Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім
беру мазмұнының жанаруы

1.1 Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелелеу, білім беру
жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Балабақшадағы тәрбиені дамыту мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді
жаңарту жолдары
2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру
және дараландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын жекелей және
даралай жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми – теориялық негіздерін анықтау;
-Балабақшадағы балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
Зерттеудің әдістері: Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнынын жаңартуда педагогикалық – психологиялық әдіс – әсілдердің бірі әңгіме әдісі, сұрақ – жауап әдістер, бақылау және байқау әдістерін қолдану.
1. Усова А «Балабақшадағы оқыту» Алматы, 1987 – 126 бет.
2. Бакраденова А. «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу
программасы» Алматы, 1988 – 246 бет.
3. Тарасова Л.Т. «балабақша меңгерушілеріне арналған кітап» А, 1987.
4. Крупская Н. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» Алматы, 1988 -32 бет
5. Баймұратова «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы»
Алматы, 1989 – 246 бет.
5. Исаева «Мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру
мазмұнының жаңаруы» Отбасы және балабақша №6 /112/ 2005 2 бет.
6. Сәтімбекова М. «Балбөбек бағдарламасы мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту негізі» Отбасы және балабақша
№3 /139/ 2004 – 13 бет.
7 Жұмабекова «Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы»
Отбасы және балабақша №5 /105/ 2004 – 2 - 6 бет.
8 Базарғалиева Ғ.Т. «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл – ойын
белменділігін жетілдіруде оригаидің тиімділігі» Отбасы және
балабақша №1, 2006 – 22 - 23 бет.
9. Есенова А «Жан – жақты бала тәрбиесі» Отбасы және балабақша
№6, 2006– 27 - 30 бет.
10. Шанаева Г. Шағын кешенді мектепке дейінгі тәрбие орталығының «Қарлығаш» бағдарламасы. Отбасы және балабақша №1, 2006, 12 -13 бет.
11. Ережепова У «Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары» Отбасы және
балабақша №1, 2006 – 22 - 23 бет.
12. Халилаева Э «Балабақша тәрбиешілерінің білімін жетілдіру» Отбасы және балабақша №3, 2006 – 16 - 18 бет.
13. Әуелбекова К «Мектепке дайындықтың мазмұны» Отбасы және
балабақша №1, 2005 – 6-7 бет.
14 .Мағжан Жұмабаев « Педагогика » Алматы « Ана тілі » 1992 ж.
15 Қазиева С. Оқушылардың ой-өрісін дамыту //Бастауыш мектеп, 2004, №1. –Б. 41-44 б
16 Сардарова Ж. Дидактикалық компютерлік ойындар және оның дамытқыш қуаты // Қазақстан мектебі, 2005, №10. –Б. 48-49 б
17 Жұмабекова З. «Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы » // Отбасы және балабақша №/105/ 2004, 2-6 б.
18 Тарасова Л.Т. «Балабақша меңгерушілеріне арналған кітап» А,1987.
19 Ережепова У. «Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары»
// Отбасы және балабақша №1, 2006, 22 – 23 б.
20 Есенова А. «Жан-жақты бала тәрбиесі» // Отбасы және балабақша №6, 2006, 27-30 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау. Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім
беру мазмұнының жанаруы

1.1 Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелелеу, білім беру
жұмыстарын үйлесімді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
1.3 Балабақшадағы тәрбиені дамыту
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді
жаңарту жолдары
2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру
және
дараландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын жекелей және
даралай
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Қазіргі заманғы бағдарламалардың өзіндік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін
болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы
қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі
мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті,
мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар,
өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 –
6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да
маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН атты Жолдауының Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы
технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған
біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген
жөн деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен
білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді
талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық
жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту
әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті:
- Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие
мен білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми – теориялық негіздерін
анықтау;
-Балабақшадағы балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен
білім беру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін
қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
Зерттеудің әдістері: Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім
беру мазмұнынын жаңартуда педагогикалық – психологиялық әдіс – әсілдердің
бірі әңгіме әдісі, сұрақ – жауап әдістер, бақылау және байқау әдістерін
қолдану.

Теориялық қолданымы:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен
білім беру мазмұнын жаңартудың тиімді үлгілерін табуды және
ұйымдастыр уды жалпы тәрбие мен білім беру әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен
білім беру мазмұнын жаңарту жұмысының нәтижелері жалпы білім
беретін балабақшалардың оқу процесінде енгізілген жағдайда,
балалардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік
жасайды. Зерттеу материалдарын балабақшадағы оқу пәндерін оқыту
үрдісіне кеңінен пайдалануға, және – де балабақша тәрбиешілерінің
білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

І Тарау Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім
беру мазмұнының жанаруы
1. Қоғамдағы балабақшалардың тәрбиелік мәні

Балалар мектепалды топтарын бітіргенде толықтай бағдарламаны менгеріп
шығады. Буынға еркін бөліп оқуға, жазбаша, ауызша есеп шығаруға ойларын
жеткізе білуге дағдыланады. Әр тоқсан жаңа жыл аяғында балаларға байқау
тест өткізіледі. Сәуір айында облыстық білім басқармасынан келген тексеруде
балалар білімі жақсы көрсеткіш берді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі "Білі.м беруді дамыту
тұжырымдамасында" 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп
баруы тиіс делінген. Онда баланы оқьггу бағдарламаның үйлесімділігі, оны
шаршаудан қорғау мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына
назар аудару, баланың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру көзделген.
2003-2004 оқу жылында 5-6 жастағы 3453 баланың 18 пайызы ғана балабақшада
тәрбиеленсе, 2004-2005 оқу жылында 3356 баланы міндетті мектепалды
даярлықтан өткізуіміз тиіс еді. Аталған жағдайларды сараптап қарасақ
қаламыздағы алты балабақшаның жобалық сиымдылығы 1020 орын, қазіргі таңда
1,5 -6 жасқа дейінгі 670 бала барлығы 1195 бала оқып тәрбие алады.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, баланың дем алуын, оқуын, тамақтануын
қамтамасыз ететін болсак, қаламызда балаларды дайындауға тағы 1-2 балабақша
немесе мектепалды даярлық сыныбы қажет. Себебі қазіргі таңда қаламыздағы
бес балабақша баламен толық және 5 жасқа дейінгі 200 бала, 5-6 жастағы 150
бала орын алуға кезекте тұр. Кадр мәселесіне келсек, кәсіпорын педагогтары
1999 жылдан бері жыл сайын балаларды мектепке дайындап, олар дайындаған
балалар мектеп, гимназияларда жақсы оқушы атанып жүр.
Білім негізі —бастауышта қалады десек, оған барар жол балабақша
қабырғасында мына төмендегідей проблемадар шешілуі тиіс.
1.Балаларды толықтай мектепалды бағдарламасымен қамту үшін жабылған бала
- бақшаларды қайта ашу немесе мектеп жасынан арнайы талапқа сай топтар ашу
(ойын бөлмесі, тамақтануы, демалуын қамта-масыз ету).
2. Топтағы бала санын реттеу.
3. Мектепалды даярлық пен бастауыш білім арасында сабақтастық болатын
жүйелі бағдарлама жасау.
4.Мектепалды топтарды оқыту үшін жан-жақты жетілген кадрларды даярлау,
қабылдау.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру
әлеуметтік құрылымның ен маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазакстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту
тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық
делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбие
жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, нәтижелі жалғастырып келе жатқан Оңтүстік
Қазақстан облысында бүгінгі таңда 109 балабақшада, 880 мектепте мектепалды
дайындық сыныптары (топтары) бар. Ол мекемелердегі баланың бастауыш
мектепте қиналмай оқып кетуіне жағдай жасау мақсатында мектепалды дайындық
сыныптары жұмыс істейді. Мектепалды дайындық сыныптарының ашылғанына 5 жыл
болды десек, осы жылдар ішінде ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым
министрлігінде бірнеше нормативті құжаттар қабылданды. Министрліктің 1999
жылы шілденін 15 жұлдызындағы №97 бұйрығымен Жалпы білім беретін мектептер
мен мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды дайындық сыныптары мен топтары
үшін 5-6 жасар балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайында мектепке
дайындау бағдарламалары, Балабақшада 5-7 жасар балаларды мектепке
дайындау, бағдарламалары дайындалып білім мекемелеріне таратылады.
Ал 2003 жылы Қазақстанның Мектепке дейінгі тәрбие тарихында бірінші рет
Білім және ғылым Министрлігінің басшылығымен мектепалды дайындықтың оқу -
әдістемелік кешендері (оқулыктары) дайындалып таратылады. Оқулықтар көркем
безендірілген, балалардың жұмыс істеуіне өте ыңғайлы, дамыту тапсырмалары
баланың жас ерекшелігіне сай келеді. Педагог кадрлар үшін оқулықтардың
кешенді түрде дайындалуы үлкен жеңілдіктер әкелді. Өйткені, онда баланың
Әліппе – дәптерімен қатар, мұғалімге көмекші құрал – дидактикалық
материалдар мен әдістемелік құрал бірге дайындалған. Балаларды мектепке жан
— жақты дайындауға көмегі мол. Сондықтан аталған оқулыктар үшін Білім
министрлігіне алғысымыз шексіз. Баланың білім сапасын қазіргі таңда мектеп
бітірушідердің 2003-2004 оқу жылындағы Біріңғай Ұлттық тестердегі
жинақтаған балына байланысты сараптаптасақ, сол сапаны қамтамасыз етуді
бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастауымыз қажет. Сондықтан
бүгінгі танда мектептер мен балабақшаларда оқу тәрбие жұмысын бірнеше
аспектілерден қарауымыз тиіс. соның бірі білім мен тәрбиені ұйымдастырудың
жүйесі. Ол жүйе төмендегідей болуы тиіс: (А қосымша)
- Мектепалды дайындық тобындағы оқу - тәрбие жұмысынын мазмұны мен
ұйымдастыру дың тиімді әдістерін тандап алу.
- Мектеп пен балабақшадағы кадрларды дұрыс іріктеп алу.
- Материалдық - техникалық және медициналық - әлеуметтік жағдай жасау.
- Мектепалды дайындықтың сапасына әлеумет пен ата - аналар қауыммен бірге
ұйымдастыру.
Аталған міндеттердің біріншісін шешуде білім мен тәрбиедегі ұтымды
технологияларды пайдалану үлкен нетиже береді. Оқу –тәрбие ісінде Ә.
Жүнісбеков пен Зайцевтін баланың жылдам сауатын ашу, санауға үйрету
технологиясы, М. Монтессоридің сенсорлық тәрбиесі, Л.С. Выготскийдің
баланың болашақ даму аймағын болжай дамыту технологияларының ролі зор.
Тәрбиеші, мұғалім бастан аяқ өзі түсіндіріп, өзі қорытынды жасамай, баланың
өзі ізденіп, талдау жасап, қорытындыға келу, өзінше жол таба білу,
проблеманы шешудін сара жолдарын іздеп, табушы болуына мүмкіндік берілуі
тиіс. Ондай жағдайда бала оқып - біліп жатырмын деген ойда емес, ойнаудамын
деген түсінікте болады. Өйткені бұл әрекеттердің бәрі баланың бойында даму
орталықтарында жүзеге асырылуы арқылы қалыптасады.
Ол даму орталықтары қандай болу керек деген мәселеге тоқталар болсақ,
бейнелеу, табиғат материалдарынан балалардың өз беттерінше түрлі заттар
жасау, қағаздан қию, шығармашылық ойындар ойнауға мүмкіндіктің болуы. Даму
орталықтағы заттардың барлығы қозғалмалы, бала өз керегінше олардың орнын
ауыстыра алады.
Екіншіден дұрыс іріктеліп алынған кадр мәселені нәтижелі шешетіні анық.
Мектеп жүрегі - мұғалім десек, сол ұстаздарымыз қандай деген сұрак туады.
Ұлағатты ұстаздар деген атқа лайықты болу үшін білімді де білікті болуы
тиіс. Бізде ондай ұстаздардын қатары мектептер мен балабақшаларда жетерлік.
Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының №49 Аленький цветочек
балабақшасының мектепке даярлық тобы тәрбиешісі А.Хоменко, №69 Светлячок
балабақшасының мектепалды дайындық топ тәрбиешілері Окапова мен Г.Тұранова,
№44 орта мектебінен Ж. Сейденова, Төлеби ауданының Қарлығаш балабақшасы-
ның тәрбиешісі Қ. Тасымбекова, Төлеби ауданының Таукешу бастауыш
мектебінен Э. Ешматова, Мактаарал ауданының Б. Момышұлы мектебінен Г.
Мұсабекова, т.б.
Педагогтың білімін жетілдіріп шеберлігін шыңдауға көмектесетін шаралардың
бірі ұстаздардын біліктілігін арттыру курстары. 2002-2004 жылдары үздіксіз
білім беру институтыньгн курсынан 1200 ден астам мектепалды дайындык
сыныптардың мүғалімдері өтті. Ол курстар институт базасында және
аудандардын өтініші бойынша аудан қалаларында өтті. Мысалы 2002-2004
жылдары арнайы мектептегі мектепалды дайындық сыныптары мұғалімдері үшін
Арыс, Түркістан қаласы мен Қазығұрт, Сарыағаш , Төлеби аудандарында өтті.
Курс барысында педагогтар тек қана лекциялар тыңдап, практикалық сабақтар
көрумен шектелмейді, тыңдаушылармен арнайы семинарлар, пікір алмасу,
тәжірибе алмасу сабақтары Шебер қолдар байкауы, экологиялық
экскурциялар, Кім алда, Жылдам микрофон іскерлік ойындары өтіледі,
шығармашылық есептер тыңдалып, педагогтар тәжірибе алмасады.
Мектепалды дайындық сыныптары ашылғалы бері институтта бірнеше
әдістемелік оқу құралдары дайындалып таратылды. Олар: Көнілді
математика, Айналамен таныстыру экология негіздері, Тіл дамыту,
Валеология, Көркем әдебиеттер жинағы, Жылдық календарлық жоспар
түзуге көмекші әдістемелік құралдар, Әдептілік әліппесі, Дамыту
ойындары жинағы, Бастауыш білім беру мамандарымен бірге мектептегі
әдістемелік шараларды өткізу жинағы дайындалды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру ісін
жақсартудың бір жолы - ол педагогтар шеберлігін арттыру. Мектепалды
дайындык бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, тарату, оқу -
тәрбие үрдісін жанашыл технологиямен ұштастыра отырып, ғылым мен практиканы
байланыстыру, оларды мектеп пен балабақша өміріне ендіру. Осы мақсаттарды
іске асырудың бір жолы шығармашылық топ жұмысы болып табылады. Шығармашылық
топ жаңа шыққан бағдарламаларды сынақтан өткізу, жаңа әдістемелік
құралдарды дайындау ісіне көмектесу, практикалық сабақтар беру. Ондай
шығармашылық топ үздіксіз білім беру институтының бастауыш білім беру
кабинетінде бар, олардың біразының енбегі облыс көлеміне таратылған. Атап
айтсақ, Шымкент каласынын №65 Балбұлақ балабақшасының қазақ тілі пәнінін
мұғалімі З.Бұхарбекованың Балаларды қазақ тіліне үйрету, №3 балалар
үйінің Балаларды табиғатта сауықтандыру, Төлеби ауданының Қарлығаш
балабақшасының ағылшын тілін үйрету іс - тәжірибелері, осы балабақша
әдіскері К.Нурсейтова мен институт әдіскері К. Әуелбекованың іс -
тәжірибелерінен әзірленген Әдептілік әліппесі бағдарламасы мен
әдістемелік құралы.
Ауданнан келген педагог кадрларға кез - келген уақытта тәжірибелік кеөмек
беру мақсатында Шымкент қаласының №39 Ландыш балалар бақшасындағы
педагогикалық шеберхана жұмыс істеп келеді. Балабақша ұжымы тәжірибелік
сабақ көргісі келіп, тәжірибе алуға талпынған педагогтарды қабылдауға
мүдделі, сондай - ақ жоспарлы түрде жылына 2-3 рет семинар сабақтарды
педагог қауымды шақырып көрсетеді. Осындай жұмыс биылғы жылдан бастап
Шымкент қаласының №65Балбұлақ, №69Светлячок. №100 Буратино, №118
Әсел бақшаларында жана бағытта жүргізіліп келеді. Аталған балабақшалар
әдістемелік орталықтары қызметін атқарады.
Осындай жетістіктерімен қатар әлі де болса атқарар істер жеткілікті.
Жалпы білім беретін мектептерімізде мектепалды сыныптарда балдырғандардың
тәрбие мен білім алуына әлі де толық жағдай жасалды деп айта алмаймыз.
Алдағы уакыттан күтеріміз - шебер де білікті мамандар қатарының толыға
түсуі, бүлдіршіндерге мектеп пен балабақша үйінің қуаныш үйіне толык
айналуы.
Қорыта келе айтарымыз: қазіргі кезде қала бала – бақшаларында 5-6
жастағы балаларды мектепке дайындауға біраз жағдай жасалған. Балабақша
педагогтары балалар бойына барлық адамгершілік, имандылық қасиетті, білуге
құшгарлықты дамытуға күш жігерін аямайды деп сенім білдіремін.

1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелелеу, білім беру
жұмыстарын үйлесімді ұйымдастыру

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-
тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,
мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы
тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы естен кетпестей із
қалдырады.
Біздің қоғамымызда балабақшалардың тәрбиелік мәні, дүние танымдық орны
жоғары бағаланады. Өйткені ата-анасы оқуда, немесе жұмыста болатын баланы
тәрбиелеу, негізінен, балабақшаға, онда арнайы тәрбие бағдарламасы бойынша
еңбек ететін кәсіби мамандарға жүктеледі.
Сондықтан да мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың отбасынан гөрі
балабақшадан келгендерінің ой-өрісі, білімге құлшынысы, қабылдағыштығы
арасында әжептәуір айырмашылығы айқын аңғарылып тұрады.
Әдетте бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне ауысқан өтпелі кезеңнің
өзіне тән әртүрлі қиындықтары болатыны белгілі. Сол қиындықтар ең алдымен
қарапайым халықтың мойнына түседі. Соның бір айқын көрініп ретінде
айтсақ, мемлекеттік қаражат пен қамқорлық жұтаң тартқан жағдайда, әсіресе,
көптеген балабақшалар жабылып, жас ата-аналарға қилы қиындықтар туды.
Ардақты аналары көп кездесетін ауылдардағы балабақшалар мүлде жабылып
қалды. Осы жабылған балабақша ғимараттарын сатып алушылар бұл қасиетті
орындарды қоймаға, дүкенге айналдырды. Мысалы менің ауылымда
мейірімсіз "байсымақ" ғимаратты сатып алып, бұзып, үй құрылыстарын салып,
оны қайта сатып, ойына келгенін істеді. Ал, азда болса, қалалардағы орнында
сақталып қалып, біразында бұрынғыша тәрбие ісін жалғастырып келе жатқан
балабақшаларда маман кадр жетіспей,кейбірінде басшысы баянды болмай, немесе
жыл асқан сайын төлемақы да өсіп, ата - аналардың жүйкесін жұқартып келеді.
Төлемақының қымбаттығынан баласын бақшаға бере алмай, ала дорба
көтеріп, базарға кеткенде үйге жауып қалдырған сәбилердің тағдырын,
тәрбиесін ойлап жатқан жан жоқ. Ал бүгінгі сәби — Егеменді еліміздің
болашағы екеніне бір сәт ой жіберсек, тәрбиенің негізі қаланатын мектепке
дейінгі кезеңінде қараусыз қалған балалардан қоғамның тұлғасы болар
білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой да
көпшілігімізді мазалайтыны бекер емес.
Балабақшанын бар болмысын сақтап, оны сәбилердің сәнді де мәнді,
баянды да бақытты жайына айналдырып келе жатқан ұлағатты ұстаздар да бар.
Олардың арасында өз ісіне жауапкершілікпен қарап, балаларға жан-жақты
тәрбие беріп, бақытын арттырып жүргендері де аз емес. Олардың бүгінгі тыныс-
тіршілігін, іс-тәжірибелерін көпшілігіміз осы "Отбасы және балабақша"
журналының бетінен оқып таныспыз. Мысалы Талдықорған қаласындағы № 45
"Арман", Оралдағы № 21 "Росинка", Оңтүстік Қазақстан, Төле би ауданындағы
№ 2 "Қарлығаш", Алматыдағы № 15 "Ақбота", №204-ші, № 163 "Арай", №341
"Қуаныш", №355 "Азамат", № 343 "Ақбота" атты бала-бақшадағы тәлім-
тәрбиелік жұмыс өркениетті өмір талабына сай ұйымдастырылған.
Әсіресе басым көріп-біліп тәнті болған №343 бала-бақшаны басқарушы
Берниязова Нұрия Сейітханқызы және тәлімгер Жақсығүл Шәріпханқызы Қалжанова
сәбилерді тәрбиелеу ісінде өздерінің педагогтық шеберліктерін көрсетіп жүр.
Бұл балабақшадағы тәрбие жұмысы сәбиді ертеңмен уақтысында қабылдаудан
басталады: сәбимен оның ата-анасымен сәлемдесіп, тәрбиешілерге ізет
көрсетіп, инабатпен пікірлеседі.
Балабақшаның музыкалық бөлмесінде дене шынықтыру қимылдары, би музыкамен
өрнектеліп, сәбилердің көңілін сергітіп, қуанышын арттырады. Әрбір топта
ертегілер бұрышы ұйымдастырылған, сол ертегілердің мазмұнына сәйкес
музыкалық бөлмеде (залдесе де болады) түрлі қойылымдар көрсетіледі,
ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Балабақшадағы тәрбиелік жұмыстар халық педагогикасына сәйкес
ұйымдастырылады. Мысалы: "Атамызға сәлем береміз", "Қонақ келді",
Қонаққа барамыз", "Әдептілік деген не?", "Иманды бала", "Әдемі қыз бен
әсем бала" т.б. тақырыптар бойынша шағын қойылымдар қызықты ұйымдастырылып,
сәбилерге ұлттық қасиеттердің рухын береді. "Тазша баламен кездесу
Алдаркөсені қонаққа шақыру " тағы басқа қызықты қойылымдар ұлттық (халық)
пеадгогикасының мақсатты идеяларын іске асырады.
Балабақшаның әрбір тобында көркем әдебиет бұрышы бар. Онда сирек
кездесетін әдеби шығармалар мен бейнелеу өнер туындылары қойылған. Ал,
ертегілер бұрышы қызықты безендірулермен көз тартады.
Балабақшада балдырғандарды мектепке даярлау жұмысы арнайы бағдарлама
бойынша отбасыларымен байланыста жүргізіледі. Мысалы. сан үйрету,
жаңылтпаштар, тақпақтар үйрету, сурет бойынша әңгімелесу т.б.
Балабақшада балдырғанларға пластилинмен, саз балшықпен, қайшымен жұмыс
істеу үйретілген, олардың алғашқы қолөнерлік үлгілерінен көрме
ұйымдастырылады. Тәрбиешілер балдырғандарды сейілдетіп, серуендетіп,
табиғатпен таныстырып, табиғатты бақылау жұмыстары күн сайын
ұйымдастырылады. Балалар "Табиғатым тамаша" тақырыбындағы әндерді,
тақпақтарды жаттап, айтады.
Балабақшаның табиғат бұрышында әсем тоты құстар, балықтар т.б. жәндіктер
өсіріледі, ондағы жәндіктерді, мүмкіндігінше балдырғандар күтеді.
Балабақшада арнаулы кездесулер мен мерекелерге даярлануға
тәрбиеленушілердің бәрі қатысады. Өнерден озған балдырғандар әртүрлі
тәсілдермен марапатталады.
Балабақшадағы ата-аналар бөлмесінде "Таныс болыңыздар", "Естеріңізде
болсын", "Құлақ қағыс", "Сізге мың рахмет!" т.б айдарлар арқылы жұмыс
жүргізіледі, әңгіме, пікірлесу, пікірталас ұйымдастырылады. "Отбасы және
балабақша журналын талдайды.
Мұның бәрін айтып отырғанымыз, балабақшада тәрбие қазіргі заманға
сай, осылай толымды да шебер ұйыдастырылуы қажет. Ал
кейбір балабақшада бұл игілікті жұмыстар өз дәрежесінен әлде қайда төмен
екені де белгілі. Тәрбиеші-ұстаз өзінің ұлағатты жұмысын
жауапкершілікпен орындай білмесе, ол ұстаз деген атаққа лайықты емес.
Тәрбиеші тәлім-тәрбиелік шеберлікті үнемі ұштап отырғаны абзал. Сонда ғана
заман талабына сай саналы жауап бере алады. болашақта ауылда да, қалада
да жағдай түзеліп, сәбилердің сәнді ғимараттары бой көтеретіні — анық сол
игілікті іске ұмтылыс, қоғамдық әрекет керек.

1.3 Балабақшадағы тәрбиені дамыту мониторингі

Қазіргі уакытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда
жинақталган тәжірибеге арқа сүйейді, ал оның негізгі тірегі балабақшалар.
Республикада мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы нарықтық экономикаға
көшумен (1991-1998 жж) байланысты балабақшалардағы балалар санының күрт
төмендеуімен сипатталады.
1993 жылдары республикада орыс тілді 8053 мектепке дейінгі мекеме жұмыс
істесе, олардағы балалардың мөлшері 747,4-ті құраған. Бұл жылдары қазақ
балабақшалары 2424-ке жетуі, олардағы балалардың саны 190,3 болуы қуанарлық
жәйт еді. 1988 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі қазақ мекемелерінің
саны 1434-ке артып, ал олардағы балалардың саны 1246-ға жеткен.
1994 жылдан 1998 жылға дейін біздің еліміздегі мектепке дейінгі мекемелер
мөлшері және ондағы балалардың саны қысқару тенденциясына ұшырады.
Балабақшалардың жабылып, ал олардың ғимараттары коммерциялық құрылымдарға
берілуі жиі кездесетін жағдайға айналды. Контингенттің қысқаруына
республиканың экономикалық жағдайындағы өзге де жағымсыз құбылыстар әсер
етті, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстап тұру үшін төленетін
ақының жоғарылығы, өндіріс орындарындағы жұмыссыздық немесе олардың
жұмысының тоқтап қалуы, онымен бірге ананың еріксіз демалысқа шығуына тура
келді. Балабақша ақысы тұрғындар алатын жалақының кешіктірілуіне, әсіресе,
елді мекендерде уақытында берілмеуіне байланысты төленуден қалды.
1994 жылы 6551 мектепке дейінгі мекеме болса, 1995 жылы олар 5058-ге
азайып, баланың саны 4072-ге түсті. Содан әрі қарай 1997 жылы 3850
балабақша қалып, 3229 бала тәрбиеленді, 1998 жылы -1558 балабақша 1706
баланы қамтыды. (В қосымша)
Бұл кезеңде балаларды мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен қамту
проблемасы күрделі және қарама-қайшылықты болып қала берді. Бір жағынан -
жеке, акционерлік, кооперативтік және өзге де мектепке дейінгі мекемелер
желісі кеңейді. Екінші жағынан - пайдасыз мекемелер саналып көптеген
мектепке дейінгі мекемелер желісі қарқынды түрде қысқарды.
Мемлекеттік бюджетпен балалықты қорғауға жәрдем көрсету шаралары
қабылданғанымен балабақшаларды жабу үрдісін нарыққа өтумен байланысты
тоқтату мүмкін болмады.
Бұған қоса мектепке дейінгі тәрбие саласын қаржыландыруға жеке капиталды
тарту, білім беруге арнайы салық, қосымша ата-аналық төлем және басқалары
арқылы мүмкіндіктерді пайдалану көзделді. Ұсыныстар мен нақты шаралар
"Өтпелі кезеңде халыққа білім беруді тұрақтандыру және дамыту
бағдарламасында' баяндалып, үкіметке тапсырылды.
Біздің қоғамымыздағы мақсатты ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие
салысының артқа шегінуі экономикалық дағдарысты жағдайға және балалар
мекемелері дамуының бұрынғы мемлекеттік құрылымы- мен ғана байланысты емес,
сондай-ақ ол қоғамдық сана мен мәдениеттегі орын алған балалықтың ролін
және баланың жалпы дамуы, бала өміріндегі мектепке дейінгі дамудың ролін
түсінудегі олқылықтармен де байланысты. Сонымен бірге, 1998-1999 жылдардағы
мемлекеттік қаржыландыруды реформалау да мектелке дейінгі тәрбие жұйесіне
өз әсерін тигізді. Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік немесе
мемлекеттік емес мекеме ретінде тіркеу құқығының жергілікті басшыларға
берілуі бірқатар аймақтарда балабақша үшін төлемнің өсуіне, ал ол өз
кезегінде балалардың балабақшалардан одан әрі қол үзуіне алып келді.
Бұл кезеңдегі күрделі проблемалардың бірі балабақшаға бара алмаған
балаларды мектепке дейінгі дайындықтан өткізу мәселесі болды. Білім
министрілігі халыққа білім беру бөлімдеріне тәрбиелік - білімдік дайындық
үшін топтар ашу (сәйкес мұмкіндіктер бар болған жағдайда) жайлы ұсыныстар
жасады. 96 сағаттық бағдарлама бойынша балабақшәда дайындыққа ұқсас
тәрбиелеу және оқыту ұстанымдары негізге алынган сыныптар ашылды.
Бүгінгі күні 100 баланың 14-нің ғана мектепке дайындығы жолға қойылған.
Бұл жағдай бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысына ерекше қиындықтар
туғызуда. Атап айтқанда, бірінші сыныптағылар жаңа үлгідегі дайындығы бар
балаларға арналған оқулықтарды меңгеруде белгілі бір қиындықтарға
кездесуде.
Бұл сатыдағы қазіргі кезеңдегі басты проблема - балабақшаларға сұраныс
пен олардың жаппай қысқаруына байланысты жеткіліксіздігі арасындағы
теңсіздік. Балабақшаларың одан әрі қарай жабылуы балалардың орта білім алу
деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне алып келуі мумкін. Мұның өзі
қоғамымыздың дамуы үшін ұзаққа созылмаса да жағымсыз әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгінгі жағдайын талдай келе біз мына
төмендегідей қортындыға келеміз:
- жалпы білім беретін мектепте оқытудың құныдылық бағдарлары түбірімен
өзгеріске ұшырайды;
- үздіксіз білім берудің негізгі буы стандартының ой-өрістік және
ақпараттық, сондай-ақ адамгерші қуаты артады.
Еркін тәрбие, қарым-қатынасын дамытушы және гуманистік мазмұн
субьектілердің терең және шығармашылық қарым-қатынасы, өзіне бағалау және
өзін-өзі дамыту кеңістігіні жасалуы және тағы басқа.
Мектепте білім берудің негіз ұстанымдарына балалар енді мектепке жан-
жақты дайындықпен келуі қажет дегенді білдіреді. Әсіресе, құрдастарымен,
ересектер және педагогтармен қарым-қатынас мәдениеті аса маңызды. Сондықтан
да балабақша нольдік деңгей емес, жалпы білім беретін мектептің деңгейі
емес, ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді атқарушы,
өзіндік әлеуметтік статусқа ие, жалпы білім беретін мектептің заңды
бастапқы (алғашқы) буыны болып табылады. Балабақшалар ұйымдарының барлық
түрлері мен типтері мемлекет тарапынан қорғалуы және сыртқы дүниемен қарым-
қатынасы реттелуі, мектепке дейінгі білім берудің қаржылық қолдау
ынталандырылуы қажет. Мектепке дейінгі білім беру институтын сақтап қалудың
қажеттігін ойлағанда қоғамның ауқатты топтарының балаларын балабақшада
оқыту, тәрбиелеуден гөрі өз қаражаттарын аямай гувернанткалардың жұмысын
жоғары бағалау фактісі алаңдатады.

ІІ Тарау мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту жолдары
2.1 Мектепке дейінгі топтарда тәрбие жұмысын ізгілендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі
12 жылдық оқытуда қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттерін ашу
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Пәндер