Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі



Кіріспе
I Ақша.несие саясаты . мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
1.1 Ақша.несие саясатының экономикалық мәнi және оны жүргiзу құралдары
1.2 Міндетті резервтік талаптар. ақша несие саясатының құралы ретінде
ІІ ҚР.дағы ақша.несие саясатының даму кезеңдеріндегі. міндетті резервтік талаптар рөлі
2.1 ҚР.да ақша.несие саясатын жүргізу
2.2 Міндетті резервтік талаптардың нормативі

3 ҚР.ның ақша.несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Ақша-несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында Ұлттық Банкі мен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Ақша-несие саясатының ең ақырғы мақсаты - бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша-несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын. Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша-несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды. Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық.
1. Мұхамедиев Б.М.,Дуламбаева Р.Т.,Рахматулаева Д.Ж. «Макроэкономика»: Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті,2010ж.
2. Мамыров Н.Қ., Макроэкономика. Алматы, 2003ж [16, б.236-264]
3. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 2011 жыл,www.stat.kz
4. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
5. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. Алматы, Экономика 2007. – 680 б
6. Қаржы нарығын тұрақтандыру, 03.07.2011ж. www.goverment.kz
7. Егемен Қазақстан. 2001. 13 қараша.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 13 карашадағы Жарлығымен 15 караша Ұлттық валюта - тенге Күні, Қазакстан Республикасы каржы саласы кызметкерлерінің кәсіби мейрамы болып жарияланды (ҚР ПҮАЖ, 1997. №49. 454-бап.)
9. Ұлттық Банкінің жылдық есеп беруі (2009-2011 жылдар).
10. Қазақстан Республикасының 2012 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда» - 2002 ж 159 – 161 б

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны жүргiзу құралдары
1.2 Міндетті резервтік талаптар- ақша несие саясатының құралы ретінде
ІІ ҚР-дағы ақша-несие саясатының даму кезеңдеріндегі- міндетті резервтік
талаптар рөлі
2.1 ҚР-да ақша-несие саясатын жүргізу
2.2 Міндетті резервтік талаптардың нормативі

3 ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

  Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып
табылады. Ақша-несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде
экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
  Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында Ұлттық Банкі мен елдің
банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау
жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе
оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда
несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие
беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші
реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне
қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Ақша-несие саясатының ең ақырғы мақсаты - бағалардың тұрақтылығын,
толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету
болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына
ақшалардың және ақша-несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша
теориясы жатады.
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын
сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына
және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің
несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық
экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан
Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы
мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі
кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын
жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын. Қазіргі
экономисттердің көпшілігі ақша-несие саясатын үкіметтің шамадан тыс
үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына
тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу
құралы деп қарайды. Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап
біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз.
Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай
болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы
дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ
зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық
өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж
екені анық.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың
таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге
қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны
берілген.Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік
құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары,
периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары
пайдаланылды.

I Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.

1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны жүргiзу құралдары

Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттiк саясат
рөлiнiң белсендiлеуi ақша мөлшерiнiң баға деңгейiне әсер етуiн күшейттi,
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгi ақша теориясы мәселелерiне мүдделiлiктiң
артуына ықпал еттi. Баға деңгейiн белгiлеу мен өндiрiс тиiмдiлiгiн
өзгертуде ақша мөлшерiнiң артықшылығын мойындау, айналымдағы ақшаның сандық
теориясының негiзгi мазмұнын құрайды.
Ақшаның осындай әсерi американдық экономист И. Фишердiң ақша
теориясының неоклассикалық бағытының бөлiгi болып табылатын айырбасты
теңестiруде келтiрiлген:
MV=PQ,
(1)
мұнда:
M-айналымдағы ақша мөлшерi немесе ақша ұсынысы;
V-ақша айналымының жылдамдығы;
P- тауарлық мәмiлелер бағасының орташа деңгейi;
Q- тауарлық мәмiлелердiң мөлшерi (ұлттық өнiм);
Iс жүзiнде бағалардың өзгеруi айналымдағы ақша мөлшерiмен ғана емес,
сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруiмен де байланысты (өндiрiс шығындары).
Ақша мөлшерi теориясының тұжырымдамасы ақша айналымы жылдамдығының
тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмiлелер саны (Q) үшiн дұрыс болып
табылады, ол iс жүзiнде болуы мүмкiн емес. Сандық доктринасының басқа өкiлi
(кембридждiк) ағылшын экономисi А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын
ұсынады):
M=K* P *T
(2)
мұндағы:
M- ақша мөлшерi;
K –ақшалай нысанда иеленгiсi келетiн жылдық кiрiс үлесi;
P –баға деңгейi;
К- өндiрiстiң нақты мөлшерi;
Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал
ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пiкiр таластыруда.
Нарықтық экономика iштей тұрақсыз өзгермелi жүйе болып табылады,
мемлекеттiк реттеуге онда негiзгi рөл берiлген. Реттеушiлер қатарында
мемлекеттiң монетарлық саясаты маңызды орын алады; ақша ұсынысындағы
өзгерiс инвестициялық сұраныстың өзгеруiне әкелiп соқтырған пайыздық
мөлшерлеме деңгейiнiң өзгеруiнiң себепкерi болып табылады, ал
мультикативтiк әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнiм (ЖҰӨ) өзгередi.
Кейнсиандық теорияның негiзгi теориялық теңдеуi мынадай:
ЖҰӨ=С+I+G+NX
(3)
мұндағы:
С- халықтың тұтыну шығындары;
I- инвестициялар;
G- тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттiк шығындар;
NX– таза экспорт;
Кейнсиандықтар мемлекеттiк реттеу процесiнде тоқыраған экономиканы
тұрақтандыру iсiнде бюджеттiк саясатқа, салық жүйесi мен мемлекеттiк
шығындар құрылымының өзгеруiне негiзгi маңыз бередi. Олардың түсiнiгiнше
өндiрiстiң құлдырау, жұмыссыздық пен инфляция жағдайында монетарлық
саясаттың макроэкономикалық салдары көп мәндi. Кейнсиандық тұжырымдаға
сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесiнiң деңгейiн төмендетумен (инфляция
пайызы шегерiлген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша
ұсынысын көбейтедi және инвестициялық сұранысты арттыруға жетелейдi.
Осыған байланысты ЖҰӨ мультипликациялық тиiмдiлiгi артады. Өндiрiстiң
құлдырауы тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кiрiсiнiң артуы үшiн
жағдайлар жасалады. Ақша ұсынысы артқанда, олардың қысқа мерзiмдi
артықшылығы пайда болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға
немесе банктердегi салымдарда жинақтайды. Ақша сұранысы артып, тиiсiнше
бағалар да өседi. Халық пен фирмалардың шоттардағы қолма-қол ақшанысың
мөлшерi де артады. Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменiң
өсуiмен тепе-теңдiк белгiлiнедi.
Монетаризм нарықтық экономика - өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi iштей
тұрақты жүйе деген сенiмге негiзделген. Ол инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы
емес, айналымдағы ақша жиыны мен нарықтық ЖҰӨ арасындағы тығыз байланысқа
негiзделедi. Осы бағыттың бас теоретигi М. Фридмен мемлекет айналымдағы
ақша жиынының негiзделген тұрақты өсуiн қолдауға негiзделген “ұзақ мерзiмдi
тепе-теңдiк монетарлық саясаттың ақша тәртiбiн” алдыға тартады. М.
Фридменнiң теңдеуi бойынша осындай өсу шамасы:
(M=(Р((Y
(4)
мұндағы:
(M- ақша өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
(P – болжалды инфляцияның орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
(Y – ЖҰӨ өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
Қазiргi заманғы сандық теория классикалық канондарды жетiлдiрдi.
Теориялық ақша үлгiлерi синтетикалық нысанды иелендi, оларға екi теорияға
тән мемлекеттiк ақша-несие саясатындағы элементтерi де Үкiметтiң
айналымдағы ақша мөлшерiне әсер ететiн саясаты Республиканың ақша-несие
саясатындағы монетарлық тұжырымдама ережелерi өтпелi кезеңнiң
экономикасының ерекшелiктерiне орай iшiнара iске асырылған болатын (мысалы,
ақша жиыны төмендегенде төленбеген ақшаның өсуi). Iс жүзiнде қиын
проблемаларды шешу үшiн ымыралы шешiм iздестiру, қарама-қайшы үрдiстердi
байланыстыру, естi тиiмдi шараларды пайдалану қажеттiлiгi туындады.[1]
Ақша айналымының жылдамдығы төмендедi, жинақтаулардың нақты сектордан
алып-сатарлық сипаттағы сипаттағы қаржы операцияларына өту процесi
жеделдетiлдi.
Дүниежүзiнiң 83 елiнде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерiнiң
байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшерi мен инфляция жылдамдығының
арасындағы жоғары деңгейдегi тәуелдiлiктi айқындады.
Дүниежүзiлiк экономикалық тәжiрибеде ақша-несие саясатын реттейтiн
әртүрлi құралдар пайдаланылады:
- ашық нарықтағы яғни, құнды қағаздар нарығында операциялар;
- есептеу мөлшерлемесi саясаты, яғни, екiншi деңгейлi банктердiң орталық
банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
- мiндеттi резервтер нормативiнiң өзгеруi.
Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың
пайыздық мөлшерлемесi, қысқамерзiмдi теңге несиелерi және үш айлық мекамдар
бойынша сияқы мөлшерлемесi ақша эмиссиясын бақылау кезiнде Ұлттық банктiң
монетарлық процесi тетiгiнiң негiзiн құрайды.
Орталық банк осындай құралдардың жәрдемiмен тiкелей және Қаржы
министрлiгiмен келiсiм бойынша осы кезеңдегi монетарлық саясатқа сәйкес
пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерiн қалыптастырады.
Iс жүзiнде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның
тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеудi теңгеруге тиiс.
Ақша-несие саясаты мемлекеттiк жалпы экономикалық саясат бөлiгiн, оның
элементерiнiң (өнеркәсiптiк, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және
басқа да саясат түрлерiмен қатар) бiрiн бiлдiредi және үкiметтiң
басымдықтарымен және мақсаттарымен тiкелей белгiленедi. Әдетте,
экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейi, бағалардың
тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкiлiктi мақсат болып
табылады.
Әртүрлi ақша түрлерi ретiнде белгiлi ақша агрегаттары М0 , М1 , М2
және т.б. түсiнiледi. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлi қарайық:
М0 - айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерiнен тыс) және орталық
банктегi екiншi деңгейлi банктердiң шоттарындағы қаржылар.Бұл ақша базасы
немесе орталық банктiң ақшалары.
М1 – халықтың қолындағы кез-келген ақша белгiлерiнiң мөлшерi мен
кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.
М2 – М1 барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимдi заңды
және жеке тұлғалардың депозиттерi, халықтың, кәсiпорындардың, мекемелердiң,
ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркiн айналымдағы
займдардың облигациялары, банк резервтерi.
М4 - М1 басқа халыққа, банктерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға тиесiлi
шетел валютасындағы қаржылар.
М1 және М2 ақша жиынының бiрдей көрсеткiштерi болып саналады. М4 соңғы
көрсеткiшi жеке де, сондай-ақ өндiрiстiк тұтынудағы тауарлар мен
қызметтерге барынша жоғары төлемге қабiлеттi жиынтық сұранысын
сипаттайды.[2]
Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейiк:

Ақша-несие Ықпал ету құралы Қолдану мақсаты
саясатының
құрамдастары
Ақша саясаты Ашық нарықтағы Ақша массасының мөлшерiн
операциялар реттеу: артық болғанда
кемiту, ол инфляция қарқының
Валюталық басқыншылық өсуiне әкеп соқтырады;
тапшылық кезiнде кеңейту, ол
Ұлттық банктiң несие саясаты ЖIӨ төмендеуiне,
экономиканың
Мiндеттi резевтерiнiң мөлшерiдемонетизациясын салықтардан
бұлтаруға, көлеңкелi
5. Пруденциалдық шаралар экономикаға әкеп соқтырады
Несие саясаты Ұлттық банкiнiң операциялары Ақша массасының депозиттiк
бойынша пайыздық бөлiгiне әсер ету мақсатында
мөлшерлемелер несиелiк ресурстарға
сұраныспен ұсынысты реттеу
Пруденциалдық шаралар
Валюталық Валюталық басқыншылық Ұлттық валютаның бағамын
Саясат реттеу, валюталық режимдi
либерализациялау

1- кесте Ақша-несие саясатының құралдары

Ресми есеп мөлшерлемесi - орталық банктiң мөлшерлемесi, ол бойынша
банк вексельдердi санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретiнде енiншi
деңгейлi банктер мен несие мекемелерiне несие бередi. Орталық банк ресми
есеп мөлшерлемесiн жоғарылатып немесе төмендетiп, екiншi деңгейлi
банктердiң мүмкiндiктерiне несие алу үшiн олардың клиенттерiне ықпал етедi,
бұл өз кезегiнде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының
жоғарылуына әсер етедi. Орталық банктiң ресми есеп мөлшерлемесiнiң өзгеруi
нарықтық пайыздың тиiстi өзгерiстерiн туындата отырып, төлем балансы мен
валюта бағамының жай-күйiнде бiлiнедi. Мөлшерлеменiң артуы елге қысқа
мерзiмдi шетел капиталының тартылуына ықпал етедi, осының нәтижесiнде төлем
балансы жанданады, тиiсiнше, шетелдiк валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық
валютаның бағамы көтерiледi. Мөлшерлеменiң төмендеуi керi нәтижелерге
әкелiп соқтырады.
Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар- орталық
банктiң қысқа мерзiмдi операцияларды қоса алғанда, кейiн керi мәмiле жасай
отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдердi, мемлекеттiк
облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөнiндегi
операциялары. Орталық банктiң мұндай iс-қимылдары екiншi деңгейлi
банктердiң қызметiне олардың қолда бар ресурстар мөлшерi арқылы әсер етедi.
Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екiншi деңгейлi
банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиiсiнше
олардың клиенттерге несие беру мүмкiндiктерi сарқылады. Бұл айналымдағы
ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкелiп соқтырады.
Орталық банк нарықта екiншi деңгейлi банктерден құнды қағаздар сатып ала
отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөнiндегi олардың
мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын,
пайыздық мөлшерлемелердiң және мемлекеттiк құнды қағаздарды реттеуге және
соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етедi.
Мiндеттi резервтер- банктер мен несие мекемелерiнде орталық банктiң
талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлiгi.
Екiншi деңгейлi банктерге олар өздерiнде сақтайтын мiндеттi резервтер
нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие
мекемелерiнiң несиелеу мен депозиттiк эмиссияны жүзеге асыру мүмкiндiктерiн
шектейдi немесе кеңейтедi.
Осы негiзгi құралдардан басқа дүниежүзiлiк банк тәжiрибесiнде орталық
банктердiң ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы
пысықталып және кеңiнен пайдаланылады. Оларды қайсыбiр елдiң нарықтық
немесе өтпелi экономикалық нақты жағдайында өтiмдiрек пайдалану туралы сөз
қазғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейiк.
Капиталдар нарығын бақылау- акциялар мен облигациялар шығару тәртiбi,
сырттан қарыз алу шектерiн белгiлеу және т.б.
Нарықтарға қол жеткiзу- жаңа банктер мен несие мекемелерiн, оның
iшiнде шетелдiктердi ашуды реттеу.
Валюта басқыншылығы- ақша бiрлiгiне сұраныс пен ұсыныс мөлшерiне ықпал
ету үшiн едәуiр мөлшердегi валюта сатып алу-сату.
Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткштерiнiң өсуiнiң мақсатты
болжалын белгiлеу.

Көрсеткіштер 2009 2010 2011 2012
Базалық инфляция орташа, % 9-10 5-7 4-6 4-6
Инфляция (ТБИ) орташа, % 9-10 6-8 5-7 5-7
Қайта қаржыландыру пайызы, %9,0 7-8 7 6,5

2- кесте. 2009-2012 жылдарға арналған ақша-несие саясатындағы
инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі

Мемлекеттiк құнды қағаздарға инвестициялау нормалары-мемлекеттiк
қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу
мақсатында банктер, несие мекемелерi үшiн белгiленедi.
Нарықтық экономика жағдайында экономикаға ықпал етудiң атап өтiлген
және басқа кейбiр құралдарын пайдалану жолымен iскерлiк белсендiлiктi
арттыруға немесе төмендетуге қол жеткiзiледi. Мұның өзiнде банктердiң
төлемге қабiлеттiгiне ықпал ету шешушi болып табылады. Олар кәсiпкерлерге
арзан несиенi көбiрек ұсынса, соңғылар соғұрлым өз iсiн ашуға ынталанады,
өндiрiстi кеңейтiп немесе жетiлдiредi, экономикалық өсудi жеделдетедi.
Көрсетiлген құралдардың әртүрлi қиыстырулары орталық банкке
мемлекеттiң осы кезеңдегi экономикалық стратегиясына байланысты “қымбат”
немесе “арзан” саясат жүргiзуге жол ашады. Орталық банк аталған құралдардың
көмегiмен ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: ақша жиынының
деңгейiн (қатаң монетарлық саясат) немесе пайыздық мөлшерлеменi белгiленген
деңгейде ұстайды (икемдi монетарлық саясат).
Ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану бюджеттiк-салықтық
саясатпен, заңнамамен тығыз байланыстырған жағдайда ғана тиiмдi болуы
мүмкiн.
Несиенің мультипликаторы ақша массасын орталық ақшаға (немесе орталық
банкі шығарған қолма-қол ақшалар плюс орталық банкідегі шоттар) бөлгеннен
шығатын бөліндісіне тең болады. Сонда ақша ұсынысы орталық банкінің
“өнімдерінің” (ақша базасы) несие мультипликаторына көбейтудің туындысына
тең болады, яғни М=к*МС немесе к=, мұндағы М – ақша массасы, Мс –
орталық ақшалар немесе ақша базасы, к – несие мультипликаторы.

x x

x

x'

а)
ә)
1-сурет LM қисығын шығару

а) мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағазды сатты дейік. Бұл
жағдайда ақша массасы азаяды да, нақты ақша массасы да азяды, нәтижесінде
LM қисығы солға– жоғары жылжиды. Бұл суретте көрсетілген;(1-сурет,а)) ә)
егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса, онда керісінше жағдай
болады.(1-сурет,ә))
Ақша базасы орталық банкінің іс-қимылын бейнелесе, несие
мультипиликаторы банкілік резервінің мінез-құлығын және қоғамның оның
кассалық қолма-қол ақшаларының құрамына қатысты мінез-құлығын бейнелейді.
Мультипликатордың көптеген формулалары бар. Ең қарапайымы к=
болып табылады, мұндағы а — банкілік резервтердің банкілік депозиттерге
қатысты коэффициенті; b – қолма-қол ақшалардың ақша массасына қатысты
коэффициенті.
LM қисығын ақша нарығындағы тепе- теңдікті көрсетеді. LM қисығының
графигі-ақша ұсынысының (Ms) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-
теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың
арасындағы байланысты көрсетеді.(2-суретте)

R M LM

R R

R M R

M
Y Y Y
2-сурет LM қисығының графигі
Ақша нарығы. LM
қисығының нақты қоры.
Табыс мөлшерінің Y- ден Неғұрлым табыс
жоғары
Y- ге - өсуі ақшаға деген болған
сайын, пайыз
сұранысты өсіреді, демек мөлшерлемесі де
пайыз мөлшерлемесін жоғары болады.
R-ден R-ге өсіреді.

Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасы немесе d және n
коэффиценттерінің мәні өте жоғары болса, онда инвестиция және таза экспорт
жоғары сезімталды болады: Бұл 3-суретте көрсетілген:

IS IS' LM
(жатық)

Yo Y1 Y

3-сурет Инвестиция және таза экспорт жоғары сезімтал болуы.

Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық IS қисықтарының тіркемесінде
ынталандырылған ақша-несие саясаты өте тиімді болады.

R LM
LM’ (тік)

IS

Y
Тиімділігі жоғары
4-сурет Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға
сұраныс аз сезімталдық білдіреді.

Жалпы LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде
пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана төмендеуінде ақша нарығы тепе-теңдікте
болады. R динамикасына егер І және Хn өте сезімтал болса да, пайыз
мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте
көп өсіре алмайды. Сондықтан жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама
(5-суретте).

R

LM
LM’ (жатық)

IS Y
Тиімділігі жоғары
5-сурет Бұл жағдайда жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама.

Тікше орналасқан IS қисығының және жатық орналасқан LM қисығының
тіркемесінде ақша-несие саясатының тиімсіздігі төмен болады. Бұл жағдайда
пайыз мөлшерлемесінің мәні аз шамада төмендейді, бірақ Хn мен І тарапынан
серпіліс өте төмен болады, сондықтан өнімнің жалпы өсімшесі өте үлкен
болады және (Y0Y1)-ге тең.(6-сурет)

Жиынтық сұраныстың AD теңдеуін тепе-теңдік Y алгебралық жазылуынан,
оған икемді бағаларды Р енгізу шартында шығаруға болады.
Жалпы түрде оны бұлайша жазуға болады:
Y=α+βG – γTa + θ*M Р.Мұндағы:
α,β,γ,θ – жалпылама коэффициенттер.
T-салық;
G-мемлекеттік шығындар;
MP-нақты ақша.

R
LM1

LM2

IS

Y

P

AD2
AD1

Y
6-Сурет Ынталандырушы монетарлы саясат

Мемлекеттік шығыстардың өсуі, салықтардың қысқаруы немесе ақша ұсынысының
артуы жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады.
AD қисығының біртүрлі жылжуын IS және LM қисықтарының, ынталандырушы
фискалды және монетарлы саясаттарының шараларына сай әртүрлі жылжуылары
береді.[1]
     
1.2 Міндетті резервтік талаптар- ақша несие саясатының құралы ретінде
  Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-сатумен айналысады.
         Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы
және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және
банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-
несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің
іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық
банк операцияларының  және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде
экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
         Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға
әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының  нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
         Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
         Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі- Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері.
        Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі
болады:
1)    рекстрикциялық ақша несие саясаты;
2)    экспанциялық ақша несие саясаты.
      Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
        Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Пайыз саясаты.
ҚҰБ  өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге 
асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады.
      ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары
пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. [4]

ІІ ҚР-дағы ақша-несие саясатының даму кезеңдеріндегі- міндетті резервтік
талаптар рөлі

2.1 ҚР-да ақша-несие саясатын жүргізу

Ақша ұсынысы
Соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының динамикасына тоқсандық
үрдістердің ұқсастығы тəн. Ақша агрегаттарының өзгерістері қарқынының
1-тоқсандағы маусымдық (ең жоғары) төмендеуінен жəне кейіннен
ұлғаюынан кейін 3-тоқсанда олардың өсуінде қарқынның кейбір бəсеңдеуі
болды. 2011 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Қаржы саясатындағы басты міндеттер
Қаржы саясаты жайлы
Ақша-несиелік реттеу
Мемлекеттің қаржы жоспары
Ақша инфляциясы
Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу
Ақша саясаты
Ақша - несие саясатының құралдары
Ақша-несие саясаты туралы мәлімет
Пәндер