ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:«ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары»
Орындаған:Батырханова Г.
Ф06К2 тобының студенті
Ғылыми жетекші:Дүйсекова А
Алматы-2007ж.
Жоспар:
Кіріспе . . .
1-бөлім. Инфляция-әлеуметтік-экономикалық құбылыс . . .
1. 1. Инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері . . .
1. 2. Инфляцияның экономикадағы орны мен рөлі . . .
1. 3. Инфляцияның түрлері мен факторлары . . .
2-бөлім. Қазақстан экономикасының инфляциялық жағдайы . . .
2. 1. Қазақстан экономикасындағы инфляцияның қазіргі
деңгейі және ерекшеліктер . . .
2. 2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістер . . .
2. 3. Инфляцияға қарсы жүргізілетін шаралар және оларға баға беру . . .
3-бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляцияны тұрақтандыру шараларын дамыту жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ - тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе - тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция - бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе - теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның негізгі себептері ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі - тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты
/1, 308-312б. б/.
Зерттеу мақсаты: Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, мемлекеттің белсенді бюджет саясатын бөліп айтуға болады. Бұл саясат арқылы сұранымға ықпал жасаумен мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде - бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 - шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. Бұл жағдай Қазақстанда инфляция қарқыны
1993 жылы қараша айында 55%-ға жеткенде байқалды /2, 49 бет/.
Бүгінгі таңда еліміздегі инфляцияның дамуы ең маңызды мәселеге айналып отыр. Сондықтан Ұлттық Банк тарапынан инфляцияны алдын-ала болжап, оны ырықтандыру мақсатында мынадай шаралар айта кету қажет.
Ұлттық Банк Қызметінің 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары жыл сайын алдағы 3 жылға, ақша-кредит саясатының 3 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамдарын қоса және алдыңғы жылға арналған шараларды нақтылай отырып айқындалады.
Ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған көрсеткіштерінің болжамдарын әзірлеу казірдегі трансмиссиялық механизм үлгісі пайдаланылды. Есептеу кезінде орташа мерзімді кезеңде әлемдік экономиканың өсу қарқыны және әлемдік тауар нарықтарының конъюнктурасы Қазақстан экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайтын болады деген болжамдар пайдаланылды. Бұдан басқа, есептеулер мен ұсыныстар негізіне Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының өлшемдері алынды. Сонымен бірге, республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған жобасына сәйкес, республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған шығыстары бюджеттің 2006 жылғы шығыстарымен салыстырғанда 28, 1%-ға көбейеді деп болжанып отыр.
Инфляцияға болжам Филипс қисығы негізінде жасалды, ол ІЖӨ-нің әлуетті деңгейінен, инфляциялық күтулерден және еңбекақыдан ауытқуы арасындағы теориялық өзара байланысты көрсетеді. Соңғы көрсеткіштер, өз кезегінде, экономикаға берілген кредиттер, айырбас бағамы, ақша массасы және басқа да көрсеткіштер арқылы айқындалады. Сыртқы борыш қарастырылатын үлгілерге тікелей кірмейді.
2007-2009 жылдарға арналған әлуетті инфляцияға жасалан божам P-star үлгісі бойынша құрастырылған. Ел экономикасы ахуалының энергоресурстар, әсіресе мұнай бағасына және елге әкелінетін капиталға үлкен тәуелділігін ескере отырып, бұл болжамды әзірлеу кезінде экономика дамуының 3 сценарийі қарастырылды:
- «капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен, капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан төмен) ;
- «капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен, капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан жоғары) ;
- «мұнайға жоғары баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан жоғары) . /11/
1. Инфляция - әлеуметтік - экономикалық құбылыс
1. 1. Инфляция түсінігі және оның макроэкономикадағы алатын орны мен ролі
Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция түрлерін былай бөлуге болады.
- Бағаның өсу қарқынына қарай:
Батыс елдерінде бағаның өсу қарқыны 10 % - ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделтіретін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады.
Бағаның өсу қарқыны 20-200 % - тен асқандағы қарқынды инфляция қауіпті.
Экономика әсіресе гиперинфляция(бағаның өсу қарқыны-100-1% ) кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып - сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалардың шығарылуы
Екіншіден, Мемлекеттің өндірістік емес шығындар (әскери шығындар)
Үшіншіден, Тауар тапшылығы, оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде бағаның өсуі
Төртіншіден, Бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы Бесіншіден, Жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және т. б. /3, 94-96 б. б. /
Егер инфляцияны макроэкономика тұрғысынан қарастыратын болсақ, экономистер инфляцияны негізінен екі түрге бөледі:
1) Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады
2) Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды /8, 83-86 бет /.
Ендігі кезекте инфляцияның әлеуметтік зардаптарын айта кетсек:
- Ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқыны қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
- Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер және т. б басынан өткізеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардабы туралы айтқанда оның халықтың жұмысбастылығына әсерін Филипстің қисық сызығынан көруге болады.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсерін тигізеді.
1958жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. (1-сурет)
- жылы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып жалақы бағамы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін- қисық сызық арқылы көрсетті. Ол бағаның және жалақы өсуінің баяулауы жұмыссыздық -5, 5%- дан артқан жағдайда қалыптасатынын дәлеледеді. А. Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р. Липпей жасады. Одан әрі американ экономистері Филлистің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы бағамын, тауар бағалар өсу қарқынымен алмастырады. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол қалпында экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданады.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ордината өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны белгіленеді. Филлипс қисығы- қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. . /9, 553-355 бет/
![]()
1-сурет Филлипс қисығы
2. 1. Қазақстан экономикасындағы инфляцияның қазіргі деңгейі және ерекшеліктері:
Жалпы, Қазақстандағы инфляцияның дамуының негізгі ерекшеліктері елдің Совет Одағы мен одан кейінгі уақыттағы экономикалық және әлеуметтік даму аспектісіне байланысты.
Ең алдымен, ол өндіріс жағдайының қауырт төмендеуі кезінде дамиды. Қазақстандағы инфляцияның басқа ерекшелігі тауар мен қызмет көрсету бағаларының өте төмен деңгейіне қарамастан оларға тапшылықтың болуымен сипатталады.
«Басыңқы» инфляцияның жағдайы макроэкономикалық тепе-теңдіктің сыртқы көрінісін бейнелейді. Бұл процесс кәсіпорындарда, организацияларда, халықта ақшаның көп көлемінің жиналуымен түсіндірілсе, ал бұл жинаққа техникалық және күнделікті пайдаланатын тауарды сатып алу мүмкін емес болды.
Өз кезегінде бұл сұраныс инфляциясы, яғни шаруашылық агенттер мен халық сұранысы ұсыныс жағынан қанағаттандырылмады.
Ең маңыздысы, республикада инфляцияның қарқынды дамуының себебі -экономикадағы монополизмнің орнауы.
Оның келесі ерекшелігі Қазақстанның халық шаруашылығының шикізат бейнесінде болуы, бұл өз кезегінде ішкі нарықтың сыртқы нарықтан тұтыну тауарына байланысты тәуелді болды. /2, 49-50 бет/
Ал енді осы жылғы инфляция деңгейі қарастыратын болсақ, биылғы жылы инфляция бірнеше бағытта болуымен сипатталады. Жылдың бірінші жартысында ол төмендеді, ал содан кейін қайтадан өсе бастады. Жылдық инфляциядағы ең көп үлес ақылы қызметтерге тиесілі. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалады және олардың инфляцияның қалыптасуына қосатын үлесі артуда. Өткен жылдардағы жағдайды талдай келіп, нарықтағы үрдістер сақталып отыр деп айтуға болады. Бағаларының өсуі инфляцияға айтарлықтай ықпалын тигізіп отырған негізгі тауарлар мен қызмет көрсетулер болып жеміс және көкөніс, ет өнімдері, бензин, көлік қызметі, жалғасуда. Бұл ретте осы тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасының құбылмалылығы көбінесе маусымдылық факторына байланысты, бұл белгілі жайт. Алайда, ішкі нарықтағы, сол сияқты сыртқы нарықтағы күйзелістерден туындайтын жекелеген нарықтардағы тепе-теңдіктің бұзылуын болжап білу зерттеу оңай болмады.
Инфляциялық қысымның негізгі факторлары:
Ағымдағы жылы республикада инфляциялық үдерістердің баяулауы байқалады. Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында инфляция 4, 6% (2006 жылдың 1 жартыжылдығында - 4, 8%) деңгейінде қалыптасты. Бірақ әзірге инфляция айтарлықтай баяулады деуге келмейді. Бұл мынадай бірқатар факторлардың инфляциялық үдерістерге ықпал етуімен байланысты.
- Монополист-кәсіпорындар қызметі бағасының өсу динамикасында 2007 жылдың 5 айында электр энергиясының 9, 9%-ға, темір жол көлігі қызметінің 11, 2%-ға қымбаттағаны байқалды.
- 2007 жылдың 1 тоқсанында төлем балансының сальдосы 2, 2 млрд. АҚШ долларына жетті, бұл резидент еместермен жүргізілетін барлық операциялар бойынша әкелінетін шетел валютасы көлемінің оның әкетілетін көлемінен асып кеткендігін білдіреді. Нәтижесінде мұндай асып кету ақша ұсынысының өсуіне әкеп соғады.
- Тұтынудың өсуі 2007 жылдың 4 айында номиналдық көрсеткішпен 28, 3%-ға және нақты көрсеткішпен 18, 8%-ға өскен (2006 жылдың 4 айында тиісінше 24, 6% және 14, 9%) халықтың ағымдағы жылдағы кірісінің ұлғаюына байланысты.
- Халықтың тұтынушылық сұранысы және кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы кредиттік ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігінің артуына байланысты. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі 2007 жылғы қаңтар-мамырда 28, 2%-ға ұлғайды.
- Ағымдағы жылы еңбек өнімділігінің және нақты еңбек ақының өсу қарқыны салыстыруға келмейді, яғни еңбек өнімділігі баяу қарқынмен өсіп, экономикаға белгілі бір инфляциялық қысым жасап отыр. Мәселен, 2007 жылдың 3 айында еңбек өнімділігі 7, 5%-ға өссе, нақты еңбек ақы 20, 0%-ға өсті. /12/
Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның едәуір өсуі нан өнімдеріне байқалды. Ұнның бағасы - 17, 0%-ға, нанның - 25, 4%-ға, макарон өнімдерінің - 4, 3%-ға, тоқаш өнімдерінің - 3, 4%-ға өсті. Бағаның өсуі күнбағыс майына 12, 6%-ға, жұмыртқаға 7, 1%-ға байқалды. Сүт өнімдерінің баға өсімі 4, 3%, ал сүзбеге - 5, 7%, жаңа сауылған сүтке - 5, 6%, айранға - 5, 5%, қаймаққа - 5, 1% құрады. Құс еті 4, 3%-ға, сиыр мен қой еті - 2, 3-2, 6%-ға, шошқа еті мен шұжық өнімдері - 1, 3-1, 6%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жемістер мен көкөністерге 4, 1%-ға және қантқа - 2%-ға байқалды.
Азық-түлік емес тауарлар тобында қатты отынның бағасы 2, 1%-ға, бензиннің бағасы -1%-ға өсті. Жуғыш пен тазалағыш құралдар және кеңсе тауарлар бағасының деңгейі - 1-1, 3%-ға, кітаптар мен газеттерге - 0, 8%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға - 0, 7%-ға, жеке гигиена тауарлар мен киім және аяқкиімге - 0, 6%-дан, дәрі-дәрмектерге - 0, 4%-ға жоғарылады.
Ақылы қызметтер саласында бағалардың ең жоғары өсуі білім беру саласында қызмет көрсетуде 8, 1%-ға байқалды. Жолаушылар көлігі және медициналық мекемелер қызмет көрсетулері 1, 5%-дан, мәдениет пен демалыс қызметтері - 1, 9%-ға, шаштараздар қызметтері - 1, 6%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері 3, 4%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетулерге бағасы мен тарифтері 0, 8%-ға өсті. Газбен жабдықтау тарифтері - 3, 6%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1, 3%-ға, қоқыс жинауға - 0, 5%-ға, электр энергиясына-0, 3%-ға өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойыншабарлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының нақты шеңберінде жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлшегінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. (№1 кесте), /15/
№1 кесте
2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 2, 2% құрады
пайызбен, өсуі +, кемуі -
2006 жылдың қаңтар- қыркүйегіне
тамызына
желтоқсанына
қыркүйегіне
Осы жылғы инфляция деңгейі туралы ҰБ төрағасы Әнуар Сәйденов былай деген: «Экономика министрлігі ағымдағы жылдың инфляцияның 8 айлық деңгейі -8, 2%-ды құрады. Егер инфляцияның былтырғы жылдың тамыз айын осы жылғы айдың деңгейімен салыстырсақ, көрсеткіш 9, 4%-ға жеткен. Барлық салаларда жағдай былтырғы жылмен салыстырғанда өте төмен деңгейде деуге болады. Бірақ сонымен қатар белгілі дәрежеде үміттенетін көрсеткіштр де бар. Мысалға, соңғы айларда банктің кредит беру белсенділігінің төмендеуі инфляция көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, инфляция деңгейіне әсер ететін фактор- банк секторының сыртқы міндеттемелер көлемінің азаюы. Егер 2007 жылы маусымда 2006 жылға қарағанда міндеттемелер 40, 4%-ға өссе, екінші жарты жылдықта тұрақтылық орнайды Солай бұл фактор инфляция қысымына аз әсерін береді. Ақша көлеміне келетін болсақ, ол 2007 жылы тамыз айында былтырғы жылдың шілде айына қарағанда төмендеді, ал желтоқсанға қарағанда 24, 3%-ға өсті. Бұл 2006 жылғы 80-ға өскен ақша көлеміне қарағанда ең төменгі мөлшер. Біздің есептеуімізге қарағанда ақша агрегаттары инфляция деңгейіне жартыжылдық мөлшермен әсер етеді, яғни былтырғы жылдың аяғындағы ақша агрегаттары көлемінің өсуі
осы жылдың ортасындағы инфляция деңгейінің шарықтауына әкелді. Сондықтан біз осы үш фактордың инфляцияға әсер етуі төмендеп, 2007 жыл аяғында және 2008 жылы инфляцияның орташа жылдық төмендеуін байқаймыз деп үміттенеміз» /7/
"Баға жағдайына тоқталатын болсақ, онда нақты көрсеткіштердің болжамнан асып кеткендігін айтуға тура келеді. 2007 жылдың қыркүйегіндегі инфляция деңгейі 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8, 6 пайызды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайыздық пунктке жоғары. Сондай-ақ қыркүйектегі инфляция деңгейі жылдық көрсеткіште 11, 2 пайызға жетті. Осыған сәйкес, азық-түлік өнімдері бағаның өсуіне ең көп әсер етіп отыр, яғни, ол 57, 3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 19, 6 пайызға және және ақылы қызмет көрсету - 23, 1 пайызға әсер етті. Аталмыш көрсеткіштерге соңғы 2 айдағы дүрбелең тудырған бағаның өсуі де әсер еткен", - деп атап өтті Экономиканы жоспарлау министрі.
Оның айтуынша, инфляция деңгейінің өсуін анықтайтын негізгі факторлар:
- ішкі сұраныстың өсуі, соның ішінде үстіміздегі жылдың бюджеттік шығындарының айтарлықтай өсуі есебінен
- шетелдік валюталар ағымы мен шикізаттың дүниежүзілік бағасының өсуі
- инфляция импорты сияқты сыртқы факторлар болып табылады". Сонымен қатар, "инфляция деңгейінің өсуіне бәсекелестік пен аймақтардағы тауар нарығындағы ахуалға бақылау жасау және тауарларды сату барысындағы көптеген делдалдарды жоюға қатысты жұмыстар деңгейінің төмендігі де түрткі болып отыр". Осыған байланысты, министрдің пайымдауынша, үкімет күшін бәсекелестікті дамытуға және тауар нарығындағы бағаға монополиялық немесе әсіре дүрбелеңді әсер ету мүмкіндігіне жол бермеуге, стратегиялық маңызды қорларды құру мен тапшылық туындаған жағдайда интервенция жүргізуге, биржалық сауданы дамытуға, табиғи монополия субъектілерінің тарифтерді өсіруін бақылауды күшейтуге жұмылдыруы қажет. /13/
2. 2Қазақстан экономикасында инфляцияға қарсы жүргізілетін шаралар және оларға баға беру.
Зерттеу жұмысының бұл бөлімі ҚР Ұлттық Банкінің 2006 жылғы инфляцияның қарқынын талдап, оған қарсы қолданған шаралары мен нәтижелері, сонымен қоса 2007 жылғы инфляцияға қолданып жатырған шараларға арналған.
Қазақстан экономикасында 2006 жылы инфляциялық қысымның күшею үрдісі жалғасты. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2006 жылы инфляция 8, 4%-ға (2005 жылғы желтоқсанға 2006 жылғы желтоқсан) жетті, ал 2005 жылы ол 7, 5% болған. Азық-түлік тауарлары 7, 3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7, 1%, ақылы қызмет көрсету 11, 6%-ға қымбаттады. Ең үлкен өсуді жеміс-көкөніс - 25, 2%, бензин - 21, 5%, көлік қызметі - 19, 3%, қант - 16, 4% бағалары көрсетті.
Елдің экономикасындағы инфляциялық үрдістерді айқындайтын негізгі факторлардың күші бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқандықтан, ұзақ мерзімді және іргелі сипатта болып отыр.
2006 жылғы ел экономикасындағы инфляциялық үдерістерге қысым көрсететін негізгі факторлардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады:
1) жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі;
2) шетел валютасының әкелінуі;
3) жалақының жоғары өсуі;
4) өндіріс шығасыларының жылдам өсуі;
5) тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсеке деңгейінің төмен болуы.
1) Жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі
Бөлшек сауда айналысы, кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы, мемлекеттің шығыстары жиынтық сұраныстың негізгі көрсеткіштері болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz