Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК Ж Ұ М Ы С

Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы

Ғылыми жетекші: т. ғ. к. Егізбаева М. Қ.

Орындаған: І курс магистранты

Шонова С. Т.

Қорғауға жіберілді:

Археология және этнология кафедрасының

меңгерушісі, т. ғ. д., профессор

Ә. Т. Төлеубаев

“” 2009 ж.

АЛМАТЫ 2009

Мазмұны

Кіріспе . . .

І тарау. Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

1. 1. Ескерткіштердің тарихи-археологиялық сипаты.

1. 2. Батыс Қазақстанды мекендеген Савромат-сармат тайпаларының мәдениеті мен өнері

ІІ тарау. Сарматтардың отырықшылық және егіншілік кәсіптері

2. 1. Үйдегі өндіріс пен қолөнері

2. 2. Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сарматтар деген халық атауы б. з. б ІІІ ғасырдан, яғни олардың скифтерді жаулап алуынан басталады. Б. з. б ІҮ ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Омбыға дейінгі жерлерді алып жатты. Төл деректеріміздің бірегейі болып табылатын савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерін зерттеп, зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осынау уақытта бұл жерде мәдениеттің еккі басты бағыты құрылып қалыптасты. Олар: Батыс Болгар, Дон мәдениеті және Шығыс Орал мәдениеті.

Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б. з. ІІ-ІҮ ғ. кезеңі.

Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі андрон және қима мәдениетінің (Россияның Оңтүстік аудандардағы қола дәуірінің бір мәдениеті) кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар.

Қазіргі таңда сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Көрсетілген дәуірлердегі обаларға тән қасиет олардың сыртқы көріністерінің бір-біріне ұқсас келуі. Сондықтан да аталмыш тақырып өзекті де, зерттеуге тұрарлық тақырыпқа жатады деп толығымен айтуға болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Бұл курстық жұмыстың жаңалығы Қазақстандағы бұрынғы және қазіргі шыққан материалдар бойынша сармат шыққан материалдар бойынша сармат археологияның ескерткіштерін бір жүйеге келтіріп, топтап және зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі көзқарастарымен, ойларымен, тұжырымдарымен таныстыру.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 1930 жылдары Ор өзенінің бойында Б. Н. Гракова бірнеше обаға зерттеу жұмыстар жүргізсе, ал одан кейін тек жиырма жылдан кейін ғана В. С. Сорокин тың жерлерді игеруге байланысты Ақтөбе облысының жерінде археологиялық ескерткіштерінің есебін алып оларды картаға түсірумен және қазба жұмыстарымен айналысты. 1960 жылдары К. Ф. Смирнов пен В. Г. Петрекалар зерттеу жүргізген.

Зерттеу жүмысының деректік көзі.

Археолог-ғалымдардың далаық зерттеулерінің материалдары негізгі дерекөзі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Алдымызға қойып отырған негізгі мақсатымыз - Қазақстанда және көршілес елдерде мекен еткен сармат-савромат тайпаларының орналасқан ескерткіштері туралы материалдар, деректер жинақтау арқылы бұл тайпалардың рухани және заттай мәдениетіне айрықша көңіл бөле отырып зерттеу.

Магистрлік жұмыстың алдына қойған міндеттері:

  1. Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректерді қамту.
  2. Осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлерімен танысу.
  3. Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойларын қарастыру.
  4. Савромат - сармат археологиясының картасын жасау.
  5. Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдары қарастыру.

Алынатын нәтижелер:

  • Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректер қамтылды.
  • Аталмыш мәселеге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері сараланды.
  • Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойлары қарастырылды.
  • Савромат - сармат археологиясының 0
  • Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдары қарастыру.

Зерттеудің мерзімдік шегі. Батыс Қазақстандағы өмір кешкен сармат тайпаларының ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттеген. Алғаш рет сармат обаларына зерттеу жұмысын Орынбор архив комиссиясының ғылыми секретары А. Кастанье жүргізген. Ол Ақтөбе уезінің жерінде 1904, 1906, 1909 жж. Археологиялық барлау жұмыстар жүргізген.

1970 жылдан бастап қазақтың көрнекті археолог, ғалымдарының бірі М. К. Қадырбаевтың басшылығымен Күміссай, Бесоба, Сынтас обаларында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Сармат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да материалдармен жұмыс жасау. Зерттеу жұмыстарында жалғастырып, сармат тайпаларының өзіндік әдет-ғұрып, салтсанасын, қай тілде сөйлегендері туралы тоық мәліметтер жинақтау.

Ғылыми жаңалығы.

  • Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректер ғылыми айналымға енгізілді.
  • Осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленді.
  • Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойлары қарастырылды.
  • Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдар зерделенді.
  • Қазақстандағы бұрынғы және қазіргі шыққан материалдар бойынша

сармат археологиясының ескерткіштері бір жүйеге келтірілді;

  • Зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі көзқарастарымен, ойларымен таныса отырып өзіндік ғылыми тұжырым жасалды.

Жұмыстың құрылымы . Магистрлік жұмыс 2 тараудан, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Сармат тайпаларының мәдениеттерінің зерттелу мәселелері

1. 1. Сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

«Сарматтар» деген халықтың аты антикалық деректерде б. з. б. ІІІ ғасырдан бері қолданылып келеді. Сол кездері сарматтардың скифтерді жүйелі түрде жаулап алуы басталады. Диодардың айтуынша, сарматтар Скифияның едәуір бөлігін «құлазытып» жеңілгендердің бірін де қалдырмай қырып-жойған, сөйтіп елдің басым бөлігін шөлге айналдырған.

Сарматтардың бір тайпасы - раксоландар б. з. І ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соқтығысып қалады. Олардың ізімен аландар жүріп отырды.

Сарматтар өздері басып алған жерлер халықтарының саяси өміріне белсене қатысқан. Мысалы, б. з. б. ІІ ғ. соңғы кезінде Пантия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста раксоландар скифтерге қосылады. Б. з. б. І ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар соның жағында болған. Б. з. б. 49 жылы римдіктер аорстармен (сармат тайпасы) бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сарматтардың басқа тайпасы) жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғұндарға қосылып, Испаниядан барып шығады.

Ал кейбір топтары Солтүстік Африкаға қоныс аударады.

Бұл қозғалысқа олармен көрші Сырдария алқабында орналасқан қаңлылар да қосылған болатын. Орал, Ертіс аумағына сюнну тайпаларының келуі, тайпалар миграциясының басталуын тездеткен сияқты.

Кейінгі сарматтарға сюнну ықпалы болғандығы жөніндегі сауал әлі күнге дейін пікір-талас тудырып келеді. Әдетте ғұн-сюннулар қазіргі Батыс Қазақстан аумағына б. з. ІҮ ғасырында келді деп есептелінеді. Кейінгі сарматтар сюннулардың кейбір жосын-жоралғыларын, мысалы ақсүйектердің бас сүйегін қалпынан өзгерту, ғұндардың күрделі садағы, секілді бұйымдарды қабылдайды. Сюннулар келмей тұрып, кейінгі сарматтар олардың бодандығын қабылдаған, сөйтіп Орталық Қазақстаннан Арал маңына дейінгі аймақтағы тайпалар конфедерациясын құрған деген пікірлер де бар. Дегенмен жазба дерек көздерінің мағлұматтары өте мардымсыз, сондықтан да сарматтар өмірі туралы негізгі деректі археология ғылымы ғана бере алады.

Сарматтар мәдениеті хронологиялық жағынан үш кезеңге бөлінеді: ерте сармат немесе прохоров мәдениеті; ортаңғы сармат немесе суслов мәдениеті; кейінгі сармат мәдениеті.

Прохоров мәдениеті б. з. б. ІҮ ғ. бас кезінде савроматтар Доннан Ембіге дейінгі аумақта тіршілік етіп, мұнда «батыс» (Еділ-Дон ауданы) сынды екі жергілікті мәдениеттер нұсқасы қаланды. «Шығыста» қыш ыдыстары, қару-жарақ, сәндік заттар, әшекейлер, жерлеу ғұрпы, наным-сенім бұйымдары сияқты археологиялық кешендер айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жаңа мәдениеттің қалыптасуына Еуразия аумағында көшпелілердің көшіп қонуы, жергілікті негізгі басқа этникалық құрандылардың енуі тегінде Оралдың орманды-далалы аймақтарындағы жартылай көшпелі тайпалардың қосылуы өзіндік әсерін тигізсе керек.

Жаңа мәдениет үрдісі екі жақты - эволюциялық және миграциялық болғандығы анық. Егер қару-жарақ, ат әбзелдері, кейбір әшекейлерге өтпелі тұрпаттар тән болса, біз жаңадан жасалған заттар түрлерін, айталық, түбі дөңгелек келген ою-өрнекті ыдыстар, білікті қола айна, сегіз саны тәрізді алқалардың жасалғанын әрі бұлардың бұрынғы тұрмыстық-шаруашылықта қолданылмағандығын аңғарамыз. [2, 30 б] .

Олардың шығу тегі Оралдың шығыс және солтүстік шығыс аудандары тұрғындарының кейбір бөліктерінің қосылуымен байланысты, бұл жерде соңғы кездері савроматтардан прохоров мәдениетіне өтетін кезге жататын заттар түрлері, сондай-ақ тек ерте сарматтарға тән жаңа тұрпаттар жергілікті кешендерден табылған. Әсіресе, өтпелі кезең семсерлері тұрпаттарында анық байқалады. Ұшы тік кесекті немесе аздап иілген және жабыны доға тәрізді семсер түрлері шыға бастайды. Егер соңғылары б. з. б. ІҮ ғ. бас кезімен мерзімделсе, онда сабы мен жүзі тігінен келген және жүзі орақ тәрізді, классикалық прохоров семсері б. з. б. ІҮ ғасырда пайда бола бастайды.

Савроматтар жебе ұштарын прохоров тұрпатына бірте-бірте көшуінің эволюциялық сипаты анықталған. Бұны самай алқасына қатысты да айтуға болады. Бәрінен де қыш ыдыстар тұрпатындағы жаңа өзгерістер анық байқалады. Алмұрт тәрізді қыш ыдыстардан басқаларын жергілікті шеберлер бұрын жасаған емес.

Ою-өрнекке саз балшық құрамаына қарағанда оларды мұнда Оралдың орманды-далалы аймақтарының тұрғындары әкелген сияқты.

Прохоров мәдениетінің тайпалары марқұм болған кісілерін тек оба үйінділерінің, онда да әдетте топырақ үйінділерінің астына қойған және үйінділерді таспен көмкеріп бастырып тастау әдісі өте сирек кездеседі. Кейде олар бұл үшін қола дәуіріндегі обаларды да пайдаланды. Ертедегі сарматтарға тән бір жайт-олар қабірдің үстін немесе айналасын балшықпен сылап не таптап, кейде алаңқай жасап қоятын болған, сол сияқты қабір ішін ағашпен, кесінділермен не қабықпен көмкерген. Оба үйіндісінде бейітке қойылған арбаны білдіретін доңғалақ білік, күпшік қалдықтары кездеседі.

Өлікті қою мен бейіттер түрі, саны елеулі өзгерістерге ұшырап отырды. Әдетте қабырғалары тік немесе сәл қиғаш, бұрыштары төрт тарапқа бағытталған, бұрыштары тік немесе аздап дөңгеленген жерден қазылған шұңқырлар; ағаш немесе қамыс жабынға арнап жасалынған кертпеші бар бейіттер; Солтүстіктен оңтүстікке бағытталған бұрыштары тік немесе дөңгелек жерден қазылған тар шұңқырлар; бүйірлері қазылған бейіттер мен жер астынан қазылған ұзынша қуыстар (катакомба) пайда бола бастайды. Прохоров мәдениетіне өлген кісіні шалқасынан, басын оңтүстікке қаратып, жерлеу тән. Кейбір жағдайларда мүрденің екі немесе бір қолы шеткері орналасқан, білек тұсы бүгілген, соған байланысты қолы шат не жамбас сүйегінде жатады. Тізесі аздап бүгілген, аяқтары оңға немесе солға, не болмаса еденге қойылған және де ромб түрінде (яғни, салт атты) немесе айқастыра жерленген. [19; 25 б]

Балаларды әдетте қарама-қарсы солтүстік жаққа бағытталған. Оңтүстікке және солтүстікке бағытталған қабірлерден басқа ішінара шығыс пен батысқа бағытталған жерлеу орындары да бар. Савроматтардан қалған қабықтан жасалған табытпен қатар ойын жасалған, жеңіл арба секілді табыттар да кездеседі. Савроматтарға қарағанда сарматтар бейітке бар, реальгар, күкірт, көмір кесектерін жиі қойған. Үйілген молалардағы өрт қалдықтары негізінен Батыс Қазақстанда ара-тұра байқалады. Ақіреттік асқа арналған малдың бүтін денелерін енді қойдың, жылқының, ешкінің шағын бөліктері алмастырады.

Ортаңғы сармат, суслов мәдениеті. Бұл мәдениет б. з. б. ІІ ғ. соңы мен б. з. І ғ. бас кезімен мерзімделінеді. Әлі күнге дейін ортаңғы сармат мәдениетінің қалыптасу сауалдары түбегейлі шешіле қойған жоқ. Оның ерте сармат мәдениетінен бастау алғандығы туралы дәстүрлі көзқарас бар.

Жерлеу құрылыстарының түрлері бұрынғыдай қала бергенімен олардың арақатынасы өзгереді. Бүйірі ойылған қабірлер саны азаяды да, катакомбалар ғайып бола бастайды.

Шеті немесе кертпеші бар қабір шұңқырлары сақталады. Үйіндідегі жерлеу сирек ұшыраса бастайды. Шаршы тәріздес бейіттер саны арта түседі. Мүрделерді шұңқыр бойына созыла жатқызу ғұрпы басымдық танытады. Әлбетте, ғұрыптық заттардан оба қабірлеріне қойылған бордан жасалған антропоморфты мүсіндер бірегей олжалар болып табылады. Мәселен, Үстірттегі Бәйте кешені бірегейлігімен ерекшеленеді. Кешен үш топты обалардан тұрады және де шыммен жабылған мүсіндер сынықтарымен бірегейленеді.

Бәйте-1 кешеніне шығыстан батысқа қарай тізбектелген үш оба кіреді. Обалар ерте замандарда-ақ тоналған, бірақ сақталған заттар барлық кешенді б. з. б. Ү ғ. соңы мен ІҮ ғ. бас кезімен мерзімдеуге мүмкіндік береді. Обалардан солтүстікке және оңтүстікке қарай тастан қаланған дөңгелек келген қоршаулар орналасқан. Обаларға жақын үлкен алаңқайға шоғырланған әктастан жасалған антропоморфты мүсіндер қалдықтары ерекше көзге түседі. Олардың негізгі қалдықтары солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созыла жатқан тізбекті құрайды. Мүсіндердің басым бөлігі жалпақ бедері дәлме-дәл берілген. Жекелеген ескерткіштер дөңгелектеу келген. Мүсіндерде ашық оң алақаны кіндік тұсына қойылған ер адам бейнесі бедерленген. Қасы, мұрны, көзі, сәнді мұртты, аузы адамның бет әлпетін айқын бейнелейді. Мүсіндердің семсері, қанжары, садағы болды, бастарына дулыға киген, белін белдеу, әшекейлерден алқа, білезік таққан.

Мүрделердің басын оңтүстікке қарату, қабір түбіне, кейде өлікті де бормен сеуіп қою ғұрпы сақталған. . [5; 56-б]

Ақіреттік ас ретінде мал сүйектері, көбіне қойдың жауырыны қойылады. Шұңқырды әрлеуде ағаш кеңінен қолданылады, табыттар мен зембілдер өте сирек ұшырасады.

Кейінгі сарматтар мәдениеті.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірлерін қамтыған Орал далаларынан Буг өзеніне дейінгі аймақта қоныстанды. Хронологиялық жағынан бұл б. з. ІІ-ІҮ ғасырлары еді. Кейінгі сарматтар өздерінің алдында өткендердің көптеген дәстүрлерін сақтап қалды.

Өз руластарын олар негізінен ескі молалардағы обаларға жерледі. Тар қабір шұңқыр мен бүйірі қуыс шұңқырларға жерлеу басым болды. Өліктің басы солтүстікке және солтүстік-батысқа қаратылды. Олар шалқасынан жатқызылып, жамбас сүйегі маңына қойылды.

Қабірлерден күл мен от қалдықтары, бор кесектері мен ұнтақтар ұшырасады, табыт пен астаулар, сондай-ақ қабір жабыны сирек ұшырасады.

Мәдениеттің жаңа белгілері арасынан бас сүйектің деформацияға ұшырауы байқалады. Сүйек қапсырмалы күрделі күрделі садақ пен жартылай асыл тасты алтын әшекейлер де кездеседі.

Қолдан жасалған ыдыстар арасында құмыра, табақшалар бар. Кейбірінде кертікті ою-өрнек байқалады. Шеттен әкелінген қыш ыдыстары көп. Көбіне тілікшелі қоладан жасалған түйреуіш қаптырмалардың арқа тұсы қайырылып келеді. Сырғалар-күмістен немесе қоладан жасалып, шеті алтынмен көмкерілді. Семсер мен қапсырмалар арасынан сабының басына холцедон орнатылғандары да ұшырасады. [14; 16-б]

Күміс, қола ат әбзелдері жиынтығы, алтын тоғалар да көп.

Сармат атауы антик деректерде б. з. б. ІІІ ғасырдан белгілі. Б. з. б. ІІ ғасырда савроматтар (ерте сарматтар) қазіргі Батыс Қазақстан жеріне баса-көктей еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.

Бұл тайпалар жөнінде грек, рим тарихшылары (Герадот, Диодор, үлкен Плиний, Полибий) жазып кеткен.

Савромат-сарматтар-Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа. Олар Босфор мемлекетімен саяси-экономикалық байланыс орнатты. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасаған.

Сармат тайпалар одағы-роксаландар, аландар, аорстар, сирактар.

Б. з. б. І ғасыр роксаландар Мидия шекараларына дейін жетті. Кейін олардың осы ізін Арал теңізінің солтүстігін мекендеген аландар басып өткен.

Сарматтар жаулап алған елдердің саяси өміріне араласып отырған. Роксаландар Понтий патшасы Митридатпен соғыста скифтерді жақтаған, ал кейінірек Митридатмен одақтасып Риммен соғысқан. Аорстар римдіктерге көмектесіп, сирактарды жаулауға қатысқан, себебі сирактар Босфор патшалығының одақтасы болды. Аландар ғұндарға қосылып Испанияға дейін барған.

Сармат қоғамының сипаты-әскери-демократиялық. Ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылары шешті.

Сармат қоғамының сипаты-әскери деократиялық ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылары шешті. Олар бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен санасты. Ерлер мен әйелдердің қоғамдағы орны бірдей болып, әйелдер жасақ құрамына кірген. Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы ролі басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары болды.

Сарматтар тілі-ирандық. Ғұндардың келуімен олар түркіленіп, түркі тілінің ықпалына көшкен.

Сарматтар-еуропоидтық нәсіл. Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет-пішінінде еуропоидтық белгілер басым болған. Ал сарматтардың кейінгі дәуіріне жататын ескерткіштерден табылған сүйектерде монғолоидтық белгілер көбейе бастайды.

Археологиялық ескерткіштері. . [16; 85-быыы]

Савроматтардың кейініректегі ұрпағы, олардың мәдениетін жалғастырушы тайпа-сарматтар. Бұл тайпалардың өмір сүрген уақытындағы айырмашылықтар, мәдениетіндегі өзгешеліктер оларды кейде бөліп, кейде савромат-сармат деп біріктіріп атауға негіз болады.

Савромат ескерткіштері. Целинный, Сынтас, Бесоба қорымдары.

Бұл ескерткіштер Ақтөбе облысы, Елек өзенінің орта аңғарында шоғырланған. Орал өңірінде Целинный ескерткіші зерттеліп, жүзден астам обалар табылды.

Ерекшелігі: мәйіттің басын батысқа қаратып, мәйіттерді екі деңгейде жерлеу. Салыну мерзімі б. з. б. ҮІІ ғасыр.

Бесоба қорымында абыз әйелдер жерленген. Олардың бастары оңтүстік-батысқа қарата қатар қойылған.

Сармат ескерткіштері үш дәуірге бөлінеді:

Ерте сармат дәуірі (прохоров кезеңі) - б. з. б. ІҮ-ІІ . асырлар. Володарка обасы (Батыс Қазақстан облысы) . Ерекшелігі: мәйіттің басын оңтүстікке қаратып жерлеу.

Орта сармат дәуірі (суслов кезеңі) - б. з. б. ІІ - б. з. І ғасырлар. Ерекшелігі: мәйітті қабірде қиғаштап жерлеу.

Соңғы сармат дәуірі - б. з. ІІ - ІҮ ғасырлар. Лебедевка, Аралтөбе қорымдары. Ерекшелігі: мәйіттің басы солтүстікке қаратылып, шалқасынан қойып жерлеу. Батыс Қазақстан облысының шығысында Шыңғырлау ауданында, Лебедевка қорымында бай сармат әйелінің қабірі табылды. Басы солтүстікке қаратылып шалқасынан қойып жерлеген. Қабірден әсемдік, тұрмыс заттары, қару-жарақ, еңбек құралдары және Дионистің басы бейнеленген мыс құмыра табылды. Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылысай ауданынан табылған. Аралтөбе қорымынан үш оба қазылған. Үшінші обадан қолбасылық пен абыздықты қатар атқарған ер адам мен оның әйелінің қаңқасы табылды. Адамның киімі алтынмен әшекейленген. Табылған заттардың ішіндегі ең маңыздысы - гректер жасаған қола құмыра қыш амфора. . [17; 34-б]

Жалпы сармат обалары әртүрлі заттарға өте бай, әсіресе алтын, күміс бұйымдар көп кездеседі. Ерлердің және әйелдердің қабірлеріне қару-жарақ міндетті түрде қойылған. Археологтар сарматтардың қара теңіз жағалауындағы грек қала-мемлекеттерімен тығыз байланысты болғандығын және грек мәдениетінің сармат қоғамына әсер еткенін дәлелдейді.

Шаруашылығы. Мәдениеті.

Сарматтардың негізгі шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы. Басты түліктері - қой мен жылқы. Еділ - Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қоса егін шаруашылығымен айналысты.

Сарматтар өмірінде аңшылық қосалқы кәсіп, қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Сармат шеберлері ағаштан жасалған садақты балық желімімен желімдеген. Жебенің ұзындығы алпыс см-ге жеткен. Сарматтардың өнері - «полихромдық стиль». ІІІ-Ү ғасырларда бұл өнер гүлденіп, өркен жайды. Осы кездегі зергерлік өнерде негізінен тек алтын қолданылған. Полихромдық стильдің жасалу техникасы;

  • Түрлі - түсті тастармен безендіру - инкрустация.
  • Түрлі алтын домалақтар жапсыру - зерлеу.
  • Алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату - оқа жүргізу.
  • Заттың бетіндегі ойыстарды бағалы заттар қосылған арнайы сұйықпен толтыру.

Бұл өнердің скифтік - сібірлік аңдық стильді ауыстыратының ең басты себебі Монғолиядан, Орталық Азия аймағына ғұндардың келуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы
Батыс Қазақтан сарматтарының дүниетанымы
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Бесшатыр ескерткіштерінің әшекейлері
Сармат мәдениеті
Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі
Сақ ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz