Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Аграрлық өнеркәсіптік кешенін дамытудың теориялық аспектілері және оны мемлекеттік реттеу мәселелері
1.1. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің құрлымы мен даму қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Аграрлық өнеркәсіптік кешен дамытудағы мемлекеттің индустриялдық.инновациялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық қамтамасыз ету бағыттары ... ... ... .26

2.
ҚР Аграрлық өнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы және индустриалды.инновациялық дамыту басымдылықтары
2.1. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы әлемдік тәжірибелер және оларды Қазақстанда қолдану механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.2. Аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытудағы республиканың азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.3. Кластерлік жүйе . аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
2.4. Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіптік кешенінің инфрақұрлымын дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85
«Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа Жолдауында атап көреткендей Қазіргі кезде ел экономикасын дамыту мақсатында әртараптандырудың маңызды сегменті агроөнеркәсіп келенін дамыту болып табылады. [1]
Аграрлык өнеркәсіп кешені Қазақстан Республикасы экономикасының маңызды саласы болып табылады. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік қоғамдастықтан аграрлык өнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Аграрлык өнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі саналады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда аграрлык өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады. Дамушы елдерде нарыққа негізделген дамуға қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік сектор мен азаматтық қауым барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл шаруашылығы саласы біршама технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың негізгі катализаторы болып отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда кешенді көзқарасты қажет етеді
Ауыл шаруашылығы экономикасының бірден-бір ерекшелігі ретінде оның жермен тікелей байланыстылығын ескеретін болсақ, онда тақырыптың зерттелінуі ежелден басталады деген пікір айтуға толық негіз бар. Бұл тұжырымды экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мектебінің «Байлықтың көзі – жер» деген пікірі дәлелдей түспек.[2] Ауыл шаруашылығы экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф. Башмачников, А.Г. Аганбегян, түбегейлі зерттеп келеді. Одан өзге ауыл шаруашылығының салалық мәселелері отандық экономист-ғалымдар С.С. Сатыбалдинның, Я.Ә. Әубәкіровтың, Е.Б Жатқанбаевтың, Т.А Ө.Қ. Шеденовтың, Л.А. Бимендиеваның, Ж.Я. Әубәкірованың зерттеу еңбектеріне арқау болып келеді.
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа Жолдауы. www. akorda. kz.
2. Шеденов Ө.Қ, Ядгаров Я.С, Досқалиев С.Ә. Экономика ілімдерінің тарихы. /Оқу құралы/ – А.: «Қазақ университеті», 2003. – 313 б.
3. Әкiмбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. /Оқу құралы/ – Астана. – 2002. – 464 б.
4. Оспанов М.Т, Аутов Р.Р, Ертазин Х. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. – А.: «Білім», 1997. – 320 б.
5. Есполов.Т.И, Бельгибаев К.М, Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика. /Учебное пособие/ – А.: «КазНАУ», 2005. – 320 с.
6. Габдуалиева Р.С Сельское хозяйство региона как объект государственного регулирования // Вестник КазНУ – 2006 . – №6 – С. 58
7. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. /Оқу құралы/ – Ақтөбе: « А – Полиграфия», 2004. – 452 б.
8. Бибатырова I.А., Кекілов Б.Ж.. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. /Оқу құралы/ – А.: «Қазақ университеті», 2007. – 102 б.
9. Бимендиева Л.А. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің теориялық мәселелері. /экон. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – А.: 1999. – 115 б.
10. Құбаев Қ.Е., Ж.О. Ихданов, А.Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері. /Оқу құралы/ – А.: «Экономика», 1997. – 88 б.
11. Кайгородцев А.. Государственное регулирование АПК как фактор обеспечения продовольственной безопасности //Транзитная экономика. – 2006. – №1 – С. 30-38
12. Аубакиров Я.А. Национальная экономика в условиях глобализации. – А.: «Қазақ университеті», 2005. – 340 с.
13. Пикулин А.В. Система государственного управления – Москва,2001, С.15-19.
14. Казаченко В.А. Государственное управление. Основы теории и организации. – Москва: Статус, 2002, С.45.
15. Нұрманов А.А. Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылық
16. қарым-қатынасының жаһандану шарты // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2006, 185-190б.
17. Фатхутдинов Р.А. Менеджмент как инструмент достижения конкурентоспособности // Вопросы экономики, 1997, №5, С.118-119.
18. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР-ның 2005жылғы 8 шілдедегі №66-111314 Заңы.
19. «ҚазССР-ғы ауыл, село және агроөнеркәсіптік кешеннің басымды дамуы туралы» ҚазССР-ның Заңы 27 наурыз 1991ж
20. Жусупбекова М.К. Правовые основы государственного регулирования аграрного сектора Республики Казахстан в рыночных условиях /Диссертация на соискание ученой степени канд. юрид. наук. – А.: 2003. – 119 с.
21. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. А. 2001
22. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауы // Астана. – 2009.- 6 наурыз
23. Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан
24. Дж. Порте Кредитная система в сельском хозяйстве Нидерландов //АПК-экономика, управление. – 2005. – №8. – С. 132-136
25. Приходько Т. Новая система налогов в Чехии //АПК-экономика, управление. – 2004. – №3. – С. 93-98
26. Коваленко Н., Янушкеевич Д. Организация сбыта плодоовощной продукции в восточных землях ФРГ //АПК-экономика, управление. – 2005. – №11. – С. 77-82
27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1215 Қаулысы
28. Баяндин Б.К. Конкурентоспособность, открытость и безопасность казахстанской экономики. //«Макромаркетинг Республики Казахтан: теория и практика» Материалы Международной научной конференции 25-26 апреля 2002 г. – А.: «Қазақ университеті», 2002. – 303 с.
29. Жатканбаев Е.Б., Байзакова К.И., Куренкеева Г.Т.. Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации. – А.: «Қазақ университеті», – 2006. – 330 с.
30. Молдашева А.Б.. Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бағалау //ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. – 2008. – №3(67). – 106-110 б.
31. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение Т.9 320 с.
32. http://www.stat.kz
33. Молдашева А.Б.. Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бағалау //ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. – 2008. – №3(67). – 106-110 б.
34. «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» ҚР Президентінің 2009 жылғы халыққа Жолдауы. //«Жетісу» – 2009. – №29(17155). – 7 наурыз
35. Мамыров Н.Қ., Ф. Акчура Қазақстандағы адам дамуы. Оқулық. – А.: «Taimas Printhouse», 2004. – 412 б.
36. В.И.Ленин. Полный сборник сочинении Т.36 188 с.
37. Сейдахметов А.. Азық-түлік қауіпсіздігі де бір асқар бел Жәрдемші // «Егемен Қазақстан» – 2009. – №184-187 (25584) – 27 мамыр
38. Статистикалық бюллетень – Алматы, 2008. №12(96) – 515 б.
39. http://www.google.ru
40. Тулегенова М.С. Кластерный подход в создании интегрированных структур // «Вестник КазНУ». Серия экономическая. – 2004. – №2(42). – С. 104-111
41. Жаутикова С.А. Особенности кластера текстильной промышленности Казахстана // «Аль-Пари». – 2007. – №3-4. – С. 164-168
42. Ашимова И.Д. Перспективы формирования и развития молочного кластера в Казахстане. //Транзитная экономика. – 2008. – №1. – С. 70-75
43. Дулатбекова Ж.А.. Ауылшаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыруды жетілдіру жолдары // экон. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Түркістан: 2009. – 146 б.
44. Шаменова А.М.. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы аграрлық саясат және ауыл экономикасын басқаруды жетілдіру // «Саясат»: 2009. – №5. – 51 б.
45. Нурманов А.А. Экономического методы управления в сельскохозяйственном производстве. //Финансы Казахстана, 2006, №3-4.
46. Аяшев О., Рүстемов Н.. Ел межесі – елулік // «Егемен Қазақстан»: 2010. – №90-93 (25939) – 12 наурыз

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3
Аграрлық өнеркәсіптік кешенін дамытудың теориялық аспектілері
және оны мемлекеттік реттеу мәселелері
1.1. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің құрлымы мен даму
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .6
1.2. Аграрлық өнеркәсіптік кешен дамытудағы мемлекеттің
индустриялдық-инновациялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
шараларын құқықтық қамтамасыз ету бағыттары ... ... ... .26
2. ҚР Аграрлық өнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы және
индустриалды-инновациялық дамыту басымдылықтары
Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
2.1. арттырудағы әлемдік тәжірибелер және оларды Қазақстанда қолдану
механизмдері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .36
2.2. Аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытудағы республиканың азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3. Кластерлік жүйе – аграрлық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
2.4. Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіптік кешенінің
инфрақұрлымын дамыту
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 83
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..85




1 Кіріспе

Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел
әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
есебінен қамтамасыз етілетін болады. деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
2010 жылғы халыққа Жолдауында атап көреткендей Қазіргі кезде ел
экономикасын дамыту мақсатында әртараптандырудың маңызды сегменті
агроөнеркәсіп келенін дамыту болып табылады. [1]
Аграрлык өнеркәсіп кешені Қазақстан Республикасы экономикасының
маңызды саласы болып табылады. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен
аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік
қоғамдастықтан аграрлык өнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын
қарастыруды талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі
ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Аграрлык
өнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі
мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі
саналады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық
реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен
басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда аграрлык өнеркәсіптік кешеннің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат.
Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік
құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін
беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік
тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының
экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын
және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады.
Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан
әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар
кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты
өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін
жақсарту арқылы мүмкін болады. Дамушы елдерде нарыққа негізделген дамуға
қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік сектор мен азаматтық қауым
барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл шаруашылығы саласы біршама
технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, ақпараттың таралуы шапшаңдай
түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың негізгі катализаторы болып
отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда кешенді көзқарасты қажет
етеді
Ауыл шаруашылығы экономикасының бірден-бір ерекшелігі ретінде оның
жермен тікелей байланыстылығын ескеретін болсақ, онда тақырыптың
зерттелінуі ежелден басталады деген пікір айтуға толық негіз бар. Бұл
тұжырымды экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мектебінің
Байлықтың көзі – жер деген пікірі дәлелдей түспек.[2] Ауыл шаруашылығы
экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев
зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф. Башмачников, А.Г. Аганбегян,
түбегейлі зерттеп келеді. Одан өзге ауыл шаруашылығының салалық мәселелері
отандық экономист-ғалымдар С.С. Сатыбалдинның, Я.Ә. Әубәкіровтың, Е.Б
Жатқанбаевтың, Т.А Ө.Қ. Шеденовтың, Л.А. Бимендиеваның, Ж.Я. Әубәкірованың
зерттеу еңбектеріне арқау болып келеді.
Жұмыстың мақсаты – жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың
бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін
және мүмкіншіліктерін анықтау.
- аграрлык өнеркәсіптік кешеннің теориялық мәні мен мазмұны
қарастырылады;
- аграрлык өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
мемлекет саясатының рөлі анықталады;
- жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық
секторының бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру және дамыту
жолдарын анықтау өзекті болып саналады;
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылық
өнеркәсіптік кешеннің рөлі қарастырылады;
- ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудағы кластерлік жүйенің орны.
Зерттеу міндеттері:
- ауыл шаруашылығы саласын агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі
құрамды бөлігі ретінде зерттеуі, оның бәсекеге қабілеттілігін
арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі айқындау;
- аграрлык өнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің алғышарты ретінде қарастыру, оның қазіргі
жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыда баға беруі;
- саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен
құқықтық құралдар талдау және оны Қазақстан Республикасында қолдану
ерекшеліктері саралау.
Ғылыми зерттеудің пәні – Аграрлык өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру шаралары, оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері мен
аграрлық саладағы экономикалық қатынастарды талдау
• нарықтық қатынас жағдайында аграрлык өнеркәсіп кешенін
жаңғыртудың құрылымдық негізі, авторлық көзқараспен қарастырылды;
• саланың құқықпен қамтамасыздандыру мәселелерімен ерекшеліктері
анықталды;
• аграрлык өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттіліг мәселелері
анықталып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылады;
• Аграрлык өнеркәсіп кешенін дамытуда шетелдіердің тәжірибелері
талданып, еліміз үшін қолайлы бағыт ұсынылады;
• аграрлык өнеркәсіп кешенінде кластерлік жүйенің дамуына
негізделген ұсыныстар тұжырымдалды
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде
аграрлык өнеркәсіптік кешеннің теориялық аспектілері мен оны бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мәселелері және оның құқықтық қамтамасыз ету
бағыттары зерттеледі. Екінші бөлім, ауыл шаруашылық өнеркәсіптік
кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен
оларды отандық АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолданудың өзекті
мәселелеріне және Қазақстан АӨК-нің қазіргі жағдайы мен аграрлық саланы
дамытудағы кластерлік жүйенің рөлін зерттеуге арналған.

1. Аграрлық өнеркәсіптік кешенің дамытудың теориялық аспектілері және
оны мемлекеттік реттеу мәселелері
1.1. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің құрлымы мен даму қағидалары

Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса
маңызды саласы –аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылатыны
баршаға мәлім. Бүгінде Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке енуге талпыныс
білдіріп жатқан тұста бұл мәселенің өзектілігі арта түсетінін байқауға
болады. Алайда, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін
талдамас бұрын, оның теориялық аспектілерін негіздеп алған жөн.
Жоғарыда атап өткеніміздей, аграрлық өнеркәсіптік кешенді зерттеумен
көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналысып келеді. Олардың зерттеу
еңбектері әр түрлі бағытта болғанымен, жалпы тұжырымдары, байламдары мен
ғылыми пікірлері бір ортақ арнада тоғысып жатады. Алайда, ауыл шаруашылық
өнеркәсіптік кешен ғылыми-теориялық тұрғыдан алғанда әлі де толық зерттеуді
қажет етеді.Аграрлық өнеркәсіптік кешенді теориялық тұрғыда зерттеуді оған
берілген анықтамалардан бастасақ, бұл саладағы ғылыми көзқарастар да әр
түрлі бағытта өрбиді. Мысалы, Экономикалық теория оқу құралында азық-
түлік және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін
салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше
сферасы қалыптасады. Ол ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешен деп аталады.[3-
192] Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық-түлік және басқа да тауарлар
өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіру тек аграрлық өндіріс
қызметіне жатады. Ал осы өнімнің аз бөлігі ғана тұтынушыға таза түрінде
жетеді де көп бөлігі техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі
оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің
буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, ауыл
шаруашылық өндіріс қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне
кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады. Бұған
қоса, ауыл шаруашылық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан,
өндіріс құралдарын өндіретін салаға айналады. Нарықтық экономиканың
дамуының негізі – кәсіпкерлер, меншік иелері, өндірушілер мен тұтынушылар
арасында туындайтын экономикалық еркін қарым-қатынастың негізінде болады.
Қоғамдық еңбек бөлінісі мен оның өнімділігінің артуы барысында тауарлы
өндіріс пен тауар-ақша қатынастарының кеңейіп, экономикалық қатынас ретінде
нарықтың дамуына жол ашты.
Нарық адамдардың айырбас төңірегіндегі және оның негізінде тауар
сатылатын әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Яғни,
тауар өндірушілер мен сатып алушы тұтынушылар арасындағы қажеттілікті
қамтамасыз ететін тауарлы өндірістің экономикалық және әлеуметтік
қатынастар ұғымы.
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан
бастап-ақ, көпестер, саударгерлер, қолөнершілер өздерін жаңа үйреніп жүрген
кәсіпкерлер ретінде көрсетті. Кәсіпкерлік және кәсіпкер ұғымдарын алғаш
өз заманында мән-мағынасын ашып, оны қолданған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1680-1734жж.) болды.
ХІХ ғасырдың аяғында кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа
құбылысқа айналды, осы орайда Альфред Маршаллдың (1842-1924жж.) кәсіпкер
мен менеджердің арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен
зерттеулерінен табамыз. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады,
бірақ Маршаллдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына
байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады. Сондықтан ол
менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс деп атап
көрсетті. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз
болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті
қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі
шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік
қабілет те өсуі қажет, сонымен бірге ол өзінің сонылығын, жан-жақтылығын,
бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек
сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршаллдын
сіңірген еңбегі – алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты
жиі көрсетуі болды.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы төмендегілер болады:

• ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
• халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға
әсер етеді;
• ғылыми-техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды
жасайды;
• нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа
әлеуметтік мәселелерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен
тығыз байланысты. Алдымен тұтынушылардың белігілі талғам мен сәнге сәйкес
тауарларды алуға ұмтылуы. Әр түрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі
мүмкін. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді.
Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбекақы шамасына, еңбек жағдайлары
қатынасына ықпал етеді. Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және
діни нормалар біршама рөл атқарады. Осы нормалар тұтынушылардың өмір
салтына тікелей әсер етіп қатысты тауарларға сұранысты қалыптастырады.
Кәсіпорын санаттарына ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен, сақтаумен
және өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылық саласында қызмет көрсететін
заңды тұлғалар жатады.
Кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген экономикалы елдерде
маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын түпкілікті қайта
құру – қазіргі кезеңдегі ауыл шаруашылық саясаттың өзекті мәселелерінің
негізіне айналып отыр. Сондықтан да, агрокәсіпкерлік субъектілерінің
экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік және озық идеяларын жүзеге асыра
отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол арқылы жұмыскерлердің
әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген кәсіпкерлік
субъектілері өндіріс шығындарын мейілінше азайтуға, тұтынушы сұранысын
максималды қанағаттандыруға тырысады
Ғалымдардың бір тобы аграрлық өнеркәсіптік кешенді жалпы ауыл
шаруашылығы экономикасының құрылымында қарастырса, енді бірі керісінше ауыл
шаруашылығын аграрлық өнеркәсіптік кешеннің құрылымында қарастыру керек
деген пікірді алға тартады. Әрине, қалай алып қарасақ та бұл екі сала бір-
бірімен өте тығыз байланысты әрі бір-бірінің толықтырушы құрамды бөлігі
іспетті көрінеді. 70-жылдардың ортасында отандық ауыл шаруашылығы ғылымында
ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады.
Тиісінше, ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешен түсінігі пайда болып, ғылыми
және іс-тәжірибелік қолданысқа еніп кетті.[4-67] АӨК-нің қалыптасуы және
егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл
шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-нің барлық төрт
сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты рөлді
қаржы-өнеркәсіптік топтар атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың
жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық қожалықтары
тартылып отыр. Алайда, Батыста біздің қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешен
түсінігін агробизнес деп қабылдайды. Бұл пікірмен толық келісуге
болмайды. Себебі, агробизнеске қарағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің ауқымы
анағұрлым кең. Агробизнес – жалпы бизнестің ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналысатын бөлігі. Агробизнесте
жүйесінде көбінесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары болады. Аграрлық
өнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығынан ерекшелігі – оның құрылымында деп
айтуға болады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің үш саласы – қор шығаратын
салалар, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,
тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Көптеген
экономист ғалымдардың еңбектерін саралай келе, Т.И. Есполовтың анықтамасын
ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешеннің мәні мен мазмұнын барынша ашатын,
әрі оның экономикалық табиғатына сай келетін анықтама ретінде тануға
болатынына көз жеткіземіз.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен – бұл халық шаруашылығының ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы.[4-15]
Осыдан кейін ауыл шаруашылығы саласын тұтас ауыл шаруашылық
өнеркәсіптік кешеннің құрылымында қарастыратын ұстанымға қосылуға болады.
Себебі, бұл жерде ауыл шаруашылығы саласының ауқымы кең емес. Ол екі
салаішілік құрылымнан тұрады: мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Ал,
аграрлық өнеркәсіптік кешеннің ауқымы анағұрлым кең болып келеді. Бұл
турасында кейінірек толығырақ баяндайтын боламыз. Мұнда ауыл шаруашылығы
аграрлық өнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі болып табылады,
яғни ауыл шаруашылығы болмаса өнеркәсіптік кешеннің болуы мүмкін емес.
Сондықтан агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы саласын өзара тығыз
байланыста зерттеу ғылыми-теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан
алғанда орынды саналады.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен құрылымы үш негізгі салаларды
біріктіретінін жоғарыда айтып өттік. Сәйкесінше, ауыл шаруашылық
өнеркәсіптік кешендегі өнім өндіру үдерісі келесі тізбек бойынша жүзеге
асады:

Аграрлық өнеркәсіптік кешен құрылымы

Аграрлық өнеркәсіптік кешен

Ауыл
шаруашылығындағы
өндіру

І ІІ ІІІ
Қор шығаратын
салалар
Дайындау, сақтау,
өңдеу, сату

Материалдық
қызметтер

Сурет 1.

Бірінші салаға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаулың химиялық
құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және
микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін
салалар кешені кіреді.
Екінші саланы ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін шаруашылығы,
мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру секілді салалар
кешені құрайды.
Үшінші сала ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау
және өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы
болып табылады.[4, 69 .]
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді жекелеген сфераларға бөлу үдерісінің
экономикалық мазмұны, біріншіден, ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешеннің
түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден,
тұтастай алғанда, ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешеннің тиімді және
қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан
айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының
қажеттілігінде жатыр. Қазақстанда маркетингтік сфераның дамымай артта
қалуының басты себебі, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп
шығынға ұшырауы болып табылады. АӨК-нің пайда болуы мен дамуы өндіргіш
күштер дамуының жоғары деңгейі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ауыл
шаруашылығының халық шаруашылығының басқа сфераларымен байланысының кеңеюі
секілді агроөнеркәсіптік интеграцияның дамуымен байланысты. Аграрлық
өнеркәсіптік интеграция дамыған нарықтық экономиканың сипатты белгісі болып
табылады. Аграрлық өнеркәсіптік интеграция ретінде техникалық прогрестің
ауыл шаруашылығының дамуына әсер ету үдерісі түсініледі. Ол өнеркәсіптік
өндірістің ауыл шаруашылығымен ұйымдық-техникалық интеграция нысанында
көрінеді және меншіктің әртүрлі типтерін қолдану арқылы шаруашылық
жүргізудің барынша тиімді әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аграрлық өнеркәсіптік интеграцияның сипатты белгілері болып:
- ауыл шаруашылығы ресурстарының өнеркәсіптік және құрылыс, яғни
инвестициялық үдерістермен байланысы;
- дайын өнім өндіруде аграрлық және индустриалдық технологиялардың
бірігуі және өзара әрекет етуі;
- нарықтық жағдайдағы аграрлық өнеркәсіптік фирмаларды құру және
олардың шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмдеріне бейімделуі;
- өнеркәсіптік, транспорттық, құрылыс және коммерциялық фирмалардың
салааралық қажеттіліктеріне жауап беретін нарықтық инфрақұрылымның дамуы
табылады.
Аграрлық өнеркәсіптік интеграция теориясының мәні өндіргіш күштер мен
қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен өндіріс пен іс-әрекет түрлерінің
даралануы мен ерекшеленуінде, басқаша айтқанда, нарықтың шарттары мен
талаптарына сәйкес өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға мамандануында жатыр.
АӨК құрамы. АӨК-нің қазіргі құрамы 4 негізгі сферадан тұрады. Бірінші
сфера – ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізуші өнеркәсіп
салаларының жиынтығы. Осы сфераға жататындар:
• машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын, Қостанай
дизель зауытын және мал шаруашылығына қажетті машиналар шығаратын 3
зауытты жатқызуға болады. (Манкентживмаш, Актюбсельмаш, Мамлют
машина зауыты).
• химия өнеркәсібі. Минералды тыңайтқыш өндірісі мен айналысатын
кәсіпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
орналасқан. Республикада өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының
жартысы ТМД елдеріне экспортталады.
• микробиологиялық өнеркәсіп. Бұл өнеркәсіпке Шымкент гидролиз
зауыты, Түркістан жемдік антибиотиктер зауыты, Степногорскідегі
Прогресс зауыты кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығына өндіріс
құралдарын жеткізушілердің өзара қатынасы өндіріс құралдары нарығы арқылы
жүзеге асады. Өндіріс құралдары нарығы немесе инвестициялық тауарлар нарығы
бүкіл негізгі және айналым капиталдарын, сондай-ақ өндіріс құралдарын алу
үшін талап етілетін ақша қаражаттарын да өзіне қосады.
Екінші сфераны өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндірістік-
технологиялық, агрохимиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ветеринариялық-
санитариялық қызмет көрсету салаларын біріктіретін ауыл шаруашылығы
құрайды. Ауыл шаруашылығы күрделі экономикалық және табиғи-биологиялық
жүйемен көрінеді. Бұл жердегі ұдайы өндіріс жерді, өсімдік пен жануарларды
пайдалануға және де экономикалық және табиғи-биологиялық заңдардың өзара
әрекет етуіне негізделеді. Сондықтан АШӨК ерекшеліктері айтарлықтай көлемде
оның негізгі звеносы – ауыл шаруашылығымен анықталады.
Үшінші сфера – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және қайта
өңдеуді қамтамасыз ететін өндіріс салаларының жиынтығы. Мұнда тамақ, ет-
сүт, ұн, жем дайындау өнеркәсіптері, сондай-ақ дайындау ұйымдарының желісі
біріктірілген.
Қайта өңдеу өнеркәсібі 25 саланы біріктіреді. Олардың негізгілері ет –
24,7%, сүт – 10,5%, нан және макарон өнімдері – 7,3%, кондитер – 3,9%, ұн
және жем дайындау – 17%, жүнді алғашқы өңдеу – 15,9%.
Аграрлық өнеркәсіптік кәсіпорынның басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнынан
айырмашылығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде оны қайта өңдеу кезеңдерін
де қосады, басқаша айтқанда тұтынуға дайын өнімдерді алады. Ал соңғы өнім
тек қана аграрлық сектордың шикізат саласы және өнеркәсіптің қайта өңдеу
салаларымен тығыз өндірістік-экономикалық байланысының негізінде, сондай-ақ
өнімді жеткізу мен өткізуде алынады.
АӨК құрамында төртінші сфера маңызды орын алады. Төртінші сфераға
өндіріс дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ететін жол-көлік шаруашылығы,
байланыс, материалдық-техникалық қызмет көрсету, сақтау жүйесі, қойма
шаруашылығы секілді инфрақұрылым салалары кіреді. Әрбір салада өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымдарда бөліп көрсету қабылданған. өндірістік
инфрақұрылым тікелей өндіріске қызмет етуші салалар, әлеуметтік
инфрақұрылым – адамның өмір сүру шарттарын қамтамасыз етуші салалар.
АӨК-нің негізгі ерекшелігі – басты өндiрiс құралы ретiнде жер
пайдаланылады. Жердің тауар айналымына енгізілуі, оны басқа ресурс секілді
сатып алуға мүмкіндік береді. Аграрлық нарықтың дамуына жердің сатып алу-
сатылуы өте теріс әсер етеді – жермен айналысу қиынға түседі. Жерге жеке
меншіктің болуы, аграрлық экономиканы капитализациялауға кедергі болады,
яғни капиталдың еркін ағымына шектеу қояды. Жердің меншік иесі өзінің
жерінде капитал қолданғаны үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл кәсіпкердің
табысын төмендетеді. Нарықтық экономикалық қатынастардың Нидерландыда
қалыптасуы бекер емес – бұл елде барлық жер дәстүрлі түрде мемлекет
меншігінде болған. Бүгін нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер
мемлекет меншігінде болып отыр. Жерді жалға беру механизмі қалыптасқан
жағдайда, еркін кәсіпкерлік қолайлы дамуы мүмкін. Жер жалға берудің
жетілген жүйесі, оны пайдалануға мүмкіндік береді, кәсіпкерліктің осы
түрімен айналысатындардың барлығы үшін жерге жол ашық болады.
АӨК-нің соңғы өнімін материалдық-заттық құрамы бойынша және өнім құны
бойынша анықтауға болады. Материалдық-заттық құрамы бойынша АӨК-нің соңғы
өнімі ауыл шаруашылығы шикізатынан өндірілген және тұрғындардың жеке және
қоғамдық және басқа да өндірістік емес тұтынуға, қорға жинауға, сондай-ақ
экспортқа жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұрады. Өнім құны
бойынша АӨК-нің соңғы өнімі АӨК салаларында жасалған өнім құнын, өндірістік
қызметтерге амортизациялық аударымдарды білдіреді. АӨК-нің салалық
құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі – 78%, қайта өңдеу салалары – 22%.
Болашақта қайта өңдеу салаларының даму қарқынының артуымен байланысты,
қайта өңдеу салаларының үлесі көбейеді, ауыл шаруашылығының үлесі азаяды
деп болжануда.[15.35]
АӨК-нің келесідей өзіндік құрылымдық ерекшеліктерін атауға болады:
- экономиканың негіз құраушы саласы бола отырып, табиғи-климаттық
факторларға тәуелділігі;
- негізгі өндіріс құралы ретінде жермен тығыз байланыстылығы;
- еңбектің нәтижелілігін және өнім көлемі мен сапасын алдын ала дәл
анықтау мүмкін емес;
- басқа салаларға қарағанда биологиялық ресурстар мен Күн энергиясы
басты қажеттіліктер болып табылады;
- меншік нысандарының әртүрлілігі оның әлеуметтік-экономикалық
ерекшелігі болып табылады.
- жоғарыдағы ерекшеліктеріне байланысты саланы мемлекеттік реттеу
ерекшеліктері бар.
Қорыта айтқанда, АӨК кез келген ел экономикасының негізгі саласы. Ол
елдің азық-түлік қауіпсіздігін етуші бірден бір сала болып табылуымен
байланысты түсіндіріледі. Сондықтан да аграрлық саланың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, оны теориялық тұрғыда зерттеу ешқашан өз
басымдылығын жоғалтпайды.

1.2. Аграрлық өнеркәсіптік кешен дамытудағы мемлекеттің
индустриялдық-инновациялық саясаты

Ауыл шаруашылық өнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы
өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісіне, қайта өңдеу және сатуға құқықтық,
әкімшіліктік және экономикалық мемлекеттік әрекет ету жүйесі. Сондықтан да
ауыл шаруашылық саланы мемлекеттік реттеуде шешуге тиісті индустриялдық-
инновациялық міндеттерге ауыл шаруашылық өнеркәсіп өндірісін дамыту,
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы өндіріс саласын
басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын
реттеу, халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл
шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритетті
экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар жұмыскерлерінің
табыстарын жақындату, отандық тауар өндірушілерді қорғау жатады. Осы
міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы рөлі жоғары болуы тиіс.
Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнеркәсіп жүйесіне араласуының қажеттілігі,
мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған
нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең
алдымен, мемлекеттік реттеудің индустриялдық-инновациялық шаралары
экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік
және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық
пікірмен әртүрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде бұл
шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады.
Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және
тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты
қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы
экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет
ететін кең көлемдегі мәселелер бар.
Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат
сферасындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа
мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің
нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін макроэкономикалық
мәселелерді де шешуі тиіс.
Мемлекеттің маңызды индустриялдық-инновациялық міндеті – тиімді
мемлекеттік саясат негізінде елдің бәсекелстік қабілетін дамыту. Мемлекет
аралық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың экономикалық саясатының
қалыптасуына түрлендіргіш компанияларының әсерлерінің артып келе жатқанын
ескере отырып, қолданыстағы экономикалық қатынастарды, мемлекеттік
органдардың елдің азық-түлік рыногын қорғау және реттеудегі ролі мен
жауапкершілігін арттыру мақсатында қайта қарау керек.
АӨК салаларының қазіргі кезеңдегі индустриялдық-инновациялық
бәсекелестік қабілетін талдау олардың бәсекелестік артықшылықтарын
анықтауға мүмкіндік береді, ол артықшылықтарды АӨК-нің жекелеген салалары
әлемдік рынокқа бірігу және сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру
нәтижесінде ДСҰ шеңберінде пайдалануы мүмкін.
АӨК-нің әрбір саласының әлемдік рыноктағы индустриялдық-инновациялық
бәсекелестік қабілетінің деңгейіне және олардың бәсекелестік әлеуетін
кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты АӨК-нің барлық салаларын негізгі үш
топқа бөлуге болады:
- бірінші топ – азық-түлік экспортына бағдарланған және тамақ өнімдерін
өндіруді сыртқы рынокта сату үшін жүргізетін салалар;
- екінші топ - әлемдік рынокта индустриялдық-инновациялық бәсекеге
қабілетті өнім түрлерін өндіруге сәйкес келетін өндірістік және ғылыми-
техникалық әлеуеті бар салалар;
- үшінші топ – халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және ішкі рыноктағы
сұранысты қанағаттандыру үшін азық-түлік тауарларын өндіруге бағдарланған
салалар.[6]
Салалардың бірінші тобы, өзін-өзі реттеу негізінде дамуға қабілетті,
екінші топтағы салалар сыртқы рынокқа шығу үшін мемлекеттің қолдауын қажет
етеді, ал үшінші топ – шетелдік тауар жабдықтаушылары мен қызмет
көрсетушілер жағынан бәсекеден қорғау шараларын қолдануды қажет ететін
салалар. Бұл тәсілдемелер ДСҰ шеңберінде елдің азық-түлік рыногында
экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу механизмін қалыптастыру
барысында анықтаушы болулары керек.
Ішкі рынокты қорғауға және отандық индустриялдық-инновациялық
ауылшаруашылық өндірісін қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іс
жүзіне асыру, отандық тауар өндірушілерді қорғау бойынша тиімді ауыл
шаруашылық азық-түлік саясатын қолдану болып табылады. Ол, индустриялдық-
инновациялық өнімдердің сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта
бәсекелестік қабілетін арттыруға алып келеді. Тұтынушылардың мүддесін
қорғау үшін Қазақстан аумағына ішкі рынокта жоқ ауылшаруашылық
индустриялдық-инновациялық өнімдерін шикізаттарды және азық-түліктер алып
келуге қолайлы жағдай туғызудың ерекше мәні бар. Бұл мәселе әкелудегі
кедендік баж алымдарының мөлшерлемесін оңтайландыру шеңберінде, жекелеген
өнім түрлеріне бажсыз режимді қоса қарастырылуы мүмкін. Азық-түлік рыногын
тиімдірек қорғау және реттеу үшін ДСҰ шеңберінде әлеуметтік-экономикалық
дамудың мемлекеттік болжамы, ауыл шаруашылық индустриялдық-инновациялық
өнеркәсіптік кешнін дамыту мәселелері бойынша салалық және мақсатты
бағдарламалық шаралар қажет. Осы бағдарламаларды дайындауда және іске
асыруда коммерциялық емес немесе өзінен-өзі реттелетін ұйымдарға маңызды
роль берілуі мүмкін. Оның үстіне, азық-түлік рыногының ДСҰ шеңберінде
нормалы жұмыс жасауы оған мүше елдердің бәрі негізгі принціптер мен
келісілген ережелерді сақтағанда ғана мүмкін болады.
Сонымен, мүмкін болатын тәуекелдерді болжау және ДСҰ-ға қосылғандағы
жағымсыз зардаптарды төмендету үшін елдің азық-түлік саясатындағы негізгі
индустриялдық-инновациялық мақсаттары мен міндеттерін дұрыс белгілеу
керек, мүмкін болатын басқа да жағымсыз салдарларды анықтау және оларды
болдырмау шараларын қабылдау қажет, себебі стратегиялық мақсатқа жету
жолында салалық қарама-қайшылықтар да кездесуі мүмкін.
АӨК-ін мемлекеттік қолдаудың шектеулі екенін және ДСҰ ережелерімен
қатал реттелетінін ескере отырып, азық-түлік рыногын дамытудың және
реттеудің жарысын жанама қолдауформаларын пайдалануға маңызды орын берілуі
керек. Көтерме сауда мен азық-түлік рыногының инфрақұрылымдарын дамытуға
ерекше назар аударылуы тиіс, олардың даму деңгейінен, көп жағдайда, отандық
азық-түліктің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілеті
байланысты болады.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралының бірі – индикативті жоспарлау
мемлекеттік-жеке серіктестікті қамтамасыз етеді. Осы индикативті жоспарлау
жүйесінде әр түрлі деңгейлерде жоспарлау механизм өзгерісі, сонымен қатар
барлық субъектілер арасындағы байланыс өзгерісі және де мемлекет өнім
өндірушілермен өзара әрекеті ұсынылады. Нарықтық жағдайда жоспарлы жүйенің
негізгі айырмашылықтары: болжау рөлінің кеңеюі, ұсынылған жоспарлардың
вертикалды емес, горизонталды жоспарлау рөлінің өсу мәніне ие болуы.
Осындай өзгерістер барлық басқару деңгейлерінде маркетингтік қызметтің
рөлін жоғарылатады. Ауыл шаруашылық өндірушілерінен соңғы тұтынушыға дейін
тауар қозғалысы үшін тиімді арналарды қалыптастыру маңызды мәселе болып
табылады.
Мемлекеттің келесі міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті
бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімдікті реттеу және әделетті бәсекелестікті
қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу мен қоғамдық тауарды қаржыландыруға, яғни
жетілген ерікті бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын қызметтерге
қарағанда бұл міндет жетілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы
экономикалық теорияға негізделеді.
Кез келген республиканың ауыл шаруашылық секторы қашанда табиғи-
климаттық факторларға тәуелді. Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл
шаруашылық саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді, ал реттеудің
өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік
кешен Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының ірі саласы, бүгінде
ауылды жерлерде республика халқының 47%-ы тұратындықтан елдегі экономикалық
және әлеуметтік жағдай көбінесе осы саладағы ахуалға қатысты болып келеді.
Мемлекеттік реттеу нарықтық экономика жағдайында өз табиғатында болу
үшін оның нақты теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау қажет. Ол ең
алдымен елде экономикалық және саяси келісім орнату мақсатын көздеуі керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу – экономиканы
әкімшіл-әміршілдік басқарумен салыстырғанда іс жүзінде жаңаша сипатқа ие
болатыны сөзсіз. Мұнда біріншіден, реттеудің әкімшілік емес, экономикалық
әдістерінің басымдылығы мен тиімділігін айту керек, екіншіден, мемлекет
тарапынан ұсынылатын шарт пен бағдарламаны таңдауға мүмкіндік беретін
реттеудің индикативтік әдістеріне көшудің жүзеге асуын айтуға болады,
үшіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара келісімі негізінде
шешім қабылдаудың демократиялық қағидаларына көшу де маңызды роль атқарады.

Ауыл шаруашылық , өндірістердің жұмыс жасауы барысында есепке алынатын
бірқатар ерекшеліктері бар:
- биологиялық еңбек құралдарын, тірі организмдерді (жер, өсімдік,
малдар) пайдалану;
- ресурстар;
- топырақ-климаттық жағдайлардан тәуелдігі;
- өнімдердің аяқталған түрлерін өндіруге мамандану;
- экономикалық ұдай өндіріс процесі табиғи процестермен, су
ресурстарымен және өндірістің мерзімділігімен тығыз тоқайласады;
- ауыл шаруашылығы дайын өнімдерінің бір бөлігі келесі циклдерде
өндіріс құралдары болып шығады.
Тірі организмдерді пайдалану, экономикалық және биологиялық
процестердің токайласуы, өндірістің мерзімділігі өнім өндіру процесінде
ауыл шаруашылығы өндірісінің, дамудың табиғи циклімен байланысқан
(малдармен де және өсімдіктермен де) табиғи факторлардан тәуелділігіне
себепті болады. Осының арқасында ауылшаруашылық тауар өндірушілері рынок
жағдаятының өзгеруіне қысқа мерзім аралығында бейімделу мүмкіндіктерінен
айрылған.
Жердің ауыл шаруашылық өндірістегі индустриялдық-инновациялық маңызды
фактор ретіндегі өзіндік ерекшелігін айта кету керек. Жер ауыл
шаруашылығнда екі жақтама атқарымды орындайды: өндіргіш күштердің
орналасатын орны және өндірістің негізгі факторы ретінде. Жердің
өсімдіктерге қажетті көректік заттарды шоғырландыру қабілеті және оларды
өсімдіктерге беруі оның құнарлығы бар екенін көрсетеді, ол біркелкі емес.
Сондықтан әр түрлі жер участкелеріне бірдей нәтиже алу үшін басқа
өндірістік ресурстардың – еңбек пен капиталдың әр түрлі шығындануы керек.
Жер рыногын дамытуға оған қалыптасқан меншік қатынастарының үлкен мәні
бар. Жерге деген жеке меншік, әрине, бүгінде барлық әлемдегі аграрлық
секторда жер иеленудің ең көп тараған формасы. Дегенмен, жеке меншік
иелерінің құықтарына мемлекеттің араласуы сақталып отыр және ол арта
береді.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне жер учаскесінің орналасуының да маңызы зор:
өндірісті орналастырудың (шикізат базасына, рыноктарға жақындығы)
экономикалық факторлары тұрғысынан да, табиғи-климаттық (су балансы, жылу
режимі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы және т.б.) жағынан да. Сондықтан әр
түрлі өңірлер ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін әр түрлі пайда
әкеледі.
Жерді ауыл шаруашылық индустриялдық-инновациялық өндірістің негізгі
факторы ретінде пайдалану жер рентасының, оны пайдаланудан алынатын
факторлы табыс ретінде пайда болуына жағдай туғызады. Жердің сан жағынан
шектеулі және сапа жағынан біркелкі болмауы жер рентасының мынадай
түрлерінің пайда болуына алып келеді:
• абсолюттік жер рентасы (жерге жеке меншіктің монополиясы);
• монополиялық рента (ерекше сапалы жерлердің шектеулігі және ұдай
өндірілмейтендігі);
• экологиялық рента (жерлердің экологиялық жағдайларының
өзгешелігі);
• дифференциалды рента (жерге шаруашылық жүргізу объекті ретінде
монополиясы).
Жер рентасынан алынатын айырмашылықтар ауылшаруашылық тауар
өндірушілерінің жеке шығындарының әр түрлі болуына байланысты, ол нарықтық
баға белгілеу процесіне тікелей әсер етеді: жеке шығындар неғұрлым төмен
болса, өзінің өніміне бағаны төмендетудің мүмкіндігі солғұрлым жоғары
(сатып алушыларды өз жағына тарту үшін). Алынған рентаның мөлшері және ауыл
шаруашылығы шектелгендігі жер рыногының жұмыс жасауындағы өзіндік
ерекшелігіне байланысты. Жер, қайда болмасын пайдаланылса да оның ұсынысы
абсолютті икемді емес. Жер ұсынысының тіркелген сипаты, сұраныстың жер
рентасын анықтайтын бірден-бір пәрменді фактор екенін көрсетеді. Барлық
экономикалық ресурстарға сияқты жерге сұраныс та туынды болып саналады.
Оның қисық сызығы құнарлылықтың төмендеу заңына сәйкес және фермерлер үшін
өнім бағасы да төмендеуі керек болғандықтан (өнімдердің қосымша бірліктерін
сату үшін) біртіндеп төмендей береді. Ұсыныс пен сұраныстың өзара іс-
әрекеттерінен жер рентасы қалыптасады.[17.85]
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігі серпінді қасиеттердің болуында,
ал мұндай қасиеттер негізгі қорлардың кейбір түрлерінде де бар екенін атап
көрсету керек. Оларға жататындар, мысалы машина-трактор паркі, көлік және
т.б., яғни өздерінің кеңістік жайғасуын және уақыт барысында жұмыс сипатын
өзгертіп тұратындар. Бұл ауыл шаруашылығындағы осындай негізгі қорлардың
жоғары басқарымдылығының айғағы.
Ауыл шаруашылығының өндірістік жүйе ретіндегі кейбір ерекшеліктерін
қарастырайық. Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының саласы ретінде
материалдық, энергетикалық және ақпараттық байланыстарымен сыртқы ортаға
біріктірілген ықтималдық серпінділік үлкен жүйе болып саналады. Ауыл
шаруашылығы жүйесінде бірқатар қосалқы жүйелер бөлінеді, олардың пайда болу
сипаты қойылған мақсаттардан байланысты. Бұл салалар, жекелеген
кәсіпорындар және қоғамдық өндірістің күрделі жүйесінің тағы да майда
бөлімшелері болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы қоғамдық өндірістің жалпы
заңдарына бағындырылған, бірақ басқа салалардан әлеуметтік-экономикалық
табиғатымен (екі формадағы меншіктің болуымен), өндірілетін өнімімен және
өндіріс жағдайларымен ерекшеленеді.
Ауыл шаруашылығында жер – маңызды, тұрақты және ауыстарылмайтын құрал,
еңбек құралы және нысаны ретінде бой көрсетедеі. Ол тозбайды, басқа еңбек
құралдары сияқты, керісінше, егер дұрыс пайдаланса жақсара түседі және
өзінің құнарлығын жоғарылатады. Мұндай мүмкіндіктер материалдық өндірістің
басқа салаларында жоқ.
Ауыл шаруашылығына технологиялық тәсілдерді өндірілген өнімдерді,
сондай-ақ өндіріс құралдарының өзара алмасушылығы тән қасиет. Бір өнімнің
өзі еңбектің, өндіріс құралдарының және жердің әр түрлі қатынастарымен
өндірілуі мүмкін және, керісінше, әр түрлі өнімдер аталған элементтердің
бірдей қатынасымен алануы мүмкін. Бұл өндірісті жүргізудің тиімдірек
варианттарын таңдауға мүмкіндік береді және оны басқаруда маңызды роль
ойнайды.
Соңғы жылдардағы экономикалық әдебиеттерде мемлекеттің экономикадағы
ролі туралы негізінен екі тұжырым бөлінген.
Соғыстан кейінгі өнеркәсібі дамыған елдердің, әсіресе жаңа индустриялық
мемлекеттердің дамуын талдау, мемлекеттің экономикалық саясаты мен нарықтық
қатынастардың даму деңгейі арасында тікелей байланыстылық бар екенін
көрсетеді.
Бұл байланыстылық тікелей үйлесімділік сипатқа ие, яғни неғұрлым
нарықтық қатынастар күшті дамыған болса, нарықтық механизмдер мен
реттегіштерді қалыптастыруға мемлекеттің әсер етуі солғұрлым күшті.
Тек мемлекет қана нарықтық экономиканың негіздерін дамыту үшін жағдай
туғызады: еркін кәсіпкерлік пен адал бәсеке үшін. Қазіргі нарықтық
шаруашылықта мемлекет іс жүзінде негізгі ақыл-кеңес орталығы болып отыр, ол
нарықтық ортаның қалыптасуын реттейді және экономикалық өсудің српінділігі
мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Әрине, мемлекетік реттеудің негізгі принціптері сақталғанымен
мемлекеттің экономикалық процестерге әсер ету формалары мен әдістері елеулі
өзгеріске түсті, түрлендірілді.
Өнеркәсіпті дамыған және жаңа индустриалды елдер тәжірибесі мемлекеттің
араласу саясатының ұзақ және бірте-бірте дамығанын көрсетіп отыр: қатал
араласудан либералдық монетаризмге, әлеуметтік-экономикалық мақсатты
бағдарламалар түріндегі өзін-өзі реттеу механизмдерін құруға әкелді.
Өзінен-өзі реттелетін индустриялдық-инновациялық экономикалық жүйеде
мемлекеттің ролі принціпті түрде өзгереді, ол барлық шаруашылық жүйені
негізгі үйлестіруші, әлеуметтік-экономикалық мақсатты бағдарламалар жұмысын
қамтамасыз етуші олардың тізбегін кеңейтуге жағдай туғызушы органға
айналады.
Нарықтық экономика шарттары тұрғысынан қарастыратын болсақ, экономиканы
мемлекеттік реттеудің өзіндік айқын қажеттіліктерін байқаймыз. Олар, өз
кезегінде келесідей нарықтың кемшіліктері арқылы көрінеді:
1. Нарық банкроттықтан сақтандыра алмайды;
2. Нарық көптеген кәсіпорындардың, жер иеленушілердің, сатушылардың
қызметін үйлестіре алмайды, оның үйлестіруші қызметін мемлекет өзіне
қалдырады;
3. Нарық әрқашан монополиялануға ұмтылады;
4. Нарықтық механизм сыртқы әсерлер деп аталатын мәселелерді шеше
алмайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасындағы дауларды шешу және т.с.с.[18.105]
Экономикалық тұрғыдан алғанда, таза нарықтық экономика болмайтынын
әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Мемлекет экономикаға әрқашан да араласқан.
Мұнда тек оның мақсаттары, міндеттері, ауқымы мен нысандары ғана әр түрлі
болып келеді. Бүгінде аграршы-ғалымдар ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
және қолдау мәселелерін түбегейлі зерттеуде. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің
сұраныс пен ұсыныстың төмен бағалық икемділігі жағдайында мемлекеттік
қолдаусыз өзіндік реттеудің нарықтық механизмдері арқылы ғана тұрақты
дамуға қол жеткізуі мүмкін емес. Жоғарыда атап өткеніміздей, экономиканы
мемлекеттік реттеу кез келген қоғамда, кез келген экономикалық жүйеде орын
алған. Соған сәйкес мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеу де шетелдік және
отандық ғалымдардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Мемлекеттік реттеу
туралы П. Самуэльсон мен В. Нордхаус рыноктық механизм көптеген салаларда
баға мен өндірісті анықтайды, ал мемлекет өз кезегінде рынокты салық салу,
шығындар арқылы реттейді. Екі жақ та – рынок және мемлекет те маңызды.
Экономиканы екеуінің біреуінсіз басқару бір қолмен қол соғуға тырысқанмен
бірдей деген пікір айтады.[9-36]
Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясы нарықтық экономикалы елдерде ХХ
ғасырдың 50-60 жылдарынан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде көптеген
елдерде ауыл шаруашылығы экономикасын мемлекеттік реттеудің әр түрлі
механизмдері енгізілген. Оларда шаруаларды мемлекеттік қолдау механизмдерін
жасай отырып, нарықтың көрінбейтін қолының еркіндігін шектеу қажеттігі
айқындалған. Мұндай механизмдер өз жеріне меншік иесі бола отырып, оны
тиімді пайдалану мен сақтауға мүдделі ерікті шаруа мүдделеріне
бағытталғанда ғана дұрыс жұмыс істей алады. Әлемдік ауыл шаруашылықтың
тәжірибесі ертеректе көрнекті ресейлік экономист-ғалым А. Чаяновтың ғылыми
тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеді. Әсіресе, оның айтуынша, техниканың аса
зор даму жағдайында да осы салада отбасылық фермерлік шаруашылықтар маңызды
роль атқара алады. Мысалы, АҚШ-та ХХ ғасырда өндірілген өнімнің 60%-ға
жуығын жеке отбасылық фермалар өндірді. Ал, жерге меншік пен экономикалық
мүддеден айырылған шаруалар, тәжірибе көрсеткендей ондай нәтижеге қол
жеткізе алмаған.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп
санайды. Алайда, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекетік
реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік
реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді
істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді.[10-45] Мұндай құбылыстар
нарықтық қатынастарының қалыптасқанына көп бола қоймаған Қазақстан
экономикасының аграрлық саласына да тән.
Сонымен мемлекеттік реттеу дегеніміз – мемлекеттік басқарушы
органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің және әлеуметтік-
экономикалық құрылымдардың әрекетіне, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында
қолданылатын мемлекеттік шаралар жүйесі. Отандық ғалым, А.
Кайгородцев ауыл шаруашылық өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеуді
ауыл шаруашылығы өнімін және шикізат пен азық-түлікті өндіру, өңдеу мен
өткізуге мемлекеттің экономикалық, әкімшілік және заңнамалық әсер ету
жүйесі деп түсіну керек деген пікірді алға тартады.[11.108]
АӨК-ді мемлекеттік реттеу қажеттілігі:
1) шикізат пен азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтарының
елдің макроэкономикалық жағдайына әсер етуімен;
2) өнімді өндіру, өңдеу және өткізу үрдістерінде қалыптасатын
табыстарды экономикалық әділетті жолмен бөлуді қамтамасыз етуге нарықтың
қабілетсіздігімен;
3) табиғи факторлардың оның нәтижелілігіне әсер етуімен анықталатын
ауыл шаруашылығы өндірісінің спецификасымен;
4) ауыл шаруашылығын ауыл территориясын сақтаудың және ауыл тұрғындары
іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде қолдаумен байланысты болып келеді.
АӨК-ні мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) ауыл шаруашылық өнеркәсіптік өндірістің дамуы;
2) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) шикізат пен азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтарын
реттеу;
4) халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту;
5) ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салаларының теңгермешілігін
(паритетін) қолдау;
6) ауыл шаруашылығы мен басқа салалардағы жұмысшылар табыстарының
деңгейін теңдестіру;
7) отандық тауар өндірушілерді қорғау болып табылады.
Мемлекеттің реттеуі мен қолдауынсыз аграрлық сектордың дамуы мүмкін
емес. Осы орайда, академик Я.Ә. Әубәкіров ...мемлекет әсерi ауыл
шаруашылығының барлық секторларының әлеуметтiк бағытта болуын, халықты
еңбекпен қамтамасыз етудi, ауыл шаруашылығы салаларына жоғары индустриялдық-
инновациялық технологияны енгiзудi, халықаралық еңбек бөлiнiсiнде, отандық
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң енуiн қамтамасыз етедi деп санайды.[9-82]
Сондықтан да аграрлық қатынастарды оңтайлы реттеу үшін мемлекеттік
реттеудің мақсатты бағытталған, тұрақты және белсенді саясаты, яғни реттеу
мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты қажет. Шетелдердің ауыл
шаруашылығы саласының дамуында аграрлық сектордың дамуын мемлекеттік реттеу
тек қана қажеттілік емес, сонымен бірге көптеген шет мемлекеттердің дамуы
үшін заңдылық болып табылатынын әлемдік тәжірибе көрсeтіп отыр.[12.102]
аграрлық өнеркәсіптік кешенді индустриялдық-инновациялық мемлекеттік
реттеу көпқырлы және кешенді түсінік болып табылады. Солай бола отырып,
нормативтік-құқықтық актілерді дайындау, азық-түлік тәуелсіздігіне, ауыл
шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін мемлекеттік
органдар іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарымен мемлекеттің ұйымдық-шаруашылық
іс-әрекетке мақсатты түрде әсер етуін көрсетеді. Бұл өз кезегінде ауыл
шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық-түлікті өндіру, өңдеу және
өткізуге, сонымен қатар өндірістік-техникалық қызмет көрсетуге және ауыл
шаруашылық өнеркәсіптік өндірістің материалдық-техникалық қамтамасыз
етілуіне мемлекеттің экономикалық әсерін білдіреді.
Экономикалық реформаларды жүргізудің тарихи тәжірибесі көрсеткендей,
қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде аграрлық реформалардың
бағыты, дұрыстығы мен жүйелілігі үлкен роль атқарады. Тәуелсіздік алған
алғашқы жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық саясатты жүргізу барысында осы
дұрыс бағыт пен жүйелілікті қамтамасыз етуге қажетті көңіл бөлінбеді де,
соның салдарынан басқарудың, жоспарлаудың әкімшілік әдістерінен бірден бас
тарту орын алып, жедел жекешелендіру жергілікті жағдайды ескерусіз
жүргізілді. Мемлекеттік басқару, жоспарлы үйлестіру жаңа индустриялдық-
инновациялық жағдайда мемлекеттің экономикалық саясатын жасаудың ғылыми
негізі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Экономиканың инновациялық дамыту
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Агробизнестегі кластер - бәсекеге қабілеттілікті арттыру тәсілі
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Пәндер