Жаңа педагогикалық технологиялар. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту


Мазмұны
Кірісіпе
- Әдебиеттік шолу
1. 1. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым
1. 2. Оқыту технологиялары
1. 3 Ұжымдық оқыту технологиясы
1. 4. Модульдік оқытудың құрылымы
1. 4. 1. Оқу модулінің кіріспе бөлімі
1. 4. 2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі
1. 4. 3. Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі
2. Негізгі бөлім
2. 1. Галоген топшасына теориялық шолу
2. 2. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту
2. 3. «Брейн-ринг» сайыс ойыны
2. 4. Жеке топтық жұмыс формасы
2. 5. «Зертте де зерделе» өзара оқыту сабағы (сарамандық жұмыс)
2. 6. Оқыта үйрету ойындары
2. 7. Галоген топшасын ұжымдық технологиямен оқыту
3. Модульдік технология бойынша өткізілетін сабақтардың нәтижесі
4. Қорытынды
5. Қосымша материалдар. (Слайд шоу)
6. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмысына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Осыған орай сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Уақыт талабына сай жан-жақты білімді азаматтар тәрбиелеп шығару ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет екені кімге де болсын аян. Сондықтан біздер бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бүгінгі егеменді елімізде азамат тәрбиесі өз нәтижесін көрсете алады. Мұғалімдер еңбегінде оқыту шеберлігі, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу талабы күшеюге тиіс. Мұғалім әрбір сабақта теориялық және қолданбалы білімдер мен әдістерді тиімді пайдаланып, озат тәжірибелерді тез игеріп, шығармашылықпен жұмыс жүргізсе, сабақтың саналығы да үнемі артып отырған болар еді.
Педагогикалық оқыту технологиялары оқыту үрдісінде пайдалану қажеттілігінен туындады. Ғылыми-техникалық даму ғасырындағы жаңа ғасыр адамына қажетті жағдайдың бірі - интеллектуалдық, шығармашыл, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу.
Осы тұрғыда Міржақып Дулатовтың: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман» - деген өткен ғасырдағы қанатты өсиеті бүгінгі таңда да өзекті, мәселелердің біріне айналуда.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өмірінің жаңаруы қазіргі білім беру жүйесінің жалпы стратегиясының гуманистік бағытын, педагогикалық парадигманың авторитарлықтан гуманистікке ауысуын қамтамасыз етуде. Білім берудің құрылымы мен мазмұны жаңартылып, білім берудің саралануы мен интеграциясы күшеюде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Блім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Ол үшін оқушы білімді өз бетімен алып, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқу үрдісі қажет.
Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады, олар:
- дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, П. Эрониев;
- дамыта оқыту технологиясы, Л. Занков, Д. Эльконин мен В. Давыдов;
- ізгілкті тұлғалық технология Ш. Амонашвили
- модульді оқыту технологиясы, П. Третьяков, К. Вазина, М. Жанпейісова;
- өзара оқытып отыру технологиясы, М. Ривин.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.
Педагогикалық технология - бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұны ұйымдастырушы құрылым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екенін мойындату.
- Оқу материалын тарау бойынша жүйелеп, бейне жоспар арқылы түсіндіру.
- Барлық оқушыға тең мүмкіндіктер жасап, топпен жұмыс істей білу мен шешім қабылдай алуға үйрету.
1 Әдебиеттік шолу
1. 1 Педагогикалық технологиялар туралы ұғым
Оқыту технологиясы - оқыту әдістері мен оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқу ақпаратын берудің, жеткізудің жолын өзгерту. Ал, екінші жағынан бұл оқыту үрдісінде мұғалімнің оқушыға технологиялық немесе ақпараттық құралдар арқылы әсер етуінің жолы. Оқыту технологияларын пайдаланғанда оқу мазмұны, әдістері, оқу құралдары, өзара бір-бірімен байланыста және бір-біріне әсер ететін жағдайда болады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі негізінен бағдарлама мен білімдік мақсаттарға сәйкес оның қажет мазмұнды бөліп ала алуы, оны түсінуге тиімді әдістер мен оқу құралдарын пайдалана білуімен айқындалады.
Педагогикалық әс-әрекет саласында «технолгия» деген сөздікті енгізу «индустриялдық» технология Ф. Б. Гильбрейт деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Ал, педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Қазіргі таңда белгілі технологияларға жатқызамыз:
• дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, И. Эрониев;
• дамыта оқыту технологиясы, Л. Заньков, Д. Эльконин мен В. Давыдов;
• ізгілікті тұлғалық технология, Ш. Амонашвили;
• модульді оқыту технологиясы, П. Третьяков, К. Вазина, М. Жанпейісова;
• өзара оқытып отыру технологиясы, М. Ривин.
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізін оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған.
«Технология» деген термин гректің түп-тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы, металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы. Технология ғылым ретінде міндеті - практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы бақа заңдылықтарды анықатайды. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
• технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарынан жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу крек;
• еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
• еңбек затының жағдайын анықтай білу;
• еңбек затының жағдайын өзгерту тәртәбән жасау.
Педагогикалық оқыту технологиясы - педагогиканың, психологияның және социология ғылымдарының жетістіктеріне, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер, халықтық педагогика, ұлттық және дамыған шет елдер педагогикаларының өткен жылдағы ең жақсы жинақталған жетістіктеріне сүйенеді.
Білім беру технологиясының негізгі объектісі мен субъектісі - баланың жеке басы. Баланың жеке бас қасиеттерінің құрылымдық еңгейлері мыналар:
- Темпераменттік деңгей.
- Психологиялық ерекшелік деңгей.
- Жеке басының бағыттылық деңгейі.
Осы деңгейлерге байланысты білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары:
- оқушының білмділік дағдысын қалыптастыру;
- ақыл-ойын дамыту;
- жеке бастық эстетикалық-өнегелілік ортасын қалыптастыру;
- жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру;
- жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру.
Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстанымдарын оқу және өз бетімен оқу, білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:
- Білім сапасын арттырады.
- Білімділік деңгейін арттырады.
- Өз бетімен білім алады.
- Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.
- Білу қабілетін арттырады.
- Олимпиадаға қатысады.
- Байқауға қатысады.
Осыдан барып жеке тұлға қылыптасады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады. Егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады.
Жалпы «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі.
• Оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, В. П. Беспалько;
• педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы, алгоритмі, оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлеске іс-әрекеттің моделі, В. М. Монахов;
• барлық сабақ беру поцесін жасаудың, қолданудың және анықаудың жүйеі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам мен олардың әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау, Г. К. Селееко;
• білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады. В. Н. Бордоевская, А. А. Реащ.
• өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі, В. М. Шенель;
• дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі, М. Чошанов;
• оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал, Б. Т. Лихачее;
• Г. М. Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдістегі түсініктерден басқа - ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиеленуіндегі мақсаттар мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады;
• В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология - ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететінін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған .
Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбиелеу әдістемесінен айырмашылығы да, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетсе, онда «педагогикалық технология» оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Осыдан, қандай да болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады. Н. Д. Хмель педагогикалық технология түпкілікті өзгеремейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
Қандай да болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтаумен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, өндіріс пен әлеуметтік аймақтағы қарапайым процесс ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.
Қорыта келгенде, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.
1. 2 Оқыту технологиялары
1. 2. 1 Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:
• көзделген мақсатына
• мәнінде
• мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.
Бұл бағдарлы идеалар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогикалық ғылымның зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ дамуы туралы ізденуші психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасауболып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістерімен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
1. 2. 2 Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьтерлер ен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналады. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай, жеке тұлға тәрбиелеудеқандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.
Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең - оқулықтағы жаттығулар - өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.
Оқушыларды деңгейге бөліп оқыту үшін жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексерілеледі, өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұрады:
1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2. Алгоритмдік деңгей . Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Эврика, анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастыру, зертханалық жұмыс жүргізу, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.
4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама, эссе, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыра білуі қажет.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
1. 2. 3 Витагенді оқыту технологиясы
Даму педагогикалық оқыту үрдісінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың бірі - витагенді технология.
"Витагенді" сөзі латын тілінен аударғанда "өмір", "тіршілікке қатынасты құбылыс" деген мағына береді.
Витагенді технологияны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануға болатындығын ғылымда дәлелдеген. Мұны голографиялық тәсіл деп атайды. Голография - заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс.
Голографиялық әдіс тек біртұтас оқыту үрдісінде ғана емес білім алу кезінде де пайдаланылады. Бұл кезде проекциялар білім алуға негізделеді, бірақ векторлар бағыты түрліше болады.
І-проекция - витагенді проекция тұрақты болып келеді;
ІІ-проекция - стереопроекция әр түрлі білім көздерінен алынған білім, әр түрлі болады;
ІІІ-проекция - голографиялық проекция - әр адамның ойлау мен танымдық қабілеті негізінде білім кездерінен ойша білімнің үлгісін түзе алу мүмкіндігі туады. Витагенді технология негізінде оқушы өз білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашыл мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланысты көрсете алады, жоба түзе алу мүмкіндігі туындайды, қиялдай алатын болады, оқушы алдына қойған мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.
1. 2. 4 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі - ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сын тұрғыдан ойлау төрт бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Ал сабақ сын тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Бұл үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық боып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы, оқушылар мұғалімнің тапсырмасын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа юереудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқығымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқығымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайтын оқушылар қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмыстарының бір бөлігі ғана. Кез-келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек студенттердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжәрибелері мен білімдері жеткілікті.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы азамат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез-келеген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.
1. 3. Ұжымдық оқыту технологиясы
Оқыту барысында озат тәжірибелер, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткізудің ең жаңа түрлерінің бірі - ұжымдық оқыту әдісі. Бұл әдістің артықшылығы - оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыруда 4 түрлі тәсілді пайдалануды ұсынады:
ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ТӘСІЛІ
Жекелей сыңары ауыспайтын жұп
Жұптық сыңары ауысатын жұп
Топтық жұмыс тақырып алмасу
Ұжымдық білімді есепке алу,
тексеру, жазбаша жұмыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz