Мектеп жасына дейінгі жаста ойынды қолдану ерекшелігі



І . МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАСТА ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1. Ойынның психологиялық.педагогикалық негізі
1..2. Мектеп жасына дейінгі жаста ойынды қолдану мазмұны
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ойын түрлерінің
маңыздылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше, ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, оның алғашқы іс-әрекетінің түрі – ойын екені сөзсіз..
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің "Ойыншы адам", Д.Б.Элькониннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.б.
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау негізінде біз бұл әдебиеттерде ойынның теориялық негіздері толық ашылмағанын байқадық. Мектеп жасына дейінгі жаста жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық процестің ішінде, ойлаудың қалыптасуы мен дамуында ойын әдістерінің мәнділігі біздің ізденіс тақырыбымыздың мәнін ашады.

ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
Мектеп жасына дейінгі тәрбие процестерінде ойынды қолданудың теориялық жағын қарастырып, дамыту жолдарын ұсыну.
1 . Б.М.Қаратаев "Мектептегі тәрбие жұмысы"
2. К.Б.Базжанова "Бастауыш мектепте оқушылардың оқу жылының бағдарламасы"
3.А. Жәрдемова. Ән сабағында көрнекіліктерді пайдалану. //Бастауыш мектеп № 2, 2002
4. //Қазақстан мектебі, №1,1981
5. Ә. Бүркітбаев "Спорттың ұлттық түрлері мен оның тәрбиелік мәні", Алматы 1985 ж
6. Ойын тәрбие туралы //Бастауыш мектеп №10,1995 ж
7. Дидактикалық ойындар //Бастауыш мектеп №9,1995 ж
8. Ойын іс-әрекетіндегі қарым-қатынас мәселесі /Бастауыш мектеп №3,2000
9. Бәкірова А. Байланыстырып сөйлеуге арналған көрнекіліктер пайдалану жолдары. //Бастауыш мектеп №10, 1997 ж.
10. И. П. Подласый. Педагогика. "Владос" Москва 2000
11. М. М. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1981
12. Бромберг И. Г. " Игровые программы" "Начальная школа" №1, М. "Просвещение", 1992
13. Зайцева Т. П. "Энциклопедия современного учителя" М. АСТ (Астрель), 2000
14. Кутеев Е. В. "Игра как средство формирования элементов воспитания": "Начальная школа" №11, М., "Просвещение", 1990
15. Ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев. Педагогика Астана 2000
16. С. Қоныбекова. Ойын мақсатын талдау және оның мәні. //Бастауыш мектеп №2 2002
17. А. Әбішева. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері. //Бастауыш мектеп №3, 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

І . МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАСТА ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1. Ойынның психологиялық-педагогикалық негізі
1..2. Мектеп жасына дейінгі жаста ойынды қолдану мазмұны
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ойын түрлерінің
маңыздылығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

К І Р І С П Е
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше,
ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты
екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы
азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай
рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық
өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы,
қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де
айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық
қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, оның алғашқы іс-
әрекетінің түрі – ойын екені сөзсіз..
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің "Ойыншы адам",
Д.Б.Элькониннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын
теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев,
И.П.Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.б.
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау негізінде
біз бұл әдебиеттерде ойынның теориялық негіздері толық ашылмағанын
байқадық. Мектеп жасына дейінгі жаста жас ерекшеліктеріне байланысты
психикалық процестің ішінде, ойлаудың қалыптасуы мен дамуында ойын
әдістерінің мәнділігі біздің ізденіс тақырыбымыздың мәнін ашады.

ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
Мектеп жасына дейінгі тәрбие процестерінде ойынды қолданудың теориялық
жағын қарастырып, дамыту жолдарын ұсыну.

ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ:
- Мектеп жасына дейінгі тәрбие процесінде ойын әрекетінің алатын
орны және маңызы жайлы психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысу
және оларға талдау жасау;
- Ойынның түрлерін тиімді қолдану жолдарын ұсыну;

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік,
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ойын
түрлеріне байланысты сараптау.

І . МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАСТА ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері.

Адам – табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл – ой иесі және қоғамдық
тұлға. Адамның өзіндік сипат белгілері – оның кез келген әрекетті орындау
нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі
арқылы қарым – қатынас жасау неігізінде тәжірибе алмасатындығы.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары, қадір қасиеттері , іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады.
Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі
белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Іс - әрекеттің белсенді болуы
жағдайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі –
австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің
табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А.Кординер, Е.Фромм.
К.Хорни т.б. көзқарастары адамның дамуындағы іс-әрекетке жан – жақты
сипатта
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша
теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби
тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі
болады. Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына
сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып балалардың
бойында білімге деген құштарлықты қалыптастыра білу қажет.
Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен
байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі
бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да
қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты. М.И.Лисина өзінің қарым-
қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше
түрі екенін көрсеткен
Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, сананың
күрделене түсуіне ықпал жасайды. Ойын әрекеті - оқытуда заттар мен
құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері
арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын
дидактикалық үрдіс. Ойын мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме
жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап
етеді.
Ойын - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар
заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды, түрлі рольдерде өздері
ойнайды.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. Әртүрлі ойында көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі
түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Сонымен, ойынның оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді
терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше.
Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның
күнделікті қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі
де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның осыған
бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның
өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған қарай
бастауыш сынып оқушысының ойыны бұрынғысынан өзгеріліп, көбінесе басқа
мазмұнда кездеседі. Әрине, осы жастағының ойыны бұрынғыдай бәлендей
маманның (малшының, машинистің, дәрігердің) ролін ойнайды. Бірақ осы
ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рольдердің азаматтық
қасиетінің сапасына, қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән
береді.
Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта
болуға үйретеді.
Балалар әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған
әрекеті – дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен
ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық,
физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның
рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды – адамның белгілі іс - әрекетті сан рет қайталап отыруы
нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Дағдының
қалыптасуы қимыл – қозғалысьар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан
тұрады.
Адамның әрекетіндегі ептілік бейімділік - белгілі бір істі атқаруға
бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу.
Ептілікке жадамның өз білімін, дағдысын өзгешелеу ұқыптылық қасиетін
көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған
жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет – адамның іс - әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты
қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс - әрекет
түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене
отырып жүзеге асырылады. Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес
қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез келген іс - әрекетінің түрінде
кездеседі.
Ниет - адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс -
әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күй. Қажеттілік – адамның
белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты
көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады.
Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың айқын түрде
түсіндіруге жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр
нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қилы белсенді түрде
меңгеру керектігін түсінеді.
Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін
қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық
көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөнінідегі ұғымдарына, өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс - әрекет жасайды.
Ұмтылу – адамның іс - әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін
қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдып,
көз алдына елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын жұмсап,
талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір іс - әрекетті орындауға
талпынысы, сол әрекет негізінде туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі
мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән
психологиялық ерекшеліктер. Қандай да іс - әрекет бірқатар элементтерді
қамтиды. Олардың бәрі бірге іс - әрекеттің құрылымын сипаттайды.
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді
айтады.
Іс - әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке басын
қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп жасындағы
балалар көп қырлы, көп компонентті іс - әрекеттердің жеке түрлерінен өзінен
- өзі пайда болмайды, олардың жекелеген жас кезеңінде түрлі жүйесін құрады.
Олардың әрқайсысы тек іс - әрекеттің алуан түрлерінің белгілі бір
құрамымен сипатталып қана қоймай, сонымен бірге осы кезеңде баланың қарым –
қатынасын айналадағы адамдарға, болмысқа алып келетін жетекші іс -
әрекеттің болуымен сипатталады. Жетекші қызметті дамыту осы кезеңде баланы
дамытудағы психологиялық процесстер мен психикалық ерекшеліктерге басты
өзгерістер енгізуге жағдай жасайды. Сондықтан, іс - әрекеттің жетекші типін
арнайы ұйымдастыру баланың жеке басына мақсатты түрде ықпал жасауға, оның
бір іс - әрекет процесінде талап етілетін қажеттіліктердің, мотивтердің
және мақсаттарды қалыптастыруға мүмкіншілік беретін неігзгі шарт.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: "Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды"-деп санайды. Сол сияқты заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы
ойшылдарының бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлттық ойындарға зор көңіл бөле
отырып, мынадай пікір айтқан: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған".
Демек, жоғарыдаға пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының
оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу
үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын, оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар
оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер
салып ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.
Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше
орын алады. Ойын - бұл өспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да
қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып,
жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың, алғашқы үлгісін алады, ересектермен
арадағы қарым-қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп
отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті
қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.
Ойын арқылы оқушылардың қарым-қатынасын дамытуға арналған жаттығуларды
қолдану мына төмендегі міндеттерді шешеді:
- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру,
белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
- эмпатиялық дамыту;
- сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы
қиындықтардан арылу;
- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;
- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;
- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;
- байланыс жасау іскерлігін меңгеру;
- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін
қалыптастыру;
- өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі бағалаудағы тепе-теңдікті, өз күшіне
сенуді қалыптастыру;

1.2. Мектеп жасына дейінгі жаста ойынды қолдану
мазмұны

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,
жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта
ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама
-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы
стихия әр түрлі ойында болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге
тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды.
осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып
табылады.
Бала мектепке барғанға дейін барлық әрекетті ойын арқылы орындап,
оны бала десе, мектеп қабырғасын аттағаннан кейін оқушы, ал іс- әрекеті оқу
арқылы бағаланады. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың негізі әрекеті
- ойын. Ойын арқылы балаға қоғам өзінің сан ғасырлар бойы жиналған асыл
мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Ойын бала психикасына үлкен талап
қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғынудың өзі бірнеше кезеңдерден
тұрады:
- бірінші, бала нені қалай оқу керектігі жайлы ұғынады;
- екінші, ол ойындағысын тәжірибеде орындайды;
- үшінші, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды;
- төртінші, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады;
- бесінші кезеңде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым
қалыптасатын болады.
Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл
жерден үймен немесе бала-бақшамен салыстырғанда , әдеттен тыс бірдеңелер
кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Бұл баланың ішкі позициясы
екі жағдайда маңызды.
Іс-әрекет тек адамға тән, санамен реттелінетін белсенділік, іс-
әрекетті қажеттіліктер тудырады және дүниені тану мен адамның өзін дамытуға
бағытталған. Іс-әрекет – адамның ақаиқат дүниемен өзара белсенді
әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адам іс-әрекеті күрделі процесс.
Оның құрамына жеке адамдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Іс-әрекет ұғымы белгілі бір түрмен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен
белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-
әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған
міндетті шешу болып табылады.

Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-
әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспралылығы мен жүйелілігі оның ең
басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір
нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана
–сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам
психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да
күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-
әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе
психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып отырады.
Ойын бала өміріндегі маңыздылығын белгілі психолог Д.Б. Элькониннің
сөзімен айтсақ : Ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара –қатынас,
практикалық білімдерін және қызметі .
Оқу үрдісінде ойындарды қолданудың жағымды жақтарына мыналарды
жатқызуға болады:
- ойындар жалпылама оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді ;
- ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
- ойындар эмоцияны басқаруға жаттықтырады, мәселені шешу
қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез – құлықтың түрін таңдауға
үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, шешім қабылдауға, топты
басқаруға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап бірін–бірі белгілі бір
деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өзінің қабілеттілігі мен
қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Барлық жағдайларда мұғалім балаларды нәтижелерді элементтерге
бөлшектеу схемасын меңгертуге және осы нәтижелерді үлгілермен де, әрекеттің
шын мәнінде орындалу ерекшеліктерімен де салыстыруды үйретуге тырысады.
Мұғалімнің бақылаудың формасын өзгертуге жағдай жасауы ерекше маңызды:
балалардың ақыл-ой шеңберінде ғана орындалатын әрекеттердің мүмкін болатын
нәтижелерін айқын ұғынатындай іскерліктерін қалыптастыру керек (мысалы,
талдаудың "ойша" ғана орындалу кезіндегі берілген сөздің морфемалар құрамы
туралы ұғым). Бұл үшін ерекше оқу жұмысын жүргізу дұрыс, оның процесінде
қандай да бір әрекеттің заттармен, схемалармен сырттай орындалуы немесе
әрекеттің ауызша дауыстап айтылған кездегі орындалуы оның тыныш айтылу
(сыбырмен) жолымен орындалуымен, ал одан кейін іштей айту түрінде
(алғашында толық, ал одан кейін неғұрлым қысқартылып) алмасып отырады.
Балалардың әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да
көзделген оқу әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғы шарт жасайды. Бұл
жағдайда оқушы мүмкін болатын нәтижелер әрекеттер ерекшеліктерімен қалай
байланысты екенін көреді және дұрыс байланыстарды таңдап алады. Мұнда
тапсырмалардың шын мәнінде орындалу қателіктері ең аз мөлшерде болады
("Жеті рет өлшеп, бір рет піш",-деген мақал бойынша әрекеттенеді).

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ойын түрлерінің
маңыздылығы

Жоғары білім беру мәселесі қоғамды дамытуда, ұдайы өндірісте, ақыл
–ой, шығармашылықты қабілетті жетілдіруге аса маңызды рөл атқарады. Жеке
адамның дамуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді
шешуге, құбылыстар мен дәйектерді талдай білуге, шығармашылық түрде ойлап,
тез арада шешім қабылдауға үйрету- өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан ,
жоғарғы оқу орнында болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін білім беру
жүйесінде ғылым мен тәжірибенің ұштасу үрдісіне тарихи түрде қалыптасқан
көптеген дәстүрлі қарама –қайшылықтарды шешуге тура келеді.
Жалпы оқу тәрбие жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу –таным әрекетін
белсендіру , оқуды ғылыми негізде ұйымдастыру, оқушылардың ғылыми
педагогикалық қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру және жеке адамның
белсенді қалыптасуы жоғары мектептің ғылыми әдістемелік негізгі
мәселелерінің бірі болып табылады.
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойындар: рольдерді ойнап
көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды
жобалау, мәселелі дәрістер талқылаулар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Балаларды мектепке дайындау
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым - қатынасы
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлқын қалыптастырудың теориялық негіздіері
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін- өзі тану сабағында ойындарды қолданудың мәні"
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
Балада ойын әрекеті және оның түрлері
Пәндер