Қазақтың ат тағалау өнері



Адамзат атты бағындырып қолға үйрету үшін алғашқы ауыздықтан, ер-тұрманның соңғы жабдығы үзеңгі мен тағаны ойлап табуға дейін бірнеше мыңдаған жылдар уақыт өткен. Жалпы ер-тұрман жабдықтары өте консервативті кеш дамыған. Мысалы: алғашқы ауыздық б.з..д. ІІІ-мыңжылдықтарда пайда болса, үзеңгі біздің заманның аржақ-бержағында пайда болып VI-VII ғасырларда кәзіргі пошымына, күйіне келді. Ат жабдықтарының ең соңғысы-тағы VIII және IX ғасырларда бірнеше елдерде бір мезгілде пайда болып, халықтардың ұлы көші (Великое переселение народов А.Т.) сияқты оқиғалар тағаның пайда болуына, көп жыдық крест жорықтары тағаның дамып жетілдірілуіне себепші болған дейді зерттеушілер [1.202б]. Европа елдерінде ат тағалауға ерекше маңыз бергені соншалық «бір мемлекеттің тағдыры бір шегеге байланысты» деген мәтел болған, себебі «шеге тағаны сақтайды, таға атты сақтайды, ат батырды сақтайды, батыр қамалды қорғайды, қамал бүкіл мемлекетті қорғайды» [2,54б]. Көшпенді халықтарға қарағанда отырықшы елдер ат тағалауға ерекше мән берген. Тіпті ат тағалау арнаулы пән ретінде кавалериялық мектептерде оқытылған. Ат тағалау теориясына арнаулы, кітаптар мен көмекші құралдар жазылған. [3.5]
Қазақта жаппай ат тағаламаған. Біріншіден қазақ жылқыларының қатты құйма тұяғы тағаны керек етпеген, екіншіден темірдің, металдың жетімсіздігінен болуы мүмкін. Бірақ үстем тап өкілдерінің хан, сұлтан, батырлардың атты көбінесе сәндік үшін алтын, күміс тағалармен тағалағаны халық эпосында кездеседі:
...Ұсарма, билер ұсарма!
Арғымақтың аяғын
Алтынменен тағалап,
Күміспенен шегелеп
Ит жібек тұрғанда,
Арқанменен тұсарма? [1.331-бет ]

Тұрманының барлығын алтындатып,
Күміспенен төрт аяғын тағалатып [4.417-бет]
(Ер Тарғын)
XVIII ғасырларда қазақ-жоңғар соғысында барлық қазақ әскерлері аттарын тағаламасада, қолбасшылардың аттарын тағалағанын көреміз.
Қабанбай батырдың жорыққа шыққалы жатқанда серігі Шағалақ батырға айтқаны:
-Ей Шағалақ, Шағалақ,
Ертіп едім жасыңнан,
Жүз кісіге бағалап.
Қубас атты алып кел,
Төрт аяғын тағалап [4а.185б]
Ат тағалау оңай шаруа сияқты көрінгенмен, әр аттың тұяғының формасы әртүрлі қалың, жұқа, үлкен, кішкене және әртүрлі уақытта өсіп жетіледі, сондықтан ат тағаларда тағаны жыл мезгіліне және ат қай жерде пайдаланылады жазық жердеме тау-таспа, соған сәйкес таңдап алады.
1. Урусов С.П. Книга о лошади. Т.2. СПб, 1911 глава ХІ
2. Граф Гуттен –Чапский История лошади // ЖК. 1981. №11. с.52-84
3. Доминик Теория ковки. Перевод издание Конева Харьков. 1891. с 213
4. Сейфуллин С. Шығармалар 6-том. 1964
4а Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл. А. «Шартарап» 1996
5. Абдюшев Х.Х Ковка лошадей. Куйбышев. 1950
6. Высотский Н.А Оригинальный способ ковки лошадей //Архив ветеринарных наук. 1909. с.949-956

І.Мешітхан Сәкенұлы 1927ж. МХР Баянөлгий аймағы, Сақсай аумағы.
ІІ. Тікей Бүтікейұлы 70ж. МХР Баянөлгий аймағы Ногоонур аумағы
ІІІ. Наурыз Қосанбайұлы 85ж. Ташкент қаласы
ІV. Дәурен Ескекбаев 1954ж. Астана қаласы т.ғ.к. доцент
V. Андас Әжібеков 1946 ж Алматы қаласы

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Тоқтабай т.ғ.к. доцент
Алматы қаласы Қазақстан
Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институты

Қазақтың ат тағалау өнері

Адамзат атты бағындырып қолға үйрету үшін алғашқы ауыздықтан, ер-
тұрманның соңғы жабдығы үзеңгі мен тағаны ойлап табуға дейін бірнеше
мыңдаған жылдар уақыт өткен. Жалпы ер-тұрман жабдықтары өте консервативті
кеш дамыған. Мысалы: алғашқы ауыздық б.з..д. ІІІ-мыңжылдықтарда пайда
болса, үзеңгі біздің заманның аржақ-бержағында пайда болып VI-VII
ғасырларда кәзіргі пошымына, күйіне келді. Ат жабдықтарының ең соңғысы-тағы
VIII және IX ғасырларда бірнеше елдерде бір мезгілде пайда болып,
халықтардың ұлы көші (Великое переселение народов А.Т.) сияқты оқиғалар
тағаның пайда болуына, көп жыдық крест жорықтары тағаның дамып
жетілдірілуіне себепші болған дейді зерттеушілер [1.202б]. Европа елдерінде
ат тағалауға ерекше маңыз бергені соншалық бір мемлекеттің тағдыры бір
шегеге байланысты деген мәтел болған, себебі шеге тағаны сақтайды, таға
атты сақтайды, ат батырды сақтайды, батыр қамалды қорғайды, қамал бүкіл
мемлекетті қорғайды [2,54б]. Көшпенді халықтарға қарағанда отырықшы елдер
ат тағалауға ерекше мән берген. Тіпті ат тағалау арнаулы пән ретінде
кавалериялық мектептерде оқытылған. Ат тағалау теориясына арнаулы, кітаптар
мен көмекші құралдар жазылған. [3.5]
Қазақта жаппай ат тағаламаған. Біріншіден қазақ жылқыларының қатты
құйма тұяғы тағаны керек етпеген, екіншіден темірдің, металдың
жетімсіздігінен болуы мүмкін. Бірақ үстем тап өкілдерінің хан, сұлтан,
батырлардың атты көбінесе сәндік үшін алтын, күміс тағалармен тағалағаны
халық эпосында кездеседі:
...Ұсарма, билер ұсарма!
Арғымақтың аяғын
Алтынменен тағалап,
Күміспенен шегелеп
Ит жібек тұрғанда,
Арқанменен тұсарма? [1.331-бет ]

Тұрманының барлығын алтындатып,
Күміспенен төрт аяғын тағалатып [4.417-бет]
(Ер Тарғын)
XVIII ғасырларда қазақ-жоңғар соғысында барлық қазақ әскерлері аттарын
тағаламасада, қолбасшылардың аттарын тағалағанын көреміз.
Қабанбай батырдың жорыққа шыққалы жатқанда серігі Шағалақ батырға
айтқаны:
-Ей Шағалақ, Шағалақ,
Ертіп едім жасыңнан,
Жүз кісіге бағалап.
Қубас атты алып кел,
Төрт аяғын тағалап [4а.185б]
Ат тағалау оңай шаруа сияқты көрінгенмен, әр аттың тұяғының формасы
әртүрлі қалың, жұқа, үлкен, кішкене және әртүрлі уақытта өсіп жетіледі,
сондықтан ат тағаларда тағаны жыл мезгіліне және ат қай жерде пайдаланылады
жазық жердеме тау-таспа, соған сәйкес таңдап алады.
Таға соғып жүрген ұсталар тағаны формасына қарай бүршік таға (емшек
таға), жайпақ таға, жыл мезгіліне қарай қыстың емшек тағасы, күздің
(жаздың) жайпақ тағасы деп бөледі. Тағаларды суға қанбаған жасық темірден
соғады, асыл темірден соқса морт сынғыш болады. Халық арасында ай таға,
шеге таға деген сөздер кездеседі. Қасан (қасаң) таға-деп тозған тағаны
айтады. Бүршік тағаның ортасында және екі жақ ұшында үш бүршігі (емшегі)
болады, биіктігі-1,5 см тағаның көлденеңі 10 см, ұзындығы 11,5 см (орташа
ат тұяғының мөлшерімен А.Т.) әр таға бес шегемен тағаланады, шегелерінің
ұзындығы 4,5 см, басы ұзынша төртбұрыштанып трапеция тәрізді боп келеді,
бір атқа 20 шеге кетеді. Бүршік таға аттың аяғының сырт жағынан, қазақша
қамшылар жағынан үш шегемен, іш жағынан екі шегемен шегеленеді, себебі
қыста аяқтың сырт жағына көп күш түседі деп есептелінеді. Жаздың (күздің)
жайпақ тағасы төрт шегемен ғана шегеленеді, сонда бір атқа 16 шеге қажет.
Аттың жасына байланысты тай таға, құнан таға-депте атау қалыптасқан. (І)
Жетісуда жазда да қыста да жайпақ тағаны пайдаланған, қыста таймас үшін
шегенің қалпақбас жағын үлкенірек қылып, оны әдейі үшкірлеген-мұны мұз
шеге деп атаған. Жазда шегені тағадағы ойықтың ішіне кіргізіп тағалайтын.
(V) Төсін шауып алып, жара қылады –деп бәйгеге шабатын атты Монғолия
қазақтары ешқашан тағаламайды.
Қазақ жеріне ат тағалау Қазақстанның Ресейге қосылған кезінен біраз
уақыт өткен соң Батыс Қазақстанда кең тарай бастады, оған дәлел кіші жүз
Мөңке би айтты деген:
Арғымақтың аяғы,
Айдай таға қағылса,
Кілегей мұздан таярма.
Ел ішінде таға соғатын, ат тағалайтын, шеберлер, ұсталар шыға бастады.
Бірақ қазақта архардың мүйізінен таға жасау, таутекенің мүйізінен
үзеңгі жасау күні кешеге дейін ХХ ғасырдың 50- жылдарына шейін жалғасып
келе жатқан мүйіз ұқсату өнерінің көне саласы болған. Сонымен қатар бұл
өнер арқар мен таутеке өсетін Қазақстанның барлық жеріне тән.
Баянөлгий қазақтарында Лайық деген ұста 1960ж. дейін арқардың
мүйізінен таға істеп шегесін темірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемл
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері
Атты тағалау
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Міністі жылқы тұқымы
Айғырды азықтандыру
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы гигиенасына қойылатын ветеринарлық-санитариялық талаптар
Жылқы шаруашылығының дамуы
Пәндер