ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздарының лингвистикалық және әлеуметтік-тарихи ерекшеліктері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

1. ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ тілінде жазылған іс қағаздарына мысалдар

ІІ. Негізгі бөлім

2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ тілінде жазылған іс қағаздарының ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Россия империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін қазақтар үшін 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Устав» шығарылды. Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін «Ел басқарудың дистанциялық системасы» деген құжат шығарылды. Бұл кезеңде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды:

  1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінде соттап, жазалайтын билер соты;
  2. Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы;
  3. Шариғат жолымен сот билігін жүргізу.

Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік, сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды. Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-салық болмаған. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері болатын. ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді. Қазақ даласындағы мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды. 1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Бұл кезде қазақ даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап басып шығару ісі болмады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жазылған құжаттар сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды көрсетумен қатар дәл қазіргідей нормаға түсе

қоймаса да қазақ іс-қағаздар тілінің қалыптаса бастағанына айғақ бола алады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға - Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдебиетте ғана емес, іс-қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М. Өтемісұлының И. Тайманұлына хатынан т. б. материалдардан көре аламыз.

ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ тілінде жазылған ісқағаздары:

Жағалбайлы руының старшыны Т. Төлегеновтың Верхнеуральск қаласының коменданты полковник М. Суховиитскийге өзінің егіншілікпен айналысуға рұхсат ету туралы өтініші. 1807 жыл, 12 наурыз.

Хан кеңесіне арнап Мемлекеттік сыртқы істер коллегиясына әзірленген ережелер. 1806 жыл, 31 мамыр.

Айшуақ хан мен оның ұлдарының Жантөре ханның өлтірілу жайын баяндап, Шерғазы Айшуақұлы Сұлтанды хан етіп тағайындау туралы император І Александрға өтініші. 1809 жыл, қараша.

Қасым Абылайханов сұлтанның орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтік приказын жабуды өтініп жазған хаты. 1825 жыл, 25 маусым.

Беріш руы қазақтарының Орынбор генерал-губернаторы В. Перовскийге өтініші. 1837 жыл, 11 маусым.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақсүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек.

Егер даугер айып пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, яғни, теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет, заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.

Орфографиялық ерекшеліктері. Қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық ерекшелігі кей жағдайда еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек - лар түрінде, табыс септік - ны, ілік септік - ның, жатыс - қа, шығыс - нан түрінде беріледі. Мысалы, оқуны, қазақла, адамлар, мекемелерні. Қатаң дыбысқа аяқталатын сөздерге - дың, - дық, - дар сияқты ұяңнан басталатын қосымша қосылады. Мысалы, хазыратдар, қазақдар, халықдың, халықдық т. б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман, ш әріпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчүн кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысқан нұсқасы да, ауыспаған нұсқасы да қатар қолданылады.

Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары мейілінше сақталған. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасын сақтап жазу дәстүрі де қатар жүреді. Мысалы, штрап, болус, уез, кандилат, песир, нагрет т. б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный губернатор, начальник, закон, волостный съезд, чиновник т. б.

Морфологиялық ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен шақ есімшенің қыпшақтық-ған тұлғасының орнына, ық-мыш вариянтын қолдану орын алған. Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш т. б.

Етістіктің ІІІ жақтағы-ды қосымшасының орнына-дүр тұлғасы қолданылған. Мысалы, етіләдүр, көрінедүр. Етістіктің ІІІ жақ көпше түріне-лар жалғауының жалғануы кездеседі. Мысалы, бардылар, қойсалар. Тұйық етістіктің-у жұрнағының-ғу варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, тұрғучы т. б. Сонымен қатар есімшенің -тын/-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы, жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми-іс қағаздар стилінде бұл келтірілген тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.

Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезеңдегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы: 1) жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, 2) араб-парсы сөздері, 3) орыс сөздері. Іс қағаздарында қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре - ХІХ ғасырға дейін ақ сүйек нәсілді адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақша ресми іс-қағаздар тілі: стильдік және лингвистикалық ерекшеліктері
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақша ресми іс қағаздарының қалыптасуы: тілдік, грамматикалық және стильдік ерекшеліктері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ даласындағы ресми іс қағаздар тілі: лингвистикалық және әлеуметтік аспектілері
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақша ресми іс қағаздары: заң жинақтары мен тілдік ерекшеліктері
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақша ресми іс қағаздарының тілдік, орфографиялық және стильдік ерекшеліктері
Ресми іс қағаздарының лингвистикалық прагматикасы: сөйлеу актілері мен коммуникациялық принциптер
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының рөлі, түрлері және тілдік-стильдік мәселелері
Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы, тілі және жүргізу әдістемесі
Ресми іс қағаздарының түрлері, қызметтері және стильдік ерекшеліктері
ХІХ ғасырдың II жартысы мен ХХ ғасырдың I жартысындағы қазақ баспасөзі: даму тарихы мен қоғамдық-саяси маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz