Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі . . . 4
1. 1. Үкіметтің құрылуы және құрамы . . . 5
1. 2. Үкіметтің құзыреті . . . 6
2. Атқарушы биліктің орталық органдары . . . 9
2. 1. Атқару билік органдарының қызметі . . . 12
3. Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру……… . . . 14
3. 1. Үкіметтің норма шығарушылық қызметі . . . 16
3. 2. Үкіметтің басқа билік органдарымен қатынасы . . . 18
3. 3. Үкіметтің халықаралық шарттарын жасасу өкілеттігі……… . . . …. 20
4. Үкімет және министрліктер . . . 22
4. 1. Үкімет ұғымы . . . 22
4. 2. Министрліктер түрлері . . . 24
4. 3. Үкімет пен министрліктер қарым - қатынасы . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . …28
КІРІСПЕ
Үкімет - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі - алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді. Оны Республика Президенті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қымыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Президентінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай шектеулер қойылған: өкілді органдардың депутаттары болуға; оқытушылық, ғылыми, немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ (ҚР Конституциясының 68-бабы, 2-тармақ) .
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерде, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасынын, Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды (64-бап) . Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын баға-лайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттін атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-тендік механизмін белгілейді.
Үкіметтін, сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің атқарушы билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін басқарады (64-бап) . Конституцияның аталған қағидасында "бірыңғай" деген сөз болмағанымен, баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе құрайтынына күмәндануға негіз жасамайды. Ол Конституцияның 87-бабымен дәлелденеді, онда: "Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді" делінген. Үкіметтің атқарушы билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі жағдайы оның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және атқарушы биліктің жергілікті органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың (бірқатар "пәрменді" министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.
1. 1. Үкіметтің құрылуы және құрамы
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасында бірнеше Үкімет ауысты:1
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Жоғарыда айтылғандай, Премьер-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы, министрлер, Мемлекеттік комитеттердін, терағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және оның кез-келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламентпен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы мүмкін. Үкіметтің өз ішінде ескерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда көзделген жағдайларда:
1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53-баптын, 6- тармағы) ;
2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-баптың 7- тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан түсуді қабылдаса, онда ол оның, орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Егер Премьер-Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінің қабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шеше-ді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парла-ментке осының алдындағы Үкімет құрамыньің Бағдарламасын қолдау туралы және өз қызметтерінде соны басшылықка алғысы келетіндері туралы Парламентке мәлімдей алады.
Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарынын, жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы қабылдамай тастауына болады. Мұндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының макұлданғанын білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді. Республика Үкіметі мүшелерінін:
өкілді органның депутаттары болуға;
оқытушылық, ғылыми немесе езге шығармашылық қызметтерден басқа ақылы қызметтер атқаруға;
кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның бас-шы органының немесе байкаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жок.
1. 2. Үкіметтің құзыреті
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орныктырылған кең өкілеттіктер берілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалык саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалык бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялыксаясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның корғалуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы телеудің жүйесі мен шартын, азаматтардың әлеуметтік корғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ыкпал етеді.
Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылы-митехникалық даму жоспарын өзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың Президентпен Үкіметтіңактілерін орындауын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері женіндегі қызметін басқарады, олардын, заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформанын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру женінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.
Мемлекет органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзіреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуротура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай - орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша - тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) ; құзіретін жүзеге асыру тәртібі бойынша - алқалы (Парламант) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша - құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай - жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрлер) органдар болып бөлінеді.
Менің реферат тақырыбым - Қазақстан Республикасындағы атқарушы органдар болып табылады. Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады. Оларға төменде толықырақ тоқталып өтеміз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі - алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді. Оны Республика Президенті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қымыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Президентінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай шектеулер қойылған: өкілді органдардың депутаттары болуға; оқытушылық, ғылыми, немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ (ҚР Конституциясының 68-бабы, 2-тармақ) .
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерде, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 70-бабында және Қазақстан Республикасысының Үкіметі туралы Конституциялық Заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.
Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсу туралы мәлімдеуге хақылы.
Орнынан түсуді қабылдау немес қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқталғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттілігі тоқталғанын білдіреді.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немес оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:
- тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
- өз құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;
- Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
- тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Республика Конституциясының 37-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палатарына есеп береді.
2. Атқарушы биліктің орталық органдары
Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органы бар:
- әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Экономика; Мемлекеттік кіріс; Қаржы; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвистициялау жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;
- әкімшілік-саяси қызмет бойынша; Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі; Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Қазақстан Республикасың министрліктерінің құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінде; Орман, балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.
Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.
Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын ұйымдастыру мен қызмет атқаруының тәртібі «Қазақстан республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурызындағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті ) туралы Үлгі Ережемен және әрбәр министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:
- Қазақстан Республикасының министрліктері;
- Қазақстан Республикасының агенттіктері;
- Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.
Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
1. Қазақстан Республикасының министрлігі мелекеттік басқарудың тиісті саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша республика президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz