Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері


Мазмұны

Кіріспе 3

1 Мемлекетаралық экономикалық

даулардың құқықтық сипаты 8

  1. «Халықаралық жағдай», «халықаралық дау»

«халықаралық экономикалық дау» түсінігі

мен арақатынасы 8

  1. Экономикалық даудың түсінігі мен ерекше белгілері 11
  2. Халықаралық экономикалық даулардың жіктелуі 13

2 Мемлекетаралық экономикалық дауларды

шешудің халықаралық-құқықтық

әдістері мен тәсілдері 17

  1. Халықаралық экономикалық дауларды шешудің

дипломатиялық әдістері 17

  1. Келіссөздер 18
  2. Халықаралық бітімгершілік әдістер. Адал қызмет

көрсету мен делдалдық 19

2. 4 Келісім процедурасы - халықаралық экономикалық

дауларды шешудің көмекші тәсілдері 20

  1. Мемлекетаралық экономикалық дауларды

шешу бойынша халықаралық сот және

арбитраж процедурасы 23

  1. Халықаралық арбитраж 23
  2. Халықаралық экономикалық дауларды реттеуде

халықаралық ұйымдардың қызметі 25

  1. Дүниежүзілік сауда ұйымы және

БҰҰ Халықаралық Соты 29

  1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және

ТМД Экономикалық Соты 35

  1. Еуропағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық бойынша

Ұйымы және Еуропалық Одақ Соты 41

  1. Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қайта

құру және даму банкі 44

  1. Халықаралық экономикалық дауларды

халықаралық экономикалық келісімдер

шеңберінде реттеу 47

Қорытынды 49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 53

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүние жүзінде интеграциялық үрдістің жедел және қарқынды дамуының нәтижесінде пайда болған мемлекеттердің экономикалық тәуелділігіне байланысты туындаған қарым- қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын әлемдік қауымдастықтың келісімімен құрылған халықаралық құқық ережелерін білу қажеттілігі туындайды. Экономикалық дауларды шешу кезінде қатысушы мемлекеттер өздері қолданатын әдістің дұрыс және нәтижелі болатынына толық сенімді болу керек. Әр мемлекеттің экономикалық қарым- қатынас шеңберінің ұлғаюына сай және оның түрлі халықаралық ұйымдарға мүше болу арқылы қарым- қатынас орнатуы мемлекетке белгілі бір міндеттемелер жүктейді.

Халықаралық қатынастардың тәжірибе және теория жүзінде дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің көптеген әдіс- тәсілдері қалыптасқан. Мұның бәрі қазіргі халықаралық құқықтағы қолданылатын барлық әдіс- тәсілдерді жүйелеу қажеттілігін туғызады, сонымен қатар осы салада теориялық зерттеулерді жүргізудің маңызы зор. Қазақстандық заң оқулықтарында мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің кешенді зерттелу жұмыстары жоқ болғандықтан бұл мәселенің өзектілігі жоғарылайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстан экономикалық өсу деңгейіне қарай әлемдік экономикаға дәйекті қосылуы нәтижесінде өз еркімен болсын, еріксіз болсын әскери- саяси, экономикалық, діни сипаттағы түрлі аумақтық даулардың иірімдеріне түседі» [1, 469 б. ] деп атап көрсеткен. Өркениеттің даму тарихының қай кезеңінде болмасын мемлекеттер арасында экономикалық мүддеге нұқсан келтіретін даулар саны аз болған жоқ. Олардың шешімі, соңғы нәтижесі қалай тәмамдалатыны да мемлекеттер тарапынан әрқашан үлкен қызығушылық туғызатын. Ал өркениеттің ілгері қарыштап қадам басып келе жатқан уақытында мемлекеттердің экономикалық байланыстарының кеңеюінің нәтижесінде өзара экономикалық тәуелділік пайда болады. Мемлекеттердің кез келген мәселеге байланысты қарама- қайшы көзқарастарының салдарынан дау туындауы ықтимал. Халықаралық қатынастардың даму тарихына үңілетін болсақ, экономикалық даулар қарулы қақтығыстарға да әкеліп соғуы мүмкін. Ал қазіргі таңда мемлекеттер сондай қақтығыстардың алдын алу мақсатында жалпыға бірдей ортақ мойындалған дауларды реттеудің арнайы әдіс- тәсілдер жиынтығын әзірлеген. Әлбетте, уақыт өте экономикалық қатынастрадың дамуына байланысты әдістердің де кейбіреуінің тиімділігі артады, ал кейбіреулері мүлдем қолданыстан шығып отырады. Сондықтан осы салада жүйелеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу ешқашан өзектілігінен айрылмайды. Жалпы мемлекеттердің саяси тұрақтылығы, халқының өмір сүру деңгейі, өндірістік, әлеуметтік және тағы басқа көптеген салаларының дамуына мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты, экономикалық жағдайы зор ықпал етеді. Демек, экономика мемлекет өміріндегі шешуші маңызы бар секторлардың бірі болып табылады. Экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, басқа қандай сипатта болмасын халықаралық қатынастарда дау ұғымы әрқашан орын алған, әлі де кездеседі және болашақта да болуының ықтимал екендігін болжатады. Олай болса, зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі дамудың қай сатысында болмасын жоғары тұрады.

Зерттеу жұмысының тақырыбының зерттелу деңгейі. Мемлекетаралық дауларды реттеудің халықаралық - құқықтық негіздері өте күрделі болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыптың әртүрлі жеке зерттеу жұмыстары көп кездеседі. Мысалы, халықаралық дауларды шешу қағидалары туралы А. П. Мовчанның, М. В. Яновскийдің, Д. Б. Левиннің, Г. В. Игнатенконың, Э. А. Пушминаның еңбектерінде жан- жақты зертелген.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің әдіс- тәсңлдері туралы Ю. И. Рыбакованың, И. П. Блищенконың, В. С. Иваненконың, Ю. В. Алфееваның еңбектерінде толық қарастырылған.

Арбитражда және сотта істі қарау Г. Г. Шинкаретскаяның, И. В. Фисенконың, С. Л. Лазареваның, Ф. И. Кожевникованың және Т. К. Лященконың еңбектерінде көрініс тапқан.

Мемлекетаралық дауларды реттеу мәселелері шетелдік авторлардың да еңбектерінде жете түсіндіріліп, жан- жақты зерттелген. Олар: Я. Броунли, Г. Кельзина, С. Бейли, В. Оутрата, Л. Оппенгейм, Д. Стоун, Л. Хенкин, Н. Нортредж және тағы басқалар.

Зерттеу тақырыбының жеке мәселелеріне ізденіс жұмыстарын жүргізген қазақстандың авторлар қатарынан М. А. Сарсембаевтың, К. Ш. Хафизованың, Е. М. Абеннің, У. С. Қасеновтың, У. С. Джекебаевтың еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты - мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің механизмін зерттеу.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей негізгі міндеттер алға қойылды:

  • халықаралық дауларды реттеудің қалыптасқан дәстүрлі әдістеріне шолу жасау;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық дауларды шешуге қатысу тәжірибесіне талдау жүргізу;
  • халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу тәртібін зерттеу;
  • мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдерін халықаралық экономикалық келісімдерге сәйкес реттеу;
  • мемлекетаралық экономикалық дауларды арбитраж немесе сот арқылы реттеуді қарастыру;
  • мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің механизмін жетілдіру жолдарын іздестіру;
  • мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу мақсатында қолданылатын халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына талдау жұмысын жүргізу.

Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістері. Соңғы жылдары мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу үшін дәстүрлі дипломатиялық әдістер белсенді қолданылды. Олар: келіссөздер, кеңес беру, бітімгершілік келісімдер. Аталған әдістер экономикалық даудың бастапқы кезеңінде қолданылса, кейін үрдіс арбитраж немесе сотта қарастырумен жалғасады. Экономикалық дауды шешудің бұл тәртібі көптеген халықаралық экономикалық келісімдер мен шарттарда бекітілген.

  • Экономикалық дауларды шешудің міндетті процедураларының ішінде ең нәтижелі болып табылатыны арбитраждық сот арқылы істі қарау. Экономикалық келісімшарттарды түсіндіру және қолдану кезінде көбірек таралған дауды шешудің жолы - тараптардың ерекше келісімі бойынша арбитраждық сот құруы.
  • Халықаралық экономикалық дауларды реттеу халықаралық сот мекемелерінде де жүзеге асырылады.
  • Әмбебап және жергілікті халықаралық экономикалық ұйымдардың экономикалық дауларды шешу қабілеттілігі бар. Олар істі қараудың көпсатылы тәртібін қолдану арқылы тараптарға өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге тырысады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының өзінің экономикалық байланыстарын кеңейту нәтижесінде, оның БҰҰ, ТМД; ХВҚ; ХҚҚДБ сияқты ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуының салдарынан белгілі бір міндеттемелерге ие болу жағдайында құрылтай құжаттарды бекітілген талаптарға сай болуы үшін және халықаралық ынтымақтастықта жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдерінің шетелдік және отындақ тәжірибені жинастыру, зерттеу Қазақстан үшін теориялық, тәжірибелік қызығушылық танытады. Сонымен қатар мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің әдіс- тәсілдерін ары қарай жүйелеу міндетті түрде теориялық зерттеулерді қажет етеді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

Мемлекеттердің экономикалық бірігу үрдісінің жедел дамуы, мемлекеттердің өзара экономикалық тәуелділігінің артуы дүние жүзі қауымдастығы мойындаған халықаралық құқық субъектілерінің және мемлекеттер арасындағы белгілі бір ережелерге зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізуге деген қажеттілік туындайды.

1) мемлекетаралық экономикалық дауды реттеу тек қана халықаралық экономикалық құқық нормалары мен қағидалары шегінде жүзеге асырылмайды. Басқа да халықаралық құқық салаларының қатысумен реттеледі. Экономикалық даудың бір ерекшелігі - оның реттеу пәні ретінде мемлекеттердің әр түрлі салаларында туындайтын қарым- қатынас болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық кеме жүзу, әуе саласы, ғарышқа байланысты әрекеттері және қоршаған ортаны қорғау. Аталған жағдай айтарлықтай деңгейде басқа күрделі мәселені туындатады. Ол аумақтық даулар, сәйкесінше, мұндай даулардың саяси да, экономикалық та сипаты болады. Олай болса, оны шешу мақсатында әдіс таңдау ерекшелігін талап етеді. Мысалы, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау туралы халықаралық дауды мемлекеттер экономикалық даулар қатарына да, аумақты бөлісу туралы даулардың қатырына да жатқызады. Ал қандай мүдде шешуші рөл атқаратынын анықтау қиындыққа әкеліп соғады.

2) БҰҰ- ның Халықаралық Соты, Еуропалық ынтымақтастық Соты сияқты халықаралық сот ұйымдарының құрамы мен қызметі біздің республикамыз үшін тәжірибесі жағынан көп қызығушылық танытады.

ТМД- ның Экономикалық Сотының экономикалық дауларды шешу механизмінің дамуы Достастықтағы өзгерістер мен қайта құру үрдістеріне байланысты ең бастысы, мемлекеттердің Сот құзыретін мойындауы мен оның шешімдерін орындауы, ал орындамаған жағдайда мемлекеттердің жауапкершілікке тартылу шараларын қолдануына тәуелді. Халықаралық экономикалық даулардың Экономикалық Сотта шешілу мәселесін қарастыру нәтижесінде келесідей қорытындыға келеміз: экономикалық дауларды шешудің қолданыстағы жүйесі жетілдіруді қажет етеді. Ол Достастыққа мүше- мемлекеттерінің арасындағы бірігу деңгейіне тәуелді. Экономикалық Соттың басты кемшіліктері:

  • сот құзыретінің шегінің тар болуы;
  • сотқа шағымданушы субъектілер шеңберінің шектеулі болуы;
  • сот шығарған шешімдерді орындау механизмінің болмауы;

Біріншіден, Сотқа шағымдана алатын құқық субъектілер шеңберін кеңейту керек. Яғни оларға жеке және заңды тұлғаларды қосу керек. Екіншіден, соттың реттейтін қатынастар аясын ұлғайту. Мысалы, істерді жеке категориялар бойынша қарастырса, соның ішінде еңбек даулары, ТМД институттары мен органдары арасындағы азаматтық- құқықтық даулары, ТМД транс- ұлттық бірлестітерінің арасындағы даулар. Үшіншіден, Соттың шығаратын шешімінің заңи күші бар, тараптармен орындалуға міндетті және түпкілікті болуы шарт.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда ТМД Сотының тәжірибедегі қызметі аса маңызды емес. Мүмкін ол Сот шығаратын шешімдердің сипаты ұсыныс сипатында болып табылуының нәтижесі шығар.

3) халықаралық экономикалық даулар тек қана мемлекеттердің экономикалық қызметін жүзеге асыру кезінде пайда болатынын міндетті түрде ерекшелеу керек. Мемлекеттер арасындағы бірігу үрдісінің жедел дамуын ескере отырып, соның нәтижесінде қалыптасып жатқан аймақтық, әмбебап халықаралық ұйымдардың көбею тенденциясын ескере отырып, экономикалық қатынастардың күрделенуі мен экономикалық дау ұғымының мазмұны да, сәйкесінше, толықтырылып, нақтыландырылып отырады.

4) Қазақстан Республикасының экономикалық дауларды шешуге қатысты халықаралық- құқықтық тәжірибесі әлі тым аз. Осы факторды негізге алып талдау, зерттеу жұмыстарын терең жүргізетін болсақ, республикада жоғары білікті дипломатиялық кадрлар жеткіліксіз. Осы салада даулы мәселелрді реттейтін мамандардың болмауының салдарынан Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының халықаралық- құқықтық тәжірибесін қолданып келеді.

Жоғарыда қарастырып өткен мәселелер авторға дипломдық жұмыстың тақырыбын «Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері» деп таңдауға түрткі болды.

Зерттеу объектісі - халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы халықаралық дауды шешумен байланысты халықаралық қатынастар.

Зерттеу жұмысының пәні - шетелдік және қазақстандық келісімділік тәжірибесіне талдау жасау нәтижесіне негізделіп, мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу тәртібін анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Халықаралық экономикалық дау ұғымының басқа сипаттағы даулардан арақатынасын ажырату мақсатында салыстырмалы талдау жұмысының жүргізілуі. Мемлекеттер нарықтық саясатқа ауысуының қарқынды үрдісіне байланысты экономика саласының рөлі жыл сайын артуда. Соның нәтижесінде соңғы даму тенденцияларын ескере отырып, мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу әдістері мен механизмдерін жүйелеу және жетілдіру.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы бекітілген көлемде орындалған. Бітіру жұмысы кіріспеден, 4 тараудан, 13 тармақшадан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Мемлекетаралық экономикалық даудың халықаралық- құқықтық сипаттамасы.

1. 1 «Халықаралық жағдай», «халықаралық дау» және «халықаралық экономикалық дау» түсінігі мен арақатынасы.

Мемлекетаралық экономикалық дау ұғымының мағынасын ашу үшін халықаралық қатынастардың басқа да салаларында туындайтын халықаралық даулармен арақатынасын анықтау керек. Халықаралық құқық теориясында мемлекеттер арасында «жанжал» ұғымы жиі қолданылады. Жанжал дегеніміз - екі немесе одан да көп тараптардың, яғни халықтардың, мемлекеттердің, мемелекеттер топтарының арасындағы мақсаттары мен мүдделерінің, іс- әрекеттерінің қақтығысы нысанында көрініс табатын ерекше саяси қатынас. Халықаралық жанжалды кең мағынасында халықаралық қатынастар жүйесінің қатысушылары арасындағы қандай да бір қарсылықтар, қақатығыстардың көрініс алуы. Осы қақтығыстар шиеленіскен кездері тараптар саналы түрде оларды жою, тоқтату мақсатында бір- біріне бағытталған өзара ашық адал әдіс- тәсілдерді жүзеге асыра отырып, тиісінше шараларды қолдануы керек. Халықаралық құқықта жанжалдық қарым- қатынастарды білдіретін 2 ұғым кеңінен таралған: «оқиға» және «дау». әдетте оларды ажырату үшін қойылған талаптардың ресмилігіне көңіл аударады: еш заңға нормасына негізделмеген бейресми талаптар қойылған қақтығыстар оқиға болып саналады. Ал белгілі бір заң нормаларына сілтеме жасау арқылы тараптардың өзара талап қоюы дау болып саналады. «Дау» ұғымының халықаралық концепциясын әзірлеуге жұмсалған көптеген күш- жігерге қарамастан терминнің қолданылатын жалпы ортақ анықтамасы жоқ. Осы ұғымның кейбір халықаралық- құқықтық сипатамаларына талдау жасайық: «Дау» ұғымының бастапқы концепциясы ретінде Тұрақты Әділет Палатасының 1924 жылғы анықтамасы танылады. «Дау дегеніміз- құқық немесе фактіге қатысты көзқарастардың әр түрлілігі және екі тұлғаның арасындағы құқықтық пікірлердің және мүдделердің қақтығысы». Алайда көптеген зерттеушілер анықтама мазмұнымен толық келіспейді. Себебі анықтамада өзара талаптардың орындалуы сияқты маңызды шарт жоқ.

Г. Кельзеннің еңбектері бойынша, «дау туындау үшін тараптардың біреуі талап қойып, екіншісінің ол талаптан бас тартуы жеткілікті». Тұрақты Әділет Палатасының концепциясы көп сынға ұшырады, кейбір авторлар анықтаманың кемшілігі ретінде даудың ерекше белгілерінің аталмауын, «жанжалдасу», «пікірлер қақтығысы» тектес ұқсас ұғымдармен арақатынасы ажыратылмаған деп сын айтады. Сол себепті 1950 жылы БҰҰ- ның Халықаралық Соты дау концепциясын қайта қарау нәтижесінде келесідей қорытынды берді: «дау туындау үшін бір тараптың талабына екінші тарап міндетті түрде қарсылық білдіруі керек». Халықаралық даудың тағы бір маңызды ерекшелігі таратардың мүдделерінің қақтығысы. Г. Морелли «дау - тараптар мүдделерін жүзеге асыру мақсатында ұстанатын позициялардың қарама- қайшылығы».

«Халықаралық дау» ұғымы «халықаралық экономикалық дауға» қарағанда ауқымы кеңірек болып табылады. Аталған екі ұғымның арақатынасын келесідей ажыратуға болады:

  • Халықаралық экономикалық даудың реттеу пәні экономикалық қатынастар болса, халықаралық даудың реттеу пәні болып мемлекеттің жүргізетін саясатымен байланысты халықаралық қатынастар табылады.
  • Екі ұғымды салыстыру кезіндегі маңызды айырмашылығы - халықаралық экономикалық дау ұғымының құқықтық сипаты басымырақ.
  • Халықаралық экономикалық даудың қатысушы бір тарабы ретінде заңды не жеке тұлға бола алады, ал халықаралық дауға тек қана халықаралық құқық субъектілері қатысады.
  • Халықаралық дауды шешу үрдісі ұзақ мерзімге созылады, нәтижесі көп жағдайда белгісіз болады.

Халықаралық дау ұғымын анықтау нәтижесінде зерттеушілер арасында даудың субъектілік құрамы туралы көзқарастардың қайшылығы білінеді. Кейбір заңгерлердің көзқарасынша, халықаралық дауларға тек қана халықаралық субъектілер арасындағы даулар жатады. Мысалы, мемлекеттер арасындағы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе мемелекеттер мен ұлттар арасындағы даулар. П. де Ваарт Батыста кең таралған жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі концепциясына сүйеніп, даудың бір тарабы жеке тұлға болса да дау халықаралық болып саналады деген тұжырым ұсынады. Аталған тұжырым зерттеушілердің басым көпашілігінен қолдау таппады. Себебі, әрбір жеке тұлға өзі орналасқан мемлекет аумағының заңы мен тәртібіне бағынады.

Э. А. Пушминнің анықтамасы: «халықаралық дау - екі немесе одан да көп халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы реттелмеген нақты қатынастар шеңберіне байланысты құқықтары мен мүдделеріне сәйкес өзара қалыптасқан талаптары мен талас- тартыстарының жиынтығы». «Халықаралық дау» терминінің анықтамаларының жиынтығын қорытындылай келе, А. Хенкина, Р. К. Пугха, О. Скачтер және Х. Смит сияқты көрнекті американдық заңгерлердің де позицияларын ескеру керек.

Халықаралық сот істеріне шығарылған шешімдеріге талдау жұмысын жүргізу арқылы және Халықаралық Сот анықтамасына негізделе отырып, олар «дау» термині ресми- заңды сипатта болады деген қорытынды шығарды. Авторлардың пікірінше, мемлекеттер арасындағы көзқарастар қақтығысының шешімі тараптарға іс жүзінде ешқандай ықпал етпесе, онда ол дау болып табылмайды.

«Халықаралық жағдай» термині ең алғаш рет БҰҰ- ның Жарғысында аталғанына қарамастан, аталған құжат бұл терминге ешқандай анықтама бермейді және «дау» терминінен арақатынасы ажыратылмайды. Жарғының жоспары бойынша «жағдай» термині де мемлекеттер арасындағы жанжал, келіспеушілік дегенді білдіруі керек, бірақ ұғымның ауқымы кеңірек болып табылады. Даумен салыстырғанда жағдай саяси немесе құқықтық болып бөлінбейді. Сонымен қатар ол жеке мемлекеттердің мүддесін ғана емес бүкіл әлем қауымдастығының мүддесіне тиесілі болады.

Жағдай мен дау терминдерінің арақатынасын ажыратуға талдау нәтижесінде кейбір зерттеушілер келесідей қорытынды шығарады: жағдай - мемлекеттердің жалпы мүдделерін, ал дау - арнайы мүдделерін білдіреді [2, 156 б. ] .

Ал халықаралық құқық курсында былай көрсетілген: «кез келген дау жағдай туғызады, ал кез келген жағдай дау емес. Жағдай дау туғызуы мүмкін, алайда дауға әкеліп соқпауы мүмкін». Дәл осындай бағытты чех заңгері Ян Азуд та ұстанады. Оның пікірінше, жағдайды келесі кезеңде халықаралық дауға ұласуы мүмкін даудың бастапқа кезеңі ретінде қарастыруы керек [3, 252 б. ] .

Дау мен жағдай ұғымдарына салыстырмалы баға беру мақсатында Э. А. Пушмин «жағдай» терминіне келесідей анықтама береді: қарсы мүдделердің қақтығысынан пайда болған мемлекеттер арасында талас- тартыс туғызатын объективті сипаттағы жағдайлардың жиынтығы. Демек, автордың ойынша, «жағдай» терминінің мағынасына үңілсек, жағдай даудың пайда болуына қолайлы жағдай туғызады, алайда ол әлі дау болып табылмайды. Себебі тараптардың өзара талап қою шарты жағдайда орын алмаған және жағдайдың маңызды ерекше белгісіне тараптардың болмауы айтылады [4, 207 б. ] .

Д. Б. Левин жоғарыда аталған пікірмен келіспейді және келесідей аргумент келтіреді: жағдай туындаған кезде мүдделер қақатығысы пайда болады. Мүдделер мемлекеттерге тиесілі, олай болса, тараптар бар болып саналады [5, 112 б. ] .

Атап айту керек тараптардың мүдделер қақтығысы кезінде тараптар өзара бір- біріне талап қоймай тұрып та мемлекеттер арасында талас- тартыс болуы мүмкін. Мысалы, шекарада әскери күштерін шоғырландыру, шекрарға жақын аумақтарда әскери оқу жұмыстарын жүргізу, шекаралы инциденттер. Дауға байланысты туындаған жағдайлар, әсіресе аумаққа байланысты әрқашан талап қою арқылы жүзеге асырылады. Дау немесе жағдай туралы істерді топтастыру кезінде Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ- ның Жарғысының 3- бөлімінің 27- бапта көрсетілген талаптарға және Жарғының 34- бабына бағыну керек. Аталған тұжырымдама Э. А. Пушминнің еңбектеріне сәйкес. Көптеген авторлардың ойынша, дау және жағдай ұғымдарының арақатынасын ажырату үшін критериилер мен белгілерді нақтылау керек.

Жалпы алғанда, жағдай деп - болашақ дау мәселесін туғызатын тараптардың бір- біріне талап қоймастан бұрын қарым- қатынастарының шиеленісуін айтуға болады. Ал даудың бар- жоқтығын анықтау мақсатында «халықаралық дау» терминінің негізгі белгілерін ерекшелеуге болады:

  • Екі немесе одан да көп тараптардың болуы.
  • Мемлекеттердің ішкі істеріне жататын даулардан тыс қалатын даулар.
  • Дауласушы тараптардың өзара талап қоюы.
  • Даудың туындағаны туралы фактіні мемлекеттердің мойындауы.
  • Даудың реттеу пәнін анықтау.
  • Дау пайда болғанға дейінгі тараптар арасындағы келісімшарттық қарым- қатынастың болғанын немесе болмағанын анықтау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдері
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz