Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
2. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі:
кешегісі мен бүгінгісі
3. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық
жазбаларының ескеркіштері
4. Жалпы түрік тілінің тарихы
ІІІ. Қорытынды бөлім

Бүкіл түркі дүниесінің алтын діңгегі, ортақ қазынасы саналатын көне түркі жазба ескерткіштері ата-бабаларымыздың ұрпақ болашағы, ел келешегі үшін артына қалдырған баға жетпес асыл мұрасы екені баршаға аян. Тарих қойнауында сан ғасырлар бойы сырын ішіне бүктеп, құпиямды, қасиетімді кім білер, бойымда жатқан ел мен жер тарихы сияқты құнды деректерді ұрпағыма кім паш етер екен деп түркінің сары даласында мүлгіп тұрған таңбалы тастар мен өрнекті кескіндер қаншама.
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі мемлекеттері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырылған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Сондықтан да біз мақалада осы көне көз жазбаларды тас бетіне түсіріп кеткен түркі қағанатының қайнар көзі, түп-тамыры саналатын ғұндар мен сақтар деп білеміз.
Осы көне түріктік руникалық жазбаларды зерттеу, олардың тарихын, қайнар көзін, географиялық мкенедерде таралуын білу міндетті

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларынан материалдар. Алматы, 1966
2. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 1996.
3. Арыстанбеков И.Т. Қазақ әліпбиін өзгерту мәселесіне орай / Дипломатиялық жаршы, 2000.
4. АсановЖ. Латынға көшу баянсыз тірлік. ЕҚ, 2000. 27 желтоқсан,
5. Байтурсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
6. Кемеңгеров К. Бұрынғы езілген ұлттар. М., 1925.
7. Кызласов И.Л. Рунические письменности евразийских степей. М., 1994.
8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тыся¬челетий. Алматы: Рауан, 1992.
9. Саурыков Е.Б. Историй и дешифровка рунических писем, най-денных в Средней Азии // Поиск. 2000. № 4-5.
10. Солтобаев О . Табалдиев К. Рунические надписи в Кочкорской долине // Мээрим. 1998. №2.
11. Саурықов Е.Б. Көне түркі жазба ескерткіштері - ұрпақ қазынасы // Егемен Қазақстан. Алматы, 2001. 27 сәуір

Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
2. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі:
кешегісі мен бүгінгісі
3. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық
жазбаларының ескеркіштері
4. Жалпы түрік тілінің тарихы
ІІІ. Қорытынды бөлім
І. Кіріспе бөлім
Бүкіл түркі дүниесінің алтын діңгегі, ортақ қазынасы саналатын
көне түркі жазба ескерткіштері ата-бабаларымыздың ұрпақ болашағы,
ел келешегі үшін артына қалдырған баға жетпес асыл мұрасы
екені баршаға аян. Тарих қойнауында сан ғасырлар бойы сырын
ішіне бүктеп, құпиямды, қасиетімді кім білер, бойымда жатқан
ел мен жер тарихы сияқты құнды деректерді ұрпағыма кім паш етер
екен деп түркінің сары даласында мүлгіп тұрған таңбалы тастар
мен өрнекті кескіндер қаншама.
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі мемлекеттері алдында
өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба
ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырылған
кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді
меңзейді. Сондықтан да біз мақалада осы көне көз жазбаларды тас
бетіне түсіріп кеткен түркі қағанатының қайнар көзі, түп-тамыры
саналатын ғұндар мен сақтар деп білеміз.
Осы көне түріктік руникалық жазбаларды зерттеу, олардың тарихын, қайнар
көзін, географиялық мкенедерде таралуын білу міндетті
ІІ.Негізгі бөлім
1. Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Негізінен, ғұн тайпаларының өзі талай тілдес тайпалар қатарына
жатқанымен, оның құрамында әр түрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық
одақтар мен шағын рулар да бар еді. Оның ішінде біз мақаламызға
арқау етіп отырған түркі ата тілінде сөйлейтін халықтарды
жоқ деуге болмайды. Түркі және монғол ата тілінде сөйлеуші ру-
тайпалардың батысқа қарай жылжуы өте ерте кезеңнен басталады.
Оған дәлел - батыс антропологтарының зерттеуінше, Орал маңындағы
сақ тайпалары бойынан монғолдардың, яғни бір-біріне сіңіскен
ұқсас екі халықтың бет бейнесін көруге болатындығын айтады. Ал
Орта Азия мен Қазақстан елді мекендері біздің эрамыздың 1
ғасырында иран, угор және алтай тілдес тайпалар мен шағын
рулардың мәдени және тілдік жақтан қарым-қатынас жасайтын негізгі
ошағына айналған болатын. Осыдан барып, ғұн тайпаларының біздің
жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығы басында батысқа қарай
жылжуы барысында және де осы ортада әр түрлі тілдерде сөйлейтін
өзге де тайпалардың әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия аумағында
түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтардың бірігу
үрдісі басталды.
Жоғарыда сатылы түрде айтылып кеткен түркі тілінің пайда
болуы жайындағы пікірлер мен ғылыми деректер түркі
халықтарының төл жазу өнерінің пайда болуының бастамасы әрі
жалғасы. Негізінен, ұрпақ болашағы үшін мұра етіп
қалдырылған түркі тайпаларының ескерткіштері мен арнайы
қойтастары бүгінгі күні өткен өмірдің айнасы болып отыр.
Олай дейтін себебіміз, біздің төл жазуымыздың пайда болуы аты
әлемге белгілі болған сақ тайпалармен тікелей байланысты.
2.1 Қазақстан мен Орта Азия және Оңтүстік Сібір жерлерін
мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп VI ғасырдың орта
шенінде Түркі қағанаты деген атпен өз алдына мемлекет
құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген
тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы,
тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды
басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан
қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек,
дана әскер басылардың өрлік істерімен оған тіреу болар ел
бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін,
Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан
жылардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты
есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй
білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына
жазумен тас бетіне түсірді.
2. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі: кешегісі мен
бүгінгісі
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің
қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлеріне хабар беретін
жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес
халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі
сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың
ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен
қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні
бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба
ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан
табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірақ, осы
көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны
мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты
екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы
бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан
түркі халықтарының ортақ, қазақ халқының төл мұрасы саналатын
руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп
өз ұрпағымен табыс ететін орталық құру көзделіп отыр. Себебі,
университет орналасқан Тараз қаласы ежелгі мәдениетті келешек
ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып
табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі
қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден қалған
мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі.
Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерінен жағрафиялық,
мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап Орхон, Енисей және
Талас деген үлкен үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас
жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер
қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей
жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи
орындар осы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сондықтан
да қазақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне
мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттілігін, тілі мен діліне
қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің қажет
екендігін байқауға болады.
Кеңес өкіметі патшалық құрған тұста археологиялық қазба жұмыстары мен
көне жазуларды зерттеу мәселесі толастамады. XX ғасырдың 30-шы жылдары
Орталық Азия аумағынан көне түркі таңбалары салынған таяқша табылды. Бұл
жазу жүйесі графикалық лингвистикамен айналысушы ғалымдардың көне жазуға
деген қызығушылығын арттыра түседі. Өйткені, мұнда бұрыннан белгілі
әріптерден бөлек, бірнеше беймәлім таңбалар кездеседі. Аталған жазудың
құпиясын ашуға бірнеше ғалым атсалысып, өз оқылу варианттарын ұсынған
болатын: С.Е.Малов (1936), X.Н.Оркун (1940), А.М.Щербак (1959) т.б.
1948 жылы түркітанушы ғалым, археолог А.Н.Бернштам Қазақстанның Ертіс
өзені маңынан қоладан жасалған затқа (айнаға) таңбаланған руникалық жазуды
табады. Артынша Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданынан тағы бір көне
жазудың табылғандығы жөнінде хабар түседі.
1960 жылы Ертіс өзені аңғарларына қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген
Ф.X.Арсланова сүйектен жасалған бойтұмарға жазылған жазуларды табады.
Белгілі түркітанушы, профессор А.С.Аманжолов осы және басқа да табылған
тарихи қазыналар көне түркі тайпаларының күнделікті тіршілігіндегі қолданып
жүрген құралдары мен заттары, ал ондағы бейнеленген таңбалар жүйесі ата-
бабаларымыздың пайдаланған әліпбиі екендігін ескертеді.
"1970 жылдары Іле бойындағы Есік қорғанынан ежелгі сақ тайпасы
мәдениетінің айнасы болып саналатын сол кезеңнің тұрмыс қажетін өтейтін
бірнеше заттар табылғаны белгілі. Осындай қазба жұмыстарының нәтижесінде
күміс тостағаншаға екі қатар ойылып салынған 26 таңбадан тұратын руникалық
жазу табылады. Аталған сына жазуды оқып, оның мағынасы мен құндылығын ашу
барысында ғалымдар арасында алуан түрлі тартыстар да болды. Сақ қорғанынан
табылған бұл жазудың тарихи құндылығы күн санап арта түсті. Біріншіден,
тостағаншаға таңбаланған әріптер өзімізге белгілі VI-VIII ғасырларда
кездесетін көне түркі жазуынан кейбір таңбалары сәл өзгеше. Екіншіден,
табылған жазу археологтардың анықтауы бойынша, сақ дәуірінің жемісі.
Сондықтан жазу жүйесі алдыңғы табылған көне түркі әліпбиіне қарағанда V-
VI ғасыр көне. Мұның өзі біздің жазу мәдениетіміздің қайнар бастауы сонау
сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алатындығын дәлелдей түседі.
Одақтық тоталитарлық жүйе бұзылғаннан кейін біртұтас түркі мемлекеттері
жеке-жеке өз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қол жеткізді. Рухани
байлығымыз - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіліміз бен діліміз қайта жаңғырып
жатқандығы баршаға мәлім. Соның нәтижесінде түркітану саласына деген
көзқарас қайта өзгеріп, ғылымға біршама өзінің жаңа табыстарымен қайта
оралды. Осы мақсатта ғылым саласы да өз зерттеу объектілеріне кең түрде
кірісіп, халық тарихы мен мәдениетінің қайнар бастауын көне заманнан іздеп,
қазіргі уақытта көптеген табыстарға да қол жеткізіп үлгерді. Оның айқын
дәлелі ретінде біз мына төмендегі жазулардың құпиясын ашып, ішкі сырымен
көпшілік қауымды таныстырғымыз келіп отыр. Қазіргі кезде ежелгі түркі
тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған
үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Олардың бойында
талай құпиялар сақтаулы. Мысалы, соңғы кезде Өзбекстанның Наманған,
Ферғана, Қашқария аудандарынан бірнеше көне тайпалардың қолданған заттары
табылған болатын. Аталған түркілік көне жазуларды өз зерттеулерімізде оқып,
құпиясын ашып та көрдік.
1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай,
Тікбұған, Қызыл бұлақ, Алқым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі
рунасымен тас бетіне қашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған
болатын. Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас
жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады. Мақалада біз олардың ішіндегі тас
бетінде өз бет-бейнесін, сыртқы тұлғасын жоғалтпаған үшеуін беріп отырмыз.
Тас бетіндегі құпия жазу неге екендігі белгісіз түркітанушы ғалымдар
тарапынан әлі күнге дейін жүйелі түрде оқылған емес.
.3. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық жазбаларының ескеркіштері
Дәл осындай көненің көзі болып табылатын асыл қазыналар Қазақстанның
жерінде де қаншама десеңізші. Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай,
батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымыздағы Ұлытау,
Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларында және
басқа да өзенді-көлді кең алқапты мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге
де өздерінің қолтаңбасын қалдырып кетпеді дегенге кім сенер. Мұндай қол
жетпес дүниелер ертеңгі күні егеменді еліміздің кез келген жерінен табылуы
мүмкін. Егер табылып жатса, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің
дамуын, өркениеті мен мемлекеттігінің қайнар бастауын ғылыми түрде одан әрі
дәлелдей түсуге өз септігін тигізері сөзсіз. Көне мәдениет жәдігерлері
ұлттық дүниетаным негіздерін бойына сіңірген бірден-бір рухани бастауға
жатады. Байырғы түркі өркениетінің өзгеше сыйы, ежелгі түркі дүниесінің
елшісі болып жеткен Күлтегін жазбаларының ел төріне аяқ басуының маңыз-
мәнінің түп-төркінін біз содан іздейміз.
. Азат ел, өз тізгіні өз қолындағы ел ғана арғы-бергісін, бар-жоғын
батыл түгендеп, төл болмысын іздейді. Жиырма бірінші ғасырға жеке егемен
ел, тәуелсіз мемлекет болып аттанған Қазақстан Республикасының дербес
шаңырақ көтеруі - маңызды қоғамдық-саяси құбылыс ретінде тамыры тереңде
жатқан ақиқат. Ол ізашар болмыстың аты - еркіндік, азаттық, елдік пен
мемлекеттік идеялары. Олардың рухани болмысымыз бен ұлттық дүниетанымызға
ежелден етене екендігіне, ұлттық санада ертеден-ақ ұрық сепкендігіне куәлік
етер даусыз ғылыми айғақ - байырғы түркі өркениетінің жазба ескерткіштері.
2.2 Орхон-Енисей ескерткіштері - тұңғыш түркі жазуы ретінде қаншалықты
маңызды болса, заттық (материалдық) сипатқа ие болып, тұңғыш тасқа қашалған
түркілік рәміздік белгілердің көрінісі ретінде соншалықты құнды. Бұл жерде
мәселе тұңғыш түркі әліпбиінің өзі, ең алдымен, рәміздік белгі екендігінде
емес. Ескерткіштерде кейбір осы заманғы мемлекеттік рәміздердің көркемдік,
дүниетанымдық, саяси-әлеуметтік астарларымен тығыз байланысты рәміздік
белгілер айшықталған. Оларды зерттеу - тарихтың рәмізтану саласының ғана
емес, жалпы мәдениеттану және саясаттану ғылымдарының өзекті міндеттерінің
бірі.
Күлтегін ескерткішіндегі мәтін жазылған пирамида түріндегі 3,15 м.
стелланың ұшы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан етіп ойылғаны белгілі. Осы
жердегі бөрі бейнесі тегін тұрған жоқ. Көне түркілік дүниетанымда ол -
еркіндік, азаттық, елдік пен тәуелсіздік ұғымдарын білдіретін нышандық
белгі. Ал оның өзі өз кезегінде ежелгі тотемдік танымға негіделген. Көк
бөрі - түркі халықтарының тотемі, ортақ киесі. Қазақ тіліндегі эвфемизмде
оның атын атамай "ұлыма" деу сол түйсік-түсініктің көрінісі болса керек.
Күлтегін ескерткішінде де, басқа бірқатар Орхон-Енисей ескерткіштерінде
де зерттеушілер қаған таңбасы атап жүрген рәміздік белгі ұшырасады. Онгүн
ескерткішіндегі 64 балбал тастағы сәйкес белгі аша таңба (V) түрінде
қашалған. Ол найман тайпасының рулық таңбасына ұқсас. Мұның өзі Ә.Марғұлан
бастаған бірқатар ғалымдардың жалпы түркі халықтарының ортақ жәдігері болып
саналатын Орхон-Енисей жазбаларында қазақ тайпаларының қолтаңбасы бар деген
пікірінің аясынан алшақ емес.
Көне түркі ескерткіштерінде таңбаланған рәміздік белгілер арасында сол
сияқты айдаһар, таутеке, тасбақа, қошқар бейнелері және дәстүрлі ою-өрнек
үлгілері кездеседі. Танымдық тұрғыдан алғанда түркі тектестерден гөрі басқа
жүрттарға жақындау тотемдердің де (мысалы, айдаһар қытай киесі саналады)
аралас келуі ежелгі түркі мемлекетінің қүрамы біркелкі болмаған-дығын
немесе ескерткіштерде көрші елдер қолтаңбасы да кездесіп қалуы мүмкін
екендігін аңғартады. Ескерткіштерде бедерленген күн мен ай бейнелері,
тәңірлік түс дел есептелген көк рең бүлар да рәміздік белгілерге жатады.
Орхон-Енисей ескерткіштерінде көрініс тапқан түркі жұртының төл
дүниетанымына негізделген рәміздік белгілер еркіндік пен ерліктің,
тәуелсіздік пен тектіліктің, елдік пен мемлекеттіктің ізгі нышаны ретінде
сан ғасырлық тарих соқпақтарында мүлдем ізсіз жоғалып кетпей, қазіргі түркі
тектес елдердің ресми рәміздерінде жалғасын табуда. Бұл ретте осыдан он жыл
бүрын дербес егемен ел аттанып, мемлекетін құрып жатқан Қазақстанның
қазіргі рәміздерінен де байырғы бастау бояулары, бостандық сүйгіштік пен
әділдік рухы сезіледі. Тәңірлік түске тәу етіп, көк байрақ көтерсек,
елтаңбамыздағы киелі шаңырақты қыран қанатты, ай мүйізді қос пырақ қорғап
түр, бесбұрышты жұлдызы тағы бар. Ту бетінде әдемі ұлттық өрнек өрілген.
Мемлекеттік әнұран өзегінде де Күлтегін жазбаларының рухы аңғарылады десек
артық сөз емес. Оған көне ескерткіштердегі тәуелсіздік пен азаттық ең ізгі
елдік мұрат екендігі жайлы, оған қол жеткізу үшін ата-бабаларымыздың жан
аямай күрескендігі туралы, елдің бірлігін сақтау қажеттігі жайында, татулық
пен мақсатгы іс-әрекет ертеңге жол ашатындығы хақындығы өзекті ойларды
әнұранның мазмұндық-мағыналық тірек идеяларымен салыстырып, айқын көз
жеткізуге болады.
Біз сөз етіп отырған үндестіктер мен ұқсастықтар - Орхон-Енисей
ескерткіштерінде тасқа қашалып салынған тұңғыш түркілік рәміздік
белгілердің байырғы түркі өркениетінің төлтумасы ретінде, ұлттық дүниетаным
айнасы ретінде және рухани көпір ретінде өміршеңдігінің айқын айғағы. Бұл -
бүгіндері өзгеше өзекті мәнге ие болып отырған мемлекеттік идея
қайнарларының бастауы тереңде жатқандығының тағы бір дәлелі.
Осы орайда Орхон-Енисей жазуларының мәтінінде байрақ (байрағ), халық
(будун), ел-мемлекет (ел, іл), әскер (су), шекара, елші ұғымдарының
өрнектелуі мемлекеттік идеясы түркі жұртында өте ерте замандарда
қалыптасқан рухани аңсар екенін дәлелдей түсетіндігін айта кетуге болады.
Ортаға салынған ойлардың түйіні ретінде төмендегі төрт байламға ерекше
назар аударғымыз келеді:
Бірінші. Орхон-Енисей ескерткіштерінде түркі өркениетіне тән ең алғашқы
рәміздік белгілер заттық (материалдық) көрініс тапқан.
Екінші. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі рәміздік белгілер - түркі
дүниесіндегі осы заманғы мемлекеттік рәміздердің негізі. Түркі
рәмізтануының бастауын солардан іздеу керек.
Үшінші. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі рәміздік белгілер - түркі
руханиятындағы мемлекеттілік және отаншылдық идеяларының қайнар көздерінің
бірі.
Төртінші. Орхон-Енисей ескерткіштері мен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері арасында терең тарихи сабақтастық бар. Бұл - байырғы
түркі өркениеті мен қазіргі қазақ мәдениетін жалғастыратын, рухани алтын
көпір аман-сау екендігінің белгісі.
Қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихын,
мәдениетін сөз еткенде көне түркі руникалық жазба ескерткіштеріне соқпай
кете алмаймыз. Ол - сайын даланы мекендеген тұлпар мініп, ту алған ата-
бабамыздан қалған асыл мұра. Көне түркі жазуының жанрлық сипаты туралы
ғылымда бірнеше пікір бар. Түркітанушы А.Щербак Орхон ескерткіштерін тарихи
деректер жиынтығы деп қараса, И.В.Стеблева ақындық дәстүрдің ортасында
туған тарихи ерлік поэма деп таниды. Қазақ ғалымы М.Жолдасбеков осындай
көптеген пікірлерді елеп-екшеп келіп: "Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи
фактілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын, кескілескен
соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр еткен ерлік эпосының ең
әдепкі үлгісіне жатқызу орынды" деп қорытты. Әлемдік мәдениеттің
қайталанбас жарқын белгісі боп табылатын бұл жазба жәдігерліктер тасқа
қашалып жазылған. Көне түркі тайпалары руникалық жазуды VII-IX ғасырларда
кеңінен пайдаланған.
4. Жалпы түрік тілінің тарихы
Түркітануда орта түркі дәуірі болып саналатын X-XV ғасырларда түркі
тайпалары араб жазуын пайдаланды. Араб жазуының Орта Азия, Жетісу, Шығыс
Түркістан аймақтарында XI ғасырдан бастап таралып, өріс алуы руникалық көне
түркі әліпбиін ығыстырып, келесі ұрпақтар санасынан жойылуына әкеп соқты.
Орта түркі дәуірінде түркі тектес халықтар жеке-жеке ыдырап, түркі
тілдері дербес тіл болып қалыптаса бастады. Орта түркі дәуірін түркі
халықтары тілінің даму ерекшелігін ескеріп, ғылымда қарахандықтар дәуірі (Х-
ХІІ ғғ.) және монғолдар дәуірі (XIII-XV ғғ.) деп екіге бөліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz