Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына жалпы сипаттама
1. 1 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі . . . 7
1. 2 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субьектілері және
олардың жіктелуі . . . 14
2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының
қатысушылары ретіндегі сипаттамасы
2. 1 Тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретінде . . . 17
2. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері . . . 31
2. 3 Азаматтық іс жүргізудегі іске қатысушылық . . . 37
2. 4 Іс жүргізушілік құқық мирасқорлығы . . . 41
2. 5 Тиісті емес жауапкердің түсінігі . . . 43
3 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар мен прокурордың түсінігі.
3. 1 Үшінші тұлғалардың түсінігі және түрлері . . . 47
3. 2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы . . . 52
3. 3 Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік басқару
органдарының, кәсіподақтардың және жеке азаматтардың іске
қатысуы . . . 58
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік құқықтық актлердің тізімі . . . 66
КІРІСПЕ
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы қабылданды. Осы Конституцияға негізделіп, жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды.
Оның ішінде 1999 жылы 13-шілде күні қабылданған Қазақстан Респуликасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексін ерекше айтып кетсек болады. Аталған кодексте азаматтық іс жүргізу мәселесіне қатысты барлық дерлік жағдайлар көрініс тапты деп айтса болады. Оның 1-бабына сәйкес, осы Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі соттардың осы кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге де істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретейді.
Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан Респуликасы Конституциясының 13-бабында, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы екені аталып кеткен. Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдануын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау және ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді.
Сотта істерді қарау дегеніміз адам азамат мен құқықтарының, мемлекет, қоғам мүдделерінің қорғалуы.
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан болып табылады. 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы делінген. [1, 390] Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет азаматтарының өз сот органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты құрайтын негізгі бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады.
Бұл диплом жұмысының қарастырылып отырған тақырыбы - азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтық процеске қатысушы тұлғалардың ішінде тараптардың алатын орны ерекше. Себебі, тараптар болмаса, талап өндірісінің болуы, жүзеге асырылуы мүмкін болмайды. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері - азаматтық іс жүргізудегі тараптарға қатысы бар мәселелерді жан жақты қарастырып, талқылау. Себебі, тараптарға қатысты зерттелмеген мәселелер әлі де көп. Яғни, біз тараптардың түсінігіне, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттеріне байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Қазіргі кезде көп жағдайда тараптар жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Сондықтан, осы диплом жұмысының міндеті болып азаматтық іс жүргізудегі тараптар дегеніміз кім, олардың қандай құқықтары мен міндеттері бар деген мәселенің мәнін ашып, талқылау болып табылады.
Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 44-бабында, іске қатысушы тұлғалардың құрамы берілген. Олардың ішінде ең негізгілері болып тараптар табылады.
Тараптарды азаматтық іс жүргізудегі негізгі субъектілер ретінде көрсететін дәлелдер көп-ақ. Олардың барлығын осы бітіру жұмысының әрбір бөлімінен айқын көруге болады.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі : азаматтық с жүргізу құқықтық қатынастары және олардың қатысушылары. Оның ішінде, тараптардың мәртебесін зерттеу.
Зерттеу пәні : қазіргі заман талаптарына сай, тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары қатысушылары ретіндегі мәртебесін құқықтық тұрғыдан реттеу мен ұйымдастыру барысында жаңа тәсілдер мен жолдарды қарастыру.
Диплом жұмысында тараптардың түсінігі, олардың құқықтары мен міндеттері, іске қатысушылық, құқық мирасқорлық, тиісті емес жауапкерді ауыстыру мәселелері қарастырылып кеткен. Сонымен қатар, процеске қатысушы кейбір тұлғаларға да тоқталып, олардың түсінігін ашып көрсетуге тырыстық.
Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасына талдау жасалынып, көрнекті ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап айтсақ, Баймолдина З. Х., Треушников М. К., Осокина Г. Л., Шакарян М. С., Викут М. А. және т. б.
1 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына жалпы сипаттама
1. 1 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі
Жалпы, құқық қатынастары дегеніміз құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар болып табылады. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субьективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иемденетін қоғамдық қатынас болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары - азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастар. Аталған қатынастар азаматтық істерді қарау мен шешу барысында туындайды. Осы қатынастардың қатысушылары процессуалдық құқықтарға ие болып, процессуалдық міндеттерді атқарады. [2, 103]
Ресейдің революцияға дейінгі ғылыми әдебиеттерінде азаматтық процес юридикалық қатынас ретінде қарастырылған. Мұндай пікірді алғаш рет профессор О. Бюлов айтқан болатын. Ол талап өндірісінде екі заңды қатынас жүзеге асырылады деп есептеген:
1) Талапкер мен сот арасында;
2) Сот пен жауапкер арасында;
Ал, тараптар өзара құқықтық қатынасқа түспейді. Себебі, бір жақтың процессуалдық құқықтарына, екінші жақтың процессуалдық міндеттері сәйкес келмейді. Яғни, тараптар бір біріне қатысты процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болмайды.
О. Бюловтың бұл пікірін оның замандастары толығымен дерлік қолдаған. Бірақ, сол жылдардың ғылыми әдебиеттерінде заңды қатынасқа (азаматтық процеске) деген басқа үш көзқарас болды:
1) Кейбір ғалымдар тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері жоқ екендігімен келісіп, сот тек қана міндеттер атқарып қана қоймай, сонымен қатар құқықтарға да ие болады деп есептеген.
2) Басқа ғалымдар, соттың жеке мүддесі болмағандықтан, ол процессуалдық қатынастың қатысушысы бола алмайды. Сот мемлекеттік билік органы болғандықтан, ол тараптардан жоғары тұрады деген тұжырым айтқан.
3) Ал, үшінші топ процестің барлық үш субьектісі өзара процессуалдық құқықтар мен міндеттермен байланысты болады деген пікірді ұстанған.
Шынында да, процессуалдық құқықтық қатынас сот пен процеске қатысушы тұлғаның арасында пайда болады деген пікірге қосылуға болады. Себебі, процестің басқа қатысушылары, яғни тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, маман, куә және т. б. өзара құқықтар мен міндеттерге ие бола алмайды. Өзара құқықтар мен міндеттерге тек сот пен процесске қатысушы тұлға ие бола алады. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары жоғарыда аталған субьектілердің жүріс-тұрысын бекітеді.
Бірақ, азматтық процеске бір ғана құқықтық қатынасқа сияқты көзқарас даулы болып табылады. Сот пен процес қатысушысы арасында туындайтын нақты бір қатынасты, жай азаматтық процессуалдық қатынас ретінде қарастыру керек. Азаматтық процес - әрқайсысы белгілі бір азаматтық іс жүргізу құқығының нормасының негізінде пайда болатын және бір бірін ауыстырып отыратын жай қатынастардың күрделі жүйесі болып табылады. Сот пен процес қатысушысы арасында бірнеше процессуалдық қатынастар туындауы мүмкін. Салыстырмалы түрде дербес көптеген құқықтық қатынастар, жиынтығында азаматтық іс жүргізуді құрайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу қатынастары дегеніміз азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген, сот пен процес қатысушысы арасында азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының өзіне тән белгілері бар. Бұл қатынастарды мынадай белгілермен сипаттауға болады:
1) Құқық нормаларының негізінде пайда болады;
2) Нақты субьектілердің арасында пайда болады;
3) Құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын заң тұрғысынан бекітеді;
4) Құқықтық қатынас қатысушысының құқықтары бұзылған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу қатынастарының өзіне тән белгілері бар. Бұл белгілерді Н. А. Чечина терең зерттеген. Олар:
1) Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының міндетті қатысушылары ретінде бір жағынан сот, екінші жағынан процеске қатысушы тұлға танылады. Сот мемлекеттік билік органы ретінде қатысса, процеске қатысушы тұлға сотқа бағынышты субьект ретінде қатысады. Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу қатынстары билік-бағынушылық қатынастары болып табылады.
И. А. Жеруолистың пікірі бойынша процессуалдық қатынастар іске қатысушы жекелеген тұлғалардың арасында да пайда болуы мүмкін. Сондай ақ, мұндай қатынастар тек тараптар арасында ғана емес, сонымен қатар, соттағы өкіл мен өкіл беруші арасында пайда болуы мүмкін. Осы жерде айта кеткен жөн, соттың қатысуынсыз процессуалдық қатынастар тек қана өкіл мен өкіл беруші арасында туындауы мүмкін.
2) Азаматтық іс жүргізу қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болып, жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен көзделген қатынастар пайда болуы мүмкін. Себебі, процестің барлық субьектілерінің әрекеттері азаматтық іс жүргізу заңнамасымен реттелген. Нақ осы белгісі бойынша біз азаматтық іс жүргізу қатынастарын азаматтық және басқа да материалдық құқықтық қатынастардан ажыратамыз.
3) Барлық азаматтық іс жүргізу қатынастары бір бірімен тығыз байланыста болып, процессуалдық қатынастардың күрделі жүйесін құрайды. Аталған қатынастар процестің белгілі бір кезеңіне сәйкес пайда болады. Бұл дегеніміз олар белгілі бір ретпен туындайды деген сөз.
Кеңестік кезеңнің ғылыми әдебиеттеріне көз жүгіртсек, процессуалдық қатынастар бір жүйені құрмай, процестің бірыңғай күрделі азаматтық іс жүргізу қатынасы болып табылады деген көзқарас кездеседі. Алайда, бұл пікір құқықтық қатынастар туралы жалпы танылған ұстанымдарға қайшы келеді. Біздің оймызша сот пен процеске қатысушы тұлға арасында пайда болатын құқық қатынастарының жиынтығы - азаматтық істі қарау мен шешу барысында, сондай-ақ іс бойынша шығарылған сот актісін орындауға байланысты пайда болатын бірін бірі ауыстырып отыратын, жекелеген азаматтық құқық қатынастарының жүйесі болып табылады. Бұл қатынастар бір бірінен туындау негіздері, субьектілік құрамы мен мазмұны бойынша ерекшеленсе де, өзара тығыз байланысты болады. Яғни, бір процессуалдық қатынастың пайда болуы басқа бір іс жүргізу құқық қатынасының пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына әкеліп соғады.
4) Азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы тараптардың ерік білдіруіне байланысты болады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарын әр түрлі критерийлер бойынша бөлуге болады. Оның ең біріншісі субьектілік құрам бойынша бөлу. Біздің ойымызша субьектілік құрамы бойынша азаматтық іс жүргізу қатынастары былайша бөлінуі тиіс:
1) Негізгі;
2) Қосымша;
3) қыметтік-көмекші.
Негізгі құқық қатынастары бұл сот пен талапкер, сот пен жауапкер, ерекше өндіріс бойынша сот пен арыз беруші арасындағы қатынастар.
Қосымша қатынастардың өзін төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Олар:
1) Сот пен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлға арасында;
2) Сот пен даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға арасында;
3) Сот пен прокурор арасында;
4) Сот пен іс бойынша қорытынды беру мақсатында процеске қатысатын мемлекеттік немесе өзін өзі басқару органы.
Қызметтік көмекші қатынастарға біз бір жағынан сот, ал екінші жағынан куә, маман, аудармашы қатысатын құқықтық қатынастарды жатқызамыз.
Аталған қатынастардың соңғы екеуі тек негізгі процессуалды қатынастар болған кезде ғана орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық процестің кезеңдері құқық қатынастарын бөлуге негіз болуы мүмкін. Олар:
1) Бірінші инстанция соты мен процеске қатысушылар;
2) Аппеляциялық инстанция соты мен процеске қатысушылар;
3) Қадағалау инстанция соты мен процеске қатысушылар;
4) Жоғары тұрған сот пен төменгі тұрған сот.
Құқық теориясының жалпы танылған ұстанымдарына сәйкес, құқықтық қатынас заң жүзінде бекітілген, белгілі бір жағдайлар болған кезде туындайды. Мұндай жағдайларды біз алғышарттар деп атаймыз. Бұл алғышаттарды біз екі түрге бөлеміз:
1) Жалпы алғышарттар. Жалпы алғышарттарға құқық нормалары, құқық субьектілік жатады.
2) Арнайы алғышарт - құқықтық қатынастың туындауының тікелей негізі. Мысалы: заңды факт немесе олардың жиынтығы.
Айтылғандардың негізінде, азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың туындауы үшін үш негіз қажет деген пікірге келуге болады: азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары, процессуалдық қатынастардың қатысушыларының құқық субьектілігі, заңды факт.
Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары дегеніміз - сот әділдігін жүзеге асыру кезіндегі сот пен процес қатысушылары үшін міндетті болып табылатын жүріс-тұрыс ережелері. Азаматтық іс жүргізу қатынастары тиісті процессуалдық норманың негізінде туындайды. Яғни, процессуалдық норма болмаса, процессуалдық қатынастың пайда болуы мүмкін емес. Аталған нормалардың өзіне тән белгілері бар:
1) Тек мемлекетпен ғана белгіленеді;
2) Орындалуы міндетті болып табылады;
3) Жалпы сипатта болады;
4) Азаматтық іс жүргізу саласындағы қатынастарды реттейді;
5) Орындалуы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі.
Процессуалдық қатынас қатысушыларының құқық субьектілігі ұғымы, аталған субьектілердің құқық және әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі - азаматық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие бола алу қабілеттілігі. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей танылады. Осы жерде айта кететін жайт, азаматтардың процессуалдық құқық қабілеттілігі олар дүниеге келген сәттен бастап пайда болып, қайтыс болған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болып, өз қызметін тоқтатқан кезде тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі - бұл сотта өз әрекеттерімен өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алу қабілеттілігі. [3] Азаматтың процессуалдық әрекет қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жай күйіне байланысты. Процессуалдық әрекет қабілеттілікке толық көлемде 18 жасқа толған және 18 жасқа толмай тұрып некеге тұрған азаматтар ие бола алады. Кәмелетке толмаған азаматтар мен әрекет қабілеттілігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
Заңды факт азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен белгіленген мән -жай, осы мән-жаймен заң азаматтық іс жүрізу құқық қатынастарының туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстырады. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары мынадай заңды фактілердің негізінде туындайды: әрекет және оқиға. Көп жағдайларда азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары бір заңды фактінің негізінде емес, ал олардың жиынтығының негізінде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мазмұны туралы - азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымындағы күрделі және көп қарама қайшылық туғызған сұрақ. Бұл жайлы негізгі үш көзқарасты атап өтейік:
1) Процес қатысушыларының процессуалдық құқықтары мен міндеттері. (В. М. Семенов, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот) .
2) Процес қатысушыларының өздерінің процессуалдық құқықтары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыратын әрекеттері. (П. П. Гуреев, А. А. Мельников, В. Н. Щеглов) .
3) Процес қатысушыларының процессуалдық құқықтары мен міндеттері және олар жүзеге асыратын процессуалды әрекетер. (Д. Р. Джалилов, И. А. Жеруолис, В. П. Мозолин) .
Біздің ойымызша осы аталағандардың ішінде бірінші көзқарас дұрыс және негізді болып көрінеді. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің бірқатар баптарында бекітілген.
Субьективтік азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген құқықтық қатынастың бір тарабының белгілі бір әрекеттерді жасап, екінші тараптан дәл сондай жүріс-тұрысты орындауын талап ету мүмкіндігі. Бұл жерде азаматтық процес тараптары дегенде, сот пен процеске қатысушы тұлға туралы сөз болып отыр. Процес қатысушыларының құқықтары біркелкі емес, сондықтан оларды мазмұнына қарай жіктеуге болады. Мазмұнына байланысты субьективтік азаматтық процессуалдық құқықтарын үш айырып қарастыруға болады:
1) Істі қоғау мен оның ары қарай қозғалуына байланысты құқықтар.
2) Істі шешу, қарау мен шығарылған сот шешімін орындауға байланысты құқықтар.
3) Сотқа белгілі бір әрекеттерді жасауға нұсқау беру мүмкіндігімен байланысты құқықтар.
Сонымен қатар, процес қатысушылары субьективтік процессуалдық құқықтарды иелене отырып, белгілі бір процессуалдық міндеттерді көтереді.
Құқық теориясында заңды міндет тұлғаның заңмен белгіленген тиісті жүріс тұрысы. Ол құқық берілген тұлғаның міндетті тұлғадан өз міндеттерін орындауын талап ету және қажет болған жағдайда мемлекеттік аппараттың күшіне жүгіну мүмкіндігін қамтиды. Азаматтық процессуалдық міндет - бұл азаматтық іс жүргізу құқығынын нормаларымен бекітілген және орындалмаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етілген қажетті жүріс тұрыс. Өз міндеттерін орындамаған процессуалдық қатынас субьектісіне азаматтық процессуалдық санкциялар, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылуы мүмкін.
Іске қатысушы тұлғалардың маңызды міндеттерінің бірі АІЖК 47 бабының 1 бөлімінде белгіленген: олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиісті. Сотқа қатысушы тұлғалардың барлығына қойылатын жалпы талап - процессулдық әрекеттердің нысаны мен тәртібін сақтау, соттың нұсқауларын орындау.
Жоғарыда аталғандардан басқа, іс бойынша тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайларды дәлелдеу, соттың дәлелдемелерді талап етуін, сот шығындарын көтеру, сот мәжілісіне келу сияқты міндеттері бар. Сондай ақ, барлық процесске қатысушы тұлғалар сот отырысының заңмен белгіленген тәртібін сақтауы тиіс.
Азаматық іс жүргізу құқық қатынастарының келесі бір элементі - оның обьектісі. Әдебиеттерде азаматтық кұқықтық қатынастар объектісі нақты қатынас бағыты мен реттеу құралы ретінде сипатталған. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы қоғамдық қатынастағы субъектілер арасындағы байланысты белгілейді және де ол субъектілердің әрекетіне әсер етеді, сондықтан іске қатысушы түлғалардың әрекетін объекті ретінде тану керек. Азаматтық іс жүргізу қатынастағы объекті құқықтық түсінікке жатады, осы себепті ол даулы мәселе болып тұр. Р. Е. Гукасян былай деп жазады: азаматтық құқық қатынас объектісі деп - материалды-құқықтық дау немесе өзге де талап. [4, 61-62]
Бұл түсінікпен келісуге болмайды, өйткені іс жүргізу құқықтық қатынастың материалдық-қүқықтық қатынасынан айырмашылағы бар. Материалдық құқық қатынасының мазмұны мен сипаты және ерекшелігі сотпен реттеледі, соңынан ол іс жүргізу құқықтар мен міндеттердің мазмұны арқылы бір арнаға шоғырландырады, іс жүргізу қатынастардың әр субъектісінің әрекетін белгілейді.
Құқықтық қатынас теориясында объект туралы түсінік өте күрделі болып келеді. Қаралып жатқан кұқық қатынастардың объектісі ретінде соттың «ішкі жағының» іс жүргізушілік қызметін айтуға болады. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде объектіні субъектілердің әрекеті ретінде айтады. Енді біреулері құқықтық қатынастың объектісі ретінде әрекеттің өзін айтады, ал бұлардан өзгелері субъектілер әрекетінің бағыты деп түсіндіреді, ал үшіншілері объектіні әрекетпен және оның қайда бағытымен байланыстырып жазады. [5, 41-42] Мұнда әрекет пен бағыт дербес алынған.
Құқықтық қатынас тек қана олардың қызметінде пайда болады. Осы қызмет құқық объектісі болады, ал құқық қатынастық объектілердің әрекетін құқықтық қатынастың объектісі ретінде санауға болмайды.
Құқықтық қатынас объектісі - азаматтық сот өндірісі нәтижесінен туындайтын субъективтік міндеттер мен құқықтардың нормалар жиынтығы ретінде қарастырылады. Мұны нақтылау үшін әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz