ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу



КІРІСПЕ
2 ҚР АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу негіздері
2.2 Арал аймағындағы табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу мәселелері
2.3 Арал аймағын экологиялық сауықтырудың мемлекеттік.құқықтық механизмі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу өзектілігі. XX ғасырдың екінші жартысында адамзат дамудың жаңа сатысына өтті. Адамның оның өмір сүру планетасында тіршілік ету мәселесі әрбір жеке мемлекетте және әрбір уақытта оның дұрыс жағдайда өмір сүруге деген кешенді құқықтарының бір бөлігі болып табылады. Бұл кешенді құқықтар жүйесіне әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар кіреді.
Жеке тұлғаның құқықтар кешеніне ең бірінші кезекте өмір сүруге, оның тіршілік етуіне қауіп туғызбайтын, керісінше, оның тұлға болып қалыптасуы мен барлық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайы мен ортасына құқықтары кіреді [1]. Жаңа экологиялық саяси ойлауға өтуге байланысты экологиялық қауіпсіздік мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық мақсаты болып табылады [2]. Бұл мәселенің кешенді сипаты әр түрлі ғылым салаларында белсенді зерттеу жүргізу қажеттілігін көрсетеді. Бұл жерде құқық ғылымының рөлі өте маңызды. «Экологиялық құқық» ғылымы бұл салада жеке тұлғаның дәстүрлі құқықтары – денсаулығын қорғауға құқық, дем алуға құқық - қоршаған ортаның қолайлы жағдайынсыз мүмкін емес.
Көп жылдар бойы адамның әрекеті экологиялық әсердің обьектісі ретінде заңи талдаудан тыс қарастырылып келді. Ал республика халқының 20 пайызы экологиялық апат аймағында өмір сүреді. Осындай аймақтардың бірі Арал теңізі аймағы болып табылады. Қызылорда облысының аумағын тұтастай, Ақтөбе, Жезқазған және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағының бір бөлігін қамтитын Арал апаты әлемдік ынтымақтастықпен жаһандық экологиялық апат деп танылып отыр [3, 3 б.].
Арал дағдарысының негізгі себебі өндіріс пен халық шаруашылығын дамыту деңгейі және осы аймақтағы экожүйенің мүмкіндігі мен жағдайы арасындағы сәйкес келмеушілік болып табылады. Бұйрықты-әкімшілік басқару жүйесінде су министрліктер мен ведомстволардың монополиялық билігінде болды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың Арал теңізі аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ірі көлемдегі ирригациялық құрылыстар мен су шаруашылығы жүйелерін эксплуатациялау жобаларын жасау туралы ұсыныстары мүлдем ескерілмеді. Жерді кешенді мелиорациялау кешенінің болмауы, ирригациялауға ауыл шаруашылығын химиялауды үйлестіру және антропогендік әсерлердің басқа да түрлері осы аймақтың табиғаты мен шаруашылығының түбегейлі өзгерістеріне әкеп соқтырды.
Суармалы жерлердің төменгі деңгейі жағдайында су пайдаланудың бақылаусыз және тегін жүзеге асырылуы су ресурстарының тиімсіз пайдалануына түрткі болды. Мақта мен күріш өсіруді арттыру көптеген суды қажет еткенмен қатар, көптеген тыңайтқыштар мен химиялық заттарды қолдануды керек етеді, бұл нәтижесінде аймақтағы қоршаған орта жағдайының нормадан он есе ластануына әкеп соқтырды.
1 Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда қабылданған Конституциясы. Алматы, Жеті Жарғы. - 2010.
2 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы. Егемен Қазақстан газеті.1997.- №92. 11 қазан. 3-4 б.
3 Концепция сохранения и восстановления Аральского моря и нормализация экологической, санитарно-гигиенической, медико-биологической, социально-экономической ситуаций в Приаралье// Казахстанская правда.1999. №72. 12 октябрь.
4 Информационный экологический бюллетень, 3-квартал, Алматы, 1997. - 19, 28 б
5 Проблемы развития экологической культуры государства и народа Казахстана: Правовые аспекты/ Материалы заседания круглого стола. Ред.колл. Мухитдинов, Байсалов и др. Алматы,1996.- С.86-89.
6 Абирова Д. Глобальное изучение состояния окружающей среды утверждается в Казахстане-Экокурьер.16 апреля-6 марта 1997.- С. 1-2.
7 Аманкулова Б.П. Экология Казахстана, ее состояние и проблемы- Алматы, 2000. - 468 с.
8 Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы. (күшін жойған)// Ведомость Парламента РК. 1997.-№17-18.- С.213-219.
9 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексi(соңғы өзгерістер мен толықтырулар 19.03.10 ж. жағдайы бойынша енгізілген)Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007.- N 1.- 1-құжат
10 Қазақстан Республикасының Су Кодексі (2003 ж. 9 шілде № 481-ІІ) (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі. - 20.12.2009.
11 Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-XII Қазақстан Республикасының Заңы (2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)//Параграф ақпараттық жүйесі. -2012.
12 Амиридзе О. Зона экологического бедствия//Аргументы и факты. 1989.№5. -13-19 декабрь.- С. 2-3.
13 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 ж. 5 шiлдедегі № 19-I Қазақстан Республикасының Заң (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)// ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі.- 20.12.2009.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

2 ҚР АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу негіздері
2.2 Арал аймағындағы табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
мәселелері
2.3 Арал аймағын экологиялық сауықтырудың мемлекеттік-құқықтық
механизмі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. XX ғасырдың екінші жартысында адамзат дамудың жаңа
сатысына өтті. Адамның оның өмір сүру планетасында тіршілік ету мәселесі
әрбір жеке мемлекетте және әрбір уақытта оның дұрыс жағдайда өмір сүруге
деген кешенді құқықтарының бір бөлігі болып табылады. Бұл кешенді құқықтар
жүйесіне әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар кіреді.
Жеке тұлғаның құқықтар кешеніне ең бірінші кезекте өмір сүруге, оның
тіршілік етуіне қауіп туғызбайтын, керісінше, оның тұлға болып қалыптасуы
мен барлық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайы мен
ортасына құқықтары кіреді [1]. Жаңа экологиялық саяси ойлауға өтуге
байланысты экологиялық қауіпсіздік мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау
саласындағы стратегиялық мақсаты болып табылады [2]. Бұл мәселенің кешенді
сипаты әр түрлі ғылым салаларында белсенді зерттеу жүргізу қажеттілігін
көрсетеді. Бұл жерде құқық ғылымының рөлі өте маңызды. Экологиялық құқық
ғылымы бұл салада жеке тұлғаның дәстүрлі құқықтары – денсаулығын қорғауға
құқық, дем алуға құқық - қоршаған ортаның қолайлы жағдайынсыз мүмкін емес.
Көп жылдар бойы адамның әрекеті экологиялық әсердің обьектісі ретінде
заңи талдаудан тыс қарастырылып келді. Ал республика халқының 20 пайызы
экологиялық апат аймағында өмір сүреді. Осындай аймақтардың бірі Арал
теңізі аймағы болып табылады. Қызылорда облысының аумағын тұтастай,
Ақтөбе, Жезқазған және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағының бір
бөлігін қамтитын Арал апаты әлемдік ынтымақтастықпен жаһандық экологиялық
апат деп танылып отыр [3, 3 б.].
Арал дағдарысының негізгі себебі өндіріс пен халық шаруашылығын дамыту
деңгейі және осы аймақтағы экожүйенің мүмкіндігі мен жағдайы арасындағы
сәйкес келмеушілік болып табылады. Бұйрықты-әкімшілік басқару жүйесінде су
министрліктер мен ведомстволардың монополиялық билігінде болды. Қоршаған
ортаны қорғау саласындағы мамандардың Арал теңізі аймағындағы қоршаған
ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ірі
көлемдегі ирригациялық құрылыстар мен су шаруашылығы жүйелерін
эксплуатациялау жобаларын жасау туралы ұсыныстары мүлдем ескерілмеді. Жерді
кешенді мелиорациялау кешенінің болмауы, ирригациялауға ауыл шаруашылығын
химиялауды үйлестіру және антропогендік әсерлердің басқа да түрлері осы
аймақтың табиғаты мен шаруашылығының түбегейлі өзгерістеріне әкеп соқтырды.

Суармалы жерлердің төменгі деңгейі жағдайында су пайдаланудың
бақылаусыз және тегін жүзеге асырылуы су ресурстарының тиімсіз пайдалануына
түрткі болды. Мақта мен күріш өсіруді арттыру көптеген суды қажет еткенмен
қатар, көптеген тыңайтқыштар мен химиялық заттарды қолдануды керек етеді,
бұл нәтижесінде аймақтағы қоршаған орта жағдайының нормадан он есе
ластануына әкеп соқтырды.

2 ҚР АРАЛ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Арал аумағындағы қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу негіздері

Арал теңізінің барлық аумағы Әмудария мен Сырдария өзенімен қамтамасыз
етіледі. Мыңдаған жылдардан соң Әмудария өзенінің сағасы Арал теңізінен тыс
кетті (Каспий теңізіне қарай), бұл теңіз көлемінің төмендеуіне әкеп
соқтырды. Күріш және мақта шаруашылығы барысында суармалы жерлерге осы екі
өзеннің көп көлемдегі судың қолданылуы олардың дельтасына түсетін судың
азаюына, ал бұл өз кезегінде Арал теңізінің көлемінің төмендеуіне себеп
болды. Қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен сонымен қатар, жер асты
сулары Арал теңізіне мардымсыз ғана су береді, себебі бұл аумақта булану
көп, бұл өз кезегінде теңіз көлемінің азайып, тұзданудың деңгейінің артуына
әкеп соқтырады.
Кеңес Одағы кезінде Арал теңізінің мүшкіл жағдайы ондаған жылдар бойы
жасырын болып келді, тек 1985 жылы ғана М.С. Горбачев бұл экологиялық
апатты жария етуге болатын мәлімет деп есептегеннен соң ғана бүл мәлімет
баршаға белгілі бола бастады. 1980-жылдың соңында теңіз деңгейінің төмендеп
кеткені соншалық, теңіз екі бөлікке бөлінді: Кіші Арал және оңтүстік Үлкен
Арал. 2007 жылға қарай оңтүстік бөлігінде терең және аз көлемдегі су
тоғандары ғана қалды [34, 18 б.].
Үлкен Аралдың көлемі 708 км3 –тан 75 км3 –қа қысқарды, ал судың
тұздылығы 14-тен 100 гл-ден астам мөлшерге дейін көбейді. КСРО тарағаннан
соң Арал теңізі екі мемлекеттің атап айтқанда, Өзбекстан мен Қазақстанның
арасында бөлініп қалды. Осылайша мұнда алыс сібірлік өзендерді тарту туралы
ірі кеңестік жоспар іске аспай қалды, есесіне мемлекеттер арасында
трансшекаралық су көздеріне деген бәсекелестік арта түсті.
1960 жылы Арал теңізі Орта Азиядағы төртінші ірі теңіз болып есептелді,
ал 2007 жылы өзінің бұрынғы көлемінен он пайызға азайып кетті. Әмудария
мен Сырдария өзенінің бойындағы шөлейтті жерлерді интенсивті және үнемсіз
суару теңізге келетін су аңғарының өте аз болуаны әкеп соқтырды [35, 11-14
б.].
Бұрынғы теңізден тек қана үш су айдындары қалды, ал оның екеуіндегі
судың тұздылығы соншалық, балық атаулы жойылып кеткен. Теңіз бойындағы елді
мекендер шаруашылық тұрғысынан дағдарысқа душар болды. Ірі көлемдегі құрғақ
теңіз табаны пайда болды, жел улы заттар мен тұзды жоғары көтеріп таратып,
адамдардың денсаулығына орасан зор зиян тигізуде.
Алайда 2005 жылы салынған дамбаның арқасында солтүстік су айдындарының
көлемі жоғарылап, судың тұздылығы едәуір азайды. Қазір бұл аймақта балық
популяциясы қайта жандандырылуда, сол себепті экономикалық жаңару да
байқалуда.
Оңтүстік бөлігінде орналасқан екі су айдыны өлі аймаққа айналып
кетпес үшін көптеген гидротехникалық құрылыстар салыну қажет – әсіресе
бұрын бұл теңізді сумен қамтамасыз еткен Әмудария өзені бойында. Мұндай
жоспарды жүзеге асыру үшін мыңдаған миллиардтаған қаражат пен күрделі саяси
келісімдер мен шешімдер қажет.Арал теңізінің қайғылы тағдырын әлемнің басқа
да ірі су айдындары, атап айтқанда, Орталық Африкадағы Чад өзені,
Калифорния штатының оңтүстігіндегі Солтон-Си өзені қайталап отыр. Сол
себепті тіршіліктің басты көзі үшін күрес мәселелсінде халықаралық ұйымдар
мен әлем елдері өзара келісімге келе отырып, бірлесіп шешу қажеттілігі
көрініп тұр.
Енді Арал теңізі аймағында орын алып отырған қоршаған орта жағдайына
тоқталсақ. Тартылған теңіз 54 тыс. км2 тұзбен, ал кейбір аймақтарда
жергілікті егістіктермен шайылған ағыстармен келген пестицидтер мен басқа
да ауылшаруашылық улы химикаттармен көмкерілген құрғақ су табанының пайда
болуына әкеп соқтырды. Қазіргі кезде қатты жел тұз, тозаң мен улы
химикаттарды 500 км-ге дейін таратуда. Солтүстік және солтүстік-шығыс
желдер Әмудария өзенінің оңтүстік дельтасында орналасқан, аймақтың ең тығыз
және барынша экономикалық және экологиялық маңызды елді мекендеріне
қолайсыз әсер етіп отыр. Атмосфераға көтерілген натрий бикарбонаты, натрий
хлориді мен натрий сульфаты табиғи өсімдіктер мен ауылшаруашылық
өнімдерінің өсуіне кері әсерін тигізеді [36, 168 б.]. Медициналық
сарапшылар көрсетіп отырғандай, жергілікті тұрғындар арасында респираторлық
аурулармен, яғни, анемия, асқазан ісігі, сонымен қатар асқорыту жүйесінің
бұзылуы аурулары кең тараған. Көз ауруларын айтпағанда, бүйрек пен бауыр
ауруымен ауыратындар саны күн санап көбеюде.
Сырдария өзенінің төменгі ағыстарында су жетіспеушілігі жылына 1,2-3,5
км3 құрап отыр. Осыған сәйкес, Арал теңізінің көлемі азаюда және қазір
оның көлемі 230 км3 құрайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойын мекен
еткен тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігіне
қарамастан, облыс орталығы Қызылорда қаласында жинақталған ағыс суларды
биотазалаудан өткізетін станцияны салу құрылысы әлі де кейінге қалдырылып
келеді. 1990 жылға дейін өзенге жыл сайын шамамен 10 км3 жоғары минералды,
ластанған коллекторлық-дренаждық су жіберіліп отырған. 60% ауылшаруашылық
су құбырлары және коммуналдық су құбырларының тең жартысы апатты жағдайда,
ал бұл судың жоғарғы қабатының мұнай өнімдерімен, органикалық және азотты
заттармен және ауыр металдармен ластануына әкелуде. Осының нәтижесінде
судың жоғарғы қабатының, әсіресе, Арл теңізінің сапасы нашарлауда және
көптеген су және жер экожүйелері бұзылуда [37, 100 б.].
Аймақтың басты мәселесінің бірі егістік және жайылым жерлерінің азып-
тозуы болып отыр. Арал аймағының Қазақстандық бөлігі 59,6 млн.га аймақты
құрайды, оның ішінде Қызылорда (22,6 млн. га), Ақтөбе (19,7 млн. га),
Қарағанды (8,7 млн. га) және Оңтүстік Қазақстан (8,6 млн. га) облыстарының
жерлері республика территориясының жалпы аумағының 22% құрайды.
Мәліметтерге сүйенсек, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 43,6 млн.га
құраса, оның ішінде айдалған жерлер – 0,6 млн.га, оның ішінде жартысынан
азы суармалы, тыңайтылған жерлер – 0,2 млн.га, пішендіктер – 0,4 млн.га
және жайылымдар – 42,4 млн.га құрайды. Орман жерлері 5,9 млн.га құраса, су
асты жерлері - 2,7 млн.га, басқа да жерлер – 7,4 млн.га құрайды [38, 36
б.]. Қайта құру мен демократияландыру үдерістері, 80-жылдардың басындағы
кеңес қоғамының дүр сілкінуі экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
тақырыптағы зерттеулердің кобеюіне бастама болды. Бұл жағдай жоғары билік
өкілдерін бұндай мәселелерді обьективті бағалауға мәжбүр етті.
1988 жылы 7 қаңтарда КПСС ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі біріге отырып
Елдегі табиғат қорғау ісін түбегейлі өзгерту туралы Қаулы қабылдады.
Қаулыда КСРО министрліктері мен ведомстволары, ҚСРО Министрлер Кеңесі,
кеңестік және шаруашылық органдардың табиғат қорғау ісінде кемшіліктер
толып жатқаны туралы айтылды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге кешенді ықпал ету жүзеге асырылып
жатқан жоқ, елдің әртүрлі аумақтарындағы өндірістік күштерді дамыту
экологиялық салдарды есептемей және бірегей табиғат қорғау саясатынсыз
жүргізілуде делінді. Қоршаған ортаның жағдайына бақылау жасап отырған
мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімсіздігі туралы да сөз болды [39,
113 б.].

Бұл қаулыда жоғары дәрежедегі ауылшаруашылық және өнеркәсіптік саласы
дамыған елдердегі, әсіресе, Орта Азия мен Қазақстанды, Сібірдің оңтүстік
аймақтары мен Украинаны қолайлы экологиялық ортамен қамтамасыз ету
мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік
органдар өздерінің ведомстволық жоспарларында шаруашылық қызметтерінде
экологиялық талаптарды қатаң қамтамасыз еткендігін, ғылым мен техниканың
жетістіктерін көптеп қолданғандығы көрсетілді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің мәні жекелеген табиғи обьектілер
мсен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау және басқаруды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдарды бір комитет шеңберіне біріктіру болып
табылады. Осы қаулыны қабылдау барысында жеке экологиялық министрлік құру
туралы эколог-ғалымдардың қсыныстары мен пікірлері ескерілді. Мемлекет
салалық ресурстық заңнамадан қоршаған ортаны қорғайтын экологиялық
заңнамаға өтті. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мемлекеттік орталық басқару органы болып табылатын
КСРОның қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекеттік комитеті құрылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекеттік комитеті экологиялық
заңнаманы қолдану мен басқару мәселелерімен тікелей айналысатын рнайы
уәкілеттілігі бар органдар жүйесін басқарды. Бұрын жекелеген табиғи
обьектілерді пайданау мен қорғаумен айналысқан министрліктер мен
ведомстволардың қызметтері Мемлекеттік комитетке өтті.

Бұл үкіметтік шешімнің маңыздылығы табиғат қорғау органдарын бір жүйеге
біріктірілгендігінде ғана емес. Бұрын бір басқару министрлігі немесе
ведомствосына енген табиғи ресурстарды пайдалану мен оларды қорғау
қызметтері бөлінді. Кеңестік мемлекеттегі жоспарлы экономикалық жағдайында
табиғатты қорғау мен пайдалану мәселелерін бұлайша біріктіру министрліктер
мен ведомстволарды табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін ескермеуге мәжбүр
етті. Барлық күш мемлекеттің жоспарлы бұйрықтарын орындауға жұмсалды, бұл
өз кезегінде экологиялық бағыттың назардан тыс қалуына әкеп соқтырған
болатын. Аталған қаулыға сәйкес, экологиялық қатынастың қатысушыларына әсер
етудің жаңа серпіндері тәжірибеге енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы Мемлекеттік комитеттің шешімдері барлық министрліктер,
ведомстволар, кәсіпорындар мен мекемелер және ұйымдар үшін олардың
ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан (әскери-
өнеркәсіптік кәсіпорындарды қоса алғанда) орындалуға міндетті болды.
Комитетке өндірістік және басқа нысандағы обьектілерді кеңейту,
реконструкциялау және құрылыс жұмыстарына тыйым салу, қоршаған ортаны
қорғау ережелері мен нормаларын өрескел бұзған кәсіпорындарда табиғи
ресурстарды эксплуатациялау жұмыстарын жүргізу, табиғи ресурстарды
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін
әкімшілік жауапкершілік туралы істерді қарау, қоршаған ортаны ластағанымен
мемлекетке келтірілген залалды өтеттіру туралы талаптар қою құқығы
берілген. Арнайы табиғат пайдалану мәселелері, атап айтқанда, өндірістік,
тұтыну, және басқа да қалдықтарды көму мәселелері, зиян заттарды қоршаған
ортаға тастау, арнайы су пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану,
геологиялық барлау жұмыстары үшін жер қойнауын ұсыну, орман кесудің
мөлшерін бекіту, шаруашылық қызметтің барлық түріндегі жердің жай-күйіне
бақылау жасау Мемлекеттік комитеттің құзыретіне көшті. Сондай ақ, комитет
ластайтын заттарды тастау нормативтерін жасау жұмысына да жауап берді.

Осылайша, осы кезеңнен бастап нормативтік материалдардың өзгергенігін,
яғни, жаңа экологиялық концепцияны көрсететін жаңа заңдардың қабылданғанын
көруге болады.

1988 жылы 7 қаңтардағы кеңестік қаулыға сәйкес Қазақстанда да
Мемлекеттік комитет құрылды, ол өз қызметін ҚазақКСРінің Министрліктер
Кеңесінің басқаруымен, ал оның облыстардағы тиісті органдары Халық
депутаттар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырды.

КПСС ОК үкіметтік комиссиясы мен КСРО Министрліктер Кеңесінің Арал
теңізінің бассейніндегі экологиялық жағдайға баланысты баяндамасынан кейін
Арал теңізі аймағындағы экологиялық және санитарлық жағдайды түбегейлі
өзгерту, оның бассейніндегі су және жер қорғауды күшейту және пайдалану
тиімділігін арттыру шаралары туралы қаулы қабылданды [40, 92 б.].

Бұл қаулыда Арал теңізі бассейніндегі су және жер ресурстарын
пайдаланудағы өрескел кемшіліктер, тиісті экологиялық және әлеуметтік
салдарларды есептеместен жаңа жер аумақтарын эксплуатациялау туралы
айтылды. Аймақтағы шаруашылық пен табиғаттың жағдайына қысқаша сипаттама
берілді, Арал аймағындағы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, табиғи
ортаны сауықтыру және өндірістік күштерді өсіру шаралар кешені туралы
ұсыныстар жасалды.

1991 жылдан бастап Арал теңізі бассейнінде ірі күрделі құрылыстарды
жүргізуді тоқтату ұсынылды.

Көкөніс пен дақылдарды, күріш пен мақта өндіру жүйесін қайта қарастыру,
топырақ қабатын тыңайтуды арттыру, мелиоративті жүйені кешенді
реконструкциялау, нысаналы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру есебінен
осы аймақтағы ауылшаруашылық өндірісін дамыту қарастырылды. Сумен қамту
құрылысын дереу қолға алу және тұрғындарды медициналық қамтамасыз етуді
жақсарту да көзделді. Қаулыда сонымен қатар кеуіп кеткен Аралдың табанынан
көтерлілген тұз бен шаңның мөлшерін азайту мен Орта Азия республикалары мен
Қазақстанның өндірістік күштерін дамыту қажеттілігі де бекітілді.

КСРО Су шаруашылық министрлігіне 1988-1989ж.ж. жасанды реттелетін су
қоймаларының технико-экономикалық негіздерін жасау тапсырылды.

Әрине, бұл қаулы Арал мәселесін шешуде маңызды мәнге ие болды, бірақ,
айтарлықтай қателіктер де болды.

Қаулыда Арал апатының туындау себептері жалпылама айтылып қана
қойғандықтан, аймақтың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
мәселелерін шешу бағыттары нақты бекітілмеді. Қаулыда суармалы аудандарды
одан әрі кеңейту көзделген. Арал дельтасына түсетін судың көлемі аталған
экологиялық мәселелерді шешуге жеткіліксіз. Сонымен қатар, теңізге келетін
бұл азғантай судың да келуіне ешқандай кепілдік жоқ, себебі, нақты
территориялар мен орындаушыларға міндеттелмеген.

Қаулы Аралға дренаждық ағындардың төгілуі қажеттілігін алдын ала
айқындайды, бірақ, судың химикаттармен ластанғаны үшін экологиялық
мүмкіндігі күдік тудырады және арнайы зерттеуді қажет етеді.

Аймақтағы демографиялық жағдай туралы және халықты көбейту жолдары
туралы ешқандай норма көрсетілмеген.

Қаулының қайшылығы әрекетті әр кезеңде келісілмегендігінен де көрінеді.
Газет мақалаларының бірінде ғалым Ю.А.Израэль (Арал теңізі бассейніндегі
экологиялық жағдай жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы) түбегейлі
өзгерістерге алып келетін, орасан зор қаражатты қажет ететін бағдарламалар
туралы қаулы терең және жан-жақты қарастырылу қажет деген болатын. Ақыры
қаулы тиісті қаржы және материалдық-техникалық қаматамасыз етумен
бекітілмеді.

Арал аймағындағы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді
шараларын анықтау және жүзеге асыру мақсатында үздіксіз жұмыс жасайтын
үкіметтік комиссия құру туралы шешім шығарылды. Бұл комиссияға КСРО Ғылым
Академиясымен бірлесе отырып Арал теңізін қалпына келтіру концепциясына
конкурсты қамтамасыз ету және 1990 жылы КСРО Жоғары Кеңесіне оны жүзеге
асырудың нақты ұсыныстарын ұсыну жүктелді [36, 170 б.].

Бұрын қабылданған қаулыларда қарастырылған шаралар толық жүзеге
аспағаны баршаға белгілі болатын. Экономикалық және әлеуметтік дамудың
Мемлекеттік жоспарлардың жобаларын жасау барысында облыстарға суармалы және
шаруашылық қажеттіліктері үшін су пайдаланудың (Сырдария өзенінен)
лимиттерін жеткізу, сонымен қатар, Арал теңізіне құюға қажетті су мөлшерін
көрсету қажет болды. Бірақ, өкінішке орай, бұл мәселелер республиканың Су
шаруашылығы министрлігінің қарауына берілді. Нәтижесінде облыс табиғат
қорғау және балық шаруашылығы қажеттілігі үшін керек су көлемін ала алмады.
КСРО Су шаруашылығы министрлігі Шардара су қоймасынан жоғары

орналасқан су пайдаланушылардың су пайдалану лимиттерін бұзғандықтарын
көрінеу байқамаған сыңй танытты.

Республиканың Ғылым Академиясы, КазКСР табиғат қорғау жөніндегі
Мемлекеттік комитеті және Казгидрометереология 1989 жылдан бастап Арал
теңізі аймағындағы табиғи ортаның жағдайы мен климаттың өзгерістеріне терең
зерттеу жүргізу қажет болды, және нәтжесі бойынша өз кезегінде облыстың
әлеуметтік және экономикалық даму жоспарына ұсыныстар жасау қажет болатын.
Алайда бұл жұмыс өте баяу жүргізілді, ал Казгидрометереология тарабынан
ешқандай жұмыс атқарылған да жоқ. Барлық гидрометереологиялық мәліметтерді
жинау экспедициялық жолмен жүзеге асырылды (Шымкент облысынан), ал
Қызылорда облысында мұндай қызметті құру ұсынысы бас тартуға ұшырады. Бұл
ведомство бұрын қабылданған қаулылардың барлығын жоққа шығарды, сол себепті
табиғат қорғау жөніндегі облыстық комитеттің тұрғындарды қоршаған ортаның
жағдайы туралы барынша ақпараттандыру мүмкіндігі болмады.

Арал аймағындағы барлық суармалы жерлер тұздануға ұшыраған. Тұзданған
жерлердің көп аумағы Қызылорда (4,7 млн.га) және Ақтөбе (3,3 млн.га)
облыстарының еншісінде [41, 8 б.].
Сонымен қатар, жеткіліксіз экологиялық бақылау нәтижесінде аймақтағы
басты мәселелердің бірі мұнай өнімдерімен ластану болып отыр. Аймақтағы
барынша күрделі экологиялық жағдай табиғат қорғау қызметіндегі заңнамалық
негіздердің әлі де болса дұрыс жолға қойылмауы себебімен байланысты болып
отырған Байқоңыр кешенінің қызметіне қатысты орын алып отыр. Ал, Оңтүстік
Қазақстан облысында ұзын саны 130-ға жуық ірі кәсіпорындар (мысалы,
Шымкент қорғасын зауыты АҚ, энергетика кәсіпорындары, Шымкентцемент АҚ,
Фосфор АҚ, Шымкентнефтеоргсинтез АҚ, Ачполиметалл АҚ және т.б.)
атмосфераны өздерінің қалдықтары арқылы ластап отыр. Аймақта жабайы
өсімдіктер мен жануарлар әлемінің резерваттары болып табылатын, табиғат
қорғау, орманшаруашылығы және рекреациялық маңызы бар тоғай ормандары құрып
бара жатыр. Биологиялық ресурстарды жыртқыштық игерушілік жағдайды одан
әрі ушықтыруда. Ғасыр басындағы 131 түрлі құстардың түрінен қазірде тек
қана отызға жуығы ғана қалған. Кезінде Арал ірі балық жеткізуші болатын
және халық шаруашылығы үшін маңызды мәнге ие болатын. Сырдарияның ағысын
реттеуден кейін жергілікті ихтиофаунаның көптеген түрлері жойылып кетті[36,
28 б.].
Соңғы онжылдықтарда өзгерген экологиялық факторлар тұрғындар арасында
әсіресе инфекциялық және қатерлі ісік ауруларының артуына әкеп соқтырды.
Жағдай ескірген, экологиялық зиянды технологияларды ауыстырудың мүмкін
еместігі, мемлекеттік инвестицияның жетіспеушілігі салдарынан табиғат
қорғау обьектілерін салудың мүмкін емес болып отырғандығы салдарынан әрі
қарай қиындай түсуде. Осы аймақтағы мемлекеттік инвестиция мөлшері 0,02
пайыздан аса алмай отыр.
Арал аймағындағы күрделі экологиялық жағдайдың негізгі себебі ірі
көлемдегі антропогендік әсер ету болып табылады. Сырдария және Әмудария
өзендерінің бойындағы суармалы жер көлемін көбейту тек су пайдалану,
өзендердің гидрологиялық режимін бұзу, тыңайған жерлердің тұздануымен ғана
шектелген жоқ, сонымен қатар, қоршаған ортаға орасан зор көлемдегі
химиялық заттардың тастауымен де сипатталды.
Соңғы онжылдықта Арал теңізінің құрғауымен түсіндірілетін климаттық
жағдайдың өзгеруі байқалуда. Бұрын Арал қыс және күз мезгілдерінде Сібірден
келетін суық желді жұмсартатын, жаз мезгілінде салқындататын климатты
реттеуші қызметін атқаратын. Климаттың қатаңдануы себебінен аймақта жаз
қысқа және құрғақ, ал қыс ұзақ және салқын болатын болды. Вегетативті
мезгіл 170 күнге қысқарды. Жайылымдардың өнімділігі екі есеге қысқарды, ал
жайылма өсімдіктердің жойылуы жайылымның өнімділігін он есеге қысқартты
[42, 17-18 б.].
Бүгінде Арал және оны қоршаған территория антропогенді экологиялық
апаттың салдары ретінде әлемге белгілі болып отыр. Негізінде мақта және
күріш шаруашылығына арналған жаңа суармалы жерлерді қамтамасыз ету үшін
пайдаланылып жатқан су көлемі мен ауылшаруашылық өндірісімен айналысқысы
келетін халық санының артуы Әмудария және Сырдария өзенінен Арал теңізіне
келетін судың мүлдем тоқтап қалуына әкеп соқтырды.
Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар Арал аймағының
мәселесін шешу шараларын қарастыруда және жүзеге асыруда. Бірақ, өкінішке
орай, олардың көп бөлігі апаттың туындауының негізгі бастапқы себептеріне
емес, оның салдарын жоюға бағытталуда. Мемлекет пен халықаралық
гуманитарлық ұйымдар бөлген негізгі күш пен қаражат тұрғындардың өмір сүру
деңгейін қолдауға және аудан инфраструктурасына жұмсалуда. Теңізді қалпына
келтіру мүлдем қарастырылып жатқан жоқ.
Сонымен қатар, бүгінде әлем назары тек қана тек Арал теңізінің
тағдырына ғана емес, аймақтағы табиғи қорға да ауып отыр. Болжам бойынша
бұл аймақтағы газ қоры 100 млрд.м3 құраса, ал мұнай қоры шамамен 1-1,5
миллиард тонна деп болжанып отыр. Арал бассейнінде қазірдің өзінде JNOC
жапон корпорациясы мен британ-голландтық Shell компаниялары мұнай мен газ
іздеуді бастап та кетті. Аймаққа әлем инвестициясын тартуда жергілікті
шенеуніктер орасан зор пайда туралы айтады. Бірақ бұл Арал теңізінің
экологиялық мәселесін шешпейтіні, аймақтың экологиялық жағдайын одан сайын
қиындататыны белгілі [43, 2 б.].
Егер біз Арал аймағын экологиялық сауықтыру туралы айтатын болсақ,
басты мақсат өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтқан табиғи ресурстарды
қалпына келтіру шараларын жүргізу болуы қажет.
Осыған байланысты жер, су, жер қойнауы және жануарлар әлемі туралы
заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет деп есептейміз.

Жер қатынастарына қатысты ғылыми еңбектер жетерлік. Л.Қ. Еркінбаева
атап өткендей, жерге келтірілген зиян оның экологиялық қызметінің
әлсіреуіне әкеп соқтырады және материалдық және моральдық сипаттағы теріс
салдарларға әкеп соқтырады [44, 14 б.]. Қазіргі шындық көрсетіп отырғандай,
біздің республиканың жағдайында жерге келтірілген залалдың салдарынан жер
қойнауының, жер қойнауында орналасқан пайдалы қазбалардың, өсімдіктердің,
орманны және атмосфералық қабаттың сапалық және сандық жағдайы нашарлауда.
Ал қоршаған табиғи ортаның сапасы адамның өмірі мен денсаулығына көрініс
береді.

Біз профессор А.Е. Бектұрғановтың жердің жаңа категориясы – жарамсыз
жерлер (непригодные земли) ұғымын енгізу ұсынысын дұрыс деп есептейміз
[45, 205 б.]. Сонымен қатар, ҚР Жер кодексіне Тұздануға ұшыраған жерлер
бабын енгізуді, аталған бапта бұл жерлерге мыналарды көрсетуді ұсынамыз:
бұл жерлер тұздануға ұшырағандықтан және адам денсаулығына зиян
келтіретіндіктен меншікке берілмейді; мұндай жерлерде ауылшаруашылық
өнімдерін өндіру санитарлық және басқа да талаптарға сәйкес келмейді деп
тануға әкеп соқтырады. Бұл жерлерді ауылшаруашылық айналымынан алып тастау
қажет деген ғылыми пікірді орынды деп есептейміз.

Экологиялық апат аймақтарындағы жерлерді шаруашылық пайдалану, қорғау
және алып қою тәртібі ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген арнайы ережеде
көрініс табуы тиіс.

Табиғи байлықтардың ішінде су ресурстары маңызды мәнге ие. Кез келген
су шаруашылығы саласындағы іс шара адамдар мен барлық халықшаруашылығының
мүддесіне тығыз байланысты. Әсіресе су жерден бөлінбейтін және жермен қоса
ауылшаруашылығы өндірісінің және спорт пен емдеуді ұйымдастырудың,
шаруашылық және ауызсу, тұрмыстық қажеттіліктердің басты құралы болып
табылатын саурмалы жерлердің маңызы зор.

Соңғы он жылдықта су құқығы инстиутының теоретикалық және практикалық
мәселелеріне көптеген ғалымдардың еңбектері арналады. (Мысалы, С.Б.
Байсалов Водное право Казахской ССР, С.Б. Байсалов Органы охраны
природы.Правовая охрана вод-Глава из книги Правовая охрана природы в
КазССР, С.Т. Культелеев Проблемы ответственности за водные
правонарушения, К.А. Шайбеков Принципы советского водного
законодательства, Н.Б. Мухитдинов, А.Ж. Тукеев Право собственности на
воды РК в период перехода к рынку, А.С. Стамкулов Личное подсобное
хозяйства т.б.). Су заңнамасын жетілдіру саласында С.Б. Байсаловтың, Н.Б.
Мухитдиновтың, А.С. Стамкуловтың, А.Ж. Тукеевтың және С.Т. Культелеевтің
ұсынған пікірлері аса құнды деп айтуға болады.

Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар алып жатқан территория елдің
барлық территориясының бар болғаны үш пайызын ғана алып жатыр, бұл өз
кезегінде экожүйелердің өзін өзі қалпына келтіруіне мүмкіндік бермейді.
Жерді қалдықсыз бөлу қағидасы толықтай экожүйелердің жоғалуына әкеп
соқтырады.

Қызылорда облысында бір ғана Барса-Келмес қорығы бар, ол 1939 жылы
құрылған және жалпы көлемі 55 мың гектарды құрайды. Біздің ойымызша
экологиялық апат аймақтарына ерекше қорғалатын аумақ статуын беру нұсқасы
қарастырылу қажет.

Сонымен қатар, табиғи обьектілерді құқыққа қайшы мақсатқа пайдалануды
шектеу мақсатында табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны немесе
экологиялық апат аймағында табиғат қорғау шараларын тиісінше жүргізбегені
үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін арнайы норма енгізу қажет деп
есептейміз. Және ол бапты Экологиялық апат аймағы туралы заңнаманы бұзған
үшін жауапкершілік деп атауды ұсынамыз.

ҚР Қылмыстық кодексінің 161 бабының 1-тармағы адамзатқа қарсы
қылмыстардың бірі ретінде экоцид қылмысын қарастырады. Осы бапты -
экологиялық апат аймағында жүзеге асырылған осындай әрекеттер; деп
толықтыруды ұсынамыз.

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Заңы қазіргі заманға әкімшілік-территориялық
бөлуге қатысты экологиялық апат территориясын айқындайды, Арал экологиялық
қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың
заңнамалық базасын қамтамасыз етеді және олардың статусын,
территориялардың классификациясын белгілейді, әлеуметтік реабилитация
шараларына мұқтаж тұлғаларға өтемақылар мен жеңілдіктер белгілейді,
экологиялық қолайсыз аймақтарда өмір сүріп жатқан тұрғындардың
денсаулықтары мен өмірлерін қорғау жүйесін қалыптастырудың қағидалы
ықпалдарын бекітеді, осы тұрғандардың тұрақты қалыпты өмір сүруін,
медициналық құрал-жабдықтармен, таза ауызсумен, экологияық таза азық-
түлікпен қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуды
қарастырады [10]. Заң Арал аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша
іс-шараларды жүзеге асырудың негізгі механизмін анықтайды.
Ойымызды қорытындыласақ, Арал теңізі аймағындағы қоршаған ортаны қорғау
саласындағы мынадай мәселелер құқықтық тұрғыдан өз шешімін табу қажет деп
ойлаймыз:
- Аймақтағы ластануға және деградацияға ұшыраған жерлерді алып қою немесе
пайдалану тәртібін белгілейтін нақты нормалар қажет;
- Арал теңізі өңірінен мұнай, газ немесе басқа да табиғи байлықтарды
игеруді жүзеге асыратын кәсіпорындар қызметіне қоршаған ортаны қорғау
туралы қатаң талаптар қою және экологиялық зиянсыз немесе қоршаған ортаға
әсерді төмендететін озық технологияларды енгізуге талаптар қоюды белгілеу;
- Экологиялық апат аймақтарына ерекше қорғалатын аумақ статусын беруді
қарастыру;
- Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланған немесе қоршаған ортаға зиян
келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін арнайы норма енгізу
және қылмыстық заңнамадағы экоцид бабына тиісінше өзгерістер енгізу.

2.2 Арал аймағындағы табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
мәселелері

Көлемі бойынша Арал әлем өзендерінің ішінде Каспий, Солтүстік
Американың Жоғарғы өзендері мен Чад өзенінен кейін төртінші орында болатын.
Аралдың аумағы 64 490 км2 (аралдарды қос алғанда) құрады; ең үлкен ені -
284 км. Арал теңізі өзінің тарихы бойында бес немесе жеті трансгрессияға
ұшырады. 1961 жылдан бастап теңізге белсенді антропогендік әсер ету мерзімі
басталды. Теңіз деңгейінің төмендеуі 2000 жылы 20 метрді құрады [46,
10-11 б.].

Арал теңізі аумағының ең маңызды мәселесінің бірі шөлейттену болып
табылады, бұл экожүйелердің деградациясы, тұрғындардың өмір сүру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Жаһандық экологиялық проблемалар
Республикасының экологиялық жағдай
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Экологиялық инновациялық өнім
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Пәндер