Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру



КІРІСПЕ

1. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық құқық нормаларды ҚР әрекетететін құқығы жүйесінде, материалдық.қамсыздандыру қатынастарын дамыту үрдісіндегі олардың орны және ролі

2. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық стандарттар және оларды мемлекетаралық байланыс аясында іске асыру


ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады.
Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т.б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар – кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік қорғаудың ерекшелігі әлеуметтік оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшелігіне орай халықты әлеуметтік қорғауды шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.
Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандырудың тарихы жүз жылдам астам уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты - адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ.
Әлеуметтік қамсыздандыру халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін анықтайтын фактор болып әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландырудың қайнар көзі, механизмі немесе кестесі табылады.
1 Шығыстағы ортағасырлық медицина: Әл-Фараби мен Ибн-Синадағы шипа ілімі/ Жолдыбаева С.Ә., Қабылова А.С. //Философия. Мәдениет. Ойлау – Алматы: Қазақ университеті. 2008 – 19-23 бет.
2 Салауатты өмір / Шарманов Т. // Жалын. 2007, №9 – 2-8 бет.
3 Халық денсаулығы – Отанның денсаулығы // Атамекен-Ай. 2007, №2 – 2-4 бет.
4 Мақсат: сырқатсыз ұзақ өмір. Салауатты өмір салтынан ауру-сырқаусыз ұзақ ғұмыр кешу / Шарманов Т. // Қазақ батырлары. 2007, қаңтар – 14-15 бет.
5 Павленок. П.Ф. «Теория: история и методика социальной работы». Москва, 2003 г.
6 Қарағусова Г. «Әлеуметтік көмектің әлеуеті әлсіремейді» // Егемен Қазақстан. 2006, 1 қантар.
7 Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. «Социальная ребилитация»-Учебное пособие. – 3-е изд. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2004г.
8 Халықтың денсаулығы – ең басты қазына /С. Ысқақова, О.Дәуіт, Ғ.Елшібай // Жас Алаш. 2009, 29 қыркүйек – 2-3 бет.
9 Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2006, 1 наурыз.
10 Әлеуметтік қорғау және денсаулық мәселесі // Ақиқат. 2009, №4 – 96-98 бет.
11 Технология социального обслуживания населения /Под.ред.Н.Г.Попова, Е.И.Холостовой. М., 2000ж.
12 Қазақстан Республикасының Заңы «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» // Егемен Қазақстан. 2005, 26 сәуір.
13 Атаулы көмек: оның бүгіні мен болашағы // Егемен Қазақстан. 2007 ж., 10 қазан.
14 Кудеринова М.К. «Салауатты өмір салты – денсаулықты жақсартудың негізгі жолы»/ Қарағанды: Болашақ-баспа, 2010 – 384-387 бет.
15 Калыкулов К.М. «Нарық жағдайында денсаулық сақтау саласын жақсартудың экономикалық тетіктері» - Автореферат, Түркістан. 2005 – 31 бет.
16 Нұрмұханбетова Р.Н. «Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы профилактиканың қалыптасуы және дамуы» - Автореферат, Алматы. 2009 – 46 бет.
17 Демографический ежегодник Казахстана, 2009ж.
18 Қауашев С.Қ., Саимова Р.У. «Қоршаған ортаның экологиясы және адам денсаулығы» // Алматы: ҚазНТУ. 2007 – 170-172 бет.
19 Жәрдемақылар мен жеңілдіктер //Астана хабары. 2005, 4 қыркүйек.
20 Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша
халықаралық құқық нормаларды ҚР әрекетететін құқығы жүйесінде,
материалдық-қамсыздандыру қатынастарын дамыту үрдісіндегі олардың орны
және ролі

2. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша
халықаралық стандарттар және оларды мемлекетаралық байланыс аясында
іске асыру

Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде
денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан да
айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі
болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр
материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке,
қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады.
Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік,
асыраушысынан айырылу және т.б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу
көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді.
Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке
қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу
деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар – кәрілік,
өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде
зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің
халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының
және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез
келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды
орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты қорғау
механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік қорғаудың ерекшелігі әлеуметтік
оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда
әкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшелігіне орай халықты әлеуметтік
қорғауды шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.
Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандырудың тарихы жүз жылдам астам
уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары
және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты
- адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ.
Әлеуметтік қамсыздандыру халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз
байланысты. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың
деңгейін анықтайтын фактор болып әлеуметтік қорғау шараларын
қаржыландырудың қайнар көзі, механизмі немесе кестесі табылады.

1.Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша
халықаралық құқық нормаларды ҚР әрекетететін құқығы жүйесінде,
материалдық-қамсыздандыру қатынастарын дамыту үрдісіндегі олардың орны
және ролі

Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған
халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе
мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан құрылатын: әлеуметтік
сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз
ету.
Егеменді ел болғаннан кейін 1999 жылы Республикада халықты әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесі өзгертулерге ұшырады (Сурет 2) 11, 15б.
Қазіргі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде толық ынтымақтастық және
мемлекеттік институтардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі
төмен.
Құрамына Қазақстанда кіретін халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін қолданылатын шаралар жиынтығы деп қарастырады, оған
мыналар кіреді: лайықты төленетін, тұрақты еңбек қызметін қалыптастыру;
әлеуметтік сақтандыру механизмдері арқылы негізгі әлеуметтік қауіп-қатер
туындаған жағдайда оның алдын алу немесе пайданың жартысын тәркілеу;
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелегіне енбейтін әлсіз топтарға
әлеуметтік көмек механизмдерін ұсыну; азаматтардың білім және медициналық
көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің сандық көрсеткіштері белгілі бір
дәрежеде экономикалық даму деңгейіне, ал екі жақтық өзара келісімге келу
деңгейі, мемлекеттік институттық қатысуы және қалыптастыру деңгейі
таңдалған әлеуметтік-экономикалық моделге байланысты.
Бірдей дәрежеде дамып келе жатқан елдерде тарихи, мәдени, саяси және
басқа да факторлар тұрғысынан әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
ұйымдастыруда екі жақтық өзара келісімге келу деңгейлері мен мемлекеттік
институттардың қатысу деңгейі әр түрлі дәрежеде болады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға ие болу құқығын алу жарнаға емес, қауіпті
жағдайдың туындау уақытына байланысты болғанкезде, екі жақтық толықтай
ынтымақтастығы жарна мен төлеме арасындағы байланысты болдырмауы мүмкін,
қаржылық қысымды барлық салықтөлеушілер көтереді, ал әлеуметтік көмек алуға
барлық азаматтра құқылы. Мұндай жүйеде пайданы бөлу механизміжәне бірден-
бір қаржы көзі мемлекттік бюджет, ал үйлестіруші мемлекет болады.
Толықтай ынтымақтастық қағидасына негізделген жүйелер барлық
азаматтарға бірдей, төмен деңгейдегі әлеуметтік көмек көрсетеді.
Ынтымақтастық шектеулі болған жағдайда төлем алу құқығы адамның
енгізген жарнасына байланысты. әдетте, мұндай жүйе жұмысшылар мен жұмыс
берушілердің салымы есебінен қаржыландырылады, жарна көлеміне байланысты
төлем ақы алу құқығына салым салған азаматтар ғана ие болады (немесе жұмыс
берушісі олар үшін ақша бөлсе). Әдетте, мұндай жүйелер белгілі бір
әлеуметтік топтарға қосымша көмек береді. Мысалы, жұмысшыларына немесе
нақты бір еңбек ұжымына.
Сонымен қатар, әрбір азамат жеке алымдардан алынатын, сондай-ақ
әлеуметтік қауіп төнгенде төленетін төлемдермен байланысты жүйеде
ынтымақтастық көрінбейді.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Экономикалық
қарым-қатынастардың өзгеруі әлеуметтік қамсыздандырудың жүйесін құруды
талап етіп отыр.
Мемлекет өтпелі кезеңдегі алғашқы сатысында инфляция деңгейіндегі
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен бюджет тапшылығымен, өндірістің
төмендеуінен, экономикалық формальді емес секторының үлесін өсірумен
айналысуға тиісті етеді. әлеуметтік сферадағы реформалар негізінде
проблемаларды шешудегі жауапты реакция түрінде көрінеді, жинақтаушы
зейнетақы жүйесін енгізу мен жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен алмастыру
бұған енбейді 12, 13б.
Енгізілген жаңалықтарға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесі өзінің күрделілігімен, заңдық тұрғыдағы
жүйесіздігімен, жүйеге қатысуға деген құлшыныстың төмендігімен сипатталады.
Соңғы жылдардағы экономикадағы оң өзгерістер мен тұрақты өсуді қамтамасыз
етуге арналған шаралар әлеуметтік қауіп төнгенде жасалатынәлеуметтік
қамсыздандырудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың қазіргі жүйесі толық ынтымақтастық
иеленудің қағидасы мен мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейі мен төмен
құлшыныстармен сипатталады.
Толық ынтымақтастықтың қағида негізнде мүгедектерді, жұмыссыздарды
асыраушысынан айрылғандарды жасының ұлғаюына байланысты адамдарды
әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Барлық Қазақстан Республикасының
азаматтары шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар мен Қазақстан Республикасының
территориясында тұрақты тұрып жатырғандар әлеуметтік қауіп жағдай
туындағанда жұмыс істеу мүмкіндігіне және жарнасқа қарамастан, барлығына
бірдей мемлекеттік төлемдер беріледі, заңмен және халықаралық келісімшартта
қарастырылмаса ғана жүзеге аспайды. Сондай-ақ экономикалық нормативтердің
жоқтығынан төлемақылардың арақатынасы жойылады. Нәтижесінде көрсетілетін
әлеуметтік көмекке қарағанда жұмысқа жарамды бөлігі төмен көмекақы жүйеге
қатысы жоқ азаматтарға алады.
Республикамызда ынтымақтастықты шектейтін және жұмыс жасаушылардың
қосымша қорғанысын қамтамасыз ететін жүйе жоқтың қасы.
Ынтымақтастығы зейнетақы жүйесі – қарттық кезеңдегі қамтамасыз
ететін жалғыз түрі, ол жүйеге қатысты белгілі бір құлшыныстары бар
қатысушылардың негізінде құрылған.
Заңмен белгіленгендей, сондай-ақ қажетті таратуды қажет етпейтін
факторға байланысты әлеуметтік қауіп төнген жағдайда ерікті қамсыздандыру
қарастырылған.
Егер жұмысшы жұмыс барысында зақымданып, ауырып қалса, онда оған
уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты төлемақы төленеді. Жұмысберуші
оған еңбекке жарамсыз болып қалған күннен бастап жұмысқа шықанға дейін
немесе мүгедектікке бекіткенге дейін орташа жалақы көлемінің жүз пайызын
төлейді.
Екі жасқа дейінгі жас баласы бар анаға, баласы ауырып қалған жағдайда,
отбасында басқа күтуші адамының болу болмауына қарамастан жәрдемақы
төленеді.
Әскери оқу кезеңінде немесе өндірістен аластатылмай белгілі бір оқу
орнында оқуына байланысты демалыс берілген кезде, уақытша еңбекке
жарамсыздыққа байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған алғашқы күннен
көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін төленеді.
Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты төлемақы мынандай жағдайда
төленбейді:
1) Жұмысшы қылмыс жасау барысында алған жарақаттары салдарынан еңбекке
жарамсыз болып қалса;
2) Соттың шешімі бойынша жұмысшыны еріксіз емдеу уақытында;
3) Жұмысшы қамауға алынған және соттың медициналық тексеру кезінде болған
уақытта және сондай-ақ, айыпты деп табылған жағдайда;
4) Ішімдік, есірткі, токсикология өнімдерін қабылдап, соның салдарынан
жарақаттанып, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда .
Жүктілікке және босану мерзіміне байланысты берілетін жәрдемақылар
Жүктілікке және босану мерзіміне байланысты берілетін жәрдемақылар және
сондай-ақ, баланы тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге
(еркектерге) жәрдемақы орташа жалақы көлемінен жүктілік пен босану уақыты
барысында сондай-ақ асырап алған күннен бастап, бала туылғаннан елу алты
күн өткенге дейін төленіп тұрады.
Ядролық сынақтар жүргізілген территорияларда тұратын әйелдерге
жүктілікпен босану уақытша байланысты әлеуметтік жәрдемақы босану жағдайына
қарай бір қалыпты болса, жүз жетпіс күнтізбелік күн бойынша, ауыр болған
және екі-үш бала туған жағдайда жүз сексен төрт күн бойынша төленеді. Әйел
қамауға алынған, соттық-медициналық тексеруден өту кезінде айыпты деп
табылса және соттың шешімімен еріксіз емдеуге жіберілсе (жүйке ауруларынан
басқа), жүктілік және босану мерзіміне байланысты берілетін жәрдемақы
берілмейді.
Жұмысшылар жұмысқа шыққан күні жұмыс берушіге уақытша еңбекке жарамсыз
болғандығын дәлелдейтін еңбекке жарамсыз қағазын тапсырады.
Жұмысшы уақытша еңбекке жарамсыздықты куәләндыратын қағазды, жәрдемақы
алу үшін де көрсете алады. Жұмысберуші еңбекке жарамсыздық туралы қағазға
қажетті белгілерді енгізеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақылары жалақы төлеуге белгіленген
уақыты төленеді.
Жұмысшының өліміне байланысты жәрдемақы төленбей қалған жағдайда, оны
бірге тұрған отбасы мүшелері немесе оныен бірге некеде тұрған адамдар
алады. Мұндай адамдар болмаған жағдайда, жәрдемақы жерлеу рәсімдерін
мойнына алған тұлғаларға беріледі. Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақы
қолхат арқылы немесе алуға болатын жұмысшының өтініші негізінде оның жеке
банктік шотына аударылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақысын төлеуге бөлінген қаржыны дұрыс
жұмсау жауапкершілігі, ұйымының бас есепшісінің мойнында.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі әлеуметтік тәуекелдікті
басқаруда қоғамдық тәжірибе әртүрлі әдістерді қолданады. Бұл әдістердің әр
қайсысы ұлттық ерекшеліктерімен айқындалса да, жалпы біркелкі әлеуметтік
экономикалық мазмұнға ие. Қазіргі жағдайдағы халықты қорғау деңгейі мен
халық өмірінің сапасын талдау барысында жалпы әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесінде мынадай құрамдас бөлікті көрсетуге болады:
1) әлеуметтік сақтандыру;
2) әлеуметтік қамсыздандыру;
3) әлеуметтік көмек немесе қызмет;
4) жұмыс берушілердің қаржы есебінен корпоративтік қорғау;
5) жеке қорғау (жеке сақтандыру, зейнетақы жүйесі);
6) салық жеңілдіктері мен несиелер;
7) қайырымдылық қорлар 15, 32б.
Әлеуметтік салық төлейтін барлық асыраушысынан айырылған жағдайға,
жұмысы жоқ болғанда, еңбекке қабілеттіліктен айырылғанда әлеметтік
сақтандыру жүйесінің қатысушылары болады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін еңгізу кезінде бастауыш кезең
ерекшеліктер ескеріледі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру
басталуы кезде жұмыс берушілердің бөлімі есебінен, сондай-ақ жұмысшылар
есебінен жүзеге асады.
1) Еңбекке қабілеттілік пен асыраушасынан айырылған жағдайда
көрсетілетін әлеуметтік көмек. Еңбекке қабілетті жанның мүгедентік
деңгейіне баға беруде тіршілік ету деңгейінің шектелуі мен қатар еңбекке
қабилеттілігінің шектелуі де есептелінеді. Мүгедектік статусын беру,
еңбекке қабілеттілігінен айырылу деңгейін анықтау шаралары жүргізіледі.
Еңбекке қабилеттілік пен асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін реформалағанда мынадай құрылымды енгізу
қарастырылады.
Бірінші деңгей, барлық азаматтар бюджет есебінен бірдей төлемақы
беру,
екінші деңгей формалды сектор жұмысшыларына міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен зейнеткерлік жасына жетуге дейін емес сақтандыру
төлемдері ие себепті болған жағдайлар тоқтатылғанда қосымша төлем беру.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен берелетін төлем көлемі белгілі бір
уақыт аралығындағы орташа жалақысының орнын басатын коэффициент негізінде
және еңбекке қабілеттілекті жоғалту деңгейі мен қарауындағы жандардың
санына байланысты есептелінеді.
Әлеуметтік сақтандыру і төлемінен міндетті зейнеткерлік салымдар
ұсталады. Төлемдер салымдар анықталатын жұмысшылардың максималды кірісі
заңмен белгіленген.
Үшінші деңгей оқыс жағдай немесе еңбек жағдайында ауруға ұшырау
нәтижесінде еңбекке қабілеттілік пен асыраушысынан айырылғанда зейнеткерлік
жасына дейін немесе сақтандыру төлемдеріне себепті болған жағдайлар
тоқтатылғанда сақтандыру ұйымдары төлем түріндегі қосымша әлеуметтік көмек
көрсетеді. Жұмыс жағдайында жұмысшының өмірі мен денсаулығына нуқсан келсе,
жұмыс беруші жауапкершілігіне негізденген мендетті сақтандыру жүйесі
еңгізіледі. Сақтандыру жұмыс берушілердің міндетті бөлемдері есебінен
қабілеттілік пен асыраушысынан айырылған азаматтың әлеуметтік қауіптің
түріне сәйкес бюджет есебінен төлемақылар алуға және сақтандыру жүйесінен
төлемдер алуға және сақтандыру компаниялары мен әлеуметтік сақтандыру
жүйесінен төлемдер алуға құқығы бар. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы
зарадап шеккен адамның емделуінің барлық шығындарын жабады. Сақтандыру
ұйымдар төлемінен міндетті зейнеткерлік салымдар алынып отырады.
Сақтандырушы компаниялар төлемнің минималды мөлшері заңмен
белгіленеді және жұмыс берушінің сақтандыру келісімін мерзімінде
жасалмағаны үшін айыппұл төлеу жүйесі енгізілген.
Сақтандырудың аталмыш түрін енгізу жұмыс жағдайын жақсарту мен
қауіпсіздікті қадағалауда жұмыс беруші стимул ретінде қызмет етеді.
Республиканың және жергілікті бюджет есебінен қаржылынатын
мемлекеттік үйымдар жұмысшылары үшін өмірі мен денсаулығына төнген қатердің
орнын толтыруда арнайы тәртібі белгіленген. Компенсация көлемі заңмен
бескеленеді.
Сонымен қатар, еңбекке қабілеттік пен асыраушысынан айырылған
жағдайда азаматтардың жеке қаражаттары есебінен еректі сақтандыруды жүзеге
асырады 16, 155б.
2) Жұмысынан айырылған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек.
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалауда
2-деңгейлі құрылымды еңгізу қарастырылған.
Бірінші деңгей барлық жұмысқа жарамды азаматтарды жұмысқа
орналастыруда, кәсіби қайта дайындауда, жергелікті бюджет есебінен
төленетін қоғамдық жұмыстарды берудегі әлеуметтік көмек.
Екінші деңгей формалды сектор жұмысшыларын белгілі бір мерзім ішінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер беру.
Азаматтардың әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлем алу құқығы мына
жағдайда туындайды: егер азамат заңдық тұрғыда жұмыссыз деп танылса және
белсенді түрде жұмыс іздеп жүрсе, сондай-ақ жүйеге белгілі бір салым салса.
Төлемдер көлемі жалақы деңгейі мен сақтандыру бөлімдерінің ұзақтығына
байланысты. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдерінен міндетті
зейнеткерлік салым ұсталынып отырады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
салымдар бөлінетін және төлемдер белгіленетін кірістің максималды шегі
белгіленеді.
Түрлі деңгейдегі құқық бузушылықтарды дисквалификациялау жүйесі
қарастырылады. Оның негізінде төлемді кейінге қалдыруға болады, мәселен
ыңғайлы жұмыстан бас тарту, егер ол жұмысшының мамандығы мен
квалификациясына сай болса, жұмыстан өз еркімен кету т.б.
Жұмыссыздықтан міндетті сақтандырудың жүйесін енгізу азаматтарды
жұмыстан айырылу кезінде қамтамасыз етудең жүйесін айтарлықтан жақсартады
және кеңейтеді төлем алушылар өздеріне берілетін төлемады мөлшерін білетін
болады және белсенді түрде жұмыс іздеуге кереседі. Жұмыссыз азаматтарды
ақпараттық қолдау мақсатында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа
негізделген орталықтандырылған база құрылады.
3) Кәрілікке байланысты әлеуметтік көмек. Ынтымақтастық жүйесінің
төлемдері жүзеге асады, зейнетақы төлемдерінің көлемін ұлғайтуда
зейнеткерлікке шығу мерзімі есептеледі ынтымақтастық жүйесіндегі зейнетақы
мөлшері тұтынушы бағасының осуі мен төлемдерде шектеу есебінен кезең-
кезеңімен артып отырады.
Жинақтаушы зейнетақы жұйесінің жағдайын түсіндіру мен белсенді
насихаттау қарастырылады. Тұрғындарды, әсіресе ауылдық жерлердің
тұрғындарын кезінен қамту шаралары, пошталық-жинақтау қызметінің
мүмкіндіктерін пайдаланатын жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері,
зейнетақы төлеудегі мемлекеттік орталық пен өзге де институттар
қарастырылған.
Кәсіпорындардың мендетті зейнетақы салымдарын мерзімінде толық беруді
қадағалауда салық органдары тарапынан қатаң шаралар қолданылады. Сонымен
қатар, әкімшілік құқық бұзушылақтар туралы Кодекске қосымшалар енгізіледі,
кәсіпорындардың міндетті зейнетақы салымдарын төлемеуіне байланысты айыппұл
көлемі ұлғаяды.
Жинақтаушы зейнеткерлік қорлардың зейнетақы төлемдерінің
механизмдерін жүзеге асыру жалғасады және жеткіліксіз зейнетақы қорында
минималды зейнетақы түрінде мемлекеттік кепілдеме біріледі. Зейнетақы
нарығын дамыту шаралары қарастырылады. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың
азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ай сайынғы төлемдермен
қамтамасыз етуде аннуитеттерді сатып алуы қарастырылады (зейнетақы
түрледегі сақтандыру төлемін жүзеге асыратын жеке сақтандырудың түрі)
Зейнеткерлік туралы заңға, өзгертулер енгізіледі және мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорының функцияларын шығару. Жинақтаушы зейнетақы
қорына заңмен белгіленген талаптарды орындауда зейнетақы активтерін өз
бетімен қаржыландыру құқығы берілген.
4) Аз қамтылған жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек Кедейшілік
деңгейін төмендету жаңа жұмыс орындарын құру мен жалақы көлемін ұлғайту
есебінен жүргізіледі. Арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға
ақшалай және табиғи формалары сондай-ақ қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз
етуге беріледі. Арнайы әлеуметтік көмек механизмдерін жүзеге асырумен
қатар, кіріс деңгейіне баға беретін әдістері қарастырылады.
Табиғи түрде әлеуметтік көмек те балалар зейнеткерлер, мередектер
сияқты жұмысқа қабілет жоқ азаматтарға беріледі. Еңбекке қабилетті жандарға
әлеуметтік көмек қоғамдық жұмыстарда қаржыландыру, білім жетілдері
бағдарламалар жұмысқа орналастыру арқылы көрсетіледі.
Қоғамдық жұмыстардан төлемақы деңгейі азаматтардың ұзақ қалуын
қамтамасыз етпейді, тұрақты жұмыс істеуге итермелейді.
Қарттар мен мүгендентердің үй-интернаттары тәруді дәстүрлі формадағы
институционалды көмек пен қатар әлеуметтік қонақүйлер, аз қамтылғандарға
асхана, тұрғылыуты жері жоқ жандарға арналған үй сияқты арнайы
институционалды көмекті дамыту көзделеді. Әлеуметтік институттар арқылы
табиғи көмек түрінде жәрдем беру оны жинау, алмастыру, қайта сату
мүмкіндіктері жау жерде қолданылады.
Аталған әлеуметтік-экономикалық құралдар бір-бірін толықтырып отырады.
Олардың қолдануы әлеуметтік тәуекелдіктің түріне, халықтың әлеуметтік-
демографиялық топтарын қорғаудың деңгейіне, мемлекеттің әлеуметтік
саясатына байланысты болады. Мысалы әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік
қамсыздандыруды қолдану әлеуметтік тәуекелдіктің табиғатына байланысты.
Егер әлеуметтік тәуекелдік жұмыс қабілетін жоюға алып келсе, онда
әлеуметтік сақтандыру қолданылады. Егер әлеуметтік тәуекелдік күнкөріс
минимумынан төмен табысқа алып келсе, онда әлеуметтік қамсыздандыру
қолданылады. әлеуметтік қызмет натуралдық нысанда көмек қажет етілгенде
қолданылады. Салық жеңілдіктері мен несиелер жұмысқа қабілеті бар халықты
еңбек етуге талпындырады. Соңғы кездері жұмыс берушілердің өз жұмысшыларын
қорғауда қосымша ұжымдық сақтандыруды немесе медицина, спорт, бала бақшалар
тәрізді ақысыз қызмет нысандыран қолданатынын айта кету қажет.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен 1999-2007 жылдар аралығында
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджеттік қаржылар 159 млрд 64 миллион
тенгеден 239 млрд 230 миллион теңгеге дейін өсіп отыр. Бұл шығындардың ЖІӨ-
дегі үлес салмағы 2007 жылы 5,3 пайызды құрады (Кесте 1) 17, 196б.
Біздің ойымызша, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыруға арналған
бағдарламаларының макродеңгейде жеке салымдарға тигізетін ықпалы шамалы.
өйткені, біріншіден, салық түрінде немесе әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған жарналар ретінде табыстан алынатын қаржылар ең төменгі күнкөріс
минимумын қамтамасыз етуге және адамның ұдайы өсіп-өнуіне жұмсалады.
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі болмаса, мемлекет басқа нысандар түрінде
бәрібір қаражаттар қорын құруға мәжбүр болатын еді.

Қазақстандағы Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың басты
бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі
тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен
тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды
қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.
Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар
тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз ету үшін
еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен
мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.
Қауіпті жағдайлар кезінде барлық азаматтар әділ қорғау қызметін
көрсету, тиімді ұйымдастыру және барлық тұрғындарды максималды толық
қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік саланы реттейтің заң әлеуметтік қауіптер негізінде құрылуы
міендетті..
Әлеуметтік қорау жүйесін мыналар жүзеге асыруы қажет:
1) әлеуметтік қамсыздандыру құқығы әрбір адамның қолы оңай жететіндей
болуы керек. Бірдей әлеуметтік қауіп кезінде жұмыс тәжірибесі мен
жалақысына қарамастан. Мемлекет берген төлемақының минималды көлемі
барлығына бір деңгейде төленуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша қорғау әрбір
адамның жүйеге қатысуының мерзімі мен мөлшеріне байланысты болады;
2) әрбір азаматтың мемлекетіне тәуелділігін емес және жауапкершілігін
арттырады. Барлық еңбекке қабиетті азаматтар өздерінің болашпғы мен
отбасыларының жақсы тұрмысына жауапты болуға ұмтылуы керек;
3) төлемақы оны қажет ететіндерге және оған құқығы бар жандарға
берілуы керек. Сонымен қатар, тиімді, әділ, жақсы басқаралатын аз шығынды
және қарапайым болуы тиіс;
4) жүйенің негізгі кампоненттері тез реттелуі керек, Белгілі бір
мерзімшінде тұрғындарды толық қамту.
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып әлеуметтік қауіп негізінде
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін ұйымдастыру қарастырылады. Оған қорғаудың
мынадай элементтер кіреді:
1) әлеуметтік қауіпке байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен
және жұмысшылар есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;
2) жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
3) белгілі бір азаматтар тобының бюджет есебінен қолдау көрсететің
арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік көмек.
Сонымен қатар әлеуметтік қауіп төнген жағдайды ерікті сақтандыруды
жүзеге асыратын азаматтар марапатталады.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің институционалды базасын әлемдік
тәжірибе негізінде қарастыруда Қазақстан жағдайын ескере отырып аралас
жүйені таңдау керек. Онда мемлекеттік және жеке институттардың
мүмкіндіктері тиімді қолданылады.
Барлық әлеуметтік төлемді басқару мен бақылау үшін жеке теңестірудің
жалпы мемлекеттік жүйесі және әрбір азаматқа жеке теңестіру кодын беретін
мәліметтердің ұлттық базасы құрылуы тиіс.
Ана мен баланы кең көлемде әлеуметтік қамтамасыз ету – мемлекеттің
әлеуметтік қамсыздандыру жүйенің басымдықтарының бірі. Әлеуметтік қорғау
жүйесін жүзеге асыруда әлеуметтік қауіп қатары кеңейді, ондай жағдайда
әлеуметтік қамсыздандыру қажеттілігі туындайды. Демографиялық процестерді
қалдау мақсатында бала туу мен тәрбиелеу әлеуметтік қамсыздандыруды қажет
ететін жағдай ретінде қарастырылады. Қолдау мақсатында бала туылғанда
берілетін төлемақы мен кәмелетке болмаған балаларды тәрбиелейтін
отбасыларға қосымша төлемақылар енгізіледі.
Мүгедектік мәселесін шешу шаралары қарастырылады. Ол мүгедентердің
негізгі құқықтары мен қызметтерін қамтамасыз ететін мемлекеттік
стандарттарды енгізуді қажет етеді.
Әлеуметтік қауіптердің жеке бағдарламасын дамытудың, мүгедектердің
интеграциясына көмек көрсетудің шаралары қарастырылады. Аталған ұсыныстар
2006-2009 жылдарға арналған мүгедектерге қатысты бағдарламада көрініс
тапқан.
Нақты әлеуметтік көмек тек қажеттіліктің шынайы критерийлері негізінде
тұрғындардың аз қамтылған тобына арналады. Сонымен қатар, белгілі бір
әлеуметтік топ адамдары-соғыс ардагерлері мен мүгедектерде және көп балалы
анадарды қосымша қорғауға бағытталған арнайы бағдарламалар жасалады.
Әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асырудағы маңыздысы әлеуметтік
нормативтер рөлін аттыру, минималды жалақының өмір сүру минимумы деңгейіне
жетуі мен кезең-кезеңімен осуі болып табылады. Әлеуметтік төлемдер көлемі
нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайға қанес нормативтерге сүйене отырып
есептеледі.
Әлеуметтік қауіпті азайту мен алдын алу мақсатында мемлекет бірқатар
шаралар қолданады. Жұмыстан айырылу қаупінің алдын алу үшін және
азаматтардың тұрақты жалақы алатын еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында
мемлекет жаңа жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асырады.
Тұрғындар өмрі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіптің алдын алу
үшін еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғау заңының орындалуын қадағалайтын
мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
Мүгедектік қауіпін азайту мақсатында медициналық көмек көрсету жүйесі
және оны қаржыландыру мен жүзеге асыратын механизмдері қарастыралады.
Әлеуметтік сақтандыруды енгізу негізінде төлемақы төлеу принциптері
жасына байланысты мемлекеттік төлемақы алушыларға, асыраушысынан және
еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда өзгермейді.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне жас азаматтарды ғана емес, сонымен
қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі және әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен қатысы
Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі
Әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
Пәндер