Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі



Мазмұны

Кіріспе

I Тарау. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау

1.1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау
1.2 Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді қадағалаудағы өкілеттік
1.3 Банк құрудағы банкілік қадағалау
1.4 Банк операцияларын қадағалауды құқықтық реттеу

II Тарау. Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі

2.1 Банктерді консервациялау
2.2 Банктерді қайта құру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

II-3. Банктерді тарату Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарына сәйкес Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге және олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты бақылау, қадағалау және реттеу функцияларын жүргізетін және өзінің (Ұлттық Банктің) берген лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын барлық банктердің міндетті түрде орындалуға жататын нормативтік актілер шығаратын бірден - бір мемлекеттік мекеме болып табылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау, сондай – ақ банк салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банкке екінші деңгейдегі банктерді бақылайтын, қадағалайтын және реттейтін құқықтар берілген1.
Банкілік қадағалау банк қызметін реттеуді, қадағалауды, сондай – ақ бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасайтын құқықтық нормативтік актілерге сүйенеді.
Қазақстан Республикасында банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілерін үш деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгейге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан
_______________________________________________________________
1 «Түркістан» газеті. № 36 2002 ж.

Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы», және Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Банкроттық туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Төлемдер және ақша аудару туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңдарды жатқызады.
Екінші деңгейге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдаған нормативті құқықтық актілері - қаулылары, ережелері мен нұсқамалары жатады.
Ал үшінші деңгейге банкілік қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық Банкінің заңдар мен жекелеген ережелерді түсіндіру үшін бағдарламалық құжаттарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері негізінде банктер үшін міндетті шектерді белгілеп, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Республикада нарықтық қатынастар қалыптасып, экономика одан әрі дамыған сайын банк жүйесі де өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Осыған сәйкес мемлекет банк жүйесіне, сондай - ақ банктерді реттеу мен қадағалауға қатысы бар жоғарыда аталған құқықтық нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады.
Қолданылған әдебиетер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030 бағдарламасы». Алматы, 1997 ж.
2. Банковское дело. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, 1998ж.
3. Денги. Кредит. Банки. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, 2000 ж.
4. Банковское дело. / Под редакцией Лаврушина О.И. /, Москва, 1998 г.
5. Банки и банкоские операции. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы, «Экономика». 1999 г.
6. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы, «Экономика». 2000 ж.
7. Давыдова Л. Е, Раймонов Д.В Банковское право Республики Казахстан. Алматы, «Жеті-Жарғы». 2000 г.
8. Худяков А.И.Финансовое право Республики Казахстан: (Общая часть). Алматы, «Қаржы – қаражат». 1995 г.
9. Банковское дело. / Под редакцией Бабичевой Ю.А ./. М., Экономика,1993 г.
10. Худяков А.И., Найманбаев С. М. Русско – казахский финансово – толковый словарь. Алматы, 1997 г.
11. Олейник О.М. Основы банковского права. М., БЕК, 1997 г.
12. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М. Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. Алматы, 1999 ж.
13. Жуков С.М, Денги. Банк. Кредит. М., 1998 г.
14. Колесников В.И., Кроливецкой Л.П. Банковское дело. М., 1998 г.
15. Денги. Кредит Банки. / Под. редакцией Лаврушина О.И. /, Москва, 1998г.
16. Саниев М.С., Денги. Кредит Банки., Алматы, 2000 г.
17. «2000 год – проблемы финансовых учереждений и банковского надзора». /Финансы и Кредит. 1998 г. №6. ст. 86 – 96/.
18. Эранивили Н.Д., Банковское право. М., ЮНИТИ. 1999 г.
19. Банки и банковские операции. / Под редакцией Жукова Е.Ф. /. М., «Банки и биржи. ЮНИТИ». 1997 г.
20. Ефимова Л.Г., Банковское право. М., БЕК. 1994 г.
21. Журнал «Банки Казахстана». №3,4 2001 г., №2 2003 г.
22. Газета «Деловая неделя». №7,8,10 2003 г.
23. Газета «PANORAMA». №3,7,10 2003 г.
24. Журнал «Финансы и Кредит». №6 1998 г.
25. «Түркістан» газеті. №36 2002 ж.
26. «Қаржы – қаражат» жуналы. №1,2 2003 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I Тарау. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау

1.1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау
1.2 Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді қадағалаудағы
өкілеттік
1.3 Банк құрудағы банкілік қадағалау
1.4 Банк операцияларын қадағалауды құқықтық реттеу

II Тарау. Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі

2.1 Банктерді консервациялау

2.2 Банктерді қайта құру

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

II-3. Банктерді тарату Республикасының Ұлттық Банкі туралы және
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы заңдарына сәйкес Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге
және олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты бақылау, қадағалау және
реттеу функцияларын жүргізетін және өзінің (Ұлттық Банктің) берген
лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын барлық банктердің міндетті түрде орындалуға жататын нормативтік
актілер шығаратын бірден - бір мемлекеттік мекеме болып табылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етіп, мемлекеттің ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау,
сондай – ақ банк салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау
мақсатында Ұлттық Банкке екінші деңгейдегі банктерді бақылайтын,
қадағалайтын және реттейтін құқықтар берілген1.
Банкілік қадағалау банк қызметін реттеуді, қадағалауды, сондай – ақ
бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасайтын құқықтық нормативтік актілерге
сүйенеді.
Қазақстан Республикасында банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды
жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілерін үш деңгейге бөлуге болады.

Бірінші деңгейге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банк туралы, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы, Қазақстан
___________________________________ ____________________________
1 Түркістан газеті. № 36 2002 ж.

Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы, және
Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы, Аудиторлық қызмет туралы,
Банкроттық туралы, Валюталық реттеу туралы, Төлемдер және ақша аудару
туралы, Акционерлік қоғамдар туралы, Бағалы қағаздар рыногы туралы,
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Заңдарды жатқызады.
Екінші деңгейге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдаған
нормативті құқықтық актілері - қаулылары, ережелері мен нұсқамалары жатады.

Ал үшінші деңгейге банкілік қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық Банкінің
заңдар мен жекелеген ережелерді түсіндіру үшін бағдарламалық құжаттарды
жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының құқықтық
нормативтік актілері негізінде банктер үшін міндетті шектерді белгілеп,
банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Республикада нарықтық қатынастар қалыптасып, экономика одан әрі дамыған
сайын банк жүйесі де өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Осыған сәйкес
мемлекет банк жүйесіне, сондай - ақ банктерді реттеу мен қадағалауға қатысы
бар жоғарыда аталған құқықтық нормативтік актілерге өзгерістер мен
толықтырулар енгізіліп отырылады.

I Тарау. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау.
1.1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау

Банк жүйесінің экономикадағы алатын ролі мен орнының маңызы зор.
Сондықтан банк – кредит саласын мемлекеттік органдар тарапынан реттеу мен
қадағалауды қажет етеді. Әрбір мемлекеттің банк қызметін ретттейтін өз
бақылау жүйесі мен құқықтық актілері бар.
Банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты.
Қазіргі банк жүйесінің тәуекелсіз мәні жоқ десе де болады. Банк әртүрлі
операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, тек тәуекелдің масштабы
әр деңгейде болуы мүмкін.
Банктер өз іс - әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды
тұлғалардан ақша – қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне,
салымшылары мен қарыз берушілеріне дивидендтер төлеп отыратындықтан, банк
қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі мүдделері тоғысады. Банк
қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әртүрлі тәуекелден
құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін
құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау,
сондай – ақ мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізуіне және экономиканың
дамуына қолдау жасау.
Сонымен қатар банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің,
клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар
мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы банк
жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады.
Республикада банкілерді қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және
басқа да заң нормаларымен реттеледі.
Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс –
тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар Қазақстан Республикасының банктік және
басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай – ақ банктердің ұйымдастыру
және қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
Банктік қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық (тексеру) әдістері
қолданылады.
Реттеу әдісі кең таралған әдіс болып табылады. Реттеу әдісі Қазақстан
Республикасының Банк заңдарымен және Ұлттық Банк тарапынан қабылданған
нормативтер мен ережелер арқылы, сондай – ақ Ұлттық Банкке есеп беру
барысында жүзеге асырылады.
Бақылау, реттеу және қадағалау процестері банктің қызметі басталар
алдында – ақ, яғни банктерді құру кезеңдерінен басталады, Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы
Заңында көрсетілген Ұлттық Банк тарапынан талаптар қойылудан басталады.
Банктерді бақылау процесіне:
ақпараттарды ашу, яғни банктер Ұлттық банк алдында тоқсандық, жылдық
және операциялық және де басқа да шығыстары, сондай – ақ анықталған нысанда
өзінің іс - әрекеттері туралы есеп беруге міндетті;
кейбір талаптарды белгілеу мен өтімділік талаптар, бұл нормативтер
коэффиценттер түрінде болады, коэффиценттер директивті, яғни міндеттеу
түрінде болады да банк қызметі мен қаржы жағдайына талдау жасап, баға беру
үшін қолданылады;
белгіленген талаптар, капиталдың жеткілікті болуы;
тәуекелдікті шектеу;
кредиттеу рессурстарына бақылау жасау.
Ревизиялық (тексеру) әдіс Ұллтық Банк тарапынан банктердің қаржы –
шаруашылық әрекетіндегі кемшіліктер мен заң – нормаларының бұзылғандығын
табу үшін жүргізіледі. Банк қызметін бақылау мен қадағалауда тексеру әдісі
банк қызметінің заңды, сенімді әрі тұрақты болуын қамтамасыз етуге
бағытталған.
Банк қызметін реттеу белгілі бір банкке қатысты; сондай – ақ банктер
тобына да қатысты жүзеге асырылады.
Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды халықаралық ұйымдар, мемлекет,
аудиторлық және құрылайшылар тарапынан жүзеге асырылады.
Халықаралық ұйымдар тарапынан банк қызметіне бақылау мен қадағалауды
Халықаралық Валюталық Қор (МВФ), Әлемдік Банк т.б. ұйымдар жүргізеді. Олар
Республика экономикасының нарық рельсіне түсу үшін өздерінің берген
несиелерімен қатар белгілі бір талаптар қояды, атап айтқанда инфляцияны
белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске асырарда олардың
берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің экономикалық дамуын
бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке банктердің қызметін де
бақылайды.
Мемлекеттік бақылау ведомстводантыс және ішківедомствалық болып
бөлінеді. Ведомствадантыс банктерге бақылауды салық инспекциялары, қаржы –
бақылау комитеті, құқық қорғау органдары жүргізеді. Олар банктің қызметін
әртүрлі бағытта: шаруашылық, ағымдық, бухгалтерлік есебінің жай – күйін заң
және нормативтік актілердің сақталуын, ақша – кредит саясатының дұрыс
жүргізілуін т.б. тексереді.
Банк қызметін ішківедомствалық бақылау мен қадағалау банк жүйесінің
жоғарғы сатысы – Ұлттық Банк, оның қадағалау Департаментімен жүзеге
асырылады.
Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау
палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит банк қызметін тәуелсіз,
бейтарап түрде бақылайды. Аудиторлық бақылауға кеңірек тоқталып кетсек. Ол
ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы Заңының 11 – бабына
сәйкес аудит жүргізу міндетті лицензияцалауға жатады. Банк қызметінде
сыртқы аудит келісімді, ақылы түрде, арнайы лицензиясы бар арнайы тәуелсіз
аудиторлық ұйымдармен немесе тәуелсіз, лицензиясы бар жеке аудиторлармен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңының 57 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
территориясында банк аудитін жүргізуге лицензияны тек Ұлттық Банк қана
беруге өкілетті.
Кез – келген аудиторлық қызметті жүргізе алатын заңды немесе жеке
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк қызметіне аудит
жүргізу үшін лицензия беруге Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы.
Банк қызметіне аудит жүргізу үшін лицензияны Ұлттық Банк өзінің
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес береді.
Осы Заңның 57 - бабына сәйкес банктерге аудит мынандай мақсаттармен
жүргіледі:
жүргізілген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезінде,
толық және дәлме – дәл көрсетілуі;
жүргізілген банк операцияларының Банк Заңдарына, қолданылып жүрген Ұлтық
Банктің қалыптық құқықтық құжаттарына сәйкестігі;
жүргізілген банк операцияларының оларды жүргізудің жалпы шарттарына
сәйкестігі, сондай – ақ банк операцияларын жүргізу тәртібінің банктің ішкі
ережелеріне сәйкестігі.
Аудиторлық ұйым немесе аудитор өзінің тұжырымдамаларын банктің
Директорлар кеңесі мен Басқармасына табыс етілетін есебінде баяндайды.
Банктің қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымдардың немесе
аудиторлардың қорытындылары жеке құжат ретінде тіркеліп, оның көшірмесін
міндетті түрде Ұлттық Банкке таныстырады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңының 59 – бабы бойынша, егер аудиторлық ұйымдар немесе
аудиторлар тексерілген банкке немесе оның құрылтайшыларына тікелей немесе
жанама қатыстылығы бар болса;
аудитордың немесе аудиторлық ұйымның басшы немесе тексеру жүргізуші
қызметкерлерінің кез – келгенінің жақын туысы немесе зайыбының жақын туысы
- тексерілетін банкінің басшы қызметкері болса;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың тексерілетін банк алдында
ақшалай міндеттемесі бар болса, аудиторлық ұйымның немесе аудитордың
жүргізілген тексеру туралы есебі немесе қорытындысы барлық жағдайда
жарамсыз болып табылады;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың банк қызметіне аудит жүргізуге
Ұлттық Банктің лицензиясы болмаса;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың жасаған аудиттерінің есеп,
қорытындылары Ұлттық Банк белгілеген стандарттарға немесе банк қызметіне
аудит жүргізудің нәтижелерін рәсімдеу тәртібінің талаптарына сай келмесе,
сондай – ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың жасаған аудит жүргізу жөніндегі
есебі, қорытындысы жарамсыз деп танылады.
Ішкі аудитке келетін болсақ, 1998 жылы 5 маусымда қабылдаған екінші
деңгейдегі банктердің ішкі аудитын (бақылауын) ұйымдастыру Ережесін бекіту
туралы Ұлтық Банктің қаулысына сәйкес ішкі аудиттың (бақылаудың) мақсаты
банктің және оның клиенттері мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау,
ол үшін банк қызметкерлерінің заңдылықтар мен кәсіптік стандарттарды
сақтауына бақылау жасау, сол сияқты банк операцияларының қажетті деңгейде
жүргізілуі мен банктік қызметтің тәуекелдігін төмендету, сондай – ақ
банктің материалдық – қаржылық құндылықтарын сақтаудың қауіпсіздігін
тексеру.
Банк қызметіне құрылтайшылардың бақылау жасауы бірнеше нысанда
жүргізіледі: ревизиялық комиссияның бақылау жасауы; акционерлердің бақылау
жасауы.
Акционерлер банк қызметіне тікелей бақылау жасауға, қаржы жылының
аяқталуына байланысты олардың жұмыстарының нәтижелері туралы банк
басшыларынан қажетті ақпараттар алуға құқылы. Банк қызметіне бақылау жасау
үшін акционерлер эксперттер мен аудиторлар жалдай алады.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз кезегінде Қазақстан
Республикасы Президентіне жылдық есеп беріп отырады. Сондай – ақ Қазақстан
Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшін Қазақстан Республикасының
Қаржы Министірлігіне Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық балансы және қаржы
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп отырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметіне жыл сайын Ұлттық
Банктің Басқармасы тағайындайтын тәуелсіз аудиторлық ұйым тексеріс жасап
отырады, кез - келген мемлекеттік органның тексерісі Қазақстан Республикасы
Президентінің келісімімен немесе тапсыруымен ғана жүзеге асады.
Шет мемлекеттерде әр елдің өзінің банк қызметін бақылау мен қадағалау
жүйесі бар.
Ресейде банктерге қадағалау мен реттеуді Ресейдің Орталық Банкі
атқарады. Орталық банк - банк қызметін қадағалау мен реттеуді өзі тікелей
немесе және арнайы қадағалау органы арқылы жүзеге асырады. Орталық Банк
банктер үшін банк операцияларын жүргізу ережесін, сондай – ақ бухгалтерлік
есеп пен экономикалық нормативтер белгілейді. Орталық Банк аймақтарда
банкілік қадағалауды жүргізуді өзінің аймақтық басқармалары мен филиалдары
арқылы жүзеге асырады.
Англияда соңғы уақытқа дейін банк қызметін реттейтін заңдар болған жоқ,
банк қызметін бақылау жабық және формалды емес түрде жүргізілді.
Англияның банктері акционерлік копанияларға арналған жалпы заңмен
реттеледі. Дегенмен 1979 жылы банк қызметін міндетті лицензиялау туралы заң
шықты, сондай – ақ депозиттерді сақтандырудың жалпы ұлтттық қоры құрылды2.
Банктік заң 1987 жылы үлкен ссудаларды берудің ережелері мен банктердің
қосылу, аудиторлық тексеру тәртібін белгіледі.
Соған қарамастан, бүгінде Ұлыбританияда банк қызметін бақылау басқа
елдерге қарағанда қатал емес.
Америка Құрама Штатында банк қызметін реттеу екі басты мақсатты
көздейді. Біріншісі банктердің құлауын алдын алып тұрақтылығын қамтамасыз
ету болса, екіншісі капиталдың аздаған, шағын мекемелердің қолында
жинақталуына шектеу жасау және ақша рыногына монополиялық бақылау жасауды
болдырмау.
АҚШ – та банктердің құлауын алдын алуды реттеудің екі түрі бар:
біріншісі жоғары тәуекелге апаратын және банктердің өтімділігін
төмендететін операцияларға заңмен шектеу қою, екіншісі банк депозиттерін
сақтандыру жүйесі.
АҚШ – та заң банк филиалдарын ашуға территориялық жағынан шектеу қояды,
сондай – ақ капиталдың бір жерге жинақталуына да шектеу қоя отырып, ақша
рыногындағы бәсекелестікке қолдау көрсетеді.
Осы жүргізілген саясаттың нәтижесінде Батыс Европа мен Азиядан
өзгешелігі АҚШ – та филиалдары мүлде жоқ, шағын банкілер өмір сүріп отыр.
Бүгінде АҚШ – тағы бүкіл банкілердің жартысының филиалдары жоқ.
АҚШ – та банктердің жұмыстарына қадағалау жасау үшін өте жетілдірілген
бақылау жүйесінің органдары құрылған.
___________________________________ ______________________________

2Денги. Кредит. Банки. Под редакцией Сейткасимова Г.С. , Алматы,

2000 г.
Мәселен, ұлттық банктер жүйесіне бақылау жасауды ақша айналымының
бақылаушылары (ары қарай КДО), ал штаттар банкілерінің жүйесіне –
штаттардың банктік департаменті жүзеге асырады.
КДО – қазынылық (казначействолық) орган. Оған 4,9 мың ұлттық банкілер
бағынады. Ұлттық банктер дегеніміз – федералды өкіметтен рұқсат алған
банктер. КДО ұлттық банк құруға рұқсат береді, оларға үнемі бақылау мен
тексеру (ревизия) жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелер ашуы туралы және
олардың қосылуы (сляние) туралы берген өтініштерін қарайды.
Сонымен қатар банктерге бақылауды жүзеге асыратын органдарға -
Федералдық Резервтік Жүйе (ары қарай ФРС) мен депозиттерді сақтандырудың
федералдық корпорациясы (ары қарай ФКСД) жатады.
ФРС үш деңгейлі жүмыс органдарынан – басқарушылар Кеңесінен; 12
федералдық резервтік банктерден; ФРС –қа мүше 6 мыңдай банктерден тұрады.
Оның басты критерйі осында, яғни жергілікті банктердің мүдделерімен
есептесе отырып, басқаруды шамадан тыс орталықтандыруға жол бермеу.
Сондай – ақ ФРС – қа 1056 штаттық банк тікелей бағынады. Штаттық банктер
дегеніміз – штат өкіметінен рұқсат алған банктер. Бұдан басқа ФРС заң
бойынша банктік холдинг – компанияларға қадағалауды жүзеге асырады.
Елдің бүкіл ақша және банк жүйесінің тұтқасы ФРС – тің басқарушылар
Кеңесі. Ол мемлекеттің ақша және банк жүйесіне жалпы басшылығы мен
бақылауына жауап береді, сондай – ақ ақша – кредит саясатының барлық
сұрақтарын шеше алатын және жүзеге асыра алатын қажетті өкілеттіктерге ие.
ФКСД – тәуелсіз федеральді ведомство болып есептелінеді. Ол ФРС – қа
мүше емес сақтандырылған штаттық банктерге бақылау жүргізеді. ФКСД
негізінен депозиттерді сақтандырумен айналысады, бірақ кез – келген банкіні
тексере алады.
Штаттардың банктік департаменті (БДШ) штаттық банктерге банктік
операциялар жасауға рұқсат береді және оларды тексеріп отырады.
Сонымен қатар кейбір кредиттік мекемелер тобының жұмысын бақылап
отыратын үкіметтік емес органдар да бар. Мысалы, Америкалық банкирлер
ассоциациясы, тәуелсіз банкирлер ассоциациясы.
Германияда банктерге бақылауды – банктердің үстінен бақылау жасайтын
орган Федералдық ведомство жүзеге асырады. Ол өзінің жұмысын Орталық
банкпен келісімді түрде атқарады.
Францияда банктерге қадағалауды Франция Банкінің банк басқармасы
жетекшілік ететін бірнеше комитеттер атқарады. Соның бастысы банктерді
реттеу Комитеті. Ол банктерге капиталдың жеткіліктігіне, несие саясатына,
өтімділігіне, төлем қабілетіне т.б. байланысты операцияларға стандарттар
белгілейді3.

___________________________________ _______________________________

3Жуков С.М. Денги. Банк. Кредит. М., БЕК 1998 г.
1.2 Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерді қадағалаудағы
өкілеттігі
Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
етіп, банк салымшыларының мүдделерін қорғау үшін, сондай – ақ мемлекеттің
ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау үшін Ұлттық Банкіге банк
жүйесін бақылауға құқық береді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы Заңының 61 –
бабына сәйкес Ұлттық Банк банктердің қызметін реттейтін және қадағалайтын
орган болып табылады.
Ұлттық Банктің реттеушілік функциясы Қазақстан Республикасының ақша –
кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, салымшылардың
және клиентердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Осы заңының 62 – бабына сәйкес реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру үшін
Ұлттық Банкке өкілеттіктер берілген. Бұл бап бойынша Ұлттық Банкі:
банктер үшін лицензиялық рәсімдер мен нормативтер белгілеуге;
банктер мен олардың клиентерінің, орындауға міндетті нормативті құқықтық
актілер қабылдауға;
банктер мен олардың филиалдарының қызметін тексеруге соның ішінде
жергілікті жерге барып немесе аудиторлық ұйымды шақырып тексеруге, олардан
өзінің бақылау және қадағалау функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшін қажет
деп санайтын ақпаратты алуға және алынған ақпараттар бойынша
түсінік беруін талап етуге өкілетті;
банктердің ірі қатысушыларына және холдингтеріне қолданылып жүрген банк
заңдарында көзделген мәжбүр ету шараларын және санкцияларды қолдану туралы
шешімдер қабылдау, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша
банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа
инвесторларға міндетті түрде дереу сату тәртібін белгілеуді қоса алғанда
капиталының теріс мөлшері бар банктер мүлкінің құқықтық режимін өзгерту
туралы шешімдер қабылдау;
банк заңдарында белгіленген жағдайларда банктің уақытша әкімшілігін
тағайындауға;
депозиттермен оны іске асыру тетігінің міндетті түрде ұжымдық сақтандыру
жағдайларын белгілеуге өкілетті;
ірі қатысушылар мен холдингтерін анықтау мақсатында банктердің
тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, заң актілерінде
көзделген жағдайларда банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық
есептері мен өзге де ақпаратын беруді талап етуге;
заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан,
ұйымдар мен азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге
асыру үшін қажетті мәліметтер алуға құқылы.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасындағы банктер мен олардың
филиалдарының бүкіл қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыру
құқығы бар бірден – бір орган болып табылады.
Ұлттық банк банк қызметін қадағалауды жүзеге асыру барысында және реттеу
барысында тікелей (әкімшілік), сондай – ақ жанама (экономикалық) әдістер
қолданылады. Бұл әдістер Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңында айқындалған.

Осы заңның 41 – бабы бойынша Ұлттық Банк банктердің қаржылық
тұрақтылығын және салымшылардың мүдделерін, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қорғау мақсатында банк
қызметін төмендегідей жолдармен реттеуді жүзеге асырады:
резервтік талаптар нормаларын, күдікті әрі сенімсіз активтерге қарсы
провизияларды қоса алғанда, пруденциялық нормативтерді және банкілер
сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттері белгілеу;
банктердің орындауға міндетті нормативтік құқықтық құжаттарды басып
шығару;
банк қызметін инспекциялау (тексеру);
банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
банктерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудің шектеулі
шараларын қолдану;
банктерге санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асыру;
Ұлттық Банктің банк қызметін реттеуде экономикалық әдістерге ақша
массасының айналымға түсуін басқару да жатады. Мәселен, банктердің
кредиттеу мен бағалы қағаздармен операцияларын реттеу.
Банк қызметін қадағалау мен бақылауда экономикалық әдістер екі деңгейлі
банк жүйесінде қолданылады, бұл әдіс әсіресе нарықтық экономикалы елдерге
тән нәрсе.
Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктермен ара қатынасы белгілі бір
принциптерге негізделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы
Заңның 61 – бабында көрсетілгендей Ұлттық Банк банкілер желісінің жұмыс
істеуі үшін ортақ жағдайлар жасауға және банкілердің адал бәсекелестік
принципін енгізуге жәрдемдеседі;
Қазақстан Республикасы ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау
мақсатында реттеушілік функциясын атқарып, банк кредиторларының,
салымшыларының және клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Сондай – ақ Ұлттық Банк заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, банктердің ағымдағы қызметіне араласпайды.
Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін заңдар мен Ұлттық Банктің
ережелеріне сүйене отырып жүргізеді.
Сонымен қатар Ұлттық Банк банк қызметін реттеу мен қадағалауда басқа да
экономикалық шектеулер, яғни пруденциялық нормативтерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банктік
қызмет туралы Заңының 42 - бабында мынандай пруденциялық нормативтер
белгіленген:
банктің жарғылық капиталының төменгі (минималды) мөлшері;
өз капиталы жеткіліктігінің коэффициенті;
өтімділік коэффициенті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп (максималды) мөлшері;
ашық валюталық позиция лимиттері.
Банкттер топына арнап Ұлттық Банк белгілеген пруденциялық нормаларға:
жарғылық капиталдың ең аз (минималды) мөлшері;
өз капиталы жеткіліктігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп (максималды) мөлшеріі.
Осы Заңның 44 – бабы бойынша, сондай – ақ 1997 жылы 25 шілдеде
қабылданған Екінші деңгейдегі банктерді инспекциялауды (тексеруді)
жүргізуге қойылатын негізгі талаптары және оның нәтижесін рәсімдеу туралы
Ұлттық Банктің қаулысына сәйкес банк қызметін реттеудің бір жолы – банк
қызметін инспекциялау (тексеру). Банк қызметін инспекциялауды Ұлттық Банк
өзі дербес немесе басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргізеді. Ұлттық Банк
банктердің қызметін инспекция жүргізу кезінде банктердің
аффилиирлендірілген тұлғаларының қызметін Ұлттық Банктің нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес олардың банктер қызметіне ықпал ету дәрежесі мен
сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.
Ұлттық Банкінің тексеру жөніндегі тапсырмасында көрсетілген мәселелер
бойынша банктер мен олардың аффилиирлендірілген тұлғалары инспекциялаушы
органға көмек көрсетуге, сондай – ақ кез – келген лауазымды адамдар мен
қызметкерлерге сауал – сұрақ қою мүмкіндігін және тексеруді орындау үшін
қажетті кез келген ақпарат көздерін алуды қамтамасыз етуге міндетті.
Ұлттық Банк банкке тексеру жөнінде алдын ала ескертуге құқылы, сондай –
ақ қажетті құжаттаарды талап ете алады. Осыған байланысты банктер
инспекциялаушы тұлғаларға қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті. Банк
қызметін инспекциялау алдын ала ескертусіз, күтпеген жерден жасалуы мүмкін.
Ұлттық Банк халықаралық банк практикасын пайдалана отырып қосымша
пруденциялық нормативтер мен басқа да сақталуға міндетті нормалар мен
лимиттер белгілеуі мүмкін.
Ұлттық Банк банк заңдарына сәйкес пруденциялық нормативтер мен басқа да
сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін банктер мен банк
холдингтеріне немесе олардың басшылығына жауапкершілік шараларын қолдана
алады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңының 46 – бабына сәйкес пруденциялық нормативтер мен
сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер және Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық актілері бұзылса, сондай – ақ банкінің лауазымды
адамдары мен қызметкерлерінің оның қаржы қауіпсіздігі мен тұрақтылығына,
сондай – ақ оның депозиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің
мүдделеріне қауіп төндіретіндей заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін
анықтаған реттерде Ұлттық Банк банкіге төмендегідей шектеулі ықпал ету
шараларының бірін қолдануға құқылы:
банктен міндеттеме – хатын талап ету, онда орын алып отырған
кемшіліктерді мойынау фактісі және банк басшылығының жоспарланған шаралар
тізбесін көрсете отырып, оларды қатаң белгіленген мерзімде (екі айдан
аспайтын мерзімде) жоюға кепілдік беретіні жөнінде көрсетіледі;
банкімен жазбаша келісім жасасу – бұл банк пен Ұлттық Банк арасында
жасалады, онда орын алған кемшіліктерді тез арада жою қажеттігі туралы,
соған байланысты қолданылатын шаралардың бекітілуі туралы көрсетіледі;
атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама (предписание) беру – бұл Ұлттық
Банктің белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған
түзету шараларын қолдану туралы банкіге берілген нұсқау. Түзету шараларына
осы Заңның 45 – бабында көрсетілген:
депозиттерді қабылдау туралы,
жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу арқылы, сондай – ақ
қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды
азайту туралы;
банктің кез келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін мүлдем
немесе уақытша қызметтен шеттету туралы шаралар жатады. Түзету шаралары
жазбаша нұсқамада көрсетіледі жәнке банктерге жазбаша нұсқаманы орындау
міндетті болып саналады;
ескерту беру – жазбаша түрде беріледі, ескерту беру егер орын алып
отырған кемшіліктер Ұлттық Банк белгілеген мерзімде жойылмаған ретте
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банктік
қызмет туралы Заңныың 47 – бабында көзделген санкцияларды банкіге
қолдану мүмкіндігі туралы Ұлттық Банктің хабардар етуі.
Осыған байланысты Ұлттық Банк осы Заңның 47 - бабына сәйкес төмендегідей
санкциялар қолданады:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негізде айыппұл салады;
осы Заңның 48 – бабындағы белгіленген негіздер бойынша банк
операцияларының барлық немесе кейбір түрлеріне берілген лицензияның күшін
тоқтату немесе жою;
осы Заңның 62 – 67 - бабтарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша
банктерді консервациялау;
осы Заңның 49 – бабында көзделген негіздер бойынша банк ашуға берілген
рұқсатты қайтарып алу;
банктердің капиталы іс жүзінде болмаған жағдайда және осы Заңның 48 –
бабын 1 – тармағының г тармақшасында көрсетілгендей Ұлттық Банк
белілеген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар
мен лимиттер (он екі календарлық ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылса
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктердің акцияларын
(акционерлердің үлесін) Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша акцияларды,
кейіннен акцияларды жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша міндетті
түрде дереу сату, сонымен бірге бір мезгілде банк пен оның акционерлерінің
барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу
туралы Ұлттық Банк шешім қабылдаған күнгі банктің нақты капиталының
мөлшерін негізге ала отырып шешім қабылдау.
осы Заңның 20 – бабында көрсетілген адамдарды осы мәселені банктің
тиісті органы қарағанға дейін, банктің аталған басшы қызметкерінің немесе
қызметкерлерінің іс - әрекеттерінің қолданылып жүрген заң талаптарына сай
келмейтінін тануға жеткілікті мәліметтер негізінде лауазымды міндеттерін
атқарудан шеттеу;
банкті салымдарға міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру
жүйесінен шығару туралы салымдарға міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе
сақтандыру жөніндегі ұйымға қойылатын талап;
банктің немесе банк тобының өз капиталы жеткіліктігінің
коэффиценттерінің мәндері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің
талаптарымен белгіленген нормативтерден елу пайыздан аз деңгейге дейін
төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60 – бабы және Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік
серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.
Атқарып жүрген қызметінен біржолата немесе уақытша шеттету туралы
шешімді Ұлттық Банктің Директорлар Кеңесі қабылдайды. Қызметінен біржолата
шеттетілген қызметкерлерді босату туралы шешімді оларды тиісті лауазымдарға
тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
Сондай – ақ осы Заңның 47-1 бабы бойынша Ұлттық Банк банктердің ірі
қатысушылары мен банк холдингтеріне де мынандай жағдайларда:
егер банктік холдинг пен ірі қатысушы статусын алуға Ұлттық Банк
тарапынан келісім алынбаса;
банктік холдинг пен ірі қатысушы мәртебесіне ие болғаннан кейін осы
Заңның 17 – бабының 5-ші тармағында көрсетілген төмендегідей мән – жайлар
пайда болса:
бір жыл ішінде банк қызметіне қатысты құқықтар екі және одан көп рет
бұзылып, соған байланысты әкімшілік шаралар қолданылғаны туралы деректер
табылуы;
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген несесе алынбаған соттылығының
болуы;
белгіленген банкрот деп танылған банкті еріксіз тарату туралы шешім
қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзім ішінде бұрын банктің басшы
тұлғасы, басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адамдардың болуы (бұл
талап банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл
бойы қолданылады);
өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
Ұлттық Банк талап еткен құжаттарды бермеуі;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде
монополияға қарсы заңдардың талаптардың бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың
бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе
Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды
тұлғалардың қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаның болуы;
өтініш беруші өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға
жатпайтын шетелдік банк болып табылуы;
осы Заңның 46 – бабына сәйкес Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамаларының
орындамаса, мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сонымен қатар Ұлттық Банк банкілердің бухгалтерлік және шоғырландырылған
негізде есеп беруді қоса алғандағы өзге де есептің халықаралық
стандарттарға сай келетін тізбесін, нысандарын, табыс етілу мерзімдерін
белгілейді.
Банкілер Ұлттық Банкіге оның сұрауы бойынша өздерінің қаражаттары, соның
ішінде Қазақстан Республикасы шегінен тыс жердегі қаражаттары, қабылданған
депозиттер мен берілген несиелердің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан
банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып
табылатын мәліметтерді қоса, өзге де мәліметтерді, сондай – ақ банктер ірі
қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей
және жанама қатысуы жөнінде Ұлттық Банк сұратқан кез - келген ақпаратты
беруге міндетті.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет
туралы Заңының 52 – бабына сәйкес салымдарға (депозиттерге) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымның құқықтық
мәртебесін, оны құру, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін белгілейді.
Пруденциялық шараларды қолдану Ұлттық Банктің құқықтық нормативтік
актілерімен анықталады.
Ұлттық Банктің белгілеген экономикалық шектеулерді өзінің күнделікті
балансы бар еншілес банктермен қатар банктік бірлестіктермен олардың
филиалдарына да қолданылады.
Ұлттық Банк нормативтерді барлық банкілер орындауға тиіс директивті
түрде қолданумен бірге, оларды банктердің қызыметімен қаржылық жағдайына
анализ беру ретінде, яғни баға беру ретінде пайдаланады4.

___________________________________ _________________________________________
_4Давыдова Л.Е., Раймонов Д.Ф. Банковское право Республики Казахстан.

Алматы, Жеті – Жарғы. 2000 г.

1.3 Банк құрудағы банкілік қадағалау

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және
банктік қызмет туралы Заңының 12 - бабына сәйкес банктер жабық акционерлік
қоғам негізінде құрылады. Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар
туралы Заңының 5 - бабы бойынша жабық акционерлік қоғам – акциялары оның
құрылтайшылары және алдын - ала белгіленген адамдар тобы арасында
орналастырылған акционерлік қоғам танылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және
банктік қызмет туралы Заңының 12 -бабының 2 – тармағына сәйкес банк ашық
акционерлік қоғамға айналу үшін банктік операцияны жүргізуге Ұлттық Банктен
лицензия алған күннен бастап бір жыл ішінде және Ұлттық Банктің қойған
пруденциялық нормаларды және басқа да міндетті нормалар мен шектеулерді
сақтаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банк және банк
қызметі туралы Заңының 19 – бабына сәйкес жеке немесе заңды тұлға Ұлттық
Банкке банк ашу туралы өтініш жасауға құқылы. Банк ашу туралы өтішішке
мынандай құжаттар қоса тіркелінеді:
құрылғалы отырған банктің жарғылық құжаттары, соның ішінде құрылтай
шарты, жарғысы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;
құрылтайшылар туралы егжей - тегжейлі мәліметтер (олардың ағымдағы
қызметі туралы деректерді қоса), құрылтайшы - заңды тұлғалардың соңғы есеп
беру күніндегі бухгалтерлік баланстары, аудиторлық ұйымның немесе
аудитордың құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы қорытындысы;
егер бір немесе одан көп құрылтайшыны Қазақстан Республикасының
резиденттері болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент
банкінің жарғылық капиталына қатысуына қатысуға рұқсат беретіні туралы
тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органының жазбаша хабарламасы не
құрылтайшы мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні
туралы тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органының мәлімдемесі;
сондай – ақ, егер банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар банк ретінде қайта құрылған жағдайда: құрылтай шарты, жарғы, соңғы
есеп беру күніндегі бухгалтерлік балансы, банк операцияларының жеке
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесінің қаржы жағдайы туралы
аудиторлық ұйымның немесе аудитордың қорытындысы;
банк заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес банк басшылары туралы
мәліметтер;
жаңадан құрылған банктің ішкі аудит қызметі туралы ереже;
жаңадан құрылған банкінің несие комитеті туралы ереже;
ұсынылған бизнес – жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік
шаралар туралы есеп;
жаңадан құрылған банкінің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын
ашып көрсететін бизнес – жоспары, қаржылық перспективасын, еңбек
ресурстарын тарту жоспары.
Сондай – ақ құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсіз
екенін және Ұлттық Банктің лицензияға сәйкес банк қызметінің аудитін
жүргізуге өкілетті екенін растайтын құжаттарын тапсырған жағдайда
аудиторлық ұйымның немесе аудитордың қорытындысы болу керек.
Бұлардан басқа Ұлттық Банк банк ашуға рұқсат беру жөнінде шешім қабылдау
үшін қосымша құжаттар мен ақпараттар алуға сұрау салуы мүмкін.
Банк ашуға рұқсат алу үшін берілген өтініш Ұлттық Банкте үш ай ішінде,
бірақ алты айдан аспайтын уақытта қаралады.
Банкті ашу үшін рұқсатты беру жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк туралы заңының 15 – бабының д – тармағына сәйкес Ұлттық
Банктің басқармасы, оның банктік қадағалау Департаментінің ұсынысымен
қабылданады. Банкті ашу туралы шешімнің заңдылық күші Ұлттық Банктің
банктік операцияны жүзеге асыру үшін лицензия берілгенге дейін сақталады.
Өзін банк ретінде тіркеткен заңды тұлға банк операцияларын жүргізу үшін
лицензия алғанға дейін жарияланған жарғылық капиталын төлеу үшін өкілеттігі
бар банкіде уақытша корреспонденттік шотын ашуға құқылы. Сондай – ақ өзін
банк ретінде тіркеткен заңды тұлға ұйымдық – техникалық шараларын
қамтамасыз етумен байланысты шығындарды жүргізуге құқылы.
Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес банктік
заңдарды негізге ала отырып құрылады.
Банкті құру туралы құрылтай шартында банктің атауы, тұрған жері және
құылтайшылар туралы мәліметтермен қоса заңды тұлғалар үшін мемлекетттік
тіркеу туралы мәліметтер, жеке тұлғалар үшін аты – жөні, азаматтығы мен
тұрғылықты жері көрсетілуі тиіс.
Сондай – ақ акциялардың категориялары, номиналдық бағасы мен саны
көрсетілуі тиіс.
Банктің Жарғысында банктің толық атауы, қорлардың (резервтік капитал)
қолдану тәртібі туралы мәліметтер, банктің шешім қабылдау тәртібі
көрсетіледі.
Банктің жарғылық қоры құрылтайшылардың жарналарымен немесе акцияларды
сату арқылы Қазақстан Респупликасының ұлттық валютасымен төленеді.
Банктің өз меншігіндегі капиталы (бұдан әрі – Банк капиталы) оның
міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құны, онда
активтердің құны банк активтерінің бастапқы құнынан берілген қарыздар мен
басқа да активтер бойынша қажетті резервтер (првизиялар) сомасын шегеру
жолымен есептеледі. Банк капиталын, активтердің құнын, берілген қарыздар
мен басқа да активтер бойынша резервтердің (провизиялардың) мөлшерін
есептеу әдісімен Ұлттық Банк белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы Заңының 17 – бабы бойынша банктің акционерлері мен
құрылтайшылары жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының резиденттері мен резиденті еместер болуы мүмкін.
Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды
тұлғалар мен аффилиирлендірілген тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда
тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын
жеке тұлғалар тікелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының банк –
резидентінің акционері немесе құрылтайшысы бола алмайды.
Дегенмен Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтингтік агенттіктердің А
кредиттік рейтингін иемденген банктерге жоғарыда аталған шектеулер
қолданылмайды.
Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтингтік агентіктің ең аз талап
етілген рейтингісіне ие Қазақстан Республикасының резиденті емес – заңды
тұлға, соның ішінде банктер де, Қазақстан Республикасының банк –
резиденттерінің он және одан көп пайыз акциясын иемдене алады.
Банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысы бар тұлғалар
Ұлттық Банктің талап етуі бойынша банктің ірі қатысушысын анықтау үшін
құрылтай құжаттары мен басқа да ақпараттарды таныстыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің қатысуымен банк
құруға және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы Заңының 21 – бабы
бойынша қосымша талаптар қойылады. Қазақстан Республикасының резиденті
емес – заңды немесе жеке тұлғалар мынандай қосымша талаптар қойылады:
банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішіне оның басқа банктер мен қаржы
ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтерін;
резидент емес банктер үшін – банк қадағалау органының осы тұлғаға
Қазақстан Республикасының резиденті – банктің жарғылық капиталына қатысуға
рұқсат берілгені туралы жазбаша хабарламасын не резидент емес банктер үшін
– банк қадағалау органының мемлекеттің заңдары бойынша аталған
құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін қоса
тіркеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды немесе жеке тұлғалар ірі
қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алу үшін қосымша мынандай құжаттар
тапсыруға міндетті:
құрылтайшы – заңды тұлғаның тиісті органының Қазақстан Республикасының
резидент – банкіне өзінің қатысуы туралы шешімін;
аудиторлық ұйым немесе аудитор куәландырған соңғы үш қаржы жылындағы
тиісті дәрежеде рәсімделген жылдық есебін;
банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерін айқындау үшін қажетті
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да
құжаттарды.
Сонымен қатар банк құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын
Қазақстан Республикасының резиденті емес банкі тиісті мемлекеттің банк
қадағалау органының банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар
екенін және банктің біріккен негізінде қадағалауға жататындығын жазбаша
растауы керек.
Ұлттық Банк жарғылық капиталына банктің құрылтайшысы болып табылатын
резидент емес заңды немесе жеке тұлға қатысқан банктердің жағдайы туралы
ақпараттар сұратуға құқылы. Аталған банктердің қаржылық жағдайы
қанағаттанғысыз болған жағдайда Ұлттық Банк аталған резидент емес заңды
немесе жеке тұлғаға резидент банктің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат
беруден бас тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңының 17-1 – бабына сәйкес банктің аффилиирлендірілген
тұлғасы болып, егер ол банктің ірі қатысушысы болса, банк осы тұлғаның ірі
қатысушысы болса танылады, осы тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі
қатысушысы болып есептелінеді. Банктің ірі қатысушысы жеке немесе заңды
тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес болады.
Ірі қатысушы банктің он немесе одан жоғары акцияға ие бола отырып, банктің
шешімдер қабылдауы мен шартарына әсер ету мүмкіншілігіне ие.
Ешбір тұлға өзі немесе басқалармен бірігіп Ұлттық Банктің келісімінсіз
банктің ірі қатысушысы бола алмайды. Ірі қатысушы статусын алу Ұлттық
Банктің нормативтік актілерімен реттеледі.
Банктік – холдинг дегеніміз банктің жиырма бес және одан жоғары
акциясына ие немесе банктің дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе
одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беретін, банк қабылдайтын
шешімдерді айқындауға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті
немесе резиденті емес - заңды тұлға. Банк – холдинг статусы банктің ірі
қатысушыларына беріледі.
Осы Заңның 54-1 – бабына сәйкес банктің ірі қатысушысы өзінің қаржылық
жағдайы мен қызметі туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің
ішінде Ұлттық Банкіге жыл сайын мәліметтер беруге тиіс.
Банк холдингі Ұлттық Банкіге есеп берілген тоқсаннан кейін қырық бес күн
ішіде тоқсан сайынғы қаржылық есепті, қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан
күн ішінде аудитор куәландырылмаған шоғырландырылған және
шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті, сондай – ақ:
банк холдингі қызметі түрлерінің сипаттамасын;
банк холдингі қатысушысы болып табылатын әр бір ұйымның атауын, оның
жарғылық капиталындағы қатысу мөлшері мен үлесін, қызмет түрлерінің
сипаттамасын, банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымдардың
қаржылық есебін;
банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын әр бір ұйымның атауын,
жарғылық капиталға оның қатысу мөлшері мен үлесін, осы ұйымның қызмет
түрлерінің сипаттамасын және қаржылық есебін қамтитын, бірақ бұлармен
шектелмейтін түсіндірме жазбаларды ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы Заңының 11 – бабына сәйкес банкілер Қазақстан
Республикасының аумағында, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде де өзінің
еншілес банкілерін, филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында шетел банктерінің филиалдарын ашуға
тиым салынған. Қазақстан Республикасының аумағында шет елдің қатысуымен
банктердің филиалдарын ашу тәртібін Ұлттық Банк белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы Заңының 18 – бабына сәйкес негізгі рейтинг
агенттіктері бірінің белгілі бір рейтингісіне ие Қазақстан Республикасының
резиденті емес банктер Республика аумағында бір жыл жұмыс істегеннен кейін,
өзінің еншілес банкін ашуға рұқсат беру жөнінде Ұлттық Банкіге өтініш
беруге құқылы. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерге өзінің
еншілес банкісінің кем дегенде елу бір пайыз акциясына ие болу талабы
қойылады.
Шет елдердің қатысуымен банкілер құрған және олардың қызметін жүзеге
асырған кезде Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы Заңының 22 – бабына сәйкес төмендегідей
талаптар қойылады:
шет елдер қатысушы банкілердің жарияланған жалпы жарғылық капиталы
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда
барлық банкілердің жарияланған жиынтық капиталының елу пайызынан аспауы
керек;
шет елдер қатысушы банкінің Басқармасының кеңесінің ең болмағанда бір
мүшесі Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған банкіде кем дегенде үш жыл
басшы қызметте болған тәжірибесін, Қазақстан Республикасының банк және
шаруашылық заңдарын білетіндігін куәландыратын құжаттар тапсыруға тиіс;
шет елдер қатысушы банк Ұлттық Банк белгілейтін сома мен тәртіп бойынша
ішкі активтерге қаражат салуға міндетті. Сондай – ақ шет елдер қатысушы
банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс пайызы Қазақстан
Республикасының азаматтары болуы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Императивті әдіс
Реттеуші органдардың бақылауы
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
Ақша-несие саясаты мәні
Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару
Ақша - кредит саясатының құралдары
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Ұзақ мерзімді несиелер
Пәндер