Жас ерекшелік психологиясы туралы


Ι бөлім
Кіріспе
Жас ерекшелік психологиясының пәні мен әдістері
- Жас ерекшілік психологиясының анықтамасы
Жас ерекшілік психологиясы өзі бір дербес пән. Ол психология ғылымының әр түрлі саласына жатады және оның дербес бір бұтағы болып табылады.
Жас ерекшілік психологиясын қарастырсақ, бұл ілім адамның әр түрлі жас кезеңіндегі психикасының даму ерекшелігін зерттеп қарастырады. бөбектер мен өспірімдердің есею процесін зеттеп қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зеттейді.
Оның зерттейтін обьектісі біреу - ақ : ол - бала.
Жас ерекшілік психологиясының қарастыратыны:
Бала психологиясы - туғаннан 18 жасқа дейін. Үлкендер психологиясы - студент т. б. гереонтология, яғни қарттарды зерттейтін ілім жатады.
Осылардың ішінен тек бала психологиясына тоқталсық. Балалармен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймай, өзге ғылымдар да ( педагогика, анатомия мен физиалогия) айналысады. Психология болса баланың ақылының қалай есейетінін, анатомия бала дене құрылысының әр жасқа қарай нығаюуын, физиалргия сол дене органдарының атқаратын қызметын, әр жаста өзгерістерге ұшырауымен айналысады.
Бала психологиясы тек мактепке дейінгі балармен айналысып қана қоймай, мекткпте оқитындардың ұғымталдығы мен ой - өрісінің интеллектісінің қалыптасуымен де айналысыды. Осыған орай «есею» деген ұғымды айта кетеу керек. Есею - заманның талабына сай түрліше болады. Октябрь революциясына дейінгі дәуірде оған қойатын талап басқаша, ал қазіргі мүлдем ерекше. Есею дегеніміз өткен кездеде және қазіргі кездеде баланың ақылының кіріп, жақсы не жамандықты, әділеттілікті не әділетсіздікті ажырата алуы.
2. Жас ерекшілік психологиясының қалыптасу тарихы
ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәннің қол астында болып келді. Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір бөлігіне (немесе бір бұтағына) айналады. Бұған түрткі болған себептер: Ч. Дарвин (1809 - 1882) негізін құрған жануарлар дүнйесіндегі сұрыпталыну заңдылығы. Осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г. Гельмгольц), нерв системасының жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И. П. Сеченов) . мұнымен қатар жас ерекшелік психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына, біріншіден, әсер еткен балаға туғандардың күнделіктер жазіп, оған талдау беруі. Екіншіден, балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдану әсер етті.
Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез - құлқын зерттеумен айналысып қойиай, өзіне қажет деген мағлуматтар бөбектерде кездесеме және жануарлар балапаны мен баланың арасында ұқсастық барма деген мәселе көтерді, осыған орай ол өз басына күнделік жазді.
ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу кеңінен тарады. Мысалы, сол кездерде немістің атақты психологы В. Штерн әйелімен бірге өз баласына ұзақ жыл күнделік толтырып, сол күнделіктің мазмұнының бір қатары басылып шығып, кейін дүние жүзі тілдерінің көбіне аударылған. Сол жас психолог Ж. Пиаже бір неше жыл баласына күнделік жазіп, өз зерттеулерінде күнделікті фактіге сүйенеді. Ал осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар (ерлі - зайыптылар) өз баласымен қатар шимпанзе маймылының күшігін асырап, бірге жатқызып, бірге тамақтандырып, ойындардың әр түрлеріне үйреткен болатын. Рәсияда Н. Н. Ладыгина - Котц Иони шимпанзенің күшігін өз баласымен төрт жыл бағып, күнделік толтырап, кейін осыған негізделген «Адамның және шимпанзенің балалары» деген кітап жазды.
Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты маймылдың қолда адам қатарына айналуға болатын, болмайтынын анықтау болсада, зерттеудың бұл түрі баланың психикасы жануарлардың күшігінен өзгеше екендігін анықтау еді. Күнделік арқылы табылған фактілердің арқасында бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соның нәтижесінде бала психологиясының өзінше отау тігіп қалыптасуына ықпал тигізді.
Мұнымен қатар ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясын зерттеуде эксперимент кеңінен қолданылып, сол саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті. Бала психологиясын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А. Бинэ, В. Штерн, Ж. Пиаже болатын.
3. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері
Психологияның осы саласының аздық - көптік өзінің ерекшелігі бар:
- салыстыру жолы - әр жастағы баланың психикасын мысалы, 7, 11, 15, 18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлуматтарды статистика амалын қолдана отырып салыстырады. салыстыру жолының бұл түрін «кесінді» тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп - қашып зерттейді. жас ерекшелік психологиясындағы мағлуматтардың басым қөпшілігі осындай әдістарді қолданып табылған.
- Генетикалық жол - осы жолды қолданғанда баланың бір қасиетін аладыда, соны уақыт(бір жыл, үш жыл немесе оданда көп жылдар) зерттейді. Осыны кейде лонгитюд тәсілі деп атайды. бұл жол сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы ұзақ жылдың ішінде(10, 20, 30жыл) үздіксіз зерттеу қиын. Бұл тәсілді қолдану үшін үлкен даярлық керек.
4. Бала жасын кезеңдерге топтастыру.
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жоспары: біріншіден нақты өмірден алынған. Екіншіден психология ғылымы тұрғысыдан дәлелденген болатын.
Жасты кезеңдерге бөлуі жайлы өмір тұрғысынан Г. Гегел мен Л. Н. Толстой жазды.
Жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келеді. Бұл психикалық қасиет сол жас кезеңіне тән ақыл - ой жағынан белгілі бір дәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге бөлген.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандый ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келеді.
Ал біздің қазақ елінде қыздарды 13 - 14 жаста тұрмысқа шығарған, ер балаларды 15 - 16 жасында үйлендірген. қазіргі кезде басқаша 18 - 20 жасқа дейін балалық кезең деп есептеледі.
5. бұрынғы қазақ елінде балардың жасын кезеңдерге бөлу тарихы
Қазақ елеіндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларын қай жаста қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюуіне орай жасты неше түрлі кезеңге бөлген.
- Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жасы кезеңі. Бұл кезең мынадай екіге бөлінеді: а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін), б) еңбектеу жасына(7 айдан 12 айға дейін ) деп бөлінеді.
- 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастайды.
- 3-тен 7 жасқа дейін - сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысады.
- 8-ден 11 жасқа дейін - періште жасы. Психикалық және физиологиялық дамуы жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан(1 - 1, 5) жыл алда келетінін елде мәдениет тарамай тұрғанда жақсы білетін.
- 12 жастан 15 жасқа дейін - боз бала, қыз бала кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздың недәуір есейіп қалған кезеңі.
- 15 жастан бастап - үлкендер жасы. Бұл жаста ұлдарды үйлендіріп, қыздарды ұзатады.
Осы мағлуматтар баланың өз жасынан хронологиялық жасынан басқа әлеуметтік жасының кездесетіне дәлел бола алады.
Жасты ғылыми тұрғысынан тиісті кезеңге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюуіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаларға қойатын талабы мен баланың өз беттілік ұмтылуының арасындағы дағадарыс.
Психологиялақ тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас өспірімдер жасын мынадай кезеңдерге бөледі:
- Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы.
- 1- ден 3 жасқа дейін - алғашқы балалық, яғни бөбек кезі.
- 3-ден 7 жасқа дейін - мектепке дейінгі жас.
- 7-ден 11 жасқа дейін - бастауыш мектеп жасы.
- 11-ден 16 жасқа дейін - орта мактеп жасы.
- 16-дын 18 жасқа дейін - жоғары мектеп жасы.
ΙΙ бөлім
Мектепке дейінгі жас
- Баланың ана құрсағындығы нерф жүйесінің дамуы және биогетикалық заңдылық.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан қалыптасып қалады. Ең алдымен нерф жүйесінің төменгі алаптары(ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң ми сыңарлары қалыптаса бастайды. Мидың төменгі алаптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алаптардың шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен. Ана құрсағындағы бала миы биогенетикалық дамуда ата - тегінің алғашқы кездегі нерф жүйесінің дамуын қайталайды.
Бұдан соң бала нерф системасы буындарының алдыңғысы қалғандарынан озып, тез дамидыда, сүйтіп бас ми сыңарларының негізін құрайды. Ана құрсағындағы бала миының дамуы омыртқалы жануарлардың орталық нерф системасы дамуын қайталайды.
Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э. Геккель болатын. Бұл ғалым осы заңдылықтың жалпы бағытын шынымен бір түрге жататын жануарлар филогенездегі ата - тегінің дамуын қайталайтынын ашып береді. Осы заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың нерф системасының қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А. Н. Северцов болатын.
Баланың бас миы ана құрсағында недәуір дасып қалсада, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысыды, бас ми қабығы және оның 6 қабаты туғанда лаяр болмай, кейін қалыптасады. Физологиялық жағдайынан алып қарағанда, баланың бас миы сартсыз рефлекстер тудырып тиісті тітіркендіруге жауап береуге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстермен туады. Шартсыз рефлекстердің ішінен, әсіресе ему рефлексі күшті дамыған.
Бұл кезде бала психикасының кездесетіні сөзсіз. Оған шартсыз рефлекстердің бар екені дәлел. Ескерте кететін масіле, ана құрсағындығы орта біздің күн көретін ортамызбен мүлдем ұқсас емес. Метафорамен айтқанда, бұл екі ортаны әр түрлі планеталардың өзгешелігімен ұқсастыруға болар еді. Себебі бала тамақтада, ауаныда шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердың реттеуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге дайындықтың бір түрі.
2. Нәрестенің психикалық дамуы
Бір ортаның жағдайынан екінші ортаның жағдайына алмасу тек үлкендер үшін ғана емес, балалар үшін де ауыр келеді. Бала туғанда оның санасы жоқ болғанымен, жаңа жағдайға шыдый алмай қиналып дағдарысқа ұшырайды. Бұл дағдарыс жаңа жағдай мен бұрынғы ана құрсағындағы жағдайының келіспеушілігімен, яғни қайшылықтың негізінде болып отыр, зерттеушілердің айтуынша, дағдарыс баланы қатты қинағанымен, жаңа жағдайға бейімдеп, сүйтіп мінез - құлықтың және психикасының оның әрі өріс алуына мүмкіндік
3. Бөбектің психологиялық дамуы
Бөбектің психикалық дамуына көшейік. Егер нәрестенің психологиялық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы eкi жылдың ішіңде психикалық даму ірі өзгерістерге үшырайды. Бөбек жасының аяң кезінде /3 жастағы кезі/ бала ақыл - ойның дамуы жағынан недауір жетістікке жетіп қалады, Психолог Белеренc Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады; "Сіздер жаңа туған баланы бақылаған да. оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қабілетi қандай eкен, соны біліңіз, Осыдан соң бөбекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз", - дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің. психикалық дамуының тең ортасы - үш жac деуі еді. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологи Д. Торындайын қосылыпты. Біз осыдан псяхикалық даму қанша уақыт өмір сүргеніне байланысты емес екенін осының себебі психика дамуының шапшаңдьғы әр жаста түрліше келетінін көреміз.
Ал осындай ірі жетістікке бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Талдауды осыған жауап іздестіруден басталық. Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі /I жасқа толғанда/ баланың түрегеліп жүруі, Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға "тұсау кесу" дейтін ырьмынан да белгілі, Әуелгі кезде нәресте табанын жерге басып бірден жүріп кетуге қиналады. Киналудың өзі тек дағдының жоқтығынан емес, "құлап кетем бе деп" қорқудан да кездеседі. Дегенмен, әуелі үлкендердің көмегімен, кейін баланың өзі өздігінен жүpe бастайды. Біраздан соң өз аяғымен ауру автоматты түрде іске асатын болады. Ал осының өзі баланы үлкен жетістікке апарады: бала әр жерге не нәрсеге өзі келіп оның қасиеттерімен танысады, бұрын аңғармағанын біле бастайды. Бұрын өздігімен жүре алмайтын кезде кеңістіктегі заттардың өзара қаншалықты қашық ененін білмесе, енді оның өзі жүрудің арқасында осыған төселіп заттардың кеңістіктегі көлемін бір тұрақты мөлшерде /константтықта/ ажырататын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz