Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3-7
: 1
Кіріспе: CОТ БИЛІГІНІҢ БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗ
3-7: 8-19
: 1. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұғымы және нысандары
3-7: 8
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы сот тәуелсіздігінің және сот қызметін ұйымдастырудың конституциялық қағидалары
3-7: 12
: 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасы судьяларының құқықтық мәртебесі
3-7: 20-29
: 2. 1
Кіріспе: Судьялар - сот билігін атқарушылар, олардың мәртебесі
3-7: 20
: 2. 2
Кіріспе: Судьяларды дайындау және іріктеу іс шаралары
3-7: 24
: 3
Кіріспе: Судьяның тәуелсіздігі және оның тек заңға бағынуы - сот әділдігінің кепіл
3-7: 30
: 3. 1
Кіріспе: Судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі мен оның маңызы
3-7: 30
: 3. 2
Кіріспе: Судьяның тәуелсіздігі қағидасының сот әділдігінің басқа қағидаларымен ара қатынасы
3-7: 34
: 4
Кіріспе: Судьяның тәуелсіздігінің кепілдіктері және оларды қамтамасыз ету шаралары
3-7: 53-60
:
Кіріспе: Қорытынды
3-7: 61-63
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3-7: 64-68

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы қағидасын, сот әділдігінің қағидалары мен кепілдіктерін, судьяның ұғымын, мәртебесін, судья кадрларын даярлау мен іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мәселелерін зерттеп, зерделеуге арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, онын ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады [1] . Судьяның әділ болуы, ең алдымен, олардың тәуелсіздігіне байланысты. Ал сот жүйесінің тәуелсіздігі, біріншіден, ол судьяның еркіндігі, оның ешқандай факторларға бағынбай заң аясында сот әділдігін жүзеге асыра алуы деген сөз. Демек, сот беделі - мемлекет беделі.

Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында. Бәрінен бұрын құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек, сондай-ақ, осы жылдың өзінде құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамын деп белгіленген болатын [2] .

Кез келген әділетсіздіктің азабын тартып, шындық іздеп, шарқ ұрған адам әділдікті соттан іздейді, ақ пен қара аражігін ажыратып берер деген үмітін сотпен жалғайды. Демек сот алдында адамдардың барлығы тең. Әділ билік ханға да, қараға да ортақ. Ендеше алдына жүгінген адамның дауына тура кесім айту үшін сотқа керегі заң талабынан өзге ешкімге жалтақтамайтын, сырт күшке мойын бұрмайтын дербестік және тәуелсіздік. Сәйкесінше, сот билігінің тәуелсіздігін нықтай түсу азаматтар құқығының кепілін одан әрі бекіте түсу деген сөз.

Академик Салық Зиманов соттардың тәуелсіздігі принципіне нақты әрі шынайы баға береді. Оның айтуынша: «Сот билігі мемлекеттік биліктің басқа формаларынан тәуелсіз болу арқылы ғана жүзеге асырылатындығымен айрықшаланады. Оның ерекше мәртебесі мен міндеттері осыны талап етеді» [3] . Дүние жүзіндегі құқықтық мемлекеттердің соттардың тәуелсіздігі принципіне ерекше мән беретіні де содан. Олар сот жүйесін тәуелсіздік рухымен қаруландыру арқылы азаматтар құқығының сақталуын шегелей түсумен қатар, тұтастай мемлекеттегі саяси, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік алып отыр.

Қ. Мәми атқару органының сот қызметтеріне араласуы салдарынан тәуелсіздік қағидасы бұзылатыны даусыз деп есептейді. Ол дербестік пен тәуелсіздік егіз ұғым емес деген тұжырым жасайды. Дербестік - ол тәуелсіздік емес, ол тек маңызды шарт (жағдай) пен сот билігінің алғышарты ғана. Дербестік, биліктің сот тармағы билікті бөлісу ұштағанында дербес болып жарияланған кезде, тежемелік пен тепе-теңдікті ескеру арқылы құрылған қоғамды мемлекеттік басқару механизмінде өзінің рөлі мен орны болғанда билікті бөлісу қағидасымен тығыз байланысады. Осы биліктің дербестігінің маңызды кепілі, судьялардың» заң шығару және атқару биліктерінен тәуелсіздігі болып табылатыны шүбәсіз [4] .

Сот билігінің ерекше белгісі - оның дербестігі, жеке даралылығы мен тәуелсіздігі. Мемлекеттік биліктің жеке тармағы бола тұра, оның басқа тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік принципі арқылы іс-қимыл жасау барысында өзінің қызметіне, әсіресе сот әділідігін іске асыру кезіндегі қызметіне араласуға жол бермеуінде [5] .

Сот жүйесінің жабықтығы - судьялардың түпкілікті тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында кездесетін кедергілердің бірі. Жалпы судьялардың тәуелсіздігі сот корпусын жабық, сыннан тыс қалатын корпорацияға айналдырмауы тиіс деп ескертуі кездейсоқ емес. Судьяның көпшілік үшін ашықтығы мен қолжетімді болуы - оның тазалығының, біліктілігінің және кәсібилігінің кепілі. Мұндағы мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидасын басшылыққа алу қажет. Тек сауатсыз, өз қызметіне дақ түсірген судья ғана қоғаммен қарым-қатынаста болуға, көпшілік алдына шығуға, заңның талаптарын ашық түсіндіруге және іс бойынша өзінің көзқарасын айтуға қорқады [6] .

«Қазақстан Республикасының 2010-дан 2020-ға дейінгі аралықтағы құқықтық саясатының Тұжырымдамасында - көрсетілген басты қағидаларды негізге ала отырып, сот тәуелсіздігін жетілдіру максаты сот жүйесінің әрі қарай дамуына, мемлекеттік биліктің барлық саласының өзара тиімді әрекет етуіне, билік органдарының сапалы қабылдаған шешіміне және лауазымды тұлғаның жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Еліміздегі құқықтық саясаттың Тұжырымдамасы алдағы тұрған он жылда құқықтық жүйені одан ары дамытуда және сот реформасын жүзеге асыру үшін жаңа көкжиектерді ашып берді. Сот жүйесін дамытудың маңызды келешегі соттар мен судьяларды одан ары мамандандыру, әкімшілік әділетін дамыту, процессуалдық заңнамаларды жетілдіру, төрелік және аралық соттардың жүйесін дамыту, кадрлық жұмыстарды жетілдіру мәселесі, сот шешімдерін орындау өндірісін жетілдіру сондай-ақ сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы, сот өндірісіне жетілдірілген технологияларды енгізу болып табылады.

Тұжырымдаманың негізі болып қаланған процессуалдық заңнамалар мен сот өндірісін жетілдіру аспектісін заңнама жобаларына сәйкестендіре дайындау арқылы жүзеге асатын болады. Еліміздің соттары алдағы он жылдың құқықтық саясат Тұжырымдамасын зор ықыласпен қабылдады, оны құқықтық мемлекет құруға салмақты үлес қосуы үшін демократиялық дәстүрмен одан ары жүзеге асыруға дайын [7] .

Сот әділдігінің басты қағидаларының бірі болып табылатын судьяның тәуелсіздігі және оның тек заңға бағынуы қағидасын қараудың маңызы зор.

Судьяның тәуелсіздігі қағидасының басты ерекшілігі - оның еліміздің ата заңы - Конституцияда белгіленуінде. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көп жетістіктерге қолымыз жетті, билік тармағы болып табылатын сот билігі дербестікке ие болды. Жаңадан судьялар тәуелсіздігі заңда орын алып, оларды қамтамасыз ету шаралары, кепілдіктер қарастырылды.

Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзіреті шегінде үкім шығарғанда, шешім қабылдағанда және басқа да сот әрекеттерін жүзеге асырғанда тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор болып келеді.

Судьяның тәуелсіздігі қазіргі таңда үлкен талқылауға түсіп, көптеген ойлар мен пікірлердің туындауына негізделіп отыр.

Судьяның тәуелсіздігін орнықтыру мақсатында 2000 жылдың 25 желтоқсанда «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды. Бұл Конституциялық заңда жалпы сот билігі, сот билігін жүзеге асырушы судьяның мәртебесі, тәуелсіздігі және қамтамасыз ету шаралары, тағы басқа да ережелер қарастырылған.

Судьяның тәуелсіздігі заң жүзінде толық, айқын орын алғанымен де, жүзеге асырылу деңгейі әлі де жеткіліксіз болғандықтан, қазіргі таңда үлкен мәселелер туындап отыр. Бұл мәселелерді мейлінше шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылдың 1 қыркүйегінде Жарлығы шықты [8] . Бұл Жарлықтың басты мақсаты судьялардың тәуелсіздігін нығайту мәселелері болып табылады.

Көпшіліктің назарын аударған мәселе аясында қабылданған бұл Жарлық көптеген заңсыздықтарды жоюға немесе олардың алдын алуға және сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруға кедергі болған талай тосқауылдарды жоюға, күмәнді сәттерден арылуға үлкен септігін тигізді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің сот жүйесін халықаралық талаптарға сай келетіндей етіп қалыптастыру, сот ісін жүргізудің демократиялық, өміршең принциптерін анықтау, сот әділдігін жүзеге асырудың құықтық негіздерін жетілдірудің жолдарын айқындау сияқты мәселелер ғалымдар мен заңгерлердің назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Бұл да болса қуантарлық жағдай.

Судья тәуелсіздігін тек заңда көздеп қана қоймай, оны шын мәнінде жүзеге асырудың маңызы орасан зор. Бірақ, өкінішке орай, судья тәуелсіздігіне берілетін кепілдіктер қарқынсыз дамып келеді. Судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз ету қоғамның және мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс, оның тек қана Конституция мен Заңдарға бағыныштылығын мойындап, сот әділдігін жүзеге асыру қызметінде тәуелсіз болуын Конституция, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілері қамтамасыз ету керек.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатымыз - үлкен бір жаңалық ашпағанмен де, судьяның тәуелсіздігі мен оның төңірегіндегі мәселелерді жетілдіруге байланысты кішкентай болса да үлес қосу.

Зерттеу жұмысының обьектісі. Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы қағидасын, сот әділдігінің қағидалары мен кепілдіктерін, судьяның ұғымын, мәртебесін, судья кадрларын даярлау мен іріктеуге байланысты құқықтық қатынастарды құрайды.

Зерттеу пәніне мыналар жатады:

- судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы барысында туындайтын қатынастарды реттейтін заңнама;

- судьяның тәуелсіздігі және онын тек қана заңға бағынуы мәселесіне қатысты құқықтық ғылымдағы тұжырымдары;

- судья өз тәуелсіздігін жүзеге асыруына байланысты туындайтын соттардың қызметі (тәжірибесі) .

Зерттеудің негізгі мақсаты. Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы сот органдарының рөлін анықтау, сот әділдігін жетілдіруіне ықпал ететін ғылыми көз қарастарды білдіру.

Зерттеу жұмысын жазудағы басты міндеттер:

  • Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұғымы және нысандарын анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы сот тәуелсіздігінің және сот қызметін ұйымдастырудың конституциялық қағидаларының белгілері;
  • судьялар- сот билігін атқарушылар, олардың мәртебесін анықтау;
  • судьяларды дайындау және іріктеу іс шараларының кейбір мәселелері;
  • судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі мен оның маңызын анықтау;
  • судьяның тәуелсіздігі қағидасының сот әділдігінің басқа қағидаларымен ара қатынасын анықтау.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың теориялық базасын С. З. Зиманов, К. Х. Халиқов, Қ. Ә. Мәми, С. Ф. Ударцев, С. Н. Сәбікенов, Е. О. Алауханов, Б. Ж. Абдраимов, Е. Б. Абдрасулов, Н. Ә. Әбдікенов, Т. К. Айтмұхамбетов, А. Н. Ағыбаев, З. О. Ашитов, Л. Ш. Берсугурова, М. Б. Валиев, Н. О. Дулатбеков, Н. А. Ережепов, А. А. Исаев, А. Н. Жайылғанова, Б. Ж. Жүнісов, Ш. М. Шарипов, И. И. Рогов, С. Тыныбеков, Е. К. Каржаубаев, Б. Т. Тұрғараев, А. С. Нуралиева, Н. А. Жұманбаева және тағы басқа заңгер ғалымдардың еңбектері құрайды.

Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуы туралы мәселелер заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Мысалы, К. Х. Халиқовтың «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» оқу құралында сот-құқықтық реформасына қатысты көптеген мәселелер зерттелген. Сот әділдігі туралы ұғымдар, сот органдарының жүйесі мен құрылымы, оның демократиялық қағидалары кеңінен баяндалған.

Қ. Ә. Мәми «Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан» деген еңбегінде сот билігінің тәуелсіздігі мәселесін жан-жақты талдап, кейінгі зерттеушілерге бағыт-бағдар берердей дәрежеде жеткізді. Сондай-ақ, доцент Ш. М. Шарипов «Судьяның тәуелсіздігі - сот билігінің демократиялық принципі»; Е. Қ. Қаржаубаев «Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық реформасы туралы зерттеу» және Н. А. Жұманбаева «Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері» тақырыптарында диссертациялар қорғап, алғашқы зерттеушілердің ой-пікірін жетілдіріп, ғылыми талдау жасалды.

Аталған ғалымдардың еңбектері диссертациялық жұмысқа елеулі теориялық негіз бола алды.

Сондай-ақ, зерттеуімізде қазақстандық ғалымдардың еңбектерімен қатар, Ресей Федерациясының белгілі ғалымдарының да ғылыми жұмыстарына сүйендік.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулылары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының құқықтық ғылымында дипломдық жұмыс деңгейінде судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы мәселесі жөнінде алғаш рет терең зерттеу жүзеге асырылған. Зерттеу барысында ғылым және тәжірибе үшін пайда болатын көптеген қорытындылар мен тұжырымдар берілген.

Зерттеу жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс - зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, төрт бөлімнен алты тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 СОТ БИЛІГІНІҢ БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

  1. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұғымы және нысандары

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4 бөлігіне сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл билік бөлу территориясы барлық демократиялық мемлекеттердің конституциясында көрсетілген. Биліктің әрбір тармағы өз қызметіне байланысты, өзіне жүктелген міндеттерді атқарады. Демек, бұл биліктің әр бір тармағы өз компетенциясына байланысты бір-біріне тәуелсіз және бұл тармақтар тек өз қызметіне тиесілі ісін атқарған жағдайда қоғамның демократиялылығы туралы айтуға болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біреу, оған заң шығару билігін, атқарушы өкіметті, сот билігін қарсы қоюға болмайды, себебі бұлар мемлекет билігінің үш бұтағы. Биліктің бұл үш тармағының әрқайсысы жеке өз өкілеттігі шеңберінде, басқаларын бақылай отырып, олармен араласа жұмыс істейді.

Сот билігі мемелекет билігінен туындайтын ұғым.

«Сот билігі - мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану мақсатында сот құзіретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз», - деп тұжырымдайды К. Х. Халиқов [9, 3 б. ] .

Сот билігінің мемлекет атынан әрекет ету құқығы, оған берілген өкілеттік шегінде жүзеге асырылады. Адамдардың жеке азаматтық деп танылған және кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты сот билігінің мәртебесін айқындай отырып, Конституция бұл құқықтар мен бостандықтардың конституциялық құрылысын, қоғамдық тәртіпті адамдардың құқықтары мен бостандықтарының, денсаулық және қоғамдық имандылықты қорғау мақсатында қажет болған жағдайда тек заңмен ғана шектеуі мүмкін екенін көздейді.

1991 жылы Қазастан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституцияның 16-тарауы сот билігіне арналды. Осы Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі атап көрсетілді.

1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президентінің «ҚР-дағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы » Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді [10] .

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заң» қабылданды [11] . Бұл конституциялық заң бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.

“Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады. Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды.

К. Х. Халиков сот билігін мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр - міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады [9, 4б. ] .

«Сот билігі» ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуы жақында ғана яғни 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге, кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс атқарады. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот әділдігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды [12, 236 б. ] .

Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот билігі нің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды болды. [13, 6 б. ] . Мәселен, М. В. Баглай сотты адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде ролін көрсете отырып, «Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола бастады», деп көрсетті [14, 612 б. ] . Осы көзқарасты В. И. Раученко, В. П. Кашенов, К. Ф. Гуценко және В. М. Ковалев бөліседі.

Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін жүзеге асыруымен байланыстырады. Мәселен, У. Жекебаев және В. К. Бобров, сот билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет жағдайында сот қызметін жүзеге асырудағы аса маңызды белгілері мен қызметтерін негіздеу тұрғысында қаралуға тиіс [15, 33 б. ] .

Сот билігінің мәні соттың сот әділдігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот әділдігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Алайда Қ. Ә. Мәми дұрыс ажыратқандай, «сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекеттетігінде оның ролі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет» [16] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот ісін жүргізу тілі
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі және оның маңызы
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Сот қызметінің өнегелік аспектілері
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Сот билігі және әділ сот
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz