Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. ТЕРГЕУ КЕЗІНДЕГІ ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тінтудің түсінігі мен оның белгілерін анықтау . . . 9

1. 2 Іздестіру әрекеті - тінтудің элементі . . . 23

1. 3 Процесуалдық мәжбүр етуді анықтау және оның тінту жүргізу

кезіндегі ерекшеліктері . . . 33

П ТАРАУ. ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТАКТИКАСЫ

2. 1 Криминалистикалық тактиканың негізгі категорияларының тінту

жүргізудегі тактикалық маңызы . . . 48

  1. Тінту жүргізудің психологиялық және этикалық негіздері . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында тергеушінің тінту жүргізуінің тактикалық негізі мен ерекшеліктері қарастырылған. Мұнда тінту процесінде қолданылатын тактикалық әдістер мен тәсілдер, тінтудің мәні - әдістемелік, ғылымитаным бағытымен және қылмыстық-процесуалдық заңнама нормаларымен қарастырылған заңдылықтар жүйелі жолмен жинақты да кешенді түрде қамтылған. Аталмыш жұмыста тінту жүргізудің барлық процесуалдық, тактикалық, техникалық, психологиялық және этикалық сондай-ақ ұйымдастырушылық жақтары қарастырылған.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп нақтыланған.

Қазіргі таңда сот-құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағдайлары мынандай маңызды, әрі өзекті мәселелерден, яғни құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету аясында қылмыстарды тез арада ашу мен тергеу тактикасын толық жетілдіру мен меңгеріп-білуден тұрады. Өйткені бұл адам және оның өмірі мен денсаулығына, ар-ожданына, қадір-қасиетіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, тұрғын жайларына, меншігіне қолсұқпаушылыққа қарсы бағытталған. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді нығайту - мемлекеттің негізгі міндеті болып табылады.

Қылмыстық істі ашу және тергеу әрекеті - қылмыстық процесуалдық заңмен жүйелі түрде реттелген күрделі таным процесі. Шығарылған әрбір ұйғарымды дұрыс орындамауға жол берілмейді, өйткені ол заңды бұзушылық болып саналады.

Уақытылы және дәлелдеме тәсілі ретінде анықталатын тергеу әрекеті - алдын ала тергеу жүргізу барысындағы тергеуші қызметінің процесуалдық нысаны. Заң әдебиеттері мен құқық қолдану тәжірибесінде заңға сыйымды қызығушылықтар, мүдделер - танымдық және тактиканы өңдеу мен оны жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтуден, сондай-ақ тергеушінің тергеу әрекетін жүргізуді ұйымдастыруының жаңа түрлерін іздестіруден туындайды.

Тергеу әрекеттерінің тізімдері қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген және ол кеңейтілуге жатпайды. Ал, олардың ішінде тінту әрекеті қылмысты дәлелдеудің дәстүрлі қайнар көзі болып табылады. Дегенмен тінтуді тиімді де ұтымды жүргізу мәселесі тәжірибеде нақты да жеткілікті шамада шешіле бермейді. Қоғамдық қатынастағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, әсіресе мемлекеттегі саяси қылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен заң талаптарына сәйкес қарастырылып отырған бұл тергеу әрекетіне қатысты барлық дәлелдемелік қайнаркөз жүйесіндегі оның алатын орны мен рөлі барынша тиянақты, әрі түбегейлі тексерілуі тиіс. Бұл мәселеге қатысты ескі заңға сәйкес зерттеулер болды. Олар біздің жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің біраз уақыттан бері тәжірибеде қолданылуына қарамастан тінту әрекетіне арналған жаңа зерттеу жұмыстары бізде жоқ.

Келтірілген жағдайлар жиынтығы біздің қарастырып отырған мәселелерімізді алдын ала анықтауға, бекітуге қатысты өте өзекті болып табылады. Сондықтан бұл тақырыпты таңдап алып және арнайы диссертациялық зерттеу жүргізуімізге басты себеп (негіз) болып отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тінту жүргізу тактикасы еш уақытта ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Тінту сияқты күрделі тергеу әрекеттеріне қатысты таным мәні мен оны жүргізуге дейінгі және жүргізу үстінде, сондай-ақ жүргізгеннен кейін де туындайтын әртүрлі мәселелерге байланысты зерттеу жұмыстары бірқатар, атап айтқанда: Т. В. Аверьянова, Р. С. Белкин, И. Е. Быховский, А. Н. Васильев, А. И. Винберг, А. Я. Гинзбург, Ф. В. Глазырин, Г. Г. Досбол, Л. Я. Драпкин, А. В. Дулов, С. Е. Еркенов, Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, В. П. Колмаков, В. И. Комиссаров, Е. І. Қайыржанов, И. М. Лузгин, Ш. М. Мажитов, С. П. Митричев, Б. М. Нургалиев, В. И. Попов, Н. И. Порубов, А. Р. Ратинов, Б. Н. Салаев, М. В. Салтевский, Н. С. Сорокотягин, Б. Х. Төлеубекова, К. Н. Шакиров, В. И. Шиканов және басқада ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Диплом жұмысының объектісі - қылмыстық істі тергеу мен сотта қарау кезінде дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау әдісі тұрғысынан құқықтық, теориялық және тәжірибелік ережелерді тінтуде қолдану болып табылады.

Зерттеу пәнін - тінту жүргізудің процесуалдық, тактикалық, психологиялық және этикалық аспектілері құрайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - қылмыстарды тергеу кезінде дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау әдісі тұрғысынан тінтудің құқықтық негіздері мен тінту жүргізу тактикасын өңдеп жетілдіру.

Қойылған мақсатқа сәйкес, жұмыста келесі міндеттердің шешімін табуы тиіс:

- қылмыстарды тергеу кезінде дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау әдісі тұрғысынан және тергеудің тактикалық құралы ретінде тінту ұғымын анықтау;

- қриминалистикалық тұрғыдан «тінтудің мәжбүрлеу сипатының» түсінігін және оның процесуалдық, криминалистикалық, психологиялық және этикалық аспектілеріндегі белгілерін (критерийін) ашу;

- тінту ситуациясын қолайлы бағытқа өзгертуде тінтудің рөлін анықтау;

- тактикалық комбинация, тактикалық операция, тактикалық тәсіл тұрғысынан криминалистикалық категориялар шеңберінде тінтуді қолдану мүмкіндігін анықтау;

- ғимараттарға, сондай-ақ контрабандалық тауарларды тасымалдаушы көлік құралдарына тінту жүргізу тактикасы бойынша ұсынымдарды өңдеп дайындау;

- тергеу барысында тінту жүргізуге байланысты қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнамаларды жетілдіру туралы ұсынымдар дайындау.

Диплом жұмысының теориялық базасын - философия, физиология, психология, сондай-ақ мемлекет және құқық теориясы, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистикалық ілім ғалымдарының еңбектері құрайды, оның ішінде көпшілігі криминалист ғалымдардың еңбектерінен тұрады. Диплом жұмысының методологиялық және методикалық негізі болып - әлеуметтік-құқықтықтану, материалдық-диалектика заңдары мен құқық теориясының қағидалары табылады. Диссертациялық зерттеу процесінде жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық талдау ереже-тәртіптері, сондай-ақ логикалық, психологиялық, этикалық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік, криминалистік техникалық және т. б. тәсілдер қолданылған. Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ТАРАУ. ТЕРГЕУ КЕЗІНДЕГІ ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тінтудің түсінігі мен оның белгілерін анықтау

Алдын ала тергеу органдарының көп жылдық тәжірибесінің байқауы бойынша қылмыскерлер қылмыс жасап болған соң қылмыстың әшкереленуінен қауіптеніп іске қатысты мәліметтердің қайнар көзі заттай дәлелдемелерді жою немесе жасырып қалу шараларын қолданады. Осыған байланысты тергеушілер мен анықтама органдары қажетті дәлелдемелерді жинау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бірқатар тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізеді. Мұндай жағдайда тергеу органдары көбінсе тінту әрекетін жүргізу арқылы ғана іске байланысты дәлелдемелік құнды материалдар жинай алады.

Тінту әрекетінің мазмұнын ашу үшін алдымен тінту түсінігін анықтап, оны басқа тергеу әрекеттерінен ажыратуымыз керек.

Криминалистикалық оқулықтарда ғалымдар тінтуге байланысты төмендегідей әртүрлі анықтамалар береді:

Профессор А. И. Винберг пен С. П. Митричевтің басшылығымен жазылған 1950 ж. Криминалистика оқулығында В. И. Попов “Тінту қылмысты ашуға және кінәліні әшкерелеуге қажетті объектілерді белгілі бір адамнан немесе белгілі бір жерден табу және алу мақсатында жүргізілетін жедел-тергеу әрекеті” - деп анықтама берген [3, 254 б. ] .

А. И. Антонов криминалистика оқулығының ІІ-ші шығарылымында “тінту” ұғымына мынандай анықтама берген “Тінту іске қажетті заттай және қолжазбалық дәлелдемелерді табу және алу, сондай-ақ кейбір жағдайларда қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті болып табылады” [4, 117 б. ] .

Алдыңғы анықтамада тінту жедел-тергеу әрекеті, ал кейінгі анықтамада тергеу әрекеті деп түсінік берілген.

Ал, профессор О. Я. Баев «Тергеу әрекетінің тактикасы» атты еңбегінде, берілген анықтамаларды талдай келе, тергеу әрекетіне жедел-тергеу әрекеті - деген түсінікті қолдану дұрыс емес (тергеу әрекеті, не болмаса жедел әрекет немесе жедел-іздестіру әрекеті деп қолданған жөн) » - деп көрсеткен [5, 64 б. ] .

Профессор Е. Ғ. Жәкішев өзінің «Криминалистік тактика» атты оқу құралында «Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел іздестіру шаралары деп санауға болмайды. Жедел іздестіру шаралары тінту үстінде де, ал кей жағдайда тінту басталғанға дейін де жүргізіледі» - деп көрсете отырып тінту түсінігіне мынандай анықтама берген «Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті» [6, 39 б. ] .

Тініту тергеу әрекетінің бір түрі, ал тінтумен қатар жүргізілетін жедел іздестіру шараларының өз алдына айтарлықтай процесуалдық мәні болмайды, сондықтан да ол тінтуге тек көмекші роль (қызмет) атқарады.

Бірқатар авторлардың берген анықтамасы: Тінту - тергеушілер мен анықтама органдарының жасырудағы (жасырылған) қылмыстық дәлелдемелерді, құжаттарды және қылмыстық жолмен алынған құндылықтарды, сондай-ақ сот пен тергеу органдарынан қашып бой тасалап жүрген қылмыскерлерді мәжбүрлі түрде іздеу және алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.

Е. М. Лившиц аталған тінту ұғымына ұқсас мынандай анықтама берген “Тінту - жеке тұлғаларды, ғимараттарды, құрылыстарды, тінтілетін тұлға мен оның отбасы мүшелерінің немесе қандай да бір мекемелердің қарамағындағы жергілікті учаскелерді, іске маңызы бар жасырудағы объектілерді табу және алу, сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйітті табу үшін мәжбүрлі түрде тексеруге бағытталған тергеу әрекеті” [7, 81 б. ] .

Н. В. Жогин мен Ф. Н. Фаткуллин тінту ұғымына берген анықтамаларында «Жасырудағы заттар мен тұлғаларды табу үшін тергеушілермен қолданылатын тергеу әрекеті тінту деп аталады» [8, 124 б. ] .

Бұл анықтамалармен толық келісуге болмайды, мұнда тінтуді жасырылған заттарды табу мен алып қоюға бағытталған тергеу әрекетіне жатқызады. Тінту әрекетнің мақсаты барлық жағдайда әдейі тығып қойған затты іздеуге бағыталмайды, оның мақсаты тінтілетін жерде ешқандай айла-амал қолданбай- ақ, жасырусыз сақталып тұрған заттарды іздеп, тауып, алып қоюмен де байланысты болуы мүмкін.

Кейбір авторлар тінтуді - іске маңызы бар заттарды табу және алып қою мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті деп түсіндіріп өтеді. Атап айтқанда,

А. И. Михайлов пен Г. С. Юрин «Тінту» атты еңбектерінде: «Тінту - қылмыстың құралын, қылмыстық жолмен алынған заттар мен құндылықтарды, іс бойынша ақиқатты анықтауға маңызы бар объектілерді, сонымен қатар іс үшін маңызы болуы мүмкін басқада заттар мен құжаттарды іздестіруден тұратын тергеу әрекеті» [9, 142 б. ] .

Бірақ бұл анықтама да нақты емес, өйткені тінтудің өзіне тән белгісін көрсетпейді, тек мақсатын бейнелейді. Ал, іске маңызы бар заттарды табу мен алып қою тек тінту ғана емес, сонымен қатар оқиға болған жерді тексеру, алу сияқты тергеу әрекеттерінің де мақсатына кіреді.

Сол сияқты заң оқулықтарында тінту ұғымы туралы әртүрлі көзқарастағы анықтамаларды кездестіруге болады. Мәселен, П. И. Тарасов-Родионов “Алдын ала тергеу” - атты оқулығында тінтуді тергеудің тактикалық әдісі ретінде сипаттаған [10, 138 б. ] .

Ал тактикалық әдіс дегеніміздің өзі кез-келген тергеу әрекеттерінің анағұрлым ұтымды, мақсатқа сай тәртіппен жүргізілуі болып табылады.

Н. А. Якубович, әдістемелік оқу құралында «Тінтуді - іздестірудің құралы ретінде қарастырады» [11, 29 б. ] .

Ал, В. В. Степанов болса «тінтуді - іс бойынша дәлелдемелерді табудың тиімді құралдарының біріне жатқызады» [12, 16 б. ] .

Л. Я. Драпкин мен Я. М. Злоченко тінту ұғымына қатысты қысқаша мынандай анықтама берген “Тінту - бұл түпкілікті іздестіруге бағытталған күрделі құрылымды-функционалдық қатынастағы тергеу әрекеті”.

Ресей Федералдық ҚІЖК-нің 182-бап, 1-тармағына сәйкес, қылмыстық іске маңызы бар қылмыстың құралы, заттар, құжаттар мен құндылықтар қандайда бір жерде немесе тұлғада болуы мүмкін деуге жеткілікті мәліметтердің болуы мәжбүрлі түрде бұл әрекетті жүргізуге негіз болады - деп нақтылаған [13, 325-327 бб. ] .

Профессор А. Р. Ратинов “Тінту - іске маңызы бар заттарды, сонымен қатар іздестірудегі тұлғаларды табу және алу мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды, жер учаскелерін немесе жеке азаматтарды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті” - деп көрсеткен. Мұнда А. Р. Ратинов мәйіт туралы мүлдем сөз қозғамайды [14, 362 б. ] .

З. Г. Самошина мен Н. П. Яблоковтың біріге отырып тінтуге берген анықтамасы “Тінту - қылымыс құралдары мен іздерін, бұрынғы қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болып табылатын заттарды, қылмыстық жолмен алынған құндылықтар мен іске маңызы бар құжаттарды, не болмаса жасырынып жүрген қылмыскерді немесе мәйіттерді табу және алу үшін ғимараттарды, жергілікті учаскелерді, жекеленген азаматтарды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті» [15, 328 б. ] .

Мұндай анықтаманы Беларусь ғалымдары: И. С. Андреев, Г. И. Грамович, Н. И. Порубовтар да береді [16, 151 б. ] .

ҚР ҚІЖК 230-бап, 3-тармағында “Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін” - деп заңда тінту жүргізудің мақсатына іздеудегі адамды немесе мәйітті табуды қосып кеңінен анықтама берілген [17, 167 б. ] .

1963 жылы криминалистика оқулығындағы (І бөлім) бірқатар ғалымдар, бұл кемшіліктердің орнын мүмкіндігінше толтыра отырып іздестірудегі тұлғалар мен мәйіттерге қатысты (оларды ескере отырып) тінту ұғымына мынандай анықтама берген “Тінту - бұл, қылмыстық жолмен алынған заттар мен құндылықтарды, қылмыстың құралын, сондай-ақ іске қатысты құжаттар мен басқада заттарды табу және алу мақсатында ғимараттарға немесе басқада жерлерге, не тұлғаларға мәжбүрлі түрде тексеру жүргізетін тергеу әрекеті. Кейбір жағдайларда іздестіріліп жатқан тұлғаларды және мәйіттерді табу үшін тінту жүргізіледі” [18, 293 б. ] .

Профессор Д. С. Карев «Қылмыстық істі қозғау және тергеу» атты еңбегінде «Тінту - жасырудағы іске маңызы бар құжаттар мен заттарды, іс бойынша заттай дәлелдемелерді, мәйіттерді немесе тергеу мен соттан қашып бой тасалап жүрген қылмыскерлерді табу және алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті» - дей келе келесідей мәселелерді осы тінтуге берген түсінігіне, яғни «Тінту келтірілген материалдық шығындарды өтеу, сондай-ақ соттық тәркілеуді өтеу үшін тыйым (арест) салуға жататын айыпкердің жасырған құжаттары мен мүліктеріді табу және алу үшін жүргізілуі мүмкін.

Тінту тұрғын-үйлерде және ашық сипаттағы тұрғылықты жерлерде жүргізілуі мүмкін, ал жеке тінту кезінде дене мен киім тексеріледі. Тінту процесуалдық мәжбүрлеу шараларының біріне жатады және мәжбүрлеу сипатында болады» - деп, жай ғана «мүмкін» деген сөздерді қолданумен шектеліп қойған [19, 72-73 бб. ] .

Сонымен қатар автор еш жерде мәйіт туралы мүлде сөз қозғамаған. Дегенменде тінту «мәжбүрлеу» шаралары арқылы жүргізілетіндігін ескеріп көрсеткен.

С. Г. Любичев бастапқыда “Тінту - кеңінен тараған тергеу әрекеті. “Тергеуші”, қандайда бір ғимараттарда немесе жерлерде, не болмаса тұлғаларда қылмыстың құралы, қылмыстық жолмен алынған заттар мен құндылықтар, сондай-ақ іске маңызы бар басқада заттар мен құжаттар бар деуге жеткілікті негіз болған кезде оларды табу және алу үшін тінту жүргізеді”- деп анықтама берген [20, 307 б. ] .

Ал кейіннен ол “Тінту - қылмыстық жолмен алынған қылмыс құралдарын, заттар мен құндылықтарды, сонымен қатар қылмыстық істі тергеу үшін маңызы бар басқада заттар мен құжаттарды табу және алу мақсатында ғимараттарды, жергілікті жерлер мен басқа да объектілерді, сондай-ақ жеке азаматтарды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын кеңінен тараған тергеу әрекеті. Тінту - іздестірудегі тұлғалар мен жасырылған мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін” - деп бастапқы анықтамаға қарағанда толығырақ түсінік берген [21, 388 б. ] .

А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Тінту - бұл ҚІЖК 230-бабында қарастырылған, негізгі мазмұны: тінтілушілерден заттай және жазба дәлелдемелерді мәжбүрлі түрде іздестіру және оларды алу, іздестіріліп жатқан адамдарды, адамдардың мәйіттерін, жануарларды табудан тұратын тергеу әрекеті. Тінту, сондай-ақ тәркіленуге жатуы мүмкін мүліктерді немесе азаматтық талаптарды қамтамасыз ету үшін мүліктер мен құндылықтарды алу және іздестіру қажеттілігі туындаған жағдайларда жүргізіледі» - деп көрсеткен [22, 166 б. ] .

В. А. Козловцев пен С. В. Маликовтарда, жоғарыдағы анықтамаға ұқсастау анықтама берген «Тінту - бұл негізгі мазмұны: іске маңызы бар заттарды, сондай-ақ айналымнан алынып тасталынған заттарды, іздестіріліп жатқан адамдарды және мәйіттерді табу және алу мақсатында ғимараттарды, құрылыстарды, жергілікті учаскелерді және жекеленген азаматтарды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті» [23, 124 б. ] .

А. Л. Хан «Тінту - бұл іске маңызы бар заттар мен құжаттарды, сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдар мен мәйіттерді табу және алу мақсатында ғимараттарды, басқа да жерлерді немесе жеке тұлғаларды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті (ҚР ҚІЖК 230-бабы, 1, 3-тармақтары) » - деп көрсеткен [24, 80-81. 84 бб. ] .

И. М. Гуткин «Тінту - іске маңызы бар заттар мен құжаттарды іздестіру және алу, іздестіріліп жатқан адамдарды, сондай-ақ мәйіттерді табу мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды, жергілікті учаскелерді және жеке тұлғаларды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті» [25, 169 б. ] .

В. В. Агафонов, А. Г. Филиппов «Тінту бұл, іске маңызы бар заттарды табу және алу, сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды табу мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды, жергілікті учаскелерді және жеке азаматтарды мәжбүрлі түрде тексеруден тұратын тергеу әрекеті» [26, 90 б. ] .

С. Е. Еркенов, С. И. Сұлтанов өздерінің «Тергеу әрекеттерінің тактикасы» - атты дәрістер курсында «Тінту дегеніміз - бұл іс бойынша маңызы бар объектілерді тауып және оларды алу үшін тінтілетін адамның және оның жанұя мүшелерінің қарамағындағы мекенжайларды, ғимараттарды, жер аймақтарын күшпен тексеруге бағытталған тергеу әрекеті. Сонымен қатар тінту іздестіріліп жүрген адамды табу мен өлген адамның мәйітінің жатқан жерін анықтау мақсатында да жүргізіледі» - дей келе келесідей қосымша анықтама береді: «Тінту - бұл жеке адамды, тінтілетін адамның және оның жанұя мүшелерінің немесе ұйымның қарауындағы мекенжайларды, ғимараттарды, жер бөліктерінде қылмыс қаруларын, қылмыстық жолмен табылған заттар мен бағалы заттарды, басқа да іс бойынша маңызы болуы мүмкін объектілерді табу және алу үшін күшпен тексеруге бағытталған тергеу әрекеті. Тінту ізделініп жүрген адамды, мәйітті және оның бөліктерін табу мақсатында да жүргізілуі мүмкін» [27, 79-81 бб. ] .

Профессор В. И. Поповтың тінту туралы берген анықтамасы «Тінту - мәжбүрлеу мақсатында қылмыс құралы мен қылмыстық іздерді, қылмыстық жолмен алынған құндылықтар мен қылмыскердің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттамалық мәліметтерді алу мақсатында, сондай-ақ қылмыскерлерді табу немесе оның жүрген жерін анықтау мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті болып табылады» [28, 3 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмысқа тергеу жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Жасырын тергеу әрекеттері
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Сот ісін жүргізудегі арнайы білімді қолданудың ұйымдастырушылық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz