Қаржылық инвестициялар портфелін бағалау және қалыптастыру


Кіріспе

1. Кәсіпорын инвестицияларының жалпы негіздері

1.1. Кәсіпорын инвестициялары, олардың экономикалық мәні және оның жіктелуі
1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты


2. Қаржылық инвестициялар, қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру жолдары

2.1. Қаржылық инвестициялар туралы
2.2. Портфель құрамына кіретін қаржы инструменттерінің құнын бағалау әдістері
2.3. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастырудың теориялық аспктісі
2.4. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыруға мысал


3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық белсендігі
3.2. Қазақстанда инвестициялық стратегияны қалптастыру қажеттілігі

Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Қандай да болсын кіріспе мағынасы жағынан қорытынды болып келеді, айырмашылығы - автор еңбек оқылғанға дейін түсініктеме беруінде. Кейде оқырманды тақырыптың ерекшеліктері мен өз ойынның маңыздылығы туралы айту дұрыс, сол арқылы оның оқуға мұтаждығы мен қызығушылығын туғызу.
Бүгінгі Қазақстанның нарықтық экономикаға енуіне қатысты мемлекеттің экономикалық өсуі өте маңызды роль алып отыр. Біздің бүгінгі мақсатымыз Орта Азия барысы болу, ал келешекте бүкіл әлемді жаулап алу. Ал ол үшін біз ішкі экономикамызды дамытуымыз қажет, яғни ұлттық кәсіпорындардың, сонымен қатар орта және кіші бизнесті дамыту. Оларды бәсеке қабілетін жоғарлату, шығаратын өнімінің сапасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру, яғни қаржы менеджменті мен маркетинг саласының сапасын жақсарту.
Қазір Қазақстанға шетел инвестициялар көлемінің өсуіне байланысты және қаржы нарығының институттарының инвестициялық қызметінің ұлғаюына байланысты қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастырудың тиімділігін бағалау және оны тиімді қолдану өте үлкен проблема болып отыр. Сондықтан қазіргі уақытта қаржылық инвестициялар портфелін бағалау мен қалыптастыру тақырыбы өте актуалды болып отыр.
Инвестицияларды қолдану тиімділігі капиталды импортер-мемлекет пен оларды экспортерлерге байланысты. Терроризм және энерга тасмалдаушыларды қол астына алу мақсатымен сипатталатын қазіргі уақытта инвестициялық жобаларға қатысушылардың кейбіреуі ғана гуманистік мақсаттарды іздейді. Кейде олардың стратегиялық мақсаттары үлкен көлемді пайдамен анықталады. Шетел инвесторлары мемлекет тарапындағы кәсіпорындардың пакетінің көп бөлігін сатып алу арқылы тек қана шынайы адал бәсеке мүмкіндігін жоймайды, шыныменде бәсекені мүлде жояды. Оған мысал, Мәскеу түбіндегі электрондық радиотехниканы шығаратын зауыт. Шетел инвесторлары (АҚШ) қаражат үлесінің үлкен бөлігін салу арқылы кәсіпорынды басқару құқығына ие болды. Сол арқылы өндірістік қуатты күрделі емес өнімді жасауға бағыттап, басқаәлемдік тәжірибеде аналогы жоқ ғылыми зеріттеулерді “мұздатып” тастады. Содан кейін – басты мамандарға АҚШ-қа көшіп, тұрақты тұру орнын ауыстыру, өмір сүру шарттарын Ресейге қарағанда әлде қайда жақсырақ ұсыныстар жасап, тартып алды. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болды. Ұлттық инвесторлар АСКБ “Алатаудың” сенімділік басқаруын қолға алғаннан кейін, өзінің мақсаттарына қатысты тек оның ғимаратымен қолданды. КБ-ның ғылыми-практикалық қызметі ерекше өнім патенттер жиынтығына ие ерекше электрондық микроөнімдерді шығаруға маманданған кәсіпорын осылайша жоқ болды. Бір минуттық пайданың мемлекет үшін әкелген залалды санаған адам да жоқ шығар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 35 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорын инвестицияларының жалпы негіздері

1.1. Кәсіпорын инвестициялары, олардың экономикалық мәні және оның жіктелуі

1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

2. Қаржылық инвестициялар, қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру
жолдары

2.1. Қаржылық инвестициялар туралы
2.2. Портфель құрамына кіретін қаржы инструменттерінің құнын бағалау
әдістері
2.3. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастырудың теориялық аспктісі
2.4. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыруға мысал

3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық белсендігі
2. Қазақстанда инвестициялық стратегияны қалптастыру қажеттілігі

Қорытынды
Қолданылған әдебиет

КІРІСПЕ

Қандай да болсын кіріспе мағынасы жағынан қорытынды болып келеді,
айырмашылығы - автор еңбек оқылғанға дейін түсініктеме беруінде. Кейде
оқырманды тақырыптың ерекшеліктері мен өз ойынның маңыздылығы туралы айту
дұрыс, сол арқылы оның оқуға мұтаждығы мен қызығушылығын туғызу.
Бүгінгі Қазақстанның нарықтық экономикаға енуіне қатысты мемлекеттің
экономикалық өсуі өте маңызды роль алып отыр. Біздің бүгінгі мақсатымыз
Орта Азия барысы болу, ал келешекте бүкіл әлемді жаулап алу. Ал ол үшін біз
ішкі экономикамызды дамытуымыз қажет, яғни ұлттық кәсіпорындардың, сонымен
қатар орта және кіші бизнесті дамыту. Оларды бәсеке қабілетін жоғарлату,
шығаратын өнімінің сапасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру, яғни қаржы
менеджменті мен маркетинг саласының сапасын жақсарту.
Қазір Қазақстанға шетел инвестициялар көлемінің өсуіне байланысты және
қаржы нарығының институттарының инвестициялық қызметінің ұлғаюына
байланысты қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастырудың тиімділігін
бағалау және оны тиімді қолдану өте үлкен проблема болып отыр. Сондықтан
қазіргі уақытта қаржылық инвестициялар портфелін бағалау мен қалыптастыру
тақырыбы өте актуалды болып отыр.
Инвестицияларды қолдану тиімділігі капиталды импортер-мемлекет пен
оларды экспортерлерге байланысты. Терроризм және энерга тасмалдаушыларды
қол астына алу мақсатымен сипатталатын қазіргі уақытта инвестициялық
жобаларға қатысушылардың кейбіреуі ғана гуманистік мақсаттарды іздейді.
Кейде олардың стратегиялық мақсаттары үлкен көлемді пайдамен анықталады.
Шетел инвесторлары мемлекет тарапындағы кәсіпорындардың пакетінің көп
бөлігін сатып алу арқылы тек қана шынайы адал бәсеке мүмкіндігін жоймайды,
шыныменде бәсекені мүлде жояды. Оған мысал, Мәскеу түбіндегі электрондық
радиотехниканы шығаратын зауыт. Шетел инвесторлары (АҚШ) қаражат үлесінің
үлкен бөлігін салу арқылы кәсіпорынды басқару құқығына ие болды. Сол арқылы
өндірістік қуатты күрделі емес өнімді жасауға бағыттап, басқаәлемдік
тәжірибеде аналогы жоқ ғылыми зеріттеулерді “мұздатып” тастады. Содан
кейін – басты мамандарға АҚШ-қа көшіп, тұрақты тұру орнын ауыстыру, өмір
сүру шарттарын Ресейге қарағанда әлде қайда жақсырақ ұсыныстар жасап,
тартып алды. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болды. Ұлттық инвесторлар
АСКБ “Алатаудың” сенімділік басқаруын қолға алғаннан кейін, өзінің
мақсаттарына қатысты тек оның ғимаратымен қолданды. КБ-ның ғылыми-
практикалық қызметі ерекше өнім патенттер жиынтығына ие ерекше электрондық
микроөнімдерді шығаруға маманданған кәсіпорын осылайша жоқ болды. Бір
минуттық пайданың мемлекет үшін әкелген залалды санаған адам да жоқ шығар.
Болған жағдайдың бірден-бір себебі, Қазақстанда қаржылық инвестициялар
тиімділігін бағалаудың кешенді жүйесінің жоқтығы. Ал бұндай жүйені құру
үшін интуициядан басқа, теориялық білім де қажет, яғни қаржылық
инвестициялар портфелінінің құралдарын бағалап, содан кейін оны
қалыптастыру қажет. Бұл теориялық бастамаларды білмеген қаржы инвесторы
портфелдің тиімділігін дұрыс бағала алмайды. Осындай проблемаларды жоюға
төмендегі курстық жұмыс арналған.

1. Кәсіпорын инвестицияларының жалпы негіздері

2. Кәсіпорын инвестициялары, олардың экономикалық мәні және оның жіктелуі

Біздің экономикалық сөздікте “инвестициялар” ұғымы жаңалау болып отыр.
Бұрынғы экономикалық ұғымда ол тек “капитал салымдарын” білдіретін және
“негізгі қорлар бойынша уақытша шығындар” деген мәнге ие болатын. Қазір де,
нарықтық экономикаға көшкенмен инвестициялар деп материалды және материалды
емес активтерге, нақты капиталға салған барлық қаржаттар деп түсінетіндер
де аз емес. “Капиталдың ұдайы өндірісіне бағытталған ақша қаражаттар
шығыны” деген анықтама дәлірек келеді. Дж.М. Кейнстің анықтамасы бойынша:
“инвестициялар – бұл тұтынуға қолданбаған өндірістік қызметтің берілген
мерзімінде немесе берілген мерзім кезіндегі табыстың қандай да бір бөлігі
нәтижесінде қалыптасқан ағымдағы капитал меншігінің өсуі”.
Демек, жаңарған және тәжірибе негізінде “инвестиция” ұғымына келесідей
анықтама беруге болады: Инвестиция – бұл кәсіпкерлік және басқа да
қызметтері нәтижеінде қалыптасатын пайда не әлеуметтік эффект объектісіне
салынатын құндылықтар. Немесе басқа әдебиеттерде: Инвестиция – бұл
болашақта капиталдың барлық нысанындағы салымдардың өсуін қамтамасыз ету,
ағымдағы табысты алу не белгілі бір әлеуметтік мәселелерді шешу.
Инвестицияларға келесілер жатады:
• Ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, акция және басқа бағалы
қағаздар;
• Жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
• Авторлық құқықтар, басқа да интеллектуалдық құндылықтар.
Басқа сөзбен айтқанда, инвестиция – бұл метаморфоздар тізбегі, яғни
ресурстардың (құндылықтар) салымдарға (шығындар) айналуы және салымдар
нәтижесінде табыс (эффект) алу.
Кәсіпорынмен жүзеге асырылатын инвестициялрдың түрлері мен нысандарының
көптігі, олардың жіктелуін қажет етеді. Инвестицияларды басқару кезінде
олар келесідей жіктеледі:

Кәсіпорын инвестицияларының жіктелуі
Белгілері Түрлері
Капиталды салу Нақты инветсициялар – нақты жобаға не нақты активтерге
объектісі бойынша ұзақ мерзімді капитал салымы;
қаржылық инвестициялар – капиталды қаржы инструменттеріне
салу;
Инвестициялық процесте тікелей – инвестицияланатын оюъектті таңдауда инвестордың
қатысуына қарай тікелей қатысуы;
тікелей емес – инвестордың делдалдар арқылы жұмыс істеуі;
Инвестициялау мерзімінеқысқа мерзімді – 1 жылға дейінгі капитал салымдары;
қарай ұзақ мерзімді – 1 жылдан жоғары;
Инвестициялық тәуекел тәуекелсіз – тәуекелі мүлде жоқ инвестициялау объектілері;
дәрежесіне қарай төмен тәуекелді – ортанарықтық тәуекелден төмен;
орта тәуекелді – ортанарықтық тәуекелге сәйкес;
жоғары тәуекелді – ортанарықтық тәуекелден жоғары;
спекулятивті - инвестициялық табысы өте жоғары болып
күтілетін тәуекелі жоғары инвестициялық жобалар мен
инструменттерге капитал салымдары;
Инвестицияланатын жеке – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
капитал мүлік формасынаинвестициялары;
қарай мемлекеттік – мемлекеттік кәсіпорныдар мен мемлекеттік
бюджеттен капитал салымдары;
Инвестордың аймақтық ұлттық - берілген мемлекеттің резиденттері осы мемлекет
белгілері бойынша территориясындағы объектілерге салымдары;
шетел – берілген мемлекеттің объектілеріне резидент
еместердің капитал салымдары.

Инвестицияларды жүзеге асыру процесі өзімен кәсіпорынның инвестициялық
қызметін сипаттайды, ал ол өз кезегінде қаржылық басқарудың маңызды
объектісі болып табылады.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – кәсіпорынның экономикалық потенциалын
ұлғайтуға бағытталған капитал салымдарының ең тиімді нысандарын жүзеге
асыру процесі.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыратын субъект – инвестор. Инвесторлар
келесідей белгілері бойынша жіктеледі:

Инвесторлардың жіктелуі
Белгілері Түрлері
Шаруашылық қызметтің - жеке
негізгі бағытына қарай - институтционалды
Инвестициялау мақсатына - стратегиялық
қарай - портфелді
Резидентігіне байланысты ұлттық
шетел

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына
бағынуы қажет, сондықтан ол қалптасқан инвестициялық саясатқа сәйкес жүзеге
асырылуы қажет.
Инвестициялық қызметтің басты мақсаты - кәсіпорынның экономикалық
потенциалын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдарының ең тиімді нысандарын
жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып келеді. Осы мақсатты ескере отырып
инвестициялық саясат қалыптасады.
Инвестициялық саясат дегеніміз – шаруашылық қызметтің дамуының жоғарғы
қарқынын қамтамасыз ететін нақты және қаржылық инвестициялаудың ең тиімді
нысандарын таңдау мен экономикалық потенциалын ұлғайтуға бағытталған
кәсіпорынның қаржылық стратегиясының бір бөлігі.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыру төмендегідей
кезеңдерден өтеді:
1. Экономикалық және қаржылық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорынның
инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын қалыптастыру. Мұндай
бағыттарды жасау келесідей мәселелерді шешуге бағытталады:
инвестициялық қызметтің салалық бағыттылығын; инвестициялық
қызметтің аймақтық бағыттылығын; перспективті периодтағы
инвестициялаудың негізгі нысандарының қатынасын анықтауға.
Экономикалық және қаржылық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорынның
инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын қалыптастыру болашақтағы
бөлек мерзімдер бойынша мақсаттар мен мәселелерді анықтауға
мүмкіндік береді.
2. Инвестициялық сфераның сыртқы шарттары мен инвестициялық нарық
конъюктурасын есепке алу және зерттеу. Бұл процесте инвестициялық
қызметтің құқықтық жақтары зерттеледі: инвестициялық нарықтың
ағымдағы жағдайы мен әсер етуші факторлары талданады;
инвестициялық нарықтың сегменттерінің конъюктурасы болжамданады.
3. Инвестициялау объектілерін іздеу және олардың кәсіпорынның
инвестициялық қызметіне сәйкестігі. Бұнда ағымдағы инвестициялық
нарықтағы ұсыныстар қарастырылады, кәсіпорынның инвестициялық
қызметіне сай болатын нақты инвестициялық жобалар мен қаржы
инструменттері сарапталады; қолданып жатқан активтер құрамын
жаңарту үшін нақты активтерді сатып алу мүмкіндігі мен шарттары
қарастырылады; таңдалған инвестициялау объектілерінің экспертизасы
жүргізіледі.
4. Инвестициялардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету. Бастапқы
кезеңдерде таңдалған инвестициялау объектілерін экономикалық
тиімділік тұрғысынан талдау. Бұнда әрбір объект бойынша
тиімділікті бағалау әдісінің нақты түрі қолданылады. Ең жоғарғы
тиімділікті қамтамасыз ететін объектілер қалады.
5. Инвестициялық қызметпен байланысты тәуекел дәрежесінің
минимизациялауын қамтамасыз ету. Бұл процесті жүзеге асыру кезінде
әрбір инвестициялау объектісі бойынша тәуекел дәрежесі бағалануы
қажет. Бағалау нәтижесі бойынша инвестициялық объектілердің
тәуекел дәрежесіне қарай ранжирлеу жүргізіледі де, инвестициялық
тәуекелдің минимизациясын қамтамасыз ететін объектілер қалады.
6. Инвестициялардың өтімділігін қамтамасыз ету. Сыртқы инвестициялық
аймақтың, инвестициялық нарықтың канъюктурасының, кәсіпорынның
даму стратегияларының өзгерісіне байланысты кәсіпорынның
көрсеткіштерінің ауытқуы мен өзгерісін ескеру. Бұл инвестициялық
бағдарламалардың кейбіреуінен уақытылы шығуы және капиталдың қайта
инвестициялануы туралы шешімдер қабылдауды қажет ететді. Сондықтан
инвестициялардың өтімділігі бағалануы қажет. Содан кейін ранжирлеу
жүргізіледі, өтімділік критерийі бойынша жоғарғылары қалады.
7. Инвестициялық ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау және олардың
көздерінің құрылымын оптимизациясы. Бұнда инвестициялық қызметті
жүзеге асыру үшін қажет инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік
көлемі болжамданады; бұл ресурстарды өз қаржы көздерінен
қалыптастыру мүмкіндігі анықталады; капитал нарығының жағдайына
байланысты қарыздық қаржы қаражаттарын тарту сұрақтары шешіледі.
8. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру мен бағалау.
Мүмкін тартылатын инвестициялық ресурстар көлемі мен нақты
инвестициялау объектілерінің инвестициялық тартымдылығын бағалауды
есепке ала отырып кәсіпорынның жиынтық инвестициялық портфелі
қалыптасады. Бұның өзінде қаржы менеджердің менталитетіне қатысты
қалыптастыру қағидаттары анықталады, содан кейін жиынтық
инвестициялық портфель табыстылық, тәуекелділік, өтімділік
деңгейіне қатысты бағаланады.
9. Инвестициялық бағдарламалардың жедел жүзеге асыру жолдарын
қамтамасыз ету. Жүзеге асырылатын бағдарламалар тез орындалуы
керек, себебі: әрбір инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруының
жоғарғы қарқыны кәсіпорынның экономикалық дамуын жеделдетеді:
неғұрлым тез асырылатын болса, соғұрлым тез пайда ретінде
қалыптасқан қосымша таза ақша ағыны мен амортизация қалыптасады;
инвестициялық бағдарламалардың жедел жүзеге асуы жүйелік тәуекел
деңгейі төмендетеді.

Нақты және қаржы инвестицияларын жүзеге асыру ерекшеліктеріне қатысты
оларды арнайы қарастыру қажет.
2. Қаржылық инвестициялар, қаржылық портфелді қалыптастыру жолдары

2.1. Қаржылық инвестициялар туралы

Кәсіпорын жедел қызметі барысында ол көбінесе инвестициялық саясатында
нақты инвестицияларды басты бағыт қылып алады, бірақ өзінің даму этаптарына
байланысты қаржылық инвестицияларды пайдалану уақыты да келеді.
Инвестициялардың бұндай бағыты инвестициялық ресурстарды тиімді қолданудың
қажеттілігімен түсіндіріледі, яғни бұл “өшіп” келе жатқан тауар нарығында
нақты инвестицияларға қарағанда қаржы нарығы конъюктуасы капиталға салынған
инвестициялардан жоғары пайда әкелетін жағдайда; кәсіпорынның мерзімдік
қызметімен байланысты; сала, тауар, аймақтық диверсификация қызметімен
байланысты жарқылық қорларына каптал құю арқылы басқа кәсіпорындарды “басып
алу” және басқа да осыларға ұқсас жағдайлармен түсіндіріледі. Сондықтан
қаржы инвестициялары уақытша бос капиталды тиімді қолданудың белсенді
нысаны немесе кәсіпорынның нақты қызметінің диверсификациясымен байланысты
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру инструменті ретінде қарастырылады.
Қаржы инвестициялары төмендегідей негізгі нысандарда жүзеге асрылады:

1. Кәсіпорындардың жарғылық қорларына капитал құю. Қаржы
инвестициясының осы нысаны кәсіпорынның нақты қызметімен тығыз
байланысты. Бұл шикізат және материалдармен қамтамасыздыратын
жабдықтаушылармен (егер олардың жарғылық капитална қатысса)
байланысты шаруашылық стратегияларының жүзеге асыруын
қамтамасыздандырады; өзінің өндірістік инфрақұрылымын
(транспорттық және осыға ұқсас кәсіпорындарға капитал құю арқылы)
дамыту; өнімді сату мүмкіндіктерін ұлғайту немесе басқа аймақтық
нарықтарға ену (сауда кәсіпорындар жарғылық қорларына капитал құю
арқылы); кәсіпорынның операциондық қызметінің салалы және тауарлы
нысандарының диверсификациясы және басқа да стратегиялық
бағыттарын жүзеге асыруын қамтамасыздандырады. Қаржы
инвестициясының бұл нысанының басты мақсаты жоғары инвестициялық
пайда алу емес (бірақ оның минималды деңгейі қамтылу керек),
өзінің операциондық пайдасын қалыптастыру үшін кәсіпорындарға
қаржылық нысанда әсер ету болып табылады.
2. Табысты ақша инструменттеріне капитал салу. Бұл нысан кәсіпорынның
уақытша бос ақша активтерін тиімді қолдануға бағытталған.
Инвестицияланатын қаржы инструментінің басты түрі – коммерциялық
банктердегі депозиттік салымдар. Көбінесе бұл нысанда капиталды
қысқа уақыт мерзіміне инвестициялауға қолданылады және оның басты
мақсаты инвестициялық пайда әкелу.
3. Табысты қаржы инструменттеріне капитал салу. қаржы инвестициясының
бұл нысаны ең массалық және перспективті болып табылады. Бұл қор
нарығында (нарықтық бағалы қағаздар) еркін айналатын түрлі бағалы
қағаздарға капитал құюмен сипатталады. Бұндай қаржылық инвестиция
нысанының қолдану инвестициялық инструменттердің және олардың
мерзімдері бойынша инвестициялық шешімдердің баламаларының
кеңдігімен; инвестициялардың мемлекеттік реттеуінің жоғары
деңгейімен және қорғанысымен; қор нарығының инфрақұрылымының
дамуымен; қор нарығының бөлек сегменттерінің конъюктурасы мен
жағдайы туралы ақпатараттың жедел берілумен, т.с.с. факторларымен
түсіндіріледі. Қаржы инвестициясының осы нысанының басты мақсаты –
инвестициялық пайданың болуын қамтамасыздандыру, басқа жағдайларда
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін белгілі бір
компанияларға инвестициялық әсер ету нысандарын қалыптастыру үшін
қолдану.
Қаржылық инвестициялар нысандарының ерекшеліктерін ескере отырып,
кәсіпорында оларды басқаруды ұйымдастырылады.
Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару дегеніміз – кәсіпорынның
қаржы инструменттеріне капитал салудың және оларды уақытылы қайта
инвестициялау тиімділігін қамтамасыздандаратын әдістер мен қағидаттар
жүйесі.
Қаржылық инвестицияларды басқару кәсіпорынның инвестициялық мақсатына
тәуелді және оның инвестициялық мақсаттарына бағытталады.
Қаржылық инвестицияларды басқару процесі келесідей басты этаптармен
асырылады:

1. Қаржылық инвестицияның өткен уақыттағы жағдайына талдау. Талдауды
жүргізудің басты мақсаты ретроспективте кәсіпорынның қаржылық
инвестицияларының тиімділігінің, нысандарының, масштабтарының
динамика тенденцияларын зерттеу.
Талдаудың бірінші кезеңінде жоспарланған кезеңге дейінгі қаржы
активтеріне капиталдың инвестициялану көлемі, бұл көлемнің өзгеру қарқынын
және кәсіпорнның жалпы инвестициялар көлеміндегі үлесін зерттейді.
Талдаудың екінші кезеңінде қаржылық инвестициялардың негізгі нысандары,
олардың қатынасы, олардың динамикасы және қаржылық инвестициялардың жалпы
көлеміндегі салмағын анықталады.
Талдаудың үшінші кезеңінде инвестициялаудың белгілі қаржы
инструменттерінің құрылымы, олардың динамикасы және қаржылық
инвестициялардың жалпы көлеміндегі салмағын анықталады.

Талдаудың төртінші кезеңінде белгілі қаржы инструменттерінің табыстылық
деңгейі және қаржылық инвестициялар толығымен бағаланады. Ол белгілі қаржы
инструменттерінен түскен әртүрлі нысандағы табыстың оларға инвестицияланған
қаражаттар сомасына қатынасымен анықталады. Қаржылық инвестициялардың
табыстылық деңгейі қаржы нарығындағы табыстылықтың орта деңгейімен және
меншік капиталдың рентабельділігінің деңгейімен салыстырылады.

Талдаудың бесінші кезеңінде инвестициялаудың белгілі қаржы
инструменттерінің және олардың портфелінің тәуекел деңгейі бағаланады.

Талдаудың алтыншы кезеңінде инвестициялаудың белгілі қаржы
инструменттерінің және олардың портфелінің өтімділік деңгейі бағаланады.

Жүргізілген талдау кәсіпорынның қаржылық инвестиция портфелінің
көлемімен мен тиімділігін бағалауға ат салысады.
2. Болашақтағы қаржылық инвестициялардың көлемін анықтау.
Кәсіпорындардағы бұл көлем институтционалды инвестор болып
табылмайды, көбінесе үлкен емес және болашақтағы нақты
инвестициялардың жүзеге асыру немесе басқа да шығындар үшін
жинақтар, бос қаржы қаражаттар көлемімен анықталады. Қарыздық
қаражаттар кәсіпорынның қаржылық инвестицияларына көбінесе
қосылмайды.
3. Қаржылық инвестицияның нысанын таңдау. Белгіленген мақсаттарға
жоспарланған қаржы қаражаттар шегінде инвестициялаудың жоғарыда
көрсетілген нысанынын анықтау керек. Бұл нысандарды таңдау
кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезіндегі шешімдер мен
мақсаттарына байланысты.
4. Белгілі қаржы инструменттерінің инвестициялық сапасын бағалау.
Бұндай бағалау әдістер инструменттердің түріне тәуелділігімен
дифференциацияланады; бағалаудың басты көрсеткіші - табыстылық,
тәуекелділік, өтімділік деңгейлері. Бағалау процесінде
инвестицияланатын қаржылық инструменттердің сапасын анықтайтын
факторлар қарастырлыады.
5. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру. Бұл қалптастыру
белгілі қаржы инструменттерінің инвестициялық сапасын есепке алумен
асырылады. Портфелді қалыптастыру процесінде келесідей факторлар
ескеріледі: қаржылық инвестициялардың типі; қаржылық инструменттер
портфелін диверсификациялау қажеттілігі; портфелдің жоғары
өтімділігн қамтамасыздандыру қажеттілігі т.б.
6. Қаржылық инвестициялар портфелін тиімді басқаруын қамтамасыз ету.
Қаржы нарығының конъюктурасының кішкене болсын өзгерісінен блгілі
қаржы инструменттерінің инвестициялық сапасы төмендейді. Қаржылық
инвестициялар портфелін тиімді басқару процесінде мақсатты
параметрлерді бастақы қалыптасқан формасында ұстау мақсатында оның
уақытылы қайта құрылымдастыруын қамтамасыз етеді.

2. Портфель құрамына кіретін қаржы инструменттерінің құнын бағалау
әдістері

Инвестицияланатын қаржы инструменттерінің тиімділігі нақты
инвестициялар сияқты анықталады, бір жағынан, инвестициялық шығындар
көлемімен салыстыру, екінші жағынан, олар бойынша қайтармалы ақша ағымының
сомасымен анықталады. Сонымен қатар, бұндай көрсеткіштердің қалыптасуы
қаржылық инвестициялау кезінде өзінің айрықша ерекшеліктеріне ие болады.
Ең бастысы, қаржылық инвестициялау кезінде қайтармалы ақша ағымының
сомасында нақты инвестицияларға қарағанда амортизациялық есептер көрсеткіші
жоқ, өйткені қаржы инструменттерінің құрамында амортизациялық активтер жоқ.
Сондықтан да инвестицияланатын қаржы инструменттерінің қайтармалы ақша
ағымынының сомасы периодты төленетін пайыздар мен дивиденттерден
қалыптасады.
Сонымен бірге, кәсіпорынның қаржы активтері тозбайтындықтан, олар
мерзім аяғында қаржы нарығнда қалыптасқан бағамен сатылады. Яғни қайиармалы
ақша ағымының сомасына қаржылық активтердің тұрақталған бағасы мен құнның
бағам айырмасы кіреді.
Инвестицияланған капиталдың пайда нормасында да айқын ерекшеліктер бар.
Егер нақты инвестиция кезінде бұл көрсеткіш салалалық шектеулерге тәуелді
күтілген операциондық пайдаға негізделсе, ал қаржылық инвестициялар бойынша
инвестор күтілген пайда нормасын қаржы инструменттерінің тәуекел дәрежесіне
қатысты өзі таңдайды. Сақ (не консервативті) инвестор тәуекелдігі төмен
қаржы инструменттерін таңдайды, ал тәуекелдә (агрессивті) инвестор,
керісінше, инвестициялық пайда нормасы жоғары қаржы инструменттерін
таңдайы.
Күтілетін инвестициялық пайда нормасын инвестор өзі белгілейтіндіктен,
онда бұл көрсеткіш инвестицияланатын қаржы инструменттеріне кететін және
күтілген инвестициялық пайда сомасын қамтамасыздандыратын инвестициялық
шығындарды қалыптастырады. Бұл инвестициялық шығындардың есептік сомасы
инвестицияланатын қаржы инструменттерінің нақты құнын айқындайды.
Егер қаржылық инструмент бойынша инвестициялық шығындардың тұрақты
сомасы оның нақты құнынан жоғары болса, онда инвестордың қаржылық
инвестциялау тиімділігі төмендейді. Ал егер керісінше болса, онда қаржылық
инвестциялау тиімділігі жоғарлайды.
Айтылған бойынша инвестицияланатын қаржы инструментінің тиімділігін
бағалау ол бойынша күтілген инвестициялық пайда нормасын
қамтамасыздандыратын, оның нақты құнына сәйкестендіріледі. Бұл модель
келесідей формуламен есептеледі:
ВДП
Сфи=(------
(1+НП)п
Мұндағы Сфи – инвестицияланатын қаржы инструментінің нақты сомасы;
ВДП - қаржы инструментін қолдану мерзіміндегі күтілген қайтармалы ақша
ағымы;
НП – ондық бөлшекпен өрнектелген қаржы инструменті бойынша күтілген
пайда нормасы
n - қайтармалы ағымдардың құрылу жиіліктер саны.
Қаржы инструменттері бойынша қайтармалы ақша ағымын құру ерекшеліктері
арқылы олардың нақты құның бағалайтын қолданылатын моделдің әртүрлі
вариациялары анықталады. Бұл бағалау моделдерінің негізгі жүйесі төменде
көрсетілген:

Бұл моделдердің мазмұнын қарыздық және меншіктік қаржы инструменттеріне
қатысты қарастырамыз, ация және облигация мысалы негізінде.
Облигациялар құнын бағалау моделі келесідей базистік көрсеткіштерге
негізделеді: 1) облигацияның номиналы; 2) облигациялар бойынша төленетін
пайыз сомасы; 3) облигациялар бойынша күтілетін жалпы инвестициялық пайда
нормасы; 4) облигацияны өтеуге дейінгі периодтар саны.

Облигация құнын бағалаудың базистік моделі немесе пайыздары периодты
түрде төленетін облигациялар төмендегідей анықталады:
По Но
СОб= ( --------- + --------
(1+НП)п (1+НП)т
Мұндағы СОб – пайыздары периодты түрде төленетін облигацияның нақты
құны;
По - әр период сайын төленетін пайыз сомасы;
Но – облигация номиналы;
НП – ондық бөлшекпен өрнектелген облигация бойынша күтілген жалпы
инвестициялық пайда нормасы;
n – облигацияны өтеу мерземіне дейінгі периодтар саны.
Облигация құнын бағалаудың базистік моделінің экономикалық мәні
облигацияның ағымдағы нақты құны оның айналымынан қалған периодтар бойынша
түсетін барлық пайыздар сомасы мен номинал қосындысына теңдігінде жатыр.
Мысалы. Қаржы нарығында кәсіпорындардың бірі 90 ш.б. бағамен
облигацияны сатады. Ол 3 жыл мерзіміне шығарылған, өтелуіне дейін 2 жыл
қалды. Шығару кезіндегі номиналы 100 ш.б. болған. Облигация бойынша
пайыздық төлемдер жылына бір рет номиналға қатысты 30%-пен төленіп отырады.
Берілген облигацияның тәуекел дәрежесін ескере отырып, оның күтілетін
инвестициялық пайда нормасы 35% делік. Берілген көрсеткіштерді формулаға
қойып, нақты нарықтық құнды табамыз:
30 30 100
СОб=( -------+------- + ------- =(22,2+16,5)+54,9=93,6 ш.б.
(1+0,35) (1+0,35)2 (1+0,35)2

Облигацияның ағымдағы нарықтық құны мен оның сату бағасын
сәйкестендірсек, күтілетін инвестициялық пайда нормасынан басқа қосымша
табыс алуға болады, яғни ол 3,6 ш.б. (93,6-90) нарықтық құнның төмендеуімен
байланысты.
Пайыз сомасы өтелу кезінде төленетін облигацияның құнын бағалау моделі
келесідей формуламен есептеледі:

Но+Пк
СОп=-----------
(1+НП)п

Мұндағы СОп – пайыз сомалары өтелу кезінде төленетін облигацияның нақты
құны;
Но – облигация номиналы;
Пк – облигация бойынша пайыз сомасы;
НП – күтілетін жалпы инвестициялық пайда нормасы;
n – облигацияны өтеу мерземіне дейінгі периодтар саны.

Бұл моделдің экономикалық мәні - пайыз сомалары өтелу кезінде төленетін
облигацияның ағымдағы нақты құны номиналдың жиынтық төлемдері мен ол
бойынша пайыз сомасының қосындысын күтілетін жалпы инвестициялық пайда
нормасына бөлгенге тең.

Пайыз төленбейтін дисконтпен сатылатын облигация құнын бағалау моделі
төмендегідей өрнектеледі:

Но
СОд=----------
(1+НП)п
Бұл моделдің экономикалық мәні келесіде: пайыз төленбейтін дисконтпен
сатылатын облигация құны өзімен дисконттық ставкамен келтірілген нағыз
құнына тең номиналды күтілетін жалпы инвестициялық пайда нормасына бөлгенге
тең.
Егер облигацияның нақты құн көрсеткішін қор нарығындағы сату бағасына
ауыстырсақ, берілген моделдердің формулаларын трансформациялау нәтижесінде
облигацияның әрбір түріне күтілетін жалпы инвестициялық пайда нормасын
табуға болады.
Облигациялар бойынша ағымдағы жалпы инвестициялық пайда нормасын
бағалау үшін оның ағымдағы табыстылық коэффиценті қолданылады, ал ол
төмендегідей есептелінеді:
НохСП
Ктдо=-------------

СО

Мұнда Ктдо – облигацияның ағымдағы табыстылық коэффиценті;
Но – облигация номиналы;
СП – ондық бөлшекпен өрнектелген жарияланған пайыз ставкасы;
СО – облигацияның ағымдағы нақты құны.

Акциялардың құнын бағалау моделдері келесідей көрсеткіштер арқылы
шығарылады: 1) акция түрі – артықшылықты, жай; 2) белгілі бір периодта
алынатын дивиденттер сомасы; 3) акцияның сатылатын периодындағы күтілетін
акция құнының бағамы; 4) акция бойынша күтілетін жалпы инвестициялық пайда
нормасы; 5) акцияны қолдану периодының саны.
Артықшылықты акция құнын бағалау моделі бұл акция иемденушілеріне
тұрақты дивиденттерді белгіленген уақытта төлеуіне негізделген. Ол
келесідей өрнектеледі:
Дп
САп= ----

НП

Мұндағы САп – артықшылықты акциялардың нақты құны;
Дп – артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивиденттер сомасы;
НП – ондық бөлшекпен өрнектелген артықшылықты акция бойынша күтілетін
жалпы инвестициялық пайда нормасы.
Бұл моделдің экономикалық мәні артықшылықты акцияның ағымдағы нақты
құны осы акция бойынша дивиденттер сомасын күтілетін жалпы инвестициялық
пайда нормасының бөлгенге тең.
Мысал: артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденд жылына 20 ш.б.,
күтілетін жалпы инвестициялық пайда нормасы 10%. Табу керек артықшылықты
акцияның ағымдағы құнын.

20
САп= ----=200 ш.б.

0,1

Қолдану мерзімі белгісіз жай акция құнын бағалау моделі төмендегідей:
( Да
САн=( ----------
t=1
(1+НП)п
Мысал: инвестор ұзақ мерзім уақытында қолданылатын акцияны сатып алды.
Ол алғашқы 5 жылға дивиденттер жоспарын жасады, ол бойынша 1-ші жыл
дивиденттер сомасы 100 ш.б., ал қалған жылдары 20 ш.б. өсіп лтырады.
Берілген тип акциясы бойынша ағымдағы табыстылық нормасы жылына 15%.
Акцияның ағымдағы құнын табу керек. Формулаға қажетті көрсеткіштерді
қоямыз:
100 120 140 160 180
САн = ----+-----+-----+-----+-----=87,0+9 0,9+92,1+91,4+89,6=451,0 ш.б.
1,15 1,32 1,52 1,75 2,01
біздің мысалымыз абстрактты түрде қарастырылған, өйткені ешбір инвестор
өзінің қаржылық активтерін осыншама ұзақ мерзімде ұстамайды және де біздің
экономикалық жағдайымызға байланысты дивиденттерді алудың ұзақ мерзімді
жоспарын жасау мүмкін емес. Сондықтан да бізге жақын жағдайды қарастырайық,
яғни ақша ағымы тек дивиденттерден ғана емес, сонымен бірге акцияның сатылу
кезіндегі өскен құнын аламыз.
Белгіленген уақыт мерзімінде қолданылатын жай акция моделінің
формуласы:

Да КСа
САн= ( ---------- + -------
t=1 (1+НП)п (1+НП)т

Мұндағы КСа – акцияның сатылу кезіндегі акция құнының күтілетін бағамы.
Бұл моделдің экономикалық мәні облигация құнын бағалаудың базистік
моделіне ұқсас, айырмашылығы тек акция көрсеткіштері қарастырылғандығында.
Белгісіз уақыт мерзімінде қолданылатын акцияның құнын бағалаудың
моделдерінің бірнеше есептеу жолдары бар:
Дивиденттер көлемі тұрақты жай акциялардың құнын бағалау моделі
төмендегідей:

Дп
САп= ----

НП

Дивиденттер көлемі өспелі жай акциялардың құнын бағалау моделі немесе
“Гордон моделі” келесідей өрнектеледі:
Дах(1-Тд)
САп= ------------
НП-Тд
Мұндағы Тд – дивиденттердің өсу қарқыны.
Дивиденттер көлемі толқымалы жай акциялардың құнын бағалау моделінің
формуласы:
Д1 Д2
Дп
САи= -------- + -------- +...+ ----------
1+НП 1+НП 1+НП
Қаржы инструментінің ағымдағы нарықтық бағасының котировкасы не
күтілген жалпы инвестициялық пайда нормасына қатысты нақты құнын бағалау
қаржылық инвестицияларды салу не салмауының басқарушылық шешімін
қабылдаудың басты критерииі. Бұндай шешімдерді қабылдау кезінде басқа да
факторлар қарастырылады: бағалы қағаздарды эмиссиялау шарттары, эмитенттің
салалық және аймақтық типі, қаржылық инвестициялар салынатын
инструменттердің қаржы нарығындағы айналым белсенділігінің дәрежесі және
басқалар.

3. Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру

Қазіргі уақыттағы қаржылық инвестициялау “инвестициялық портфелді”
құрумен тығыз байланысты. Бұл келесімен түсіндіріледі: көпетеген
инвесторлар қаржылық инвестицияларын тек бір ғана қаржы инструментіне
салмайды, ол бірнеше инструменттердің жиынтығын құрайды. Осындай жиынтықты
қалыптастыру процесі инвестициялық портфелді құруға септігін тигізеді.
Инвестициялық портфель дегеніміз – инвестициялық саясатқа сәйкес
қаржылық инвестицияларды жүзеге асыру мақсатына бағытталған қаржы
инструменттерінің қалптастырылған жиынтығы. Қаржылық инвестициялауды
жүргізіп жатқан кәсіпорындардың объктісі бағалы қағаздар болғандықтан,
“инвестициялық портфелді” “қор портфелі” ұғымымен сәйкестендіреді.
Инвестициялық портфель қалыптастырудың басты мақсаты – кәсіпорынның
қаржылық инвестиция саясатын табысты және қауісіз қаржы инструменттерін
таңдау арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Басты мақсат қалыптасқаннан
кейін құрылымдық мақсаттар анықталады, олардың негізгілері:
1) ағымдағы уақытта инвестициялық табыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз
ету;
2) ұзақ мерзімді песпективада инвестицияланған капиталдың жоғарғы өсу
қарқынын қамтамасыз ету;
3) қаржылық инвестициялаумен байланысты инвестициялық тәуекелдер
деңгейін минимизациялауды қамтамасыз ету;
4) инвестициялық портфелді қажетті өтімділікпен қамтамасыз ету;
5) қаржылық инвестициялау кезінде “салықтық қорғаныс” эффектісін
максималдылығын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
Қаржылық инвестициялық портфельді қалыптастыру және бағалау
Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері
Қаржылық инвестициялар және ақшалар
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық инвестициялар және ақшалар жайлы
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру тетігі
Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь