Индустриялық-инновациялық даму


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ . . . 4

АЛЮМИНИЙ КЛАСТЕРІ . . . 4

ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ . . . 5

БАЛЫҚ КЛАСТЕРІ . . . 5

ЯДРОЛЫҚ ИНДУСТРИЯ . . . 5

ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ . . . 7

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 11

КІРІСПЕ

Қазақстан нарықтық реформаларды батыл түрде жүзеге асырды. Соның арқасында ел экономикасы тұрақты даму жолына түсті. Енді елдің кемел дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруға бағыт ұсталды. Осы мақсатта 2003-2015 жылдарға арналған елдің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

Өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары айқындалды. Бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға қарымы мол салалар таңдап алынды. Сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашылып отыр.

Негізгі басымдық 6 кластерге - құрылыс, мәшине жасау, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі, ақпараттық және биологиялық технологиялар, сондай-ақ мұнай-химия индустриясына беріліп отыр. Бұған қоса Қазақстан өзінің ғарыштық бағдарламасын іске асыруға бел байлап отыр.

1 ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру - жалпы ішкі өнім құрылымында тауар өндірудің үлес салмағын 2015 жылға қарай 46, 5 пайыздан 50-52 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы ішкі өнім құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің қызмет көрсетуінің үлес салмағы 2000 жылғы 0, 9 пайыздан 2015 жылы 1, 5-1, 7 пайызға дейін артады.

Тұтас алғанда, Индустриялық-инновациялық саясат отандық экономиканың өсу қарқынын жылына кем дегенде 8, 8-9, 2 пайызға қамтамасыз етеді.

Бұл жалпы ішкі өнім көлемін 2015 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда шамамен 3, 5 есе ұлғайтады.

Қазақстан экономикасы жаңа сатылық және сапалық биікке қадам басты. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында азуы алты қарыс алпауыттардың аузында жұтылып кетпеу үшін де бізге бәсекелестікке қабілетті экономика құру қажет. Ұзақ уақыт тек шикізат шылауы болып келген біздің мемлекетіміз үшін алдағы жақсы күндерге аршынды адым жасау міндеті алға қойылды. Осы мақсаттағы бірінші нақты қадам Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының қабылдануынан басталды.

Бүгінгі таңда елімізде бірқатар кластерлік жүйе бойынша нақты жұмыстар қолға алынған. Бәрі бірдей жүріп кетпесе де, алғашқы талпыныс қорытындыларының өзі Қазақстанның күнгей тұсты бетке алғанын көрсетеді.

Қазақстанда құрылыс кластері жүйесін игерудің жобасы жасалды. Үкімет қаулысына сәйкес Астанада аймақтық даму стратегиясының бағдарламасы түзілді. Соның негізінде 9 түрлі өнім шығаратын зауыт пайдалануға берілді. “Азия-Ақмола” ЖШС-і күйдірілген шыны шығарады. Ал “АмитехҚарасайПайп” кәсіпорыны су жүйесі мен канализацияға арналған шыны пластикалық құбырлар шығаруға көшті. “Экатон” зауытының өнімдеріне қазірдің өзінде сұраныс артып отыр.

Астанада индустриялық парк ашудың негізгі мұраты - жұмыс орындарын көптеп ашу. Бұл паркті салу үшін 500 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалады. Құрылыс материалдарын өндіру ісіне қарқын беретін паркте 3000 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Парк салу үшін 480 гектар жер бөлінді. Онда кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істейтін болады.

2 АЛЮМИНИЙ КЛАСТЕРІ

Павлодар облысында отандық өнеркәсіпті өркендетуге алюминий кластері көмекке келмек. Облыс алдағы 10 жылда өнеркәсіп өнімдерін қазіргі деңгейден екі есе артық өндірмек. Бұл мақсатқа қол жеткізуге Қазақстанда салынатын электролиз зауыты мүмкіндік жасайды. Жылына 125 мың тонна алюминий шығара алатын зауыттың бірінші бөлігін іске қосу 2007 жылдың аяғына жоспарланып отыр. Зауыттың екінші бөлігі іске қосылған жағдайда 250 тонна алюминий өндіруге болады. Зауытты салу үшін қажетті инвестиция көлемі 850 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы зауыт негізінде болашақта алюминий кластері жұмыс істейтін болады.

3 ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ

Қазақстандағы мақта және тоқыма саласында шешілмеген проблемалар жетерлік. 2004 жылы әлемдегі мақта өндірісі 24, 1 млн. тоннаны құрады. 2003-2004 жылдары ТМД елдері 1429 мың тонна мақта талшығын өндірсе, соның 63 пайызы Өзбекстанның, 13 пайызы Түркіменстанның, 12 пайызы Тәжікстанның, тек 8 пайызы ғана Қазақстанның үлесіне тиеді. Ал жалпы ішкі өнім бойынша Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінің үлесі 1 пайыздан асар-аспас дәрежеде. Батыс Еуропа мен АҚШ-та ол ішкі жалпы өнімнің 8-9 пайызын құрайды. Түркия мен Қытайда -12 пайыз болса, Үндістанда 14 пайыз. Соның арқасында бұл мемлекеттер өз бюджеттерінің 20 пайызын осы сала арқылы қамтамасыз етіп, ішкі нарықты 75-85 пайыз өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстаннның өз мүмкіндігі бола тұра тоқыма бұйымдарын сырттан тасиды. Тоқыма кластері осы олқылықтың орнын толтырады.

4 БАЛЫҚ КЛАСТЕРІ

Аграрлық саланы индустрияландыру мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін шикізаттық күйден құтқару үшін кластерлік бастамалар көтерілуде. Сондай бір бастама бойынша Қызылорда облысының Арал ауданында жұмыстар жасалуда. Мамандар балық кластерінің болашағы зор дегенді айтады. Кіші Аралға су келуіне байланысты және де басқа да су көздерінен таяудағы жылдардың өзінде 8-10 тонна балық аулауға болады деген болжам бар. Барлық өнім терең өңдеуден өткізілетіндігін ескерсек, бұл кластердің экономикалық тиімділігі бірнеше есе арта түседі. Қазірдің өзінде балықты бастапқы өңдеу ісімен айналысатын 4 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Болашақта балық консервісін шығаратын зауыт пен балық сүйегінен ұнтақ шығаратын зауыт құрылысы қолға алынбақ.

Елімізде қысқа мерзім ішінде мемлекеттік даму институттарының жүйесі қалыптасты. Даму институттарының жалпы жиынтық капиталы 141 миллиард теңгеге жетті. Даму институттары қазірдің өзінде 1 220, 1 миллион доллар тұратын 75 жобаны қаржыландыруға көшті.

5 ЯДРОЛЫҚ ИНДУСТРИЯ

Семей атом полигоны республикамыздың тұңғыш Президентінің алғашқы жарлықтарының бірімен еліміз егемендікке қол жеткізбей тұрып-ақ жабылғаны белгілі. Іле мұнда Елбасының келесі Жарлығымен ұлттық ядролық орталық құрылған болатын. Содан бері де кешегі атом полигонының “астанасы” атанған Курчатовта халықаралық маңызы өте зор шаралар атқарылып келеді. Соның бірі - қазақстандық токамак-термоядролық реакторын салу болса, екіншісі осында “Ядролық технологиялар паркін” құру туралы идея.

Соңғы мәселеге орай республика Үкіметінің басшысы осыдан бір жыл бұрын Курчатов қаласына арнайы іс-сапармен келіп қайтқан-ды. Сол жолы Үкімет басшысы тарапынан болашақ технопарк жобасына орай бірқатар елеулі сын айтылғанын да өз құлағымызбен естігенбіз. Енді содан бергідегі жаңалық қандай? Одан бұрын еліміздің бас басылымының қалың ормандай оқырманына ел назарындағы нысан туралы не айтасыз?

Ядролық технологиялар паркі туралы тұжырымдама жобасы республика Үкіметі тарапынан мақұлданып, бекітілді. Мұның сыртында республика Үкіметі үстіміздегі жылдың тамыз айында “Ядролық технологиялар паркі” акционерлік қоғамын құру туралы арнайы қаулы қабылдады. Онда бұл қоғамның жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылатындығы атап көрсетілген. Одан әрі де қоғамның негізгі міндеттері белгіленген. Сол бойынша аталмыш технопарктің инфрақұрылымы мен базалық өнеркәсіптік қондырғыларын жобалау, салу, ұстау және пайдалану, оның базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымын пайдалануға негізделген қызметтер көрсетуді, сондай-ақ технопарк аумағында жұмыс істейтін компанияларға сервистік қызметтер көрсетуді ұсыну, болашағы зор технологиялық әзірленімдерді іздестіру, іріктеу, технопарктің базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымдарын қолдана отырып, өндірістерді құруға және дамытуға жәрдемдесу, атом саласының ғылымды қажетсінетін технологияларына және оған ілеспе ғылым мен техника саласына инвестицияларды тарту, елдің ядролық экспорттық әлеуетін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологиялар мен өндірістерді құруға жәрдемдесу қоғамның тікелей өз мойнындағы міндеті болып табылады. Соған орай, салалық министрлікке биылғы жылға арналған республикалық бюджеттен қоғамның қаржылық капиталына деп 273 миллион теңге қаржы бөлу міндеттелді.

Мұның бәрі аталмыш мәселеде сең қозғалды деген сөз. Енді ұрыста тұрыс жоқ. Оның үстіне “тәуекел түбі - жел қайық”, деген де сөз бар. Сондықтан, ендігі жерде әлемдік деңгейдегі бұл шара оzрынсыз бүгежектеп, артқа қарайлай беруді қажетсінбейді деп білеміз. Енді назардағы нысанның жай-жапсарына, оның маңызы мен болашағына қысқаша тоқтала кетсем деймін.

Елбасымыз өткен жылы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Алматының Алатау кентіндегі ақпараттық технологиялар орталығы, Степногорскідегі биотехникалық орталық, Курчатовтағы ядролық технологиялық орталықтан технопарктер құра отырып, бізде бар ғылыми қорды шебер қолдана білуіміз керек” деген болатын. Бұл әңгіме, бұл сөз Елбасының биылғы Жолдауында да назардан тыс қалған жоқ.

Иә, еліміз ядролық технологиялардың ғылыми-техникалық әлеуетін сақтап қала алды. Ендеше олардың қазіргі нарық жағдайына қарай дамуы мен инновациялық жылжуына әлемдік экономикаға біртабан оңтайлы Қазақстанның атомдық өнеркәсібі көп үлес қосатындығына еш күмән болмаса керек. Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолы - бұрынғы Семей ядролық полигоны негізінде еліміздің инновациялық инфрақұрылымының негізгі элементі, ядролық технологияларды өндірістік мақсатта игеруге бағытталған. “Ядролық технологиялар паркін” құру болатын.

Ал оны құрудағы мақсат - еліміздегі өте көлемді ядролық-физикалық әлеуетті сақтау мен дамытуға қолайлы жағдай туғызу, сондай-ақ аймақты жедел дамыту, сыртқы рынокқа ядролық технологиялар бойынша отандық ғылыми жетілген талдамаларды шығаруды қамтамасыз ету, оларды өндіріске енгізу және жаңа ғылыми жетілген ядролық және радиациялық технологияларды дамыту.

Атом энергетика саласында еліміз бойынша жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі - ұлттық ядролық орталық. Ал оның негізгі институттары Курчатов қаласына орналасқаны белгілі. Сол себептен де бұл қаланы атомшылар қаласы деп те атайды. Соның бәрінің бір-біріне сәйкес келуі инновациялық даму орталығы - “Ядролық технологиялар паркін” құруға мүмкіндік туғызып отыр. Өзіндік атомдық кешенді иелену елімізге ядролық технологиясы бар мемлекеттер қатарында өз бағытын сақтап, нығайта түсетіндігіне еш күмән жоқ.

Қазір Астанада ғылыми-технологиялық кешен салынып жатыр. Ал Алматыда Ядролық медицина орталығын салу жобасы қарастырылуда. Курчатовтағы токамак-реактордың болашағы тіптен де зор. Соның бәрі қосыла келгенде елімізде атом энер­гетикасын пайдаланудың құқықтық жолын реттестіріп отыр. Солайша Қазақстанның жоғары технологияларды меңгерген мемлекет ретіндегі мәртебелі бет-бейнесі қалыптаса түсуде.

Курчатовта технопаркті құру жобасы шамамен 11 жылдан кейін өзін өзі ақтайды деген ой бар. Осы кезде оның табысы үш есе артады. Басқаша айтсақ бір теңге инвестиция жалпы құны 3 теңгенің түрлі өнімін шығаруға мүмкіндік туғызады. Технопарк кәсіпорындарында 1200 жұмыс орны ашылады. Ал қосымша салаға қызмет ететіндер саны 2 мыңға жетіп жығылады. Алғашқы он жылда технопарктен мемлекет қазынасына он миллиардтан астам теңге түседі деп күтілуде. Бұл кезде Курчатов қаласының келбеті тұтасымен өзгеріп, түлеп, жайнап сала беретіндігіне еш күмән болмаса керек.

6 ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ

Жаңа жыл қарсаңында еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында облыс бойынша елу бесінші нысан пайдалануға берілді. Бұл кәсіпорындарда 13 мыңнан астам адам еңбекке орналасты.

Кешегі кеңес дәуірінде батыс еуропалық мемлекеттерде әскери борышын өтеген замандастарымыздың оларда жер астымен тартылған су құбырлары жүз жылға дейін шыдайды деген әңгімелеріне қайран қалушы едік. Біз сияқты металл тұрбаларды жыл сайын алмастырып, газбен дәнекерлеп жатпайды, істен шыққан тұстарын бір-біріне бұранда арқылы жалғап қоя салады деп таңданысымызды сенімсіздікке апарып соқтыратын. Себебі, біз осы уақытқа дейін металдан жасалған құбырларды пайдаланып келдік. Тәуелсіздігімізді алып, алыс шет елдермен экономикалық байланысқа түскелі сол ертегі сияқты дүниелерді көзімізбен көріп, қолымызбен ұстай бастадық. Қазіргі кезде шама-шарқына қарай, бизнес иелерінің офистерін айтпағанда, жеке тұрғын үйлерге еуропалық үлгіде жөндеулер жүргізіп, сантехникалық жабдықтарды мейлінше қолайлы жағдайға көшіруге екінің бірі құштар. Алайда, бұған дейін қажетті құрал-жабдықтарды сырттан тасып келдік.

“Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала” деген, күніңді біреуге қаратқанша, өз қолыңмен өндіргенге не жетсін. Әлгі бір кездері аңыз боп елестеген құбырларды шығаруға біз де қабілетті екенбіз. Мемлекетіміздің қуаты, халқымыздың шеберлігі бірте-бірте ашылып, тәуекелдің алғашқы жемістерін көре бастадық. Олай дейтініміз, еліміздің экономикалық тетіктерін іске қоса отырып, жылдан-жылға өндіріс саласын дамыту арқылы жаңа кәсіпорындар бой көтеруде. Ақтөбенің өзінде мұнай, металл қорыту, кен байыту сияқты ауқымды салалардың біз үшін жаңалық боп табылатын күрделі құрал-жабдықтарын шығаратын зауыттар пайда болды.

Бірді айтып, бірге кетпей, құбырларға қайта оралайық. Астана, Ақтау, Атырау қалаларында жұмыс істеп жатқан полиэфирлі, эпокидті, полиэтиленді тұрбалар шығару зауыттары ел өндірісі үшін қомақты үлес қосып келеді. Жақында Ақтөбеде осы үлгідегі металл емес тұрбалар шығару зауыты пайдалануға берілді.

Алғадай зауыттың жабылып қалуына байланысты облыс орталығынан ашуға тура келді. 2002-2003 жылдары мұндай құбырлар қажет пе, жоқ па деген мақсатта маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Техникалық-экономикалық негіздер жасалды. Нәтижесінде осы зауыт салынды. Қазір 150 адам жұмыс істеуде.

Аталмыш зауыттың сметалық құны 12, 1 миллион АҚШ долларын құрады. Бәсекелестікке қабілетті, жоғары технологиялық өндірістің тұрғызылуына “Көктас-Ақтөбе” акционерлік қоғамы, “БИПЭК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге, ұлыбританиялық және ресейлік компаниялар қатысты. Зауыт салуға “Ақтөбе металл емес құбырлары зауыты” акционерлік қоғамының өз қаражаты жұмсалуынан елімізде қалталы кәсіпорындардың бар екендігін байқаймыз. Сондай-ақ “Қазақстан Халық Банкі” акционерлік қоғамы несие ұсынғанын да айта кеткен жөн.

Жаңа зауыттың құбырлары ауыз суды тасымалдауға, тұрмыстық-өндірістік канализация және басқа мақсаттарға пайдаланылатын болады. Коррозияға шыдамды, жеңіл әрі жалғауға ыңғайлы тұрбалардың артықшылығы мол. Италиялық жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйе негізінде жобаланған технология халықаралық стандарттар мен өнеркәсіптік мөлшерге сай келеді. Зауыт технологтары құбырлардың пайдаланылу мерзімі 75 жылға жетеді деп отыр. Құбырлардың диаметрі 300-2600 миллиметр арасында болады. Ал қысым шыдамдылығы 40 атмосферадан басталады. Әзірге ауыз су тасымалы үшін жылына 202 километр құбыр шығарылатын болады. Алдағы жылдары мұнай-газ салалары, ыстық сумен қамтамасыз ету, жылу жүйелері үшін құбырлар шығару жоспарлануда.

Зауыттың бас директорының айтуынша, алға қойған жобалар аз емес. Әрине, көзделген межелерге қол жетіп жатса, біреуге жаутаңдайтын жағдайдан да арыларымыз анық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шағын бизнес пен кәсіпкерліктің қарқынды дамуы үшін қыруар шаруаның басын қайырып келеді. Қазақстанның жедел дамуы үшін елдің экономикалық және әлеуеттік күш-қуатын тиімді пайдаланбаса болмайды. Мемлекеттік құрылымдармен қатар қазақстандық іскер азаматтар экономиканың өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс.

7 ТЕМІР ЖОЛ

Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік қай жағынан болсын елімізге нұрлы шуағын, жақсылығын ала келді. Бұрын Одақтың уысында болған қазақ жеріндегі темір жолдың да тынысы қазір кеңейді. Бұл жөнінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бас болып ұзақ мерзімге арналған “Қазақ­стан-2030” стратегиялық бағдарламасының басымдылығы ретінде темір жолдың ел өмірінің өркендеуінде үлес салмағы зор екенін “аумағымыздың ауқымын және экономикамыздың шикізаттық бағдарын ескерсек, Қазақстанда жүк тасымалының негізгі көлемі темір жол арқылы жүзеге асырылатын болады” деп атап көрсеткені белгілі. Осыған орайлас нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақыттарда Алматы-Ақтоғай-Достық, Железорудная-Қостанай, Мақат-Қандыағаш темір жол бөліктерін электрлендіру және Қорғас-Сарыөзек, Ералиев-Құрық, Маңғышлақ-Баутино, Бейнеу-Шалқар, Жезқазған-Сексеуіл бағыттарындағы да бірқатар темір жол бөлімшелерінің құрылысын салу жөнінде көптеген жұмыстар қолға алынды. Өскемен-Шар бағытында темір жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ғұмырымыздың тірегі темір жолмен байланысты болғандықтан, еліміздің осы салада қолға алып жатқан мақсатты жұмыстарының бәріне ортақтасып, қуанып, күнделікті атқаратын қызметіміздей көріп, бақылап, теміржолшылар бір-бірімізге жан-жақтан хабарласып отырамыз. Елбасы айтқандай, қолға алған істің бәрі де жүзеге асуы тиіс. Бүгінгі заман үрдісі талап етіп отырған басты мақсат - әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан көрініп, орын алуымыз керек. Өткен өтті. Бір кездері дағдарыс шырмауында қалған жұмысшылардың темір жол бойын тастап, базар жағалап кеткендері де болды. Бірте-бірте түзелген іс, алған дұрыс бағытымыз қай саланы болмасын жақсы жолға әкелді. Темір жол да өзінің бекемдігін, беріктігін көрсетіп даму жолына түсті. Сонау 60-шы жылдары паравоздың орнын алмастырған тепловоздарға таң-тамаша қарасақ, бүгіндері жүйткіген электр пойыздарын көрдік, темір жолды электрлендіруге де қолымыз жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Стратегияның теориялық ұғымы, Қазақстан Республикасының дамуының экономикалық стратегиясы
Индустриалды даму
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
Бизнес инкубаторларды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz