Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

МАКРО-МИКРОЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

БАНКТЕРДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘУКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі

Кафедра меңгерушісі

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының негізгі объектісі - Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде кездесетін тәуекелдер және олардың пайда болу ықтималдығы.

Диплом жұмысын жазуда теориялық - методологиялық негіз ретінде шетел, Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-экономистерінің қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және өзара байланысты үш ірі тараудан тұрады. Өз кезегінде әр бір тарау бірнеше тараушалардан құралған. Диплом жұмысым 55 бет, 9 кесте және 12 суретті құрайды, соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар бар.

Кіріспе бөлімінде диплом жұмысын таңдаудағы көздеген мақсатым, тақырыптың өзектілігі, зерттеу объектісі және диплом жұмысының жалпы құрылымы берілген.

Бірінші тарауда банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық аспектілеріне аса маңызды көңіл бөлінген. Мұнда тәуекелдің табиғаты, оның банк тәжірибесінде алатын орны, пайда болу себептері және оларға әсер ететін факторлар толығымен ашылған.

Ал екінші тарауда негізгі мәселе болып банктік тәуекелдерді басқару қарастырылады. Қазақстандық банктердің тәжірибесінде несиелік тәуекел, проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел жиі кездесетін болғандықтан, бұл бөлімде негізінен осы аталып кеткен тәуекелдерді басқаруға көп көңіл бөлінген. Сол сияқты, мұнда тәуекелдерді есептеу, басқару әдістері мен бағалаудың тәсілдері берілген.

Үшінші тарауда тәуекелдерді басқарудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсетіліп, солардың негізінде Қазақстандағы банктер үшін тәуекелді басқарудың қолайлы әдісі анықталып, оны жетілдіру жолдары ұсынылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тәуекел түсінігі, мәні және пайда болуы . . .

1. 2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі . . .

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Тәуекелді басқару процесстері және әдістері . . .

2. 2 Қазақстан Республикасында тәуекелді басқарудың негізгі әдістері . . .

2. 3 Қаржы жүйесіндегі тәуекел дәрежесін төмендету әдістері . . .

3 БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ШЕТЕЛ

ТӘЖІРИБЕСІ 45-50

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.

Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.

Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей мақсатқа жетуді көздедім. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады. Және осы мақсаттың жүзеге асуына байланысты тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау, Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау, шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау, отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмаларды қарастырып өттім:

- банктік тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғышарттарын, олардың теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;

- шетел банктерінің тәжірибесінен банктік тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;

- Қазақстанның екінші деңгейлі бактерінің іс-әрекетінде кездесетін тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен басқару әдістерін анықтау.

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Тәуекел түсінігі, мәні және пайда болуы

Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез-келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды. /1. 215б/

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланысты төмендегі суреттен көруге болады (сурет 1) . Бұл сызбада табыс пен тәуекел арасындағы байланыс бірнеше бөліктерге бөлінген және әр бір бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар. /1. 25б/

Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікте қызмет етсе үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі деп атауға болады.

Ал, екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелділікті қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады.

Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастыратын болса, өзін қажетті табыс деңгейімен қамтамасыз етеді және негізделген тәуекел деңгейін қабылдайды. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте орнығады.

Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (сурет 2) /2, 36б/. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.

  1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
  1. Проценттік тәуекел - ағымдағы проценттік тәуекелдің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
  2. Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
  3. Инвестициялық тәуекел - қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.

Сурет 2. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері

2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел - контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.

3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:

  1. Оперативтік тәуекел - банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.
  2. Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі. /2. 25б/

Тәуекел дәңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.

Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:

  1. Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
  2. Проценттік тәуекел нарықтағы процеттік ставканың ауытқуымен байланысты.
  3. Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
  4. Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
  5. Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
  6. Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейден ауытқуымен байланысты.
  7. Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
  8. Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
  9. Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі. /1. 166-169б/

1. 2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Ондай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерияларға байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.

Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:

  1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
  2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
  3. банк клиенттерінің құрамы;
  4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
  5. банктік тәуекелдің деңгейі;
  6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
  7. тәуекелді есепке алу сипаты;
  8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.

1. Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуге болады: маманданған, салалық және әмбебап (сурет 3) .

Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.

Сурет 3. Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі

2. Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі жатады, ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатқызылады (сурет 4) .

Сурет 4. Банктік тәуекелдердің ықпал ету аясы

Ал, қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырған (сурет 5) /2, 96-99б/.

Сурет 5. Қазақстандық банктік тәуекелдер

Мұндағы негізгі ерекшелік сыртқы тәуекелдердің басқарылатын және басқарылмайтын деп екіге бөлуі болып табылады. Ал ішкі тәуекелдер әкімшілік, қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген. Басқарылатын сыртқы тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалық, сақтандыру, депозиттік, валюталық, инвестициялық, проценттік тәуекелдер жатады. Ал әкімшілік тәуекелдерге құрылымдық, басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады. Қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік, диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық, жаңа технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдер жатады.

3. Банк клиенттерінің құрамы. Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады(сурет 6) .

Сурет-6. Банк клиенттерінің құрамы

Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады. Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, сондықтан олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды. Ал ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жай бейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұдай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады. /3. 254-258б/

Меншікке қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.

4. Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық шығындарды шектеуге тырысады. Тәуекелді талдау келесі кестедегідей жүргізіледі (сурет 7) . /3, 45-46б/

Сурет 7. Тәуекелді есептеу(талдау) әдістері

Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз байланысты екі әдісті қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып келеді. Оның негізгі мақсаттары - тәуекелдің факторларын, пайда болу кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзақтығы, көлемі, ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалық, сараптамалық және тағы басқалары.

5. Банктік тәуекелдің деңгейі. Банктік тәуекелдің деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол процент түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде бекіткен «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге» сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық Банкке берілген несие, Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, ЖАҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясының» бағалы қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0. 2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және олардың тәуекелі 0. 5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.

6. Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру. Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді. (Сурет 8)

Сурет 8. Банктік тәуекелдерді уақыт тұрғысынан жіктеу.

Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және бұрынғы деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезендегі тәуекелдер бір бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру маңызды болып келеді.

7. Тәуекелді есепке алу сипаты. Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан тыс, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.

8. Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Басқару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуге болады. /4. 22-26б/

1. 3 Банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық негіздері

Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарлату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.

Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады (сурет 9) /4, 67-69б/.

Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер:

  1. диверсификация;
  2. нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу;
  3. лимиттеу;
  4. өзін-өзі сақтандыру;
  5. хеджирлеу;
  6. сапаны басқару.

1. Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек.

  1. Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
  • мерзімі бойынша;
  • тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халық аралық қарыздар) ;
  • тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша) ;
  1. қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер портфелінде төлем құралдары көп болу керек;
  2. қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
  • мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді;
  • қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.

2. Сақтандыру. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық түрлері сақтандырылуы керек;

3. Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан қадағалау механизмі
«Банк ісі» лекциялық курсы
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Несие қоржыны
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz