Көліктегі құқық бұзушылық



1. Көліктегі құқық бұзушылық

2. 296.бап. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы

3. 297.бап. Жол.көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу

4. 298.бап. Көлік құралдарык сапасыз жөндеу және оларды техникалық қауларымен
пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды келік құралын жүргізуге жіберу

5. 299.бап. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарам.сыздыққа
келтіру
Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегі Жол полициясы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қала тұрғын¬дарына арналған «Ашық күн» атты шара өткізді.
Бұл шараның мақсаты – МАИ қызметі туралы, бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы халыққа жеткізу, қолдағы техникаларды көрсету, қала тұрғындарының Жол полициясының қызметіне қатысты көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру, жол ережелерін сақтауға шақыру. Алматыдағы жолдардың соңғы жыл¬дарда тарлық жасап, көліктердің жол бойына тығылып, кептеліп қалуларына байланысты қалалық әкімшілік Жол полициясына техникамен жақсы көмектесіп жатқан көрінеді. Қалалық жол полициясының ауласында инспекторлар жұмысқа пайдаланатын техникалар тізіліп тұр.
– Қалалық әкімдік Жол полициясына көмек беріп жатыр. Біздің паркті жыл сайын жаңа техникалармен толықтырып тұрады. Мына тұрған жаңа «Ямаха» маркалы мотоциклдерді жақында алдық. Бұл техника инспек¬торлардың жол бойында жұмыс істеулеріне өте қолайлы. Алматыдағы жолдар кеңейтіліп, көпірлер мен жол айырықтары салынып жатыр, бұл да біздің жұмысымызды біраз жеңілдетеді. Істеліп жатқан осындай шаралардың арқасында былтырғыға қарағанда жол апаттары қалада азайды. Жақында, қазанның 8-14 аралығында республика бойынша «Жол қауіпсіздігі» атты рейд жүргізілді. Осы төрт-бес күннің ішінде ғана біздің қызметкерлер жол ережелерін бұзған 10 жарым мыңдай машина¬ны тоқтатып, арақ ішіп, мас күйінде көлік жүргізген 700-ден астам адамды анықтады. Біздің қызметкерлер тек жол бойында тәртіп ор¬натумен ғана айналысып жүрген жоқ, сондай-ақ бірқатар қылмыстық істерді ашуға көмектесті. Бірнеше қылмыстардың алдын алып, қылмыс жасаған адамдарды ұстады. Олардың ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, ұрлық, есірткі айналымы, заңсыз қару алып жүру сияқты ауыр қылмыстың түрлері бар. Жыл басынан бері Жол полициясының қызметкерлері 366 қылмысты тіркеп, 146 қылмыстық іс қозғады, – дейді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полковник Арман Сарбасов.
Жол полициясының қалалық басқармасының жол қауіпсіздігі бағытында істеп жатқан жұмыстары кейінгі кездерде оң нәтиже бере бастады. Биыл қала ішіндегі жол апаты былтырғыға қарағанда біршама азайған. Жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде 14 732 жол оқиғалары тіркелсе, былтыр осындай уақытта Алматыда 16 386 жол апаты болыпты. Жарақат алғандардың саны да азайып келеді. Тек қайтыс болғандардың саны қысқармай тұр. Арман Досымбекұлының пікірінше, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш былтырғыдан төмен болуы тиіс.
«Адам шығынына алып келетін басты факторлар – жүргізушілердің мас күйінде машинаға отыруы және жолдың қарсы қозғалыс жағына шығып кетуі» деп санайды басқарма бастығының орынбасары. Көбінесе адам өлімі болатын жол апаттарын трассаның қарсы бетіне шығып кететін көліктер жасайды. Бұлардың саны былтырғыдан 10 пайызға өсіп, тоғыз айдың ішінде 112 апат оқиғалары болды. Ал рульге арақ ішіп отырып, адам қаққандардың саны 44-ке жетіп, былтырғыдан 22 пайызға өсіпті. Тоғыз айдың ішінде 10 баланы машина қағып өлтірген, ал 288 бала ауруханаға түскен. Осыған байланысты мас күйінде көлік жүр¬гізгендерге бұрынғыдан да қатаң жаза қолдану қарастырылмақ.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Көліктегі құқық бұзушылық

2. 296-бап. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы

3. 297-бап. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу

4. 298-бап. Көлік құралдарык сапасыз жөндеу және оларды техникалық
қауларымен
пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды келік құралын жүргізуге
жіберу

5. 299-бап. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарам-
сыздыққа
келтіру

Көліктегі құқық бұзушылық

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегі Жол полициясы бұқаралық
ақпарат құралдарының қатысуымен қала тұрғындарына арналған Ашық күн атты
шара өткізді.
Бұл шараның мақсаты – МАИ қызметі туралы, бүгінгі күні атқарылып жатқан
жұмыстар туралы халыққа жеткізу, қолдағы техникаларды көрсету, қала
тұрғындарының Жол полициясының қызметіне қатысты көкейінде жүрген
сұрақтарға жауап беру, жол ережелерін сақтауға шақыру. Алматыдағы жолдардың
соңғы жылдарда тарлық жасап, көліктердің жол бойына тығылып, кептеліп
қалуларына байланысты қалалық әкімшілік Жол полициясына техникамен жақсы
көмектесіп жатқан көрінеді. Қалалық жол полициясының ауласында инспекторлар
жұмысқа пайдаланатын техникалар тізіліп тұр.
– Қалалық әкімдік Жол полициясына көмек беріп жатыр. Біздің паркті жыл
сайын жаңа техникалармен толықтырып тұрады. Мына тұрған жаңа Ямаха
маркалы мотоциклдерді жақында алдық. Бұл техника инспекторлардың жол
бойында жұмыс істеулеріне өте қолайлы. Алматыдағы жолдар кеңейтіліп,
көпірлер мен жол айырықтары салынып жатыр, бұл да біздің жұмысымызды біраз
жеңілдетеді. Істеліп жатқан осындай шаралардың арқасында былтырғыға
қарағанда жол апаттары қалада азайды. Жақында, қазанның 8-14 аралығында
республика бойынша Жол қауіпсіздігі атты рейд жүргізілді. Осы төрт-бес
күннің ішінде ғана біздің қызметкерлер жол ережелерін бұзған 10 жарым
мыңдай машинаны тоқтатып, арақ ішіп, мас күйінде көлік жүргізген 700-ден
астам адамды анықтады. Біздің қызметкерлер тек жол бойында тәртіп орнатумен
ғана айналысып жүрген жоқ, сондай-ақ бірқатар қылмыстық істерді ашуға
көмектесті. Бірнеше қылмыстардың алдын алып, қылмыс жасаған адамдарды
ұстады. Олардың ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, ұрлық, есірткі айналымы,
заңсыз қару алып жүру сияқты ауыр қылмыстың түрлері бар. Жыл басынан бері
Жол полициясының қызметкерлері 366 қылмысты тіркеп, 146 қылмыстық іс
қозғады, – дейді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы
басқармасы бастығының орынбасары, полковник Арман Сарбасов.
Жол полициясының қалалық басқармасының жол қауіпсіздігі бағытында істеп
жатқан жұмыстары кейінгі кездерде оң нәтиже бере бастады. Биыл қала
ішіндегі жол апаты былтырғыға қарағанда біршама азайған. Жыл басынан бергі
тоғыз айдың ішінде 14 732 жол оқиғалары тіркелсе, былтыр осындай уақытта
Алматыда 16 386 жол апаты болыпты. Жарақат алғандардың саны да азайып
келеді. Тек қайтыс болғандардың саны қысқармай тұр. Арман Досымбекұлының
пікірінше, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш былтырғыдан төмен болуы тиіс.
Адам шығынына алып келетін басты факторлар – жүргізушілердің мас күйінде
машинаға отыруы және жолдың қарсы қозғалыс жағына шығып кетуі деп санайды
басқарма бастығының орынбасары. Көбінесе адам өлімі болатын жол апаттарын
трассаның қарсы бетіне шығып кететін көліктер жасайды. Бұлардың саны
былтырғыдан 10 пайызға өсіп, тоғыз айдың ішінде 112 апат оқиғалары болды.
Ал рульге арақ ішіп отырып, адам қаққандардың саны 44-ке жетіп, былтырғыдан
22 пайызға өсіпті. Тоғыз айдың ішінде 10 баланы машина қағып өлтірген, ал
288 бала ауруханаға түскен. Осыған байланысты мас күйінде көлік
жүргізгендерге бұрынғыдан да қатаң жаза қолдану қарастырылмақ. Қазіргі заң
бойынша мас жүргізушілер бірінші рет ұсталғанда айыппұлмен ғана құтылады.
Екінші, үшінші рет ұсталғанда көлікті жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Одан кейін де көпшілігі арақ ішіп, жүргізуші куәлігінсіз рульге отырып жүре
береді. Ондайлар ұсталса, көлігін тастайды да, үйіне кетеді, ешқандай жаза
қолданылмайды. Ертесінде айыппұлын төлеп, көлігін тұрақтан шығарып алады.
Осындайларға қолданылатын шараны күшейту керек, – дейді Жол полициясының
қызметкері, майор Азамат Үмітәлиев.
Жол апатына себепші болатын тағы бір нәрсе бар. Бұған тіпті үлкен мәселе
ретінде қараған дұрыс болар. Ол – оқымаған немесе шала оқыған, жол
ережелерінен хабары жоқ көлік жүргізушілер. Жасыратыны жоқ, қала
көшелерінде соңғы үлгідегі жүйрік машиналарға мініп жүйткіген жастардың
көбі жүргізуші куәлігін сатып алған. Апатқа ұшырайтындардың дені де осылар.
Ондай жүргізушілер сырттан қарап тұрған адамдарға бірден белгілі – жол
бойындағы белгілерді байқамайды, басқалардың алдын қиып өтеді, бұрылыстарда
кедергі жасайды, жүргізу мәдениеті дегенді түсінбейді. Жүргізушінің курсын
оқып бітірді деген куәлікті оңды-солды сататын автомектептердің біразы
жабылғанымен, сауатсыз жүргізушілер әлі де бар екен.
– Жол апатына көбінесе жол ережелерін білмейтіндер ұрынады. Сондықтан біз
оқыту мерзімін ұзартып, емтихан шарттарын күрделендірдік. Қазір
жүргізушілерді оқыту сағаты 268-ге ұзартылды, оның 228 сағаты теориялық
сабақтар болса, 40 сағаты практикалық сабақтар. Енді автомектепті бітіріп
келгендер алдымен машинаны автодромда айдап, сынақтан өтеді, содан кейін
көлікті қала көшелерінде жүргізіп, қандай дәрежеде машықтанғанын көрсетеді.
Егер бұдан өтсе, түн мезгілінде қала көшелеріне шығып, сынақтан өтеді.
Түнгі сынақ күндізгіден өзгеше, өйткені көлікті түнде жүргізудің өз
ерекшеліктері бар. Мысалы, қараңғы уақыттарда қарсы келе жатқан көліктің
жүргізушісін өз шамыңмен шағылыстырып, көзін байлап тастауға болады.
Сондықтан жаңа көлік жүргізіп үйреніп жүргендерге жарықты алысқа, жақынға
түсірудің техникаларын білу шарт. Осындай сынақтардан өткен адам ғана
компьютерден тестілеуге баруға жолдама алады. Сонда жүргізуші теорияны да,
практиканы да біліп барып, көліктің руліне сенімді отырады. Біз емтихан
алғанда көлік жүргізушінің мәдениеті дегенге қатты назар аударамыз.
Жүргізуші мәдениеті бойынша арнайы сағат бөлініп, сабақ оқытылады. Себебі
жол қауіпсіздігі, апаттардың алдын алудың негізі осы жүргізуші мәдениетіне
байланысты қаланады. Біздің жүргізушілерде мәдениет жоқ, бір-бірін
сыйламайды, жол бермейді. Түсінеміз, бәрі асығады, бірақ бір ғана
мәдениетсіз жүргізушінің кесірінен бірнеше көлік зардап шегетінін ұмытпаған
жөн. Егер көлік жүргізушілер бір-біріне сыйластықпен қараса, жол апаттары
азайып, адам шығыны болмас еді. Осыны әрбір жүргізуші куәлігін алатын
адамға түсіндіріп жатырмыз, – дейді қалалық Жол полициясы басқармасындағы
емтихан-тіркеу бөлімі бастығының орынбасары, майор Марат Мұқанов.
Алматы қалалық Жол полициясының жанындағы алаңда қолдарына ала таяқ,
үстеріне МАИ қызметкерінің киімін киген жас жеткіншектер сапқа тұрыпты.
Бұлар мектеп оқушыларының арасында жол ережелерін насихаттайтын, ертеңгі
Жол полициясының қызметкерлері, жас жол инспекторлары екен. Жол полициясы
басқармасында бұл жақсы дәстүр МАИ қызметі алғаш құрылған жылдардан
қалыптасқан. Содан бері МАИ қызметкерлері қала мектептерінде жас жол
инспекторларын дайындап, солардың арасынан ертеңгі ізбасарларын дайындауды
үрдіске айналдырған. Жас инспекторлар жол ережелерін кейбір жүргізушіден
артық біледі. Оқушы-инспекторлар арасында мектепаралық, аудан, облысаралық
слеттер ұйымдастырылып тұратын көрінеді. Биыл Түрксіб ауданындағы №166 орта
мектептің жас инспекторлары Ақтөбе қаласындағы республикалық слеттен жүлде
алып келіпті. Жол ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Ал оны
үйретуді мектеп жасынан бастаған өте дұрыс шешім сияқты.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы, Айқын
газетінің қатысуымен, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары бойынша
автокөлік жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтауын, құжаттарын тексеру
мақсатында үшкүндік рейд өткізді. Рейдке басқарманың жоғары құрамдағы
офицерлерінен бастап барлық автоинспекторлар тайлы-тұяғы қалмай шықты.
Алматы облысының аумағында өткен бір жылдың ішінде 161 жол оқиғасы
тіркелген. Жол апаттарынан 52 адам қайтыс болып, 197 адам әртүрлі
жарақаттар алған. Жол жүру ережелерінің сақталуын қадағалауды күшейту өз
нәтижелерін берген сияқты, былтырғы жағдай алдыңғы жылға қарағанда біршама
жақсарып қалған екен. Мәселен, соңғы жылдың көрсеткіші бойынша, жол
апаттары 4,7, ал қайтыс болғандардың саны 22,3 пайызға төмендеген. Дегенмен
әлі де жүргізушілердің тәртіп сақтамауынан, жол ережелерін бұзуының
салдарынан жол апаттары жиі болып жатыр. Оның ең басты себебі де осы.
– Алматы облысында болған жол апаттарының басты себепте-рі – көлікті шектен
тыс жылдам жүргізу және көшенің қарсы бағытпен жүретін жағына шығып кету.
Біздің сараптауларымыз бойынша, жол апаттарының 42,8 пайызы жылдамдықты
үдетуден, 14,2 пайызы жолдың қарсы бетіне шығып кетуден және 12,1 пайызы
көліктердің бір-бірінен озатын кездерінде болады. Түнгі уақыттарда шығатын
мас жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді қағып кететін фактілері жиі болып
тұрады. Осы апаттардың алдын алу мақсатында жол басқармасының басшылығы
бірқатар шараларды жасап та жатыр. Жол полициясының қызметкерлері үлкен
жолдардағы қауіпті жерлерді анықтап, ондай жерлер инспекторлардың үнемі
қадағалауында болады. Республикалық жолдардың бойында тұратын
инспекторлардың санын көбейттік. Аудан орталықтары мен ірі елді мекендерге
рейд жүргізуді жиілеттік. Осы ақпан айының басынан жиырмасыншы жұлдызына
дейін 3958 жылдамдық режимін бұзған, 446 мас күйінде көлік жүргізген, 1049
жол маневрлеріне қатысты ереже бұзғандарды анықтадық. Соның нәтижесінде жол
апаттары былтырғымен салыстырғанда біршама азайды, – дейді Алматы облыстық
ішкі істер департаментінің жол полициясы бастығының орынбасары Мұқан
Досымбаев.
Алматы түбіндегі Гүлдала ауылына орналасқан облыстық жол полициясының
аймақтық басқармасына кешкісін жиналған инспекторларға үшкүндік рейдті
Талғар ауданынан бастауға тапсырма берілді. Жол полициясы қызметкерлерінің
алдына қойылған міндет – жол тәртібін белден басып, жол ережелерін өрескел
бұзған жүргізушілерді, мас күйінде машинаға мініп шыққандарды, құжатсыз
көлік жүргізушілерді анықтап, ұстау. Инспекторларға күші бар заңдар аясында
жол ережелерін бұзғандарға барынша қатаң жазаларды қолдануға нұсқау
берілді.
Алатауды бөктерлеп отыратын Алматы-Талғар күре жолы республикалық маңызы
бар жолдардың бірі болып саналады. Ені тар, көк мұз болып жатқан жолмен
таяқ тастам жердегі Талғар қаласына бір сағаттан астам жүріп, әрең жеттік.
Таңертең Алматыға қарай, кешкісін Талғарға қарай 4-5 сағат бойы көлікпен
жүру мүмкін емес. Осы маңайдағы ауыл тұрғындарының бәрі Алматыға барып-
келіп жұмыс істейді. Жалғыз ғана тар жол, 25 шақырымды екі сағат жүретін
кез болады. Бұл жолды кеңейтпесе болмайды. Асыққан кейбір жүргізушілер
жолдың қарсы бетіне шығып алып айдайды, содан келіп жол апаттары болады да
машиналар бірнеше сағат бойы кептеліп тұрады, – дейді штаб инспекторы
майор Жанат Шалқарбаев.
Ойлы-қырлы тау етегіне орналасқан Талғар қаласының адам аз жүретін шеткі
көшелері тұрмақ, халық үзілмейтін орталық автовокзалдың айналасы тұтасқан
мұз болғандықтан, көліктер жүре алмай, кептеліп жатыр. Мынандай көріністің
куәсі болдық. Такси ұстап, қол көтеріп тұрған ерлі-зайыпты екі мас адам
жолдың ортасына дейін шығып кетіпті. Әйел арақты көбірек ішкен болуы керек,
мұзға тайып жығылды. Тар жол, тайғақ мұздың үстімен жыбырлап келе жатқан
машиналар оларды айналып өтпекші болады, ал өрге қарай келе жатқан қарсы
беттегілер тоқтап жол бергісі келмейді. Өйткені тоқтаса, дөңгелектері
тайғанап, алға жүре алмайды. Мінеки, осындайлардың кесірінен жол апаты
болады. Мұндай мастарды үйіне апарып тастамасақ, басқа ештеңе істей
алмаймыз. Осындай адамдар да жол апатына себеп болады дейді Жанат
Шалқарбаев көлігін жолдың жиегіне қойып жатып. Егер МАИ инспекторы барып
араласпағанда әлгі жерде көлік қақтығысы болуы әбден мүмкін еді.
Түн ортасына қарай Талғардың жолымен кері келе жатырмыз. Жол тайғақ
болып, машиналарды өткізіп үлгіре алмай жатқан қарсы беттегі көліктердің
легі әлі толастар емес. Жақында осы ауданға қарасты Алматы-Көкпек-Көктал
жолының бойында тұрған Мицубици Галант көлігінің ішінен екі адамның
мәйіті шықты. Олардың бірі жиырма жерден, екіншісі он жеті жерінен
пышақталған. Артынан бұлардың Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында
өлтірілгендігі анықталды. Қылмыскерлер олардың өлі денелерін машинаға
салып, іздерін жасыру үшін, Алматы қаласын кесіп өтіп, Талғар ауданына
апарып тастаған. Жол бойы полицияның көзіне түсіп қалармыз деген қорқыныш
оларда болмаған сияқты. МАИ қызметкерлері мынадай ерсілі-қарсылы ағылған
сансыз көліктің қайсысын тексеріп үлгерсін.
Алматы облысындағы көлік апаттары, көліктерге қатысты қылмыстардың көп
болатын аудандардың бірі – Қарасай ауданы. Алматы – Ташкент күре жолының
бойына орналасқандықтан, көлік ұрлап, қылмыс жасағандар көбінесе осы
ауданда ұсталып жатады. Жол үстіне орналасқан Алтын орда, Барыс
автокөлік базарларының тұсында көліктің көптігінен үнемі кептеліп қалып
жатады. Бұл да автоинспекторлар үшін біраз қиындықтар туғызады. Жол
ережелерін бұзғандарды анықтап қана қоймай, көлікке қатысты қылмыстарды ашу
да жол полициясының міндеті. МАИ қызметкерлері тек жол бойында тәртіп
орнатумен ғана айналысып жүрген жоқ, сондай-ақ бірқатар қылмыстық істерді
ашуға көмектесті. Бірнеше қылмыстардың алдын алып, қылмыс жасаған адамдарды
ұстады. Олардың ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, ұрлық, есірткі айналымы,
заңсыз қару алып жүру сияқты ауыр қылмыстың түрлері бар. Жақында Қарасай
ауданында қарақшылық шабуыл жасап, көліктерді тартып алып жүрген қылмыстық
топ ұсталды.
– Ақпанның 21-і күні Тазабеков деген азаматтың Ауди-100 автокөлігін Абай
ауылының маңында белгісіз біреулер күш көрсетіп алып кеткендігі туралы
хабар түсті, – дейді Алматы облыстық жол полициясы басқармасының жедел
іздестіру бөлімінде істейтін полиция капитаны Евгений Син. – Жолаушыларды
тасып жұмыс істеп жүрген Тазабеков Алматыдағы Саин мен Жұбанов көшелерінің
қиылысында қол көтеріп тұрған төрт жігітті Алтын орда базарына дейін 1000
теңгеге апарып салуға келіседі. Базарға дейін жетіп алған соң әлгі жігіттер
солға бұрылуын сұрайды. Көлік аз жүретін иен далаға шыққан кезде бұлар
Тазабековті жабылып сабап, сол жерге тастайды да көлігіне мініп қашып
кеткен. Оқиға орнынан ешқандай айғақ заттар табылмады. Қазір осы қылмысқа
қатысты Жамбыл облысының Шу ауданында тұратын төрт жігіт ұсталып, қылмыстық
іс қозғалды.
Үш күн бойы ұйқы көрмеген Алматы облыстық жол полициясының қызметкерлерінің
еңбектері зая кеткен жоқ. Үш ауданда жүргізілген үшкіндік рейдтің
нәтижесінде 2522 жол ережелерін бұзғандар, 93 мас жүргізуші анықталып,
әкімшілік жазаға тартылды. Облыстық жол полициясы басқармасының соңғы
кездерде жол қауіпсіздігі бағытында істеп жатқан жұмыстары оң нәтиже бере
бастады. МАИ қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, тек облыста ғана емес,
жалпы, республика бойынша жол апаттары жылдан-жылға азайып келе жатыр.
Алматы облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы бастығының
орынбасары Алтынбек Исақовтың айтуынша, 1991 жылы республикадағы
автокөліктердің саны қазіргіден төрт-бес есе аз болған. Бірақ соған
қарамастан, жол апатының саны қазіргіден көп орын алған. Мысалы, 1991 жылы
18606 жол апаты тіркелсе, өткен жылы 15942 жол оқиғалары болған екен. Адам
шығыны бойынша көрсеткіштер де дәл осындай, көп айырмашылықтар жоқ. Демек,
жол полициясы басқармасы жұмыс істеп жатыр деген сөз. Бұған Алматы
облысындағы автоинспекторлардың қосқан өзіндік үлесі бар.
19.02.2008 Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы ақпанның 13 мен
20 жұлдызы аралығында елорда көлемінде Жол қозғалысы ережесінің талаптарын
қатаң бұзатын, сақтамайтын жүргізушілерді анықтау, жол апатының алдын-алу
бойынша қосымша іс-шаралар өткізу қарастырылған. Қосымша іс-шаралар деп
отырғанымыз, біріншіден жол полиция нарядын күшейту, рейдтік іс-шаралар
жүргізу, қосымша күш-құралдарды пайдалану; екіншіден, жол ережесін қатаң
бұзушыларды анықтауда жол полициясы жеке құрамының жұмысын жандандыру.
Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша жол полициясы қызметкерлері 9 рейд
ұйымдастырды. Жол қозғалысы ережесін бұзған 12 мыңға жуық адамды ұстады.
Оның ішінде 664-і көлікке мас күйінде отырған, 4 мыңнан астамы жылдамдықты
асырып айдап, 117-і қарама қарсы бетке шыққан. Сондай-ақ өткізілген іс-
шараның қорытындысы бойынша көлігінің артқы тіркелген мемлекеттік номір
белгісі жоқ 210 жүргізуші тоқтатылып, олардың барлығы айыппұл тұрағына
жеткізілді. Тағы да ескерте кетсек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің
635 бабының талаптарына сәйкес, жол полициясы инспекторы әкімшілік істі
қозғау барысында, ҚР Жол қозғалысы Ережесінің тармақтарын бұзу фактісі
бойынша жүргізушілерге хаттама толтырып, көлік құралдарының иесі туралы
тиісті реквизиттерді, сонымен қатар РНН нөмірін хаттамаға енгізеді. Ал
сіздер білесіздер, РНН нөмірі қазірде көптеген төлем құжаттарын толтырған
кезде қажетті. Осыған байланысты, барлық жүргізушілерге айтарым, ҚР
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын орындау үшін және
олқылық жағдайдар туғызбау үшін өзімен бірге РНН алып жүруі міндетті. Жол
полициясы басқармасының қызметкерлерін алаңдататыны, жеке кәсіпорын, мекеме
басшыларының қызметтік көлік жүргізушілеріне бақылау жасамауы. Осы уақыт
аралығында, мемлекеттік мккеменің көлігін айдап жүрген 29 адам мас күйінде
ұсталды. Тоқтала кетсек, 17 ақпанда Жеңіс көшесінің бойынан мемлекеттік
нөмірі Z096 AU ВАЗ-2107 көлігінің жүргізушісі Садихов Ержан Құрбанханұлы
ұсталды. Автокөлік №1 қалалық перзентханаға қарайды. 9 ақпанда Рабочая
көшесінен мемлекеттік нөмірі Z119 CB Пежо автокөлігінің жүргізушісі Балаев
Александр Викторович ұсталды. Көлік Қазпошта акционерлік қоғамына
қарайды. Айта кететіні бұл көліктер жұмыстан тыс түнгі уақытта ұсталды.
Неге бақылау жоқ? Осындай жауапсыздыққа көңіл аударуларыңызды сұраймыз.

Мәжіліс бірінші оқылымда заңнамаға мас жүргізушілерге қолданылатын
жазаны қатаңдататын өзгеріс енгізуді мақұлдады
Астана. 26-желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН - Мәжіліс бүгінгі отырысында
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заң
актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Мәжілістің заңнама және соттық-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің
тұжырымында көрсетілгендей, заң жобасы жол қозғалысының қауіпсіздігі
саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, апаттылық деңгейін төмендету
және әкімшілік заңдар шеңберіндегі өндірістерді жеңілдетуге бағытталған.
Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске жүргізушілерге,
сондай-ақ көлік құралдарының иелеріне қатысты әкімшілік айыппұл салуды
көздейтін норманы қосу ұсынылған.
Сонымен қатар, заң жобасы қайтара құқық бұзу кезінде жүргізуші құқығынан
айыру мерзімі арттырылады, мас күйінде көлік жүргузіге қатысты
жауапкершілік қатаңдатылады, жыл ішінде бірнеше мәрте әкімшілік құқық
бұзушылық жасалған жағдайда жол қозғалысы ережелерін білу деңгейіне тексеру
жүргізу қаралған.
Заң жобасы әкімшілік айыппұлдар салу және орындау тәртіптемесін
қарастырады, сондай-ақ көлік құралдарын ұстау, айыппұл тұрағына қою
тәртібін жеңілдету шараларын қарастырады.
Заң жобасы денсаулық жағдайына немесе жол ережелерін білу деңгейі
біліктілік талаптарына сай келмейтін азаматтарға қатысты көлік құралын
басқару құқығын тоқтату тәртібін белгілейді.
Заң жобасын палатаның пленарлы отырысында ұсына отырып ішкі істер вице-
министрі Алик Ішпекбаев мәлімдегендей, құжатта көлікті жүргізу кезінде ұялы
телефонды пайдаланғаны, дыбыстық және сәулелік сигналдарды заңсыз
пайдаланғаны үшін жаза қарастырылған. Бұл нормаларға сәйкес, қауіпсіздік
белбеуін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін – 5 айлық есептік көрсеткішке (1
АЕК – 1092 теңгеге тең) дейән айыппұл түрінде жаіапкершілік қатаңдатылады.
Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, мас күйінде көлік
жүргізгені үшін жүргізушілер біріншісінде екі жылға дейін, ереже бұзушылық
қайталанса бес жылға дейін, үшіншісінде өмірлікке жүргізуші куәлігінен
айырылады.
ҚР Ішкі істер Министрінің 1999 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен
бекітілген "ҚР автомобиль көліктері мен тіркемелеріне мемлекеттік
техникалық қарауды жүргізу" Ережесінің 1-тарауы 3-бөлімінде Республика
аумағында пайдаланылып жүрген және белгіленген тәртіппен тіркелген көлік
құралдары ҚР ІІМ Жол полициясында міндетті техникалық байқаудан өтуге
жатады делінген.
Он жыл сайын жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін міндетті тексеруден
өтуі тиіс.
А.Ішпекбаев атап өткендей, еліміздің жолдарында апатты ахуал қалыптасқан.
Соңғы он жыл ішінде 27 мың адам қайтфс болған және 156 мың адам жарақат
алған. Бүгінгі таңда жолдарда күн сайын 10-нан 15 адамға дейін мерт болып
жатады”, - дейді ол.
Сонымен қатар ӘҚБтК-тің 461-бабының 6-бөлімімен мемлекеттік техникалық
байқаудан өтпеген көліктерді басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық
белгіленген.
Ережеде техникалық байқаудың негізгі міндеттері көлік құралдарының санын,
өзге де тіркеу деректерін нақтылау, көлік құралдарының техникалық
жағдайының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданылып
жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау,
қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу
болып табылады.
АІІБ-і және салық комитетінің біріккен мәліметіне сәйкес, аудан бойынша 678
жеке тұлғаға және 118 заңды тұлғаға тиесілі 796 автокөлік тіркелген.

Сонымен қатар ӘҚБтК-тің 461-бабының 6-бөлімімен мемлекеттік техникалық
байқаудан өтпеген көліктерді басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық
белгіленген.
Ережеде техникалық байқаудың негізгі міндеттері көлік құралдарының
санын, өзге де тіркеу деректерін нақтылау, көлік құралдарының техникалық
жағдайының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданылып
жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау,
қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу
болып табылады.
АІІБ-і және салық комитетінің біріккен мәліметіне сәйкес, аудан
бойынша 678 жеке тұлғаға және 118 заңды тұлғаға тиесілі 796 автокөлік
тіркелген.
2005 жылы осы тіркелген автокөліктердің тек 215-і немесе 27 пайызы ғана
техникалық байқаудан өткен.

296-бап. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы
1. Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік
құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын папдалану
ережелерін бүзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр-
лықтағы зиян келтірсе -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш апдан алты апға
дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын
жүргізу құқығынан айырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан апыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға депінгі мерзімге көлік құралын жүргізу қуқығынан апырып, бес жыл-
ға дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көліктегі полиция қызметі
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
Көліктегі қылмыстар түрлері
Көліктегі қылмыстар
Көліктегі қылмыстар туралы
Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның тәртібі
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
Қылмыстың тікелей объектісі - нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі
Пәндер