Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы ... ... ... ...
1.1 ҚР.ғы инновациялық қызметтердің дамуының қазіргі жағдайы ... ... ...
1.2 ҚР.да инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ...
1.3 ҚР.ғы инновациялық бизнесті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы "Инновациялық қызмет туралы" қабылданған заңында қазіргі ғылыми-техникалық саясатты, инновациялық қызметті жетілдіруде орны ерекше. Осы заңда инновациялық қызметті дамытудың басты бағыттары көрсетілген.
Инновация қызметі қоғамда, ғылымда, элеуметтік өмірде, саяси жүйеде, маркетингте, менеджмент сияқты тағы басқа да салаларда қолданылады.
Инновациялық қызметтің басты мақсаты – отандық өнімдердің бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Инновация қызметін басқару тақырыбындағы зерттеудің көкейкесті мәселесі:
ХХІ ғасырда елдің ғылыми-техникалық даму және интеллектуалды факторларды кең көлемде қолдану арқылы экономикалық даму. Елдің экономикалық даму негізі, болашақта инновациялық қызметке бағытталуы, яғни жаңа өндіріс пен құрылымдарды алу арқылы, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар мен өнімдер өндіру нәтижесінде шектелген ресурстарды тиімді пайдалану.
Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизімі айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық концепциясы" қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003 жыл, мамыр). Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсеке қабілетті, жоғары қосымша құны бар экспортқа бағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған мақсат ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялы өндірістер салуға ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында "ғылым-өндіріс-нарық" циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның даму банкі.
Бітіру жұмысының мақсаты: экономикадағы инновациялық қызметті басқаруды сипаттайтын экономикалық қатынастарды зерттеу және инновациялық қызметі атқарушы кәсіпорындардың инновациялық менеджменттік қызметін талдау.

1 Й.Шумпетер Теория экономического развития. -Москва: Прогресс, 1982 г. стр. 453
2 Нарибаев К. Джумабаев С.К., Нусупова А Инновационный менеджмент
3 П.Друкер Рынок: как войти в лидеры. Практика и принципы,- Москва: 1992 г. 300 стр.
4 Длинные волны: научно-технический прогрес и социально-экономическое развития.
Глазьев К.Ю., Микерин Г.И., Тосля Г.Н. и др.,- Новосибирск: Наука сибирское отделение 1991 г.
5 Санто Борис Инновация как средство экономического развития. Перевод с венгерского с изменениемии и дополнением. авт. общ. ред. и вступ. ст. В.В. Сазанова- М: Прогресс 1990 г.
6 Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М. Наука инновации в рыночной экономике мировой опыт и Казахстан. Министерство образования и науки РК. 2005-г 256 стр.
7 Кубаев К.Е. Теория и практика менеджмента. -Алматы: "Қазақ университеті", 2005 г. 486 стр.
8 Г.Х.Кузбаева Проблемы формирования и функционирования инфроструктуры инновационной деятельности в РК // ҚазҰҰ хабаршы, № 2 (48) 2005 ж.
9 К.Кажымуратов, А.Кравцов, В.Даримбетов Индустриально-инновационное развития Казахстана: проблемы и их решение // Саясат журн. № 6. 2003 ж.
10 «2003-2015 жж. Арналған индустриалды-инновациялық бағдарлама»: -Астана: 2003.
11 h t t p: / w w w nif kz. Инновациялық қор.
12 Кубаев К.Е. Государственное регулирование инновационным развитиям международной научно-практической конференции.-Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.
13 Кубаев К.Е. государственное регулирование организация и управление венчурным бизнесом. // Материалы Международной научно-практической конференции: "Индустриально-инновационные развитие РК: опыты и задачи, перспективы". –Алматы: Минстерство индустрии и торговли РК, -2004 ж.
14 Орынбаев Е.Т. Развитие научно-технологического прогресса за рубежом, выводы для Казахстана, Министерство экономики и бюджетного планирования РК.2004 ж
15 Купешова С.Т. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. // Қаржы-қаражат № 2 2001 ж.
16 Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны // саясат, № 2, 2001 ж.
17 Ж.Н.Нурпейсова Особенности бизнес-инкубаторов в Казахстане // ҚазҰҰ хабаршы № 1 (47) 2005 ж.
18 «2007 жылға арналған Елбасы жолдауынан»- Алматы: 2007 ж.
19 Овчинников В.А. формирование экономической зоны большого Китая // Деловой мир 1996г.
20 Е. Махницкая факторы развития инновационных процессов в экономике Казахстана // Саясат №3 2004 ж.
21 М.Ж. Арзаева кәсіпкерлікті салықтық реттеу // ҚазҰҰ хабаршы № 2 2003 ж.
22 Иманбаева Б. Қоғамдағы инновациялық саясат // саясат № 3, 2005 ж.
23 Бектурганов Н.С. Научно-техническое обепечение инновационной деятельности // Инновации №3, 2005г.
24 Статический ежегодник,- Алматы:2006г.
25 Т.Исахметов Механизмы совершенствования инновационной политики в современных условиях // Каржы-каражат,№5 2005г.
26 М.С. Тулегенова К вопросу о модернизации и реализации инновационных возможностей Казахстана // ҚазҰУ хабаршы № 6, 2006 ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы ... ... ... ...
1.1 ҚР-ғы инновациялық қызметтердің дамуының қазіргі жағдайы ... ... ...
1.2 ҚР-да инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ...
1.3 ҚР-ғы инновациялық бизнесті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы "Инновациялық қызмет туралы"
қабылданған заңында қазіргі ғылыми-техникалық саясатты, инновациялық
қызметті жетілдіруде орны ерекше. Осы заңда инновациялық қызметті дамытудың
басты бағыттары көрсетілген.
Инновация қызметі қоғамда, ғылымда, элеуметтік өмірде, саяси жүйеде,
маркетингте, менеджмент сияқты тағы басқа да салаларда қолданылады.
Инновациялық қызметтің басты мақсаты – отандық өнімдердің бәсеке
қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру
және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Инновация қызметін басқару тақырыбындағы зерттеудің көкейкесті
мәселесі:
ХХІ ғасырда елдің ғылыми-техникалық даму және интеллектуалды
факторларды кең көлемде қолдану арқылы экономикалық даму. Елдің
экономикалық даму негізі, болашақта инновациялық қызметке бағытталуы, яғни
жаңа өндіріс пен құрылымдарды алу арқылы, бәсекеге қабілетті жаңа
технологиялар мен өнімдер өндіру нәтижесінде шектелген ресурстарды тиімді
пайдалану.
Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық
дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық
ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын
саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде
ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизімі
айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы "Қазақстан Республикасының ғылыми және
ғылыми-техникалық концепциясы" қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге
асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003
жыл, мамыр). Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсеке қабілетті, жоғары
қосымша құны бар экспортқа бағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған
мақсат ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялы өндірістер салуға
ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында "ғылым-өндіріс-
нарық" циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті
диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына
өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде
жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор,
Қазақстанның даму банкі.
Бітіру жұмысының мақсаты: экономикадағы инновациялық қызметті басқаруды
сипаттайтын экономикалық қатынастарды зерттеу және инновациялық қызметі
атқарушы кәсіпорындардың инновациялық менеджменттік қызметін талдау.
1 БӨЛІМ Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтің дамуы
1.1 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің дамуының қазіргі
жағдайы
Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдары, экономикалық қатынастар мен
нарықтық механизмге өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер болды.
Әлемдік нарық пен әлемдік шаруашылық байланыстарын интеграциялау,
ұлттық экономиканы қалыптастыру, экономиканың нарықтық қатынастарға өтуіне
орай пайда болған экономикалық тоқырауды толығымен жеңіп шықты. Өз
кезегінде интеграциялық үрдіс әлемдік экономикада қазіргі кезеңде
экономикалық және әлеуметтік үрдістерді ауқымдандырып отыр, жаңа
технологиялар мен ақпараттар жүйесі негізінде әлемдік нарықтың түрлі
субъектілері арасында бәсекелестік күрестің күшейгенін айтады. Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, нарықтық бәсекеде дамыған өндірістік және еңбек
факторлары, тиімді шикізат және сату көздері бар жоғары технологиялы
дамыған елдер жеңіске жетіп отырады. Қалыптасқан жағдайларда еліміз үшін
басты басымдылық ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына ықпал ету, әлемдік
шаруашылық жүйесінде өзінің тиесілі орынын алу және халықтың өмір сүру
деңгейін көтеру үшін жағдай жасау. Сондықтанда алдымызға қойған мақсатты
шешудің бір жолы, объективті қажеттілік сияқты, инновациялық үрдісті
қарқындату болып есептеледі.
Инновациялық үрдіс – шығармашылықтың бірнеше түрін біріктіретін
үздіксіз өзгеріп отыратын әрекет, ол өзіне бір мақсатты бағытта жинақталған
жаңа енгізулер мен ерекше басқару және ұйымдастыруды біріктіреді. Оның
динамикалық дамуының негізгі факторлары деп алдымен мыналарды қарастыру
керек: еңбек элементі, оның мотивациясы (себеп-салдары), ресурстық
қамтамасыздығы; ұйымдастыру және басқару; бәсекелестік; қоршаған ортаның
жағдайы. Объективті факторлардың бұл жиынтығымен қатар субъективті
факторлық топтар да әсер етеді: стратегия, саясат, тәуекел және т.б.
Осыған орай өндірістік және білімдік, маркетингтік, басқару,
ұйымдастыру инновациясы айырма жасайды. Дамыған елдерде ғылымды көп қажет
ететін өндірістердің жұмыс істеуін технологиялық инновацияны пайдаланумен
байланыстырады. Инновациялық үрдістердің даму белсенділігі өндірісте іргелі
және қолданбалы ғылымның дамуымен байланысты. Қызметтің барлық салаларында
жаңалықтар енгізу күннен-күнге өсіп келеді. Инновациялық үрдіс ұлттық
экономиканың басты даму тетігі (ричагы). Соған қарамастан, бүгінгі таңда
инновацияны ендіру көкей кесті мәселелердің бірі.
Инновацияға, зерттемелер мен әзірлеулерге деген қызығушылық қазіргі
өндірістік корпорациялардың құрылуымен туындап отыр деген болжам бар.
Зерттеушілердің қай уақытта да негізгі ынталары технология, технологиялық
алшақтық, ғылыми-техникалық прогрес мәселелері болған. ҒТП мәселелері 50-
60 жылдары экономикалық өсуге ықпалын тигізетін немесе кері әсере ететін
макродеңгейде қаралған болса, ал 70- жылдары бұл мәселе макродан
микроэкономика мақсатына өтті. Ақыр соңында 90 жылдары инновациялық қызмет
нарықтың стратегиялық факторы болады деді, саладағы өзінің монополиялық
позициясын ұстап тұру немесе оны жеңіп алуға бағытталған фирманың жалпы
стратегиялық жағдайы.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы ЖІӨ сондай-ақ өндірістің
физикалық даму көлемінің өсуімен сипатталады. Мысалы, 2006 жылдың
қорытындысы бойынша аймақтық жалпы өнім көлемі (АЖӨ) тек Батыс Қазақстан
облысында 258,4 млрд теңге немесе алдыңғы жылдармен салыстырғанда 28,7 %
өсті. АЖӨ көлемі жанбасына шаққанда 28,3 %-ды немесе 427 мың теңгені
құрады. Бұл мәліметтер экономиканың дамуын ғана көрсетіп қоймай, еліміздің
әлеуетінің мықты екендігінде көрсетеді (кесте 1) [24.13б].
Кесте 1 - ЖІӨ-нің көрсеткіштері 2000-2005жж
2000 2001 2002 2003 2004 2005
Ішкі жалпы өнім, млрд. теңге2599,9 3250,6 3776,3 4612 5542,5 7453
Іргелі зылыми зерттеу
жұмыстарына жұмсалған 1,5 2,3 2,7 0,4 1,9 5,4
мемлекеттік бюджет шығыны,
млрд. теңге
ІЖӨ қарағанда іргелі
зерттеулерге кететін 0,11 0,06 0.07 0,07 0,06 0,06
меншікті шығын салмағы %
бойынша
Ғылыми-техникалық жұмыстар 4,9 6,1 9,2 13,8 14,4 180
көлемі, млрд. теңге
ІЖӨ қарағанда орындалған
ғылыми-техникалық 0,24 0,23 0,28 0,37 0,31 0,33
жұмыстардың өзіндік салмағы
% бойынша
"Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриялды-
инновациялық даму стратегиясы" туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру
шикізат бағытынан кетіп, ұзақ мерзімге жоспарланған техникалық – қызмет
көрсету экономикасына өтуге жағдай жасайтын экономикалық салаларды
диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге болатындығын
көрсетеді. Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты
өңдеуші кәсіпорынның жұмыстары мен қызметі және қызмет көрсетуі,
бәсекеқабілетті, экспорт-бағытты тауар өндіру. Сондай-ақ стратегия елдің
инновациялық және ғылыми қызметін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік
белсенді ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздеп отыр. Алдыға
қойған мақсатқа жету үшін келешекте қаржылық нарықты, фискалдықты
жетілдіру, білімдік, антимонополиялық және инфроқұрылымдық саясатты
дамытуды көрек. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың барлық саласы
бойынша әлемдік стандартқа өту керек.
Диаграммада біздің еліміздің мүмкін болатын даму жолы көрсетілген.
Қазіргі жағдай 1500 доллар болғанда 2010 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда 300
АҚШ долларын құрау мүмкін [4.26.б].
Индустриалды даму жолы
ІЖӨ жан басына шаққанда, АҚШ
1 –табиғи ресурстарды сату көлемін арттыру есебінен экстенсивті даму,
сонымен бірге қол жеткізген ғылыми-техникалық прогрестерді пайдалану;
2 - табиғи ресурстарды кешенді пайдалану есебінен интенсивті даму, яғни
ресурс сыйымдылығын төмендету және табиғат пайдалануды экологиялау
есебінен;
3 – инновациялық (ғылымды көп қажет ететін) өндірістер құру есебінен
технологиялық (инновациялықу) дамуы
Қазіргі уақытта осыдан 10 жыл бұрынғы сияқты, тек ішінара интенсивті
даму элементтерінің байқалғаны болмаса, негізінен экстенсивті даму жолымен
келеді. Оның дәлелі ретінде мынаны қарастырайық, совет үкіметі кезінде
Қазақстанда жан басына шаққанда жылына 111 тонна қатты минералды шикізат
өндірілсе, ал қазір не бары 50-ақ тонна. Оның да 95% астамы қалдыққа
шығарылады. Бұл жер шарындағы ең масқара қалдық. Салыстырып көрелік: ФРГ-де
жылына жанбасына шаққанда 8 тонна қатты минералды шикізат өндіріледі.
Сонымен бірге негізгі металдар өндірісі өсіп келеді, Қазақстан жылына
машинажасау кешендері, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы және
экономиканың басқа да салалары үшін қажетті 400 мың тонна, құны 170 млн.
АҚШ доллор болатын, болат сұрыпты прокаттарды шығарып отырады.
Қазақстан 2005 жылы 2200 тонна қара металл сынықтарын экспортқа
шығарды, ол 95,5 млн. АҚШ долларын құрады. Ал 2006 жылдың бірінші
жартысында 11,8 млн доллар тұратын 18 тың тонна алюминий сынығын
экспорттады. Соған қарамастан осы уақыт ішінде республика бағасы 20 млн.
АҚШ доллары тұратын 6,6 мың тонна алюминилі балқыманы сатып алды.
Жоғарыда келтіріліген мысалдардан республиканың экономикасында әлі де
болса шикізат бағыттарының басым екендіні, ал өңдеуші кәсіпорындардың нашар
дамығаны көрініп тұр. Барлық өндіріліген минералды шикізаттың 80 %
астамынын өндіретін республика жерінде тұйық технологиялық циклы жоқ.
Сонымен мұнайхимиясы мен соның жетегінде жүрген химия өндірісінің үлесі
20%-данда төмен, ал ол экономикасы дамыған елдерде 50-60% асып жығылады.
Осындай жағдайлар экономиканың барлық салаларында да байқалады.
Әлемдік экономиканы ауқымдандыру кезеңінде Қазақстанның БӘСҰ–на енуі
жақын жылдарда экономиканың тоқырауға түсу тәуекелі байқалады. Осыған
қарамастан минералды-шикізат ресурстарынының сату көлемін ұлғайту үшін
ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану экономикалық дағдарысты тездете
түседі.
Сонымен бірге бірқатар жаңсақ пікірлерде бар, араб елдері сияқты
минералды шикізатты өндіру және сату есебінен экономиканы көтеруге және
тұрақтандыруға болады деген. Сондай-ақ мынандай да ұсыныстар бар, жақын
келешекте мұнайды күніне 76 млн баррелейден 105-110 млн дейін жеткізу.
Ғылыми жетістіктерді ескермеген жағдайда бұл, әбден, мүмкін. Қазірдің
өзінде энергиятасымалдағыштардың өзін мұнайды пайдалануды қысқартатын жаңа
технологиялар бар. Металды пайдалануда дәп осылай, металға деген сұраныс,
оның сапасын арттыру және оларды алмастыратын басқа компазиттік
материалдармен жабылуы мүмкін.
Алайда Қазақстан экономикасының интенсивті даму мүмкіндігі бар. Яғни
бұл дегеніміз ресурс сыйымдылықты төмендету және табиғат пайдалануды
экологиялау үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану деген сөз. Басқа
сөзбен айтқанда шикізатты тереңдікте өңдеу және кешенді пайдалану, бұл
импортталастыруға, қалдықтардың көлемін азайтуға және өнімнің тауарлығын
арттыруға алып келеді, бұл тұрақты даму деген сөз. Бұндай жол мысалы,
Австралия мен Канада үшін тән.
Дамыған экономикада, барлық елдер үшін экономикалық прогрестің
қозғаушысы болып технологиялық өнертапқыштық есептеледі. Қызметтегі және
өнімдегі техникалық компоненттер мен өнертапқыштықтың үлесі үлкен болған
сайын, экспор үлесі де жоғары, халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары, және
де соған қатысы бар басқа да жағдайлардың деңгейі жоғарылайды. Негізгі
дамыған елдер ІЖӨ өсімінің жартысынан астамы екінші дүние жүзілік
соғыстың аяғында жаңа технологиялар есебінен қамтамасыз етілді. Тек
технология ғана бай және кедей елдерге бөле алады. Биржалық тауарлар және
қызметтер мен өнімдерді сатудан түскен табысқа қарағанда, технологияға
салған қаржы қомақты қайтарым береді. Қазақстанның әлемнің көптеген
елдерінен асып түсетін, дамыған, өзіндік ерекшелігімен ғылыми
инфроқұрылымы бар.
БҰҰ атап көрсеткендей - "Дамыған елдер жылына өз елінің миллион халқына
орта есеппен 50 патент патенттейді". Совет заманында Қазақстан миллион
халыққа жылына 100- дейін өнертапқыштықты патенттеген, бірақ оның бірде-
бірі өндіріске ендірілмей қалды. Олардың ішінде технологиялық жарылыс
тудыратын ғажайып технологиялар бар.
Өздеріңіз көріп отырғандай Қазақстан интенсивті даму жолында, өзін
технологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете отырып, ғылымды көп қажет
ететін (инновациялық) өндірістер есебінен экономиканы инновациялық жолмен
дамытуға түсу керек. Бірақ бұл үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді
жүзеге асыратын механизм әзірлеу, ғылымды коммерциялау үшін жағдай жасау
керек. Мысалы:
1. Отандық жаңа технологияларды игерген кәсіпорындар үшін салықтық
демалыс немесе басқа да салықтық жеңілдіктер енгізу, мысалы өзін-өзі
ақтағанша қосылған құнға салық алуды доғару немесе несиені
қайтарғанға дейін. Бұл жеке және сонымен бірге шетелдік қаржыларды
тартып, өндірісті тез арада игеруге мүмкіндік береді, осының
негізінде Қазақстан экономикасының басым бағытына сүйене отырып
ғылымды көп қажет ететін өндірісті дамытуға болады. Бұндай жол
көптеген елдерде, сондай-ақ АҚШ қолданылады.
2. Заңдық актілер қабылдау.
Әлемдік экономиканың шапшаң өсуі инновациялық нарық даму үрдісінің
әсері. Қазіргі уақытта үлкен, кіші мемлекеттердің барлығы дерлік, негізінен
инновацияның ұлттық, аймақтық және трансұлттық күрделі жүйесінде, жылдам
дамыған жаңа технологиларда жұмыс істеуде. Нарықтық бәсеке жағдайында,
қолданыстағы барлық жоғары технологиялар дамыған елдердің монополиялық
үстемдігінде қалып отыр, ал дамушы елдер тек шикізат беруші ретінде ғана
қалып отыр. "Жетілік" елдері жоғары технология өндірісінің 90% және әлемдік
табыстың 83% ие. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажет ететін өнімдер барлық
дамыған елдердің негізгі бюджетті толықтыру көздері мен айқындаушы
факторлар болып есептеледі. Жобалық жұмыстар мен ғылымға деген шығын ІЖӨ
салыстырғанда АҚШ, Германия, Жапония соңғы бірнеше жылда шамамен 3%
құрады, ал Ұлыбританияда 2% асып кетті.
Сонымен, ХХ ғ. аяғында Солтүстік пен Оңтүстік арасында үлкен
технологиялық алшақтық байқалады, бұл бүкіл әлем елдерін үш топқа бөледі:
1) инновация әзірлеуші жаңалықшыл (новаторлар) – елдер; 2) инновацияны өз
мүддесіне пайдаланатын елдер; 3) технологиялық прогрестер мен инновациялық
үрдістерден тыс қалған елдер.
Әлемдік шаруашылық байланыс жүйесінде дамыған индустриалды елдермен
салыстырғанда бұрынғы кеңес үкіметі кеңістігіндегі елдер орташа дамыған
және төмен дамыған елдердің қатарына жатқызылады. Қазақстан бүгінгі таңда
отын-энергетика ресуртары жетіп артылатын, тау-кен-металлургия және
ауылшаруашылық өнімдері нашар дамыған, технологиясы қалып қойған кәсіпорны
бар, оның өңдеу деңгейі төмен, негізіне әлемдік нарыққа тек шикізат
ресурстарын экспорттай алатын ел деп саналады. Металл өндірісі мен мұнай
өндіруден басқа салаларда жабдықтардың тозығы әбден жеткен, соңғы 3 жылда
олар 45%-дан 62% - өсіп отыр. Өндірістік кәсіпорындардағы тозығы жеткен
машинаның, жабдықтың және көліктің үлес салмағы 12%-ға жетіп отыр.
Металлургия, машинажасау, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды
салалардың негізгі қорлары толығымен өз мүмкіндігін өтеп шықты, енді
жаңартуды қажет етіп отыр. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеқабілетті өнім
шығару үшін, экономиканың технологиялық деңгейін көтеру, отандық өндірісті
дамыту қажет.

жыл, мамыр). Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсекеқабілетті, жоғары
қосымша құны бар экспортқабағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған
мақсат ғылымды көп қажет ететін, жоғарытехнологиялы өндірістер салуға

Инновациялық субъектілер қызметін жүйге келтіріп отыратын негізгі
ұйымдық құрылымдар, Қазақстанның Мемлекеттік инновациялық қоры
құрылтайшылық ететін, заңды мемлекеттік басқару жүйесінде құрылған
құрылымдар:
• Стратегиялық жоспарлау және даму жөніндегі агенттік;
• Ғылыми министрлігі – Ғылым академиясы;
• Инвестиция жөніндегі Мемлекеттік Комитет;
• Қаржы министрлігі;
Қазақстанның мемлекеттік инновациялық қоры өндіріс құруға
бағытталған, қаржылық ағындар мен материалдардың қозғалысы мен есебіннің,
инновациялық жобалардың мәліметтер базасын қалыптастыру қызметін атқарады
[11.15б].
Көптеген жылдар бойына республикада нарықтық қатынасты қалыптастыру
жағдайында республиканың экономикалық дамуында ғылыми-техникалық факторлар
жетекші көрсеткіш болуы керек деген ұғымға келіспеушілік болды. Құрылыс,
байланыс, транспорт, ауыл шаруашылығы және өндірістік сфералар сияқты тек
коммерцияның жалпы сұрақтарымен ғана айналысты. Соңғы уақытта Қазақстанның
ғылыми даму қызметінде қолданбалы және іргелілік зерттеулерді
қаржыландыруды жылдан-жылға артып келе жатқандығымен сипатталатын, жеке
секторларда ғылымды интеграциялауды ынталандыру есебімен жаңа ендірулерді
шапшаң игеру, экономикалық және әлеуметтік тығыз мақсаттарды шешуге ғылыми-
техникалық әлеуетті бағыттау сияқты жаңа этаптар байқалуда.
Елімізде 2006 жылы ғылыми зерттемелер мен әзірлемелерді 299 ғылыми
ұйымдар жүргізуде. Жасалған ғылыми-техникалық жұмыстың көлемі 18,5 млрд.
теңгені құрайды. Соңғы жылдары іргелі ғылыми зерттемелерге мемлекеттік
бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі артты.
"Инновациялық қызмет туралы" ҚР Заңы басылып шыққаннан кейін
Н.Назарбаев "бұның мақсаты тек экономиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз
етуғана емес, енгізілген жаңа шектеулер ... , шикізаттық емес салалар, кіші
және орта бизнестің дамуы, осы даму жемісін дұрыс тарату ... , оның өсу
сапасын арттыруда жататындығына да" назар аударды. Одан кейін ол былай
деді- қоғамды басқару сферасымен өндірістің түрлі салаларында жаңа
идеялармен технологияларды ендіру, ғылымды көп қажет ететін өндірістерді
дамыту республика стратегиясының негізгі компоненттері. Осы мәселелердің
маңыздылығын ескере отырып Н.Назарбаев мынаны ерекше атап өтті: “ Әлемдік
шикізат нарығындағы бағаның ауытқуына біз тәуелді болмауымыз тиіс және бола
алмаймыз”.
Экономиканы түбегейлі инновациялық қайта құру мақсаты барлық
өкіметтік органдарың белсенді және толық қатысуларын талап етеді, бүтіндей
ғылыми-техникалық жүйе құру мен қатынастарын қайта қалыптастыру,
әлеуметтік-экономикалық кадрлармен және қаржымен қамтамасыз ету.
Салынып жатқан өндірістер мен жүйелерде жұмыс істеп отырған
инновациялық қызметке сай нарықтық ұжымдар мен қағидалардың өзара
қатынастары, өндіріс, қалыптасқан құрылымдарды максималды пайдалану мен
өзара тығыз байланыстағы дамулар Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі
болып табылады.
Индустриялды-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі Қазақстанда
әлемде тұрақты сұранысқа ие болып отырған, қуатты жоғары сапалы болат пен
балқымалар саласын жасау. Қазақстан әлемде болат құбырларын, теміржол
рельстерін, вагондарымен басқада металды көп қажет ететін өнімдерді шығару
жөнінен өзінің тиесілі орнын алу керек. Металлургия және байыту
институтының ғалымдардың пікірі бойынша республикада титан мен темірдің
ванадий, морганец, молибден, хром, алюмини және тағы басқа қоспалардың
балқымасын шығаруды ұйымдастыру техналогиялық мүмкін.
Қазақстан экономикасына тиімді инновациялық үрдістерді ендіру, жаңа
басқару сферасының дайындығынсыз, білімдік сфераның сәйкес қайта
құрылымынсыз мүмкін емес. Бұл жерде маңызды ролді білім және ғылыми
институттар ойнайды. Президенттің жолдауында республиканың барлық ғылыми
қызметін моделдеу мәселесі уақытында қойылып тұр. Білім сферасын
жетілдіру саласында белсенді жұмыс атқары жатқан Әл-Фараби атындағы ҚазУ.
Ақпараттық технологияларды енгізу жөнінен еліміздегі білім жүйесінде
көшбасы болып отыр. "Темпус-Тасис" Евроодақ бағдарламасы бойынша "Әл-
Фараби-Нова" жобасы Франция мен Германияның жетекші орталықтарында
компьютер-орталықтардың бір топ мамандарына оқуға мүмкіндік берді, әлемдік
танымал оқу орталықтарымен ынтымақтастық бойынша белсенді жұмыс
жүргізілуде, қазақстан-индия ақпараттық технологиялық орталығы құрылған.
Қазақстан Республикасының ҰАИ (Ұлттық ақпараттық инфроқұрылым) дамыту
және құру, ашық жүйелер концепциясы негізінде әлемдік қоғамдастық жүзеге
асыратын, ауқымды ақпараттық инфроқұрылымдар (Global Information
Infrastsucture) үрдісінің бір бөлігі. Бағдарлама мынаған сүйеніп
жасалған, ҰАИ негізінен жеке құрылымдар пайда табу мақсатында түрлі
ақпараттық өнімдер мен технологиялар жасау, мемлекеттік және коммерциялық
секторларда терең құрылымдар қалыптасатын сияқты нарықтық механизім
есебінен қамтамасыз етіледі.
Инновациялық үрдістер қызметін жете игеруге Қазақстанның барлық
мүмкіндіктері бар. Ресурстық әлеуетке бай, ғылыми-техникалық базасы
жеткілікті дамыған, жоғары маманды кадрлары бар, қаржылық ресурстармен
жасалынған қолайлы жағдай өзінің ғылыми-техникалық әзірлемесін және
инновациясын жасауға назар аудартып отыр.
Инновациялық үрдіс тек өндірістің дамуына ғана ықпал етіп қоймай, шын
мәнінде қоғамдық өмірдің барлық жағына да әсер етеді. Осыған орай
пайдаланылатын материалдық және материалдық емес игіліктердің құрылымы
жетілдіріліп отырады, адамдардың өмір сүру қызметінде жаңа сфералар пайда
болады. Мысалы, бір жоғарытехнологиялық бір жұмысшы орны өндірісте бестен
онға дейін жұмысшы орнын пайда етеді.
Бұл мысалдан мынаны айқын көруге болады, егер инновациялық даму жолына
өтіп, ғылымды көпқажет ететін өндірістер мен ақпараттық технологияларды
кең тарататын болса Қазақстан қандай экономикалық жетістікке жеткен болар
еді.
2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық инфроқұрылымының қалыптасуы
мен дамуы
Инновациялық даму қызметінің маңызды факторларының бірі инновациялық
инфроқұрылымды қалыптастыру. Инфроқұрылымының негізгі элементтері жалпы
экономикалық жағдайдан бөлінбейді. Инновациялық инфроқұрылымның негігі
элементтері жалпы экономикалық инфроқұрылым элементінің негізгі сипаты
сияқты (көлік, байланыс, ақпарат, телекомуникация) және өзіне тән элементі
(патенттік қолдау, сақтандыру, консалтингтік және инженерлік фирмалар,
инкубаторлар), бұларсыз инновациялық қызмет нарық жағдайында өмір сүре
алмайды.
Инфроқұрылым – экономиканың дербес саласы. Инфроқұрылым саласының
ерекшелігі сол ол материалдық өнім шығармайды, тек қызмет етеді.
Қазақстанда нарықтық жүйеге өту үстемдігі тұралап қалған өндірушілер
санының көп болуымен байланысты. Сондықтан инфроқұрылым элементінің
негізгі мақсаты экономикалық субъектілер арасында тұрақты шаруашылық
байланыстарын құру және ұстап тұру. Сонымен инфроқұрылымның негізг ұмысы
(функциясы) – шаруашылық жүргізудің ішкі жағдайын қалыптастыру,
экономикалық субъектілерде де, ұлттық экономиканы түгелдей алғанда да.
Ғылыми-техникалық сфера мен инновациялық қызметте мемлекет саясатының
басты бағыттарының бірі:
- аймақтық, салааралық, мемлекеттік сипаттағы арнайы инновациялық
субъектілерден тұратын инновациялық инфроқұрылымды қалыптастыру.
Инновациялық қызмет инфроқұрылымы немесе инновациялық инфроқұрылым -
бұл ұйымдастыру-экономикалық институттар кешені, шаруашылық жүргізуші
субъектілерінде (соның ішінде арнайымамандандырылған инновациялық ұйымдар)
инновациялық үрдістерді жүзеге асыру шараларын тікелей қамтамасыз ететін,
ұлттық экономиканың біртұтастығы сияқты экономикалық тиімділік қағидалары
негізінде, сондай-ақ нарықтың конъюктурлық өзгерістер жағдайындағы оның
экономикалық субъектісі.
Инновациялық инфроқұрылымға кіретін барлық ұйымдар инновациялық
қызметтің біртұтастығын білдіретін белгілі бір технологиялық және
экономикалық байланыста болады.
Инновациялық инфроқұрылым жиынтығын қалыптастыратын ұйымдар, шетелдік
кәсіпорындар мен филиалдардың болу болмауына байланысты түрі, жұмыс
секторлары бойынша айырма жасайды. Соңғы кезде Қазақстанда инновация саласы
ұйымдастырудың жаңа структурасы мен инновациялық құрылымы қалыптасып
келеді, оның міндеті – инновациялық қызметтің ұдайы өсу шараларын жүзеге
асыру.
Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі,
өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады:
инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология
аймақтары.
Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол
бір немесе бірнеше ғимараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық
фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін
бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өзбетінше
қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жаңа ғана
қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспар жасау,
өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-
жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-
өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды
ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын
кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң
технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге
қабілетті болады.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты
шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай
қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, зертханалар
тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор,
инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шығын
инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудитторлық,
консалдингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады.
Технополис – жеке қалалар негізінде құрылған ғылыми-өндірістік
құрылым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар
мен университеттер.
Ғылым мен технология аймақтары, ірі оқу орындары, ірі өндіріс
кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге
маманданған аймақ.
Технополистер мен ғылым мен технология аймақтары инновациялық фирмалар
қызмет ететін "қаржы оазисіне" айналды. Мұнда мемлекеттік, коммерциялық
банктер, өнеркәсіптік корпорациялар, венчурлы қорлар, қайырымдылық
қорларының капиталдары шоғырланады, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген
салықтар, несиелер қосылды.
Бұл ұйымдардың тағы бір артықшылығы ғылыми-техникалық кадрлардың бір
жерде шоғырлануы: негізінен лабораториялар, университеттер, консалдинг
фирмалары. Осының арқасында компаниялар инновациялық үрдістер үшін тез
арада уақытша жобалық топтар құруға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ ең негізгі артықшылығы инновациялық үрдіс нәтижесінің тез
арада өнеркәсіпке енуі, Өйткені технополистер ғылыми-техникалық пргресті
жүргізуші өнеркәсіптер орналасқан жерлерде қызмет етеді, мысалы
"Селиконовая долина" электронды өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланған, Цуруб
электроника және робототехника бағытында қызмет атқарады.
Кіші бизнесті қолдаудың аса маңызды құралдарының бірі мемлекет үшін
бизнес-инкубатор болып есептеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор, 36 кәсіпкерлерді
дайындайтын орталықтар жұмыс істейді. Талдау көрсеткендей, бизнес-
инкубаторлардың ең көп құрылған жерлері Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік
Қазақстан облыстары. Ақтөбе облысындағы 8 аудандық инкубатордың 7 жұмыс
істейді, 1 бизнес-инубатор жаңа ғана тіркеуден өтті.
Қостанай обылысында бірғана бизнес-инкубатор жұмыс істейді, ол кіші
бизнес субъектілеріне өндірісті ұйымдастыру үшін жабдықтар мен ғимараттарды
жеңілдік жағдайларында жалға алуға көмектеседі. Сонымен қатар бизнес-
икубатор сату нарығы, тауар, шикізат және материалдар жөнінде ақпараттар
беріп тұрады, семинарлар, жәрменкелер, көрмелер өткізуге қызмет
көрсетеді, сондай-ақ жарнамалық және маркетингтік қызметтерді
ұйымдастырады.
Бұл кооперацияның басты мақсаты – кәсіпорындар салуға арналған
жерлердің бірден қысқарып кетуінен туындағын, кәсіпорындардың орналасу
туралы мәселелерін шешуге көмектесу.
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласының әкімшілігнде "Жаңаөзен бизнес-
инкубатор" МҚК жұмыс істейді. "Жаңаөзен бизнес-инкубатор" МҚК жалпы көлемі
2109,57 кв.м. Бизнес-инкуботор территориясында 42 астам кәсіпкерлік қызмет
істейді, онда 118 адам қызмет атқарады. Бизнес-инкубатордың клиенттерінің
негізгі қызмет түрі баспа (полиграфия), ағаш шеберханаларының, тігіншілік
жұмыстар, шаштараздық, қонақ үйлік қызмет көрсету, жарнамалық агенттіктер,
көліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану
орындары және басқада қызмет түрлері. Нысан торларын кеңейту мақсатында
Маңғыстау облыстық Әкімшілігі 2003 жылдың 29.01. "Бейнеу ауданы
әкімшілігінің бизнес-инкубатор" және "Түпқараған ауданы әкімшілігінің
бизнес-инкубатор" МКҚК құру туралы" № 10 қаулы қабылдаған [17.35б].
Кесте-2 Бизнес-икубатор мен кәсіпкерлерді дайындау орталықтары торлары
туралы ақпарат
№ Облыс атаулары Кәсіпкерлерді Бизнес-инкубатор
дайындайтын саны
орталықтар саны
1 Ақтөбе облысы 3 8
2 Атырау облысы 6 1
3 Ақмола облысы 9 3
4 Алматы облысы 1 1
5 Шығыс-Қазақстан облысы 1 1
6 Батыс-Қазақстан облысы 2 2
7 Жамбыл облысы 1 -
8 Қарағанды облысы 2 2
9 Қостанай облысы 2 1
10 Қызылорда облысы 1 8
11 Маңғыстау облысы 1 1
12 Павлодар облысы 2 4
13 Солтүстік –Қазақстан облысы 2 1
14 Оңтүстік-Қазақстан облысы 1 8
15 Астана қаласы 1 1
16 Алматы қаласы 1 1
Барлығы 36 44
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кіші кәсіпкерлік инфроқұрылымын
қолдап отыратын 50-астам бірліктер жұмыс істейді, оның 8 бизнес-инкубатор,
6-уы ауылдық несие серіктестігі, 10 банк, 6 сақтандыру компаниялары, 2
битжи, 24 ұсақ несиелі ұйымдар. Ал, 2004 жылдан бастап облыс аймақтарында
инфроқұрылымды дамыту жолында жұмыс жүргізілуде, 14 ауылдық шаруа
серіктестіктері құрылды, оның 8-зі 2004 жылы-ақ лицензия алды. Екі шағын
несие ұйымдары ашылды, 2 жекеменшік бизнес-орталық құрылды: Түлкібас
ауданында "АВ-Информ" ЖШС және Ордабасы ауданында "BESICOM" ЖШС.
Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер дайындайтын бірнеше орталық жұмыс
істейді: Теміртау қаласында "Бизнес-инкубатор" МҚК, Қарағанды қаласында
"Кәсіпкерлікті қолдау орталығы" ЖАҚ, Кәсіпкерлік және менеджмен мәдениеті
институты. 2004 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жергілікті деңгейде
кіші кәсіпкерлікті қолдауға облыс бюджетінен 8 млн. теңге қаражат
бөлінген.
Берілген бағларлама шеңберінде мына іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
- жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін "Өз ісіңді ашу және ұйымдастыру"
жөнінде бағдарлама бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру (1
млн. теңге;
- облыстың қалалары мен аудандарында кіші бизнесті қолдайтын
құрылымдар құру (3,5 млн. теңге);
- инкубацияны ұйымдастыру тәртібі, қолдау және мониторинг бизнес-
бірлігі (2,5 млн. теңге);
- маркетингтік зерттеулер мен бизнес-жоспар әзірлемелері бойынша СМП
техникалық көмек көрсету (1 млн. теңге).
1999 жылы 31 мамырда Алматы қаласының Әкімінің шешімімен "Алматы
қаласын Бизнес-инкубатор" (АҚБИ) Мемлекеттік мекеме құрылды. Сонымен бірге
Алматы қаласының Коммуналды жекеменшік басқармасы жөніндегі департаменттің
шешімімен жедел басқару құқығында АҚБИ балансына мүліктік кешендер берілді
(бұрынғы ОМОН және ҚР ІШМ ІӘ бригадасының әскери бөлімінің казармалары),
осы база негізінде Алматы қаласы Кіші бизнес өндірістік зонасы құрылды
(КБӨЗ).
Павлодар обылысында 4 бизнес-инкубатор жұмыс істейді, оның негізіг
қызметі кіші кәсіпорындар үшін жеңілдетілген жағдайда өндірістік
ғимараттар беру, жаңа бастаған бизнесмендерге бизнес негізін үйрету,
бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдар мен өзара қатынасты
қалыптастыруды және ақпараттық көмек көрсетуді үйрету, кәсіпкерлерге
консалдингтік қызмет көрсету. Орта және кіші бизнесті дамыту мен қолдау
бағдарламасы шеңберінде 2004 жылы Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ –да
облыстың ауылдық кәсіпкерлері үшін ақпараттық-аналитикалық бюро құру
жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасына жасалған
талдау (1992-1994 жж, 1994-1996 жж, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz