Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының жалпы сипаттамасыШаруа (фермер) қожалығының түсінігі, оның белгілері . . . 8Шаруа (фермер) қожалығының негізгі аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру нысандары . . . 21
  2. Шаруа (фермер) қожалығының мүліктік кешенінің құқықтық режиміШаруа (фермер) қожалығының мүліктік кешенінің түсінігі мен құрамы . . . 31Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жерге құқығының түсінігі мен түрлері . . . 37Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің құқықтарының жүзеге асыруы . . . 43
  3. Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін қорғаудың құқықтық мәселелріШаруа (фермер) қожалықтарының қызметін мемлекеттік қолдау . . . 48Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтатудың шарттары . . . 54

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі . . . 63

К І Р І С П Е

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация - барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.

Жер - кез келген мемлекеттің байлғы, ол табиғаттың өзі берген өндіріс құралы, онда еңбектің қажетті алғышарттарының материалдық қуаты бар, нақты бір құқықтық негіздерде жерге меншік және иелену құқығына ие болу сәйкесінше тиісті құқықтар мен міндеттерді тудырады, сондықтан да жер әртүрлі тарихи катаклизмдер кезінде әрқшан саясаткерлер мен қоғамның назарының орталығында болды. 1

Жер реформасының проблемалары Қазақстандағы агаралық сектордағы реформалармен тікелей байланысты. Агаралық сектордағы реформаның басты бағыттарының бірі агаралық өндірістің бөлшегі ретіндегі шаруа (фермер) қожалақтарын дамыту болып табылады. 2003 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 142 мыңға жуық шаруа (фермер) қожалықтары бар екен.

Шаруа (фермер) қожалықтарының құрылуын және қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы қазіргі кезде қалыптасу сатаысында жатыр. Осыған байланысты шаруа (фермер) қожалықтарының түсінігі, құрылу жағдайлары, мүліктік кешені, ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты заңнаманың мәселелері нақты анықталмаған.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздің аграрлық саясатының ертеңі туралы баяндады. Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру аяқталады. Бiз елiмiздегi аграрлық бизнестi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн негізiнен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57, 9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сан.

"Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заң қабылдау қажет.

Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабылеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншiк сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттердi де, атап айтқанда, агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек. 2 Міне осы мақсаттарды жүзеге асыруда шаруа қожалықтар үлкен үлес қосуы керек. Бірақ олар бүгін осы міндетті атқар алады ма?

Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында азаматтық қатынастардың жаңа субъектілерінің түрлері пайда болу кезеңінде, олардың барлығын қорғау және қолдау қажеттілігі туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді. Сондай жаңа буыны бекімеген субъектілердің бірі шаруа (фермер) қожалықтары болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін ұйымдастыру шұғыл баяулап кетті деуге болады. Ресми статистика бүгінгі күні шаруа (фермер) қожалықтарының нақты даму динамикасын көрсете алмайды. Қазір барлық құрылған шаруа (фермер) қожалықтары, ең оптимистік бағалауларды алғанда, ауыл шаруашылығының жалпы өндірісінің 3-4% ғана береді.

Шаруа (фермер) қожалықтарының қызмет етуінің теориясы мен практикасын анализдей келе осы жеке кәсіпкерлік құрылымның қызметінің тиімсіздігінің бірқатар себептерін анықтап өтуге болады.

Осындай себептердің бастыларының бірі ауыл шаруашылық өнімге деген бағаның төмендігі болып табылады. Мысалы, сүттің бағасы көтерілгеннің орнына, түсіп барады. Ауыл шаруашылық өнімдернінің сатып алу бағасы жанар-жағар май бағасынан айтарлықтай төмен, сондықтан бұл шаруа (фермер) қожалықтарының қызметінің рентабельділігін төмендетеді. 3

Табиғи-климаттық факторлердің өзгемелілігі (шұғыл континентальді климат) және осының тікелей еңбек нәтижесіне әсер етуі, өнімді өндіру уақытының ұзақтылығы бұл шаруашылық түрін қаржыландыруды қиындатады. Мысалы, суармалы егін егу дамымаған аймақтарда шаруалар банктерден миллиондап несие алып, оның “жерге көміп тастап”, табиғаттың шаруа еңбегіне оң көзімен қарауын тілеп отырады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының дамуына кедергі болатын себептердің біріне мал басының азаюын және осы саладағы кадрлердің аздығын атап өткен де дұрыс.

Шаруа (фермер) қожалықтарының азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушысы ретіндегі дамуына әрекет етуші факторлардың бірі заңнаманың дамымағандығы және мемлекет тарапынан болып отырғау қолдаудың көлемінің аздығын айтқан жөн деп санаймын. Мемлекеттің қолдауынсыз шаруа (фермер) қожалықтарының дамуы мүмкін емес.

Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметінің реттейтін арнайы заңдар “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” және “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарының кейбір баптарының арасында қарама қайшылықтар бар. Айтар болсақ, ол шаруа (фермер) қожалығына заңнамамен берген анықтамасына да байқалады. “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңына сәйкес “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады”. Бірақ бұл жерде шаруа (фермер) қожалығы отбасылық еңбек бірлестігі ме, әлде жай тікелей ауыл шаруашылық мақсатындағы желерде жұмыс істейтін еңбек бірлестігі деген сауалдар туындайды.

Өзіміз білетіндей жаңа Жер кодексінің қабылдануы және заңнамадағы соңғы өзгертулер шаруа (фермер) қожалықтарына жер учаскелерін бұрынғадай пайдалану құқығымен ғана емес, сонымен қатар жеке меншік құқығымен де алуға мүмкіндік беріп отыр. Осы кезде шаруа (фермер) қожалықтарының жаңа құқықтарын талдау қажеттілігі туындайды. Міне осының бәрі жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты келесідей болып келеді:

  1. шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты заңнаманың даму тарихына көңіл бөле отырып, шаруа (фермер) қожалықтарының түсінігіне, белгілеріне және олардық негізгі аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың ұйымдастыру нысандарына жалпы құқықтық түсініктеме беру, олардың арақатынасын талдау;
  2. шаруа (фермер) қожалығының мүлкінің құқықтық режиміне түсінік беріп, оның жерге құқығының мазмұнының құқықтың аспектілерін талқылау;
  3. шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің құқықтарының жүзеге асыру шарттарын айқындау;
  4. шаруа (фермер) қожалығының қызметін мемлекеттік қорғаудың кепілдіктері мен шектерін көрсету;
  5. шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін тоқтатудың ерекшеліктерін көрсету.

Айта кетер бір жағдай, шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық табиғатын зерттейтін ареайы әдебиеттер, әсіресе жаңа заңмаға сәйкес, өте аз болып келеді. Сондықтан бұны тақырыпты терең құқықтық зерттеу қажеттілігін көрсететін мән-жайдың бірі ретінде қарастыру керек деп санаймын.

1. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Шаруа (фермер) қожалығының түсінігі, оның белгілері

Азаматтардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты қызметі әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда жүзеге асырылады: акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер, ауыл шаруашылық кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылық және тағы да басқалар. Жер және агаралық реформалар жүргізу барысында ауыл шарушылық тауар өндірушілерінің құрамында және құқықтық жағдайында біршама өзгерістер болды. Осының нәтижесінде осы саладағы жеке сектор - шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуының алғышарттары жасалынды. Осыған байланысты 1990 жылы 21 мамырда “Қазақ КСР-дағы шаруа қожалығы туралы” Қазақ КСР-ның Заңы, кейін 1998 жылы 31 наурызда “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

Шаруа (фермер) қожалықтарының түсінігін берер алдында шаруа (фермер) қожалықтарының Қазақстандағы даму тарихына көз жүгіртіп өтейік.

Жалпы шаруа (фермер) қожалықтарының ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдық құқықтық нысаны ретіндегі түсінігі алғаш рет Кеңес СРО және одақтық республикалардың 28 ақпан 1990 жылғы жер туралы заңнамалар Негіздерінде пайда болды. Шаруа (фермер) қожалықтары тек қана жерге деген ерекше құқықтарға ие болғанда ғана агроөндірістік сеторда жеке туелсіз ауыл шарушылығы тауарларын өндіру тетігі бола алады. Жерлерді жалға беру 20-30 жылдардағы тыйым салудан кейін 7 сәуір 1989 жылы КСРО Жоғарғы сотының Президиумы қабылдаған жарлықпен қайтадан заңдастырылған болатын. 90 жылдардың басында қабылданған КСРО және одақтық республикалар заңнамалар Негіздерімен жерге жалға алу ғана емес, сонымен қоса жерді өмір бойы мұра бойынша иелену көзделеген болатын. Ал қазіргі кездегі нарықтық қатынастар дамуымен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының жер кодексінде жерге жеке меншік құқығы белгіленді.

КСРО құлағаннан кейін жаңадан пайда болған республикалардың заң шығарушылары шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайына басқаша қарауға әкелді.

Қазақстанда шаруа қожалақтары туралы республикалық заңнаманың жобасын жасауда шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық өндірістің дамуына қосатын үлесі, оның құқықтық жағдайы, жерге деген құқығы, шаруа қожалығында жалдамалы жұмыс күшін қолдану мәселелері, колхоздар мен совхоздардың тағдырына байланысты өткір пікірталастар болды.

Осы пікірталастардың нәтижесінде 1990 жылы мамыр айында Қазақ КСР-ның “Шаруа шаруашылығы туралы” заңы қабылданды (кейін атауы Қазақстан Республикасының “Шаруа қожалығы туралы” заңы деп өзгертілді), осы заң шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың, қызмет етуінің және қызметін тоқтатуының заңды негізі болды. Аталған заңмен шаруа қожалықтарының дамуының құқықтық негіздері және оның қызметінің қағидалары белгіленді.

1990 жылғы заңда шаруа қожалықтарына жерді беру және өмір бойылық жерді мұрагерлік құқықпен берудің мәселелері регламенттелді. Біз білетіндей кеңестік дәуірде жер тек қана мемлекеттің меншігіндегі объект болып саналаған. 16 қараша 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі азаматтарға жерді беру туралы ережені одан әрі дамытты. Аталған кодекс Қазақстанда 5 жыл тұрған азаматтарға жерді өмір бойы пайдалну құқығымен беруді қарастырды, мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеуге байланысты өкілеттіктерін белгіледі, жер учаскелерін пайдалануға берудің тәртібін және жерді иелену және пайдалану құқығының тоқтатылуының негіздерін бекітті.

Шаруа қожалықтарының қызметін ұйымдастыруды одан әрі белсендендіру үшін Республика министрлер кеңесінің 3 желтоқсан 1991 жылы № 474 жылғы қаулысымен Шаруа қожалықтарын қолдау және дамыту бағдарламасы бекітілген болатын. Аталған бағдарламада шаруа қожалықтарына жер беру, оларды қаржыландыру, несиелеу, материалдық-техникалық және өндірістік қаматамасыз ету мәселелері қарастырылды.

1991 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “Жекешелендіру туралы” заңы әртүрлі меншік нысандарының қалыптасуына жағдай жасауға, кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамытуға, нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған болатын. 1992 жылы жылы 14 қаңтарда қабылданған “Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекшеліктері туралы” Қазақстан Республикасының заңы ауыл шарушылық кәсірпорындарын жекешелендіріп, оларды мемлекеттік шаруашылық жүргізудің өзге түрлеріне қайта құру, соның ішінде шару қожалықтарына қайта құрудың ерешеліктерін қарастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген 1993-1995 жылдардағы Қазақстан Респуликасындағы жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы агроөндірістік кешендегі жекешелендірудің бір бағыты ретінде мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын шаруа қожалықтарына қайта құруды қарастырды.

Қазақстандағы жер реформаларының одан әрі дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы” 24 қаңтар 1994 жылғы және “Жер қатынастарын одан әрі дамыту туралы” 9 сәуір 1994 жылғы Жарлықтары ерекше ырғақ берді, бұл нармативтік құқықтық актілерге сәйкес азаматтар енді жерді өмір бойы мұрагерлік негізінде иеленуге ақылы түрде республика территориясында тұру уақытына қарамастан ала алатын болды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) бірінші болып шаруа (фермер) қожалығы терминін енгізді және оны заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікті іске асырудың бір түрі ретінде таныды. 21 мамыр 1990 жылғы Қазақ КСР-нің “Шаруа қожалығы туралы” заңының көптеген ережелері жаңа Азаматтық кодекске және өзге де нормативтік актілердің, әсіресе 22 желтоқсан 1995 жылғы қабылданған “Жер туралы” заңның талаптарына сәйкес келмеген болатын.

Жоғарғы айтылғанның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары туралы заңнаманы қайта қарай қажеттілігі туындады. Осыған байланысты бірқатар жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданды, олар Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” 19 маусым 1997 жылғы және “Шаруа (фермер) қожалықғы туралы” 31 наурыз 1998 жылғы заңдары қабылданды.

Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” 31 наурыз 1998 жылғы заңы шаруа (фермер) қожалығына “Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады” деген түсініктеме береді.

Заңнаманың осы түсініктемесін талдай отырып, Л. К. Еркінбаева шаруа (фермер) қожалықтарының келесідей белгілерін бөліп шығаруға болады дейді. 4

Біріншіден, шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысудың бір түрі болып табылады. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлік болып азаматтардың пайда табуға бағытталған, азаматтардың өздерінің мүлікіне негізделген және азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне және өзінің мүліктік жауапкершілігіне негізделген белсенді қызметі табылады. Яғни шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып заңды тұлға құрмай, заңды тұлғаның белгілеріге ие емес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке азаматтар табылады. Шаруа (фермер) қожалығына осындай құқықтық статус беру заңды тұлға құрудың шығындылығымен түсіндіріледі, мысалы құрылтай құжаттарын дайындау, нақты бір жарғылық қорды толықтыру және заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлер қарағанда салықты көп төлейді. Заң әдебиеттерінде көрсетілген субъектілердің құқықтық статусіне байланысты даулар бар, мысалы Ресей заңнамасына бойынша олар заңды тұлғалар болып саналады.

Екіншіден, заңнама шаруа (фермер) қожалықтарының негізгі қызметі ретінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, осы өнімді ұқсату, өткізуді бекітеді. Сонымен қоса көрсетілген қызмет түрлері ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде жүзеге асырылады.

Менің ойымша, занаманың мұндай талаптары өте дұрыс. Ол біріншіден, жергілікті атқарушы органдарға осы талаптарды негізге алып ауыл шаруашылығын жүзеге асыруға жарамады жерлерді беруге міндеттейді, екіншіден, осы талаптың орындалуы іс жүзінде жердің нысаналы мақсатында орындалу қағидасын орындалуына өз септігін тигізеді.

Үшіншіден, шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық статусінің бір ерекшелегі және өзгешелігі олар тек жай жеке кәсіпкерліктің нысаны болып табылып қана қоймай, отбасылық-еңбек бірлестігі болып табылады. Осыған сәйкес шаруа (фермер) қожалығының мүшесі болып ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады. Осы тұлғаларды шаруа (фермер) қожалығының мүшесі ретінде тану үшін олардың туыстық қатынатары ғана емес, сонымен қоса жеке еңбегімен қатысуын да қосуымыз керек. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның бір кемшілігі онда шаруа қожалығына мүшелік жасының ең төменгі мөлшері көрсетілмейді. Өндірістік кооператив мүшелері де оған жеке еңбегімен қатысады, осы белгісі бойынша шаруа (фермер) қожалығы өндіріс кооперативіне ұқсас болып келеді деуге де болады, “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңға қарағанда “Өндірісітік кооператив туралы” заң кооперативке қатысушылардың төменгі жасын 16 жас деп белгілейді. Осыған сәйкес аталаған заңға қажетті өзгерістер енгізіп кету керек. Біздің заңнамаған қарағанда Ресейде шаруа (фермер) қожалығына мүшеліктің ең төменгі жасы 16 жас деп белгіленген.

Төртіншіден, шаруа (фермер) қожалықтарын тек қана жеке тұлғалар құра алады. Жаңа заңнамаға сәйкес шаруа (фермер) қожалығының мүшесі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да таныла алынады. Бірақ “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңның 4 бабы серіктестік басшысына қатысты императивті норманы бекітіп кетеді, оған сәйкес “18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады”. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады. Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері қожалықты тіркеген органға бұл туралы ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық мұрагері атына жер туралы заңңарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт беріледі (“Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заң, 1-бап) .

31 наурыз 1998 жылғы “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңының 1-бабына 1-тармағына сәйкес “адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады”. Бірақ осы заңның 1-бабыны, 3-тармағы шаруа (фермер) қожалығының ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында құрылатын жай серіктестікті көрсетеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 228-бабына сәйкес “Жай серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді”. Көріп отырғанымыздай, бұл түсініктемеде тараптардың арасында отбасылық қатынастар болу керек деп көрсептеген, ал “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заң беретін түсініктемеде шаруа (фермер) қожалығының мүшелігі отбасылық мүшелік қағидасына негізделген. Сәйкесінше аталған заңның 1-бабының 1-тармағы мен сол заңның 1-бабының 3-тармағының және Азаматтық кодекстік 228-баптары арасында елеулі қайшылықтар бар.

Ғалымдардың пікіріне келсек, Г. А. Волков “шаруа (фермер) қожалығының отбасылық-еңбектік белгісі оны басқа да ауыл шаруашылық кооперативтерінен және ауыл шаруашылығындағы өзге де кәсіпкерлік қызмет субъектілерінен айырады” дейді. 5

Н. Н. Веденин “отбасы ғана шаруа қожалығының ядросы болып табылады” деп қорытынды жасайды. 6 Профессор К. А. Шайбековтің ойынша “Отбасы мәселесі әдебиетте аз зерттелген. Отбасы негізінен үш көзқарастан қарастырылады: демографиялық, рухани-тәрбиелік, мүліктік-құқықтық және шарушылық-экономикалық бірлік ретінде мүлдем зерттелмеген. Отбасылық факторге адамдық фактор секілді үлкен көңіл бөлу керек”. 7

Осы ойды жалғастыра келе Ю. Г. Басин “Шаруа қожалығының отбасылық белгісі мыналарда көрінеді: мүшелер арасындағы тығыз байланыстар, мүдделердің бөлінбейтіндігі, қатынастардың терең сенімге негізделуі”8, -деп қорытынды жасаған.

Жоғарыда айтылған пікірлерден шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелеге тікелей отбасылық қатынатарға негізделуі керек. Бірақ олай болса, заңнамадағы қайшылықтарды жою қажеттілігін көреміз.

С. П. Вареникова9 шаруа (фермер) қожалықтарын агаралық кәсіпкерліктің жекелеген ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде сипаттайтын негізгі белгілеріне мыналарды жатықызуға болады дейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығының негізгі мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығығының қызметін реттеу
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы
Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар
Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар
Шаруа (фермер) қожалығы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz