Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қарым.қатынас.
2. Ресей империясы құрамындағы Қазақстандағы дипломатиялық қатынастар.
3. Кеңес үкіметі дипломатиялық қарым.қатынасындағы қазақ өкілдері.
4. Тәуелсіз Қақастан Республикасының дипломатиялық қарым.қатынастарының жаңғыруы.
ІІІ Қорытынды
Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы іс-әрекеттері. Бұған қоса Дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі, сондай-ақ мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғауы да жатады. Президент пен үкімет өз мемлекетінің Дипломатиялық бағыт-бағдарын белгілейді, ал сыртқы істер мекемелері ол бағдарды жүзеге асырып отырады.
Дипломатия бастауы – Дипломатия алғаш рет шығыс елдерде (Мысыр, Вавилон, Қытай) және Ежелгі Грецияда пайда болды. Түркі елдері, оның ішінде Ғұн, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Хазар мемлекеттері, Шыңғыс хан империясы, Алтын Орда, Қазақ хандығы тарихында әлемнің әр қиырындағы елдермен жүргізілген үлкен дипломатиялық қызметі туралы деректер көп. Ежелгі Қазақстан туралы жазбаларының авторларының көпшілігі (Каприни, Рубрук, Ибн Фадлан) осы өлкеге дипломатиялық қызметпен келгендер. Қазақ хандығы тарихында да Дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері туралы деректер мол. Әсіресе, Қаз Дауысты Қазыбек бидің, Абылай ханды Жоңғар ханның тұтқынынан босатуы осындай мәмлегерліктің жарқын үлгісі болып табылады. Ежелгі заманда Дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға байланысты (бітімге келу, одақ құру, даудамайды шешу) бір елден екінші елге барып, келісім жасалынғаннан кейін дереу елдеріне қайтып отырған. ХV ғасырдың орта тұсынан бастап халықаралық қарым-қатынастардың дамуы нәтижесінде кейбір мемлекеттер шет елдерде тұрақты елшіліктер ұстай бастады. Дипломатиялық термині мемлекет қызмет атауы ретінде тек ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінен бастап Батыс Еуропада қолданыла бастады. Дипломатиялық тәжірибеде негізінен кең тараған тәсілдер – жоғары дәрежедәгі ресми келіссөздер мен сапарлар, Дипломатиялық конгресстер мен конференциялар, екі жақты немесе көп жақты халықтар, келіссөздер, дипломатиялық актілерді бекіту рәсімдері, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің күнделікті қызметінің әр алуан түрі, Дипломатиялық хат алмасулар, тағы да сол сияқтылар қолданылады.
• Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, «Қазақ Энциклопедиясы», Бас редакциясы, Алматы, 2001 ж, 3 т, 238-239 б
• Ж.Қасымбаев, «Қазақстан тарихы» , «Рауан», 1998 ж, 85-89 б
• М.Әбілтайұлы, Н.Әбілдаев, «Тұрар Рысқұлов Монғолияда», Алматы, «Қазақстан», 1994 ж, 86-87 б
• Мусин Чапай, «Қазақстан тарихы» , Алматы, «Рауан», 2000 ж, 107-281 б
• «Қазақстан – летопись трех тысячелетий», Алматы, «Рауан»,1992 ж, 261-315 б
• Ж.Қасымбаев, «Кенесары хан», Алматы, «Қазақстан», 1993 ж, 12-88 б
• «История Казахской ССР», Алматы, «Наука»,1979 ж, 5 т, 264-290 б
• Президент поштасы, «Өзара қатынастардың пайдалы он жылы», «Егемен Қазақстан», 2002 ж, 23 ақпан, 2 б
• Ғабит Мүсірепов, «Шынайы қарым-қатынас қалыптасып келеді», «Егемен Қазақстан» , 2002 ж, 2 сәуір,1 б
• Қасымжомарт Тоқаев, «Қытаймен әріптестіктен көп нәтиже күтеміз», «Егемен Қазақстан», 1999 ж, 14 шілде
• Абдулпаттаев С, «Қазақстан дипломатиясының кезеңдері», «Ақиқат», 1999 ж, 28 – 32 б
• Сұңғат Әліпбай, «Ынтымақтастық арта түсті», «Егемен Қазақстан», 2002 ж, 16 наурыз, 1 б
• Сұңғат Әліпбай, «Қазақстан елшісін Ресей Думасының төрағасы қабылдады», «Егемен Қазақстан», 2002 ж, 16 наурыз, 4 б
• «Дипломатия жаршысы», 2002 ж, 27-31, 38-40 б
• «Дипломатия жаршысы», 2000 ж, 9 б
• «Большая Советская Энциклопедия», Москва, «Советская Энциклопедия»,1957 ж, 19 т, 332-333 б
• «Большая Советская Энциклопедия», Москва, «Советская Энциклопедия», 1957 ж, 21т, 217-220 б
• Қозыбаев І, «Қазақстан дипломатиясы: тарихтан тағлым», «Заң», 2002 ж, 53-61 б
• М.К.Қозыбаев, «Қазақстан тарихы», «Атамұра», 1997 ж, 142-147 б
• «История Казахстана», Алматы, «Атамұра», 2000 ж, 3 т, 344-413 б
• Сәдірқызы Т, «Қазақстан дипломатиясының ашылуын біз 70 жыл күттік», 2002 ж, 22 ақпан, 4 б
• Қасымжомарт Тоқаев, «Қазақстан дипломатиясы», Алматы, «Рауан», 2001 ж
• Интернет «Посольства и консульства Республики Казахстан за рубежом»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының
тарихы

Бағыты: Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат
маршруттары

Секция: Қазақстан тарихы

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
2. Ресей империясы құрамындағы Қазақстандағы дипломатиялық қатынастар.
3. Кеңес үкіметі дипломатиялық қарым-қатынасындағы қазақ өкілдері.
4. Тәуелсіз Қақастан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының
жаңғыруы.
ІІІ Қорытынды

Мазмұны
І Кіріспе
1
ІІ Негізгі бөлім
3

1) Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қарым-қатынас 3

2) Ресей империясы құрамындағы Қазақстандағы дипломатиялық қатынастар

10
3) Кеңес үкіметі дипломатиялық қарым-қатынасындағы
қазақ өкілдері
12
4)Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қарым-қатынастарының жаңғыруы
15 ІІІ Қорытынды
21

Қолданылған әдебиеттер
23
Қосымша
25
Қысқартылған сөздер
28

Аннотация
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет болғанына он екі жыл
толады. Тарихи көзқараспен қарағанда, бұл үлкен мерзім емес. Осы жылдар
ішінде жас мемлекетке аяғын нық басып, бойын биік ұстап кету оңай болған
жоқ. Дегенмен, Қазақстан саяси әлеуметік-экономикалық, және мәдени дамуында
көптеген жетістіктерге жетуде. Солардың бірі – сыртқы саясатта басқа
елдермен дипломатиялық байланыстар орнатуда болып отыр. Бұл мемлекет
өміріндегі өте маңызды сала деп білемін.
Менің осы тақырыпты таңдаған себебім, біздің жас мемлекетіміздің әрі
қарай жаңарып, өркендеп-өсуі және әлемнің өркениетті елдерімен терезесі тең
қарым-қатынаста болу үшін дипломатиялық саланың маңызы зор деп ойлаймын.
Еңбектің мақсаты: Қазақ мемлекеттігі – Қазақ хандығы құрылғаннан
кейін, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасуынан
бастап, қазіргі уақытқа дейінгі даму тарихын көрсету.
Зерттеу жұмысымда көрсеткім келгені жоғары деңгейдегі дамыған
мемлекет болу үшін, біріншіден, басқа елдермен жақсы дипломатиялық
қатынаста болу керек. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс
проблемалары елдер арасында тек дипломатиялық жолдармен шешілуі тиісті. Күш
көрсетіп, басымшылық жасайтын мемлекеттерге бағынышты болып қалмау үшін
Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастары жан-жақты дамыған, өркениетті
және прогресшіл болу керек. Осымен қатар дипломатиялық тұңғиық тарихына да
назар аударып, оның оң жақтарын зерттеу арқылы біліп, қазіргі таңдағы
қатынастарға қолайлысын алып қолдансақ, біздің дипломатиялық қарым-
қатынастарымыздың одан әрі өрбуіне кепілдік бере алар едік. Өйткені, ескіге
сүйене отырып, жаңаға жол салу-өмірдің заңы деп санаймын.

Жұмыстың зерттеу сатылары:
• Энциклопедиялық мәліметтерге сүйену
• Мерзімді басылымдардан ақпарат жинау
• Интернеттен ақпарат алу
• Әдеби кітаптарды оқу
• Мәліметтерді жүйелеу, еңбегімнің мақсатын айқындау
• Негізгі бөлімді қорытындылау, ойларымды жеткізу
І Кіріспе
Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы
істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы іс-әрекеттері.
Бұған қоса Дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту,
сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында
жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы
делегациялардың қызметі, сондай-ақ мемлекеттің шет ел азаматтары мен
мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғауы да жатады. Президент пен
үкімет өз мемлекетінің Дипломатиялық бағыт-бағдарын белгілейді, ал сыртқы
істер мекемелері ол бағдарды жүзеге асырып отырады.
Дипломатия бастауы – Дипломатия алғаш рет шығыс елдерде (Мысыр,
Вавилон, Қытай) және Ежелгі Грецияда пайда болды. Түркі елдері, оның ішінде
Ғұн, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Хазар мемлекеттері, Шыңғыс хан империясы,
Алтын Орда, Қазақ хандығы тарихында әлемнің әр қиырындағы елдермен
жүргізілген үлкен дипломатиялық қызметі туралы деректер көп. Ежелгі
Қазақстан туралы жазбаларының авторларының көпшілігі (Каприни, Рубрук, Ибн
Фадлан) осы өлкеге дипломатиялық қызметпен келгендер. Қазақ хандығы
тарихында да Дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері
туралы деректер мол. Әсіресе, Қаз Дауысты Қазыбек бидің, Абылай ханды
Жоңғар ханның тұтқынынан босатуы осындай мәмлегерліктің жарқын үлгісі болып
табылады. Ежелгі заманда Дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға
байланысты (бітімге келу, одақ құру, даудамайды шешу) бір елден екінші елге
барып, келісім жасалынғаннан кейін дереу елдеріне қайтып отырған. ХV
ғасырдың орта тұсынан бастап халықаралық қарым-қатынастардың дамуы
нәтижесінде кейбір мемлекеттер шет елдерде тұрақты елшіліктер ұстай
бастады. Дипломатиялық термині мемлекет қызмет атауы ретінде тек ХVІІІ
ғасырдың аяқ кезінен бастап Батыс Еуропада қолданыла бастады. Дипломатиялық
тәжірибеде негізінен кең тараған тәсілдер – жоғары дәрежедәгі ресми
келіссөздер мен сапарлар, Дипломатиялық конгресстер мен конференциялар, екі
жақты немесе көп жақты халықтар, келіссөздер, дипломатиялық актілерді
бекіту рәсімдері, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің күнделікті
қызметінің әр алуан түрі, Дипломатиялық хат алмасулар, тағы да сол
сияқтылар қолданылады. Халықаралық құқық Дипломатиялық қызметкерлердің
өздері жүрген елдің ішкі істеріне араласуларына тыйым салады. Бұл заңдылық
бұзылған жағдайда ол қызметкерлер дереу елден қуылады. БҰҰ, ЕҚЫҰ және тағы
да басқа халықаралық ұйымдардың құрылуына байланысты Дипломатиялық көп
жақты сипат алып, жаңа мәнге ие болды. Қазақстан Республикасының қызметінің
құқықтық негізін еліміздің Конституциясы, “Мемлекеттік қызмет туралы” Заң,
“Дипломатиялық қызмет туралы” Заң, Қазақстан Президентінің Елшіліктер ашу,
елшілер тағайындау және олардың міндеттері жөніндегі жарлықтары құрайды.

ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қарым-қатынас

ХV ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына келген Қазақ хандығының
алдында тұрған басты міндеттердің бірі өз территориялық тұтастығын сақтап,
іргелес жатқан елдермен сауда, экономикалық, мәдени байланысты орнатып,
бейбіт қарым-қатынаста болу үшін дипломатиялық қарым-қатынасты жоғары
деңгейде ұстауға тырысты. Қазақ хандығы кезеңінде дипломатиялық қарым-
қатынасты жалғастырып отырғандарға Қасым хан, Хак-Назар хан, Есім хан,
Тәуке ханды жатқыза аламыз. Оның ішінде Қазақ хандығының негізін салушылар
Жәнібек пен Керей де тыс қалған жоқ..
Барақ ханның ұлы Жәнібек және Орыс ханның немересі Керей Өзбек
ұлысының жарты бөлігімен Шығыс Дешті-Қыпшақтан бөлініп Моғолстан жеріне
кетуі Қазақ мемлекеттігінің құрылуының алғышарттары болды. Жәнібек пен
Керейдің Моғолстан жеріне кетуі Орыс хан ұрпақтарының Моғолстан
билеушілерімен ұзақ қатынас құруына әкелді. Моғолстан билеушісі Есен-Бұға
Жәнібек пен Керейге Шу және Қозы-Басы жерін беруі, ағасы Жүніс-ханның
шабуылға шықса, Қазақ сұлтандары жағынан әскери көмек көрсетуіменен
түсіндірілді. Бірақ Есен-Бұға өлгеннен кейін, таққа ағасы Жүніс-хан отырды.
Жүніс-хан қазақтармен жақсы қатынаста қалу үшін қызын Жәнібектің ұлына
күйеуге берді. Осындай саяси жағдайлардан кейін ХVғасырдың 60-жылдары Қазақ
хандығы қалыптаса бастады. Әбілқайыр хан өлгеннен соң Жәнібек пен Керей
Дешті- Қыпшаққа келеді. Көп ұзамай Әбілқайырдың ұлы Шайх-Хайдар жеңіледі.
Шайх-Хайдардың ұлдары Мұхаммад Шайбани мен Махмұд-сұлтан Астраханьға
қашады. Мұхаммад Шайбани Самарқандқа кетуге мәжбүр болады. Бұрындық ханмен
Жәнібектің ұлы Махмұд-сұлтан бірігіп, Шайбани әскерін талқандайды. Осыдан
Махмұд-сұлтан мен Бұрындық хан арасында байланыс түзіледі. Осы байланысты
екі жақ та үзбей ары-қарай бірге болады.
Тақта Қасым хан отырған кезеңде басқа елдермен қарым-қатынас күшейе
түсті. Қазақ хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан мемлекеттердің
біріне Василий ІІІ басқарған Ресей болды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы
“Саяси жағынан берік, дамыған мемлекеттер қатарында” болып Батыс Еуропаға
танымал болды. Мәскеуде бірнеше рет болған Австрия дипломаты Сигизмунд
Герберштейн қазақтар туралы жазбалар қалдырған. Ноғай Ордасында болған орыс
елшісі Данила Губин қазақтар туралы 1536 жылы “мықты халық” деген жазулар
қалдырған.
Моғол бишісі Абд ар Рашид қазақ-қырғыз жерлерін басып алғысы келді.
Бірақ оған қазақ-қырғыздар бірігіп күш көрсетті. Ноғай ұлысының кейбір
феодалдары орыс қоластына, қалғандары қазақтарға көшкісі келді. Сондықтан
Хак-Назар хан өзінің жаулары Шайбанидтермен бірігуді көздеді. Хак-Назар хан
Бұқара ханы Абдаллах ІІ антпен бекітілген келісім шарт орнатады. Бұл
дипломатиялық байланыс әскери қақтығыстарды тоқтата тұрды. Сонымен қоса
Қазақ мемлекеттілігінін ішкі әлеуметтік саясатын жақсарта түсті. 60-70
жылдары Орта Азиямен сауда-саттық жақсарды.
Абдаллах ханға қазақ феодалдары көмек көрсетеміз деген еді. Сондықтан
Абдаллах хан 1579 жылы Сайрамға шабуылға аттанады. Бірақ Абдаллах ханға
қазақ елшісі жіберіледі. Елші антпен бекітілген келісімнің әлі де күші
бар екенін еске салып Баба-сұлтанның босатылып жіберілуіне сөз береді. Яғни
екі хан арасында өзара көмек, бірге шабуылға шығу шарттары бұлжытпай
орындалып отырды.
В.О. Ключевскийдің айтуы бойынша әр уақыттың өз батыры болады.
Қазақ жерлерін шет елделдердің басқаруынан босатып, қазақ еліне
тәуелсіздігін қайтарған батыр хан Тәуке болды. Бұл жерде айтып кететін бір
жайт, Тәуке аты араб тілінен аударғанда үміт дегенді білдіреді. Әрі
ұласып отырған жағдай Тәукенің тек Бұхар хандығын женгенінен басқа,
Абдаллах ханның өлгенінен кейінгі Мәуереннахрда қалыптасқан жайтты,
саясатын дұрыс түсіне алды. Ресей мен Қазақ хандығының нағыз дипломатиялық
қарым-қатынасы Тәуке хан билеген кезінде дамыды.1594 жылы жыл соңында
Мәскеуге қазақ елшісі Құл-Мұхаммед Ресеймен бірігу келісім-шартын жасасуға
келеді. Құл-Мұхаммедтің басты мақсаты Ресеймен орнату еді. Оның есесіне
Тәуке хан тұтқындағы Ураз-Мұхаммедтің орнына өзінің ұлын жіберуін айтты.
Тәуке хан Ресеймен келісімге отыруға асықты. Себебі, Ноғай халқымен
қақтығыстар көп болып тұрды, және де Бұхар ханы Абдаллахпен уақытша
келісімге келіп еді. Бұған жауап ретінде орыс патшасы Федор Иванович Тәуке
ханға “қарулы әскерлерін” қазақтарды жаудан қорғауға жіберуге сөз берді.
Деректер бойынша ХVІ ғасырда Ресей мен Қазақ елшілерінің алмасуы
күшейді. Қазақ-Ресей қатынасының орнығуы 1595 жылы Вельямин Степановтың
Тәуке ханның сұранысына жауап ретінде келу кезеңі болды. Елші Тәуке ханмен
екі ай өткізді. Бірақ осыншама ұзақ уақыт бойы созылған сұхбаттасулар
сақталып (өкінішке орай) қалған жоқ.Дегенмен, қазақ-орыс қатынасының ары
қарай дамуы өткізілген сұхбатты маңызды дей аламыз. Бұны Вельямин
Степановтың келуімен бірге, Тәуке ханның ұлының еліне қайта оралуыменен
түсіндіре аламыз.
Қанша дегенмен, Ресей Дешті-Қыпшақта болып жатқан өзгерістермен
әрдайым таныс болды. Сақталған құжаттар бойынша қазақ-орыс дипломатиялық
қарым-қатынасы ХV ғасырдың 90 жылдарында басталды делінеді. Қазан
хандығымен Астрахань хандығы Ресей қоластына кірген соң, қазақтар мен орыс
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас пен сауда қарым-қатынасы дами түсті.
Ресейдің Қазақстанмен, Закавказьемен және Орта Азиямен қатынас жасауы сауда-
керуен жолдарына байланысты болды. Қазақстан территориясы арқылы өткен
сауда жолдары халықаралық маңызы зор болды. Керуен жолдары батыс және шығыс
Еуропаны Орта Азиямен байланыстырды. Шығыс елдері экономикалық және
дипломатиялық тұрғыдан Ресеймен қарым-қстынасты жасауды көздеді. Керуен
жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салған Ресей мемлекеті Қазақ
хандығымен байланысты күшейтуге тырысты. Қазақ хандығы Сібір хандығымен
және Орта Азия басқарушыларына қарсы күресу үшін көмекші іздеді. Сондықтан
Қазақ хандығы Ресей мемлекетімен экономикалық және дипломатиялық қарым-
қатынасқа түсуіне ықпал жасап отырды. Қазақ хандығы орыс басшыларымен
жасасқан хаталмасуы, қазақ феодалдарының ертеден-ақ Ресеймен қарым-қатынас
жасауын түсінген деуге болады. Хак-Назар хан Ресеймен қарым-қатынас жасау
Қазақ мемлекетіне пайдасы зор екенін түсінді. Ал Ресей болса, өз тұрғысынан
қазақтар арқылы Кама маңын жаулап алғысы келген Сібір хандығының билеушісі
Көшімге қарсы соғысуды көздеді. Осындай мақсатпен 1573 жылы қазақтармен
бірігу үшін қазақ даласына орыс елшісін Третьяк Чебуковты жібереді.
ХVІІ ғасырда орыс сауда-керуені кеме арқылы Ертіс бойымен өтті, ал
Орталық Азиядан келген саудагерлер қазақ даласы арқылы Астраханьға,
Волгамен Саратовқа, Самараға және Қазанға өтіп отырды. Ресей үкіметі Қазақ
хандығымен жақындасуды көздегендіктен, сауда айырбасының жақсы жүруіне
ықпал жасап отырды. Бұған мысал, Тара қалаларының тұрғындары Орталық Азия
мен Қазақстанның саудагерлерін жақсы қарсы алуға тиіс еді. Саудагерлер
Тобыл немесе Тюменьде сауда жүргізгісі келсе, ешқандай кедергі жасамауы
керектігін айтты.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс
үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің
сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. ХVІІ ғасыр басында Ресей жерлерімен
шектесіп жатқан Қазақ жерлері бірте-бірте орыстану саясатына көше бастады.
Яғни шекарасы бар жерлерде, сауда жолдарында орыстардың қоныстары пайда
бола бастады. ХVІІ ғасырдың 20 жылдары Батыс елдердің керуен жолдары толық
орныққаны соншалықты, ол Батыс саудагерлерінің орыс саудагерлерімен
қақтығысына әкеліп соқтырды. 1686-1693 жылдары Тәуке хан Ресейге маңызды
дипломатиялық сұрақтарды шешуге бес елшілік жіберді. 1690 жылы Тәуке хан
Тобылға Қабай басқарған елшілікті жіберді.1693 жылы хан тағы да бір елшілік
жібереді.1691 жылы хан жіберген елшілік қазақ феодалдарының Сібір жерлеріне
жасалған шабуылдарға қатысы жоқ екенін түсіндіре, қазақтардың Ресейге
көзқарасы өзгермегенін айтады. Осыған сай Сібір әскер басшысы С.Салтыков
сұрақтарды шешуге тырысты. Тәуке ханға 1692 жылы Андрей Неприпасов, Василий
Кобяков, аудармашы Шаманаевтан тұратын елшілік жібереді. Бірақ бұл іс
жайынан қалады. Себебі, Тәуке хан тұтқындағы ұзақ уақыт болған Кильдейдің
босатылмауынан, орыс елшіліктерін өз елшілігі Құлтубай Аталықовпен қайтарып
жібереді. Мұны алдын-ала естіген Ресей үкіметі Кильдейді босатып, оны
сыйлықтармен еліне қайтарады. Осындай қиындықтарға қарамай Қазақ-Ресей
қатынасы қалыпты жағдайда болды. Себебі, қазақ-орыс қатынасы уақытша
қажеттілік емес-тін, бұл қатынас ұзақ жылдарға созылған экономикалық және
әскер жағынан байланысқан қатынас еді.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі, Әбілқайыр ханның
Ресей империясына үміт артуына себепші болды. Ол көрші ірі мемлекетпен
тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың Қазақстанды
мазалауын тоқтатуға тырысты. Әбілқайырдың сонымен қатар Петербург
билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өзінің жеке қарсыластарының сағын
сындыруды да көздегені анық. Ханның ең басты мақсаты – Батыстағы көршісі
Ресеймен сенімді байланыс орнатып, біріккен күшті қалмақтарға қарсы күреске
жұмылдыру еді. Қазақ халқына мал шаруашылығын жақсы ұстау үшін де Ресеймен
келісімге келу керек еді. Әбілқайыр мен оның жақтастарының Ресейден тағы да
бір күткені қазақ жері арқылы шығысқа, шығыстан батысқа, Ресей және басқа
елдерге өтетін өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру еді.
1726 жылы Ақтабан шұбырынды мейлінше қақап тұрған кезде Әбілқайыр патша
үкіметіне өкілін жіберіп, импертяның құрамына талпынған болатын. Содан соң
Әбілқайыр ханнан ант алу үшін, Анна Иоанновна арнайы елшісін жібереді. Ол
қабілетті дипломат А.И.Тевкелев болды. Қазан айында да орыс елшісі Кіші жүз
билерімен кездесті.
Ресей үкіметі Әбілқайырдың дара билігінің күшеюіне мейлінше қарсы
болды. Ал патша үкіметінің Нәдіршахтан Хиуа хандығының солтүстік ауданынан
өзіне жер бөліп беруін сұрағанын білген Әбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп
шығып кетуді де ойластырған. Бірақ Әбілқайыр патша үкіметімен қарым-
қатынастарын үзе алмады. Көпшілік старшындар, тіпті ханның өз балалары да
оның бұндай әрекетін қоштамады. Оның үстіне 1747 жылы Нәдіршахтың
өлтірілуінен соң Хиуа тағына Әбілқайырдың бақталасы Батыр сұлтанның ұлы
Қайыптың сайлануы қазақ ханының бұл өңірдегі әсерін әлсіретті. Орынбор
губерниялық басқармасы да Әбілқайырға күдіктене қарады.
Орыс үкіметі мен Әбілқайыр арасындағы жікті жамауға А.Тевкелев біраз
үлесін қосты. Әбілқайыр мен Ресей дипломаттарының 1748 жылы Ор бекінісі
маңындағы кездесуі соңғы кездегі екі арадағы орын алған ахуалды біраз
жұмсартқандай болды. Осы жылдың шілде айында өткен қазақ сұлтандары мен
ақсүйектерінің съезі Кіші жүз ханының беделін көтеріп тастағандай көрінсе
де, Әбілқайырдың жаулары да қарап жатпады. Әбілқайыр 1748 жылы Барақ
сұлтанның қолынан қаза тапты.
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі
Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші
және Орта жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының
иеліктеріне шек қойылды. Өлген ханның басты тірегі болған шекті руы
қазақтарының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде
екі хандық орнады: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, солтүстік-
батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды.
Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған, сонымен
бірге Ресей, Цинь империяларына да тәуелділігін сөз жүзінде мойындаған
Абылайдың басты мақсаты Қазақ мемлекетінің дербестігін қалай да сақтап қалу
еді. Дипломатиялық шараларды шебер пайдаланған Абылай, хан болып сайлануға
дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай
жатқан тарихи қазақ жерлерін халық мүддесі үшін қайтадан қайтаруда қыруар
күш-жігер жұмсады. Тіпті, бұрынғы Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып,
оның орнына Маньчжур-Цинь билеушілері жаңа шекара орнатқаннан кейін де
Пекин сарайы қазақтардың өз иеліктерінде мал жаюына қарсылықты тоқтатпады.
1760 жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын
батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай бар
мүмкіндікті Цинь әулеті билеушілерімен арадағы әр-түрлі қайшылықтарды нақты
нәтижелермен шешуге жұмсап отырды. Абылай сонымен қатар Орта Азиядағы
елдермен байланыстарын дамытуға да біршама көңіл бөлді. ХVІІІ ғасырдың 70-
жылдарының басында белгілі қолбасшы ретінде Абылай бірқатар соғыстарда
Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Ташкент салық төлеуге
мәжбүр болды. Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке Қазақстанның
халықаралық жағдайы жақсарды.
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында
қалыптасқан дәстүрге қарамастан, белді сұлтандар, билер өлген билеушінің
ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие болған Абылайды ақ
киізге көтеріп, хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерлерді үш жүздің
өкілдерінің барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы
азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі атқарған ролін, Ресей мен
Қытай мемлекеттері аралығында отырса да, іс жүзінде елдің дербестігін
сақтап қала алғандығын мойындағанының көріінісі еді.
1761 жылы императрица Елезавета Петровнаға жолдаған хаттарының
бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық
жіберуді сұраған. Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертіс өңірінде,
кейінірек Ақтөбе маңайында, Ой шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған
Абылай жер шаруашылығымен айланусыдың да қазақтар үшін маңыздылығын жете
түсініп, қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл
бөлді.
1781 жылы Абылай дүние салды. Алғашында одан қалған көп ұрпағы үш
жүзді күш салып билеуге тырысқанмен, оның құрған мемлекеті әлсіреп кетті.
Абылайдың бас мирасқорын – Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы
ретінде танығанымен, ол беделсіз, мемлекет басқаруға қабілет-қажыры
жетімсіз билеуші еді. Шыңғыс тұқымы ретінде қазақ феодалдық мемлекетінің
бірлігін әкесі сияқты қамтамасыз ете алмады.

2.Ресей империясы құрамындағы Қазақстандағы дипломатиялық қатынастар

Оңтүстік Қазақстан, соның ішінде Жетісу қазақтары Ресейдің шекаралық
аудандарымен сауда және саяси байланыстар жасап тұрды. Астық пен өнеркәсіп
тауарларын Ресейден бұл аудандарға жеткізу және қазақтардың басқа да
талаптарын орындау жылдан-жылға өсіп отырды. Осы жағдайлар Ресейге сенімді
күшейтті.
1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайхан-ұлы патша үкіметіне өзінің
қарамағындағы рулар Ресей құрамында болуды қалайды дегенді мәлімдеді. Осы
жайлы Жалайыр руынан 66 мың адам қоныс тепкен территория Ресей құрамына
алынды. Бұл рулардың көшіп-қонатын жерлері Қоқан хандығымен шекаралас еді.
Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды.
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20-30-жылдарында Қазақстанға саяси
бағыттағы бірқатар әскери шаралар жүргізді. Осы жылдары “Азия комитеті”
құрылды. Батыс Сібір генерал-губернатор П.М.Капцевичтен жергілікті
старшындар өзара қақтығыстарды басуға және тиісті жағдайда өздерін қорғау
үшін әскери отрядтар жіберуді талап етті.
Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы нұсқауларға сәйкес 1848 жылы
қаңтардың оны күні бұл өңірде ресейлік пристав тағайындалды.Орыс
отрядтарының Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы
іске асырылды. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделері алдымен көз
тіккен аймақтар – Қытай мен Қоқанға іргелес Жетісу және Іле өңірі болды.
Қазақ жерінде әскери топтардың құрылуы, қазақ жерін өзіне тартып алуы
Ресейдің қазақтарға деген көзқарасын көрсетеді. Бұл қазақтардың Ресей
империясы құрамында болған кезеңіндегі түгелдей Ресейге тәуелділігін
көрсетеді. Бұны В.В.Григорьевтің жазуы бойынша “Патша үкіметі қазақ жеріне
казак әскерлерін әкелуде. Олар қазақ даласын тартып алып, отарлау саясатын
жүргізуде. Сондықтан қазақ халқының көтеріліске шығуына себебші болды”.
1847 жылы Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал
Вишневскийдің экспедициясымен Кенесарыға қарсы күреске қатысқан, Орта және
Ұлы жүз қазақ феодалдарымен тілдескен, Польшадағы азаттық күреске қатысқаны
үшін қазақ өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына
қайран қалып, оны ХІХ ғасырдың Алжир халқының Француз отаршылдарына қарсы
күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадермен теңестіреді. Сұлтан Кенесарының
айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды.
Орынбор губернаторы, граф В.А. Перовский арқылы патшаға жеткізуге
дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты тоқтатудың
бірден-бір шарты - өлкемізге бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды,
округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: “ Ұлытау мен Кішітау
өңіріне Сібір шептерінен әскер жібермеуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша
шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша
ағзамға қызмет ете алмайды”, - деген сол В.А. Перовскийға арналған хаттағы
аты шулы сұлтанның сондай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ
өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.
Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Қазақ мемлекетінің құрылымы
Қазақ саяси партиясы
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
Халықаралық қатынастар
Айбынды қазақ ханы Абылай, ұлы ханның өмірі
Пәндер