Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ - АРАБ УНИВЕРСИТЕТІ
Дінтану кафедрасы
БІТІРУШІ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі
Орындаған: Зинабдинов Асылбек
Ғылыми жетекшісі: Алдабергенова Гүлнәр
Шымкент 2005 ж.
Мазмұны:
Бітіруші жұмыстың көкейкестілігі: Бітіру жұмысының негізгі көкейкесті мәселесі Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролін жан - жақты қарастыра білуінде болып отыр.
Жұмыстың теориялық қолданылымы: Қазіргі кезеңдегі және бұрынғы ғалымдардың Ислам діні жайында жазған еңбектерін қолдану. Бұл жұмыста да сол ғалымдардың еңбектерін қолдану.
Жұмыстың практикалық қолданылымы: Бұл жұмыс орта және жоғарғы оқу орындарында философия, дінтану факультеттерінде білім нәрін алып жатқан студенттерге қолдануға әрі зерттеушілерге бірден-бір құрал бола алады деген үміттеміз.
Бітіру жұмысының мақсаты: Ислам дінінің қоғам өміріндегі орнының ерекше екендігін атап көрсету.
Жұмыстың міндеті: Ғылыми түрде Ислам дінінің әлеуметтік саладағы өз орнын кеңінен түсіндіре білу.
Зерттеу әдістері: Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролін түсіндіру барысында нақты дәлелдерге сүйену. Қажетті әдебиеттерді орынды пайдалану.
Зерттеу объектісі: Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі. Ислам және қоғам арасындағы байланыс. Сондай-ақ Ислам дінінің қоғамға әсері.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы -
- Жоспардан
2. Кіріспеден
3. ІІІ- Тараудан
І - Тарау. Қоғамдағы дін түсінігі және діннің қажеттілігі.
ІІ - Тарау. Қазіргі таңда Ислам діні.
ІІІ - Тарау. Ислам дінінің күнделікті тұрмыс - тіршілікте
алатын орны.
4. Қорытындыдан
5. Сілтемелерден
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І - тарау
І. 1. Қоғамдағы дін түсінігі және діннің қажеттілігі.
І. 2. Ислам діні және қоғам.
І. 3. Ғылым мен мәдениетте Исламның алатын орны.
ІІ - тарау
ІІ. 1. Қазіргі таңда Ислам діні.
ІІ. 2. Мұсылман елдері құрған ұйымдар және олардың қызметтері.
ІІ. 3. Исламдағы сенім мен құлшылықтардың және шариғат заңдарының қоғамға әсері.
ІІІ - тарау
ІІІ. 1. Ислам дінінің күнделікті тұрмыс - тіршілікте алатын орны.
ІІІ. 2. Ислам дінінің қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық теңдік пен бейбітшілікке қосқан үлесі.
Қорытынды
Сілтемелер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғалы көп іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміз жан-жақты дамып көркеюде. Соның ішінде қуантарлық бір жайт - жетпіс жыл бойы ұмытылуға айналған Ислам дінінің қайта жандануы. Қоғамымызда рухани шөлдеген адамдар, Ислам дінінің рухани қайнар бұлағынан қайта сусындай бастады. Енді мен өзімнің бітіру жұмысымда Ислам дінінің қоғамда алатын орны мен ролі жайында сөз қозғамақпын. Өйткені Ислам діні тек қана құлшылықтармен ғана шектелмейді, сонымен қатар оның қоғамға да көптеген пайдалары бар. Мәселен: қоғамдағы адамдардың арасындағы бауырмалдықты, татуластықты, мейірімділікті, әділдікті, еркіндікті, теңдікті, бейбітшілікті т. б. орнықтыруда Ислам дінінің әсері орасан зор. Сол сияқты қоршаған ортаны қорғауда, ғылым мен мәдениетте, күнделікті тұрмыс-тіршілікте, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында да, Исламның алатын орны ерекше. Менің бұл жұмысты жазудағы басты мақсатым: жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын нақты дәлелдермен түсіндіріп беру.
Тарихқа терең бойласақ адам баласының дінсіз өмір сүрмегендігін көреміз. Сонау Адам атадан бүгінге дейін әрбір кезеңде, адамзат баласы бір күштің, құдірет иесінің бар екенін біліп оған сеніп құлшылық қылуын тоқтатпаған. Ол сенген діндері хақ дін болсын, адамдар жағынан ойластырылған дін болсын, адамзат тарихында дінсіз қоғам болмағаны белгілі жайт. Қазір дүниежүзінде түрлі дін өкілдері өмір сүруде. Біреулері пұтқа табынып жатса, енді біреулері отқа, жан-жануарға, жұлдыздарға, адамдарға табынып, сыйынуда. Осындай дін өкілдерінің ішінде тек қана бір Аллаға құлшылық қылатын мұсылмандар өмір сүруде. Мұсыл-мандардың сенетін діні, ең соңғы әрі шынайы хақ дін - Ислам діні болып табылады. Бүгінгі таңда дүние жүзі халықтарының көпшілігі Қазақстан халқының басым бөлігі - Ислам дінін ұстанушылар. Бірақ көпшілік бұл дінді толық әрі анық түсінбеуде. Қазіргі мұсылман бауырларымыздың көпшілігі бұл дінді намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, жаназа шығарумен ғана шектеп қоюда.
Бұл еңбегімде Ислам дінінің адам баласына жіберілген шынайы әрі хақ дін екендігін дәлелдеуге тырысамын. Сонымен қатар осы жұмысымның негізгі тақырыбы болған осы Ислам дінінің қоғамдағы алатын орны мен роліне тоқталып өтпекпін.
Осы тақырыпты таңдап, қолыма қалам алуымның себебі «Менің дінім Ислам» деген бауырларымызға бұл діннің ақиқат мағынасын және бұл діннің адамзаттың бүкіл өмірін қамтитынын және де ең дұрыс әрі тура дін екендігін жеткізу. Әрі қоғамдағы алатын орны мен қоғамға пайдасын түсіндіре білу.
І -тарау
І. 1. Қоғамдағы дін түсінігі және діннің қажеттілігі
Дін адамзатпен бірге келгендіктен, әрдайым адамзатпен бірге болмақ. Тарих сахнасына терең үңілетін болсақ, дінсіз адам кездестіруге болады, бірақ дінсіз қоғам кездестіру мүмкін емес. Қай жерде бір қоғам болса, ол жерде бір дін кездестіруге болады. Яғни адамзат діннен ешқашан ажырамаған деген сөз. Адам баласы әр уақыт өзінен үстем бір құдірет күштің бар екенін және оған жалбарыну керек екенін білген. Бұл жайында қасиетті Құран Кәрімде былай делінген: «Ей адам баласы! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Алла ол әр нәрседен мұңсыз өте мақтаулы» . 1
Адамның немесе қоғамның діннен айрылуы мүмкін емес. Өйткені дін өміріміздің әрбір кезеңінде орын алады. Адамдарға сенімділік пен төзімділікті, жақсылық жасауды, сабыр қылуды, мейірімді болуды, кешірімді болуды үйреткен осы - дін. Қоғамда тыныштық орнатқан, тәртіпке шақырған, бай мен кедей арасында теңдік орнатқан да, осы Ислам діні болатын.
Ақыретке деген сенім адам ішіндегі мәңгілік сезіміне жауап беру жағынан да маңызды. Адам өлімнен емес, жоқ болудан қорқады. Басқа діндердегі сияқты Ислам діні де, өлімнен кейін қайта тірілудің бар екендігін айтады. Бұл өмірден басқа мәңгілік өмірдің бар екендігіне сену адамды ертеңгі өмірге, болашаққа дайындайды. Ақыретке сену қоғамымыздағы әрбір адамды, күнәлардан қашу сезімі арқылы қоғамымызда қылмыстың азаюына септігін тигізеді.
Адам жаратылысы жағынан да дінге мұқтаж. Өйткені адам рух және денеден тұрады. Адамзат баласы үшін дененің қажеттілігін қана-ғаттандыру, өмір сүру үшін керек болса, рухани қажеттілігін өтеуі үшін де адам баласы дінге мұқтаж. Өйткені адамның рухани сүйеніші - дін.
Дін адам рухының жаңбыры тәріздес, жаңбыр болмаса жердің көктемейтіні сияқты, дін болмаса рухымыз да шөлдеп, сусайтыны анық. Сондықтан дін секілді адамдықтың басты көрсеткіші болып табылатын қасиетті ұғымды құртамын деп соғыс ашқандардың өздері құрдымға кеткен. Дін - қоғамды дамытып, ілгерілететін, жөн көрсететін бір жүйе. Өйткені дін - хақсыздықтың, әділетсіздіктің, жамандықтың дұшпаны. Қоғамды тәртіпке келтіруде діннің алатын орны ерекше. Егер қоғамда дін әлсіресе, тәртіпсіздік пен әдепсіздік кең етек алар еді.
Діннің идеялогиялық маңызын тереңірек түсіндіру үшін алдымен адам өміріне қажеттілігін айқындау қажет. Біріншіден дін қоғам өмірінде адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін керек 2 - деп философтар бекер айтпаған.
Ислам дінін зерттеп көрсек: Ислам - адамзат өміріндегі ең жаңа және өмірге өскелең көзқараспен қарайтын дін. Исламның негізі болмыспен тығыз байланысты. Ол тек тұрмыстық өмірді ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар адамның сана-сезімін, қоғам идеялогиясын да өзгертуге ықпал жасады.
Ислам - шынайы еңбек жолы, адам өмірін жаңа жолмен алып баруға бірден-бір жол ашушы дін. Ол адам санасын жаңа ағымға бағыттайды. Яғни діни сезімге бет бұрғызу - заңдылық. Ислам адамға жаралған күнінен бастап оның санасымен, сезімімен, жанымен, биологиялық тұрғысымен беріледі. Биологиялық дене жан арқылы өмір сүреді. Сол денеде жан болса ғана адам өмірде тіршілік жасайды. Ал сол жан денені тастап шықса, онда ол дене барлық қасиетінен айрылған түрде қажетсіз затқа айналады. Ал адамға Алла Тағала жан бергенде, өзімен ұштастыра береді. Ол байланыс - мәңгілік.
Бұл пәни өмірден кеткен адам мәңлігік өмірге өткенде Алла Тағаланың алдында өз ісіне есеп береді. Байланыс әрі қарай жалғасады. Адам келесі өміріндегі жағдайда да Алла Тағаламен байланыста болады. Міне осы байланыс есеп беру заңдылығы адамға тежеу салады. Адам өз өміріне сын көзбен қарап, келешек өміріне қызмет жасайды. Шынайы идеялогияның өзі осы. Адамның жан сезіміне әсер ету, ал әлемде басқа ешқандай құбылыс адамның жан дүниесін өзгерте алмайды. Әлемде діннен басқа идеология жоқ. Демократия иделогия емес. Комунизм құруға бағытталған Маркстік, Лениндік идеолгияның өмірсіз екеніне адамзат куә. Комунизм қоғамында өмір сүретін адамды тәрбиелеу орындалмайтын арман екенін, адамзат тарихындағы тәжрибе өзі көрсетіп өтті. 3
Енді Коммунизм иделогиясына келер болсақ, ол бұл иделогияға ақылмен жетсе де, ақылға сай емес материяға негізделіп құрылған. Өйткені ол - пікірден алдын материя болған дейді және оны барлық нәрсенің негізі етіп қояды. Сол себепті комунизмде материялистік идея болса, діндар кісілер мен ойшыл адамдардың арасында бірнеше ғасыр бойынша жалғасқан қанды таластың нәтижесінде келіп шыққан ортақ шешімге негізделіп құрылған. Ол шешім дінді мемлекеттен болуы керек дегенді білдіреді. Сондықтан да, бұл екі иделогия да, капиталистік және комунистік сәтсіздікке ұшыраушы ретінде саналады. Себебі олар табиғатқа қарама - қайшы және ақылға негізделмеген. 4
Айтқандарымызды қорыта келгенде, тек Ислам иделогиясының дұрыс екендігін көруге болады. Себебі ол ақылға сүйенеді, ал қалғандары ақылға теріс болғандықтан жарамсыз болып табылады. Ислам адам табиғатына сай келетін иделогия. Ол адам талаптарын, қажеттіліктерін толық қанағаттандырады. Ал басқа иделогиялар болса, адам табиғатына сай келмейді. Олай болса дінннен басқа илелогия болуы мүмкін емес. Француз социологы Э. Дюркгейм (б. з. д 1858-1917 ж) Алланы әлеуметтік тұтастық көрінісі ретінде қарап, діннің әлеуметттік ролін атап көрсетті. Қоғамның тұттастығын қамтамасыз ететін күш қоғамдық сана идеологиясы деп көрсетті.
«Идеология арқылы жалпы адамгершілік нормалары, рухани құндылық, рухани сезім - Алланың құдіретіне сену» деген Дюркгеймнің тұжырымдамаларын қолдайтын ғылымдар көп болды. Дюркгейм де дінді жалпы қоғам және санамен салыстырып теңестіруде. Ол: «Дін кез - келген қоғамға қажет. Ол адамдардың мәңгілік серігі» - деген тұжырымға келді. 5
Адамзат қоғамдық қатынасты бағалай келіп, оның болмысын құрады. Өмір аққан өзендей тоқтамастан өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі жалған дүниенің қамын жеп өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда баратындығын ұмытқан. Бәрі сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір белестен екінші бір белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім дегенде екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. Енді асыл арманыма, аңсаған мақсат-мұратыма жеттім дегенде, өлім оны қуып жетеді. Сөйтіп адам мына пәнидің алдамшы қызығына қызығып, есіл ғұмырын жоқ етеді. Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген міндетін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты - қарын тойдыру. Ойланған кісіге екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат ететіндей қоғамымыздағы ең саналы жаратылыс - адамның осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның қарын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бес-алты жыл оқып, сол бір қарынның қамы үшін өтірік айтып, өсек айтып, басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам бар ғұмырын қарынның қамына арнайтындай осыншама төмен деңгейге түскені ғой . . . Жо-жооқ, әлемдегі ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте бұндай төмен болуы мүмкін емес. Қорадағы сиырдың да өзіндік жоғары міндеті бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа адам баласына пайдалы аппақ сүт әкеледі. Ара да таң атысымен ызыңдап ұшып, мыңдаған гүлдерге қонып жүріп, кешке улы денесінен адамға пайдалы да, шипалы бал береді. Демек әрбір нәрсенің өзіндік міндеті, мағынасы бар. Ал адамның міндеті ше? Адамның да ақыл санасына, дәрежесіне қарай өзіндік міндеті болуы тиіс.
Жаратылыстың ең кемел жемісі, қоғамдағы ең жоғарғы жаратылыс болған адамның да өзіне тән асқақ та жоғары міндеті бар. Ол міндет - өзін жоқтан бар етіп жаратқан Ұлы тылсым құдірет Жаратушыны тану, жаратылысқа қарап, оның құдіреті, шеберлігі, ұлылығы мен шексіздігінің алдында таң қалып, бас иіп, құлшылық жасау. Ұлы Жаратушы тарапынан өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер үшін рахметін білдіріп, қарыздар екенін мойындау. Әрі бойындағы асыл қасиеттерді шыңдап, сан сырлы сезімдерін кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру арқылы «кәміл адам» тұғырына көтерілу. Сөйтіп «кәміл адам» күйінде өзінің негізгі отаны болған - жәннатқа оралу. Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мәңгілік бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап, елестете алмаған Ұлы Жаратушының өлшеусіз ғажайып сый-сияпатына қауышу. Әрі бұның бәрінен де қымбат - Оның аса көркем дидарын тамашалап, шексіз ләззатқа кенелу болып табылады.
І. 2. Ислам діні және қоғам
Бұл қоғам мен дiн арасындағы байланыстарды дiн социологиясы ғылымы зерттейдi. Жалпы әлеуметанудың дiни мәселелердi зерттеуiне байланысты ортаға шыққан дiн социологиясы дiндердiң сенiм жүйелерiн, құлшылық түрлерiн, құрылымдарын, қоғамдағы орнын т. б. зерттейдi. Дiн социологиясы - кез-келген бiр дiннiң қандай әлеуметтiк шарттарға байланысты өзгергенiн, ауысу түрлерiн, әлеуметтiк топтармен байланысын, әртүрлi дiни ахлақ түрлерiн қарастыратын ғылым саласы.
Дiн социологиясы ХХ ғасырдың басында өз алдына бiр ғылым саласы болып келген. Ескi дәуiрден бергi дiнді, дiни сенiмдерді, құлшылықтарын, дiни топтар және олардың қоғамға әсерiн зерттейдi. Сонымен қатар каләм, дiн психологиясы, дiн феномонологиясы және дiндер тарихын да қарастырады. Бiр жағынан құқық және саясат бiлiмдерiнiң тақырыбы болған мемлекет, экономика, мәдениет пен саясат арасындағы қарым-қатынастарға байланысты әлеуметтiк ғылымдармен де жақыннан таныс. Бұл тақырыпта дiн социологиясының зерттеулерi нәтижесiнде ортаға шыққан Ислам дiнiнiң қоғаммен байланысына және оның қоғамда алатын орнына тоқталып өтемiз.
Дін - кісінің Тәңір, адам және басқа жаратылыстармен байланысын ретке келтіретін, өміріне бағыт беретін қағидалар жиынтығына берілген ат. 6 Ал сол діндердің ішіндегі «Ислам» - сөзiнiң мағынасы: араб тiлiндегi (сәлм - سلم ) түбiрiнен шығып, құтылу, мойынсұну, бейбiтшiлiк орнату мағыналарына келедi. Ислам сөзiнiң мағынасын Ибн Құтайба: «мойынсұну, өз қалауымен бейбiтшiлiк ортасына кiруі, ал Ибн Мансур: “қабыл ете отырып мойысұну» - мағыналарын келетiнiн айтты. 7
Бүгiнгi таңда дүниежүзiнде Ислам дiнiн ұстанушылардың саны 1, 5 млрд. шамасында. Бұл дүниежүзi халықтарының 30% құрайды. Сонымен қатар Ислам әлемiнде 51 тәуелсiз мұсылман мемлекеттерi және тәуелсiздiгiн алмаған 19 өлке бар. 8
Дiни басқарманың бiлдiруiне қарағанда Қазақстанда қазiргi таңда 11 млн. мұсылман өмiр сүруде, олардың iшiнде 24 ұлт өкiлдерi бар. Яғни бұл республика халқының 65% құрайды. Басшысы Ә. Дербiсәлиев болып сайланған Дiни Басқарманың мәлiмдеуi бойынша 2003 жылғы қаңтар айындағы мәлiметте Қазақстанда 1652 мешiт бар екендiгi айтылған. Бұл Қазақстан халқының Ислам дiнiне деген жақындығын байқатады. 9
Діннің қоғамға тигізетін басты пайдаларын айтатын болсақ, алдымен қоғам тыныштығын орнатуды, бір басшыға бағынуды бұйырады. Бұл турасында қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсынып, пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар». 10 Пайғамбарымыз (с. а. у. ) да: «Сіздерді Алланың кітабы бойынша басқаратын бір құл әкім болып сайланса, сіздер ол әкімді тыңдап, мойынсұныңыздар» . Осы келтірілген қасиетті сөздер жалпы қоғам тыныштығына Ислам дінінің үлкен мән беретіндігін көрсетеді.
Адам - өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның бiр мүшесi. Қоғам дегенде ақылға келетiн нәрсе, адамдардың бiрлесiп өмiр сүруi. Бұл бiрлесу жанұядан басталып, туыстары, көршiлерi, ауыл - қала тұрғындары, мемлекет азаматтары, жалпы әлем халықтары арасындағы қатынастарды қамтиды. Әрине қатынас болған соң өзара құқықтар мен мiндеттер туындайтыны сөзсiз. Әр мемлекеттiң бұл қатынастарды реттейтiн заңдары да бар. Алайда бiздiң қоғамымызда бiздi көп толғандыратын мәселе қоғамның моральдық (ахлақ) жағы. Ислам ахлағының бұл жерде алатын орны ерекше. Ахлақ жеке адам үшiн де, қоғам үшiн де ең маңызды факторлардың бiрi. Әлемде ғылым мен техника шарықтаған, материалдық игiлiктер күннен-күнге жетiлген, адамдардың жағдайы жақсарған қазiргi заманда «қайтсем табыс артады, жағдайым жақсарады» - деп күндiз-түнi жүгiрген адам баласы тыным таппай еңбек етуде. Әрине, біреуге мұқтаж болмау, бала-шағасына жақсы жағдай жасау қажет-ақ. Алайда бұл жағдайға, бұл жиған тергендерге басқаның ақысы, көз жасы, алдау, қулық-зорлық, әлiмжеттiлiк араласып жатса не болмақ? Адамды басқарушы, бағыттаушы - оның иманы, ар - ожданы мен ұяты. Осының бәрiн реттейтiн Ислам дiнi болмақ. 11
Адамның iс-әрекетi сыртқы көрiнiсiне қарап бағаланып жатады. Ал, iшкi ахлақтық ережелер бұзылып жатса, оны кiм қадағаламақ? Ахлақ ережелері иманмен тiкелей байланысты нәрсе. Халқымыз ″иманы жоқтың ұяты жоқ″ - дейдi. Ұят, адалдық, әдiлдiк, мейірiмдiлiк, қайрымдылық сияқты iзгi қасиеттер адам бойында иманмен күшейедi. Өйткенi иман - бүкiл әлемдi жаратушы Аллаға деген сенiм, оның алдындағы жауапкершiлiк деген сөз. Қоғамымызда бұл жауапкершiлiктi сезiнген әрі мойындаған кiсi әр iсiнде, әр сөзiнде, әрбір iс-әрекетiнде адалдыққа, туралыққа, әдiлдiкке, игiлiкке мән бередi. Өйткенi жүрегінде иманы болған кез-келген кісі әрбір ісінің нәтижесi үшiн Алла алдында жауап беретiндiгiн бiледi. Құран Кәрiмде: ″Сонда кiм тозаңның түйiрiнiң салмағындай жақсылық iстеген болса, Ол оны көредi. Ал, кiм тозаңның түйiрiнiң салмағындай жамандық iстесе, оны көредi″, 12 - делiнген.
Қоғамдағы әрбiр адам бойында жақсы қасиеттер орын алса, бұл әрi ол үшiн, әрi қоршаған орта үшiн, жалпы қоғам үшiн үлкен бiр игiлiк. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) хадистерiнде шын иман еткен кiсiнiң қолынан да, тiлiнен де басқаларға зиян келмейтiндiгiн, иманның өзiңе тiлеген нәрсенi басқаға да, тiлеу екендiгiн айтады.
Өкiнiшке орай әлемде имандылық, ахлақтық құндылықтар күннен-күнге азайып барады. Үлкенге құрмет көрсету, кiшiге қамқорлық ету, жоққа жәрдем қолын созу, жетiмдi есiркеу сияқты тек кiтап беттерiнде, жалған уәде мен құрғақ сөздерде қалып жатса, жас буынның тәрбиесi дегенде имандылық, ахлақтық iзгi қасиеттердi өз бойларына жақсылап сiңiру орнына, тек материалдық жаққа бет алған болсақ, болашаққа қандай ұрпақ қалдырамыз? Мейiрiмдiлiк, сүйiспеншiлiк, кеңпейiлдiлiк пен достықтың орнын қатыгездiк, зұлымдық, дұшпандық пен iштарлық басса болашақ не болмақ? Жан-жақты материалдық жағдайға бөленген, алайда көңiлi қатайған адамнан кiмге қандай қайыр?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz