Мемлекеттің пайда болуы жайлы ақпарат



Кіріспе

Негізгі бөлім

а)Мемлекеттің пайда болуы.
б)Мемлекттің шығуы туралы теориялар
в)Мемлекеттің белгі нышандары
г)Мемлекетті типке бөлу. Мемлекеттің тұрпаттары
д)Мемлекеттің функциялары
е)Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекет - белгілі аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын , халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
1.Мемлекеттік билік-ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
2.Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді. Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-терртторияның аумағында тұрады.
3.Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
4.Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5.Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6.Мемлекттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көме-гімен қоғамның тіршілік тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.Мемлекет дегеніміз бұл-адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а)қоғамды басқа міндетін атқару,адамдардың,топтардың,таптардың және басқа да әлеументтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп,бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б)оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в)тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген. Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі,өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбір болады. Салық-бұл мемлекеттің өмір сүріп,тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуіне немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды.Салықты мемлекеттің барлық азаматтары,соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді;халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады.Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға,мемлекеттің жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға,медицинаны,білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға,экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қ оғамшылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол,онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе,жария-биліктің болуы тән.Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады.Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның,реттеуі және ықпал етуі пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады,олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егеиендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді.Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып,оған өзіндік басымдық,қайталанбас ерекшелік береді.Тәуелсіздіктің мәнісі мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді,өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды,өз ісіне ешкімді араластырмай,басқаның үстемдігіне жол бермейді. Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
1.Сапарғалиев Ғ, Ибраева А . Мемлекет және құқық теориясы.
Алматы,1997ж.

2.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы.2004ж.

3.Баянов.Е Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен
Құқығының негіздері Алматы 2003ж.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің пайда болуы.

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

а)Мемлекеттің пайда болуы.
б)Мемлекттің шығуы туралы теориялар
в)Мемлекеттің белгі нышандары
г)Мемлекетті типке бөлу. Мемлекеттің тұрпаттары
д)Мемлекеттің функциялары
е)Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекет - белгілі аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп
отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге
асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды
шығарып қабылдайтын , халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси
ұйым. Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
1.Мемлекеттік билік-ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
2.Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді. Азаматтары шекарасы
белгіленген әкімшілік-терртторияның аумағында тұрады.
3.Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
4.Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана
басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5.Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6.Мемлекттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көме-гімен
қоғамның тіршілік тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын
ұйымдастырудың айрықша нысаны.Мемлекет дегеніміз бұл-адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а)қоғамды басқа міндетін атқару,адамдардың,топтардың,таптард ың
және басқа да әлеументтік субъектілердің қарым-қатынасын
реттеп,бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б)оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар
жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в)тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі,өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбір болады. Салық-бұл мемлекеттің өмір сүріп,тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені
қаржының жетіспеуіне немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі
қиындайды.Салықты мемлекеттің барлық азаматтары,соларға қоса
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді;халықтың шамалы
ғана салық төлеуден босатылады.Мемлекет салықтан түскен қаржыны
басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын
ұстауға,мемлекеттің жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын
қаржыландыруға,медицинаны,білім беру, ғылым, мәдениет салаларын
қолдауға,экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қ оғамшылықпен
күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан
басты айырмашылығы сол,онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу
аппаратының болуымен немесе,жария-биліктің болуы тән.Мемлекеттің ерекше
белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша
бөлетіндігі жатады.Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның,реттеуі
және ықпал етуі пайдалануы оның міндетті белгісі болып
табылады,олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше
алмайды. Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен
және институттарымен, егеиендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді.Бұл қасиет
мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан
жоғары қойып,оған өзіндік басымдық,қайталанбас ерекшелік
береді.Тәуелсіздіктің мәнісі мемлекет өзінің билігін дербес
жүргізеді,өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды,өз
ісіне ешкімді араластырмай,басқаның үстемдігіне жол бермейді. Мемлекет
қоғамдық еңбек бөлінісінің,жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы
қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.

Мемлекеттің пайда болуы

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының
алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес, нысандардың қажет етпеген және мемлекет
болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық
Қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр.Экономика мен басқа
да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерек-шеленетін алғашқы
қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан обьективті түрде
өтіп,мемлекеттік деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді
ғана бөлініп шыққан,өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның
көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен,өзінің іс-әрекеті
мен қылығымен аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын.Ол тамақ,киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген,дөрекі құралдарын пайдаланды,соған қалып қалуына мүмкіндік жасай
алмады.Осындай қиын жағдайларда,тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға,кейінірек –қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды.Бұл топтар негізіене
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды.Біртіндеп қоғамның негізін салған
рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды.Ол үшін олардың мынадай
ерекшеліктері болуы керек болды:1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі
салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны
ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын,ұжымдық тұтынуды жүзеге
асыратын,ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;
2)туыстық жағынан аса жақын емес,сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері
де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымщылдық көрсетіп,бір–біріне
көмектесіп,қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек ;
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап
қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап
алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік
шаруашылығынан өндіту шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен
күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық
қалыптасып,елді мекендер,қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері
пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс
көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі
бөлініп шығып,дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген
өніміне бірі мұқтаж
екендігі байқалады . Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі,
қолөнершілерге тамақ қажет болады.Құрал-саймандардың жетілдірілуіне
байланысты еңбек өнімділігі де өседі.Соның нәтижесінде ортақ өнім
пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған,табылған өнім ру
мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің
өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың жеке отбасыларының
меншігіне айнала бастайды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің
орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі-
жеке меншік қалыптасады. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты
қоғам таптарға бөліне бастайды.Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ.Ол
рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіедік
бір жалғасы болып табылады.Мелекеттің пайда болуының шығыстық моделінің
көптеген белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән
климаттық және басқа да табиғи жағдайлармен сипатталады.Мұнда орасан көп
егін шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік,суару каналдарының
құрылысы мен басқа да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық
сезіліп тұрады.Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы,тіпті кейде қауым да
атқара алмайтынеді.Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық
меншік сақталып келді,ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды.пайдаланып
жүргеніне қарамастан жеке меншіктің,мемлекеттің пайда болуының батыстық
моделіне жататын елдердегі сияқты,басымдық жағдай болмады.Мемлекеттің
рөлінің артуына байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде
мемлекеттік билік көбінесе деспоттық бағытты ұстанды.Батыстық модел туралы
Ф.Энгельстің “Семьяның,жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі” деген
еңбегінде,сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерде толық
жазылған,оның бірнеше варианты бар,олардың әрқайсысында осы процеске шешуші
ықпал ететін түрлі факторлар басым.Тап күресінің теориясы және оның
мемлекеттің пайда болуын анықтайтын ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинының
тәжірбиесі ерекше қызығушылық туғызады,мұнда мемлекет ,Ф.Энгельтің сөзімен
айтқанда,тікелей рулық қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-
қайшылықтардан пайда болған.Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен
әлеументтік топтарды алдын ала анықтап алып,сосын жіктеді,одан кейбіреулер
басқаларды қанау мүмкіндігін алды.Аталған топтардың басқаларға эканомикалық
үстемдігі сенімді, нық және тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып,саяси
үстемдікпен нығайып қояды.

Мемлекеттің пайда болу себептері

Экономикалық себептері

1.Неолиттік төңкеріс терім-
Шіліктен өндіруші эконо-
микаға көшу (өту)

2.Еңбектің қоғамдық үш ірі 3.Еңбек өнімді- 4.Жеке
Түрге бөлінуі лігінің өсуі же
меншік-
-мал өсіруден диқаншылықтың артық өнімнің тің пай-
бөлініп шығуы пайда болуы да
болуы
-қолөнердің бөлінуі
-көпестердің пайда болуы

Әлеуметтік себептері

1.Рудың ыдырауы 2.Антогонизмдердің 3.Қоғамның таптар-
және отбасының пайда болуы ға жіктелінуі
пайда болуы

Мемлекет пен құқықтың шығу кезеңдері

Еңбек өнімділігінің өсуі Аттық өнімнің пайда болуы

Жеке меншіктің пайда болуы Қоғамның таптарға бөлінуі

Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-
ақ адамдарды толғандырып,олардың қызығушылығын туғызып келді.Алғашқы
қауымдық қоғамның рулық ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге
тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын
анықтайтын факторларды белгілеу,осыған байланысты әр халықтың жалпы және
тәжірбиелері көптеген теорияларға,тұжырымдар мен пайымдауларға келіп
тоғысты.Олардың кейб іреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із
қалдырмастан,тез ұмытылып қалды,ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы
адамдардың ақыл-ойын жаулап алды,әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен
түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз
әрбір ойшылдың мемлекеттік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін
көреміз,олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа,өз позицияларын
негіздеуі де әр түрлі.Сонымен,кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер
жеңілтек, қан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға
жетпес байлық.Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның
дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік
бере отырып олардың негізгілерін білудің,әр түрлі ойшылдың пайдаланған
аргументтері мен дәлелдерін салыстырып,талдау жасаудың,олардың күшті және
әлсіз жақтарын анықтап,осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-
жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.

Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар
бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді.
Марксизм-ленинизм мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория
тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда
болып, қоғам екі тапқа-қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң,
олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орыналады.Сол екі
тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін
рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым- мемлекет пайда болады.
Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес,
кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға,езуге
жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын
тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігін көздеп, мүддесін
қорғайды. Социалистік мемлекет те таптық
мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін
құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.
(К.Маркс,Ф.Энгельс,И.В.Ленин)
Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын
құдайдың құдіретімен байланыстырады.Әрбір ірі дін құдайдың әрекеті
деген діни-құқықтың қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір
мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып,қызмет
атқарады.Бұл қағидаларға сүйене отырып діни теоретиктер мемлекет
пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
(Ф.Аквинский,Маритэн)
Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының
дамуына байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз
еркі мен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды
реттейді.Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып,
қалыптасуының жөн-жобаларын анықтайды. Адамдар осындай қағидаларда
басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін
қолданған дейді.(Платон,Аристотель,Фильмер)
Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда
болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыс-тырады. Тағылық
дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып,соғысып, әбден
береке- қасиеті кетеді.Сондай қауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін
адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады.Соның нәтижесінде
мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір
сүруге жағдай туғызуды міндеттейді.(Руссо,Г.Гроций,Б.Спино за,Дж.Лок)

Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлап-
зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап
алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және
оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.Шынында да
тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының
белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын
байқаймыз.(Л.Гумплович,К.Каутский,Д юринг)
Мемлекет – саяси ұйым.Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы
мүмкін.Бірақ мемлекет-ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен,соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның
атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да
қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және
басқа саяси ұйымдар-дан оны ажырататын белгілері бар. Оларға
жататындар:1)Мем-лекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің
бірі-ол бас-қа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты
емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптасты-
рып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа
мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі
атқарады. 2)Билеуші органдар.Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы
органдары болады. Мемлекет органдарында тек бас- қару қызметімен
шұғылданатын чиновниктер болады. Қоғамда заң тәртіпті қамтамасыз
ету үшін мемлекет әскер , полиция құрады.Сыртқы жаулардың
жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау ұйымдастырады.3)Мемлекет
органдарын, оларда істейтін қызм еттерді қаражаттандыратын оның
арнаулы материялдық қоры болады.Ол қорды жасау үшін мемлекет
алым-салық белгілейді және оны жинаиды. 4)Мемлекеттің өзінің тұрағы,
аумағы болады. Сол уақытта мемлекет құрылады, өз қызметін
атқарады,билік жүргізеді.Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-
қуатын сақтап , қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.Мемлекеттер
арасындағы қайшылықтар, келіспеушілік-тер, соғызтар көбінесе осы жер,
аумақ мәселесіне байланысты болады.5)Мемлекеттің күрделі белгілерінің
бірі-құқықтық жүйенің қалыптасуы.Басқарылатын қоғамдық қатынастарды
рет-теп,оларды қажетті қалыпқа салып,тәртіп орнату үшін құқықтық
нормалар жасалынады.Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті
өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалар-дың жиынтығы
мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.

Мемлекетті қоғамдық биліктен ерекшелейтін
белгі нышандары

Халықтан оқшауланған Мемлекет азаматтарының

бұқара билігінің болуы аумаққа негізделіп
бөлінуі

Бұқара билігін ұстап тұру үшін

алықтан алым-салық күштеп жинап алу

Мемлекетті басқа саяси ұйымдардан
ерекшелейтін белгі-нышандары.

Ерекше басқару Мемлекет-бүкіл Халықтың аумақтық

аппаратының болуы қоғамның ресми белгілері бойынша
өкілі
бөлінуі

Егемендік Мәжбірлеу аппара-
Салықтар,заемдар
тының болуы
(қары

Мемлекттің белгі нышандары

Мемлекет
Құқықтық
егемендігі
жүйенің болуы

Билеуші орган-
Халықтың аумаққа
дардың болуы
бөлінуі

Басқару аппара- Мемлекеттің Әскер
тының болуы,басқа тәуелсіздігін
рудан басқа істермен қамтамасыз Полиция
шұғылданбайтын ететін,қоғамдық
адамдардың болуы тәртіп сақтайтын Барлау
органдардың болуы

Ішкі әскер
Арнаулы қаржы
қорларын жасау
үшін салықтар
жина

Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:
1.Формациялық тәсіл; 2 .Өркениеттік тәсіл. Мемлекеттерді формацияға
бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының
ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам
таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің
ерекше болады. Құдық дәуірде қоғамда ,негізінен, екі үлкен тап:құл
иеленушілер мен құлдар болған.Жеке меншік құл иеленушілердің еркін
білдіріп, мүддесін қорғаған. Осындай мемлекетті құл
иеленушілік мемлекет дейді.Қоғам феодалдар мен шаруаларға
бөлініп, ол қоғамның экономикалық негізін феодалдық және
шаруалардың жеке меншігі құраған қауымды феодалдық қоғам деп
атайды.Феодалдық қоғамда да екі негізгі тап:феодал-дар және оларға
басыбайлы шаруалар бар.Мұндай қоғамдағы мемлекет феодалдық мемлекет
деп аталады. Себебі, ол негізінен,
феодалдардың еркін білдіріп, солардың мүддесін, меншігін қорғайды,
шаруаларды феодалдарға бағынуға мәжбүрлейді. Капи-
талистік қоғам да, негізінен, екі таптан тұрады: капиталистік жеке
меншік иелері және өз еңбегінің күшімен ғана өмір сүретін жұмысшылар,
шаруалар, ой қызметкерлері. Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке
меншік иелерінің мүддесін қорғайды.
Сонымен қатар қоғамда таптардың арасында қайшылықтардың
асқынып кетпеуі үшін шаралар қолданылып , құқықтық тәртіп орнатуға
қажетті әрекеттер жүзеге асырылады.
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік
мемлекет дүниеге келеді. Мұндай мемлекеттің типі
әр түрде қалыптасты. Оның басқа типі мемлекеттерден түбегейлі
ерекшелігі- еңбекшілердің, жұмысшы табы мен шаруалардың
еркін баянды етіп, солардың мүддесін қорғайтын мемлекет ретінде
жариялануы. Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды
басқару жолдары қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамыту-дағы атқаратын
қызметі айқындалды. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі
және кейінгі өркениеттегі;және кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп
екі топқа бөлінеді.Алғашқы өркениетте мемлекет шексіз билікке
негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның
әлеуметтік және экономикалық құрылымын анықтайды. Бұл-көне грек,
шумер,ассиро –вавилон,иран, бирма, жапон,т.б.елдердегі саяси
ұйымдар.кейінгі өркениетте мемлекеттік билік алғашқы өркениеттегідей
аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күш емес. Мемлекет көп
жағдайда мәдени-діни жүйеге бағынған.Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс
Еуропа, Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады.

Мемлекеттің тұрпаттары үшке бөлінеді: басқару тұрпаты мемле-кеттік
құрылым тұрпаты және саяси режим. Мемлекет егеменді болғандықтан
жоғары мемлекеттік билік органдарының құрылымын, оның қызмет істеу
тәртібін анық-тайтын басқару тұрпатын құрады Қазақстан
Республикасының Конституцисында республикалық басқару тұрпаты баянды
етілген. Оның негізгі анықтаушы белгісі –мемлекет басшысының сайланып
қойлатындығы және алмастырылғандығы.Бұл-республи- калық басқару
тұрпатын монархиядан айыратын белгі.Монар-хияда мемлекет басшысының
мұрагерлік мәртебесі болады.Фор-малды тұрғыдан қарасақ, басқару
тұрпатының мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін
байқаймыз.Мысалы, монар-хиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан
демокра-тиялық,құқықтық мемлекет екені белгілі.Республикалық Кеңес-тер
Одағы мұндай мемлекет бола алмады.Патшалық Ресей демократиялық та,
құқықтық та мемлекет болмаған еді.Ал
Франция Республикасында бұрыннан демократиялық басқарудан
Республикалық басқару тұрпаты демократиялық, құқықтық мемлекеттің
мазмұнына көбірек сәйкес келеді. Демократия республикалық басқару
тұрпатына іштей жақын. Егер барлық азаматтарға шынайы тең еркіндік беріліп,
қамтамасыз етілсе, демократия республикалық басқару тұрпатын халықтың
игілігіне қызмет істеуге бағыттайды.
Республика билігінің екі жолы бар: Президенттік және Парламенттік.
Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент
мемлекет басшысы бола тұрып,
Негізінен, үкіметті құрады. Қазақстан мемлекеті- Президенттік басқару
нысанындағы республика. Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары
органдарының жүйесі Парламенттің
Басымдылық принципне негізделген. Парламенттің алдында үкі-мет өзінің
саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне
сүйеніп қызмет істейді. Парламент үкіметті қолдамаса, ол қызметін
тоқтатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Мемлекеттік мұрағат қорындағы құжаттардың ғылыми анықтамалық ақпарат жүйесі
Дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттар
Корпоративтік басқару туралы
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Қазақстан Республикасындағы «Сан-Фарма» компаниясының мысалында халықаралық маркетингтік қызметті талдау
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Үлкен сәтсіздік. Коммунизмнің жанталасы
Пәндер