Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары


1. 2. Сыртқы саяси концепциясы.
1. 3. Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары.
ІІ Тарау. Халықаралық қатынастар жүйесіндЕгі Иран.
2. 1. Иранның аймақтық және мұнай саясаты
2. 2. Иранның қазіргі кездегі ядролық саясаты
2. 3. Иран-Қазақстан қатынастары
Қортынды
1. 2. Сыртқы саяси концепциясы.
«Ұлттық тәуелсіздік саясат» - монархиялық Иранның 60 жылдардағы сыртқы саяси концепциясы.
Бірінші жеті жылдық жоспардың құлдырлуына, екінші жеті жылдықтың көптеген міндеттерінің орындалмауыпа қараластап Аламаның үкіметі (1962/63 - 1967/68) кейінгі бес жылдық экономикалық даму жоспарын жасады. Бас кезінде осы жоспар орындалмауына 140 млд риал жұмсалу көзделді. Оның 100 млд риалды мұнай саласынап, ал қалған Иранның ішкі және сыртқы инвестициядан алу жоспарлапды.
Иранның 1967-68 жж. жалпы ішкі ұлттық өнімі 504, 6 млрд риалды құраған болатын, яғни жыл сайын 8, 8% өсе отырып, 5 жыл ішінде 52, 7%-кежетті. Осы уақыт аралығындағы жан басына шаққандағы ұлттық өнім 20040 риалға (269$) жетті. Ал осы көрсеткіш бас кезінде 14900 риал болатын (197$) . Иран экономистерінің зерттеуінше бұл кіріс мемлекет территориясында біркелкі таралмады, яғни көптеген Иран ауылды жерлерінде аталған көрсеткіш анағұрлым төмен еді. Себебі. 1968ж. өзінде Йран халқының 60% ауылдарда тұратын. Осылайша, 5 жылдық экономикалық даму жоспарынан кейін де қарапайым жұмыскерлер мен шаруалардың өмір сүру деңгейі төмен болып қала берді [25; 6-8 64. ]
Өмір сүру деңгейін көтеруді қажет ететін ен маңызды салаларлың өмірі - ауыл шаруашылығы бөлатын. Мұнда шаруашылық құралдарының өте қарапайымдылығынан ауылшаруашылығының дамуын өте төмен болып шаруалардың еңбегінің өнімділігі жоғары бола қоймайды. Сөндықтан халықты ауылшаруашлық өнімдерімен, тамақтармен қамтамасыз ету үшін бұл саладағы жартылай феодалдық қатынастарды жою қажет болатын.
Халықтың 61% ауылшаруашылығында қызмет есе де ол ұлттық ішкі өнімнің 24 % ғана берді. 1965ж. ақпан айының соңында аграрлық реформалардың екінші толқына басталды. Бірінші бес жылдыққа бұл салаға (. млд. Риал бөлінген 1965ж. наурыз бен 1969ж. реформалардың ауқымы 54174 ауылды және 19379 ферманы қамтыды. Осы уақыт аралығында 9455 қоғамдық вакуфтық ферма, 968 жеке вакуфтық фермалар шаруаларға 99-100 жылға жолға берілді. 208702 ұсақ жер иеленушілер өз жерлерін жалға беруге келісті де, ол 3414-і өз жерлерін шаруаларға сатты. [29: 75. ]
Дегенмен, бірінші және екінші реформалардың жүргізілуі ауылшаруашылығына айтарлықтай өзгерістер әкеле қөйған жоқ бес жылдық жоспарлау кезінде өнеркәсіпке өте үлкен көңіл бөле бастады.
Егер 1-жетіжылдық жоспарлау кезінде өнеркәсіп саласына 1. 2 млд. Риал бүкіл инвестицияның 8% құрады. Ал бес жылдық жосларды өрындап кезінде бұл сонша үлкейіп 27, 3 млд. риалға жетті. Бесжылдықтың соңына қарай жалпы қаржы салудың мемлекеттік секторы 24 млд. -қа кеміп, жеке сектор салған қаржы 26 млд. риалды құрады.
Иранның осы уақыт аралығындағы экономикалық саясаты ауыр индустрияпы (өнеркәсіпті) мемлекеттік қаржымен қатар, жеке сектор қаржысын да пайдалану арқылы дамытумен ерекшеленді.
Иран өнеркәсібінің жалпы өнімі жылдық 13%-ке өсе отырып 81%-ке жетті және 1962/бЗжж. жалпы ұлттық өнімнің 11% құраса, 1967/68жж. 13%-кежетті.
Бірінші бесжылдық кезінде бастауыш және орта білім беретіп мектептерді дамытуға ерекше көңіл бөлді. Дегенмен, мектептер санының , өсуіне қарамастан өзінің сапасы жағынан заман талабына жауан бермеді. Сөндықтан оқыту бағдарламаларына күрделі өзгерістер енгізу керектігі айқын сезілді.
Ел экономикасының қарқынды дамуына сәйкес келмейтін соғысқа дейінгі әдістермен оқыту және гуманитарлық ғылымдарда оқитын студенттердің, техникалық ғылымдарды оқып үйренүшілердің санынан анағұрлым көп болуы (М. : ЖОО оқитын 6683 студенті 916-ы техникалық мамандықтарда оқыды. ) білім сапасын реформалаудың әлі де жеткіліксіз екенін көрсетті[35; 14-15 б. ] .
Екінші бесжылдықтың міидеттерінің бірі өндірісті қарқынды дамытып, өндірістік тауарларды экспорттауды үлкейтіп кейбір импорттық тауарлардан бас тартуға бағытталды. Өндірістің өсуінің ектенін жыл сайынға 15% үлкейтіп отыруға жоспарлаған 2-бесжылдықта өндіріске бүкіл инвестицияның 26% -ын құрайтын 207 млд. рпал бо. тіпді. Елді индустриализациялау мақсатында екінші бесжылдық жоспары негізінде техникалық мамандықтарға айтарлықтай қаржы бөлу көзделді Анығырақ айтқанда, зерттеушілердің пікірінше Иранның өндіріс саласының өлке 313 мың 1 19 мың маман жұмысшылар болуы керек еді.
Осы 2-бесжылдық жоспар бойынша транспорттық қажеттіліктерге 89 млд. риал бөлінді. Бұл қаражатты стратегиялық маңызды объектілерге жұмсау көзделді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына 13 млд. риал бөлінді, ауруханалардағы орындарды 14500-ге көбейтілді
Екінші бесжылдық жоспарды орындай барысында өнерксәіп саласында біраз жетістіктерге жетті және Иран бірақ өнірістік тауарларды шекаралас елдерге экспорттай бастады. Мұндағы қаржы айналымдарды тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жеке сектордың қаржысы да айналымда болды. [38; 16-196. ]
Иран экономикасының құрылымын қайта құру кезінде яғни 2- бесжылдық жоспарын жүзеге асыру бойынша экономиқаның барлық салаларын дамытуды қарастырды. Дегемен, Иран өзінің ішкі қаржысын жоспарды толығымен орындауға шамасы келмейтін еді, оның устіне Иранның негізгі пайда көзі болып табылатын.
Мұнайы өзіне толығымен тиесілі емес еді. Ішкі қордың аздығынан және шет ел валютасына деген сұраныстың 2-бесжылдық жоспарын жүзеге асыру үшін қажеттілігі артуынан, керісінше Иранды хахалықаралық монополистерден қарызды көбірек алуға, мұқият етті. Мұның өзі монополистердің ел экономикасындағы орнының одан әрі бекітуіне алып келді.
Ішкі қаржының өте тапшылығы мен империалисттік елдердің көмек көрсетуге ниет білдіре қоймауын ескере отырып Иран үкіметі кеңестік мемлекеттерден қаржы алуына болатын, бірақ өз мүдделерін ойлаған Иран билеушілері бұған бармады. Керісінше, экономикалық объектілер салғызу мақсатында елге 40 млд. риалға жуық шетел инвесторларын тартты.
Осылайша елдегі барлық экономикалық объектілердің ширек бөлігі шет елдіктер қарамағында болды. [35; 45 б. ]
Шетел инвесторларының жекеменшік секторының ақша саласының негізгі ағымы мұнай-химиялық өнеркәсіптер салуға әр түрлі маркадағы автомобильдерге дөңгелектер және Иранға, оның маңайындағы елдерге ең қажетті, қысқасы ақша көп әкелетін тауарлар жасап шығаруға бағытталған болатын. Иран ақпарат көздері бойынша, ол қаржы 1400 млн. риалды құрады Иранның қаржылық қиындықтан экономиканы тұрақтандыру арқылы дағдарыстан шығу үшін жасаған әрекеттерінің пайда бермеуі 1962-63жж аграрлық реформаларды жүзеге асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, империалистік елдермен қарым-қатынасының нығайюының барлығы 1950ж. мен 60ж. басында қаржы-валюталық дағдарысқа алып келді.
60-жылдардың басында әлемдік аренадағы куштер қатынасы біраз өзгеріске ұшырады. Социалистік елдердің ғылыми-техникалық дамуы.
КСРО-ның абыройының жоғарылауы және т. с. с. факторлар Иранның ішкі және сыртқы саясатына әсер етпей қоймады. Сол кезеңде басталған Азия, Африка және латын Америкасы сияқты елдерден отаршылдыққа қарсы көтерілістердің бөлек қалуы Иранды өзінің сыртқы және ішкі саясатының бағытын қайта қарауға мәжбүр етті. Осылайша шахтың өзі авторлық ете отырып «Ұлттық тәуелсіздік саясатын» жүргізе бастады бұл жалпы Иран Сыртқы істер министрлігінің «Жасыл кітабында» жуылған. Дегенмен, Иран басшыларының бұл саясаттың астарында өздерінің нағыз бет перделерін жасырды. Яғни, олар «тәуелсіз саясат» дей отырып СЕНТО) әскери-саяси одағына мүше болып қала берді және АҚШ пен жасасқан әскери-саяси келісімшартты да өз күшінде қалды. [36; 23-26 б. ]
Осылайша 60-жылдардың екінші жартысынан бастап. Иранның сілртқы саясаты қағаз жүзінде жаңа бағытқа бет бұрса, іс жүзінде бұрынғыдай «позитивті ұлтшылдық» принципіне негізделді. Кеңес зерттеушісі Е. А. Орловтың мына пікірімен толық келісуге болады "Иран сыртқы саясатындағы жаңа беталысты оның саясатындағы толық бетбұрыс деп Қарауға болмайды, оны Шығыс пен Батыс арасында өте икемді моневрлерді (айла-тәсілдерді) жүргізу деп атаған дұрысырақ болады».
Бұған қарамастан Кеңес үкіметі тату көршілік қатынастар орнатуға әрекет ете берді. Егер шынында да КСРО мен Иран арасында осындай келісімшарт жасалса, өнда КСРО Таяу және Орта Шығыс аумағындағы елдермен де бейбіт қарым-қатынас орнатып, өндағы имперпалистік елдердің ықпалын әлсірететін еді.
1960-жылдардың басында кеңес-иран қатынастарының жақсару белгілері пайда бола бастады. Бірнеше айлар бойы екі ел басшыларының пікір алмасуынан кейін Иран үкіметінен КСРО-та делегация (өкілдер) келетін болып шешілді. Ол делегацияны Иран премьерминистрі Шариф-Имаши бастап, Мәскеуде олар Кеңес-Иран қатынастарын қалыптандыру және екі жақта шешілуіне мүдделі мәселелер бойынша келіссөздер жургізіліетін болды. Бірақ империалистік елдердің ықпалымен Иран меджлисінде қаралып, кездесу жоққа шығарылды. Сонан кейін 2 жақты қатынасты реттеуге бағытталған жаңа қадамдар жасала бастады. 1961ж. мамыр айында Иран сыртқы істер министрі А. Арам мен кеңес елшісі Пегов арасында кездесу болып, сол жылдың тамыз айында пресс-конференция кезінде Иран өзін ешқашанда КСРО-ға қарсы «атом базасы» болмайтынын жалпылады.
Содан соң Иран тағы да айнымалы жол ұстай бастады бастады және 1961ж. қыркүйекте БҰҰ-на Иран КСРО антиирандық саясат жүргізіп отыр деген шағым жасады. [47]
Ең соңында 1962ж. Иран мен КСРО-ның қарым-қатынасын біржолата жақсаруына себеп болған оқиға болды, Ол Иран мен КСРО басшылары арасындағы үндеу алмасу болды. Бұл үндеусу бойынша Иран өз территориясында ешқандай елдің де ракеталық базасының болуына келісім бермейтініне куәландырды. Үндеу алмасу кезінде А. Арам Иран екіжақты қатынастардың жақсаруына тырысатынын және ешқашанда өз территорияларынан бірде-бір КСРО-ға қарсы агрессиялық акт жүргізүіне рұқсат етілмейтінін айтты.
Осы уақыттан бастап 1959ж. үзілген екі ел арасындағы сауда экономикалық қатынаста тіктеліп, 1957ж. 25 сәүірдегі жасалған келісім 1962ж. ратификацияланды. Сол жылдың 20-желтоқсанында кеңес-иран шекаралары туралы келісімнің ратификациялану грамоталарымен алмасты.
Дәл осы келісім шекаралық шиеленістерлі реттессе сонымен қатар шаруашылық қатынастардың дамуына да үлкен әсерін тигізді. КСРО мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруын ирандықтар, яғни қуана қарсы алды. Екі жақтың да өзара тиімді слуда-экономикалық қатынастарды орнатуға тырысуының арқасында 1963ж. 27-шілдеде Иран мен КСРО -нің экономика және техника салаларындағы әріптесгігі жайлы алғашқы қол қойылады.
Кейінгі жылдары айтарлықтай өзгерістер болды. КСРО Иран ауыр өнеркәсіп саласын дамытуға көмек беруге келісті. Ирен екі ел арасында жаңа экономикалық келісімшарт жасалды. Бұл келісім бопыпша КСРО Исфахан ауданындағы металлургиялық зауытты, Аракадағы машина жасау зауытын салуға көмек көрсететін болды. Иран мен КСРО әріптестер; барысында Иранда көптеген экономикалық маңызды объектілер тұрғызылды. Атап айтсақ, Саве-Астара ғаз құбыры, Тебриздегі ЖӘС және бұған қаналындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий жағалауындағы жаңа портты салу және т. с. с. [47]
70 жылдары Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және халықаралық саясаттағы шах режимінің реакциялық тенденцияларының күшеюі.
70-жылдардағы Иран экономикасы жартылай феодалдық өндірістен капиталистікке өту процесінің аяқтаушы процесі ретінде сипатталады.
Капиталистік даму жолына түскен Иран аз уақыт ішінде артта қалған аграрлық мемлекеттен аграрлық-индустриалды державаға айналды. Бұл Иран қоғамның әлеуметтік құрылымына біраз өзгеріслер әкелді.
Иран экономикасының қарқынды дамуы әсіресе екінші бесжылдықты орындай (1967/68-1972/73) кезінде байкалды. Жалпы ұллтық әнім жыл сайып 11, 6% есе отырын, өнеркәсіп өндірісі 4 есе көбейді.
70-жылдардың басында шах режимі Иранды қазіргі заман, өнеркәсібі, дамыған ауылшаруашылығы, жаңа техникамен жабдықлалған қуатты әскері бар әлемнің алыңғы қатарлы елдерінің біріне айналдырамыз деген амбициялық мақсаттар қойды. Осыны жүзеге асыру мақсатында үшінші бесжылдық (1972/73-1977/78) жоспарды қабылдады.
Иранның шаруашылығының дамуына, үшін бесжылдық жоспары бойынша 2, 2 трл. Риал жұмсау көзделді. Оны былайша бөлді: ауыл шаруашылығына - 316 млд. риал ауыр өнеркәсіпке - 200 млд., әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарын салуға - 130 млд., білім мен әлеуметтік-мәдени іс-шараларға - 315 млд, газбен қамту жүйесін дамытуға - 77млд. қалалық жәнеі ауылдық жерлерде байланысғы дамытуға - 70 млд, энергетикаға - 54 млд, саладағы зерттеу-жұмыстары үшін 11 млд. риал.
Жаңа бесжылдық жоспар өзіне мынадай бығаттарды енгізген : білім мәдениет дәрежесін көтеру иран халқының денсаулығы мен жақсы өмір сүруіне жағдай жасау; ұлттық кірісті барыша тиімді бөлу теңестірілген және тұрақтылыққа негізделген экономиқаның даму қарқынын сақтап қалу; жаңа жұмыс орындарын құру; қазіргі бар өндірістң барлық қуатын толығымен қолдану, жұмыс өнімділігін арттыру. [27; 46. ]
Үшінші бесжылдықта өндірістің орташа 20-23, 2% соның ішінде мұнай өнеркәсібінің 26, 3% жоғарылату көзделген болатып. Осымен қатар ауылшаруашылығының үлесін 16, 6-дан 12, 5-ке түсіріп осылайша Иран ішкі Ұлттық кірісінің құрылымы өзгеріске ұшыратты.
Орташа есеппен есептегенде мына экономикалары сәйкесінше қарқынмен өсіп отыру керек еді: ауыл шаруашылығы - 5. 5%, мұнай өнеркәсібі - 11, 6%, энергожабдықтау - 22, 0%, құрылыс, 3, 0/2, сумен жабдықтау 12%, тау кен ісі - 15, 3%, басқа да салалар 15% жоспарлық тапсырмаларда өнеркәсіптің әр түрлі салаларына ерекше бөлінген. Жеңіл өнеркәсіп құрылысы мен қатар жылдамдатылған түрде ауыр өнеркәсіп құрылысы да жүріп жатты. Сөндықтан 1974/1975 жж. жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіп үлесі 72, 1% шығып кетті.
Иран халқының мүдделері елдің байлығының қайнар көзі мұнай саласындағы трансұлттық корпарацияларының үстемдігіне қарсы күрес жургізуді талап етті. 70-жылдардың басы мұнай өндіруші елдердің Монополистерге қарсы күрес толқынымен ерекшеленді. ОПЕК- ке мүше елдердің өзара ат салысулардың арқасында біраз жетістіктерге жетті.
1971ж. Парсы шығанағындағы ОПЕК-ке мүше (Иран, Сауд Аравиясы, Кувейт) елдермен империалистік мұнай компания басшыларының арасында келісімшарт жасалды. Ол бойынша, сұралатын құн мұнайға 35 цент қосылды.
1973ж. ОПЕК-ке мүше елдердің күресінде шешуші жылға айналды. Қыркүйек айында Зенада болған төтенге кездесуде сұралатын құн 17% жоғарылайтыны белгілі болды. Мұның өзі елдердің экономиксаына өте үлкен оң әсерін тигізді. Сол жылдың желтоқсан айында Тегеранда әкеліп кездесу кезінде 1974ж. 1-каңтарынан бастап сұралынатын құн : 1, 65$ құрайтын болды.
Мұнай өндіретін елдердің бұл шешімі батыс елдерінен әлемдік экономиканы тұрақсыз ететін фактор ретінде қарастырылды. І973 ж. 29-желтоқсанында АҚШ президенті Р. Никсонның тапсырмасымен мемлекеттік хатшы Г. Киссинджер Тегерандағы келісімшартты қайта құрауды талап еткен хатты шахқа табыс етті. Мұның өзі ОПЕК-ке мүше елдердін ішкі істеріне араласудың жарқын көрінісінің бірі.
Иран үкіметінде енді өз жоспарларын орындауға мүмкіндік тулы. Дерек көздерінің айтуынша, 1962/63 жылдан 1975/76 жж. Аралығында жалпы ұлттық өнім 6, 5 есеге өскен және жан басына шаққанда 14, 8 мың риалдан 110, 9 мың риалға өскен, бұл деген 7, 5 есеге жуық.
Қалыптасқан қолайлы қаржылық жағдайға қарамай монархиялы Иран күрделі мәселелерге кездесті. Яғни, елге келіп жатқан ақшаның көп бөлігі үлкен бюрократиялық аппараттың қажеттіліктерінен басқа. Иран әскерлерін ең соңғы технологиялы қымбат қарулармен қаржыландыруы үшін кетті.
Мұндай саясат, ауылшаруашылық саласына ойсырататын соққы болды 60-жылдардың басында жүргізілгеп аграрлық реформа елінің пайдасын бере қойған жоқ. Бұған себеп болған экономикалық базаның болмауы, қаржының жетіспеуі немесе мамандандырылған кадрлардың болмауы еді. 1973ж. прессаның жазуына сүйенсек, Иранның бидайға деген тапшылығы 1 млн. Т. құраған. Ауыл шаруашылығының деградацияға ұшырауын тағы бір себебі, халық санының өсуі де болды. Халық саны өсісімен ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныста өсті. Оған қоса импортталатын тауарлардың бағасы да көтеріліп кетті.
Ауыл халқының қалаға қарай миграциясы да кушейіп кетті. Урбанизация құблысы мұнда тек қана "қаланың тартқыш күшінен емес сонымен бірге ауылдардағы терең дағдарысқа, салыстырмалы түрде қаланып өнеркәсібі дамығандығы, ЖОО-ның санының көбейюі және олардың түлектерін қалада қалың қоюы да себеп болды.
Иранның экономикалық дамуы 70-жылдарда экономикалық өнеркәсіптік кешенді қалыптастырды. Бұл кешен негізінен әлемдік капиталистік өндіріспен тікелей байланысты. Елге мұнайдан кешен қаржы көбейе бастаған кезде, бұл кешен аяққа тұрған болатын. [50]
Үшінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде Иранда жоғары Маманданған кадрлардың жетіспеуі өте терең байқалды. Елге кұйылып келе жатқан қаржының дұрыс бөлінбеуі және етек алған жоғарыдағы жемқорлықтың кесірінен ақша жетіспеушілігі де мәселеге жемқорлықтың кесірінен ақша Шах режимі әскери қуаттылықты күшейту молархиялық Иран үшін ең тиімді жол деп санаған.
Басшылар бұл мәселеде АҚШ-қа ерекше үміттеніп 70-жылдардың басы АҚШ пен Иранның әскери-саяси қатынастардың нығаюымен сипатталады.
Шах режимі АҚШ пен әскери-саяси қатынастарын жақсартуға қуана барды себебі Иранның ойынша бұл жолмен Иран қуатты әскері бар елге айналамып немесе өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеміз деп үміттенеді. Өз уақытынсында АҚШ үшін де Иран әскерлері бақылау өте тиімді еді. Себебі, ол арқылы Таяу және Орта Шығыс аймағын да бақылай алады.
Сөндықтан АҚШ Иран әскерін ең соңғы әскери техникамен жабдықтап соғыс жүргізудің ең зор әдістерін үйретті. 70-жылдарда пайда болған "Никсон доктринасы" бойынша, АҚШ өзі бақылау жүргізіп отырған дамушы елдердегі өз арсеналынан ядролық емес қару-жарақ сататын еді.
Консервативті режимдегі елдердің әскерлерін АҚШ қаруландыру арқылы олардың көмегімен кеңес үкіметінен төнген қауіпке және бұрынғы отар болған елдердегі ұлтазаттық қөзғалыстарға қарсы соғысы. Бұл процеске стратегиялық маңызды ел - монархиялық Иранға ерекше мән берілді. [34; 4-8
б. ] "Эттелаат" газетінің хабарлауынша 1973 ж. 23 ақпан күні Иран АҚШ-пен 2 млн. Доллорлық қазіргі заманғы әскери қару-жарақ сатып алу туралы келісім жасалды. Жалпы 1976ж. АҚШ Иранға 18 млд $ қаржыға қару-жарақ жеткізуі керек еді.
1973 жылдан бастап ирандық әскери күштерді модернизациялау басталды. 1977ж. Шілде айында Иран әскерінің саны 342 мың адамнан асты, оның 220 мыңы жаяу әскерді құраса, 100 мыңы - әскери-ауа күштерінде. 22 мыңы - әскери-теңіз күштерінде болды. Одан басқа 1980-ж. Қарай таяу құрғақтағы әскерлері 3 мыңнан астам танктермен қамтылуы жоспарланды.
Оның құрамында "Чифтен", "Скорпион", "Викперс" маркалы танктер бар еді. Әскери-теңіздік флоттарды сатумен қатар, 60-жылдаржың ортасында Шығанақтың жағалауға жақын жерлерінің экономикалық жағдайына да көп көңіл бөлініп, иран үкіметімен елдің оңтүстік бөлігін дамытудың 15 жылдық жоспары жасалды. Бендер-Аббас, Бендер-Бушир, Бендер-Шахпура сияқты порттарды түбегейлі қайта жөндеуден өткізді. Осының арқасында жүкайналым өсті. Негізгі бағдарды әскери объекттерді құруға бағыттаған Иранның 1978 ж. Соңына қарай 5 әскери-теңіз флоты бар еді: Пехлеви, Харемшехр, Харк, Бушир, Бендер-Аббас, ЧахбеХлрда жер асты кемелері үшін әскери база салынған еді. 1970 жылдары Шах режимі 1923ж. Салынған әскери-әуе күштерін (ЭӘК) қайта қаруландыра бастады.
АҚШ-тан алдыңғы қатарлы техника сатып алуға миллиардтаған долларлар жұмсалады және 1978ж. Иранның ӘЭК-ц (әуе ұшақтары) 350 соғыс ұшағы, 400 тік ұшағы, соның ішінде 177 "Фантом ұшақтары, 125 бомбалаушы - жоюшы "Ф-5" ұшақтары және 15 "Ф-14А" және 'Томкэт т. б. ұшақтары болды. Және де АҚШ-тан "Ф-16" ұшақтарының 160 данасып 3, 2 $ сатып алу туралы келісім жасасты.
Әскери модернизация кезінде Иран миллиардтаған ақша шығындалды. 1976/1977 жылдары әскери шығын 8, 1 млд. $-ға әскери техника сатып алды.
Бұл шығындар шешілуі керек болған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің орнына жұмсалып кетті де. кейіннен ел экономикасына аса ауыр зардабын тигізді. Шахтық режим эпизодық жоспарлары қазіргі заманға сай қару-жарақпен шектеліп қоймады. осылайша бұл мақсатқа жасаған алғашқы қадамы 1974ж. Құрылған Атом энергиясы бойынша ұйым құрды. Бағдарламаның негізгі мақсаты 80-жылдардың соны мен 90-жылдардың басына қарай (энергия) барлық өндірістік қуатты атом энергиясына ауыстыру болды. [1; 46. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz