Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1.1. Ұлттық қордың атқаратын қызметі, қалыптасу көздері
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп туралы ақпарат
2. Қазақстанның Инвестициялық қоры
2.1. Қордың мақсаты және негізгі міндеттері
2.1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық.инновациялық дамуының
2003.2015 жылдарға арналған стратегиясынан ережесі
2.3. Ішкі капиталды іске қосу тетігі
3. Қазақстанның Инновациялық қоры
3.1. Инновациялық қордың міндеттері
4. Тұрақты даму қоры
5. Қазақстан халқаның әл.ауқатын арттыру . мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазаұстан халқына ЖОЛДАУЫ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Жалпы Қазақстанның нарығы үшін қорлардың болуы өте маңызды.
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады.
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны – жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталының мөлшері - 37,8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған.
Инновациялық қордың міндеттері:
• отандық және шетелдің инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктерін және инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
• коммерциялық тиімділік көзқарас бойынша әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді (ҒЗТКӘ) қаржыландыру;
• инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз үлестік қатысу жолымен инновацияны енгізуді қаржыландыру;
• инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құруға қатысу (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар)
• “инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға алу және өсіру”, оларды коммерцияландыру мен енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Тұрақты даму қоры қызметінің басты бағыттары:
• өнеркәсіптердің бәсекелік қабілеттерін арттыру мен кластерлік жобаларды іске асыруға атсалысу;
• қосымша құны мен стратегиялық инфрақұрылымының жоғары үлесімен экспортты-болжалдық өндірісті қолдау;
• аймақтық тұтыну және жаһандық экономика есебімен мақсаттық «ойықты» анықтау мен «олқы» жобаларды іске асыру;
• инновация мен технология трансфертін қолдау;
• қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа енуі мен мемлекетаралық интеграциялық ынтасын іске асыруды жақсарту;
• инвестиция мен трансұлттық капиталды тарту;
• жеке сектормен серіктестікті нығайту, шағын кәсіпкерлікті дамыту.

1. Қ.Қ. Ілиясов пен С. Құлпыбаев «Қаржы» 2005 жылғы
2. Қ. И. Оспанов «Құқық негіздері» 2006 жылғы
3. «Бюджеттік бағдарлама» 2002 жылғы

Ж о с п а р
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1.1. Ұлттық қордың атқаратын қызметі, қалыптасу көздері
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы
туралы 2005 жылғы есеп туралы ақпарат
2. Қазақстанның Инвестициялық қоры
2.1. Қордың мақсаты және негізгі міндеттері
2.1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясынан ережесі
2.3. Ішкі капиталды іске қосу тетігі
3. Қазақстанның Инновациялық қоры
3.1. Инновациялық қордың міндеттері
4. Тұрақты даму қоры
5. Қазақстан халқаның әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазаұстан халқына ЖОЛДАУЫ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы Қазақстанның нарығы үшін қорлардың болуы өте маңызды.
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады.
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік
даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11
маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны – жарғылық капиталына
мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық
капиталының мөлшері - 37,8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ
доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған.
Инновациялық қордың міндеттері:
• отандық және шетелдің инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру,
инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктерін және
инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
• коммерциялық тиімділік көзқарас бойынша әлеуетті перспективалық болып
табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді
құруға бағытталған қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық әзірлемелерді (ҒЗТКӘ) қаржыландыру;
• инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз
үлестік қатысу жолымен инновацияны енгізуді қаржыландыру;
• инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құруға қатысу
(технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар)
• “инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға алу және өсіру”,
оларды коммерцияландыру мен енгізу саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты дамыту
Тұрақты даму қоры қызметінің басты бағыттары:
• өнеркәсіптердің бәсекелік қабілеттерін арттыру мен кластерлік
жобаларды іске асыруға атсалысу;
• қосымша құны мен стратегиялық инфрақұрылымының жоғары үлесімен
экспортты-болжалдық өндірісті қолдау;
• аймақтық тұтыну және жаһандық экономика есебімен мақсаттық ойықты
анықтау мен олқы жобаларды іске асыру;
• инновация мен технология трансфертін қолдау;
• қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа енуі мен мемлекетаралық
интеграциялық ынтасын іске асыруды жақсарту;
• инвестиция мен трансұлттық капиталды тарту;
• жеке сектормен серіктестікті нығайту, шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Қор) таза
активтері 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 078 922 247 мың
теңгені, оның ішінде 2005 жылы Қорға түскен түсімдер – 413 713 744 мың
теңгені құрады. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен
түсімдердің елеулі үлесі республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін іс жүзіндегі түсімдердің олардың жылдық көлемінен – 343 635 415 мың
теңгеге асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін
ресми трансферттердің есебінен қалыптастырылды. Сонымен бірге, 2005 жылы
Қордың шотына шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн
жоспарланған түсiмдер сомасының он проценті мөлшерiнде есептелетiн – 13 657
725 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің,
республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін түсiмдердің есебiнен
айқындалатын – 9 793 000 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн
сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын – 2 172 136 мың теңге
жергілікті бюджеттiң ресми трансферттері түрінде түскен өзге де түсімдер
есепке алынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі түсетін теңгені мерзім
сайын АҚШ долларына айырбастауды жүргізіп отырды, ол содан кейін шетел
валютасында Қордың шотына есепке алынды. Қорды басқаруға байланысты Қордың
шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 724 981 мың теңгеге шығыстар
жүргізілді. Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары
бойынша 2005 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс
44 455 468 мың теңгені құрады. Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес
бір жылға аудиторлық тексеру де жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық
қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік
бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің
тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын
қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз
сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп,
Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы
функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы
функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының
қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал
көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын
конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта
мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі
және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-
экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі
мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен
есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық
банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың
негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен
анықталады. Қазақсстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес
жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір
үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік
тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық
және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар
өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға
сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп
шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік
бағалардың серпінін сақтампаздық болжалды негіздей отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған
шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының
үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге
міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі
түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының,
қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың,
бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу
жолымен қалыптасады.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады.
1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып
түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін
ресми трансферттер;
2) республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін
түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен
берілетін ресми трансфеттер;
3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он
пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін
ресми трансфеттер;
4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен
түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми
трансферттері;
5) қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиім салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер.
Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын
заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы
ұйымдарының тізбесін Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:
Корпорациялық табыс салығы;
Қосылған құнға салынатын салық;
Үстеме пайдаға салынатын салық;
Бонустар;
Роялти;
Жасасқан келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу
жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының
тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле
отырып жасалады.
Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді,
республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының
Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті тақару жөніндегі орталық уәкілетті
ортган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына аударады.
Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ
республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер
маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған жергілікті бюджет туралы шешіммен
бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми
трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны маслихатта
нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық
кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктерге орналасуынан құрылады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойныша шикізат секторы
ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері
арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет
шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер
бойынша толық атқарылмаған жалпы срмасынан аспауға тиіс.
Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып
түскен жағдайда өтемжүзеге асырылмайды;
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы
трансфеттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты
шығыстарды жабуға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
3) Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді
перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4) инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат
етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржы активтерін және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұснысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп
Үкімет айқындайды.
Ұлттық қоры жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен Республикалық бюджеттің
шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімен қаржы жылының қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті
нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық
бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің
өкілеттігі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
Кеңестік құрамын құрады;
2) Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке
орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
4) Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған
бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына
өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны
пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды
басқарумен байланысты қызмет бойнша қаржылық есептеменің
графигін жасап, бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы
есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану
жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін
қамтамасыз етеді;
6) Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған
сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді қоса дербес
инвестициялау;
2) Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп,
бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті
ұсыну;
4) Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған
өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық
банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының
орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның
өкілеттігінен Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде
шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару
мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы
бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру
жөнінде ұсыныстар талдап - жасайтын консультатциялық – кеңесші орган болып
табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша
Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің
мәжілістері Президентін немесе оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің
бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес
шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады және
заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан республикасы Президентінің
актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан
Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент
мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің
төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестік жұмыс органы Қазақстан республикасы Президентінің Әкімшілігі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестік
функциялары:
1) ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру
жөнінде ұсыныстар талдап жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды
қарау және талдап –жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат
етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап
-жасау болып табылады.
Қазақстан Респубубликасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру
туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен
бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе
отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке
бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды
кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегші қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін
қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе
аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит
жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына
жарияланады.
Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза
активтерінің өсімі 2002 жылғы 57,5 % -ның орнына өткен жылы 76,6% құрды.
Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662.7
миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат
секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге
тиеді. Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында
қалыптасып отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметін барлық жылдар ішінде
4,23%-ға бағаланады.
2003 жылғы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы
222,8 млн доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге
тұрақтандырушы портфельдің пайдалылығы 1,87% тең болды, ал қордың негізі
бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының
тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы
көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның
мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық
бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін
жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты
түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады.
Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл
оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін,
сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты
көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін
болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар
едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан
бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті
жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады,
оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор
кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор
кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-
геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын
теңестіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы
туралы 2005 жылғы есеп туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен
2006 жылғы 29 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңестің отырысы болды, онда 2005 жылғы Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н.А. Коржованың және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Ә.Г. Сәйеденовтің баяндамалары
тыңдалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 173 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп бекітілді. Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Қор) таза активтері 2005 жылғы
31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 078 922 247 мың теңгені, оның ішінде
2005 жылы Қорға түскен түсімдер – 413 713 744 мың теңгені құрады. 2005
жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен түсімдердің елеулі
үлесі республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін іс
жүзіндегі түсімдердің олардың жылдық көлемінен – 343 635 415 мың теңгеге
асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттердің есебінен қалыптастырылды. Сонымен бірге, 2005 жылы

жоспарланған түсiмдер сомасының он проценті мөлшерiнде есептелетiн – 13
657 725 мың теңге республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттердің, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу
салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін
түсiмдердің есебiнен айқындалатын – 9 793 000 мың теңге республикалық
бюджеттен берілетін ресми трансферттер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен
айқындалатын – 2 172 136 мың теңге жергілікті бюджеттiң ресми
трансферттері түрінде түскен өзге де түсімдер есепке алынды. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі түсетін теңгені мерзім сайын АҚШ долларына
айырбастауды жүргізіп отырды, ол содан кейін шетел валютасында Қордың
шотына есепке алынды. Қорды басқаруға байланысты Қордың шотынан есепті
кезеңде жалпы сомасы 724 981 мың теңгеге шығыстар жүргізілді. Ұлттық
қордың активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2005 жылы
алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 44 455 468 мың
теңгені құрады. Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бір жылға
аудиторлық тексеру де жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару
жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгерімі (мың теңге)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгерімі
2005 жыл
2004 жыл
Активтер:
ақша және оның баламалары
29 180 345
24 927 708
туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн
бойынша ескерілетін қаржы құралдары
1 052 050 955
654 915 582
туынды қаржы құралдары
2 164 939
1 810 557
дебиторлық берешек
336 949
111 505
Активтер, барлығы
1 083 733 18 8
681 765 352
Міндеттемелер:
туынды қаржы құралдары
кредиторлық берешек және есептелген шығыстар
1 421 811
3 389 130
6 098 200
9 126 228
Міндеттемелер, барлығы
4 810 941
15 224 428
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер
1 078 922 247
666 540 924
Таза активтер
1 078 922 247
666 540 924
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік

Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет
елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз
қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы
бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың
капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн
инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен
байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы
жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және
басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы
рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты
ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке
инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi
талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн
жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар
өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi
өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау
технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс.
Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың
коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе
импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат
секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат жетiспеген
жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетiн
алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады. Сонымен қатар
мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде
нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер
құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету
мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi
тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және
капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын
ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк
мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында
да жүзеге асырылатын болады.
Қордың мақсаты және негізгі міндеттері:
Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге
қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына
жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету.
Мақсаттары:
• шикізат пен материалдарды түпкілікті өңдеуден өткізетін, жаңа
технологияларды қолданып бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, сондай-
ақ келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өзінің
қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс
істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияны жүзеге
асыру;
• инвестициялық жобаларды Қазақстанның Инвестициялық қорының қосымша
қаржыландыруы арқылы экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке
инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталына
инвестицияны жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
• қосымша, аралас өндірістерді дамытып, отандық және шетелдік ұйымдар
арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан
Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп
қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың инвестициялық
белсенділіктерінің шетелдерде көтерілуіне ықпал ету.
Қор қызметінің тұжырымдамалық ережелері:
Қор акциялардың 49 пайызға дейінгі бөлігін сатып алуымен, жобалардың
тікелей инвесторы болады.
Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында Біз жобаның
орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның
техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және
технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан
астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе
инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды
неғұрлым тиімді болады санаймыз.
Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық
капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында
қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде
листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер,
лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие
агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.
Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып,
жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор
қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік
мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті
үйлестіреді.
Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге
жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа
акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.
Бағыттардың басымдықтары
Қазақстанда және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту
беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді
құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап
айтқанда:
1. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді- және
мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде
агроөнеркәсіптік кешен);
2. Құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс
материалдарының әрлеу мен қаптауына дейінгі өндірісіне шейін);
3. Әйнек өнеркәсібі;
4. Химия және мұнай химия өнеркәсібі;
5. Металлургия;
6. Машина жасау;
7. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
8. Балық өнеркәсібі;
9. Инфрақұрылым (энергетика және көлік).
10. Қазіргі уақытта Қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және
экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын
толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды
кезеңмен қаржыландыруға ауыстырылды.
Қордың құрылуы
Қазақстанның Инвестициялық қоры акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы (ҚР
Үкіметінің 11.06.03 ж. N 566; 28.10.04 ж. N 1119; 15.11.04 ж. N 1201
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13
мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және
сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. N 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1.
Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген
100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры"
акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын.
2. Мыналар:
1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі
заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi
табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы
кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-
ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды
жүзеге асыру;
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында
корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор
рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы
есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны
қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк
инвестицияларды жүзеге асыру;
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн
арттыруға жәрдемдесу;
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық
портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор
қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 566 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген
тәртiппен:
1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет
органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш
миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы
төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80
орналасқан ғимаратты беруді;
3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор
акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын
берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. қара)
2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және
ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен
үлестерi республикалық акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық
серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-85-жолмен
толықтырылсын:
"123-85. "Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен
мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық
министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық
меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың
мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай
мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-5-жолмен толықтырылсын:
"217-5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" AҚ".
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Салалардың даму ерекшеліктері
Салалық ерекшеліктердің салдарынан ҚИҚ қайта өңдеу өнеркәсібі мен
өндірістік инфрақұрылымының әрқилы салаларының жобаларын талдауға саралап
келуді ұстанады.
Қайта өңдеу салаларының спецификасы, негізінен мыналармен анықталады:
Өндірістің масштабы мен тәртібін, негізгі материалдардың көздеріне
беріктігін, логистикасын, персонал дайындығын беретін, технологиялық
деңгейімен;
Туындаған экономикалық жағдайларымен - жеке меншіктік шоғырлануымен,
бәсекелестігімен, баға белгілеуімен, өткізуімен, пайдалылығы және
қаржыландыруымен;
Стратегиялық және қоржындық инвесторлардың болжалын қалыптастыратын,
ғаламдық және аймақтық нарықтың ұзақ мерзімді тенденцияларымен, сондай-ақ
тиісті қаржылық құралдарды іріктеу бойынша талаптарымен.
Инвестициялық жобалары бойынша ұсыныстар бастамашылар ҚИҚ-қа ұсынған
кезде, салааралық ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынады. Осыған
қосымша ҚИҚ-ң мамандары статистикалық материалдарды, публикацияларды және
сарапшылардың ойларын пайдалануымен, нарықты талдау мен технология бойынша
дербес жұмыс жүргізеді. Сіз біздің сайттан салалық талдау нәтижелерінің
қысқаша нұсқасын таба аласыз.
Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібінің толық емес салалық
құрылымымен салыстырғанда, қазіргі заманғы бәсекелестік жағдайында
түзетулерді талап етпейді, өндірістік инфрақұрылымның кемшіліктері
идентификацияға тез ерік береді, бұл аймақтық тарифтердің айырмашылық
түрлеріне тікелей әсер етеді (мысалға, электр энергиясына және көлік
қызметіне). Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетілуі тарту масштабымен және
өтелімділік жағдайы бойынша қаржыландырудың аса қиын міндеттерін шешуімен
тоқайласады. Сондай-ақ, аймақаралық инфрақұрылымдық жобаларда қолданыстағы
заңнамаға сәйкес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz