Ніл өзені мен Жерорта теңізі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
Географиялық ортасы.

Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұм-салатын табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.
Африка - көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк - жер беті құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30, 3 млн. шаршы км) алып, жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000 километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі - Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы - Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу - Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері- Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы табиғи мөже болып табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бірқатар Африка өзендерінің (Ніл, ішінара Нигер және басқалары) суы жер суландыру үшін пайдаланылады. Кейбір өзендер (мәселен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия және басқалары) өздерінің едәуір ұзын жерлерінде транспорт жолдары ретінде қызмет етеді.
Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы 25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде: Батыс Сахара, Марокконың орталық және оңтүстік бөліктері, Алжир Мен Тунис, Мавритания, Чад пен Нигер аймақтарының солтүстік бөліктері, Судан, Эфиопия мен Сомали жатыр. Бұл территорияда ете құрғақ континентті климат үстем. Кей жерлерде бірнеше жыл бойы жауыншашын жаумайды. Оңтүстік жарты шардың тропиктік зонасы - Ангола, Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, ЮАР, Мадагаскардың бір белігі Сахараға қарағанда температурасының неғұрлым төмендігімен және қуаңшылықтың аздығымен сипатталады. Намибия мен Ботсвананың кейбір аудандарын қоспағанда) . Африканың солтүстігі мен оңтүстіпндегі енсіз алқаптар неғұрлым ылғал және бірдей субтропиктік климат зонасында жатыр.
Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады; шөл бүкіл территориясының 39%-ін құрайды. Африканың экваторлық орталық және батыс бөліктерінде, Гвинея шығанағының солтүстік жағалауы мен Конго ойпатын бойлай тропиктік мәңгі жасыл «жаңбырлы» ормандар . . .

НІЛ ӨЗЕНІ

«Әлемдегі ешбір мемлекет Мысыр сияқты жалғыз бір өзенге бағынышты емес яғни, Ніл болмағанда Мысыр да болмас еді». Өткен аптаның тарауын осы сөйлеммен аяқтаған едік. Бұл тарауымызда болса Мысырдың Ніл өзені және осы өзенді бөліскен көршілермен байланысын бағаландырамыз.

Мысыр азаматтарының барлығына дерлігі Мысыр топырағының 3 пайызын құраған Ніл қойнауы және делтасында өмір сүреді. Қалған 97 пайызы болса шөл және бұл жерлерде өте аз адам өмір сүреді. Ніл картасы жайлы ең жақсы анықтама берген Англияның танымал бұрынғы Бас министрі Уинстон Черчилль «Өзен соғысы» атты шығармасында Ніл өзенін үлкен бір пальма ағашына ұқсатқан. Черчилльге қарағанда, осы ағаштың тамырлары «Виктория, Алберт және Кеога көлдерінде, ұзын кеудесі Мысыр мен Суданда» орын алады. Ніл делтасы болса осы ағаштың талшықтарын құрайды. Черчилль тамырлар үзілген кезде талшықтардың құрғап қалатынын және ағаштың кеудесінің шіритінін айтады.

Мысыр халқы болса мыңдаған жылдардан бері бір күні Ніл өзенінің құрғайтыны жайлы уайымдармен тіршіліктерін жалғастырады. Жақын уақытта да осыған ұқсас оқиғаларды басынан кешірген. 1980-1987 жылдары аралығында ортаға шыққан құрғақтық кезінде Ніл өзенінің Ассуан қойнауына толған 125 миллиард текшеметр су үштен екі мөлшерінде азайып, 46 миллиард текше метрге төмендеген болатын. Бүгінгі таңда Мысыр Ніл өзені суының 70 пайызын пайдаланады. Судан 25 пайызын, қалған 8 мемлекет болса 5 пайызын қолдануда.

Судан жылдар бойы жалғасқан саяси дағдарыстар және қаржы мәселесі себепті егіншілік күшін толығымен пайдалана алмайды. Оның үстіне Судан халқы ішетін ауыз суын ақ өзін әрең табуда. Мысыр болса 99 пайыз мөлшерінде суаруға бағытталған бір егіншілік саясаты жүргізіп, суды Ніл өзенінен тартып отырады.

Аймақ Англияның бақылауында болған кезде 1929 жылы Ніл өзенінің суларын пайдалану үшін бір құжат дайындалды. Осы құжатпен Мысыр Ніл өзенің иесі деп қабылданған, Суданға болса Ніл суының төрттен бір бөлігін пайдалану хақы берілген. Бірақ 1959 жылғы реттеуде Мысырдың Ніл өзені тақырыбында тұрақты күш екені қайталанды.

Келісім бойынша ешбір мемлекет Мысырдың рұқсатының Ніл үстінде бөгет соғып, суару каналы мен егістік алаңдар аша алмайды, Осы келісімге орай Мысырдың Ніл өзені суын азайтатын жобаларды вето қылуға құқыда бар. Бірақ 1960-дан соң Африкада көптеген тәуелсіз мемлекет ортаға шықты. Ніл қойнауында да Мысыр және Суданнан басқа 8 мемлекет құрылды. Осы мемлекеттер де Мысыр және Судан секілді Ніл өзенін өздері үшін негізгі тіршілік көзі ретінде қабылдайды.

Ніл қойнауындағы Африка мемлекеттері 2004 жылдан бері Ніл суы үстінде су каналы, электр станциясы салу, суару әдісімен егіншілікке өту сияқты жобаларды жүзеге асыру талаптарын ұсынып бастады. 1929 жылы келісімшартқа Англияның қол қойғанын, отарлау кезеңінің аяқталғанын білдіріп, Ніл өзенімен байланысты жаңа бір келісім жасалуы сұраныстары арта бастады. Әсіресе Эфиопия барлық қысымдарға қарамастан, Мысыр қорғап отырған «қазіргі жағдайды жалғастыру» доктиринасына қарсылық «толық егемендік» доктиринасын ортаға салды. Мысыр пайдаланған Ніл өзені суының болса 85 пайызы Эфиопиядан келеді.

Соңғы жылдары артқан қысымдар алдында осы мәселенің тартысылуына қарсы шықпаған Мысыр әкімшілігі Ніл суы құйылған мемлекеттер ретінде Судан мен Мысыр қабылдамаған ешбір келісімнің күші болмайтынын білдіреді. Өткен апта Ніл қойнауындағы мемлекеттердің Мысырды судың көпшілігін егістіктерде пайдаланғаны үшін сынға алғандарын айтқан болатынбыз. Қысымдардың артуымен Мысыр 2008 жылдың наурыз айында күріш экспортын тоқтатқанын жариялады. Мысыр Өнеркәсіп және сауда министрлігі жаңа бір мәлімдеме жасап, күріш экспортына салынған тыйымның 2010 жылдың 1 қазан күніне дейін созылғанын білдірді. Мысыр әлемдегі ең үлкен күріш экспортшылары арасында орын алады. Мысырдан жыл сайын шамамен 1 миллион тонна күріш экспортқа шығатын.

Түркия болса Мысыр экспорттаған күрішті алатын мемлекеттердің басында келеді. Ніл қойнауындағы келісімсіздіктерді алдымыздағы апта жалғастырамыз.

Өткен тарауымызда су көздерін пайдалану және бөлісу тақырыбының қарулы қақтығыс немесе соғыс себебі болып болмайтынын бағаландырдық. Алдымен судың соғыс себебі болмайтыны жайлы игі көзқарастағы екі ғалымның көзқарастарына орын беріп едік. Адамзат тарихында суды бөлісуге қатысты келісімдер мен қоғамаралық ынтымақтастықтарды зерттеген ғалымдар судың біз ойлағандай соғыс себебі болмайтынын қолдайды.

Бірақ бұрын онша соғыс себебі болмаған десе де, келешекте су үшін соғыс шығу ықтималын қолдағандар да баршылық. Осы көзқарасты қолдайтындар ауыз суы көздерінің азаюын және одан көп адам немесе мемлекеттің су тапшылығын осы көзқарастарының негізі ретінде көрсетеді.

Судың соғыс себебі екенін қолдағандар әлемнің түрлі аймақтарында бірден көп ел тарапынан қолданылған өзен қойнауларын қақтығыс шығуы мүмкін аймақтар ретінде көрсетіп, нақты мағлұматтар арқылы осы көзқарастарын нығайтады. Осы тарауда мәселелі аймақтарды және мамандардың мәселелер жайлы көзқарастарын сіздерге жеткізуге күш саламыз:

- Жер бетіндегі адам санының шамамен 40 пайызы бірден көп ел бөліскен 263 өзен төңірегінде өмір сүреді. Осы қойнауларды көпшілігінде болса суды бөлісу немесе пайдалану жайлы бір келісім жоқ . . .

- Осы өзендердің 155 данасының қолданысы екі мемлекеттен аспаса; 59 данасы 3 немесе одан көп ел тарапынан пайдаланылады . . . Мысалы Ніл өзені тоғыз мемлекетке қатысты болып табылады . . . Еуропадағы Дунай және Рейн өзендері мен Африкадағы Нигер мен Конго өзендері 9 мемлекет тарапынан қолданылса; тағы Африканың Замбези өзені болса 8 мемлекеттен өтіп, теңізге құяды.

- Африка құрлығында әр-түрлі мемлекеттердің шекараларынан асатын 80 өзен бар. Батыс Африкадағы Моритания қолданған суының 95 пайызын шекарасының арғы жағынан яғни, Гвинея және Малиден келген Сенегал өзенінен алады. Тағы басқа бір Африка мемлекеті Гамбия да қажетті суының 86 пайызын Сенегал өзенінен тартады. Тағы бір шөл мемлекеті Ботсвана да суының 94 пайызын шекарадан тыс мемлекеттерден алады.

- Азияда мемлекетаралық 57 су ағысы бар. Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Меконг ағысы ең қиын аймақтар. Орталық Азияда Каспий теңізі шекаралас болған елдер арасындағы шекара белгілеу мәселелері және Сырдария мен Амудария өзендерінің суларын пайдалануда да мемлекеттер арасында мәселелер бар.

- Пәкістанға су берген Үнді өзенінің салалары Үндістанның Кашмир аймағындағы резевтерден күш алады. Пәкістан егістіктерінің көршілігін Үнді өзенінің суымен суарып, мемлекеттегі электр қуатының жартысын да осы өзеннің үстіне құрылған станциялардан өндіреді.

- Үнді өзені мен қолдары әлемнің ең үлкен өзен жүйесін құрайды . . . Судың үлкен бөлігі Үндістанның Гималайлары және Шығыс Ауғанстандағы Үндіқұс тауларындағы су көздерінен келіп, Кашмирге өтеді және ол жерден Пәкістанға дейін жетеді.

- Үндістаннан Бангладешке дейін барлығы 54 өзен ағады. Пәкістан сияқты Бангладеш те қажетті суының 90 пайызын Үндістаннан келетін Ганг өзенінен алады. Ганг өзені екі мемлекет арасындағы шекараның 180 шақырымдық бөлімін де құрайды. Бангладеш және Үндістан бірі-бірін Ганг өзені жағаларына цементтен бөгеттер салып, топырақ көшкініне себеп болумен айыптауда.

- Үндістанның шығысындағы Қытай және Непалдың да суды бөлісу тақырыбында келісімдікдіктері бар . . .

- Мамандар өте көп адамға қатысты болғандықтан Оңтүстік Азиядағы Меконг бассейніне қатты көңіл бөледі. Меконг 6 миллион шаршы шақырымдық алаңға ие және ол амақта 240 миллион адам өмір сүреді. Вьетнамдықтар «тоғыз айдахар өзені» деп атаған Меконг өзені Тибеттің жоғары жайлауларынан басталады. Қытайдың Юньнань аймағы, Мьянма, Лаос, Таиланд, Кампучия және Вьетнамда шамамен 4 мың 800 шаршы метр қашықтықтан соң Оңтүстік Қытай теңізіне төгіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АФРИКАНЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Африканың өзендері
Карта туралы тарихи деректер
Ежелгі Мысырдың діні
Африка елді мекені
Ежелгі ғалымдар
Мысыр мемлекетінің туризм статистикасының көрсеткіші
Сахара шөлінің жоғарыдан көрінісі
Экватордан солтүстікке қарай
Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz