалдар келтірейік, Дж. Неру: «Азияның базбір өңірінен шыққан арийлер, скифтер, ғұндар, моңғолдар, түріктер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияның отары сияқты болды. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар», - деген болатын [4] . Сонымен қатар, дүниедегі ең алғаш өркениет белгілері Азияда пайда болып, дамығанын көрсеткен де Дж. Неру болатын. Осыған орай «Өркениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Ол латынның азаматтық, қоғамдық деген сөзінен шыққан. Л. Морган, Ф. Энгельс түсінігіндей, варварлық жабайылық кезеңінен кейінгі даму дәуірі. Өркениет пен ұлт бір-бірінен ажыраспайтын екі үлкен ұғым. Ал ұлттың жұлдызды сәті - мемлекет құру, әлемдік тарихқа өз өрнегін салу мүмкіндігі болса керек. Көшпенді халықтарда өркениет пайда болғаннан бері мемлекеттің алғышарттары да пайда болды. М. Қозыбаевтың түсінігінше, ең алғашқыда Ұлы Далада әдет-ғұрыптарға, салттарға негізделген билік үстемдік құрған. Түрік қағанаты кезінен бері авторитарлық билік жүйесіне көшу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде екі билік формаларының ұштасуы болды. Яғни, авторитарлық билік пен халық билігі бір жүйеге қалыптасты. Осыған орай академик Манаш Қозыбаев көшпенді халықтардағы өркениет пен мемлекет ұғымдарына нақтылы анықтама берген. Ол далалық өркениет және далалық демократия терминдерін алғаш рет ғылыми айналымға енгзіп, өз еңбектерінде жан-жақты негіздеді.

Ұлы оқымыстының ғылыми осы жаңалығын күні бүгінге дейін дұрыс түсіне алмай жүргендер бар екенін байқаймыз. Мысалы, М. Қозыбаевтың «авторитарлық билік пен халық билігі бір жүйеге қалыптасты» деген тұжырымы тұрғысынан Қазақ хандығы бізге үйреншікті монархия (әсіресе абсолюттік монархия) деп түсінуге болмайды. Өйткені, хандық билікпен бірге халық билігі қатар өрілген. Қазақ хандарын қарулы бар азаматтар ақ киізге отырғызып, таққа көтеру рәсімін де сөз етіп отырған далалық демократия билік жүйесінің айқын белгілерінің бірі екендігі күмәнсіз нәрсе.

Оқымыстылар арасында табиғи орта этностың өркениетті ел болып дамуына үлкен әсер тигізетінін түсінетіндері болған. Алайда, Дала деген сөздің мағынасын терең қарастырмай, жұрт дала өркениеті терминінің дүниежүзілік тарихтағы үлкен маңызын түсінбеушілік те болған. Ал картаға көз салып, үстірт көз жүгіртсек те, ата-бабаларымыз қоныстанған территориясында Алатау, Ұлытау, Тянь-Шань, Мұғалжар тауларын, Еділ, Енисей, Ертіс, Жайық өзендерін аңғармау мүмкін емес. Осыдан көшпенділерде өркениеттің дамуына барлық жағдайлардың болғандығын аңғара аламыз. Көшпенді түрік бабаларымыздың тарихын терең білген, оны жоғары бағалаған Л. Н. Гумилев еді.

Оны « . . . түріктердің қоғамдық тірлігі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайраң қалдырады: ел, еншілік-таспиқтық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады», - деген болатын [5] . Көшпенділер өркениеті әлемге орасан зор империя көлемінде мемлекеттік басқару жүйесін берді. Әрине оның дамыған түрі бірден пайда болған жоқ. Көшпенді халықтардағы ел билеу жүйесі белгілі бір даму сатыларынан өткен. Сатыларды анықтау үшін көшпенділердің шежіресін нақты түсіну керек. Шежірені - аталарды тарату деп тар ұғымда ғана түсінуге болмайды. Ғылыми негізде олардың шығу, таралу тегі, тілі, өсіп-өнуі, жер бетіне таралуы, орналасуы, тірлігі, әдет-ғұрпы зерттеледі. Ру-тайпа шежіресі мен ата-бабаларымыздың саяси жүйесінің тарихи түбі бір. Көне жазбаларында ру-тайпа шежіресі туралы көп жазылған. Байұзақ Қожабекұлы Албани бұл жайлы былай деген: «Сол деректерде сақтардан тараған тайпалық одақтар: Алан, Тоқар, Әби, Ауғаси, Әсия, Йатия, Сақарабақ, Үйсін, Қаңлы, Дай (Адайлардың арғы тегі) аталса, біз қалайша тек шежірені орта ғасырдағы аталарымыздан бастаймыз» [6] . Яғни, көптеген ғалымдардың қазақ халқының ел билеу тамырларын Қазақ хандығы кезеңінен іздейтінімен келісуге де негіз жоқ. Ең алдымен, арғы ата-бабаларымыз сақтар мен түріктердің саяси құрылымдарын тану қажет.

Сақ ханының қолында елдің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу, соғыс не бейбітшілік мәселесін шешу, елшілер тағайындау, одақ құру, ел басқару ісіне көмекшілер тағайындау тағы басқа да жұмыстар шоғырланды. Ал, оның саясаттық бағытын анықтайтын негігі әсер етуші фактор - халық. Билік мұрагерлік жолмен берілді. Ежелгі уақытта да халықтық жиналыстар болды. Бірақ жиналыстарға заман ерекшелігіне сай тек қаруы бар адамдар қатыса алды. Осыған орай, далалық демократияны «әскери демократия» деп те атайды. Жалпы, сақ дәуірінің - қазақтың саяси жүйесінің түп тамыры деп саналуы дұрыс, - дейді оқымыстылар.

Ел басқару ісінде дәстүрлердің жаңарып отырғанын, даму процесінің екінші кезеңге өтуін түрік дәуірінен аңғарамыз. Соның арқасында қаған өлгеннен соң, оның орнына билік отырғызу дәстүрі Түрік қағандығында жалғасын тапты. Оның себебін оқымысты Қ. Салғараұлы толық түсіндіреді. Оның ойынша, мынадай тарихи шындыққа назар аудару қажет. Азаттық үшін шешуші шайқастарға қапысыз дайындалған жағдайда бірнеше ірі жеңістерге жеткен Бумын қаған байтақ далада әкімшілік, этникалық бірлік, территориялық ыңғайластық негізінде бернеше тайпалық одақтарды федерациялық жағдайда ғана Түрік мемлекетін құрғаны белгілі. Оңтүстігінде жаулаушы империямен, шығысында варварлықтың орта шенінде тұрған халықпен географиялық орта шеңберде тіршілік ету жағдайы бұл мемлекетке негізінен бақташылық тұрмысты, осы бақташылық таңған көшпелі өмірді сыйлады. Бұл және бұрынғы өзімен өзі томаға тұйық жатқан бақташылық тұрмыс емес, ежелгі отырықшы көршілерімен ғасырлар бойы қарым қатынаста болған, солармен жарыса дамып, олардағы көшпелі тірлікпен үйлесім тауып, кейбір жақтарын өздеріне қабылдап, өздерінің жақсысын оларға жұғыстырып отырған ерекше күрделенген бақташылық тұрмысы еді. Осындай жағдайда жердің сонысына, судың тұнығына орай жеке иелігіне ру-ру болып көшіп-қонып жүрген құрамды елді басқару, оның бірлігіне, тұтастығына жарықшақ түсірмей ұстап тұру оңай болмаған. Мұнда найзаның ұшымен, білектің күшімен құралған құрамды елдің өздерін бағындырған күштің мықтылығын үнемі сезініп отыруы - тұтастық сақтаудың басты шарты болған. Сондықтан билік тізгіні тек қарулы қолда болуы шарт болған. Елін бодандық бұғаудан босатып, дербес азат мемлекет құрған Бумын оны түсінген. Сол себепті, ол бұрын қалыптасқан мұрагерлік дәстүрді сақтап отырып, жас баланы таққа отырғызудың қаншалықты қауіпті екенін сезіпті, ел басқару жеке қағанның өзімен бірге араласып, көзғарық болған, ыстық - суықтан бірдей өтіп, ақыл-ойы кемелденген інісін отырғызудың мәнін түсінген және осыны одан әрі заңдылық ретінде қалыптастыруды еліне өсиет етеді. Осы өсиетке сай Бумыннан кейінгі қағандар мұрагерлікке інілерін тағайындағаны тарихтан белгілі.

2. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Ресейде президенттік институт 1991 жылдан бері қызмет атқарады. осы институтты Ресейдің мемлекеттік жүйеге енгізу туралы шешім 1991 жылдың сәуір айында өткізілген жалпыхалықтық референдумда шешілді, ал осы жылдың 12-ші маусымында бүкілхалықтық сайлау арқылы осы қызметке Б. Н. Ельцин тағайындалған болатын. Өзінің эволюциялық даму басында осы институт бүгінгі президенттік институттан өзгеше еді. Ол мемлекеттік биліктің авторитетін қайта құру үшін және заңды орындауды қамтамасыз ететін атқарушы билікті нығайту мақсатында құрылған болатын. [7] .

1991 жылдың 24 сәуірдегі қабылданған «РСФСР Президенті туралы» заңында 11 ғана бап болған. Кейбіреулері бүгінгілермен тоғысады ал, басқалары өзінің практикалық, заңгерлік мағынасын жоғалтты. Осы заңда Президент жоғарғы қызметтегі тұлға және РСФСР-дегі атқарушы биліктің басшысы ретінде сипатталған болатын. Осыған сәйкес президент дәрежесі екі негізгі компонент арқылы қосылды: ол бір уақытта мемлект басшысы және атқарушы биліктің конституциялық басшысы болды. Бірақ, президенттік институт осындай үлгіде көп қала бермеді. 1993 жылдың 3-4 қазанда аяқталған Контитуциялық кризис жаңа Конституцияны қабылдауға әкелді. Жаңа Конституция Президенттің қызметін және деңгейін басқаша дәрежеге көтерді. Президенттің бұйрығына сәйкес «РСФСР Президенті туралы» заң қолдануға мүмкін емес және Конституцияға қайшы келетін болып таңылды.

1993 жылдың Конституциясы мемлекетік биліктің жаңа органдар жүйесін орнықтырды. Мемлекет басшысының қызметін және үкімет басшысын бірыңғай атқаратын Президенттік республиканың американдық моделінен бас тартылды. Таңдау жартыпрезиденттік француз моделіне түсті. Осы модельде мемлекет басшысының және үкімет басшысының қызметтері бөлінеді. [7] . Осымен Президент қызметі Ресей үшін жаңғырту ретінде саналады.

Президенттің қызметін нақты анықтау үшін, еңбіріншіден оның атқаратын қызметінің деңгейін қарастыру қажет керек деп санаймын. Президент мемелекеттік институт ретінде өте ерекше орынды алады. Себебі, ол мемлекеттік маңызы бар барлық салаларды қадағалайды. Оның ерекше орны Конституцияның структурасында көрінеді. Онда мемлекеттік органдар жүйесінің сипатталуы Президент бөлімінен басталыды. Ресей Федерациясының Президентінің статусының негізі 80 бапта көрсетілген. Президент мемлекеттің жоғарғы басшысы болып табылады. Бірақ, Коституциялық құқықта мемлекет басшысы сөзіне нақты анықтама берілмейді. Көптеген елдердегі қолданылатын конституциялық құқықта мемлекет басшысы термині мүлдем қолданылмайды. Мемлекет басшысының қызметі конституциялық құқықтың практикасына сай анықталынады. Әдетте мемлекет басшысының ең басты қызметі осы мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайын басқа елдерге таңыту болып табылады. Оны мемлекеттің символы және ресми өкілі деп таңуға болады.

Президент конституциясының мызғымастығын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады. Ол мемлекеттің барлық органдарының конституциялық нормаларды бұзбауын қадағалайды. Ол заңдарға вето құқығын салады және нормаға сай келмейтін заңдардың іске асырылуын тоқтатады. Ол Үкіметтің шығарған шешімдерін қабылдамау мүмкін. Сонымен қатар конституциясының мызғымастығының жеке гаранты ретінде ғана емес, конституциялық сотпен қатар бола алады. Ол азаматтардың бейбіт және ұқыты өмір сүруінің гаранты болып табылады. Осыған байланытсты заң жобаларын ол Мемлекеттік Думаға енгізеді. Осы заң жобалары жеке адамдармен бірге қандай да белгілі топтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, әскери шенді адамдар яғни, мемлекет қамқорлығы қажетті адамдар болып табылады. Президент жанында адам құқықтары жөніндегі комиссия бар. [8] .

Президент ел егемендігін сақтауға бағытталған заң жобаларын және шараларын қабылдау керек. Бас штабы және қорғаныс министрі президентке тікелей жауапты болады. Осы жағдайда әскери күштерді басқаруда орталықтандыру принципі жүзеге асады.

Президенттің маңызды қызметтерінің бірі - мемлекеттік органдардың билігінің ара қатынасын нығайту болып табылады. Ресейде мемлекеттік билік 1993 жылдан бастап үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.

Ресей президенттік институтының басқа елдерден ерекшклігі ол, президенттік биліктің бірде бір осы билік тармақтарына жатпауы. Басқа елдерде президентке заң атқарушы билігі жатады. Осыдан байқайтынымыз ол президенттік билік басқа билік тармақтарынан жоғары тұратыны. Ол басқа тармақтарының жұмысында тек арбитр қызметін атқарады.

Президент мемлекет дамуының сыртқы және ішкі бағыттарын анықтайды. Осы норма өте жалпы болып келеді және кең қызмет атқаруға барлық жағдайды ұсынады. Басқа мемлекеттерде осындай қағиданың болуы аз кездеседі. Осы бағыттар жылма жыл Федералды Жиналысқа ұсынылады.

Президент өз қызметін жайдан жай тастай алмайды. Ол үшін нақты 3 жағдай көрсетілген:

1) Қызметтен шектету, осының негізінде билікті өз шешімімен қалдырып кету болып табылады. Осындай жағдайда президенттің өкілеттігі уақытша Үкімет Төрағасына жүктеледі. Еңбңрңншңден президент өтінішті жазады. Бірақ, шешім нақты болу керек. Себебі, ол қайтарылмайды. Осындай жағдай Ресей Федерациясының тарихында орын алған болатын. 1999 жылдың 31 желтоқсанында Б. Н. Ельцин өз шешімі бойынша президент міндеттерін Үкімет Төрағасы болып табылған В. В. Путинге жүктелді.

2) Денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босату. Осында екі нұсқаның болуы мүмкін:

А) Президент қатты ауырады бірақ, шешімдерді өзі қабылдай алады. Осы жағадайда денсаулық жағдайына байланысты президентті қызметтен босатады. Бұл қызметтен шектетумен бірдей болады, бірақ нақты жағдайлар көрсетіледі.

Б) Егер президент шешімдерді өзі қабылдай алмаса және оның есі дұрыс емес таңылған кезде қызметтен босату. Осы жағдайда шешімді шығару үшін арнайы авторитетті медициналық қорытынды керек болады.

Егер президент қызметті тек уақытша ғана атқара алмаса, оның орнына уақытшы Үкімет Төрағасы мемлекеттің барлық істерін атқарады.

3) 1991 жылы енгізілген заң бойынша президент конституцияны бұзғаны үшін қызметті тастауға міндетті болды. Ал, қазір конституция өзгергеннен кейін мемлекетті лдау немесе одан да ауыр қылмыс істесе қызметті тастауға мәжбүр болады. Президентті босату үшін Мемлекеттік Думаның үштен бір бөлігі осы шешімді қолдау керек. Осыдан кейін арнайы комиссия құрастырылады. Ол Үкімет Төрағасы және барлық фракциялардан 13 мүшемен бірге комиссия жұмысын атқарады. Осы шешім Жоғарғы Сотпен бекітілуі тиіс. Толық шешімді Федерация Кеңесі қабылдайды. Импмчмент кезінде президент өзінің барлық үстемдіктерін автоматты түрде жоғалтады.

Оның қызметі Үкімет Төрағасына тапсырылады. Бірақ ол Мемлекеттік Думаны таратуға, референдумды шақыруға, Конституцияны өзгертуге құқылы емес.

3. Қазақстандағы президенттік биліктің тариха тамырлары және президенттік институттың қалыптасуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Президенттік республиканың ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Билік бөліну принциптері
Президенттік басқару жүйесі
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz