Жүніс батыр және сары бүркіт


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әлбәтір Әбілақанұлы

Жүніс батыр және сары бүркіт

Өткенді еске алып, ескі көз, қазыналы қарттар мен құйма құлақ қариялардан тарихи дерек көздерін іздестірер болсақ, өртекес алқабы мен ақаяздай атамекенде Шантудей көреген көш басшылар, Сімтіктей әділ би әулиелер, Намазбектей суырып салма ақындар, Сыдықтай шешендер, жылан тілім байлаған Түменбайдай бақсылармен Нүсіп, Мазақтай жақсылар, Мәнсүгірдей көзі ашық елбасылармен қатар Күнесбайдай елді қорғаған, жұртқа қормал болған батырлармен Жүніс Берікбол баласындай батыр әрі бапкер атбегі, құсты аспанда танитын көзі қарақты құсбектері өткендерін сүйене еске түсіресің.

Бұл мақаламыз осындай тарихи тұлғалардың бірі - айтулы атбегі, танымалы құсбегі, батыр атамыз Жүніс Берікболұлы туралы болмақ.

Жүніс атамыз 1876 жылы Күнес алқабында дүниеге келіп, 1953 жылы Сарқобда 77 жасында қайтыс болып, сүйегі Сарқобының басындағы бейтке жерленген. Ол кісі жасынан малсақ, жылқы құмар, елпек азамат болып ер жетіп, азамат шағынан ақаяз алқабындағы атбектермен ағайын бола жүріп, атбегілік өнерін үйреніп ат баптаған, әрі құс салып, салбурын құруға ерекше қызығып, құсбегілерге еріп, құс баптау, құс салу өнерін үйреніп, құстың қыранын тани білген. Ақаяз аңғары аузындағы бір бөктерде ересен қыран бүркіт бар екенін естіп, 1935 жылы жазда сол қияң бүркіт ұясының Бедел өзеннінің батыс қиясында жартаста екенін тұрақтандырып, бүркіт балапаны жетілді-ау дегенде жолдастарының көмегімен 4 қайыс арқанды жалғап, денесіне айқастыра төрт ағаш таңып, салақтап қиядан ұяға түсіп, бір тал сары балапан бүркітті ана бүркіттің қарсылығынан қорықпай алып шығып, үйіне әкеліп, бағып баптап, аңға салып, қырандығы мен атағын шығарғандықтан жүністің сары бүркіті деп аталдған. өр текестегі ақаяз алқабында Тәңір таудың қоңыр бүркіті көп таралған болып, сары бүркіт тек осы бедеде ғана ұялаған екен, оның бір ғана баолапанын осы Жүніс құсбегі қолға түсіріп, 18 жыл баптап, түлкі, қасқыр, елік, марал алғызған. Айталық бір жылы қыста сары иықтың ақпар қорасы мен Мұқамия қорасы аралығында жіңішке өзектен бір маралға түсіп, таңнан алған соң марал өзенге қарай қашқанда жолдағы шетен, бұта-бүргенді бір аяғымен шеңбектесе де тоқтата алмай ақыры өзенге түскенде марал мұзға тайып жығылғанда басып отырып қалған. Құсбегілер барғанда ызадан әбден булығып маралды бермей қойғандықтан ағашты кесіп әкеліп, кездік байлап, маралды жүректің басынан пышақ салып, ет ауыз тигізген соң әрең қоя берген.

Жайлау кезінде сары бүркіт елікке түсіп, ала алмай қалса адамға түседі екен. Каримолда, Оралбек, Рақманберді, Әсімжан деген адамдарды алған. Сары бүркіт күніне қанша елік кезіксе сонша елік алатын қыран құс екен.

Осы сары иықта бір қасқырға түсіп, алғашқы рет тұмсығын толық шеңбектей алмай қалып, қоя беріп, қайтадан қаhарлана түсіп, екінші рет таңмен тұмсығын шеңбектей екпіні мен екі бүктей алған.

Жүніс атбала азамат болған шағында саятшылықпен ит жүгіртіп, құс салумен қатар, жүйрік баптап, жортуылға шығып, ел мен малды шабындыдан қорғайтын жау жүрек батыр болған. Бұның ашық айғағы қазіргі Ақаяз аңғары аузындағы екі беде ортасындағы тарихи оқиғаның айғағынан аты ұрпаққа жалғасқан. Бұл сай аты Жүністің ерлігі туралы тарихи оқиғамен тығыз қатысты.

Жүністің азамат шағы барымта-қарымта асқынып тұрған кезге тура келіпті. Ақаяздың мыңғырған малына Ресей жерінен әр ұлт ұры қарылары да көп келіп, мал қуып халықты шығындап тұрыпты. Жүкең қыран бүркітін оң босағаға жүйрік тор атын киіз үйдің сол босағасына кіргізіп бағады екен. Жүкең ауылы - жолболдының Қараша ауылынан тарайтын көкен ата ауылы болып, Ақаяз, Беде, Сары иық, Текес бойындағы қарғалы түбекті мекен етіп, қыстап, көктеп, мал күзетіп жүреді екен. Бір күні Сары иықтағы ауылға ел жата бере қалың атты қарақшы баса көктеп келіпті де, ауыл аспанынан тарсылдата мылтық атып, ауыл маңындағы ұзын аяқты малды көзге түскенін қалдырмай қуа жөнеліпті. Күздің айлы түні екен, желідегі бұзаулар азан-қазан мөңіреп қала беріпті. Елді шапқан жау кетті-ау дегенде сыртқа шыққан ел бірде-бір малдың қалмағанын көріп, ах ұрыпты. Осы кезде үйіне торы бәигесін баптап отырған Жүніс батырдың сарауыз бердеңкесін қолына алып, атты жайдақтай мініп, жау артынан аттанып кеткенін жұр сонда ғана біліпті.

Жүкең сол қуғаннан Беде өзеніне айланба қия жолымен жылқы мен сиырды мылтықтың үнімен үркітеді. Қамшының астынан қуып бара жатқан оншақты адамды көріпті де Беденің тік шаншыма тік жолымен тік түсіп, тік шыққанда жау әлі арық қабаққа шыға қоймаған екен. Атын жасырып, қолайлы жерде қарауыл алған жүкең жауды тосып отырып, әбден жақындатып алып, бұйрық беріп жүрген арғымақ мінген басшысын көздеп бір атқанда ол: - еміқоқой - деп аттан ұшып кетті, тағы бірі шыға бергенде оны да тартып қалғанда ол да ат жалын құша қаша жөнеліпті. Қашқан жауға тағы бірнеше оқ атыпты. Мал шұрқырап қалыпты да қуған адам болмапты. Байыздап мылтығын оқтап барлап қараса, қалған алты адам бір атты жетектеп зытып келген екен.

Малды жаудан алып қалған Жүкең малды қайтадан ауылға айдап жақындатты да сенімді деген жігіттен бір екеуін ерітіп, адам өлген жерге келіп, таң атып кетуден бұрын жайраған батырды жаңағы сайдың аузындағы су орған қуысқа киімімен қойыпты да бетін жарды құлатып жасырып, жерлеп қойыпты. Бұл істі ел басыларынан санаулы адамға ғана хабар тапқызыпты. Көп өтпей Ресей жақтан жоқшы келіп, құн даулап елге зорлық қылыпты. Орыс билеушілері мен Қытай билеушілері Сымтастағы қызылжарда Ресейдегі қазақ, қырғыз билерімен біздегі елбасы қатынасқан съезд ашыпты.

Ресей билеушілері батырымызға құн аламыз деп күш көрсеткенімен, Қытай билеушілерімен елбасылары мылтық атып, елмен малды шапқан ұрыларын байқаусызда жазым болды, оқ алдынан тисе, біз құн төлерміз, оқ артынан тисе құнсыз болады - деп иөлікті тексергенде оқ артынан тиген екен. Қырғыздар Ыстықкөл жақтан келген мал ұрысы Жолалының сүйегіні алып жолына түсті. Ал Жоланыны атып, сүйегін көмген сай міне бүгін де «Жолалы сай» аталып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ аңшылығы жайындағы мақалалар жинағы
Би-шешендер
Қазақ даласының ұлы билері
Төле би Әлібекұлы
Тарих қойнауынан сыр тартқан
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Жабаев Жамбыл/ Мұхамбет-Салық Бабажанов/Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
ҚАЗАҚ БИЛЕРІ. Тауке ханның басқару кезінде
Ноғай ордасы мен саяси тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz