Жұмыссыздық түсінігі және түрлері


Жоспары
1. Кіріспе
2. Жұмыссыздық түсінігі
3. Жұмыссыздық түрлері
4. Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және
циклдық, құрылымдық жұмыссыздық
5. Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету
6. Жұмыссыздықпен арнайы топ "күреседі"
Қорытынды
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми - техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ -ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
(1)
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны. /1, б/
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл-мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады. /2, 145-146бб/
1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 7, 0% құрады
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7, 5 млн. адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200, 9 мың адамға не 2, 8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64, 5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34, 6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде - 81, 3%-ды құрады.
Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7, 7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28, 6 мың адамға немесе 4, 4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257, 1 мың адам (41, 2%), әйелдер-366, 9 мың адам(58, 8%) /9, www. stat. kz/
2-кесте - 2007ж. I тоқсанындағы жұмыссыздық
Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А. Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2, 7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және, керісінше, ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. /9, www. zakon. kz/
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1, 2, 4, 8, 16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1, 2, 3, 4…) . Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.
Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.
К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны - жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздық - бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)
Жұмыссыздықтың негізгі формалары:
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:
жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.
Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.
Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.
Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.
Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.
Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.
Жұмыссыздықтың зардаптары:
Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
қазына - қор қысқарады,
инвестицияға сұраныс қысқарады,
өндіріс құлдырайды.
Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.
Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2, 5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.
Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЦИКЛДЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе
u
жұмыссыздық дәрежесі, және
жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:
(2)
мұндағы
салмағы - бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады/1/.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады/2, 148б. /.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды/4, 536б. /.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді/1, 63 б/.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады/4, 536 б. /.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды/1, 64б/.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды/2, 148б/.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК
КӨРСЕТУ
Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А. Смит,
Д. Рикардо, Ж. Б. Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А. Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А. Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж. ) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К. Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе - жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары - жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру / 3, 178-179б /.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т. б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі - бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр/5, 168-169бб. /.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды, барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары жүргізілуі қажет/6, 171б. /.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді/2, 156/.
Жұмыссыздық «басқа шауып, төске өрледі», енді онымен арнайы топ "күреседі"
Қаржы дағдарысынан көптеген жұмыс орындарының жабылуынан Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі ушыға бастады. Осыған орай Үкіметтің тапсырмасымен еңбек нарығындағы жаппай жұмыстан босату жағдайының алдын - алу мен жұмыссыздықпен күресу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz