Қылмыстық құқықтағы қылмысты істеу сатылары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

І ТАРАУ

1. 1. Қылмыстық құқықтағы қылмысты істеу сатыларының түсінігі және маңызы . . . . . . 7-15

1. 2. Қылмысты істеу сатыларының түрлерінің сипаттамасы және қылмысқа дайындалудың ұғымы . . . 16-25

1. 3. Қылмысқа оқталудың ұғымы және түрлері……… . . . …. …26-35

ІI ТАРАУ

2. 1. Аяќталған қылмыс және оның белгілері . . . 36-41

2. 2 Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері42-43

2. 3. Қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту және оның белгілері . . . 43-53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-56

ТЕРМИНДІК СӨЗДІКТЕР . . . 56-57

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТЗІМІ . . . 57-58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59-62

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде ұйымдасқан түрде жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Ұйымдасқан түрде қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасының ІІМ статистикалық мәліметтері бойынша Республикада 1997 жылы 148053 қылмыс тіркелсе, ал 1998 жылы - 173858; 1999 жылы - 200873; 2000 жылы - 206006; 2001 - жылы 201796; 2002 - жылы 183913; 2003 жылы - 183977; 2004 жылы -165401; 2005 ж - 142100; 2006 ж - 139431; 2007 ж - 150790 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, бүкіл Республика көлемінде соңғы 6 жылда 2002 ж-18928; 2003 ж-22185; 2004 ж-24712; 2005 ж-20641; 2006 ж-20518; 2007 ж-17066 топ адамдардың жасаған қылмыстары тіркелген. Егер, осы топ адамдар қылмыстарының жалпы қылмыстылықтың ішіндегі үлес салмағын анықтасақ, онда 2002 жылы тіркелген қылмыстарда топ адамдардың қылмыс жасауы 9, 4%; 2003 ж-10, 7%; 2004 ж-12, 2%; 2005 ж-11, 2% 2006 ж-11, 1%; 2007 ж-10, 5% алады.

Бұл мәліметтер бойынша жалпы қылмыстылықтың динамикасы 2000 жылғы дейін өсіп, кейінгі жылдары қарқыны сәл төмендеген. Ал топ адамдардың қылмыс жасауы 2004 жылға дейін өсіп, одан кейінгі жылдары азайыңқыраған. Конституцияның 5 бабының 3 тарауында “Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметтеріне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынады”-деп заңды мүдделерге ұйым болып, қарсы әрекет жасауға да тиым салған. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Бұл бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағаланды. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды. Бұл мәселе туралы профессор Ө. С. Жекебаев “жаңа, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайға бейімделудің күрделілігі, барлық күшіндегі заңдардың өзгертілуін талап етті. Бірақ 1994 жылғы сот-құқық реформасы айтарлықтай нәтиже бере алмады, оның объективтік және субъективтік себептері де болды”- деді

Профессор Е. І. Каиржанов “Социалистік қағидадан аяқ астынан бас тарту және елде нарықтық экономиканы жариялау сөзсіз, қалыптасып қалған құқықтық жүйені түпкілікті реформалауды талап етеді” деген. Соның бір көрінісі ретінде қылмыстық заң да 1997 жылдан бастап үнемі қазіргі әлеуметтік-қоғамдық, экономикалық жағдайларға сәйкестікке келтіруде. Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы төрт жылда Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтары мен қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: “Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі” 1992 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы” 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы” 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, “Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, “Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы” 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”1995 жылғы 18наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша қылмысқа қатысушылық нысандары анықталып және алғашқы рет арнайы жеке бапта көрсетілді Сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен құқық қорғау органдарының жетекшілері ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныстар да білдіруде. 1

Сонымен бірге осы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 17 наурыздағы №2122 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық ұйымдастырғаны немесе оларға басшылық еткені, қылмыстық қауымдастыққа қатысқандығы үшін қылмыстық жауаптылық жүктейтін бабтарыда дүниеге келді. Бұған заңды негіз туындады. Себебі елдің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ұйымдасқан қылмыстылықтың әртүрлі көріністері пайда болып, қарқын ала бастады. Әбдіров Н. М. осы мәселе туралы “соңғы кезде ұйымдасқан және маманданған қылмыстылықтың нашақорлық және наркобизнес саласында өзінің бақылау жүргізуге тырысуы күшейгенін байқауға болады” деген болатын 2Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын бірлесіп қылмыс жасаушылыққа қылмыстық-құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған.

Сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1959 жылғы ҚазССР - нің Қылмыстық кодексінің көптеген ережелері елімізде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге, сондай - ақ адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға сәйкес келмеді. Сол себептен де 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмысқа дайындалу, қылмысқа оқталу, қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту мәселелері жаңаша көзқараспен баяндалған.

Қоғамдық экономикалық формацияның жаңа тұғырына аусықандықтан, сәйкесінше қоғам өмірінде туындап жатқан жаңа қоғамдық қатынастарды реттеу үшін бірқатар жаңа нормативтік құқытық актілер қабылдағандықтан, ескі ҚазССР-нің Қылмыстық кодексінің ережелерін жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерімен салыстыра отырып, теориялық тұрғыдан түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты ғылыми негізделген нұсқауларды өңдеп шығару қажеттілігі туындады. Қымыстық құқыққа байланысты отандық және ресейлік әдебиеттерде монографиялық сипаттағы еңбектер және қылмысты істеу сатысына қатысты әртүрлі мәселелерді қозғайтын ғылыми мақалалар болғанымен де, олар қазіргі таңда едәуір дәрежеде ескірген. Себебі олардың барлығы да 1958 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдар Негізінде және 1959 жылғы ҚазССР - нің Қылмыстық кодексі негізінде жазылған.

Осы себептен де жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін қолдана отырып, қылмысты істеу сатыларына талдау жасаудың ғылыми --тәжірибелік мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру өте маңызды және өзекті болып табылады.

Осы жоғарыда аталған мән - жайлардың болуы магистрлік зерттеудің тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты келесіде: 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қылмысты істеу сатылары туралы ережелерін ғылыми талдау, қылмыстық заңды жетілдіруге және оның сот - тергеу тәжірибесінде қолданылуын жақсартуға байланысты теориялық тұрғыдан негізделген ұсыныстарды кешенді түрде өңдеу.

Осы мақсат зерттеудің мазмұнын құрайтын келесі міндеттерді анықтайды.

Бұл міндеттер:

  • Алғашқы қылмыстық қызметтің әлеуметтік құқықтық мазмұнын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңы мен Ресей Федерациясының қылмыстық заңына салыстырмалы түрде талдау жасау;
  • Қылмысты істеу сатылары үшін жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар енгізу.

Зерттеудің объектісін және зерттеу пәнін 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің қылмысты істеу сатылары туралы ережелері, Қылмыстық кодекстің баптарын пайдалануға байланысты сот - тергеу тәжірибесі құрады.

Берілген тақырыппен жұмыс жүргізу барысында салыстырмалы құқықтанудың жекелеген ғылыми әдістері, тарихи және логикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізін аталған мәселе бойынша қылмыстық құқық ғылымында орын алған ережелер мен қорытындылар құрайды.

Жұмысты жазу барысында арнайы әдебиеттер, оның ішінде отандық, ресейлік еңбектер кең түрде қолданылды.

Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы мен сот - тергеу тәжірибесі құрайды.

Жұмыста алғаш рет 1997 жылғы Қылмыстық кодекс қабылданғалы бері қылмысты істеу сатыларының мәселелерін кешенді түрде зерттеуге талпыныс жасалынған. Қылмысты істеу сатыларының түрлері, қылмысқа дайындалудың нысандары, орташа ауырлықтағы қылмысқа дайындалуды криминализациялау мәселесі талқыланылып, қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен пікірлер негізделген.

Осыған байланысты қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:

  1. Қылмысты істеу сатыларының нақты анықтамасы Қылмыстық кодекстің арнайы бабында көрініс табуы қажет. Яғни, «қылмысты істеу сатылары дегеніміз - қасақана қылмыс жүзеге асырудың нақты кезеңдері. Қасақана ойды қалыптастыру, қасақана ойды табу қасақана қылмыстың сатысы ретінде қарастырылмайды».
  2. Орташа ауырлдықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғандығы үшін тұлға жауаптылыққа тартылады.

Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдамалар сот - тергеу тәжірибесінде, қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты қолданыла алады.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫ ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Заңшығарушы қылмыстың (ҚР ҚК 9 бабы), қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде қылмыс құрамының (ҚР ҚК 3 бабы), қылмыстың субъектісінің (ҚР ҚК 15 бабы) түсінігін бергенде аяқталған, яғни біткен қылмысқа қатысты береді. Қылмыстық кодектстің Ерекше бөлімінде сипатталған нақты қылмыс түрлері де аяқталған қылмыстарға қатысты берілген. Бірақта бәрімізге мәлім, өмірде белгілі бір себептерге байланысты тұлғаның ойының аяғына дейін жетпей қалған жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, қылмыскер өлтіру мақсатымен пистолет салып алды, бірақ та сатып алу барысында ұсталынды. Немесе, пистолетпен ату барысында мүлт кетті де, жәбірленуші тірі қалды. Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы және сот - тергеу тәжірибесі қылмыстық заңға сүйенен отырып, қылмыстың жасалыну кезеңдерін бөліп қарастырады. Қылмыстық құқықтың қалыптасуы барысында қылмысты істеу сатыларының ұғымына, түрлеріне байланысты әртүрлі көзқарастар орын алып отырды. Сондықтан да, алғашқы қылмыстық қызмет сатыларының түрлерін талдамастан бұрын осы көзқарастарға шолу жасау орынды.

Қасақана қылмыстық қызмет белгілі бір кезеңдерден тұратын адамныњ саналы, бағытталған қызметініқ бір түрі болып табылады. Ең алдымен адамда белгілі бір ой туындап, ол µзініњ алдына нақты мақсат ќояды. Содан кейін, ол белгілі бір баѓытта єрекет ету үшін шешім ќабылдап, тілеген маќсатына жетуге ұмтыла бастайды. Ойға алѓанын орындау ‰шін ол дайындыќ єрекеттерін жасап, кейін іс-ќимылды орындауѓа жєне алдына ќойѓан маќсатќа жетуге кіріседі.

Ойдыњ туындауы жєне оныњ ќалыптасуы - адамныњ санасында болатын жєне оныњ баѓытталѓан єрекетініњ алдында жүретін процесс, сондыќтан да адамныњ ойыныњ наќты єрекетте бейнеленуін білдіретін қызметтің кезеңі болып табылмайды.

Қылмыстық қызметтің сатыларыныњ ќылмыстыќ-ќ±ќыќтыќ т‰сінігі ќылмыстыњ наќты µмірдегі дамуына сєйкес келіп, объективті процесті бейнелейді. Ќасаќана ќылмыстыќ ќызмет ‰ш сатыдан: дайындалу, оќталу жєне аяќталѓан ќылмыстан т±рады. Осыѓан сєйкес, ќылмыстыќ ќызметтіњ ‰ш сатысын ажыратуымызѓа болады: ќылмысты жасауѓа дайындалу сатысы, ќылмысты жасауѓа оќталу сатысы жєне аяќталѓан ќылмыс. Алѓашќы екі саты алѓашќы немесе аяќталмаѓан ќылмыстыќ ќызметті ќ±райды.

Н. Ф. Кузнецова ќылмыстыќ ќызметтіњ даму сатыларын ажыратып, оларѓа дайындыќ єрекеттері мен ќылмысты орындауды жатќызып, аяќталмаѓан ќылмыстыњ т‰рлерін - дайындалу жєне оќталуды жатќызад3 ¦ѓымдардыњ б±ндай екі т‰рлілігі тиімсіз. Ќылмыстыќ ќызмет сатысы ‰шін жауаптылыќ мєселесі аяќталмаѓан ќылмыстыќ ќызмет жаѓдайында туындайды, сондыќтан да ќылмыстыќ зањда зањ шыѓарушы «ќылмысты істеу сатылары» терминін ќолданбаса да, ќылмысќа дайындалу жєне ќылмыс істеуге оќталу ‰шін жауаптылыќ белгіленген.

Ќылмыстыќ ќызмет барлыќ жаѓдайда бірдей барлыќ ‰ш сатыдан: дайындалу, оќталу жєне аяќталѓан ќылмыстан т±ра бермейді. Пайда болѓан ой дайындалу жєне оќталу сатысынан µтпей, тікелей аяќталѓан ќылмыста ж‰зеге асырылады.

Алѓашќы ќылмыстыќ ќызмет ‰шін жауаптылыќ с±раќтары ќылмысќа дайындалу жєне оќталуды ж‰зеге асырѓан соњ, кейін аяќталѓан ќылмысты орындаса туындамайды.

Аяќталмаѓан ќылмыстыќ ќызмет ‰шін жауаптылыќ мєселесі ќылмысќа дайындалу жєне оќталу сатысында, кінєлініњ еркінен тыс мєн-жайларѓа байланысты аяќталмаса туындайды.

Ќасаќана ќылмыстарда ќылмысты жасау ойыныњ пайда болуы ќасаќаналыќтыњ ќалыптасуы, ќылмысты ойлау, немесе - «жалањ ќасаќаналыќ» деп аталады.

Ќ±л иеленушілік жєне феодалдыќ ќ±ќыќта жоѓары билік µкілдеріне ќатысты ќылмысты ойлаудыњ µзі ауыр ќылмыс деп танылады. 1845 жылѓы тµњкеріске дейінгі ќылмыстыќ жєне т‰зеу жазалары туралы Уложенияда ќылмысты ойлаудыњ µзі жазаланатын. Осы Уложенияныњ 241 бабында «жоѓары мєртебелі императордыњ µміріне, денсаулыѓына жєне ар-намысына ќарсы кез келген ќасаќаналыќ ойлар, оны таќтан тайдыру, бостандыѓынан жєне жоѓары биліктен айыру немесе б±л ќ±ќыќтардан айыру».

Шындыѓында ќасаќаналаќ ойдыњ ќалыптасуы ќылмыстыќ-ќ±ќыќтыќ ќатынастардыњ пєні болып табылмайды. Ќылмыстыќ ќ±ќыќтыњ жалпыѓа мєлім ќаѓидасы - ойлар жазаланбайды. Ќасаќаналыќтыњ ќалыптасуыныњ жазаланбаушылыѓы ой жєне сенім бостандыѓынан халыќаралыќ жєне конституциялыќ ќ±ќыќтарынан туындайды.

Қылмысты істеу сатыларының даму кезењдерін қылмыстық қ±қық доктринасы дайындық және оќталу деп қарастырды. А. Н. Трайнин бір іс-әрекеттіњ єр т‰рлі жаѓдайда кейде ќылмыс болып, кейде ќылмысќа дайындық болып келуі м‰мкін деп пайымдаѓан. Анық емес µзгерулерді қайта қарау арқылы қылмыспен оѓан дайындық ‰стіндегі (қылмыскер атынан) кісі µлтіруге немесе ±рлық жасау әрекетінде тәжірибе жүргізген. Мәселен, есікті бұзу. Бірінші жағдайда кісі өлтіруге дайындық, екінші жағдайда сол іс-әрекеттер негізінде ұрлық жасалу. Сондықтан, заң шығарушы орган, «тек алдын-ала бір ғана іс әрекет (қызмет) негізінде қылмыстың алдын алуға бағытталған, нәтижесінде қоғамға зиянын тигізбейтін бір ғана топ болуы керек» деп тұжырым жасайды. 4

Ішкі алдын-ала әрекет негізінде әрбір нақты жағдайларда есепке алынып отыратын кезеңдер мен шектер белең алып отырды. А. Н. Трайниннің пайымдауынша есеп “заң шығарушы орган арқылы емес, бүтіндей алғанда сот шешімімен жүзеге асады”.

Осы мәселеге байланысты А. Н. Трайниннің әр түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттің кейде ќылмыс болып, кейде оған дайындық болып келуін теріске шығарған Н. Д. Дурманов тұжырымы әділ болып көрінді. "Іс-әрекетті дайындауға негізделген әрекет өзге жағдайда да өзгермейді. Бұл кезеңдегі әр түрлі мінез - құлық ондағы жағдайға емес, ќол с±ѓушылыќ жасаушы адамның адамның, яғни объектінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді іске асырушының мінез-құлығына байланысты. Сайып келгенде, кезең аралық шектік алдын-ала анықталып, сот қарауымен шешім қабылдамай, кеңекстік заң шығарудағы, ғылымдағы, сот тәжірибесіндегі саты бойынша анықтау мен олардың белгілерін негізге алады".

А. С. Шляпочников қылмыстық кезең мәселесінің шешімі оның қатысуы арқылы болған іс-әрекеттен бөлек, оның жеке басының қаупіне негізделіп шешілмеуі тиіс, - деп сызып көрсетті, әрі өзіндік деликт тудырмайтын жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке дайындық әрекетін алып тастауды ұсынды. 5 Осыған ұқсас ұстанымдағы (позициядағы) С. В. Познышев "адамдардың игілікті істерімен мемлекетке қатер төндіретін іс-әрекеттерді, өзге қылмыстарға дайындық ретінде емес, жеке қылмыс ретінде қарау керек" деген тұжырымды ұстанды. 6

Заң оқулықтарында қарастырылған қылмыстың іске асу кезеңдері жайлы пікірдің бар болуына қарамастан, заң шығарушы орган "қылмыс сатысы" ұғымына анықтама бермейді, әрі бұл терминді іс жүзінде қолданбайды.

Толық іске аспаған қылмыстық әрекеттің жалпы мазмұнының әр түрлі формасын көрсетуде қылмыстық құқық ғылымында термин үш түрі қолданылады: "қылмыстың іске асу кезеңі", "алдын-ала қылмыстық әрекет", және "қылмыстың даму кезеңдері". Бұл ұғымдардың мазмұнына байланысты көзқарас жайлы, терминологиялық түрде ажыратылып, әр түрлі болып келген.

Мәселен, Н. Ф. Кузнецова қылмыстық әрекетпен аяқталмаған қылмыстық әрекет түрлерінің даму кезеңдерін ажыратып алуды ұсынды. Даму кезеңіне дайындық әрекетімен қылмыстың іске асуын, аяқталмаған қылмыс түріне - қылмысқа дайындықпен ќылмысќа оќталу әрекетін жатқызды. Н. Ф. Кузнецова "қылмыстың даму сатысы" түсінігінің толық мазмұнын және өзіндік қылмысқа дайындықпен оќталуѓа байланысты қылмыстық жауапқа тартылытын әрекеттерді анықталмаған, - деп қарады. Ол "Қасақана қылмыс кезеңін қылмыстың даму іс-әрекетінде басты орын алып, негізді құрайтын - қылмыс жасауға бағытталғандық деп жазды. Дайындықпен оќталу әрекетіне жауапкершілік, белгілі бір адамның қылмысты бастап, оның іс-әрекетінің белгілі бір анықталған даму кезеңіне жетпеуі, яғни аяқталмауы қылмыскерге байланысты емес екендігін, сотта констатациялау керек". 7

Жалпы терминге байланысты "қылмыстың іске асу сатысы" Н. Д. Дурмановтың пайымдауынша екі мағынада қолданылады: 1) аяқталған қылмыстық әрекет кезеңдерін анықтау үшін; 2) қылмыстық әрекеттің аяғына жетпей тоқтатылған кезеңдеріне байланысты, қылмыстық әрекет жауапкершілігін анықтау үшін. Автор екіншісіне көп мән берген.

Н. Ф. Кузнецова өз кезегінде бұндай екі түрлі мағынаның заңда қолданылуын, яғни "қылмыстық кезең" ұғымының қылмыстық үрдіс әрекет кезеңі және аяқталмаған қылмыстық әрекет (даярлық және оќталу) түрінде берілуін анықталмаған, шатас тудырарлық жағдай деп қарады.

Бүгінгі күнде қылмыстың даму әрекетін үш кезеңге бөлу мәселесі өзекті болып табылып отыр: 1) қылмысқы дайындық, 2) қылмысқа оќталу, 3) аяқталған қылмыс. Бұндай тұжырымды көпшілік заңгер - ғалымдармен қатар, Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдары да ұстанады.

Қылмыстық кезең жайлы концепцияның жақтаушыларының бірі В. Д. Иванов. Аталған автордың салыстырмалы зерттеулерінің нәтижелері, алғашында В. Д. Ивановтың оќталу мен дайындық әрекетін аяқталмаған қылмыстық әрекет түріне жатқызып - қарама-қарсылық, кінә, жазаға тарту тәрізді белгілердің бәрі онда бар есептеген. 8 Біршама кейінірек қылмыстың іске асу әрекетін үш кезеңге бөлу жайлы сөз қозғайды. Сонымен қатар, ол " біршама ертеректе байқалған қылмыстық іс-әрекет кезеңінің " бар екендігін айтқанмен, ашып көрсетпейді. Монографиялық зерттеулерінде В. Д. Иванов қасақана қылмыстық әрекеттің даму кезеңдеріне мыналарды жатқызды: 1) қылмыс жасауға деген ойдың қалыптасуы, 2) қылмыс жасауға дайындық, 3) қылмыс жасау, аяқталған қылмыс . Кейіннен автор аяқталмаған және аяқталған қылмыс түрлерінің кезеңдерін бөліп көрсетеді.

Екіншісіне - қылмыс істеуге деген ниет, қылмысќа оќталу және аяқталған қылмыс.

Қылмыстық кезең концепциясын профессор Б. В. Здравомыслов та қолдайды. Қылмыстың іске асу кезеңін (дайындық, оќталу және аяқталған қылмыс) заң негізінде қалыптасты. 9

Бұл тәрізді тұжырымдар нақты жағдайға сәйкес келмейді және бұдан былайғы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заң шығарушы органына 1960 жылмен салыстырғанда ауқымды өзгерістер енгізілді, олар мыналардан тұрады:

  • Біріншіден, дайындық әрекетінінің деңгейі біршама кеңейді: оған мынадай дайындық түрлері, қылмысты жасау құралдарын даярлау, қатысушы адамдарды іздеу, қылмысты іске асыруға ќолайлы жаѓдай туындату кіреді (ҚР ЌР 1б. 24, РФ ЌР 1б. 30) ;
  • Екіншіден, ауыр қылмыспен өте ауыр қылмыс түрлеріне жауаптылыќ (ҚР ЌР 1б. 24, РФ ЌР 1б. 30) ;
  • Үшіншіден, оќталудың құрамымен іс-әрекетінде тікелей тұлғаның әрекеттенбеуі (ҚР ЌР 24 б және РФ ЌР 3б. 30) ;
  • Төртіншіден, дайындықтың арнайы түрі енгізілді, ол қылмыскердің қатысынсыз қылмыстық әрекеттің аяқталмауы (ҚР ЌР 24б. 1б және РФ ЌР 3 б. 30) ;
  • Дайындалу мен оќталуѓа жаза қолдану түрінің түпкілікті өзгеріске ұшырауы (ҚР ЌР 56б және РФ ЌР 66 б) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жазаланушылықтың негіздері және аяқталмаған қылмыстың түсінігі
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары
Қылмысты істеу сатылары
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz