БСҰ - халықаралық жүйенің негізі



Кіріспе
І. БСҰ құрылу тарихы
1.1 БСҰ . халықаралық жүйенің негізі
1.2 БСҰ.ға мүше болу механизмі
ІІ. Қазақстанның БСҰ.ға кіруінің оң және
теріс жақтары
2.1 Қазақстан БСҰ.ға кіру шарттары
бойынша келіссөздер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымы - әлемде ең ірі глобальды ұйымдардың бірі. Бұл ұйым тәуелсіз мемлекеттерге көп мүмкіндіктер береді. Тәуелсіз мемлекеттер нарығының негізгі компоненті, халықаралық сауда жүйесіндегі интеграцияны дамыту. Бұл елдерге, өздерінің даму стратегияларын құру мен көптеген құқықтар беріледі.
Бүгінгі таңда БСҰ-ға кіру мәселесі өте өзекті, барлық дамыған елдер бұл ұйымға кіреді, біз де осыған тырысуымыз керек. Өзіміздің экономикамызды халықаралық деңгейге көтеру, Қазақстан өнімдерін әлемдік нарыққа шығару, халық табысын көтеру үшін мемлекет БСҰ-ға кіру керек. Бірақ біз мерзімдерді анықтап, көп жұмыс істеуіміз керек. Осыған байланысты біз БСҰ-ны барлық жақтарынан зерртеуіміз қажет. Бұл баяндаманы жазған себебім де осы.
Баяндамада тарихнамалық, деректемелік шолу жасалынды. Деректер: келісімдер, келіссөздер, меморандумдар пайдаланылды. Көптеген зерттеушілер, экономистер, журналистер, жалпы ғалымдардың еңбектері қолданылды. Олар: Н.Исингарин, А.С.Греченкова, С.Смирнов, Р.Н.Жакупова және т.б.
БСҰ- ның құрылуы сонау 1947 жылы құрылған ГАТТ-тан негіз алды. БСҰ - 1995 жылы 1 қаңтарда «Уругвай раунды» келісімдерінің нәтижесінде, ал ГАТТ - 1947 жылы 30 қазанда ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. ГАТТ Бреттон-Вуд жүйесінің институттарына кіреді. 1944 жылы АҚШ-та Халықаралық Валюта Қорын және Бүкіләлемдік Банкті құру жөнінде конференция өтті, сол кезден бастап БСҰ-ны құру ойға алынған еді, көптеген себептерге байланысты бұл ұйым әлі құрылмады, оның орнына ГАТТ пайда болды.
ГАТТ-та халықаралық сауда шеңберіндегі көптеген ережелер пайда болды, кейін бұл ережелер БСҰ-ның негізгі базасына айналды. 1986-1993 жж ГАТТ шеңберінде өткен көптеген кліссөздер «Уругвай раунды» деген атқа ие болды. «Уругвай раунды» 1986 жылы 20 қыркүйекте Пунта-дель-Эст қаласында басталды. Мақсаты: сауда-саттық мәселелерді шешу, халықаралық сауда жүйесіндегі тарифтік ставкаларды реформалау, ГАТТ құрылымында болған сауда-саттық ережелерді унификациялау. Жеті жыл бойы өткен «Уругвай раундының» келіссөздері сәтті аяқталды, қорытынды актіге қол қою 1994 жылы 15 сәуірде Марракеш, Мароккода өтті. Оған ГАТТ-қа мүше 120 ел қол қойды.
1. Жакупова Р.Н. Вступление Казахстана в ВТО положительные и отрицательные стороны. // Евразийское сообщество, 2000. №3. с.87-97
2. Шаймерденов К. Что ВТО всем нам готовит. //Деловой мир, 2003. №25. с.16-17
3. Есенбаев И. О процессе вступления Казахстана в ВТО. //Банки Казахстана, 2002. №8.
4. Договор о партнерстве Казахстана и ВТО. // Европейскии союз. 2002. №10.
5. Гречникова С. «Международные экономические организации», Москва, 1998.
6. Исингарин Н. «10 лет СНГ», Алматы, 2001.
7. Мырзахметова А. Деятельность ВТО в условиях глобализации мировой экономики. //Вестник КазГУ, 2002. №1 (23)
8.А.Пахомов Договоренности Уругвайского раунда и эвалюции ВТО. // Вопросы экономики, 2000. №8
9. Д. Тарр Казахстан возвращается к свободной торговле и реалистичному валютному фонду. // Финансист, май, 2000
10. Рамазанов М. Қазақстан және БСҰ. // НП, 4.10.2002. с.5
11. Смирнов С. Казахстан + ВТО брачный контракт и его последствия. //Континент, 2003. №24
12. Ким М. Правовые аспекты вступления Казахстана в ВТО. //Казахстанский журнал международноного права, 2001. №4
13. Қазақстан БСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер. // Дипломатия жаршысы, 2002
14. Интернет жүйесі

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. БСҰ құрылу тарихы

1.1 БСҰ - халықаралық жүйенің негізі

1.2 БСҰ-ға мүше болу механизмі

ІІ. Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің оң және
теріс жақтары

2.1 Қазақстан БСҰ-ға кіру шарттары
бойынша келіссөздер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымы - әлемде ең ірі глобальды ұйымдардың
бірі. Бұл ұйым тәуелсіз мемлекеттерге көп мүмкіндіктер береді. Тәуелсіз
мемлекеттер нарығының негізгі компоненті, халықаралық сауда жүйесіндегі
интеграцияны дамыту. Бұл елдерге, өздерінің даму стратегияларын құру мен
көптеген құқықтар беріледі.
Бүгінгі таңда БСҰ-ға кіру мәселесі өте өзекті, барлық дамыған елдер
бұл ұйымға кіреді, біз де осыған тырысуымыз керек. Өзіміздің
экономикамызды халықаралық деңгейге көтеру, Қазақстан өнімдерін әлемдік
нарыққа шығару, халық табысын көтеру үшін мемлекет БСҰ-ға кіру керек. Бірақ
біз мерзімдерді анықтап, көп жұмыс істеуіміз керек. Осыған байланысты біз
БСҰ-ны барлық жақтарынан зерртеуіміз қажет. Бұл баяндаманы жазған себебім
де осы.
Баяндамада тарихнамалық, деректемелік шолу жасалынды. Деректер:
келісімдер, келіссөздер, меморандумдар пайдаланылды. Көптеген зерттеушілер,
экономистер, журналистер, жалпы ғалымдардың еңбектері қолданылды. Олар:
Н.Исингарин, А.С.Греченкова, С.Смирнов, Р.Н.Жакупова және т.б.

І. БСҰ құрылу тарихы.

БСҰ- ның құрылуы сонау 1947 жылы құрылған ГАТТ-тан негіз алды. БСҰ -
1995 жылы 1 қаңтарда Уругвай раунды келісімдерінің нәтижесінде, ал ГАТТ -
1947 жылы 30 қазанда ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. ГАТТ Бреттон-
Вуд жүйесінің институттарына кіреді. 1944 жылы АҚШ-та Халықаралық Валюта
Қорын және Бүкіләлемдік Банкті құру жөнінде конференция өтті, сол кезден
бастап БСҰ-ны құру ойға алынған еді, көптеген себептерге байланысты бұл
ұйым әлі құрылмады, оның орнына ГАТТ пайда болды.
ГАТТ-та халықаралық сауда шеңберіндегі көптеген ережелер пайда
болды, кейін бұл ережелер БСҰ-ның негізгі базасына айналды. 1986-1993 жж
ГАТТ шеңберінде өткен көптеген кліссөздер Уругвай раунды деген атқа ие
болды. Уругвай раунды 1986 жылы 20 қыркүйекте Пунта-дель-Эст қаласында
басталды. Мақсаты: сауда-саттық мәселелерді шешу, халықаралық сауда
жүйесіндегі тарифтік ставкаларды реформалау, ГАТТ құрылымында болған сауда-
саттық ережелерді унификациялау. Жеті жыл бойы өткен Уругвай раундының
келіссөздері сәтті аяқталды, қорытынды актіге қол қою 1994 жылы 15 сәуірде
Марракеш, Мароккода өтті. Оған ГАТТ-қа мүше 120 ел қол қойды.
Уругвай раундының көпжақты сауда келіссөздерінің нәтижесінде:
1. БСҰ-ны құру туралы келісім, оған – министрлік декларациялар, қаржылы
қызметтер бойынша шарттар және т.б кіреді.
2. Қорытынды актіге мүше-елдер қол қойып, мынаған келісті:
а) БСҰ туралы келісімді қолдау.
б) министрлік декларациялар мен шешімдерді қабылдау.
3. БСҰ-ны құру туралы келісімге мүше елдер ХІV бапқа сәйкес ашық түрде
қол қоя алады.
4. ГАТТ-қа мүше елдер автоматты түрде БСҰ-ға да мүше болады.

1. БСҰ - халықаралық сауда жүйесінің негізі.

БСҰ - әлемде халықаралық сауданы реттейтін, ең ірі халықаралық,
глобальдық экономикалық ұйым. Оның басылымдылықтары: елдер экономикасының
көтерілуі, халық табысының деңгейінің жоғарлауы, жетілдірілген ақпараттар,
технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігі және Ғылыми Техниклық Прогресс.
Ресей сауда министрлігінің кеңесшісі А.Пахомов: "Әр түрлі елдердің
экономикасын көтеру үшін БСҰ өте көп жұмыс істеді. Қазіргі уақытта
халықаралық сауда көлемі, халықаралық өнім шығару көлемінен жоғары, 1948-
1998 жж халықаралық сауда орта есеппен 6%-ке, ал халықаралық өнім шығару
3,7%-ке өсті". 1
ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары В.И. Щегловски: "Қазіргі
замандағы шаруашылықтар байланыстарының жүйесіндегі барлық ережелер
жахандану процессі арқылы өтеді, ал МФҚ, БСҰ және Бүкіләлемдік Банк сияқты
ірі аймақтық коалициялар әлемдік экономикада маңызды орындарды алады". 2
Бүкіләлемдік Банктің жетекші экономисті Дэвид Тарр: "50 жылдық
тәжіребе ашық сауданың, протекционизмге қарағанда, әлдеқайда пайдалы екенін
көрсетті. Чили, Гонконг, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань
сияқты елдердің мысалында көреміз". 3
Қазіргі таңда оған әлемдегі 192 елдің, 146 елі мүше. Орталығы (штаб
квартирасы) Женева, Швейцарияда орналасқан, бюджетін 134 млн. швейцар
франкі (90 млн. доллар) құрайды. Хатшылық штаты 500 қызметкерлерден тұрады.
Басшысы – Бас директор, оны Министрлер конфернция тағайындайды. 1999 жылдан
2002 жылға дейін БСҰ-ның Бас директоры Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-
министрі Майкл Мур болған, қазіргі уақытта – Тайландтың бұрынғы премьер-
министрі - Супачай Таничпакди тағайындалды. Жалпы Бас директор уәкілдігінің
мерзімі 3 жыл. Ұйымның атқарушы органы – БСҰ Хатшылығы. БСҰ-ның жұмысшы
тілдері – ағылшын, француз және испан.
БСҰ-ға кіретін 146 елдің 18 елі жаңа мүше елдер болып саналады, олар:
Эквадор, Болгрия (1996ж), Монғолия, Панама (1997ж), Қырғызстан (1998ж),
Латвия, Эстония (1999ж), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (2000ж),
Литва, Молдова (2001ж), Қытай (2001ж желтоқсан), Тайвань (2002ж), Армения
(2003ж ақпан), Македония (2003ж сәуір).
30-дан аса мемлекет БСҰ-ға бақылаушы статусында, соның ішінде: Ресей,
Сауд Аравиясы, Алжир, Қазақстан, Украина және ТМД-ның қалған елдері
(Түркменістаннан басқа) БСҰ-ға қосылу процессінде.

БСҰ атқаратын функциялар:
• БСҰ-ны құрайтын көпжақты келісімдермен байланысты әкімшілік жұмыс.
• Әлемдік сауданың жағдайын бақылау және халықаралық сауданы ұйымдастыру
мәселелерін шешу.
• Садада пайда болған даулар мен шиеленістерді реттеу, шешу.
• Мемлекеттердің саудалық саясатын бақылау.
• Саудалық саясаттың жахандануына ықпалын тигізетін басқа халықаралық
ұйымдармен қарым-қатынас.

БСҰ-ның негізгі ережелері мен қағидалары:
1. Мүше елдрге өзара саудада РНБ-ны ұсыну.
2. Кедендік тарифтердің көмегімен, сауданың саудалық-саясаттық
реттелуі. Кедендік тарифтер - ұлттық нарық пен өндірісті реттейтін сыртқы
сауда саясатының негізгі құралы.
3. Шетелдік өнімнің ұлттық режимге кіруін ұйымдастыру.
4. БСҰ мүше елдерінің сандық шектеулерді (лицензия, квота) қолдануға
тыйым салу, тек бөлек келісілген жағдайда.
5. Сыртқы сауданы реттейтін, ГАТТ-тың заңдылықтары мен ережелерінің
ашық көрсету.
6. Мүше елдерге кедендік кеңестер мен сауда кеңістіктерін құру
құқығының берілуі.

БСҰ-ның құқықтық механизмі үш негізгі бөлімнен тұрады – ГАТТ, ГАТС
және ТРИПс. Жалпы БСҰ-ның құқықтық базасына 56 келісім мен т.б құжаттар
кіреді. ГАТТ-тың Бас келісімі 38 тараудан тұрады, кейнірек оған Токиолық
раундта қабылданған бірқатар келісімдер қосылды.

БСҰ-ның келісімдері:

1. БСҰ қабылдаған келісім бойынша, ГАТТ 1947 Уругвай раундының
қорытындылауымен ГАТТ 1994 деп жаңартылды. Қазіргі кезде ГАТТ
1994 БСҰ-ға кіретін ерекше құқықтық құжат және тауар сатудағы
негізгі ереже болып саналады.
2. Бөлек секторлармен тауар топтары бойынша 12 келісім: ауылшарушылық,
санитарлық және фитосанитарлық шаралар, тауардағы инвестициялық
шаралар, антидемпинг, кедендік баға, тауар өндіруінің ережелері,
импортты лицензиялау, субсидиялар мен компенсациялау шаралары, қорғау
шаралары.
3. ГАТС – қызмет көрсету туралы келісім. Ол 6 бөлім мен 9 қосымша
құжаттардан тұрады. ГАТС-тың негізгі қызмет көрсету аясы: банктік,
сақтау, телекоммуникациялық, құрылыс, инженерлік, туристік, теңіздік,
өзендік, және жол көліктері.
4. ТРИПс – тауар аспектілері мен интеллектуалдық меншік құқығы туралы
келісім. Бұл келісімде ГАТТ-тың негізгі қағидалары қолданылып,
қарақшылықпен күрес, интеллектуалдық меншік құқықтарды, авторлық
құқық, тауар белгілері, географиялық атаулар, интегралдық сызбалардың
топографиясы, ноу-хау, патенттерді және т.б қорғау кіреді.
5. Дауларды реттеу және шешу туралы келісім. БСҰ мүшелері дауларды бейбіт
жолмен, келісімсөздер, консультациялар, татуластыру, арбитраждардың
көмегімен шешеді. 1999 жылдың наурыз айына дейін даулар жөнінде 167 іс
қаралды.
6. МОТП – саудалық саясатқа шолу механизмі. Осы келісім бойынша БСҰ-ға
мүше елдердің ашық, тұрақты және болжаулы саудалық саясатын көтеру
мақсатында, саудалық саясаттың ұлттық механизмі жетілдіріледі. ЕО,
АҚШ, Канада және Жапония елдері екі жылда, басқа мемлекеттер төрт және
алты жылда бір рет өздерінің саудалық саясатына шолу жасайды. 1995
жылдан бастап БСҰ-ға мүше елдерінің 45 мемлекеті өздерінің саудалық
саясатына шолудан өтті.

Сызба-1

БСҰ-ның құқықтық құрылымы.

Сызба-2

БСҰ-ның әкімшілік басқару құрылымы.

БСҰ-ның жоғарғы органы – Министрлер конференциясы. Оған барлық мүше
елдердің өкілдері кіреді, олар екі жылда бір рет сессияға жиналады.
Министрлер конференциясы БСҰ-ның қызметін атқарып, келісімдерге өзгертулер
енгізеді, БСҰ-ға мүше болу мәселелерін шешеді. Сессиялар арасындағы
үзілістерде Министрлер конференциясының қызметін Бас кеңес атқарады. Бас
кеңес – дауларды шешу Органы, саудалық саясатқа шолу Органы, тауар сату
кеңесі, қызмет көрстеу, интеллектуалдық меншік құқығының аспектілерінің
жұмысымен айналысады. Маңызды рөлді Хатшылық та атқарады, оны Министрлер
конференциясы тағайындаған Бас директор басқарады. Хатшылықтың функциясы:
Бсға мүше елдерге ақпарат, келісімдерде әкімшілік және техникалық көмек
беру, экономикалық және статистикалық анализ жасау, келісімдердің жүзеге
асырылуын бақылау.
Бірінші Министрлер конференциясы 1996 жылыдың желтоқсанында,
Сингапурде, екінші 1998 жылдың мамыр айында Женевада, үшінші 30.11-
03.12.1999 жылы Сиэтл (АҚШ), төртінші 9-13 қараша 2001 жылы Доха қаласы
(Катар) өтті.

2. БСҰ-ға мүше болу механизмі.

БСҰ-ға мүше болу процессі өте ұзақ және қиын. Оған мемлекеттің
экономикалық статусы (дамыған, дамушы, даму сатысында) үлкен ықпал
тигізеді. Әр бір автономиялы мемлекет немесе бөлек кедендік территория БСҰ-
ға мүше бола алады.БСҰ-ның мүшесі болу үшін мемлекет 5 жыл бойы бақылаушы
статусында болуға тиіс. Осы жылдардың ішінде бұл мемлекет БСҰ-ның
міндеттмелеріне сай болу үшін , өздерінің ұлттық заңдылықтарына көптеген
өзгертулер енгізеді. БСҰ-ға мүше болу процессін регламенттейтін негізгі
құқықтық құжаттар – мүше болу туралы келісім, БСҰ (12 бап), ГАТТ (33 бап)
және Хатшылық дайындаған істік құжаттар.
БСҰ-ға қосылу процессі, мемлекеттің БСҰ-ға қосылу тілегін білдіретін,
Бас директорге сұраным немесе хаттың жазылуынан басталады. Осыдан кейін Бас
кеңес және Министрлер конференциясы арнайы жұмыс тобын тағайындайды, бұл
топқа БСҰ-ға мүше елдерінің дербес өкілдері кіреді. Жұмысшы тобын
тағайындағаннан кейін сұраным – беруші ел, кандидат - елге айналады.
Кандидат-ел Хатшылыққа өзінің сыртқы саудасының тәртібі туралы меморандумды
ұсынады. Осылайша, кандидат-елдің ұйыммен қатынасы Хатшылық арқылы өтеді,
сонымен қатар Хатшылық оларға меморандум және т.б құжаттарды дайындауға
техникалық көмек көрсетеді. Меморандум және басқа да сұрақтар міндетті
түрде жазбаша, БСҰ жұмысшы тілдерінің бірінде ұсынылады. Меморандум
ұсынылғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару жүйесін қалыптастыру жолдары
Пәндер