Елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс
Кіріспе
1 тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері және мемлекеттің рөлінің негізі
1.1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
1.2. Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі
1.3. Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы
2 тарау. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
2.1. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау)
2.2. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері 2.3. Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік.экономикалық жағдайын болжау
3 тарау. Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы.
3.1. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс.шаралары және оны жүзеге асыру барысы
3.2. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған міндеттері
3.3. Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан шығуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәлімдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес. АҚШ өзінің шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді. Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты.
Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын қаржылық міндеттемелердің жинақталуы.
Объективті себеп біреу – ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан құрылымдық жүйенің дағдарысы. Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы қоғамын қалыптастыру болып табылады.

1. Мировая экономика. Ломакин В.К. 1998г., 727стр.
2. Экономические интитуты капитализма.Уильямино О.И. 1997г., 702 стр.
3. Долгосрочные ценные бумаги и финансовый кризис. Рахимжанов А.Т. ТООБаспа 2001г., 168 стр.
4. История кризиса. Гришин Л.Л. Казанский университет. 1991г., 169 стр.
5. Казахстан журнал. Банки Казахстана. Долговые похмелье. А., 2008г., № 3. 90-92 стр.
6. Казахстан журнал. Что Казахстан слил за полгода. А., 2008г.,№ 4. 110-113 стр.
7. Деловой журнал. Казахстан экономические показатели. А., 2008г., № 3(7) июнь-июль. 25-27стр.
8. Ваши кредиты, депозиты, страхование. В защиту общих интересов. А., 2008г., № 4(4) декабрь. 35-27стр.
9. Экономические стратегии. Обзор валютного и товарных рынков Казахстана. А., 2008г., № 2(10). 120-124стр.
10. РБК Централной Азии. В фокусе банкротство. 2009г., март. 44-47стр.
11. РБК Централной Азии. Новые нулевые. 2009г., март. 25-27стр.
12. РБК Централной Азии. Кризис бьет рекорды. 2009г. Апрель. 15-16 стр.
13. National business. Первый фронт. 2009г. Январь- №12/1(62) 25-27стр.
14. National business.Девальвация. 2009г. Январь- №12/1(62) 29-31стр.
15. National business. Необходимо запас прочности. 2009г. Февраль- №12/2(63). 42 стр.
16. Банки Казахстан. Предлагаем антикризисные меры. 2009г. №2., 34-36стр.
17. Банки Казахстан. Партнерство банков и бизнеса по проедалению влияния мирового кризиса. 2009г. №1., 44-51стр.
18. Казахстанская правда. Ипотечная корректировка. 17 апреля 2009года., 7-9стр.
19. Казахстанская правда. Заботой о будущем- сегодня., 24 апреля 2009года., 11-12стр.
20. Казахстанская правда. Шаги стратегии. 24 апреля 2009года., 6 стр.
21. Свобода слова. Это правительства с кризисом не справится. 7 мая 2009г. 11 стр.

ЖОСПАР
Кіріспе
1 тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері және мемлекеттің
рөлінің негізі
1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
2. Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі
3. Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы
2 тарау. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
2.1. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен
салыстыра отырып 2007 жылға талдау)
2.2. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері
2.3. Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
болжау
3 тарау. Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ
дамуы.
3.1. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-
шаралары және оны жүзеге асыру барысы
3.2. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған міндеттері
3.3. Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан
шығуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе.
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы
ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел"
түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін
жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз,
тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс
процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің
шегі.
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі
әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі
айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен
қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа
дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға
байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа
созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге
тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және
қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің
құлдырауынан болған деп мәлімдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік
жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс
нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес. АҚШ өзінің
шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді.
Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты.
Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін
бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық
пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал
екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын қаржылық міндеттемелердің
жинақталуы.
Объективті себеп біреу – ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын
және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан
құрылымдық жүйенің дағдарысы. Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан
капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік
капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы
қоғамын қалыптастыру болып табылады.
Дағдарысты бастаушы болып бай мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы
мемлекеттерде капитал толық тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық
қаржылық дағдарыстан қорғану үшін мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ
айтсақ, экономика салаларын ұлттық базаға көшіру керек дейді.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе,
экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай
шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекеттің артқаратын қызметі, оның рөлі нарық
жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Мемлекет нарықты
қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес
салалар бойынша, атап айтқанда,ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсздандыру мәселелерін реттеуге де
мемлекет араласуы керек. Мемлекетке түнгі күзетші рөлін беру XVII
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы еркін кәсіпкерлікке негізделген
капитализм мен еркін нарық кезеңінің әлеуметтік-экономикалық қалыптасу және
даму жағдайларымен байлынысты.
Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны
артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы
үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір
бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол
себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр.
Магистрлық жұмыстың мақсаты бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп
тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша
құбылысқа қарсы шараларды түбегейлі қарастырып, бұндағы мемлекеттің рөлін
айқындау.
Магистрлық жұмыстың міндеттері:
1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы;
2. Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі;
3. Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы;
4. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006
жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау);
5. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму
ерекшеліктері;
6. Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
болжау;
7. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы
іс-шаралары және оны жүзеге асыру барысы;
8. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған
міндеттері;
9. Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан
шығуы
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайы
және дағдарыстың әсерлерін жетік қарастыру. Мемлекеттің экономикадағы рөлін
және алатын орнын анықтау. Шетелдегі әлемдік дағдарыстың жағдайы. Қазақстан
Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау. Дағдарыстан
кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын
болжау.Елбасының дағдарысты алдын алу шараларын және дағдарысқа қарсы
бағдарламалардың мәнін қарастыру.
1 тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері
1.1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы
ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша,
дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және
социалистік өндірісте болмауы тиіс.
Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген
теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік,
өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы
емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне
қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы
қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын
үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс
дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта
кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз
кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан
дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс
жағдайы күрделене түседі.

Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, жаңғыртулық
циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті
басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер
сілкіну, тағы басқа. [1]
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі
макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті
әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде
байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі
қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және
инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі. Егер дағдарысты осындай
жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны
алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Ол белгілі бір саяси себептермен 1-суретте түсіндіріледі. Негізгі
дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты. Оның себептері
және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.
1-сурет
Дағдарыстың себептері
Қайнар көзі: Мировая экономика. Ломакин В.К. 1998г., 727стр.
Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі
шығу. Және дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [2].
Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды,
сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жұмсартып
немесе оны өршітуі мүмкін.
Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару
өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке
байланысты (2-сурет).
2-сурет
Дағдарыстың мүмкін болатын салдары
Қайнар көзі: История кризиса. Гришин Л.Л. Казанский университет.
1991г., 169 стр.
Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де
бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды
дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс
типтілігі және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның
өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз
өтуімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-
экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл
дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау
кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және
қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады.
Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән.
Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды 8.
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға
болады. Ол қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің
қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың
ақшалай көрінісі.
Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе
қайшылықтардың өршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер,
кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал
және менеджерлер және т.б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық
дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда
өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген
жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.
Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі
теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі
түсініктерді шығаруға болады – таза субъективтіден, яғни сұраныс пен
ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен
тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң,
барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік
өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке
тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай
экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми
позицияның барын айтуда.
Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу
себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:
Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс
пен тұтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды
шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды
да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың
пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп
болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен
тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар
өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар
негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды
мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.
Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер
жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс
туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық
мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде
жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен
иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай
шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік
спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді.
Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті
сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал
процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі
және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [3].
Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің
қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл
мәселені К.Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің
стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп
ашқан. Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: Іскерлік цикл теориясы
Маркстік саяси экономия алдында айқын қарыздар [6]. Цикл кезеңінің
кезекті қысқарулары, қазіргі әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс
әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.
Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық
дағдарыстарды капитализм табиғатьшен байланыстырмай басқа да себептерін
ұсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын
халықтың жеткіліксіз тұтынуы. Жеткіліксіз тұтыну теориясының жалғастырушы
өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды.
Дағдарыс дәрісі ретінде тұтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ
тұтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс
себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ
экономистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе
теңсіздіктен. Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы
жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі.
Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон
Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда болуы мемлекеттің артық
қаржыландыруынан (арзан несиелер, сұранысты ынталандыру) туындайды.
Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Дағдарыс жағдайындағы
дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. Ауыспалы
жағдай инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді.
Экономикалық циклдың фазалары берілген, 3- суретте көрсетілген [7].
3-сурет
Экономикалық цикл
Қайнар көзі: История кризиса. Гришин Л.Л. Казанский университет. 1991г.,
169 стр.
3-суретте экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан
толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі
динамикасын сипаттайды.
Бірінші фаза – дағдарыс (құлдырау). Бұл кезде өндіріс көлемі және
іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы,
жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономиканың
дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айырмашылығын
айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші салаларда
өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта
тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен
тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді.
Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп,
дағдарысты аз шығынмен өткізеді.
Екінші - депрессия (стагнация). Бұл фаза (ұзақтылығы - жарты жылдан үш
айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу,
жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз
іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен
қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар
бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке
бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады.
Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капитал салымдары
басталып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшері өседі. Жандану ең
алдымен өндіріс құралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың
жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану
дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен
аяқталады. Бұдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады.
Төртінші – көтерілу (бум). Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің
пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар бағамы және басқада
бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі
сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды
жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар
қоры молаяды.
Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы серпілісі (себебі) жиынтық
сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табы-стың
азаюы, шығындар мен сүраныс қысқарады. Алғашқы жиынтық
сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған
құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және несие
пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси
жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі
қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін
беруі мүмкін.
Екі ғасыр бойы көптеген мемлекеттердің экономикасында және әлемдік
индустриалдық қоғамның дамуында, қалыптасу кезінде дағдарыс болып тұрады,
яғни өндірістің төмендеуі және құлдырауы, нарықта қалыптаспаған тауардың
көбеюі, бағаның түсуі, өзара есеп айырысу жүйесінің, банктік жүйенің, сауда
фирмаларының құлдырауы, жұмыссыздықтың көбеюі болды. Көптеген әдебитеттерде
экономикалық дағдарысты тауар мен қыметке сұраныс пен ұсыныстың арасындағы
теңдіктің өзгеруі, бұзылуы деп мінездейді. Бастапқы кезде дағдарыс
ауылшаруашылық өнімнің жеткілікті дұрыс өндірілмеуінен, ал ХІХ ғасырдың
ортасында төлемқабілетті сұраныс пен өндірістік өнеркәсіптің арасындағы
теңдіктің бұзылуынан болды.
ХХ ғасырға дейін экономикалық дағдарыс бір, екі немесе үш мемлекетті
қамтып, сонан соң халықаралық сипатқа ие болатын. Соңғы он жылда
экономикалық дағдарысты болдырмау бойынша механизмдерді қалыптастырса да
әлемде дағдарысты ешкім алдын ала болжай алмайды және одан қашып құтылуға
болмайды.
Еуразия және америкада екі ғасыр ішінде жиырмаға жуық экономикалық
дағдарыс болған.
Бірінші әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-тың, Германияның, Англияның
және Францияның халық шаруашылық жәнеқоғамдық өміріне соққы берді. 1857
жылдары дағдарыс АҚШ-тан басталды. Теміржол компаниялары мен акция
нарығында жаппай құлдырау себеп болды.Осы жылы дағдарыс Англияны, сонан соң
Еуропаны жаулап алды. Дағдарыс кезінде АҚШ-тың шойын өндірісі 20 пайызға,
ал мақта өнімін тұтыну 27 пайызға азайды. Германияда шойын тұтынымы 25
пайызға, Францияда мақта тұтыну 13 пайызға төмендеді. Ал Ресейде шойынды
еріту және мақта-қағаз мата шығару 14 пайызға азайды.
1914 жылы бірінші әлемдік соғыс салдарынан халықаралық қаржылық дағдарыс
болды. Себебі, әскери іс-әрекетті қаржыландыру үшін АҚШ, Ұлыбритания,
Франция, Германия басқармасы шетелге эмитент қағаздарын жеңілдікпен сатты.
Бұл дағдарыс басқа дағдарыстарға қарағанда бірнеше елдерде бір мезгілде
басталып, соғысып жатқан жақтар шетелдік активтерді ликвидтендірді. [8].
Келесі дағдарыс соғыстан кейінгі дефляциямен байланысты. Бұл құбылыс
Данияда, Испанияда, Норвегияда, АҚШ-та және Ұлыбританияда банктік және
валюталық дағдарыспен байланысты болды. Бұл дағдарыс 1920-1922жж. болды. Ал
1929-1933 жылдары Нью-Йорктік қор биржасында акцияның тез түсуі үлкен
экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Бағалы қағаздар құны 60-70 пайызға
түсті және негізгі әлемдік валюта үшін алтын стандарты жұмысын тоқтаты.
Акция ұстаушылар 15 млрд долларларынан айырылды. 1929 жылдың аяғында бағалы
қағаздар құны 40 млрд. долларға дейін жетті. Зауыттар мен фирмалар, банктер
жабылып, жұмыссыздық көбейді. 1933 жылы 32 дамыған елдерде жұмыссыздардың
саны 30 млнды құрады.
1973 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталды. Дағдарыс кезінде АҚШ-
тың өндірістік өнеркәсібі 13 пайызға, ал Жапонияда 20 пайызға, Францияда 13
пайызға, Италияда 14 пайызға азайды. Акцияның құны 1973 жылы желтоқсан
айынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін АҚШ-та 33 пайызға, Жапонияда 17
пайызға және Францияда 33 пайызға, Италияда 28 пайызға түсті. 1974 жылы
мұнай бағасы 12 долларды құрады.
1998 жылы Ресей дағдарысы. Ресей тарихындағы ең қиын, үлкен дағдарыс
болды. Ресейдің үлкен соммадағы мемлекеттік қарызы, шикізатқа әлемдік
бағаның төмендігі және мемлекеттің қысқа мерзімді облигацияларының
пирамидалылығы себеп болды. 1998 жылы рубльдің долларға шаққандағы бағамы 3
есе түсті.
Мемлекеттік жұмыскерлер мен ғалымдар әлемдік экономикалық қаржылық
дағдарыстың пайда болуын әртүрлі себептер себеп болды деді. АҚШ-тың
экспрезидентті Джордж Буш қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар
мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз
реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәләмдеді. Бірақ бостандықтағы
кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға
болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес.
Ресей федерациясының премьер-министрі Владимир Путин АҚШ өзінің

Ресей өзінің экономикалық және қаржылық әсер ету шеңберін қалыптастыру
керек. Путиннің әдісі долларлық зонаның біржақты қалыптасуынан бас тарту
ғана емес, АҚШ-тың әлемдік экономикаға әсерін шектеу болып табылады.

Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым
көпшілігінің экономикалық қызметтің үйлестіру арқылы адамға қажетті
материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету.
Әлеуметтік ұйымның субъектісі – мемлекет, ал объектісі-халық. Осыдан
туындайтын сұрақ ұлттың дамуын қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай
болмақ?
Классикалық үлгі. Классикалық экономикалық теорияның басты өкілдері -
Адам Смит, Давид Рикардо, Жан-Батис Сэй, Стюарт Милль және т.б. Мұндай
үлгіні тұңғыш рет А.Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін
зерттеу деген кітабында (1776ж.) ұсынған болатын. А. Смит пікірінше, жеке
тауар өндірушілер нарықтағы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек.
Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не қажет, соны сатып алады.
А.Смит сөзімен дәлірек айтқанда нарықты өздігінен ретейтін көрінбейтін
қол ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл
қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады.

Классикалық нарықтың негізгі белгілері:
• Сатып алушылар мен сатушылар санының көп болуы;
• Тауарлар мен қызметтердің бағалары өндірушілерден тәуелсіз сұраныс
пен ұсынысқа байланысты қалыптасады;
• Нарыққа енуде ешқандай кедергілер жоқ;
• Өндірілетін өнімдер біртекті, күрделі емес және ірі көлемдегі
өндірістің артықшылықтары жоқ;
• Нарықтың барлық қатысушылары қажетті ақпараттарды еркін алады және
кәсіперлік әлемінде жақсы бағдарланады.
Мұндай жағдайда, шын мәнінде, нарық реттеуші қызметтерін өзі жүзеге асыра
алады және мемлекет өз қызметтерін шектеп, рыноктың өркендеуі үшін
кедергілердің болмауын қадағалап отырады.
Экономиканы жоспарлы-соцалистік ұйымдастыру К.Маркстың теориялық
негізделген моделі. Модельдегі мемлекеттің экономикалық іс-әрекеттері
біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи нысаны,
екіншіден, экономикалық жүйе үстемдік етуші сектор ретінде қарстырылады.
Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің негізгі құрал жабдықтарына
мемлекеттік меншіктің болуы барлық экономикалық процестерді бір орталықтан
реттеудің қажеттілігін білдіреді. Жүйенің артықшылығы –теориялық тұрғыда
болса да, ресурстарды үнемі басқару арқылы адамдарды толық жұмыспен қамтуға
болатындығы.
Бұл модельдің басты белгілері:
• Өндіріс құралы жабдықтарына қоғамдық меншіктің болуы;
• Өндіріспен тұтыну, салалармен аймақтар араларындағы экономикалық
байланыстар жоспарлы жүзеге асты;
• Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бағалары орталықтан қатаң
бекітілетіндіктен, баға сұраныстың да, ұсыныстың да жағдайын анықтай
алмады;
• Бақталастықтың рәсімделегн түрі, экономикалық бақталастықтың
антагонистік нысаны ретінде бәсеке экономикалық жарыспен ауыстырылды.
Экономикалық жарыс ешқандай материалдық ынталандырумен қамтамасыз етілмеді.
Мұндай жағдайда мемлекеттің рөлі жан-жақты сипат алды. Мемлекет
жоспарлау арқылы барлық экономикалық (және экономикалық емес) процестерді
реттеді.
ХХ ғасырдың басында әлемдік экономика экономикалық өсудің қозғаушы
күші болған өнеркәсіптің қарқынды дамуымен сипатталады. Қоғамның
материалдық-техникалық базасы түбірлі өзгерістерге ұшырап, капиталдың
шоғырлануы мен орталықтануы күшейді, монополистік бірлестіктер пайда болып,
бәсекелестік күрес аса күрделі сипат алды.
Мұндай жағдайлардың барлығы мемлекеттің рөлінің өзгеруіне, оның
экономикалық қызметтерін ұлғайтудың қажеттігіне негіз болды. Бұл кезеңнің
басты белгілері:
• Қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізі-негізгі өндіріс ресурстарына
ірі монополистік жеке меншіктің болуы, мемлекеттік сектордың
қалыптасуы, әсіресе әскери өндіріс салаларында;
• Еркін бәсекенің жетілмеген бәсекеге өзгеруі. Бәсекелік күрестің
нысандары мен әдістерінің түрі өзгеріп, аса қатал бола түсті;
• Монополия бағаға қатаң бақылау орнатып, өндіріс көлемін реттеді;
• Әртүрлі елдердің экономикалық дамуында теңсіздік күшейді, бай және
кедей елдер арасындағы алшақтық өсті, дамыған мемлекеттердің азғана
тобы отарланған елдерді қанады;
• Экономиканың циклды дамуының нәтижесінде әрбір 8-10 жыл сайын
қайталанып отыратын өсі, құлдырау, дағдарыс және жандану сатылары
қалыпты құбылысқа айналды, өйткені экономика өзін-өзі реттеуге
қабілетті деп саналды, ал бұл циклдық динамикаға оң қатынасты
туындатты.
1929-1933 жж. Ұлы дипрессия деп аталған әлемдік экономиканың
дағдарысы кезінде бұл процестер өте айқын көрініс тапты. Нарықтық реттеу
механизмдері экономиканың монополиялануының өспелі қарқынын, циклды
қозғалысын, жиынтық сұраныстың қысқаруын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің
өсуін реттеуге қабілетсіз болып шықты. Мұның барлығы экономикадағы
мемлекеттің рөлін қайта қарауға ықпал етті.
ХХ ғасырдың атақты экономисі Джон Мейнард Кейнс экономикалық
процестерге мемлекеттің белсенді қатысуының қажеттігін негіздеді:
экономиканың циклды даму сипатын өзгерту, толық жұмыспен қамту, жиынтық
сұранысты қолдау, табыстарды қайта бөлу және т.б.
1933 жылы New York Times газеті өз теориясының мәні жөнінде жазылған
Дж.М.Кейнстің жатын жариялады: Мен қарыз арқылы қаржыландырылатын
мемлекеттік шыгыстарды ұлттың сатып алу қабілетін өсіру үшін қодануға
ерекше маңыз беремін. Кейін бұл Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы
теориясыеңбегінде толық қарастырылды.
ХХ ғасырдың 50-70 жылдары пайда болған мемлекеттік дирижизм мектебін
кейнсиандықтың бір түрі деп есептеуге болад. Бұл мектеп мемлекеттің
экономикаға әсерін күшейтудің қажеттігін негіздеді. Мемлекеттік дирижизм,
яғни экономикалық процестерді мемлекеттік басқару ғана экономиканың
құрылымын тиімді қайта құруға және құлдыраудың алдын-алуға мүмкіндік
береді. Олардың ойынша ғылыми-техникалық прогрестің моторы, қозғаушы
бөлігі болып табылатын қазіргі заманғы жаңа салаларға жоғарғы көңіл бөлу
басқа салаларды да жетілдіруге, дамытуға болашақта жаппай жаңалықтар
еңгізуге мүмкіндік береді.
Батыс қоғамының қазіргі өмір сүру кезеңі аралас экономикалық жүйе
ретінде сипатталды. Ол экономиканың индустриалды тұрпатының дамуы барысында
пайда болды. Эконмикадағы әскери шығыстарды өсіру мен әскери-өнеркәсіптік
кешенді құру нәтижесінде ғылыми-техникалық ресурстардың, білікті жұмыс күші
мен қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шоғырландырылды. Экономикадағы
мемлекеттің рөлі артып, халықаралық еңбек бөлінісі тереңдей түсті және ірі
интеграциялық топтар қалыптасты. Бұл процестер өнеркісіптің басты салаларын
дамытуға, өндірістік инфрақұрылымды құруға мемлекеттің аса белсенді қатысуы
үшін алғы шарттарды дайындады.
Бұл кезеңнің ерекшелігі- экономикадығ адамдық факторға ерекше рөлдің
берілуі. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың өзіндік тепе-теңдігі
қалыптасты. Осындай жағдайларда мемлекет қоғамдық ымыраға жетуге,
әлеуметтік қайшылықтарды азайтуға ықпал етеді, бұл мемлекеттің экономикалық
қызметінің көрініс алады.
Қазіргі аралас экономика келесі белгілермен сипатталады:
• Экономиканың әлеуметтік-нарықтық сипат алуы. Мұнда нарықтық
механизмдер бәсекеге, пайда алу мен кәсіпкерлік әрекеттер үшін
мүмкіншілік мол. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау, балаларды,
мүгедектерді әлеуметтік қолдау, мәдениетті, білім беру мен денсаулықты
сақтау, іргелі ғылымды дамыту мәселелерін өз жауапкершілігіне алады;
• Экономиканы экологиялық сауықтыру процесі үдейді, өндіріске тартылған
табиғи ресурстардың көлемі азаяды, экологиялық қауіпсіз технологияны
пайдалану арқылы қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар
қысқарады.
• Ортақ міндеттерді шешуде елдер арасындағы тығыз әріптестіктің
қалыптасуына, экономиканың ғаламдануына әкелген интеграциялық
процестердің жедел дамуы.
Бұл процестердің брлығы, әсіресе, ғаламданудың өсуі мемлекеттің
экономикадағы рөлін міндетті түрде өзгертеді.
Барлық елдердің экономикасы үшін ғаламданудың оң немесе теріс
әсерлері болатыны белгілі. Ғаламдану негізінен дамыған елдерге көп
артықшылық беретіндіктен, дамушы елдер бұл процестің теріс салдарынан көп
зиян шегеді.
Бұрынғы кеңес елдерінің экономикалық тәжірибесі әміршілдік-әкімшілдік
жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту процесін сипаттайды. Бұл кезең
өтпелі экономика деп аталады, өйткені онда әміршілдік-әкімшілдік жүйе мен
нарықтық экономиканың элементтері ұштасады, қайшылықтар болады.
Бұрынғы кеңес елдеріндегі өтпелі экономиканың өзіне тән белгілері:
• Қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізі- әртүрлі және қарама-қайшы
экономикалық қатынастар жұйесін анықтайтын әртүрлі меншік топтары.
Материалдық-техникалық базасы ретінде қарапайым қол еңбегі,
автоматтандырылған жүйеден бастап қазіргі жоғары технологияларға
дейін қолданылады, әсіресе, әскери өнеркәсіптік кешенде.
• Бұныннан бар және жаңадан құрылған институционалдық, әлеуметтік
құрылымдар ескі жүйенің идеологиясын дәріптейді, әміршілдік
бюракратиялық жүйенің ықпалында болады, өйткені әлеуметтік-
экономикалық қатынастар үлкен тарихи серпілісті қажет етеді.
• Қалыптасқан бәсеке сыбайлас жемқорлық нысандарына –зорлау, пара беру,
адам өлтіру және т.б. айналады.
• Экономика дағдарыстық сипат алады және әлемдік экономикалық
кеңістікте ерекше орынға ие болады; оның қозғалысы әркелкі,
құбылмалы, тұрақсыз.
Мұндай кезеңде мемлекеттің рөлі одан сайын белсенді болуы тиіс, өйткені
нарықтық жүйеге өту, ескі жүйені жаңаша құру мен жаңаша қызмет етудің
негіздерін қалау үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруда оның
жауапкершілігі артады. Белсенді заң шығарушылық қызметі арқылы нарықтық
жүйенің инфрақұрылымын құру, салық жүйесін өзгерту, мемлекеттік меншікті
жекешелендіру және т.б. процестер нәтижесінде экономиканың нарықтық
қозғалысына серпіліс беріледі. Бұл процестердің дамуымен байланысты
мемлекеттің рөлі төмендемейді, керісінше, өсе түседі. Жаңа міндеттер –
экономикалық өсу, макроэкономикалық тұрақтылық, әлемдік нарықтағы бәсекеге
қабілеттілікті арттыру, сыртқы экономикалық қызметтерді реттеу, әлеуметтік
теңдік, ұлттық және экономикалық қауіпсіздік және т.б. пайда болады.

Белгілі қаржыгер Джордж Сорос 1929ж., 1987ж,. 2008ж. дағдарыстың
ұқсастығын көрсетті. 1929 жылы Құрама Штаттар Ұлыбританияның алдыңғы
экономикалы әлемдік державасының құрамында болды. 1987 жылы билік Құрама
Штаттардан экономикасы өте ықпалды держава Жапонияға көшті. 1987 жылы
дағдарыс бұл процестің белгісін жаңалық ретінде, сонымен қатар халықаралық
қаржылық тәртіптің өзгеруіне хабаршы ретінде есте қалды. Ол біріншіқаржылық
жүйеге сай келмейтін дамудың куәсін, АҚШ негізгі долларын құнсызданған және
тұрақсыз валюта резервтерінің негізін көрсетіп берді. Ал 2008 жылы
экономикалық биліктің жартысы Қытайға, Индияға, Бразилияға көшті.
Нарықтық қордағы төңкеріс жаппай дамып келе жатқан долларға сіңді,
сонымен өтімділіктің қысқаруы алдын ала дағдарыстың дамуына себеп болды.
Осы қатынастар 1987 жылы және 2008 жылдар 1929 жылды еске алады.
Экономикалық - қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті
себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден,
қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды
эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын қаржылық
міндеттемелердің жинақталуы [9].

қоғамын қалыптастыру болып табылады. К.Маркстің ұғымынша табысты 10
пайыздық шектеуде капитал белсенді жұмыс істейді, ал табысты 300 пайызға
шектеуде капитал әр түрлі жағдайларға (қылмысқа) барады. Ақшаға құнығу және
өнімді және қызметті қайта өңдеу экономикалық дағдарысқа әкеп соғады.
Ал мемлекеттік реттеу жақтастары дағдарысты бастаушы болып бай
мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы мемлекеттерде капитал толық
тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық қаржылық дағдарыстан қорғану үшін
мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ айтсақ, экономика салаларын ұлттық
базаға көшіру керек дейді. ХХІ ғасырда экономикалық дағдарыс тауарларды
қайта өндіру дағдарысынан әлде қайда айырмашылығы бар. Бұл дағдарыс-
экономикада ақшанның көптігі, ал бәсекелес шаруашылық субъектілерінде есеп-
айырысуды жүзеге асыруға қолма-қол қаражаттың жоқтығы.
Көптеген мемлекеттер әлемдік дағдарысқа төтеп беру мақсатында,
экономиканы ынталандыру үшін және сұранысты жоғарылату үшін көп қаражат
бөлуге мәжбүр болды. Кейбір елдерде мемлекеттік қарыздардың көлемі әлемдік
уақыт деңгейі үшін тарихилық сипатқа жетті. Жалпы алғанда, үлкен
жиырмалықтың бюджет дефициті бүгінгі күні 7,9 пайызды құрады. Әлемдік
валюталық қордың болжамы бойынша 2014 жылы дамыған елдерде мемлекеттік
қарыздар мен ЖІӨ 78 пайыздан 118 пайызға өседі. Ал, дамып келе жатқан
елдерде мемлекеттік қарыздар мен ЖІӨ 40 пайыздан аспайды.
Шет мемлекеттер қазіргі кезде әлемдік тәуекелдің әсері анықауда.
Экономика:
- азық-түлік тауарларына бағаның тұрақсыздығы;
- мұнай мен газға бағаның тұрақсыздығы;
- АҚШ долларының бағамының ауытқуы;
- Қытай экономикасының төмендеуі (6%);
- қолдан жасалған дағдарыс;
- активтер құнының төмендеуі;
- шығындарды реттеу;
- инфрақұрылымға инвестицияның жетіспеушілігі.
Геосаясат:
- халықаралық терроризм;
- трансұлттық қылмыс және жемқорлық;
- әлемдік басқарудағы үздіксіздік.
Ортаған қорша:
- ауа-райының өзгеруіне байланысты метеорологиялық құбылыс;
- судың жетіспеушілігі;
- жер сілкініс;
- су тасқыны;
- су басып қалуы;
- ауаның ластану.
Қоғам:
- жұқпалы ауырулар;
- инфекциялық ауырулар;
- созылмалы ауырулар;
- көшіп-қону және т.б. да әлімдік тәуекелдерді Әлемдік экономикалық
форумда қарастырды.
Экономикалық дағдарыстың әсері: жұмыссыздық. Соңғы 18 ай ішінде барлық
өндірістік салада жұмссыздық деңгейі жоғарылады. Дамыған елдерде
жұмыссыздық дейгейі дағдарыс басталғаннан бері 25,5 млн.адамға өсті. Жұмыс
орныны жоғалту және қандайда болмасын жұмыссыздықтық ұзақ кезеңі
тұтынушылық қарқынына әсерін тигізеді.
Дағдарыс салдарына байланысты ел экономикасында мемлекеттің тікелей
және жанама қатысуының мысалы ретінде, көршілес Ресейдегі жағдайды алуға
болады. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі
кезде Ресей ІЖӨ-нің 50%-ын мемлекеттің үлесі алып отыр екен. Ресейлік
сарапшылардың пікірінше, соңғы жылы Ресей үкіметі ел экономикасындағы
үлесін 10%-ға арттырыпты. Қазіргі кездегі нарықтағы турбулентті жағдайда,
экономикадағы мемлекеттік үлесті арттырудың негізгі механизмі бұл -
тұрақтандыру несиелерін беру және ішкі сұранысты арттыру арқылы
экономикадағы өсімді ұлғайту болып отыр, сол себепті Ресей үкіметі тек қана
жеке сектордағы үлесін арттырып қоймай, сонымен бірге Газпром,
Роснефть, Сбербанк России, ВТБ секілді мемлекеттік корпорациялардағы
үлесін де арттырып отыр.
Дағдарыс кезінде әлемдік валютаны сатып алу қабілеті 25-26 пайызға
түсті. Әлемдік валютаны сатып алу қабілетінің түсу болжамы екі факторға
негізделеді: ақша массасының қамтамасыз етілмеуінің өсуіжәне экономиканың
нақты салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруы. Валютаны сатып алу
қабілетінің негізгі бөлігінің түсуі азық-түлік тауарларына бағаның өсуі
және халықтың қызметінің өсуіне негізделеді. Әлемдік валютаны сатып алу
қабілеттілігін болжамдау. 2007 жылы әлемдік ЖІӨ сатып алу қабілеті бойынша
60 трлн. долларға бағаланды. Барлық елдер бойынша мемолекеттік көмек
белгіленген. Оның көлемі 2,8 трлн. доллар болды. Әлемде болып жатқан
жағдайда көмек қаражатының орта статистикалық айналымы қамтамасыз етілеген
деп тұжырымдауға болады. Қосымша ақша массасы әлемдік валютаны сатып алу
қабілеттілігі бір жылда 11,8 пайызға төмендеуіне әкеп соқты. Дағдарыс
жағдайында экономиканың нақты салаларының өндірісі көлемінің төмендеуі
биржалық индекстің түсуімен сәйкес болады. Сонымен қатар, осы факторға
сәйкес әлемдік валютаны сатып алу қабілетілігі 14 пайызға түсіп кетуі
күтілуде. Жалпы түсу сонда 25-26 пайызды құрайды. Әлемдік валюта бағамының
өзара қатынасын статистикалық талдау жасауға болады. Евро мен доллар
бағамының базалық өзара қатынасы 1,4:1,0 көлемде қалады. Бірақ арға-бергі
өзгерісі 0,2 доллармен шектеледі. Осыған қатысты евро мен доллардың өзара
қатынасы 1,2:1,0 – 1,6:1,0 шегінде ауытқуы мүмкін.
Ресей рубльін қолдау үшін қазіргі кезде Ұлттық әл-ауқат қоры 40 пайыз
бөлді. Күн сайынғы шығыны 50 млрд. рубльді құрасы, онда бұл қаражат жарты
жылда шығындалып кетеді. Сонымен қатар, Ресей сыртқы сауда балансында оң
сальдо бар. 2008 жылы бұл сальдосы алдыңғы жылмен салыстырғанда 68,4
пайызды құрады. Ресейде импортқа қарағанда экспорт тез өсуде. Экспорт 51,9
пайыз – 372 млрд. доллар, ал импорт 42,1 пайыз – 21,8 млрд. долларды
құрады. Болжам бойынша ресей рубльінің әлсіреуі 2009 жылы 10 пайызға
құлдырайды. Келесі жылы рубль бағамы минимум 15 пайызға төмендеуі мүмкін.
Беларусияны алып қарасақ, онда беларусь рубль бағамын қолдауға резерв
мүмкіндік берді. 2008 жылы бюджет дефициті 2 пайыз деңгейінде анықталған.
Бюджет дефицитін қаржыландырудың маңызды көзі ретінде сыртқы ресурстар
болып табылады. Беларусия Ресейден 2 млрд. долларға жуық көлемде несие
алды. Олар мемлекеттік және банктік жүйенің мәселелерін шешу үшін үш
маңызды сұрақтарды қарастыруда:
- қарыздық қайта құрылымдық формасын анықтау және кәсіпорындарды
қаржыландыру;
- шетелдік капиталды тарта білу;
- банктік секторда шетелдік капитал үлесін көбейту мүмкіндігін
бағалау.
Қазақстан Республикасына келер болмсақ, Қазақстанда ақша массасын
қысқартпай-ақ валюта девальвациясы тез арада және өзінің резервтерін сақтай
отырып жүргізілді. Девальвация деп экономикалық саясаттың аралық мақсаты
деп экономикалық жүйенің жиынтық сұранысын ынталандыру мақсаттарын
қарастырып елдегі айырбастау бағамын төмендету бойынша Үкіметтің мақсатты-
бағытталған іс-шарасы.
Қазақстанда Ұлттық банктің және Ұлттық Қордың резервтері 48 млрд.
долларды құрап, ал сыртқы қарыздары 105 млрд. долларға жетті.
ҚР Ұлттық банктің 2009 жылы 1 ақпанда мәліметтері бойынша екінші
деңгейлі банктер экономикаға 7,45 трлн. теңге несие берген. Ал шетел
валютасында берген несиелері 3,3 трлн. теңгені құрады. Сондықтан, ішкі
қарыздарды төлеу үшін де валютаға сұраныс мәжбүрлі түрде өсуде.
Валюталық саясатта келесідей мәселелер бар:
1) заңды және жеке тұлғалар жағынан валютаға жиынтық сұраныстың
бар болуы. Олар операциондық шығындарын төлеу үшін емес,
бағамның айырмасынан пайда табу үшін ғана валютаны тұтынады;
2) сыртқы қарыздардың көптігі (105 млрд.доллар);
3) шетелдік валютада несие алғандардың көптігі және теңгемен
несие алған халықтар мен компаниялар АҚШ-тың долларымен тығыз
байланысы;
4) импорттық тауарлардың қымбаттау жағдайында халықтың тұтынуын
қамтамасыз ететін ішкі өндірістіксектордың жоқтығы;
5) елдің валюталық ағымын басқаратын мақсатты жүйенің жоқтығы.

2007 жылдың ортасында дағдарысқа дейінгі қазақстандық экономика
мынадай көріністе болған:
• капиталдың көп мөлшердегі ағымы (сыртқы қарыз) және несиелеу
қарқынының өсуі;
• АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс 2007 жылғы несиенің кеңеюі мен қарыз
алу толқынының соңын тездетті, бірақ Қазақстанда қаржылық
тұрақсыздықтың пайда болу себебі болып табылмайды;
• шетелдік несие берушілерді несиелік тәуекел аз толғандырды,
өйткені олар қазақстандық банктердің ар жағында мемлекеттің
мұнайдан тапқан табыстары тұр деп тұжырымдады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының
қысқаша қорытындылары. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
деректері бойынша 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
өндірісі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,5 %-ға ұлғайды.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісі нақты көлемінің индексі
104,5 %-ды құрады. Есептік кезеңде 7703,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі
өндірілді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4365,9 млрд. теңгеге өнім
өндірілді, бұл 2006 жылдың қаңтар-желтоқсандағы деңгейінен 2,6 %-ға жоғары.
2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру 3,1
%-ға, темір кені – 1,4 %-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде 2916,6 млрд.
теңгеге өнім өндірілді, бұл 2006 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 6,7 %-
ға жоғары.
2007 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1069,6
млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осы кезеңінен 8,4 %-ға артық, бұл
ретте мал шаруашылығы өнімі – 4,0 %, өсімдік шаруашылығы – 12,7 %. 2007
жылы алдын-ала деректер бойынша астықтың жалпы жиналуы қайта өңдеуден
кейінгі салмағында 22,0 %-ға ұлғайып, 20,1 млн. тоннаны құрады, оның ішінде
солтүстік облыстар үлесіне – 15,4 млн. тонна келеді, бұл 2006 жылдың
деңгейінен 20 %-ға жоғары. Дәнді дақылдар шығымдылығы тұтастай республика
бойынша гектарынан 13,3 центнерді құрады.
2007 жылы 6,8 млн. тонна экспорт жіберілді, астыққа эквивалентте – 2,1
млн. тонна ұн экспортталды (ұн – 1,5 млн. тонна). 2006 жылғы деңгеймен
салыстырғанда астық экспорттың көлемі 2,2 млн. тоннаға (47,6%-ға), ұн –
339,9 мың тоннаға (30,3%-ға) ұлғайды.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің)
көлемі 1307,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейнен 15,3 %-ға
көп. Тұрғын үй құрылысына 489,6 млрд. теңге инвестиция жіберілді (негізгі
капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 15,1 %), бұл 2006 жылы
инвестициядан 26,2 %-ға көп. Жалпы алаңы 8,1 млн. шаршы метр тұрғын үй
пайдалануға берілді, бұл 2006 жылы қол жеткізілген көрсеткіштерден 29,8 %-
ға көп.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада жүк айналымы 350,4
млрд.ткм құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 6,7 %-ға көп. Темір жол
көлігінің жүк айналымы 5,1 %-ға, автокөлік жүк айналымы – 14,1 %-ға,
магистралдық құбырдың жүк айналымы - 5,4 %-ға, әуе көлігінің жүк айналымы –
28,8 %-ға және өзен көлігінің жүк айналымы 1,3 есе өсті.
2007 жылғы желтоқсанда инфляция 2006 жылдың желтоқсанына 18,8 %
деңгейде қалыптасты, 2006 жылдың тиісті кезеңінде – 8,4 % болған.
Инфляцияның жеделдеуіне оның құрамдас бөліктері бағаларының өсуі негіз
болды, азық-түлік тауарларына – 26,6 % (2006 жылғы желтоқсанда - 7,3 %)
және азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 10,5 % (7,1 %). Ақылы қызметтер
құнының өсуі 15,4 %-ды (11,6 %) құрады. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда
инфляция жылдың мәнде 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 10,8 % (8,6 %)
деңгейде қалыптасты.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
айналымы 80,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен
салыстырғанда 30,0 %-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт – 47,8 млн. АҚШ долл.
(24,8 %-ға), импорт – 32,8 млн. АҚШ долл. (38,3 %-ға). Экспорттың жалпы
көлімінде ең үлкен үлес – 69,7 % минералдық өнімдерге тиесілі. Асыл емес
металдар және олардан жасалған бұйымдар 17,1% -ды, химия өнімі 4,0 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz